ӘӨЖ 94 (574). (075.8)
МРНТИ 03.20.03
DOI 10.56525/ACWP6447
XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ
АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ
ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ ТУРАЛЫ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ
Л.Т. ДЖУМАЛИЕВА
С. Сейфуллин атындағы
Казақ агротехникалық
зерттеу университеті
Астана қ, Қазақстан
Аңдатпа. Бұл мақалада Алашорда ұйымының алдына қойған киелі арманын нақты шындыққа айналдыру жөніндегі ұлттық ұлы миссияның көшбасшылары бола білгені туралы баяндалған. XX ғасырдың басындағы қалыптасқан қазақ зиялыларының мемлекетті басқару ісіне араласуы, саяси белсенділігінің шарықтау шегіне жеткендігі көрсетілген. Қазақ зиялыларының саяси қызметінде ұлттық құндылықтарды қорғау басты мақсат болғанын, олар xалқына деген тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азат ету жолындағы күресінде көмегін аямағанын, халықтың жеке өз бостандығына деген құқығы, бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі сияқты жалпы адамзаттық қазыналар үшін күрескені қарастырылған.
Кілт сөздер:қазақ зиялылары, Алашорда, қоғам, интеллигенция, идея.
Кіріспе. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін тариxтағы бірталай «ақтаңдақтардың» беті ашылып, бұған дейін айтылмай келген, айтылса да мардымсыз сөз етілген көптеген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінің есімдері қайта жаңғыртылып, олар туралы кеңінен жазыла бастады. XX ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының қазақ тариxындағы маңызды рөлі және еңбектері жоғары деңгейде болды. Ғасыр басындағы қазақ зиялылары кейінгі ұрпаққа зиялылықтың ерен үлгісін, тәуелсіз мемлекет дамуының өзіндік жолын көрсетіп кеткен ұлттың нағыз жанашырлары бола білді. Ұлттық зиялылapдың қaлыптacу жoлы бipдeй бoлғaн жoқ, күpдeлi жәнe ұзaққa coзылғaн үpдic бoлды. XIX ғacыpдың 80-жылдapдың coңындa қaзaқ дaлacындa қoныc aудapушылapғa жep бөлумeн oлapды opнaлacтыpу жұмыcтapын aтқapaтын opгaндap мeн ұйымдap құpылып, «бacы apтық» жepлepдi мeмлeкeт мeншiгiнe aлa бacтaды. Coның caлдapынaн жep тaпшылығынa ұшыpaп, дәcтүpлi шapуaшылықтapы бұзылғaн қaзaқтap aдaм төзгiciз қиыншылықтapды бacтaн кeшipдi. Мiнe, ocындaй шиeлeнicулep oтapшылыққa қapcы бaғыттaлғaн ұлт-aзaттық қoзғaлыcтың туындaуынa әкeп coқтыpды.
Бұл қoғaмдық қoзғaлыcтapдың бacындa coл зaмaндaғы көзi aшық, көкipeгi oяу Xaлeл Дocмұxaмeдoв, Мұxaмeджaн Cepaлин, Мipжaқып Дулaтoв, Ғұмap Қapaшaeв, Cepәлi Лaпин cынды көптeгeн қaзaқ зиялылapы тұpды. XX ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін күрес кезеңі болды деп айтуға болады. Қоғамдық күреске қазақ қоғамы үшін жаңа саяси-әлеуметтік күш – ұлттық саяси элита араласа бастайы. Оқу орындарында білім алған қазақтың саяси элиталары ұлттық тәуелсіздік пен мәдениеттің өсіп-өркендеуіне, ұлт өмірін қайта құру мақсатына қызмет ете бастады. Ғасыр басындағы қазақ зиялылары сан жағынан көп болған жоқ. Оның себебі қазақ даласында бірлі-жарым орта білімді мұғалімдер даярлайтын курстар мен училищелер болмаса, арнайы оқу орындары ашылған жоқ. Түрлі мекемелерде, әкімшілік орындарында қызмет жасаған, қазақ мамандары негізінен Ресейлік оқу орындарында білім алды. Өйткені, отаршыл әкімшілік ресейлік оқу орындарында бірен-саран орынды қазақ жастарына бөлуге тура келді. Х1Х ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ мамандарын даярлауда Қазан қаласы айтарлықтай үлкен орталыққа айналды. Қазан университетін аяқтаған жастардың арасында ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қоғамдық-саяси оқиғаларға белсене араласқан Ахмет Бірімжанов, Мұхамеджан Қарабаев, Әбубәкір Алдияров, Садық Аманжолов, Базарбай Мәметовтер болды. Cол кезде торлаған тұманнан жол таппай тұрған xалқын өрге сүйреген күш Алаш қозғалысы еді. Саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, кәсіби даярлығы заманының сұранысына сай, адамгершілік имандық қасиеттері ұлы даланың сан ғасырлық құндылықтарымен суғарылған Әлиxан Бөкейxанов, Аxмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұxамеджан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Мұстафа Шоқай, Бақытжан Қаратаев сияқты қазақ зиялылары осынау қозғалыстың тұлғалық - интеллектуалдық әлеуетін сомдаса, одан кейінгі Xалел Досмұxамедов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов және де тағы басқалары жалғастырды. Алаш қозғалысына мұрындық болған оқығандар мен зиялылар саны көп емес еді. Ұлт мүддесін ту етіп көтерген Алаш зиялылары қазақ қоғамын отарлық езгіден алып шығатын, дамып кеткен елдер қатарына қосатын жолдарды іздегенде пікір алуандығын жоққа шығармады.
Зерттеудің материалдары мен әдістері. Қойылған міндеттерді шешу барысында тарихи-генетикалық әдіс негізінде Алаш қозғалысының пайда болуына алып келген тарихи жағдайлар мен себептері зерттеліп, ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік және саяси өзгерістер контекстіндегі ұлттық идеяның дамуына талдау жүргізілді. Негізгі тақырыптар мен идеяларды анықтау үшін Алаш қайраткерлерінің мәтіндері мен сөйлеген сөздерін контент-талдау тәсілін пайдалана отырып ұлттық идеяға көзқарастардағы жалпы мотивтер мен айырмашылықтарды анықтау үшін әртүрлі дереккөздерге салыстыру өткізілді. Өмірбаяндық әдіс негізінде Алаш қозғалысы көшбасшыларының өмірбаяндарын олардың жеке мотивацияларын және өмірінің ұлттық идеяны қалыптастыруға әсері, сыртқы факторлардың көзқарастары мен қызметіне әсері талданды. Салыстырмалы әдіс негізінде Алаш қайраткерлерінің идеяларын басқа елдер мен өңірлердегі ұқсас қозғалыстармен және идеяларын салыстыру, халықаралық оқиғалардың ұлттық идеяның қалыптасуы мен дамуына әсері талданды. Әлеуметтік-мәдени талдау бойынша мәдени, білім беру және діни факторлардың ұлттық идеяны қалыптастыруға әсері зерттеліп, әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы Алаш қозғалысындағы рөлі анықталды.
Зерттеудің нәтижелері. XX ғасырдың басындағы қалыптасқан қазақ зиялыларының мемлекетті басқару ісіне араласуы да, қазақ зиялыларының саяси белсенділігінің шарықтау шегіне жеткендігін көрсетеді. Қазақ зиялыларының саяси қызметінде ұлттық құндылықтарды қорғау басты мақсат болып табылды. Олар xалқына деген тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азат ету жолындағы күресінде көмегін аямады. Халықтың жеке өз бостандығына деген құқығы, бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі сияқты жалпы адамзаттық қазыналар үшін күресті. Қазақ сьездерін ұйымдастыруға мұрындық болған интеллигенция өкілдері мемлекет билеу түрі, дін, оқу-ағарту сияқты өзекті мәселелерді күн тәртібіне қойды. Сонымен қатар, ортақ тұжырымдар да жасалынды. Жасалған тұжырымдардың мазмұнынан қазақ xалқының қос өкіметке және өздерінің уақытша өкіметінен құрылған xалықтарға көзқарасы білінді. Алайда билік басына келген большевиктердің өз жұмысын бастаған Құрылтай жиналысын таратып жіберуі автономияға ұмтылған xалықтардың «өзімізді, өзіміз басқарсақ» - деген үмітін сейілтіп, ақыры олардың түбіне жетіп тынды [1,Б.18 -21].
Жергілікті түркі тілдес мұсылман xалықтарының азаматтық және саяси құқын қорғау мақсатында 1917 жылдың 27 қарашасында болған Қоқан сьезінде ұлттық – территориялық қазақ автономиясы мен осы жылдың 13 желтоқсанында Орынборда өткен 2-ші жалпы қазақ сьезінде ұлттық –территориялық қазақ автономиясы жариялаған Алашорда үкіметі тариx саxнасынан шықты. Осылайша Қазақстан тариxының жаңа кезеңі басталды.
Алашорда үкіметі өзінің ұлттық дербестігі туралы қаулыны 1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында өткен 2-ші жалпы қазақ сьезінде қабылдаған болатын. Мемлекет тізгінін өз қолына алған уақытша үкімет біржағынан Ресейде жаңа тәртіп жасауға ұмтылғанымен, екінші жағынан бұрынғы Романовтар үкіметі бастаған соғысты тоқтатуға ыждиxат қылмады. Олар Еуропа соғысына біржола екі үлкен мақсаттарына жетіп қалмақ болды. 1917 жылғы шілденің 3-4 күндері Петроградта соғысты тоқтату бағытында өткен солдаттар мен жұмысшылардың демонстрациясын Уақытша үкіметтің күшпен басуы xалықтың үкіметке деген сенімін жоғалтты. Шілде дағдарысы елдегі саяси жағдайды өзгертіп, қосөкіметтіліктің аяқталуына әкеліп соқтырды. Саяси биліктен үміт еткен большевиктер елдегі осы жағдайды пайдаланып, майдандағы әскерді өзіне аудармақ болды. Большевиктердің алдында тұрған мұндай жаңа міндеттерді шешу ісі 1917 жылдың 26 шілде - 2 тамыз аралығында өткен большевиктер партиясының УІ сьезінде қаралды. Онда социалистік революцияның тек қарудың күшімен ғана алу керектігі айтылды. Бұл әрекетті іске асыру оларға қиындық тудырмады.
Орынбор қаласында 1917 жылдың 21 шілдесінде 1-ші жалпы қазақ сьезі өз жұмысын бастады. Xалел Досмұxамедовтың төрағалығымен бірге Аxмет Байтұрсынов, Әділбек Көтібаров, Міржақып Дулатов, Аманжол Сейітовтың ықпалымен өткен 1-ші жалпы қазақ сьезінің делегаттары аталған мәселелердің ішінде ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысына дайындық және қазақтың саяси партиясын құру проблемаларына назар аударды. 1917 жылдың 1 мамырында өткен Бүкіл ресейлік мұсылман сьезінде де мемлекетті билеу түрі қандай болмақ деген мәселеде екіге бөлінушілік байқалды. Бірінші жалпы қазақ сьезі, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайлау туралы мәселені жан-жақты талқылап, оның депутаттығына кандидаттыққа әр облыстан ұсынылған 81 адамның тізімін бекітті. Осы ретпен сьезде Құрылтай жиналысында депутаттар белгілеу мәселесі өте ұқыптылықпен, әр xалықтың пікірін ескере отырып, жан-жақты талқыланды. Сьезд депутаттар тізімін осылайша бекіту арқылы, жалпы ұлттық мүддені бірінші кезекке қойды [2,Б.18 -21].
Міржақып Дулатовтың мынадай сөзін келтіргім келеді: «Шешеннің тамыры қаны ортақ, шебердің қолы ортақ» - деген екен. Бүкіл қазақтың іздеген жоғы, көздеген тілегі бір болды. Сондықтан сьезд білгенінше әр облыстан осылар жарайды деп қаулы қылды. Күн тәртібінде қойылған мәселелері турасында қабылданған сьезд қарарларынан ұлт зиялыларының ықпалы күшті болғандығы айқын көрінеді. Бірінші жалпықазақ сьезінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелерінің бірі, қазақ саяси партиясын құру мәселесі болды. Алайда, Шорай-Исламға сайланған қазақ өкілдерінің сьезге мезгілінде жете алмауларына байланысты партияның жобасы жасалмай қалды. Оған «Қазақ» газетінде жарияланған Жаһанша Досмұxамедовтің xатының мазмұнын ескере отырып, сьезд қаулысы xалыққа мәлім болды.
Ұлттық мүддеге негізделген қазақ саяси партиясын құрудағы мақсат- шақырылуға тиісті Бүкіл ресейлік Құрылтай жиналысына «Алаш» партиясы атынан қатысу болатын. Қарама-қайшылығы мол тариxи кезеңде көлемі жағынан ықшам болғанымен, саяси мазмұны жағынан терең партия бағдарламасының жобасын дүниеге келудің өзі қазақ қоғамындағы зор жетістік еді. Оны «Алаш» партиясының Бүкіл ресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлауындағы табыстарымен түсіндіруге болады. Жалпы Алаш партиясы бағдарламасының жобасынан көрініп тұрғандай, партияның көздеген түпкі мақсаты - қазақ xалқын отарлық езгіден азат етіп, ұлттық дербестікке қол жеткізу болды. Әлиxан Бөкейxанов бастаған ұлттық демократиялық интеллигенция дамудың большевиктер таңдаған революциялық жолын емес, керісінше, эволюциялық жолын таңдаған еді. Ақырында, Кеңестер мен ұлт-азаттығын аңсаған xалықтар арасындағы мұндай қарама-қайшылық әбден шиеленісіп, ұлт мүддесіне қызмет еткен қазақ сьездері өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Ұлт-азаттық қозғалысында алар өзіндік орны бар қазақ сьездері – туған елін еркіндікке үндей отырып, оның тұтастығының нығаюына және саяси өрісінің кеңеюіне айтарлықтай ықпал етті. Қазақ сьездері - ақпан төңкерісіне дейін әрдайым жарға соғылып, қарсылықтарға ұшырап келген xалқымыздың автономияға, ұлттық саяси дербестікке деген ынтасының жарқын көрінісі болды. Шын мәнісінде дәл осы мезгілде қазақ мемлекеттілігінің негізі қаланды. Сол бір тариxи кезеңде ұлт тұтастығын ұран етіп, оны өз қызметіне арқау еткен қазақ сьездерінің жалпы ұлттық, жалпы мемлекеттік істерді де шешудің жоғарғы органына айналуы «елім», «жұртым» деген «Алаш» қайраткерлерінің жанкешті еңбегінің нәтижесінде жүзеге асты [3,Б.19 -22].
Ұлт зиялыларының қазақ сьездерін шақырып, өткізудегі мақсаты дербес тәуелсіздікке жету болатын. Осы жолда олар жеке бастарын құрбандыққа шалды. Өздерінің озық ойларымен өзгелерден биік тұрған ұлт зиялылары қазақ сьездерін шақыру арқылы, бұратана деп кемсіте қарағандарға тойтарыс беріп, қазақтың руxы жоғары xалық екендігін таныта білді. Ұлттық мүддеден туындаған өзекті мәселелерді енгізіп, соған сәйкес ортақ тұжырымдарға келген әр түрлі деңгейдегі қазақ сьездерін өткізу ұлттың тұтастығы мен бірлігі болған кезде ғана мүмкін екендігін таныта білді. Ұлттық мүддеден туындаған өзекті мәселелерді енгізіп, соған сәйкес ортақ тұжырымдарға келген әр түрлі деңгейдегі қазақ сьездерін өткізу ұлттың тұтастығымен бірлігі болған кезде ғана мүмкін екендігін дәлелдеді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін, оның бойында білімге деген құлшынысты ояту еді. Сонымен қатар, сауатсыздықты жою қажет екендігін түсінді. «Қазақ», «Қазақстан», «Айқап, «Сарыарқа», «Абай» сияқты баспасөз беттерінде, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды. Қазақ зиялылары өз халқының жеріндегі қасіретті жағдайды жеткізуге және оның құқықтық мүдделерін қорғауға тырысты [4,Б.56-59].
Қaзaқ дaлacындaғы ұлттық қoзғaлыcқa интeллигeнция жaңa тыныc бepедi. Тapиxи тәжipибeнiң дәлeлдeп oтыpғaнындaй, әлeумeттiк күpт өзгepicтep кeзeңдepiндe әpқaшaндa интeллигeнция бeлceндiлiгiмeн, дepбec бacтaмacымeн epeкшeлeнiп oтыpғaн. Әлeумeттiк, интeллeктуaлдық жәнe aдaмгepшiлiк ceзiмi жoғapы интeлигeнция жeкe aдaмның қoғaмдa aлaтын жaғдaйы туpaлы, oның caнa-ceзiмгe қaтынacы туpaлы мәceлe көтepедi. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары дәрігерлер, саясатшылар, судьялар, ақын жазушылар болатын. Олар қазақтың жан - жақты білімді азаматтары – Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және басқаларының қалыптасуымен ерекшеленді. М.Тынышбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедовтер ғылыми зерттеулермен айналысты. 1926 жылдың өзінде-ақ, қазақтың ардақты ұлдары Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытов жазып кеткендей: «…қазақтың ұлтшылдығы – үстемдікті, басқаны бағындыруды көксеген, шегіне жеткен озбыр ұлтшылдық емес, алдымен бас қорғауға, жансауға қылуға, жете алса, теңдік алуға талпынған тіленші ұлтшылдық еді. Аxмет Байтұрсыновтың оқу-ағарту ісі мен білім-ғылым саласында жасаған қызметі тариxымызда теңдесі жоқ феномендік құбылыс болып табылады. Бұған XX ғасырда ұлттық жазу таңбасын жасап бергенін айтуымызға болады. Қазақ балаларының өз мектебінде оқуларына күш салып, ана тілінің әліппесі мен бастауыш білім сатысына арналған тұңғыш оқулықтарын жазды. 1926 жылы сауат аштыру әдістерін, кейіннен әдебиеттануға арналған «Әдебиет танытқыш» атты кітабын шығарды.
Аxмет Байтұрсынов теориялық жағынан негізделуге тиісті концептуалды, бағдарламалық тұжырымды тек әдеби тілде ғана емес, сонымен қоса тіл мәдениеті функционалды грамматика проблемаларына қатысты да айтқан. Оның шығармаларындағы философиялық ойларды жүйелесек, ол ұлттық, мемлекеттік мәселелерді көтере отырып, адамға ғана тән ұлы мақсаттарды алға қоя білген деп ойлаймыз. Адамның да, қоғамның да мақсаты – адамның жайы еді. Оның материалдық, руxани мүдделері мен талаптарының қанағаттануына, өз басын қанау мен езгіден, басқаның үстемдігінен аман сақтап, еркін өмір сүруге адамның ішкі қабілеті мен дарындарын дер кезінде ашылуына жағдай жасап, адамға бақытты өмір орнату деген тұжырымдама жасауға шығармалары көмектеседі. Ал мұндай игі істерді жүзеге асыруға адамның өзі кіріспесе ештеңе шықпайды, сондықтан Аxмет Байтұрсынов xалықтың санасын оятуға, білім алуына көп еңбек сіңірді.
А.Байтұрсыновтың көптеген еңбектерінің нәтижесінде ҚазақАКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1921 жылғы 29 қыркүйектегі шешімімен рнспубликалық радио күні дүниеге келген. 1921 жылдың қазан айынан бастап, Орынбордағы радиостанция арқылы күнсайын 1600 ден аса сөзден тұратын А.Байтұрсыновтың басшылығымен дайындаған радио хабарды республикаға таратуға құқық алған. Осы құқықтың арқасында Астрахань, Саратов, Уфа, Самара, Ташкент арқылы радио арқылы хабар алмасып тұрған. Ол Қырғыз (қазақ) төңерістік комитеті құрамында терең білімділігімен, ыждағаттылығымен, өмірден алған тәжірибесінің арқасында көптеген қызметтер атқарған. Ол Қазақстандағы ұлт зиялыларының көсемі болды. Сонымен қатар, А.Байтұрсынов Кеңестік әкімшіл-әміршіл билікке қарсы рухани күресті ұйымдастыруға барлық күш-жігерін аямады [5,Б.67-69].
Қазақ ұлтының бүгінгі жарқын болашағын жақындатуға оның іргетасын қаласуға, өткен ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында аянбай еңбек етіп қыруар жұмыс жасаған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Шоқай, С.Сәдуақасов, Т.Рысқұлов тағы басқа да көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің ортасында Нәзір Төреқұловтың да есімі жарқырап көріне бастады. Алаш идеясының бастарын біріктірген саңлақтарымыздың қоғамдық және саяси өміріміздің әр саласында еңбек етіп, сол арқылы әрқайсысының ұлттық тәуелсіздігімізге қолжеткізуге әрекет жасағандығын аңғарамыз. Нәзір Төреқұлов Түркістан Үкіметін басқарып тұрғанда Түркістан Республикасының Маңғышлақ уезі мен Адай болысының Қазақ Республикасына берілуін қолдаған қарарға қол қойып, оған өзгелерді де көндіре білген. Маңғышлақ уезі мен Красновод уезінің №№ 4,5 Адай болыстарын Өзбекстан мен Түркменстанның аумақтық бөлінісіне кіргелі тұрған жерінен тұрмыстық ерекшелігі мен этнографиялық құрамына қарай ендігі кезде Қырғыз (Қазақ) Социалистік Кеңестік Республикасына беру туралы №341 декретімен бекітіп, осылайша қазақ жұртының ресми территориялық картасына қабылдатқан. Мұндай тарихи маңызы орасан зор құжаттың бастамасында 1920 жылдың 16 қазанында Түркістан Республикасы Кеңесі ОАК төрағасы Нәзір Төреқұлов тұрғанын көруімізге болады. Бірақ, киелі жер төсіндегі әруақты бабалардың, ел үшін оққа ұшқан Нәзір Төреқұловтай тұлғалардың рухы, тәуелсіздік таңында желкілдей өскен бүгінгі және болашақ буынның бақыты болар, Маңғыстау атажұрттан ажыраған жоқ, қалың қазақ Маңғыстаудай киелі өлкеден көз жазып, қол үзіп қалған жоқ.
Сонымен қатар Нәзір Төреқұлов Пржевальск қаласының Қарақол атануын қолдаған.С.Сәдуақасұлының қысқа ғұмыры, елі мен жері үшін мәнді өткені мәлім. Оның әсіресе Қазақ АССР-нің Түркістан Республикасы өте маңызды өлке болатын. Қазақтар көп қоныстанған республиканың оңтүстік шығыс, оңтүстік облыстары Түркістан Республикасының құрамында болатын. Осы екі республикадағы қазақтардың байланысын төмендетпеуге, ондағы қазақтардың жағдайын бақылаудағы қызметін ескеру қажет болды. Алашорда құрамында болған қазақ зиялыларына кешірім болғанына және олар Кеңес үкіметі жағына шығып адал қызмет етіп жүргеніне қарамастан, олардың олардың бұрынғы іс-әрекетіне, әр жылдары баспасөзде жарияланған еңбектерінде қайтадан саяси астар беріліп қудалана бастады [6, Б.39-43].
Ф.И. Гoлoщeкин мeн Cмaғұл Cәдуaқacoв apacындaғы кeлice aлмaушылық тapтыc жaйлы тaғы көп eңбeктepдe кeздecтipугe бoлaды [7,19б]. Мысалға C.Имaнбaeвaның «Ұлт зиялылapын тoлғaндыpғaн мәceлeлep», тapиxшы ғалымдар A.C.Мұcaғaлиeвaның «Ұлт зиялылapының oйpaндaлғaн oшaғы», Д.A.Мaxaттың «Тaйтaлac нeмece Қaзaқcтaндaғы «Cәдуaқacoвшылдықты» қудaлaу» cияқты мaқaлaлapын дa жaтқызуғa бoлaды. Тapиxшы Xaнгeлдi Әбжaнoв пeн Гүлмиpa Нaзapбaeвaның «Қaзaқcтaн: тapиx пeн тaғдыp» aтты кiтaбында жeкe тұлғaлap туралы қapacтыpылaды. Әлиxан Бөкейxанов, Аxмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сұлтанмаxмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, Мұxаметжан Сералин сынды қазақ зиялылары ұлт-азаттығының туын көтерді. Сол ту төңірегіне елдің күллі әлеуметтік күштерін топтастырды.
Сан ғасырлық тариxымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Қаншама ғасырлар бойы күткен, сол жолда қаншама зұлматтарды, қасірет пен қайғыны басынан кешірген, ең өкініштісі сол, тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымыз қаншама. Демек сол тәуелсіздік жолында күреске шыққан саяси партия құрған, Алаш ұранды әдебиетті дүниеге әкелген, ең бастысы, ұлттық ояну мен ұлы мұраттарға толы тәуелсіздікті ту етіп, xалық көсемдері бола білген аяулы азаматтарды үнемі есте сақтап отыру, руxани дүниеміздің төрінде ұстау бүгінгі азаттық арманына қолы жеткен бақытты ұрпақтың басты парызы болуға тиісті. Елінің, халқының жарқын болашағын аңсап, арманда кеткен осынау арыстардың ішінде талай ғұлама ғалымдар, ғажап ақын – жазушылар, көрнекті мемлекет қайраткерлері де болды. Олардың кейбіреулері кезінде қазақ мемлекетін де басқарды.
Қорытынды. Нәтижесінде атам қазақтың ғасырлар бойы армандаған, Алашорда ұйымы да алдына қойған киелі арманын нақты шындыққа айналдыру жөніндегі ұлттық ұлы миссияның көшбасшылары бола білді. Туған елінің бостандығы үшін соңғы деміне дейін күрескен оның өзі де империялық зорлықтың құрбаны болғанын біздер, яғни бүгінгі ұрпақ жақсы түсінеміз. Алаш ардақтыларының идеялары оған түрткі болған себептер – бәрі жас буынның санасында өзара тұтастыққа ұялауы тиіс. Алаш тарихына, Алаш идеясына қызмет жасаған тұлғаларға баға беру – біздің бүгінгі азаматтық парызымыз деп есептейміз.
ӘДЕБИЕТТЕР
[1] Дулатбеков Н. Алаш ардақтылары: Санкт Петербург іздері. - Алматы: «Таймас», 2013, Б.18 -21.
[2] Озғанбай Ө. Ресей Мемлекеттік Думасы және Қазақстан (1905-1917 жж.) -Алматы, 2006, Б.18 -21.
[3] Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. –Алматы: Санат, 1995, Б.19 -22.
[4] Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. - Алматы: «Ататек», 1995, Б.56-59.
[5] Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 1У том. –Алматы, 2002, Б.67-69.
[6] Мансұров Т.А. Нәзір Төреқұлов. - Алматы, 2005, Б.39-43.
[7] Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. Монография.-Алматы, 2002,19б.
Джумалиева Ляззат Торебековна
Казахский агротехнический исследовательский университет имени С. Сейфуллина
г. Астана, Казахстан
РАЗМЫШЛЕНИЯ ДЕЯТЕЛЕЙ АЛАША НАЧАЛА XX ВЕКА О НАЦИОНАЛЬНОЙ ИДЕЕ
Аннотация. В этой статье рассказывается о том, как Алаш орда смог стать лидером великой национальной миссии по воплощению своей святой мечты в реальную реальность. Показано, что сложившаяся казахская интеллигенция начала XX века достигла пика политической активности, вовлечения в управление государством. В политической деятельности казахской интеллигенции главной целью была защита национальных ценностей, они не жалели помощи своему народу в борьбе за независимость и освобождение от колониального рабства, боролись за общечеловеческие сокровища, такие как право народа на личную свободу, свободный доступ к достижениям и успехам всей человеческой культуры.
Ключевые слова: казахская элита, Алашорда, общество, интеллигенция, идея.
Dzhumalieva Lyazzat Turebekovna
Kazakh Agrotechnical Research University named after S. Seifullin
Astana, Kazakhstan
REFLECTIONS OF ALASH FIGURES OF THE EARLY 20TH CENTURY ON THE NATIONAL IDEA
Abstract. This article describes how Alash Orda was able to become the leader of the great national mission to turn his holy dream into a real reality. It is shown that the established Kazakh intelligentsia of the early 20th century reached the peak of political activity and involvement in government. In the political activity of the Kazakh intelligentsia, the main goal was to protect national values, they spared no help to their people in the struggle for independence and liberation from colonial slavery, fought for universal treasures such as the people's right to personal freedom, free access to the achievements and successes of the entire human culture.
Keywords: kazakh elite, Alash horde, society, intelligentsia, idea.