Научная статья на тему 'ДЕМОГРАФИЧЕСКОЕ РАЗВИТИЕ КАЗАХСТАНА НАКАНУНЕ СОВЕТСКОЙ ВЛАСТИ (НАЧАЛО ХХ В.)'

ДЕМОГРАФИЧЕСКОЕ РАЗВИТИЕ КАЗАХСТАНА НАКАНУНЕ СОВЕТСКОЙ ВЛАСТИ (НАЧАЛО ХХ В.) Текст научной статьи по специальности «Гуманитарные науки»

CC BY
15
3
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Журнал
Yessenov science journal
Область наук
Ключевые слова
Казахстан / советская эпоха / национально-освободительное восстание 1916 г. / беженство / демографическое развитие / голод / царский указ / тыловые работы / царская тирания / Kazakhstan / the Soviet era / the national liberation uprising of 1916 / refugees / demographic development / famine / royal decree / rear work / royal tyranny

Аннотация научной статьи по Гуманитарные науки, автор научной работы — Кудайбергенова Айжамал Ибрагимовна

В статье одним из крупных исторических событий является 1916 год, который является основой для выяснения основного хода исторических условий накануне советской эпохи, в том числе демографического развития казахского народа и процесса миграции. рассмотрены последствия национально-освободительного восстания. В 1916 году казахов в Первую мировую войну не брали, но они брали в руки не оружие, а лопаты, чтобы под ливнем пуль рыть окопы. Царский указ от 25 июня довел до предела терпения среднеазиатские народы, угнетенные миграционной политикой, произволом царской администрации на местах и «великорусским шовинизмом», и спровоцировал восстание. Проведен анализ количества людей, привлеченных на «розничную работу». Наряду с проблемой беженцев количественно рассматривается влияние повстанческого движения на население. 1916 год те, кто участвовал в восстании, бежали от наказания, бежали в Китай и были перемещены по известным миграционным путям. Также будут обсуждены меры по возвращению казахов в Китай и их результаты, которые были осуществлены по инициативе Временного правительства в 1917 году. В эти годы часто возникали конфликты между переселенцами, присваивавшими казахские земли, и вернувшимися казахами. После окончания гражданской войны, в 1921 году, советское правительство начало принимать специальные меры по возвращению земель казахам, в том числе по возвращению беженцев, уехавших в Китай во время восстания 1916 года. Накануне советской эпохи, прежде всего, казахи были изгнаны из своих домов и лишились земель, пригодных для традиционного ведения сельского хозяйства. Во-вторых, миграция, связанная с перемещением с земель, снизила рождаемость казахов, привела к увеличению смертности и снижению естественного прироста населения. В-третьих, пришедшие и обосновавшиеся на казахской земле переселенцы, вооружившись наряду с социально-экономическими преимуществами, приобрели военную мощь и вызвали немало нарушений в повседневной жизни местного населения.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

DEMOGRAPHIC DEVELOPMENT OF KAZAKHSTAN ON THE EVE OF SOVIET POWER (EARLY ХХ CENTURY)

In the article, one of the major historical events is 1916, which is the basis for clarifying the main course of historical conditions on the eve of the Soviet era, including the demographic development of the Kazakh people and the migration process. The consequences of the national liberation uprising are considered. In 1916, Kazakhs were not taken into the First World War, but they did not pick up weapons, but shovels to dig trenches under a shower of bullets. The Tsar's decree of June 25 brought the Central Asian peoples, oppressed by migration policies, the arbitrariness of the Tsar's local administration and "Great Russian chauvinism", to the limit of patience, and provoked an uprising. An analysis of the number of people involved in “retail work” was carried out. Along with the refugee problem, the impact of the insurgency on the population is examined quantitatively. 1916 Those who participated in the uprising escaped punishment, fled to China and were moved along known migration routes. Measures to return Kazakhs to China and their results, which were carried out on the initiative of the Provisional Government in 1917, will also be discussed. During these years, conflicts often arose between settlers who appropriated Kazakh lands and returning Kazakhs. After the end of the civil war, in 1921, the Soviet government began to take special measures to return land to the Kazakhs, including the return of refugees who fled to China during the 1916 uprising. On the eve of the Soviet era, first of all, the Kazakhs were expelled from their homes and deprived of land suitable for traditional agriculture. Secondly, migration associated with displacement from land reduced the birth rate of Kazakhs, led to an increase in mortality and a decrease in natural population growth. Thirdly, the settlers who came and settled on Kazakh soil, armed themselves with socio-economic advantages, acquired military power and caused many disruptions in the daily life of the local population.

Текст научной работы на тему «ДЕМОГРАФИЧЕСКОЕ РАЗВИТИЕ КАЗАХСТАНА НАКАНУНЕ СОВЕТСКОЙ ВЛАСТИ (НАЧАЛО ХХ В.)»

МРНТИ 03.20.00

DOI 10.56525/CLPZ6432

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕҢЕС

БИЛІГІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ

ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУЫ (ХХ Ғ. БАСЫ)

А. И. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және

этнология институты, Алматы, Қазақстан

E-mail: [email protected]

Аңдатпа. Мақалада кеңес дәуірі қарсаңындағы тарихи жағдайлардың негізгі барысын нақтылауға, соның ішінде қазақ халқының демографиялық дамуы мен көші-қон үдерісін анықтауға негіз болатын ірі тарихи оқиғаның бірі - 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің салдарлары қарастырылады. І дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтарды соғысқа алмағанымен, майданның алғы шебіне қолына қару емес, күрек ұстатып, жауған оқтың астында окоп қаздыру үшін, қара жұмысқа алу жөніндегі 1916 ж. 25 маусымдағы патша жарлығы переселендік саясат, патша әкімшілігінің жергілікті жерлердегі озбырлығы мен «ұлы орыстық шовинистік» қарым-қатынастан қысым көрген Орта Азиялық халықтардың шыдамын шегіне жеткізіп, көтеріліске шығуына түрткі болды. «Тыл жұмыстарына» алынған адамдар санына талдау жүргізіледі. Босқыншылық мәселесімен бірге, көтерілістің халық санына тигізген әсері сандық тұрғыдан қарастырылады. 1916 ж. көтеріліске қатысқандардың жазадан қашып, Қытай асып, босқыншылыққа ұшырағандардың көші өздеріне танымал болып қалған көші-қон соқпақтарымен жүзеге асты. 1917 ж. Уақытша үкіметтің бастамасымен жүргізілген Қытайдағы қазақтарды қайтару шаралары мен оның нәтижелері де сөз болады. Бұл жылдары қазақтардың жерлерін меншіктеп үлгірген келімсектер мен қайта оралған қазақтар арасында қақтығыстар жиі орын алды. Кеңес үкіметі азамат соғысы аяқталғаннан кейін, 1921 ж. бастап қазақтарға жерді қайтару шараларын, соның ішінде 1916 ж. көтеріліс кезінде Қытайға кеткен босқындарды қайтаруға байланысты жұмыстарды арнайы қолға ала бастады. Кеңес дәуірі қарсаңында, біріншіден, қазақтар өз мекендерінен ығыстырылып, дәстүрлі шаруашылығына қолайлы және шұрайлы жерінен айрылды. Екіншіден, жерден ығыстыруға қатысты көші-қон қазақтардың туу көрсеткішін төмендетті, өлім-жітім көрсеткішінің өсіміне, табиғи өсімнің төмендеуіне әкелді. Үшіншіден, қазақ жеріне келіп қоныстанушы переселендер әлеуметтік-экономикалық артықшылықтармен бірге қаруландыру арқылы әскери күшке ие болып, жергілікті халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде қоқан-лоқысымен алаңдатушылықтар туғызды.

Кілт сөздер: Қазақстан, кеңес дәуірі, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, босқыншылық, демографиялық даму, ашаршылық, патша жарлығы, тыл жұмыстары, патша озбырлығы

Кіріспе. ХХ ғ. басындағы қазақ халқының демографиялық дамуы және көші-қондық дүрбелеңі 1916 ж. отаршылдыққа қарсы көтеріліс, көтерілісті басып-жаншыған экспедицияның көтерілісшілерді аяусыз жазалауы, соған байланысты босқыншылық, 1917 ж. төңкерістер, Кеңес билігінің орнауы, азамат соғысы (1918-1920 жж.) жағдайындағы қиыншылықтар, Түркістан Республикасындағы 1917-1918 жж. ашаршылық және 1921-1922 жж. аштық пен жұтпен тығыз байланысты. Бірінен соң бірі жалғасқан бұл оқиғалардың салдары Қазақстан халқын демографиялық дағдарыстар кезеңіне душар етті.

І дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтарды соғысқа алмағанымен, майданның алғы шебіне қолына қару емес, күрек ұстатып, жауған оқтың астында окоп қаздыру үшін, қара жұмысқа алу жөніндегі 1916 ж. 25 маусымдағы патша жарлығы переселендік саясат, патша әкімшілігінің жергілікті жерлердегі озбырлығы мен «ұлы орыстық шовинистік» қарым-қатынастан қысым көрген Орта Азиялық халықтардың шыдамын шегіне жеткізіп, көтеріліске шығуына түрткі болды. Архив құжаттарында бұл мәселені анықтаушы деректер кездеседі [1].

Мәселе қарастырылған М.Қ. Қозыбаевтың М.К. [2], С.К. Рүстемовтың [3], 1916 ж. көтерілістің 15 жылдығына орай дайындалған С. Мендешовтың [4] еңбектерінде осы кезге қатысты бірқатар мәліметтер бар. Ә. Такеновтың «Он алтыншы жылғы ойран» атты еңбегі 1916 жылғы көтерілістен кейінгі тыл жұмыстарына алынған қазақ жігіттері туралы сандық мәліметтер талдауға түсті [5].

Материалдар мен зерттеу әдістері. 1916 ж. Ұлт-азаттық көтеріліс Қазақстанның барлық дерлік аймағын қамтыды. Ерекше Жетісу облысында, Торғай өңірінде, Сырдария, Ақтөбе өңірлерінде кең ауқымда орын алды. Әсіресе, Торғай, Жетісу облыстарындағы көтеріліс бұқаралық сипат алып, басқа облыстармен салыстарғанда ұйымшылдықпен өтіп ұзаққа созылды. Көтерілістің негізгі себептерінің бірі – жер мәселесі болды. Көтеріліс қарсаңында қазақтың 45 миллион десятина жері переселен басқармасының қорына алынып, патша өкіметі қазақтарды құнарсыз, қолайсыз жерге ығыстырды.

Кеңестік Қазақстанның тарихына қатысты әлі ғылыми айналымға енгізілмеген архив құжаттары, арнайы зерттеу еңбектер, түрлі естеліктер ғылыми мақаланың деректік базасын құрады. Кеңестік әлеуметтік-экономикалық саясатқа қарсы бас көтерудің көрінісі сипатындағы босқыншылықтың тарихын зерттеу нысанын анықтау үшін ғылыми деректер мен түйінделген фактілер гуманитарлық ғылымдар саласында пайдаланылатын салыстыру, болжам жасау, сараптау әдістері арқылы тұжырым жасалды. Ғылыми зерттеуде түрлі топтардың бет-бейнесін тиянақты сипаттау үшін әлеуметтік тарих әдістемесінің құралдары пайдаланылды.

Зерттеу нәтижелері. «Бұратана», «түземдік халық», «Қырғыз–Қайсақ» деген атаулармен атау, кемсіту мен күш көрсету қазақтарды жерден ығыстыру ғана емес, жерінен толықтай айыру, таза орыстық селолар мен басқа да елді мекендерді ұйымдастыру және т.т. шаралар арқылы жүргізілді.

Көтеріліс басып-жаншылды. Патша өкіметінің жазалау отрядтары көтерілісшілерді қанға бөктірді. Архив құжаттары көтерілісті басып-жаншуға жазалау отрядтарының аттандыруға көбіне жалған айыптаулар мен жалған куә берушілікті пайдаланғанын дәлелдейді [1, 47 п.].

Академик Қозыбаевтың бұл жылдардағы жағдайға қатысты: «1916 ж. көтерілісті басып-жаншу кезінде қазақ халқын түгелдей қырып жіберу қаупі болды. Жоңғар шапқыншылығынан кейін қазақ халқының болуы-болмауы, аман қалуы-қалмауы мәселесі туындады»-деп жазды [2, 152 б.]. Себебі – тұрғылықты халықты қырып-жоюды мақсат тұтқан жазалау экспедициясына патша тұтастай әскери бөлімдері, казактар отрядтары жұмылдырылды. Мысалы, Торғай көтерілісін басып-жаншыған генерал Лаврентьевтің басқарған жазалаушы Қостанай әскери отряды, Ақтөбе отряды (командирі – подполковник Клопов), Торғай отряды (подполковник Котомин), Ырғыз отряды, есаулдар Грузинов пен Флоровтың отрядтары, подполковник барон фон Розеннің әскери атты отряды, 14 зеңбірегі мен 17 пулеметпен қаруланған есаул Шепихиннің отряды көтерілісшілерді, көтеріліскее қатысқан деген ауылдарда жазалау шараларын жүргізді. Одан бөлек, әскери қимылдар жүріп жатқан ауылдарға Қазаннан шыққан 95 полктің, Пермдегі 92 полктің бөлімшелері, Орынбор полкінің запастағы104 және 238 полктарының 2 ротасы жұмылдырылды. Генерал Лаврентьевтің экспедициялық корпусына 10 автомашина, 3 телеграф станциясы, 2 немесе 3 аэроплан берілген. Бұл Торғай ошағын басып-жаншуға арналғаны. Торғай көтерілісшілерінің саны 1916 ж. 26 қазандағы донесение бойынша 50000 әскер болған.

Ақмола мен Семей облыстарының көтерілісшілеріне қарсы генерал Ягодкин басқарған 12 атты жүздіктер, 11 күшейтілген жаяу әскер роталары жазалаумен айналысты.

Бір ғана Жетісуда 8750 штыкты мылтығы бар 95 рота, 3900 қылышы бар 24 казак жүздігінен тұратын, 16 зеңбірегі мен 47 пулеметы бар жазалаушы отрядтар қазақтар мен қырғыздардың 94 ауылын ойрандап, 5377 үй өртеп, 1905 адамды өлтіріп, 684-ін жаралады, 1105 адамды тұтқындады деп берілген [3, 169-180 бб.].

Босқыншылық күшейді. Тыл жұмыстарына қазақтар алынды. Сейтқали Меңдешевтың 1931 ж. 20 тамыздағы көтерілістің 15 жылдығына арналған баяндамасында бір ғана Түркістаннан тыл жұмыстарына 126 мың адам, басқа облыстардан да осы шамалас адамнан алынды дейді [4].

Тыл жұмыстарына алынғандардан «бұратаналық жұмысшы топтары» (инородческие рабочие партии – ИРП) деген құрылады. Топтар үш түрлі: 2000 кісілік, 1000 кісілік және 500 кісілік болатын. Бірақ кей жерлерде топтар отрядтарға бөлініп, тіпті 250 кісілік отрядтар да болды. Партиялардың (топтардың) жалпы саны 33. Олардың нөмірлері 42-ден 281-ге дейін болғаны, ал жалпы 39 топтың іс қағаздары кездеседі. 1916 ж. 29 тамызда Терістік және Түстік-батыс майданға және сол маңайдағы жол қатынасының Вильно, Варшава және Киев округтеріне (аймақтарына) 33 топ, барлығы 74250 адам жіберіледі делінген [4]. Жұмысшы қазақтар Батыс майданына, Маңғыстау қазақтары Кавказ майданына жіберілді. Сонымен бірге, Кавказ бен Түркістаннан тек Түстік Батыс майданға 180 мың бұратана бөлінді, оның 90 мыңы түркістандық және 18 қыркүйектен бастап олардың 30 мыңы Солтүстік майданға жіберіледі делінген дерек те бар. Көрсетілген 90 мың түркістандық (ішінде қазақ, өзбек, тәжік, буряттар, қалмақтар бар) үш майданға (Терістік, Батыс және Түстік-Батыс) 30 мыңнан бөлінген. Бірақ Түстік-Батыс Майдан жұмысшылар санын 1917 ж. көктеміне дейін 60 мыңға, жазына дейін тағы 24 мыңға, сөйтіп, олардың санын 86 мыңға жеткізуді сұрапты. Жұмысшыларды жинау оңайға түспеген. Мысалы, 1916 ж. 20 желтоқсанындағы ақпар бойынша шақырылуға тиіс адамдардың саны толмай қалған. Атап айтқанда: Орал облысы бойынша – 14157, Торғай облысынан – 25737 адам кем алынған. Ал бұл сандар Түркістан өлкесінен жиналған 90 мыңнан бөлек. Адам алу Торғай облысының екі уезінде де іске аспаса керек: Ырғыз уезінен 74 адам, Торғай уезінен – 15 адам-ақ алыныпты (1917 ж. 3-қаңтар мәліметі). Сонымен, 90 мың адам Туркістан өлкесінің өзбек, қазақ, түрікпен, тәжіктері десек, қалған Торғай, Орал, Семей, Ақмола облыстарынан, Бөкей ордасы мен Маңғыстаудан қанша адам алынғаны нақты емес. 1916 ж. 2 шілдеде генерал-губернатор Сухомлинов Ақмола облысынан 26 мың адам алынады деп хабарлаған. Семей облысынан 50 мыңдай адам шақырылмақшы болған. 25 қырқүйек пен 19 желтоқсан арасында белгіленген графикте Ақмола облысынан еңді 26 мың емес – 42 800 адам белгіленген [5; 6, 318-п.]. Дегенмен бұл жоспарлар қанша тырысса да уақтылы іске асырылмады. Мысалы, 1916 ж. 18-қарашада Ақмола облысынан, небәрі, 5319 адам, 1917 ж. 18 ақпанда 64515 адам жіберіледі. Олай болса, тек Ақмола облысынан бастапқы 26 мың емес, кемі 64515, ал 18-қарашада жіберілген 5319 адам бұл есепке кірмесе, одан да көп болғаны. Маңғыстаудан 3000 адам жіберілді [7]. Барлық реквизицияланғандар: Түркістан өлкесінен – 90 мың, Семей облысынан – 50 мың, Ақмола облысынан – 69834, Маңғыстаудан – 3 мың, Орал облысынан – мәлімет анық емес, Торғай облысынан – 50 мың, барлығы: 262 834 адам. Сонда Орал облысын және Бөкей ордасын қоспағанда Қазақстан мен Орта Азиядан 250 мыңнан аса адам реквизицияланған деуге болады. Енді жұмысқа алынғандар санын екінші бір жолмен, бұратана жұмысшы топтарының саны бойынша есептеп көрcек: Жоғарыда айтқандай, топтар І-ден 199-нөмірге дейін үшке бөлінген. 1-39 нөмір, яғни 39 топ әрқайсысы 2000 адамнан (39x2000=78000); 40-99-нөмірлер, яғни 60 топ әрқайсысы 1000-нан (60x1000=60000); 100-199-нөмірлер 500-ден (100x500=50000) Сонда 1-199 нөмірлі топтарда 188 мың адам болып шығады. Бұлар Псков қаласынан 3 шақырым жердегі Кресты селосында орналасқан бұратаналар қалашығы (лагері) арқылы Терістік майданға жіберіліп тұрғандары ғана. Топтардың ең соңы 274, тіпті 281-нөмір де бар, яғни 199-дан әлдеқайда көп [5]. Сонда, қазақ жерінен тыл жұмысына алғандардың саны 300 мың болғаны шындыққа жанасымды. Олар майдандарда оқ астында жүріп, ат-қораларда тұрып, қыс кезінде де окоп қазумен айналысқан. Олар ұрып-соғып қорлауды, аш-жалаңаштықты, ауру-сырқауды, өлім-жітімді бастарынан өткізді.

Патша өкіметі окоп қазу жұмысына жөнелтер кезде халықтың қарсылығын күшпен басты, он мыңдаған адам қазаға ұшырады, 300 мыңдай адам Қытай асып босқыншылыққа ұшырады. Жолда және барған кезде үлкен қырғын көріп, азып-тозды, мал-мүлкінен айрылды, тіпті лажсыздан әйел-балаларын жат елге сатты. Ал олардың жерлерін орыс кулактары, шаруалары, казактар иеленді.

1916 ж. көтеріліске қатысқандардың жазадан қашып, Қытай асып, босқыншылыққа ұшырағандардың көші өздеріне танымал болып қалған көші-қон соқпақтарымен жүзеге асты. Мысалы, ондай соқпақтың негізі 1881 ж. Санкт-Петербургтегі Ресей мен Цин империясы арасындағы келісімнің нәтижесінде Шыңжан аумағында тұратын 50 мың дүнгендер мен ұйғырлар Ресейге, соның ішінде Қазақстанға қоныс аударған кезінен бар еді. Бұл соқпақтарды жергілікті қазақтар ХХ ғ. басында Ресейдің қоластындағы тұрғындардан жинайтын салықты төлеуден қашып, Қытайға өтуі кезінде қолданған болатын. Мысалы, 285 үйдің салық төлеуден қашып, Қытайға өткені туралы мәлімет бар. Сондай-ақ, переселендердің қоныстануы кезінде жерінен айрылған қазақтардың бір тобы ығысып, осы соқпақтармен патшалық биліктің қысымынан Қытайға қашқан.

1916 ж. көтеріліс көші-қоншылардың (негізінен қазақтардың) шығысқа – Қытайға бағытталған жаңа легін туғызды.

Қытайға Жетісудан қазақтардың көші 1916 ж. маусымында-ақ басталған болатын. Күзде қазақтар жаппай көшті: қазан айында 300 мыңдай адам Қытай асты. Шыңжаңның солтүстігіндегі Тайшын, батыстағы Іле, оңтүстігіндегі Қашқар мен Ақсу шекаралық аймақтары қазақ басқындарының негізгі орталықтары болды. Алтай округында 100 мыңдай, Тарбағатайда 60-70 мың, Іле округында 100 мыңнан аса қазақ босқындары есептелінді. Өз жағына өткені үшін қытайлықтар қазақтардан талап еткен ақылары: 9 қара жорға, 9 арғымақ, 10 мың рубль ақша және 12 жамбы (кесек алтын). Осындай ақы төлегенде ғана қазақтар шекарадан өте алатын. Бірақ, патша әскерінің жазалаушы шараларынан, табиғи апаттар мен қарақшылар шабуылдарынан жәбір шеккен қазақтардың шекараның кез-келген тұсынан өз бетінше өту оқиғалары да кездесті [8].

Қашқан қазақтың барлығы Қытайға жеткен жоқ. «Қазақ» газетінде жарияланған М. Тынышпаевтың мәліметі бойынша Жетісу облысының 44 болысынан Қытайға 40250 түтін қашып жетсе, 95200 жолда қырылған. Осы есепке қарағанда бұл облыстың босқындарының жартысы қырғынға ұшыраған [9]. Көрші Қытайға қашқандар саны 300 мың адам болды деген мәлімет бар [10]. Сондай-ақ, бір ғана Жетісу облысындағы көшпелі халық 1917 ж. басына қарай 270632 адамға кеміген [11] деген де мәлімет бар.

1916 ж. көтеріліске қатысқандарды аяусыз жазалау саясатын қазақ жерінің шұрайлы жерлеріне қоныстанған орыс, украин переселендері, казактар қазақтарға қысым жасау үшін пайдаланып қалды. Отарлық және шовинистік қатынастың дендегені соншалық, орыс мұжықтары мен казактар 1916 ж. көтеріліске қатысқандарға аяусыз болып, қазақтардың жерлерін өз бетінше тартып алуы орын алды. Көтеріліске қатысқан қазақтардың малдары тәркіленді. Қоныстанып алғаннан бері патша үкіметінің үстемдігіне тірек болған казактар мен орыс шаруалары бұл көтеріліс кезінде де қазақтар мен басқа да көтеріліске қатысқан қазақтарға тізелерін батырып бақты. 1880 жж. Сырдарияның әскери губернаторы Гродеков «Түркістандағы әрбір жаңа орыс қонысы орыс әскерінің батальонына тең» болды деген болатын. Себебі жерінен ығыстырылған байырғы тұрғындардың қарсылығын басу мақсатында қоныстанушы перселендерді қаруландыру шарасы жүргізілді. Мысалы, 1907-1908 жж. 6,5 мың орыс қоныстанушысының қолына қару берілді. Сондай-ақ, 1912 ж. Түркістан 2 күннің ішінде 31 мың ересек христианды қаруландыруға даяр болған [12, 45,68 бб.].

1916 ж. көтеріліс Түркістанның орыс тұрғындарын қаруландыруға қайта жол ашты және бұл үдеріс 1917 ж. Ақпан революциясынан кейін де жалғасты. Ресей үкіметінің отарлық саясаты арқасында жергілікті тұрғындар өздерінің бірнеше ұрпақтарының еңбегі сіңген, игерілген, құнарлы суармалы жерлерінен тау-тасқа қуылды. Ол жерлерді иеленген орыс қоныстанушылары өз шаруашылықтарын жүргізіп, қор жинап, бай кулактарға айнала бастады. Үкімет тарапынан қолдау тапқан олар жергілікті тұрғындарды экономикалық қанауға түсірді, тіпті, өз үстемдігін жүргізуде кейбір түрлі қанау әдістерін қолданды.

1916 жылы окоп жұмысына бұратаналардан адам алу кезінде қазақтардың құқықсыздығы тіпті шектен шықты. Көтеріліс болған барлық аймақтардағы адам өлімі, түрмеге жабулар, майданға адам алу және көтерілісшілерді жазалау кезіндегі мыңдаған адамдардың өлімі және аман қалғандардың шетке қашуы Қазақстан аумағындағы адам санының кемуіне әкелді. Мұны біз 1915-1917 жж. халық құрамындағы өзгерістерді анықтау арқылы көреміз. Үстемдік дегеннің отар елдердегі ұлттық деген ұғымның аяққа басылуына әкелетінін ескерсек, онда көтеріліске қатысқандарды басып-жаншудың қырып-жоюмен парапар екенін түсіну керек.

М. Дулатов 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің барысы мен басып-жаншылуы кезінде 30 мыңнан аса қазақ қырылды деп жазады [13].

1916 жылы көтеріліс жеңілгеннен соң, майданның қара жұмысына, Ресейдің түкпірлеріндегі соғыс бұйымдарын өндіретін зауыттарда, темір жолдарда пайдаланылғандары бар, барлығы Қазақстаннан 300 мыңдай адам майдандарға, 44028 «бұратана» Ресей империясының 11 ауданына завод кеңестерінің төрағаларының қарамағына жіберілді.

Реквизицияланғандардан бөлек, жазалаушы отрядтардың қуғынынан 300 мыңнан аса адам Қытай асып үлкен қырғын көріп, қазақ халқының саны қасіретті азаю сәтін басынан өткізді. Тек бір ғана Жетісу облысынан 1916 ж. 150 мың адам қашқан. 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісті басып жаншудың салдары, зардабы нәтижесінде М.Қ. Қозыбаевтың болжамы бойынша қазақтар 446 мың адамға кеміген [14].

Қазақ халқы душар болған жағдайды анықтау үшін осы көтеріліс қарсаңындағы және көтерілістен кейінгі жылдардағы халықтың құрамындағы сандық өзгерістерді салыстырайық. Қазақстан аумағындағы халық санының өзгерісін анықтауда 1916 ж. және 1917 ж. жүргізілген ауыл шаруашылық санақтарының материалдарын пайдалануға болар еді. Алайда, бұл санақ Қазақстанның барлық өңірін түгел қамтымады. Халық есебі толық алынбады. Түркістан өлкесінің халық санының мәліметтері берілгенімен, басқа аймақтардың статистикалық мәліметтері жеткіліксіз. 1916 ж. көтеріліс салдарынан болған адам шығыны тіркелген ведомостар жасалғанымен, есеп толық болмады [15].

Қалай болғанда тұрғылықты халықтың санының кемуі анық. 1897 ж. Бүкілресейлік халық санағы мен 1916 ж. ауылшаруашылық санағын салыстыра отырып, 1916 ж. ауыл қазақтарының саны 3908,8 мың болды деуге болады деген есеп бар [16, 32-33 с.].

1897-1915 жж. Ресей империясындағы қазақтардың саны 3881,8 мыңнан 4753,6 мыңға, яғни 22,4%-ға өссе, ал 1917 ж. олардың саны 4011,3 мың адам ғана болды, яғни 1915 ж. салыстырғанда 22,3%-ға төмендеді. Нәтижесінде Ресей империясындағы қазақтардың үлесі 1897 ж. 32%-дан 1915 ж. 2,7 пунктке, ал 1917 ж. 2,3 пунктке төмендеді.

1897-1917 жж. Қазақстанның қазіргі аумағындағы халық саны 4147,7 мың адамнан 5045,2 мың адамға, яғни, 25,7 %-ға немесе 897,5 мың адамға көбейгенде, қазақтар небары 224 мың адамға немесе 6,8%-ға өсіп, халық құрамындағы үлесі 58 %-ға түскен.

Айта кету керек, статитискалық ағымдық мәліметтер халық санына қатысты әртүрлі дерек көрсетеді. Мысалы, көтеріліс болған кездегі халық санындағы өзгерістерге қатысты мәліметтерге қарасақ, Қазақстанның халқы 1915-1917 жж. 590,1 мың адамға кемігенін, 1916 ж. салыстырғанда 1917 ж. республикадағы қазақтардың 446 мың адамға азайғанын байқаймыз.

Кесте 1 – 1914-1917 жж. қазақ халқының динамикасы (мың адам) [17].

Облыстар 1914 ж. 1916 ж. 1917 ж.

Ақмола 442,1 583,6 481,6

Орал 514,0 440,6 440,6

Торғай 480,8 490,2 490,2

Семей 686,8 681,7 630,34

Жетісу 602,6 580,6 509,1

Сырдария 835,3 1059,5 747,5

Маңғышлақ уезі 72,4 72,4 73,1

Ішкі Орда 329,5 мәлімет жоқ 242,2

Барлығы 3963,5 3908,8 3614,5

1-кестеден көретініміздей, Жетісу, Сырдария, Семей және Орал облыстары қазақтары анағұрлым кеміген: Жетісу облысы 93 мың адамға, Сырдария облысы 88 мың адамға, Орал облысы 73 мың адамға, Семей облысы 57 мың адамға азайған. Маңғыстау уезінің қазақтары ғана 700 адамға өскен. Маңғышлақ уезінен 1916 ж. күзі мен қысында 3 мың адамның реквизицияланғанын есепке алсақ, өсімнің негізгі көзі басқа өңірлерден келушілердің есебінен деуге болады.

Қазіргі Қазақстан аумағына жуық өлкеде мекендеген қазақтардың саны мен үлесіндегі өзгерістер: 1897 ж. 3392,7 мың қазақ болса, 1914 ж. 3963,5 мың, 1915 ж. 4205,2 мың, 1916 ж. 3908,8 мың, ал 1917 ж. 3615,1 мың болып, 1897-1917 жж. 222,4 мың адамға немесе 6,8%-ға ғана өскен, бірақ 1915-1917 жж. 590,1 мыңға, немесе 24 %-ға кеміген, халықтың ¼-і жойылған. Жалпы, 1897-1917 жж. Қазақстанның қазақтары жиі орналасқан аймақтарындағы қазақтардың үлестік мөлшері ерекше қысқарды. Мысалы, Сырдария облысында 28,9%-ға (88,7%-дан 59,8%-ға), Жетісуда – 18,7%-ға (77,5%-дан 58,8%-ға), Семей облысында 18,8%-ға (88,3%-дан 57,3%-ға), Торғайда 33,3%-ға (90,6%-дан 57,3%-ға), Орал облысында 20,5%-ға (71,3%-дан 50,8%-ға) төмендеді. Осы 20 жыл арасында Маңғышлақ уезіндегі үлесі де 7,3%-ға (93,0%-дан 82,7%-ға) түсті. Сөйтіп, Қазақстан бойынша 1917 ж. қазақтар Маңғышлақ уезі (82,7%) мен Ішкі Ордада (84,3%) ғана өзінің абсолюттік және үлестік мөлшердегі көпшілік мәнін сақтап қалды. Ал, қалған өңірлердегі саны мен үлесі төмендеді: Ақмола мен Жетісуда жартысынан аз (тиісінше, 40,5% және 42,4%), үш облыста – Сырдария, Торғай, Оралда жартысынан сәл асты (тиісінше, 59,7%; 58,2% және 52,5%). Тек, Семей облысында ғана салыстырмалы түрде алғанда жоғарылау болды (67,3%). Ақмола облысының Петропавл және Көкшетау уездерінде халықтың ширегіне ғана жетті (тиісінше, 25,0 %; 24,1 %) [16; 17, 8-9 б.].

1915 ж. дейін қазақтар саны 892,5 мың адамға немесе 23,9 %-ға өсті. Бірақ, 1897-1914 жж. өз жеріндегі қазақтар үлесі 81,1 %-дан 58,8 %-ға төмендеп, орыстардыкі 11%-дан 29,6 %-ға, басқа этнос өкілдерінің үлесі 7,9 %-дан 11,6 %-ға өсті. Қазақтар санының күрт төмендеуіне табиғи өсімнің төмендеуі, 1916 ж. көтерілісті басып жаншу кезіндегі жүз мыңдаған қазақтардың қырылуы және босқыншылық себеп болды. Славян халықтарының санының өсімі қоныс аударулардың жалғасуына байланысты болды.

Қазақтардың үлесі олар жинақы орналасқан және негізгі көпшілік мәртебесін сақтап қалған Ішкі Орда (1897 ж. 96,5%-дан 1917 ж. 84,3%-ға) мен Маңғыстау уезінде (1897 ж. 93%-дан 1917 ж. 82,7%-ға) де азайды. Қазақтар Ақмола және Жетісу облыстарында жартысына да жетпеді (тиісінше, 40,5% және 42,4%). Үш облыста: Сырдария, Торғай және Оралда олар жартысынан сәл ғана артық болды (тиісінше, 59,7%, 58,2%, 52,5%); Семей облысында –67,3%. Қазақтар үлесінің қысқаруы ерекше Ақмола облысының Петропавл мен Көкшетау уезіндерінде және Орал облысында байқалды (тиісінше, 25%, 24,1%, 25,3%). Осылайша қазақтар, орыстар және украиндар ХХ ғ. басында өлкенің 86,1%-ын құрады, олардан бөлек басқа этнос өкілдері де мекендеген. Орыстар мен украиндардың үштен бірінен астамы солтүстік облыстарда жиналды – 33,6%, Ақмола облысында екеуінікі облыс халқының 50,4%-ы болды. Батыс Қазақстанда – 41%-ы, Орал облысында – 44,4%, Торғайда – 37,6%; Орталық және Солтүстік Қазақстанда –21,7%-ы орналасты. Қазақстанның оңтүстігіндегі үлесі бүкіл аймақ халқының 20,9%-ын, тек Сырдария облысында ғана қазақ еместер – 6%-ды құрады [17, 14-б].

Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте табиғи өсімінің төмен болуымен, яғни бала тууы деңгейінің өлім-жітімнен аз болуымен түсіндіріледі. Ал, 2-3 жылдың ішінде 590,1 мың адамға кемуі табиғи қозғалыстан бөлек, 1916 ж. Ұлт азаттық қозғалыс кезіндегі адам шығыны мен жазалаудан қашқан көтерілісшілердің шетелге көші-қоны есебінен. Сондай-ақ, реквизицияланғандар мен табиғи өсімнің айырмасы қазақ санының төмендеуі көрсеткішін шығарады. М.Б. Тәтімовтың есептеуінше, 1916 ж. шетке кеткендер 400 мыңдай адам (7,8%) болды [18].

Кеңес дәуірі қарсаңындағы демографиялық ахуалдың сандық мәліметтерін анықтау үшін мәліметтері анағұрлым толық халық санағы мәліметтеріне жүгінеміз. 1916 ж., 1917 ж. бойынша қолдағы бар мәліметтерді 1897 ж. санақ мәліметтерімен де салыстырамыз.

Бұл кезеңде Қазақстан халқының демографиялық дамуында көші-қондық үдеріс басымдық танытты. Көші-қон айырымы оң сальдоны көрсетті. Оның басты себебі ел аумағына переселендерді қоныстандыруға байланысты болды.

Сондай-ақ, XX ғ. басындағы көші-қоншылардың Қазақстанға қоныстану қарқынына 1901-1902 жж. Қазақстандағы ашаршылық, 1904-1905 жж. орыс-жапон соғысы (темір жолдар мигранттар үшін емес соғыс жағдайына қызмет етті), І орыс революциясы да әсер етті. Қоныстандыру 1905 ж. кейін ерекше күшейді. Қоныс аударудың нәтижесінде Қазақстанның көптеген облыстарында сырттан келген келімсектердің саны қазақтардан асып түсіп, өсу қарқыны өте жылдам болды. 2-кестеден көретініміз, ерекше Ақмола мен Торғай облыстарына келген келімсектер саны қазақтардан асып кетті.

Кесте 2 – 1905-1916 жж. қоныстандыру нәтижесіндегі халық өсімі (мың адам) [19; 20].

Халық топтары Ақмола Семей Торғай* Орал Барлығы

ауыл халқы

Шаруалар 1905 ж.

1916 ж.

Өсім абс

%

Казактар 1905 ж.

1916 ж.

Өсім абс

%

Қазақтар 1905 ж.

1916 ж.

Өсім абс

% 207

627

+420

302

81

138

+57

170

484

527

+43

109 23

152

+129

660

34

48

+14

141

656

665

+9

101 100

305

+205

305

-

-

-

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

-

435

507

+72

116 97

137

+40

141

131

141

+10

107

472

480

+3

101 427

1221

+794

286

246

327

+81

133

2047

2149

+132

105

қала халқы

1905 ж.

1916 ж.

Өсім абс

% 117

217

+100

185 55

96

+41

174 30

43

+13

143 65

77

+12

118 267

433

+166

163

* Орынбор казак әскерінің Торғай облысының солтүстік шекарасында орналасуына байланысты бұл жерде казактар болған жоқ.

Сырттан келген қоныстанушылардың сандық және үлестік мөлшерінің өсуі жаңа әлеуметтік топтардың пайда болуы мен олардың санының өсуіне әкелді. Көші-қон үрдістері арқылы иемдену өлкені экономикалық жағынан пайдаланумен ұштастырылды. XX ғ. басында өндірістік қатынастардың жаңа түрлерінің енуіне байланысты жаңа қатынастардың пайда болуына әкелді. Қоныстандыру үдерісі жергілікті халықтың көшпеліліктен отырықшылыққа өте бастауын жеделдетті.

1905-1916 жж. қазақ өлкесіне келген келімсек шаруалар саны 794 мың адамға (286%) өскен, қатарына басқа да сословие өкілдері енгізілген казактардың өсімі 133%-ды (81 мың адам) көрсетті, ал қазақтар саны бар болғаны 105 %-ға (132 мың адамға) өскен. Сонда, сырттан келгендер 875 мың адамға көбейген.

Казактар санының өсу қарқыны 1880 ж. кейін өлкені әскери жолмен отарлау қажеттілігінің бәсеңсуіне байланысты, казактардан көрі шаруа-мұжықтарды қоныстандыруды тиімді деп есептеу мен казактардың шаруалар қатарына өтуіне байланысты баяулады.

Кестеден қала халқының 63%-ға өсімі көрінеді. Елге шаруалармен бірге қолөнершілер, саудагерлер, жұмысшылар келіп, қала халқының саны өсіп, әлеуметтік-ұлттық құрамы өзгерістерге ұшырады.

Қоныстанушылар, негізінен, Ақмола, Торғай облыстарына орналасты. Мысалы, 1897-1916 жж. келген 1301,4 адамның 731,5 мыңы немесе 56,2%-ы Ақмола облысына, 199,0 мың адам немесе 15,3%-ы Торғай облысына келді. Сол себепті Ақмола облысында механикалық өсім табиғи өсімнен 2 есе артық болды. (1897-1916 жж. аралығында 325,2 мыңнан 731,5 мыңға өсті).

Семей облысына қоныс аударылғандардың 130,1 мың адам (10 %), Жетісуда 118,5 мың адам (9,1%), Орал облысына 82,0 мың адам (6,3 %) және Сырдария облысына 40,0 мың адам (3,1 %) орналастырылды. Осы үдеріс пен табиғи өсім нәтижесінде орыстар саны 1897 ж. 451,2 мыңнан 1917 ж. 1091,9 мыңға, яғни 2,4 есе, ал үлесі 11,4 %-дан 18,4%-ға, украиндар -79,3 мың адамнан 653,3 мыңға, яғни 8,3 есе, ал үлесі 2,0%-дан 11%-ға өсті.

Орыстар мен украиндарды бірге қосқанда 1917 ж. Қазақстандағы саны 1745 мыңнан асып, өлке халқының 29,4%-ын құрады. Бұл үрдіс кейінгі жылдары одан ары жалғасты. Олардың 33,6%-ы Қазақстанның солтүстігінде Ақмола облысында шоғырланды: 1917 ж. 344,5 мың украин мен 241,8 мың орыс, облыс халқының, тиісінше 29,6% және 20,8%, бірге алғанда 50,4% үлесін көрсетті. Олар Қазақстанның батысында да басым болды, 1917 ж. тиісінше, 495,8 мың және 210,2 мың адам, бірге – 706 мың адам немесе осы аймақтың 41,0%. Орал облысында орыстар 359,2 мың, украин – 25,8 мың, үлестері, тиісінше, 41,4% и 3,0%, бірге алғанда облыс халқының 44,4%. Торғай облысындағы орыстар136,5 мың, украиндар -184,6 мың адам, үлесі, тиісінше, 16,0% және 21,5%, бірге алғаңда облыс халқының 37,5%. Орталық және Шығыс аймақтарда (Семей облысында) орыстар мен украиндар саны 68,3мыңнан 196,5 мың адамға, 2,9 есе өсіп, облыс халқының бестен бірін құрады: 1917 ж. үлесі 21,7%, ал, 1897 ж. 10% болатын. Шығыс аймақтарға қоныстандырылғандар, ең алдымен, Жетісу казактары мен шаруалардың шағын тобы 92,8 мыңнан 256,4 мың адамға немесе 2,7 есе өскенімен, үлесі 12,1% болып, облыс халқының 20,8%-ы (191 мың адам) болды. 1917 ж. Сырдария облысындағы 74,5 мың орыстар мен украиндар облыс халқының 5,9% құрады. Переселендер ішінде негізінен орыстар көпшілік болды. Ақмола жэне Торғай облыстарында 1917 ж. тиісінше, 344, 5 мың және 184,6 мың адам украиндар, ал олардың облыс халқы құрамындағы үлесі 26,6 % және 21,6 % болды [21].

Патшалық Ресейдің жүргізген қоныстандыру саясатының нәтижесінде 1911 ж.-ақ, Қазақстанның басқа өңірлерінде қазақтардың үлесі 60,0%-ға дейін төмендеп, 14-15 пункте түсті. Орыстардың үлесі бүкіл халықтың 19,6%-на жетіп, 10-11 пунктке көтерілді. Қазақтардың үлесінің төмендеуінің бір себебі – өлім-жітімнің жиілеуі. Балалар өлімі ерекше көп болды. 1 жасқа дейінгі туылған балалардың 60-80%-ға дейін шетінеу оқиғалары кездесетін.

Мысалы, 1900 жылы табиғи өсім көрсеткіші Ақмола облысы қазақтарында орыстар мен украиндарға қарағанда 2,6 есе, 1910 жылы – 5,1 есе; 1914 жылы – 3,5 есе аз болды. Кейбір ауытқулармен бұл үрдіс Торғай, Орал, Жетісу және басқа да облыстарда байқалды [17, 8-9 б.].

Патша өкіметі жаңадан көшіп келіп жатқан қоныстанушыларға істеген жеңілдіктерін жергілікті тұрғындарға жасамай, оларды кемсітіп отырды. Мысалы, Маңғыстау түбегіне Қарағантүпте салынған Ново-Петровск қамалы (1859 ж. бастап Александровск форты деп аталды) салынып біткен бойда, жергілікті қазақтар мен түрікмендердің ау салып жүрген сулары жаңадан қоныстанып жатқан казактардың тегін пайдалануына берілді. Арада 9 жыл өтпей жатып қамал маңындағы қазақтар мен түрікмендердің барлық қайығы жойылып жіберілді.

1897-1916 жж. Қазақстанға қоныстануға келген 1,5 миллион адамның 260 мыңы, яғни 22 %-ға жуығы кері қайтса, 78%-ы орнығып қалды.

1916 ж. ауыл халқы бойынша қазақтарды, казактар және шаруалардың саны мен орналасу тығыздығын кейбір уездерге байланысты салыстырайық: Ақмола облысында жер көлемі 473 мың шақырым, қазақтар 327 мың адам (40,0%), казактар мен шаруалар 765 мың (60,0%), барлығы 1092 мың адам, әрбір шақырымға 2,7 адамнан орналасты; уездер бойынша нақтыласақ, қазақтар Петропавловскіде 108 мың (39%), Көкшетауда 97 мың (27%), Атбасарда 114 мың (63%), Ақмолада 179 мың (62%); казактар мен орыс шаруалары Петропавловскіде 169 мың (61%), Көкшетауда 255 мың (73%), Атбасарда 58 мың (37%), Ақмолада 107 мың (38%) орналасты. Семей облысының 440 мың шақырымдық ауылын 1916 ж. 685 мың қазақ (78%), 200 мың (22%) казактар мен орыс шаруалары, барлығы 885 мың адам мекендеді [19, 231-232 бб.].

Қазақ өлкесінің солтүстіктегі уездердікіне қарағанда жер көлемі екі-үш есе үлкен оңтүстігінде орналасқан уездер халқының санынан құнарлы топырағы мол солтүстік уездердегі халық саны екі еседей көп. Ал, солтүстік уездердің халқының тығыздығы мен санының көптігіне орыстардың көптеп орналасуы әсер етті. Мысалы, Көкшетау уезін ауыл халқының 73 %-ы, Петропавл уезінің 61%-ы, Қостанай уезінің 56 %-ы орыс шаруалары болып табылады. Халықтың орналасу тығыздығын салыстырсақ, 1 шақырым жерге: 59 мың шақырымдық Көкшетау уезінде 5,9 адамнан, 147 мың шақырымдық Торғай уезінде 0,8 адамнан келді.

1897-1917 жж. Қазақстанның қазіргі аумағындағы халық саны 4147,7 мың адамнан 5045,2 мың адамға, яғни, 25,7 %-ға көбейді. 1897-1917 жж. ішінде қазақтар саны небары 224 мың адамға немесе 6,8 %-ға өскен, ал, 1915-1917 жж. саны 590,1 мыңға кеміді. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсімінің төмен болуымен, яғни бала тууы деңгейінің өлім-жітімнен төмен болуымен түсіндіріледі.

1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс кезіндегі өлім-жітіммен бірге жазалаудан қашқандардың көші-қоны халық санының күрт кемуіне әсер етті. Халық саны дегенімен бұл жердегі әңгіме қазақтар үлесінің кемуі екені белгілі. Қазақстанның солтүстігінде славян халықтарының үлесі мен саны өсіп, қазақтардың саны мардымсыз өскенімен, үлесі төмендеген кезде, өлкенің оңтүстігінде жағдай тіпті ауыр болатын. Мысалы, 1917 ж. 1 қаңтардағы деректер бойынша, тек Жетісу облысының Жаркент, Лепсі, Верный уезінде халық саны 73%, 47%, 45%-ға азайған. Отаршыл әкімшілік 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс сәтін қазақ қоғамы үстінен өзінің саяси билігін күшейте түсу, қоныс аударушыларға тағы да жер алып беру үшін қолданды. 1916 ж. көтерілістің қаулап түрған кезінде губернаторлық және уездік әкімдердің қолдауымен қаруланып алған казактар мен орыс мұжықтары қазақ ауылдарына ойран жасап, бүліншілікке ұшыратты. 1916 ж. Жетісу облысында 5373 үй өртеліп, 1905 адам өлді, 684-і жараланды, 1105 адам тұтқынға алынды. Облыс халқының төрттен бірі (30 мыңдай адам) Қытай жеріне паналауға мәжбүр болды.

Кесте 3 – Жетісу облысы халқының құрамындағы 1897-1920 жж. өзгерістер [22; 23]

1897 ж. 1913 ж. 1897-1913 жж. өсім 1920 ж 1897-1920 жж. өсім. 1913-1920 жж. өсім

абс. % абс. % абс. % абс. % абс. % абс. %

Қазақ-

қырғыз 794815 80,5 904581 68,0 10977 84,5 603126 62,9 523645 78,1 512668 92,3

Орыстар 95465 9,7 289594 21,8 66506 225,1 268662 28,0 173197 289,7 239703 128,7

Ұйғырлар 55999 5,7 78729 5,9 22730 104,3 44989 4,7 -11010 82,7 -33740 79,3

Дүнгендер 14130 1,4 20100 1,5 5970 105,6 10303 1,1 -3827 75,1 -9797 71,1

Татарлар 8353 0,8 13023 1,0 4670 115,7 10564 1,1 2211 130,23 -2459 112,5

Өзбектер 14895 1,5 20284 1,5 5389 101,1 15062 1,6 167 104,1 -5222 103,0

Басқа этностар

4206 0,4 4804 0,4 598 84,8 6914 0,7 2708 169,2 2110 199,6

Барлығы 987863 100 1331115 100 343252 100 959620 100 28243 100 -371495 100

1917 ж. өзгерістерге дейін-ақ облыс әкімшілік тұрғыдан 6 уезге: Верный, Жаркент, Қапал, Лепсі, Пішпек және Пржевальск уездеріне бөлінген-ді. Осы әкімшілік бөлікті есепке алғандағы облыс халқының саны мен ұлттық құрамына келсек, қазақ-қырғыздар санының 1913-1917 жж. 904,6 мыңнан 603,1 мыңға төмендегенін көреміз. 3 кестеде облыс тұрғындарының 1897-1920 жж. жекелеген ұлттар бойынша өзгерістері берілген.

1916-1917 жж. Жетісу облысынан 160 мың қазақ, Семей облысынан 57 мың, Сырдария облысынан 88 мың қазақ кеткен. М. Тынышпаевтың есебі бойынша 1916 ж. дүрбелең Жетісу облысының 44 болысын қамтып, осы болыстарда тұратын 47759 түтіннің 40250-і, яғни, 201250 адам Қытай жеріне босқыншылықпен барған. Барғандардың 95200-і ашаршылықтан, суықтан және басқа түрлі себептерге байланысты қырғынға ұшыраған. Босқындардың кейін оралғандары 69 мың, ал, Қытай жерінде қалғандары 12 мың адам [24]. Шамамен, 1916 ж. кеткен қазақтар саны 400 мың адамдай (7-8 %). Соғыс кезіндегі кейбір көрсеткіштерге келсек, 1914-1916 жж. Орал, Актөбе, Тоғайдың Ырғыз уезі, Гурьев, Темір, Ырғыз, Бөкей, Маңғыстау бойынша мәліметтер де осы үрдіске дәлел болады.

Кесте 4 -Батыс Қазақстандағы халық санының 1914-1917 жж. динамикасы [25, 171 б.].

Уездер 19І4 ж. 1915 ж. 1916 ж. 1917 ж. 1914-1917 жж. өсім**

Орал

312,6 316,5 309,9

303,3

-13,2

Лбищенск 209,1 210,1 204,3 198,6 -11,5

Гурьев 161,3 161,5 157,3 І53,2 -14,6

Темір 173.6 174,0 166,5 159,0 -15

Ақтөбе 238,6 242,4 232.9 223,6 -18,8

Ырғыз 119.5 120,9 115,5 110,1 -10,8

Бөкей* 329,5 - 251.1 - -78,4

Маңғыстау* 72,4 - 73.1 - 0,7

Барлығы 1616,6 1666,1 1588,3 2472,0 -28,3

*1914-1916 жж. өсім; **Автордың есептеуі

Бұл жылдары Қазақстандағы табиғи қозғалысты есепке алу ісі өте нашар болатын. Қазақ халқының жылдық өсімі Ақмола облысы бойынша 0,8%, Торғай облысы бойынша 1%, Орал облысында 0,7%, Жетісу облысында 1%, Семей облысы бойынша 0,8% болды. Туу көлемінің өлім-жітімнен сәл ғана артық болуынан табиғи өсім мардымсыз болды. Қазақ халқының экономикалық және әлеуметтік жағдайына, медициналық көмектің әлсіздігіне байланысты ғасыр басында табиғи өсімнің 5 %-ға төмендегені байқалды.

Қазақ өлкесінің негізгі демографиялық деректерінің табиғи өсу деңгейіне салыстырмалы талдау жасау бұл мәселе бойынша айқын мысалдар береді. Негізгі алты облыс бойынша 1897-1906 жж. 1000 адамға халықтың табиғи өсімі 11,3 %-дан, ал 1907-1916 жж. 15,3%, Ақмола облысы бойынша алғанда, орыстар мен украиндарды қоса алғанда үлес салмағы 1897 ж. 33,0%-дан 1917 ж. 55,7%-ға дейін өскен. Осы екі онжылдық ішінде халықтың табиғи өсімі 38,9% болған. Қазақтар басым болған облыстарда табиғи өсім төмен: Жетісуда – 25,7%, Сырдарияда – 25,6%, Оралда – 20%, Семейде – 15,6%. Ал, Торғай облысында орыстар мен украиндардың үлес салмағы қоса алғанда 1897 ж. 7,7%-дан 1917 ж. 37,6%-ға дейін өскен, халықтың табиғи өсімі де жоғары (35,1%) болды [26, 567-568 б.]. Бұл үрдіс өлкенің отырықшы және көшпелі халқының табиғи өсімін салыстырған кезде айқын көрінеді. Мысалы, Ақмола облысында 1900 ж. отырықшы халықтың табиғи өсімі оның жалпы санына шаққанда 1,99%, ал көшпелі халықта барлығы 0,76%; тиісінше 1901 ж.- 2,78% және 0,54%, 1914 ж. – 3,25 % және 0,92% болды, яғни қазақтарда табиғи өсім орыстар мен украиндарға қарағаңда 1909 ж. 2,6 есе, 1910 ж. 5,1 есе, 1914 ж. 3,5 есе төмен болған. Бұл сарын Торғай, Орал, Жетісу және өлкенің басқа облыстарында бірсыпыра ауытқулармен байқалды. Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайлары, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. 1913 ж. Қазақстандағы туу көрсеткіші 44,8%-ды құрады, алайда, өлім-жітім де жоғары болғандықтан (28,9%) халық саны табиғи өсім есебінен 15,9%-ға ғана өсті. 1916 ж. есеп бойынша, туылғандардың 43%-ы 5 жасқа дейін шетінеп кететін, ал 5 жасқа толғандар орташа есеппен 50 жасқа дейін өмір сүретін. Сонда барлық туылғандардың орташа өмір сүру жасы 27,5 – 30 жас болды.

Жалпы алғанда, 1916 ж. салыстырғанда, 1917 ж. қазақтар 446 мың адамға азайып, 3615,1 мың, үлесі 47,1% болды. Қазақтар Ақмола жэне Жетісу облыстарында ғана емес, Сырдарияда да, 44,7%-ға түсіп азшылыққа айналды. Ал, Ресей империясында барлығы 4061,3 мың қазақ тіркелді [27, 2-213].

Қазақстанның алты облысындағы орыстардың үлесі 1917 ж. 18,9%-ға (1897 ж. 10,9% болатын), украиндар 10,3%-ға (тиісінше, 1,9%) көбейді. Орыстар мен украиндар Ақмола облысының жартысынан астамын құрады – 56,7%), Оралда – 44,3%, Торғайда – 37,6% болды. Ал, Орал (75,5%), Петропавл (61,4%), Көкшетау (65,0%) және Қостанай (54,6%) уездерінде басым көпшілік, Ақтөбе уезінде олардың біріккендегі үлесі 45,4% болды. Қалған 20 уездегі орыстар мен украиндардың үлесі 30%-дан асты.

Қазақстанға шаруалар ғана емес, сонымен бірге кедейленген қолөнершілер, майдагерлер мен жұмысшылар да қоныс аударды. Сауда-өнеркәсіптік мекемелердің статистикасында Омбы мен Том қалалары мен Ресейдің орталығынан қоныс аударған ұсақ, орта және ірі буржуазия өкілдері туралы да айтылады [28, 7-13-пп.].

Сонымен, ХХ ғ. басында 1915 ж. дейін Қазақстан халқы табиғи және механикалық жолмен өсіп, ал қазақтар негізгі көпшілік этнос болса, 1916 ж. бастап елдегі демографиялық жағдай өзгерді. Жаппай мобилизация, майдандағы адам шығыны, қазақтарды тыл жұмысына жұмылдыру, азамат соғысы, босқыншылық халық санының кемуіне әкелді.

Кеңес өкіметінің орнауы мен Қазақстандағы азамат соғысы қазақтардың отанынан сыртқа көші-қонының жаңа толқынын тудырды. Ұлы Қазан революциясынан көп ұзамай қазақтар шағын топтармен Қытай шекарасынан өте бастайды. Қазақтар шекаралық Құлжа, Тарбағатай таулары мен Іле өлкесі маңайында малдарын айдап өтті. Олардың көпшілігі Шыңжаңдық Алтай мен Іле өлкесінде қалды. Бірақ, жекелеген топтар болып, қайтқан қазақтар жайлы мәліметтер де кездеседі [29, 403-405 пп.].

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

1917 ж. Уақытша үкіметтің бастамасымен Қытайдағы қазақтарды қайтару шаралары жүргізілді. Ақпан төңкерісінен кейін Уақытша үкімет жалған айыптауларға толы көтерілісшілерді ату жазасына қатысты үкімдерді тоқтату туралы шешім қабылданады [30; 31].

1917 ж. 14 наурызда Ресейдің «бұратана» халқын майдан қажеттіліктеріне реквизициялау тоқталады. Патшалық билікті тақтан құлату көптеген көтерілісшілер үшін амнистия болып, қылмыстық істерге тартылудан сақтап қалды.

Уақытша үкіметтің саясатына орай қазақтардың өз мекендеріне қайта орналастыру шаралары қолға алынады. Мысалы, Ташкент сот палатасының прокуроры А.И. Адамов 1917 ж. 20 наурыздағы рапортында генерал-губернатордың шешімімен «туземдік» халықтардан 2000 десятина жердің тартып алынғанын заңсыз деп есептейтінін, адамдардың үлкен мөлшерінің табыс көзінсіз қалғанын жазады. Сол себепті бұл шешімді кері қайтару керек, Орта Азия тұрғындарынан (соның ішінде қазақтардан) тартып алынған жерлерді иелеріне кері қайтаруды дұрыс деп есептейтінін жазған рапорт жібереді [32].

1917 жылы наурыз-сәуір айларында Ақмола, Семей, Орал және Жетісу облыстарында Қазақ комитеттері құрылды. Ыстықкөл мен Нарын өңірі әкімшілік жағынан Жетісу облысы құрамында болғандықтан қырғыздар Қазақ комитетіне тартылып, Жетісу облыстық Қазақ комитеті Қазақ-қырғыз комитеті деп аталып, құрамына қырғыздың Пржевальск және Пішпек уездік комитеттері қарады.

1917 ж. 10 сәуірде Уақытша үкіметтің мәжілісінде «Өткен жылғы тәртіпсіздіктер кезінде өз жерінен кеткен Жетісу облысының Пржевальск, Пишпек және Жаркент уездерінің қазақтарын орналастыру жайлы» мәселені қарап, Түркістан генерал-губернаторының 2000 десятина жерді тартып алу туралы өкімінің күшін жояды. Сондай-ақ, переселендерге ғана емес, сонымен бірге Қытайда қайта оралып жатқан қазақ-қырғыз босқындарға көмектесу үшін 50000 рубль ақша бөлу туралы Түркістан генерал-губернаторлығына хат жіберіледі. Одан кейін де көмек үшін ақша бөлінеді.

1917 жылдың 12 сәуірінде өткен облыстық қазақ-қырғыз съезінде қаралған мәселелердің қатарында Жетісудағы қазақ пен қырғыз босқыншылығы да тұрды. Съезд қазақтар мен қырғыздардың орыстармен тату көршілік қатынаста болуын жақтап, бұл істі жүзеге асыруды облыстық және уездік Қазақ-қырғыз комитетіне жүктеді. Сондай-ақ комитеттерге Қытайдан қайтқан босқын қазақ-қырғыз мәселесін де реттеу тапсырылды [33, 148-149 б.].

1917 жылы 5 мамырында Уақытша үкімет барлық тыл жұмыстарына шақырылғандарды отанына қайтару туралы Қаулы қабылдайды [34].

Орыс билігі Шыңжаң губернаторы Ян Цзэнсиньнен «Қытайда тұрып жатқан 19-31 жас арасындағы дүнген, тараншы, қазақтар мен басқа да бұратаналарды» тез арада қайтаруды талап етті. Қазақ және қырғыз босқындарын қайтарған жағдайда оларды амнистиялау туралы келісімге қол қойылады.

1917 жылдың көктемінен елге оралу шапшаң қарқын алды. Қытайдағы Шыңжанның алты аймағына – Іле, Тарбағатай, Алтай, Қашқар, Ақсу және Байынғұлын аймақтарына шашырай орналасқан босқындар Шыңжан губернаторы Ян Цзэнсинь мен орыс билігі арасында жүргізілген келісімдер арқылы елге оралды.

М. Тынышпаевтың мәліметі бойынша, «Қытай жеріне (Құлжа һәм Қашқар өлкелеріне) босқан қырғыз-қазақтың саны 164 мың адам екен. Сонан үстіміздегі июльдің біріне шейін қалғаны 83 мың, жеріне қайтқаны 69 мың, Қытай жерінде қалғаны 12 мың екен. Біз бұрын қырғынға ұшыраған жалғыз қырғыз деп жүруші едік, Мұхаметжанның айтуынша, Жаркент уезіндегі албандардың (Ұлы жүз) босқыны, қырғыны қырғыздардан кем емес екен» [35, 403 б.]. 1916 көтерілістен бас сауғалап, үдере көшкен халықтың Қытайға ауғандарының саны 300 мың адамға жетіп [35, 109 б.], ал көтерілісті басу кезінде аштық пен аурудан бір ғана Жетісу облысындағы көшпелі халық 1917 жылы қаңтар айына дейін 270 632 адамға кеміген. Көтерілісшілердің тастап кеткен дүние-мүліктері талан-таражға түсіп, қыстақтары жермен-жексен етілген. Жерді тартып алуды көтерілісшілерді жазалаудың бір жолы ретінде санаған [36, 109 б.].

Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің төрағасы Н.Н. Щепкинаның қайта оралып жатқан босқындарға көмекті ұйымдастыруына қарамастан, қайта оралған босқындар арасында ашаршылықтан өршіген өлім-жітім мен тірі балдарын қарға көміп кету оқиғалары көп кездесті [37].

1917 ж. соңына қарай 160 мыңдай қазақ Қазақстанға репатриацияланды. 1918 ж. 25 қаңтардағы Қашқардағы Ресей консулдығының Жетісу облыстық комиссарына берген мәлімдемесінде Қытайдағы қазақтардың жай-күйі, толық болмағанымен саны жайлы мәліметтер көрсетіліп, қазақ-қырғыздарды қайтаруға байланысты хабарнамалар беріледі [38, 171-п.].

Бұл жылдары қазақтардың жерлерін меншіктеп үлгірген келімсектер мен қайта оралған қазақтар арасында қақтығыстар жиі орын алды.

Кеңес үкіметі азамат соғысы аяқталғаннан кейін, 1921 ж. бастап қазақтарға жерді қайтару шараларын, соның ішінде 1916 ж. көтеріліс кезінде Қытайға кеткен босқындарды қайтаруға байланысты жұмыстарды арнайы қолға ала бастады.

Мысалы, 1921 ж. ұлт зиялылары патшалы Ресейдің Қоныс аудару қорына алынған «бұрынғы бос жатқан» деп есептелген Семей, Ақмола, Торғай және Орал губерниялары жерлерін Қазақ АКСР-не қайтару» туралы Декреттің қабылдануына ықпал жасап, ол бойынша жерінен айрылған қазақтарға жерлерін қайтаруға немесе жермен қамтуға тырысты. Осы құжаттың арқасында 250 мыңнан аса десятина шұрайлы жер мен 12,8 мың десятина тың жер қазақтарға қайтарылды. Сондай-ақ, Жер-су реформасын жүргізу кезінде қабылданған Жетісу облыстық комитетінің 1921 ж. 4 ақпандағы №192 шешімі қазақтардан, дұңғандардан, тараншылардан 1916-1921 жж. тартып алынған не ығыстырылған жерлерді кері қайтару шараларын жүргізуге негіз болды [39, 45-46 бб.].

Сондай-ақ, жергілікті үкімет халықты орналастырып болғанға дейін республикалық сырттан келіп жатқандардың көшіне тыйым салуға тырысты. Алайда Ф.И. Голощекиннің республика басшылығына келуімен байланысты сырттан келушілерді орналастыру жалғасып, тіпті арнайы Қоныстандыру комитеті ашылады (1929 ж.). Осылайша, кеңес дәуірінің қарсаңындағы қазақ жеріндегі халықтың демографиялық дамуы патшалық Ресейдің отарлық саясатын қарқынды жүргізудің басты шарасының бірі – шаруаларды қоныстандыру үдерісімен байланысты болса, ол үдеріс Кеңес билігі тұсында жалғасын тапты.

Қорытынды. Кеңес дәуірі қарсаңында, біріншіден, қазақтар өз мекендерінен ығыстырылып, дәстүрлі шаруашылығына қолайлы және шұрайлы жерінен айрылды. Екіншіден, жерден ығыстыруға қатысты көші-қон қазақтардың туу көрсеткішін төмендетті, өлім-жітім көрсеткішінің өсіміне, табиғи өсімнің төмендеуіне әкелді. Үшіншіден, қазақ жеріне келіп қоныстанушы переселендер әлеуметтік-экономикалық артықшылықтармен бірге қаруландыру арқылы әскери күшке ие болып, жергілікті халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде қоқан-лоқысымен алаңдатушылықтар туғызды. Табиғи өсімтал деп есептелінетін қазақтардың табиғи өсім көрсеткішінің төмендеуі мен қазақ жеріндегі көші-қондар халық санындағы қазақтар үлесінің кему үрдісіне жол ашты.

АР19678056 “ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан қалалары әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде: этно-демографиялық және әлеуметтік-мәдени дамуы” атты жоба аясында дайындалды.

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Ресей мемлекеттік әскери-тарих архиві (РМӘТА). 1405 қ. 530 т. 956 іс.

2 Қозыбаев М.К. Проблемы методологии, историографии и источниковедения истории Казахстана (Таңдамалы шығармалар). / Составитель Козыбаев И.М. Алматы: Ғылым, 2006. 272 с.

3 Рүстемов С.К. 1916 ж. босқыншылық. // «Қ.-Ж.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын іс жүзінде жүзеге асыру аясында шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеудің негізгі нәтижелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы материалдарының жинағы. Алматы: ИП «Мадияр», 2022. 376 б.

4 Мендешов С. О национально-освободительном движении 1916 года. Доклад на совещании в комвузе им. Голощекина, посвященном 15-летию восстания 1916 года // Қаһарлы 1916 жыл. (Құжаттар мен материалдар жинағы). Алматы: Қазақстан, 1998. Т. 2. С. 22-31.

5 Такенов Ә. Он алтыншы жылғы ойран // Қазақ тарихы. 1993. №1. 52-57 бб.

6 Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві (ҚР ОМА). 369 қ. 1 т. 6077 іс.

7 ҚР ОМА. 40 қ. 1-т. 1080 іс .10-11 пп.

8 Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. Алматы: Ғылым, 1997. 264 с.

9 Смағұлова С.О. «Қазақ» газеті және ұлт-азаттық қозғалыс // Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: тарихи оқиғаға жаңа көзқарас. Алматы, 2006. 115 б.

10 Брайнин С., Шафиро Ш. Восстание казахов в Семиречье. Алма-Ата, 1936. С. 67.

11 Рыскулов Т. Восстание туземцев Туркестана в 1916 году // Очерки революционного движения в Средней Азии // Сб. статей. М., 1926. С. 77.

12 Галузо П.Г. Вооружение русских переселенцев в Средней Азии. Ташкент: Изд. Ср.-Аз. Ком. ун-т им. В.И. Ленина, 1926. 90 с.

13 Дулатов М. 1916 ж. // Жұлдыз. 1991. № 6. Б. 104-108.

14 Козыбаев М.К. Демографические исследования в Казахстане: итоги и перспективы // Вестник НАН РК. 1991. №11. С. 7-13.

15 Поляков Ю.А., Киселев И.Н. Численность и национальный состав России в 1917 году // Вопросы истории. 1980. № 6. С.46.

16 Материалы по земельному вопросу в Азиатской России.Степной край. Петроград: Екатеринская тип. И.Ф. Вайсберга, 1917. 135 с.

17 Асылбеков М.Х., Жаркенова А.М. Население Казахстана (1897–1917). Алма-Ата: Өркениет, 2001. 35 с.

18 Тәтімов М. Көші-қон және Қазақстанның этнодемографиялық кескіні // Ана тілі. 1994, 21 шілде.

19 Статистико-экономический обзор КССР. Оренбург: Центральное статистическое управление, 1923. 181 с.

20 Галузо П.Г. Переселенческая политика царского правительства в Средней Азии // Коммунистическая мысль.1927.№4.С.36.

21 Предварительные итоги переписи населения 28 августа 1920 г. Население 58 губерний Европейской и Азиатской России (Серия І. Выпуск 3. Работа отдела демографии). Труды Центрального Статистического Управления. М.: 14-я типография Московского Сов.Нар. Хоз. (бывшая Городская), 1921. Т.1. Выпуск 3.С.5.

22 Қойгелдиев М.Қ. Жетісудағы Ресей билігі (XIX ғ. – 1917 ж.). Астана: Елорда, 2004.101 б.

23 Семиреченское областное статистическое управление. Предварительные итоги Всероссийской сельско-хозяйственной переписи 1920 г. по Алма-Атинскому уезду Семиреченской области по категориям населения в сравнении с итогами Всероссийской переписи сельхоз. Переписи 1917 г. Ташкент: Издание Туркестанского экономического совета, 1921. 212 с.

24 Қойгелдиев М.Қ. Панасыздарға араша түскендер // Қазақ әдебиеті. 1992,22 мамыр.№ 21 (2251).

25 Сдыков М.Н. История населения Западного Казахстана.Алматы: Западно-Казахстанский центр истории и археологии, 2004. 408 с.

26 Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) 5 т. Алматы: Атамұра, 2002. 3 т. 768 б.

27 Поуездные итоги Всероссийской сельскохозяйственной и поземельной переписи 1917 г. По 57 губерниям и областям. М., 1923. 2 т.213 с.

28 ҚР ОМА. 42 қ. 1 т. 86 іс.

29 ҚР ОМА. 797 қ. 1 т. 46 іс.

30 Исмамбетов К.Б. Меры Временного правительства о преодолении последствий восстания 1916 г.: архивные документя свидетельствуют // https://cyberleninka.ru/article/n/mery-vremennogo-pravitelstva-v-preodolenii-posledstviy-vosstaniya-1916-g-arhivnye-dokumenty-svidetelstvuyut/viewer

31 Ресей мемлекеттік тарихи архив (РМТА). 1405 қ. 530 т. 22 іс.

32 Ресей мемлекеттік әскери тарих архиві (РМӘТА). 400 қ. 1 т. 4548 іс.

33 Махаева А.Ш. Жетісу: Уақытша үкімет тұсындағы саяси ахуал // ІІ «Нүсіпбеков оқулары. Алматы қ., 22-26 желтоқсан 2014 ж.Алматы: «Елтаным» баспасы, 2014. 304 б.

34 РМТА. 400 қ. 1т. 4543 іс.

35 «Қазақ» газеті / Бас редактор Ә.Нысанбаев. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1998. 560 б.

36 Қоңыратбаев О. Тұрар Рысқұлов: қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі. Түркістанкезеңі. Алматы: Қазақстан, 1994. 448 б.

37 РМӘТА. 400 қ. 1 т. 4639 іс.

38 ҚР ОМА. 390 қ., 1-т., 6 іс.

39 Зарафутдинов З. Қазақ жерін нақтылау жұмыстары // Қазақ тарихы. 2001. №4. Б. 45-48.

REFERENCES

1. Resej memlekettіk әskeri-tarih arhivі (RMӘTA). 1405 қ. 530 t. 956 іs.

2. Қozybaev M.K. Problemy metodologii, istoriografii i istochnikovedenija istorii Kazahstana (Taңdamaly shyғarmalar). / Sostavitel' Kozybaev I.M. Almaty, 2006. 272 s.

3. Rүstemov S.K. 1916 zh. bosқynshylyқ. // «Қ.-Zh.K. Toқaevtyң «Tәuelsіzdіk bәrіnen қymbat» maқalasyn іs zhүzіnde zhүzege asyru ajasynda sheteldіk auditorija үshіn Қazaқstannyң қysқasha tarihyn әzіrleudің negіzgі nәtizhelerі» atty Halyқaralyқ ғylymi-praktikalyқ konferencijasy materialdarynyң zhinaғy. Almaty: IP «Madijar», 2022. 376 b.

4. Mendeshov S. O nacional'no-osvoboditel'nom dvizhenii 1916 goda. Doklad na soveshhanii v komvuze im. Goloshhekina, posvjashhennom 15-letiju vosstanija 1916 goda // Қaһarly 1916 zhyl. (Құzhattar men materialdar zhinaғy). Almaty: Қazaқstan, 1998. T. 2. S. 22-31.

5. Takenov Ә. On altynshy zhylғy ojran // Қazaқ tarihy. 1993. №1. 52-57 bb.

6. Қazaқstan Respublikasy Ortalyқ memlekettіk arhivі (ҚR OMA). 369 қ. 1 t. 6077 іs.

7. ҚR OMA. 40 қ. 1-t. 1080 іs .10-11 pp.

8. Mendikulova G.M. Istoricheskie sud'by kazahskoj diaspory. Proishozhdenie i razvitie. Almaty: Ғylym, 1997. 264 s.

9. Smaғұlova S.O. «Қazaқ» gazetі zhәne ұlt-azattyқ қozғalys // Қazaқstandaғy 1916 zhylғy ұlt-azattyқ kөterіlіs: tarihi oқiғaғa zhaңa kөzқaras. Almaty, 2006. 115 b.

10. Brajnin S., Shafiro Sh. Vosstanie kazahov v Semirech'e. Alma-Ata, 1936. S. 67.

11. Ryskulov T. Vosstanie tuzemcev Turkestana v 1916 godu // Ocherki revoljucionnogo dvizhenija v Srednej Azii // Sb. statej. M., 1926. S. 77.

12. Galuzo P.G. Vooruzhenie russkih pereselencev v Srednej Azii. Tashkent: Izd. Sr.-Az. Kom. un-t im. V.I. Lenina, 1926. 90 s.

13. Dulatov M. 1916 zh. // Zhұldyz. 1991. № 6. B. 104-108.

14. Kozybaev M.K. Demograficheskie issledovanija v Kazahstane: itogi i perspektivy // Vestnik NAN RK. 1991. №11. S. 7-13.

15. Poljakov Ju.A., Kiselev I.N. Chislennost' i nacional'nyj sostav Rossii v 1917 godu // Voprosy istorii. 1980. № 6. S.46.

16. Materialy po zemel'nomu voprosu v Aziatskoj Rossii.Stepnoj kraj. Petrograd: Ekaterinskaja tip. I.F. Vajsberga, 1917. 135 s.

17. Asylbekov M.H., Zharkenova A.M. Naselenie Kazahstana (1897–1917). Alma-Ata: Өrkeniet, 2001. 35 s.

18. Tәtіmov M. Kөshі-қon zhәne Қazaқstannyң jetnodemografijalyқ keskіnі // Ana tіlі. 1994, 21 shіlde.

19. Statistiko-jekonomicheskij obzor KSSR. Orenburg: Central'noe statisticheskoe upravlenie, 1923. 181 s.

20. Galuzo P.G. Pereselencheskaja politika carskogo pravitel'stva v Srednej Azii // Kommunisticheskaja mysl'.1927.№4.S.36.

21. Predvaritel'nye itogi perepisi naselenija 28 avgusta 1920 g. Naselenie 58 gubernij Evropejskoj i Aziatskoj Rossii (Serija І. Vypusk 3. Rabota otdela demografii). Trudy Central'nogo Statisticheskogo Upravlenija. M.: 14-ja tipografija Moskovskogo Sov.Nar. Hoz. (byvshaja Gorodskaja), 1921. T.1. Vypusk 3.S.5.

22. Қojgeldiev M.Қ. Zhetіsudaғy Resej bilіgі (XIX ғ. – 1917 zh.). Astana: Elorda, 2004.101 b.

23. Semirechenskoe oblastnoe statisticheskoe upravlenie. Predvaritel'nye itogi Vserossijskoj sel'sko-hozjajstvennoj perepisi 1920 g. po Alma-Atinskomu uezdu Semirechenskoj oblasti po kategorijam naselenija v sravnenii s itogami Vserossijskoj perepisi sel'hoz. Perepisi 1917 g. Tashkent: Izdanie Turkestanskogo jekonomicheskogo soveta, 1921. 212 s.

24. Қojgeldiev M.Қ. Panasyzdarғa arasha tүskender // Қazaқ әdebietі. 1992,22 mamyr.№ 21 (2251).

25. Sdykov M.N. Istorija naselenija Zapadnogo Kazahstana.Almaty: Zapadno-Kazahstanskij centr istorii i arheologii, 2004. 408 s.

26. Қazaқstan tarihy (kөne zamannan bүgіnge dejіn) 5 t. Almaty: Atamұra, 2002. 3 t. 768 b.

27. Pouezdnye itogi Vserossijskoj sel'skohozjajstvennoj i pozemel'noj perepisi 1917 g. Po 57 gubernijam i oblastjam. M., 1923. 2 t.213 s.

28. ҚR OMA. 42 қ. 1 t. 86 іs.

29. ҚR OMA. 797 қ. 1 t. 46 іs.

30. Ismambetov K.B. Mery Vremennogo pravitel'stva o preodolenii posledstvij vosstanija 1916 g.: arhivnye dokumentja svidetel'stvujut // https://cyberleninka.ru/article/n/mery-vremennogo-pravitelstva-v-preodolenii-posledstviy-vosstaniya-1916-g-arhivnye-dokumenty-svidetelstvuyut/viewer

31. Resej memlekettіk tarihi arhiv (RMTA). 1405 қ. 530 t. 22 іs.

32. Resej memlekettіk әskeri tarih arhivі (RMӘTA). 400 қ. 1 t. 4548 іs.

33. Mahaeva A.Sh. Zhetіsu: Uaқytsha үkіmet tұsyndaғy sajasi ahual // ІІ «Nүsіpbekov oқulary. Almaty қ., 22-26 zheltoқsan 2014 zh.Almaty: «Eltanym» baspasy, 2014. 304 b.

34. RMTA. 400 қ. 1t. 4543 іs.

35. «Қazaқ» gazetі / Bas redaktor Ә.Nysanbaev. Almaty: «Қazaқ jenciklopedijasy», 1998. 560 b.

36. Қoңyratbaev O. Tұrar Rysқұlov: қoғamdyқ-sajasi zhәne memlekettіk қyzmetі. Tүrkіstankezeңі. Almaty: Қazaқstan, 1994. 448 b.

37. RMӘTA. 400 қ. 1 t. 4639 іs.

38. ҚR OMA. 390 қ., 1-t., 6 іs.

39. Zarafutdinov Z. Қazaқ zherіn naқtylau zhұmystary //Қazaқ tarihy. 2001. №4. B.45-48.

Kudaibergenova Ayzhamal

Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

Almaty, Kazakhstan

DEMOGRAPHIC DEVELOPMENT OF KAZAKHSTAN ON THE EVE OF SOVIET POWER (EARLY ХХ CENTURY)

Abstract. In the article, one of the major historical events is 1916, which is the basis for clarifying the main course of historical conditions on the eve of the Soviet era, including the demographic development of the Kazakh people and the migration process. The consequences of the national liberation uprising are considered. In 1916, Kazakhs were not taken into the First World War, but they did not pick up weapons, but shovels to dig trenches under a shower of bullets. The Tsar's decree of June 25 brought the Central Asian peoples, oppressed by migration policies, the arbitrariness of the Tsar's local administration and "Great Russian chauvinism", to the limit of patience, and provoked an uprising. An analysis of the number of people involved in “retail work” was carried out. Along with the refugee problem, the impact of the insurgency on the population is examined quantitatively. 1916 Those who participated in the uprising escaped punishment, fled to China and were moved along known migration routes. Measures to return Kazakhs to China and their results, which were carried out on the initiative of the Provisional Government in 1917, will also be discussed. During these years, conflicts often arose between settlers who appropriated Kazakh lands and returning Kazakhs. After the end of the civil war, in 1921, the Soviet government began to take special measures to return land to the Kazakhs, including the return of refugees who fled to China during the 1916 uprising. On the eve of the Soviet era, first of all, the Kazakhs were expelled from their homes and deprived of land suitable for traditional agriculture. Secondly, migration associated with displacement from land reduced the birth rate of Kazakhs, led to an increase in mortality and a decrease in natural population growth. Thirdly, the settlers who came and settled on Kazakh soil, armed themselves with socio-economic advantages, acquired military power and caused many disruptions in the daily life of the local population.

Key words: Kazakhstan, the Soviet era, the national liberation uprising of 1916, refugees, demographic development, famine, royal decree, rear work, royal tyranny

Кудайбергенова Айжамал Ибрагимовна

Институт истории и этнологии имени Ч.Ч. Уалиханова

Алматы, Казахстан

ДЕМОГРАФИЧЕСКОЕ РАЗВИТИЕ КАЗАХСТАНА НАКАНУНЕ СОВЕТСКОЙ ВЛАСТИ (НАЧАЛО ХХ В.)

Аннотация. В статье одним из крупных исторических событий является 1916 год, который является основой для выяснения основного хода исторических условий накануне советской эпохи, в том числе демографического развития казахского народа и процесса миграции. рассмотрены последствия национально-освободительного восстания. В 1916 году казахов в Первую мировую войну не брали, но они брали в руки не оружие, а лопаты, чтобы под ливнем пуль рыть окопы. Царский указ от 25 июня довел до предела терпения среднеазиатские народы, угнетенные миграционной политикой, произволом царской администрации на местах и «великорусским шовинизмом», и спровоцировал восстание. Проведен анализ количества людей, привлеченных на «розничную работу». Наряду с проблемой беженцев количественно рассматривается влияние повстанческого движения на население. 1916 год те, кто участвовал в восстании, бежали от наказания, бежали в Китай и были перемещены по известным миграционным путям. Также будут обсуждены меры по возвращению казахов в Китай и их результаты, которые были осуществлены по инициативе Временного правительства в 1917 году. В эти годы часто возникали конфликты между переселенцами, присваивавшими казахские земли, и вернувшимися казахами. После окончания гражданской войны, в 1921 году, советское правительство начало принимать специальные меры по возвращению земель казахам, в том числе по возвращению беженцев, уехавших в Китай во время восстания 1916 года. Накануне советской эпохи, прежде всего, казахи были изгнаны из своих домов и лишились земель, пригодных для традиционного ведения сельского хозяйства. Во-вторых, миграция, связанная с перемещением с земель, снизила рождаемость казахов, привела к увеличению смертности и снижению естественного прироста населения. В-третьих, пришедшие и обосновавшиеся на казахской земле переселенцы, вооружившись наряду с социально-экономическими преимуществами, приобрели военную мощь и вызвали немало нарушений в повседневной жизни местного населения.

Ключевые слова: Казахстан, советская эпоха, национально-освободительное восстание 1916 г., беженство, демографическое развитие, голод, царский указ, тыловые работы, царская тирания

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.