Научная статья на тему 'МИР ТЮРКОВ: ИСТОРИЯ И СОТРУДНИЧЕСТВО'

МИР ТЮРКОВ: ИСТОРИЯ И СОТРУДНИЧЕСТВО Текст научной статьи по специальности «Гуманитарные науки»

CC BY
90
24
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Журнал
Yessenov science journal
Область наук
Ключевые слова
миграция / диаспора / СССР / ООН / геополитика / ассимиляция / типология / сообщество / автономия / климат / туризм / репортация. / migration / diaspora / THE USSR / UN / geopolitics / assimilation / typology / community / autonomy / climate / tourism / reporting.

Аннотация научной статьи по Гуманитарные науки, автор научной работы — Арашова Набат Кожабилмесовна

В статье рассматривается история образования стран тюркского мира, области распространения на Евразийском континенте, тюркских государств, провозгласивших независимость, и большое количество диаспор. Тюрки на евразийском континенте имеют очень длинную историю 3000-4000 лет до н.э. Мы должны рассматривать это с точки зрения пространства и времени. На рубеже 1980-х и 1990-х годов в связи с радикальными политическими, социальными и социально-экономическими изменениями в Восточной Европе типология социалистического строя во многом утратила свой характер. В конце 1991 года Союз Советских Социалистических Республик (СССР) перестал существовать как единое геополитическое пространство и субъект международного права в результате своего распада. Таким образом, превращение союзных ей республик в независимые государства структурно реанимировало сложившуюся после Второй мировой войны мировую геополитическую систему. До распада СССР, то есть до 90-х годов ХХ века, среди тюркских народов независимым государством была только Турецкая Республика. В нем также представлена информация о географическом расположении стран, стран-членов и автономных областей, а также вопросы сотрудничества между тюркскими государствами.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

THE BOTTOM OF THE TURKIC WORLD: HISTORY AND COOPERATION

The article discusses the history of the formation of the countries of the Turkic world, the area of distribution on the Eurasian continent, the Turkic states that declared independence, and a large number of diasporas. The Turks on the Eurasian continent have a very long history of 3000-4000 BC. We must consider this in terms of space and time. At the turn of the 1980s and 1990s, due to radical political, social and socio-economic changes in Eastern Europe, the typology of the socialist system largely lost its character. At the end of 1991, the Union of Soviet Socialist Republics (USSR) ceased to exist as a single geopolitical space and subject of international law as a result of its collapse. Thus, the transformation of its allied republics into independent states structurally reanimated the world geopolitical system that developed after the Second World War. Before the collapse of the USSR, that is, until the 90s of the twentieth century, among the Turkic peoples, only the Republic of Turkey was an independent state. It also provides information on the geographical location of countries, member countries and autonomous regions, as well as issues of cooperation between the Turkic states.

Текст научной работы на тему «МИР ТЮРКОВ: ИСТОРИЯ И СОТРУДНИЧЕСТВО»

.

ӘОЖ 371.382(512.122):796.5

ҒТАХР 03.20

DOI 10.56525/UADB4426

ТҮБІ БІР ТҮРКІЛЕР ӘЛЕМІ:

ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

АРАШОВА Н.К.

Ш. Есенов атындағы Каспий

технологиялар және инжиниринг университеті

Ақтау қ., Қазақстан

E-mail: [email protected]

Аңдатпа. Мақалада түбі бір түркі әлеміндегі елдердің қалыптасу тарихы, Евразия материгі бойынша таралу аймақтары, тәуелсіздігі жарияланған түркі мемлекеттері мен кең көлемде шоғырланған диаспоралары қарастырылған. Еуразия материгінде түркілердің, біздің заманымызға дейін 3000-4000 жыл бұрын жүріп өткен өте ұзақ тарихы бар. Мұны біз, кеңістік пен уақыт аясында қарастырғанымыз жөн. Өткен ғасырдың 1980-90 жылдар тоғысында, Шығыс Еуропаның елдеріндегі түбегейлi саяси-қоғамдық және әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге байланысты социалистік жүйе типологиясы өзiнiң көп бөлiгiн жоғалтты. Ал 1991 жылдың соңында Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО), өзiнiң ыдырауы нәтижесiнде бiрыңғай геосаяси кеңiстiк және халықаралық құқық субъектiсi мәнiндегi өмiр сүруiн тоқтатты. Осылайша оның құрамындағы одақтас республикалардың тәуелсiз мемлекеттерге айналуы, Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi қалыптасқан әлемдiк геосаяси жүйенi құрылымдық жағынан қайта жаңғыртты. Ал КСРО ыдырағанға дейiн, яғни ХХ ғасырдың 90-жылына дейінгі түркі халықтарының ішінде өз алдына дербес ел болған тек Түркия Республикасы болатын. Сонымен қатар елдердің географиялық жағдайы, құрамына кіретін елдер мен автономиялы аудандары туралы ақпараттар беріледі және түркі мемлекеттерінің арасындағы ынтымақтастық, қарым-қатынас мәселелері қарастырылады.

Түйінді сөздер: Миграция; диаспора; КСРО; БҰҰ; геосаясат; ассимилация; типология, қауымдастық, автономия, климат, туризм, репортация.

Кіріспе

Еуразия материгінде түркілердің, біздің заманымызға дейін 3000-4000 жыл бұрын жүріп өткен өте ұзақ тарихы бар. Мұны біз, кеңістік пен уақыт аясында қарастырғанымыз жөн. Өткен ғасырдың 1980-90 жылдар тоғысында, Шығыс Еуропаның елдеріндегі түбегейлi саяси-қоғамдық және әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге байланысты социалистік жүйе типологиясы өзiнiң көп бөлiгiн жоғалтты. Ал 1991 жылдың соңында Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО), өзiнiң ыдырауы нәтижесiнде бiрыңғай геосаяси кеңiстiк және халықаралық құқық субъектiсi мәнiндегi өмiр сүруiн тоқтатты. Осылайша оның құрамындағы одақтас республикалардың тәуелсiз мемлекеттерге айналуы, Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi қалыптасқан әлемдiк геосаяси жүйенi құрылымдық жағынан қайта жаңғыртты.

Материалдар мен зерттеу әдістері

Мақала Ұ.Ә.Есназарова мен А.Т.Темірбековтің Түркітілдес елдер географиясы еңбектеріне, түркітілдес мемлекеттер қарым-қатынасына және мерзімді басылым беттерінде жарияланған әртүрлі мазмұндағы мақалаларға арқа сүйеді. Зерттеліп отырған мәселені терең әрі жан-жақты қарастыру мақсатында әртүрлі экономикалық, саяси-мәдени келіссөздер және түрлі тақырыптарда бас қосқан саммит материалдары мен арнайы бағдарламалар қосалқы түрде пайдаланылды. Авторлардың өзіндік тұжырымдары мен қорытындыларына баға беруде объективтілік, әлеуметтік қағидаларды пайдаланды. Ғылыми зерттеуде салыстырмалы-тарихи, сипаттамалық-хронологиялық, өзектілік тәрізді әдістері қолданылды.

Зерттеу нәтижелері

Еуразия материгінде түркілердің, біздің заманымызға дейін 3000-4000 жыл бұрын жүріп өткен өте ұзақ тарихы бар. Мұны біз, кеңістік пен уақыт аясында қарастырғанымыз жөн. Өткен ғасырдың 1980-90 жылдар тоғысында, Шығыс Еуропаның елдеріндегі түбегейлi саяси-қоғамдық және әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге байланысты социалистік жүйе типологиясы өзiнiң көп бөлiгiн жоғалтты. Ал 1991 жылдың соңында Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО), өзiнiң ыдырауы нәтижесiнде бiрыңғай геосаяси кеңiстiк және халықаралық құқық субъектiсi мәнiндегi өмiр сүруiн тоқтатты. Осылайша оның құрамындағы одақтас республикалардың тәуелсiз мемлекеттерге айналуы, Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi қалыптасқан әлемдiк геосаяси жүйенi құрылымдық жағынан қайта жаңғыртты.

Ал төменде берілген «Еуразия материгіндегі түркітілдес халықтардың таралуы» картасынан (сурет-1), оның тұрғындарының қоныстанып орналасқан негізгі ареалдарын және қызыл ноқаттар арқылы белгіленген олардың ауқымды көпсанды диаспораларының мекендеген елдерін көресіздер.

Сурет 1 - Еуразия материгіндегі түркітілдес халықтардың таралуы

Еуразия материгіндегі түркітілдес халықтардың таралуы нәтижесiнде, Еуразияның саяси картасы үлкен өзгерiске ұшырап, оның iшiнде түркітілдес мемлекеттер бұл материктiң жаңа геосаяси құрылымында өзiндiк маңызды сипатқа ие болды. Ал КСРО ыдырағанға дейiн, яғни ХХ ғасырдың 90-жылына дейінгі түркі халықтарының ішінде өз алдына дербес ел болған тек Түркия Республикасы болатын. Осы жерде тәуелсіздігі танылмаған ел – Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР)* жайына тоқталсақ, ол 1974 жылы Грекияның арандатуымен Кипрде ұйымдастырылған әскери төңкерістің салдарынан қос қауымдастық – түріктер мен гректердің арасындағы дау-дамайдан соң аралдың және ел астанасының екіге бөлінуінің нәтижесінде дүниеге келді (сурет-2).

Сурет 2 - Кипр аралының әкімшілік бөлінісі

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР)* Түркітілдес елдер ішінде Түркия Республикасы мен СКТР-дан* кейін, Кеңестер Одағының ыдырауына байланысты бұрын оның құрамында болған – Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Түрікменстан республикалары өз тәуелсіздігіне қол жеткізген соң, олар – 1992 жылдың 2-ші наурызында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. Осылайша Кеңестер Одағының ыдырауы, әлемнің саяси картасына жаңадан тәуелсіз 5 жас егемен мемлекетті әкелді. Олар – Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан, төмендегі 1-ші кестедегі аталмыш түркітілдес мемлекеттер.

Кесте 1 - Дүниежүзінің түркітілдес мемлекеттері

Елдің атауы

Жер аумағы, шаршы км Халқы, адам Астанасы

Тәуелсіздік алған жылы

1 Әзірбайжан 86 600 км² 10 073 200 Баку 30 тамыз 1991ж.

2 Қазақстан 2724 900км² 18 852 802 Нұр-Сұлтан 16 желтоқсан 1991

3 Қырғызстан 198 500 км2 6 523 529 Бішкек 31 тамыз 1991 ж.

4 Өзбекстан 447 400 км² 34 036 800 Ташкент 31тамыз 1991 ж.

5 Түркия 783 562 км² 83 154 997 Анкара 29 қазан 1923 ж.

6 Түрікменстан 491 200 км² 5 942 502 Ашхабат 27 қазан 1991 ж.

7 Солтүстік Кипр* 3 355 км² 294 906 Лефкоша* 20 шілде 1974 ж.

Енді түркітілдес елдердің географиялық орналауына келсек, Түркия мен СКТР* (тәуелсіздігі танылмаған ел) және Гагаузия, сол сияқты Қырым Республикасы* (халықаралық деңгейде танылмаған құрылым, ал оны Ресей Федерациясы өз құрамына 2014 жылдың 18-науырызында қосып алған, ол осы екі арасындағы даулы аумақ болып табылады) – Қара, Жерорта және Азов теңізі алабында орналасқан. Ал өз егемендігін кейіннен алған түркітілдес республикалар негізгі мұхиттардан алыста, материктің түкпірінде, қоңыржай климат белдеуінің оңтүстік бөлігінде, Батыс Сібір жазығынан оңтүстікте Каспий теңізі мен шығысында Алтай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань мен Памир-Алай тау жүйелері аралығында жатыр [1]. Ал Әзірбайжан мен оның Нахичевань автономиясы – Үлкен, Кіші Кавказ таулары мен Армян таулы қыраты аумағында орналасқан. Ресей Федерациясы (РФ) құрамындағы автономия құқындағы түркітілдес елдердің көбісі Еділ (Волга) бойы мен Кавказ аймағында орналасқан, ал кейбірі тіптен Азия құрылығының солтүстік (бұрыңғы Долган-Таймыр автономиялық округы) және солтүстік-шығыс (Якутия) бөлігінде жатыр. Олар туралы қысқаша мәліметтер келесі 2-ші кестеде көрсетілген.

Кесте 2 - ТМД елдеріндегі автономия құқындағы түркітілдес елдер

Елдің атауы

Жер аумағы

Халқы

Астанасы

Автономия құқында кіретін елдері

1 Татарстан 67 847 км² 3 855 037 Қазан Ресей Федерациясы

2 Хакасия 61 569 км² 535 796 Абакан Ресей Федерациясы

3 Тува (Тыва) 168 604 км² 313 777 Қызыл Ресей Федерациясы

4 Башқұртстан 142 947 км² 4 064 245 Уфа Ресей Федерациясы

5 Қарашай-Черкес 14 277 км² 471 847 Черкесск Ресей Федерациясы

6 Саха (Якутия) 3 083 523 км² 956 896 Якутск Ресей Федерациясы

7 Таулы Алтай 92 903 км² 213 703 Горно-Алтайск Ресей Федерациясы

8 Кабарда-Балқар 12 470 км² 862 050 Нальчик Ресей Федерациясы

9 Чувашия 18 343 км² 1 236 247 Чебоксары Ресей Федерациясы

10 Қырым* 26 081 км² 1 903 707 Симферополь Ресей Федерациясы*

11 Нахичевань 5 503 км² 439 800 Нахичевань Әзірбайжан Респ

12 Қарақалпақстан 166 600 км² 1 910 000 Нүкіс Өзбекстан Респ

13 Гагаузия 1 848 км² 134 535 Комрат Молдова Респ

14 Таймыр Долга́н-Не́нец ауданы 879 929 км² 38 372

Дудинка РФ (айрықша статусы бар құрылм)

Жоғарыда келтірілген «ТМД елдеріндегі автономия құқындағы түркітілдес елдерден» бөлек (3-кесте), Қытай Халық Республикасының (ҚХР) құрамында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы (орталығы – Үрімші қаласы, жер аумағы – 879 929 км², халқы – 24 870 мың адам, 2018 жылғы есеп бойынша) бар.

Кесте 3 - ҚХР-дың ШыңжаңҰйғыр автономиялық ауданның ұлттық құрамы, 2020 ж

Халықтар Жалпы саны Жалпы пайыз

ұйғырлар 11.303.300 46.42%

қытайлар 8.611.000 38.99%

қазақтар 1.591.200 7.02%

дүнген халқы 1.015.800 4.54%

қырғыздар 202.200 0.88%

моңғол, ойрат және қалмақтар, доңсяңдар, даурлар 180.600 0.83%

тәжіктер және памирліктер 50.100 0.21%

Тарихта түркі халықтары солтүстікте – Солтүстік Мұзды мұхит, оңтүстікте – Тибет таулары, шығыста – Тынық мұхит, батыста – Балқан тауларына дейінгі үлкен аймақта өмір сүргені белгілі. Түркия ғалымдарының есептеуінше, қазіргі таңда түркітілдес халықтардың жалпы саны 250 млн адамға жуық. Түркітілдес халықтар дүние жүзінің барлық бөлігінде еңбек етіп, өмір сүруде. Біріккен Ұлттар Ұйымының есептеуі бойынша, әлем бойынша түркі тілдері – бесінші орында болуымен қатар және үлкен аумақты алып жатқан кең таралған тілдердің қатарына жатады. Түркітілдес елдерде халықтың табиғи өсімі, басқа көршілес мемлекеттерге қарағанда біршама жоғары болып келеді.

«Түркі» сөзі қытайша «тюрк», «тюкю», яғни «күшті», «мықты» деген мағына білдіреді. Түркі тектес халықтардың рухани мәдениеті өзге халықтарға қарағанда біртектес әрі бай, әрі мазмұнды болып келеді [2].

Түркі халықтарының бірлігін бұзып, ынтымағын ыдырату бағытында кезінде патшалық Ресей жоспарлы түрде жұмыс істеген. Ресей империясы көптеген түркітілдес елдерді жаулап алып, оларды зорлықпен бағындырған. Түркітілдес елдердің жазу алфавитін араб әліпбиінен латыншаға, латыннан кириллицаға өзгертілуінің салдарынан бұрынғы арабша және латынша жазылған тарихи, әдеби, өнер және т.б. туындылар қазіргі ұрпаққа арнайы білімі болмаса түсініксіз болып қалуда. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында патшалық Ресейде жаңаша дүниетаным көзқарасын қалыптастырған «түрік-мұсылман ұстазы» аталған қырым татары – И.Гаспринский еді. Ол әйгілі «Түркістан ғұламасы» атты кітап жазып, онда түркі халықтарынан шыққан ғалымдар, дәрігер-емшілер, тарихшылар, астрономдар мен басқа да аса білгір адамдар мен танымал тұлғалар туралы мәліметтер берген [3].

Түркітілдес халықтардың басым көпшілігі ислам дінін ұстанады, чуваштар мен гагауздар – христиан дінінде, қарайымдар мен қырымшақтар – иудаизм дінінде, сары ұйғырлар – буддизм дінінде. Тұрғын халықтың тілдік негізі бір бола тұрып әр түрлі дінге сенуі, яғни діни нанымы әр түрлі болуы себепті тарихи тамыры бір халықтарды өзара жауластырып, бір-бірімен алауыз қылғанда оларды басқарудың оңай екендігі тарих тылсымында талай рет дәлелдеген әрі баршамызға белгілі құбылмалы оқиғалар.

Түркі тілінің әр түрлі болып қалыптасуына, әрі ірі тарихи кезеңдер де үлкен әсер еткен. Мысалы, алғашқы «Түрік қағанаты» құрылғанда – қарлұқ тобындағы тілдер, «Алтын Орда» заманында – қыпшақ тілдері, ал «Осман империясы» шарықтаған уақытта – селжұқ тілдері гүлденіп өркендеген. Жалпы түркі тілдерін топтастыру мәселесінде ғалымдардың арасында әр түрлі көзқарас бар. Мысалға, Н.А.Баскаков қазіргі түркі тілдерін батыс ғұн бұтағы және шығыс ғұн бұтағы деп бөледі де, әрбір бұтақты бірнеше топқа жіктеген. Өзін Қожа Ахмет Йасауидің шәкірті деп есептейтін Намык Кемал Зейбек «Түрік болу» атты кітабында түрік диалектісін үш топқа біріктіруге болатынын айтады. Олар – оғыз, қарлұқ және қыпшақ топтары. Ал, қазақ ғалымы Мақаш Тәтімовтың есептеуінше, барлық түркі тілдері – 5 топқа, 40 тіл мен 100 диалектіге бөлінеді [4].

Алтай тіл семьясына кіретін түркі тілдері тобына Еуразия материгін қоныстанған келесі: түрік, гагауз, қазақ, татар, ұйғыр, ноғай, құмық, шор, долган, т.б ұлттар мен ұлыстар жатады. Осы түркітілдес халықтар – Кіші Азия мен Шығыс Еуропадан, Қырым мен Кавказдан, Еділ бойы мен Оралдан, Сібір мен Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта тұратын 200 млн. астам адамның ана тілі, 250 млн. жуық адамның екінші тілі боп табылатын, көбі бір-біріне өте жақын туыстас 40-тан аса жеке тілден тұратын дербес тіл тобы. Түркі халықтарының ішінде саны жағынан миллионнан асатын халықтар мыналар: түріктер, әзірбайжандар, өзбектер, қазақтар, қырғыздар, татарлар, башқұрттар, ұйғырлар, түрікмендер, чуваштар. Сол сияқты Иран және онымен көршілес елдерде тұратын қашқайлар мен басқа да түркітілдес ұлттар сандық өлшемде ірі халықтар болып есептеледі. Саны жағынан ең азы – чұлым татарлары, қырымшақ пен қарайымдар және тобалар (тофалар) болып табылады.

Түркітілдес мемлекеттерден Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, СКТР* – Азияда, ал Қазақстан мен Түркия Республикалары дүниенің екі бөлігінде – Азия мен Еуропада орналасқан. Бұл мемлекеттер солтүстігінде – Ресеймен, шығысында – Қытаймен, оңтүстігінде – Тәжікстанмен, Ауғанстанмен, Иранмен және Сириямен шектеседі. Ал мемлекеттік шекаралар өз кезегінде шығысында – Алтай, аса биік Тянь-Шань, Копетдаг тауларының жоталарын басып өтеді [5]. Ал Орталық Азияда орналасқан түркітілдес мемлекеттер Каспий теңізі арқылы – Әзірбайжанмен, Еділ өзені мен Орал таулары арқылы Ресеймен байланысады.

Орта Азиядағы (Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан) түркітілдес елдердің табиғаты мен шаруашылығында ортақ жағдайлар көп. Кеңестер Одағы құрамында болған кезде бұл республикалар мен Тәжікстан бірігіп «Орта Азия экономикалық ауданын» құрайтын, ал бiздiң республикамыз болса дербес «Қазақстан экономикалық ауданы» болып саналатын. Жалпы түркітілдес елдердің экономикасы – агроөнеркәсіп кешендерін, мұнай-газ, отын-энергетика, химия, түсті және қара металлургия, т.б. шаруашылық салаларын қамтиды [6]. Ал Түркия мен Қазақстанда ауыр өнеркәсіп біршама дамыған. Сонымен қатар Түркия, СКТР* және Өзбекстанда халықаралық туризм саласы жақсы дамыған, ал қалған республикалар да (Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан) туризмді жеделдете дамыту мәселесін қолға алуда [7].

Осы жерде Қазақстан мен бұрынғы Орта Азия республикалары төңiрегiнде қалыптасқан жаңа геосаяси жағдайға қатысты, олардың бiртұтас географиялық – «Орталық Азия» геоаймағы деп бiрiктiрiлу мазмұнын айқындау аса маңызды. Бұл республикалардың барлығының жалпы тұрғын халқының ортақ шығу тегi мен тарихында, дiнi мен тiлiнде, салт-санасы мен әдет-ғұрпында, мәдениетi мен шаруашылығында жақындықтар мен ұқсастықтар өте көп. Бұлардың жалпы жер көлемi 4 млн км2 болса, халқы 70 млн адамға жуық. Бiр ескеретiн жайт, БҰҰ болжауы бойынша, 2035 жылдары осы аймақ халқының саны 100 млн адамға дейін жетуi мүмкін. Олардың барлығының дерлiк өте тез өсiп келе жатқан түркiтiлдес халықтарға жатуы (тек тәжiктер ғана иран тiл тобына жатады) осының себебi болса керек.

Қысқаша шолу сипатында біз, «Түркі мәдениетін және өнерін дамыту» – ТҮРКСОЙ (TÜRKSOY) атты халықаралық ұйымына тоқтала кетпекпіз (4-кесте). Ол 1993 жылдың 12-ші шілдесінде Алматы қаласында, келісімге құрылтайшы елдердің өкілдері қол қоюы нәтижесінде құрылған. Түркия Республикасы осы ұйымның арқаушы елі болып тағайындалды. Бұл ұйымның ресми қызмет тілі – түрік және ағылшын мен орыс тілдері болып саналады, оның Бас кеңсесі – Анкара (Түркия) қаласында орналасқан.

Кесте 4 - ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымына мүше және бақылаушы елдер

Мүшелері Тілі

Әзірбайжан Әзірбайжан тілі

Қазақстан Қазақ тілі

Қырғызстан Қырғыз тілі

Өзбекстан Өзбек тілі

Түркия Түрік тілі

Түрікменстан Түрікмен тілі

Қараушы елдер Тілі

Башқұртстан Башқұрт тілі

Татарстан Татар тілі

Ғағауызстан Ғағауыз тілі

Солтүстік Кипр Кипрлік түрік тілі

Хакасия Хақас тілі

Аталмыш ұйымның құрамында басында 14 ел болған, оның ішінде – егеменді елдер, федеральды субъектілер мен автономды аймақтар да бар. Бұл халықаралық ұйымға мүшелер болып сол кезде, оған құрылтайшы мемлекеттер: Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан және кейіннен қосылған елдер – Ресей Федерациясының құрамындағы: Алтай Республикасы, Башқұртстан, Саха (Якутия), Татарстан, Тыва (Тува), Хакасия Республикалары және Гагаузия Автономиялық Республикасы (Молдова) мен тәуелсіздігі танылмаған – Солтүстік Кипр Түрік Республикасы* кірген болатын. 2015 жылдың соңында Ресей мәдениет министрі Владимир Мединский, РФ қарасты республикалардың басшыларына «Халықаралық түркі мәдениеті» туралы телеграмма жолдауына байланысты, РФ құрамындағы келесі түркітілдес – Тыва, Алтай және Якутия республикалары сол уақыттан бастап аталмыш ұйым тарапынан атқарылып жатқан іс-шаралар мен оның басқадай да жұмыстарына қатыспауда [8].

Қорытынды

Қазақта төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді деген нақыл бар. Осы түбірі бір төртеудің түгел болуы, алтауының алауыздыққа бармауы ежелгі түрік қағанатын құрған Ер Бумыннан бастап Естеми қаған, Тоныкөк, Күлтегіндердің аңсап өткені белгілі. 2009 жылы қазан айында Азербайжанның Нахчиван қаласында қазақ президентінің бастамасымен құрылған бұл ұйым Түркі тарихындағы тұңғыш ұйым. Мақсаты ағайын арасындағы алыс-берісті жандандырып, мәдени-гуманитарлық байланыстарды бәсеңдетпеу, қарға тамырлы елдердің қарым-қатынасын дұрыс жолға қою.

Мақаламды қорытындылау барысында айтарымыз, Алтайдан Анадолыға, Байкалдан Балқанға дейін созылған ұлан ғайыр жерімізді көздің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа мұра ретінде қалдыру, күш біріктіре ынтымақтасып жұмыс жасалса көптеген ірі жетістіктерге жетеді деген сеніміміз мол.

ӘДЕБИЕТТЕР

[1]. Есназарова Ұ.Ә., Темірбеков А.Т. Түркітілдес елдер географиясы: Оқу құралы. – Алматы, 2011. 18–24 бб.

[2]. Азия кеңесі: идеядан – игілікті шараға // Егемен Қазақстан. – 2016. – 24 қазан.

[3]. Карин Е. Орталық Азияның геосаяси тағдыры // Түркістан. – 2015. №1. –11 қаңтар.

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

[4]. Успанова М.К. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің қатынастары. 1991-2016 жж. – Алматы, 2004. 184–188 бб.

[5]. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 25 жылдығы, “GYLYM JANE BILIM - 2021” атты XYI Халықаралық ғылыми конференция жинағы 12 сәуір

[6]. [Электронный ресурс] – Режим доступа: https: // www.youtube.com / watch?v=lMYJ6th4lhQ

[7]. [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://www.wiki-zero.net/index.php.

[8]. [Электронный ресурс]. – Режим доступа: https: // www.youtube.com / watch?v=oVs92KUk7Qc

REFERENCES

[1]. Yesnazarova UA, Temirbekov AT Geography of Turkic-speaking countries: Textbook. - Almaty, 2011. pp. 18–24. [in Kazakh]

[2]. Council of Asia: from idea to charity // Egemen Kazakhstan. - 2016. - October 24. [in Kazakh]

[3] Karin E. Geopolitical destiny of Central Asia // Turkestan. - 2015. №1. - January 11. [in Kazakh]

[4]. Uspanova MK Relations between Kazakhstan and Central Asia at the present stage. 1991-2016 - Almaty, 2004. pp. 184–188. [in Kazakh]

[5]. 25th anniversary of LN Gumilyov ENU, Proceedings of the XYI International Scientific Conference "GYLYM JANE BILIM - 2021" April 12 [in Kazakh]

[6]. [E'lektronnyj resurs] – Retrieved from: https://www.youtube.com/watch?v=lMYJ6th4lhQ

[7]. [E'lektronnyj resurs]. Retrieved from: http://www.wiki-zero.net/index.php.

[8]. [E'lektronnyj resurs].– Retrieved from : https://www.youtube.com/watch?v=oVs92KUk7Qc

Арашова Набат Кожабилмесовна

Каспийский университет технологии и инжиниринга им. Ш. Есенова,

г. Актау, Казахстан

МИР ТЮРКОВ: ИСТОРИЯ И СОТРУДНИЧЕСТВО

Аннотация. В статье рассматривается история образования стран тюркского мира, области распространения на Евразийском континенте, тюркских государств, провозгласивших независимость, и большое количество диаспор. Тюрки на евразийском континенте имеют очень длинную историю 3000-4000 лет до н.э. Мы должны рассматривать это с точки зрения пространства и времени. На рубеже 1980-х и 1990-х годов в связи с радикальными политическими, социальными и социально-экономическими изменениями в Восточной Европе типология социалистического строя во многом утратила свой характер. В конце 1991 года Союз Советских Социалистических Республик (СССР) перестал существовать как единое геополитическое пространство и субъект международного права в результате своего распада. Таким образом, превращение союзных ей республик в независимые государства структурно реанимировало сложившуюся после Второй мировой войны мировую геополитическую систему. До распада СССР, то есть до 90-х годов ХХ века, среди тюркских народов независимым государством была только Турецкая Республика. В нем также представлена информация о географическом расположении стран, стран-членов и автономных областей, а также вопросы сотрудничества между тюркскими государствами.

Ключевые слова: миграция; диаспора; СССР; ООН; геополитика; ассимиляция; типология, сообщество, автономия, климат, туризм, репортация.

Arashova Nabat Kozhabilmesovna

Sh.Yessenov Caspian state university of technology and engineering, Аktau, Kazakhstan

THE BOTTOM OF THE TURKIC WORLD: HISTORY AND COOPERATION

Abstract. The article discusses the history of the formation of the countries of the Turkic world, the area of distribution on the Eurasian continent, the Turkic states that declared independence, and a large number of diasporas. The Turks on the Eurasian continent have a very long history of 3000-4000 BC. We must consider this in terms of space and time. At the turn of the 1980s and 1990s, due to radical political, social and socio-economic changes in Eastern Europe, the typology of the socialist system largely lost its character. At the end of 1991, the Union of Soviet Socialist Republics (USSR) ceased to exist as a single geopolitical space and subject of international law as a result of its collapse. Thus, the transformation of its allied republics into independent states structurally reanimated the world geopolitical system that developed after the Second World War. Before the collapse of the USSR, that is, until the 90s of the twentieth century, among the Turkic peoples, only the Republic of Turkey was an independent state. It also provides information on the geographical location of countries, member countries and autonomous regions, as well as issues of cooperation between the Turkic states.

Keywords: migration; diaspora; THE USSR; UN; geopolitics; assimilation; typology, community, autonomy, climate, tourism, reporting.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.