Научная статья на тему 'РАЗВИТИЕ НАЦИОНАЛЬНОГО СОЗНАНИЯ СТУДЕНЧЕСКОЙ МОЛОДЕЖИ'

РАЗВИТИЕ НАЦИОНАЛЬНОГО СОЗНАНИЯ СТУДЕНЧЕСКОЙ МОЛОДЕЖИ Текст научной статьи по специальности «Гуманитарные науки»

CC BY
36
11
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Журнал
Yessenov science journal
Область наук
Ключевые слова
национальное самосознание / молодежь / студенты / воспитание / развитие молодежи / сознание / этнопсихология / образование / патриотическое чувство / национальный дух. / national identity / the youth / students / upbringing / youth development / consciousness / ethnopsychology / education / patriotic feeling / national spirit.

Аннотация научной статьи по Гуманитарные науки, автор научной работы — Набиева Лаззат Иксатовна

В статье рассказывается о развитии самосознания студенческой молодежи, что на сегодняшний день является одной из самых актуальных проблем в независимом Казахстане. Автор смог детально изучить и раскрыть тему на своем уровне. Он также приводит свои субъективные взгляды в качестве примеров и объясняет их в форме аргументов. Хронологически некоторые вопросы временного периода связаны с духовным развитием, дается историко-политический анализ. Поднимая эту тему в данной статье, автор соглашается со сравнением молодежи как «зеленого ресурса» страны и уделяет большое внимание развитию ее самосознания. Она считает, что для того, чтобы соединить понятия национального самосознания и национального духа в одно русло, необходимо создать связующий мост между ними. Национальный дух сопровождается чувством патриотизма. Поэтому в первую очередь необходимо пробудить патриотические чувства подрастающего поколения. Для этого их надо учить патриотизму и скромности, уважению к суверенитету страны. В статье также описаны особенности интеллектуального развития казахстанской молодежи в современном казахстанском обществе. Совершенствование сознания молодых людей – долгий и трудный процесс. Поэтому автор считает, что этот процесс должен начинаться раньше, в школьном возрасте, чтобы облегчить развитие сознания молодежи. Потому, что после школы, при поступлении в высшие учебные заведения, начинается новый этап в развитии самосознания молодежи. Он приходит к выводу, что развитие сознания молодежи, признанной «зеленым ресурсом» государства, станет реальным залогом светлого будущего страны. Автор статьи убежден, что совершенствуя самосознания студентов, откроет светлое будущее не только для самой молодежи, но и страна в целом сможет добиться больших успехов в будущем. При написании данной статьи проведен углубленный анализ работ отечественных и зарубежных ученых по этой теме, написанных на научной теоретико-методологической основе. Кроме того, базу данных статьи составляют результаты, полученные методом наблюдения, проведенного среди студентов, обучающихся в высших учебных заведениях. Кроме того, в выводах и научном анализе темы использовались систематизация, сравнение, являющиеся общепринятыми научными методами, а также подтвержденные выводы посредством регулярных социологических исследований среди молодежи страны.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

DEVELOPMENT OF NATIONAL CONSCIOUSNESS OF STUDENTS

The article tells about the development of self-awareness of student youth, which today is one of the most urgent problems in independent Kazakhstan. The author was able to study in detail and reveal the topic at his level. He also gives his subjective views as examples and explains them in the form of arguments. Chronologically, some issues of the time period are related to spiritual development; a historical and political analysis is given. Raising this topic in this article, the author agrees with the comparison of youth as a "green resource" of the country and pays great attention to the development of its self-awareness. She believes that in order to combine the concepts of national identity and national spirit in one direction, it is necessary to create a connecting bridge between them. The national spirit is accompanied by a sense of patriotism. Therefore, first of all, it is necessary to awaken the patriotic feelings of the younger generation. To do this, they must be taught patriotism and modesty, respect for the sovereignty of the country. The article also describes the features of the intellectual development of Kazakhstani youth in modern Kazakhstani society. Improving the consciousness of young people is a long and difficult process. Therefore, the author believes that this process should begin earlier, at school age, in order to facilitate the development of the consciousness of young people. Because after school, when entering higher educational institutions, a new stage in the development of youth self-awareness begins. He comes to the conclusion that the development of the consciousness of young people, recognized as the "green resource" of the state, will become a real guarantee of a bright future for the country. The author of the article is convinced that by improving the self-awareness of students, it will open a bright future not only for the youth themselves, but the country as a whole will be able to achieve great success in the future. When writing this article, an in-depth analysis of the work of domestic and foreign scholars on this topic, written on a scientific theoretical and methodological basis. In addition, the database of these articles are the results obtained by the method of observation, conducted among students studying in higher educational institutions. In addition, in the conclusions and scientific analysis of the topics used systematization, comparisons, manifested by common scientific methods, as well as the findings confirmed by means of regular sociological research.

Текст научной работы на тему «РАЗВИТИЕ НАЦИОНАЛЬНОГО СОЗНАНИЯ СТУДЕНЧЕСКОЙ МОЛОДЕЖИ»

ӘОЖ 378 (043.3)

ҒТАХР 11.15.37

DOI 10.56525/OJCD2703

СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ

ҰЛТТЫҚ САНАСЫН КЕМЕЛДЕНДІРУ

НАБИЕВА Л.И.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар

және инжиниринг университеті

Ақтау, Қазақстан

E-mail: [email protected]

Аңдатпа. Мақалада бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақстан елінде өзекті мәселелердің біріне айналып отырған студенттердің саналық деңгейдегі кемелденуі туралы айтылған. Автор жан-жақты зерттеп, тақырыпты өз деңгейінде аша білген. Өзіндік субъективті көзқарастарын да мысал ретінде келтіріп, дәйектер түрінде түсіндіреді. Хронологиялық тұрғыда уақыт межесіндегі кейбір мәселелерді рухани дамуға байланысты дей отыра, оған тарихи және саяси анализдер келтірген. Автор осы мақалада осындай тақырыпты көтеру арқылы жастарды елдің «жасыл ресурсы» деген салыстыруымен келісіп, оның сана-сезімінің дамуына үлкен назар аудартады. Жастарда ұлттық сана мен ұлттық рух ұғымдарын бір арнадан тоғысу үшін ортасында бір ортақ көпір болуы шарт деп есептейді. Ұлттық рух патриотизм сезімімен бірге жүреді. Сондықтан жас буынның ең алдымен патриоттық сезімдерін ояту қажет. Оны жүзеге асыру үшін оларды Отансүйгіштік пен ибалылыққа және елдің егемендігін қастерлеуге үйрету керек. Мақалада бүгінгі таңдағы қазақ қоғамындағы қазақ жастарының саналық даму ерекшеліктері де баяндалады. Жастардың санасын кемелдендіру ұзаққа созылатын күрделі үдеріс. Сондықтан студент жастардың санасын кемелдендіру оңайға түсуі үшін бұл үрдісті ертерек, мектеп жасынан бастау қажет деп есептейді. Себебі мектептен кейін жоғарғы оқу орындарына түскен кезде жастардың санасын кемелдендірудің жаңа сатысы басталады. Мемлекеттің «жасыл ресурсы» деп танылған жастардың санасының кемелденуі елдің жарқын болашағының нағыз кепілі болады деген қорытындыға келеді. Мақала авторы студент жастардың санасын кемелдендіру арқылы олардың өздерінің жарқын болашағына жол ашып қана қоймай, жалпы мемлекеттің келешекте үлкен толағай табыстарға жете алатынына кәміл сенеді. Аталмыш мақаланы жазу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың осы тақырыпта жазылған ғылыми теориялық-әдіснамалық негізде жазылған еңбектеріне терең шолу жасалынды. Сонымен бірге мақаланың деректік базасын жоғарғы оқу орындарында білім алушы студенттер арасында жүргізілген бақылау тәсілі арқылы алынған нәтижелер құрайды. Оған қоса тақырыпты ашуда және оған ғылыми талдау жасауда жалпы ғылыми әдістер саналатын жүйелеу, салыстыру, сондай-ақ, елде жастар арасында тұрақты түрде жүргізілетін әлеуметтанулық зерттеулер арқылы дәлелденген тұжырымдар қолданылды.

Түйінді сөздер: ұлттық сана, жастар, студенттер, тәрбие беру, жастардың кемелдену, сана-сезім, этнопсихология, білім, патриоттық сезім, ұлттық рух, ұлттық сана, жастар саясаты.

Кіріспе

Бүгінгі таңда жастар мәселесі ең бір өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Бәсекелесттік заманында бәсекеге қабілетті қазақ қоғамына қызмет ететін қазақ жастарының тәрбиеленуі ұлтжандылық пен отансүйгіштік ұғымдарының халық арасында қайта жандануын сөзсіз тездете түседі. Мүмкіндіктерді барынша оңтайлы әрі тиімді пайдаланудың түрлі жолдарымен оқушыларды мектеп жасынан, ерте кезден таныстырып, мамандық мәселесіне келгенде немқұрайлылық танытпағанымыз жөн. Жан қалауы мен қабілеттің өзара үйлесуі барысында білім алушыдан келешекте өте білікті де білімді маман дүниеге келеді. Мамандықтардың сан алуандылығы кейде мамандарды да сан түрлі ойға батырып, оларға ауыр жүктерді нұсқайды. Мемлекетіміздің жастар ресурсына қаншалықты мұқтаж екендігін соңғы он жылдықтарда ғана байқай бастағандаймыз. Әлеуметтік шешілмеген кейбір мәселелердің бірсыпырасы көбінесе жұмыссыздық пен әлеуметтік қамтамасыз етудің маңайына топтасатындығын да көріп жүрген болармыз. Жастар санасының саяси әрі тарихи толық түрде кемелденуін жан-жақты зерттеу – мақаламның қарастырғалы отырған негізгі тақырыптық өзектілігіне айналып отыр.

Жастардың ең алдымен патриоттық сезімдерін ояту үшін оларды Отансүйгіштік пен ибалылыққа және егемендікті қастерлеуге шақыру керек. Жастардың бойындағы ұлтжандылықты ояту үшін олардың өз тарихи Отанында жүргендіктерін барынша алдымен сезіндіру қажет. Бұл үшін ең алдымен жастардың психологиялық тұрғыда дайын болулары қажет, өйткені қабылданатын жаңа өзгерістерге шыдайтын әрі төтеп бере алатын иммунды жүйелігінің беріктігі мен төзімділігі олардың тек Отансүйгіштік қасиеттерін барынша нығайта түсері сөзсіз. Осы орайда аталмыш мақалада бүгінгі күндегі қоғам алдындағы маңызды тақырып болып табылатын жастардың ұлттық санасын кемелдендіру мен дамытуға арналып, осы салада жауабы табылмаған сұрақтар төңірегінде ой толғандырады. Еліміздің келешегі жастардың қолында деп санайтын болсақ, оларды патриотизмге тәрбиелеу және білім сүйгіштікке баулу тек мемлекеттің міндеті ғана болып қалмау керек. Әрбір оқытушы өзінің қызметтік борышын өтеуде болашақ жас ұрпақта тәрбиелеуден бастау керек. Сондықтан осы мақаланы жазуда алға қойылған басты мақсат осы айтылған ойлармен терең ұштасып жатыр.

Материалдар мен зерттеу әдістері

Аталмыш жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың осы тақырыпта жазылған ғылыми теориялық-әдіснамалық негізде жазылған еңбектеріне терең шолу жасалынды. Сонымен бірге мақаланың деректік базасын жоғарғы оқу орындарында білім алушы студенттер арасында жүргізілген бақылау тәсілі арқылы алынған нәтижелер құрайды. Оған қоса тақырыпты ашуда және оған ғылыми талдау жасауда жалпы ғылыми әдістер саналатын жүйелеу, салыстыру, сондай-ақ, елде жастар арасында тұрақты түрде жүргізілетін әлеуметтанулық зерттеулер арқылы дәлелденген тұжырымдар қолданылды.

Зерттеу нәтижелері

Бұл бөлімде сипатталған әдістеме негізінде зерттеу барысында алынған объективті деректер ұсынылуы керек. Авторлық зерттеудің нәтижелерін барынша толық көрсету керек. Біздің зерттеуіміз көрсеткендей жастардың ең алдымен ұлттық санасын ояту үшін патриоттық мемлекеттік көрнекіліктер мен тарихи дәйектер, мемлекеттік деңгейдегі ұлттық бағдарламалар жүзеге асырылуы қажет. Патриоттық сезімді қазақ халқының терең тарихына көз салып, тарихи қазыналарды, құндылықтарды қайта жаңғырту қажет екендігі дәлелденді. Атапа айтқанда ұлттық дәстүрлер мен игіліктер, ғасырлар бойы қалыптасқан әдеп-ғұрыптарының негізіндегі ұлттық менталитет басты наразда болу қажеттілігі көрсетілді.

«Білім алу инемен құдық қазғандай» деп ертеректе өмірден өткен дана бабаларымыз айтқандай, қай іс пен қызметтің, не әуестік пен қызығушылықтың да өз қиындықтары мен белестері бар. Мүмкіндіктердің сан түрлілігі де әр адамға түрліше беріліп, аталмыш іске бір адам ерен жігерлілік танытқыш, кейбірі табиғатынан бейім, ал енді біреуі ол іске шорқақ келуі мүмкін. Бірақ Дейл Карнеги өзінің психологияық және аналитикалық зерттеу кітабында көп жағдайда өз еңбегімен талаптана отырып, еңбек етуді күнделікті үрдіске айналдырған адамдардың ең соңында бәрібір де үлкен жетістікке жетіп отырғанын айтады.

Оның зерттеулері мынаны меңзейді: адам алдымен қорқыныш ұғымының орнын еңбекпен ауыстырады, кейін еңбек өнімділігінің артуына сәйкес ол уақытқа төзімділікке үйренеді және ең соңғы сатысында оның бойында пайда болған жаңа бір қабілеттің жоспар ритміне ауысып, ол адамның жұмыс жасау механизмінен тұратын күрделі де ауырға бейімделген жұмыс машинасына айналатындғын айтады [1]. Еңбек пен еңбек өнімділігі кей жағдайларда өзара бір-бірінен дербес күйде талданып, жеке-жеке зерттелетіні болмаса, екеуі де бір-біріне тікелей байланысты ұғымдар. Әсіресе, техникасы дамып ғылыми техникалық революцияның жаңа деңгейіне көтерілген жаңа мыңжылдықтың алғашқы жылдарындағы жер беті тұрғындары үшін еңбекке көбінесе үлкен буыннан гөрі жастардың жақын болулары керек. Неге десеңіз, мемлекеттік тараптан да жастарға ерекше көзқараспен қарап, олардың үкімет нарығы мен ғылымына қызмет етулері үшін түрлі бағдарламалар мен мүмкіндіктер, тіпті оқу бағдарламаларында да жеңілдіктер қарастырылған.

Жастардың мемлекеттің тірі жасыл ресурсына жататынын және олардың қаншалықты маңызды екендігін көп жылдар бойы «Ақ үйде» жетекші саясаттанушы ретінде қызмет еткен Генри Кессинджер де жазған болатын. Оның айтуынша американдықтар алдымен жас американдықтардың мұқтаждықтарын жойып, олардың бар ынталарын мемлекеткен жұмылдырулары керек. Жас американдықтарды Кессинджер ең бағалы жасыл энергияның тірі әрі мәңгі қозғалыстағы түрі деп сипаттама берген [2]. Яғни, амеркиандықтар әу бастан өз мемлекетінің жастарының білімді әрі білікті болулары үшін барлық жағдайларын жасап, оларды өздеріне керекті мамандықтарға бағыттап, келешекте де дамулары үшін мүмкіндіктерін әрдайым ұлғайтып отырған. Көбінесе кез-келген мемлекеттің келешекте дамуы мен өзінің алатын саяси орны да ол бірінші кезекте сол мемлекеттің өзінің жастарына байланысты екенін жақсы білеміз. Үлкен аға мен апа өкілдерінің орнын дер кезінде орнына жаңа жас буын келіп, басу керек. Егер баса алмаған жағдайда, олардың орнына орта буын өкілдері келіп, олар жаңа өзгеріс әкелуі мүмкін. Бірақ та орта буын өкілдері әкелген өзгерістер көбінесе жойқын характерде болады. Сонымен қатар жастар көбінесе рухани тұрғыдан қаруланулары қажет. Яғни өздерінің Отандарының алдынағы құрмет пен махаббатты әрдайым жоғары орынға қоя отырып, мемлекет алдындағы қасиетті борыштарына өте үлкен жүректілікпен және сүйіспеншілікпен қараулары абзал. Мемлекет ертеңі қай кезде болмасын өз жастарының қолында. Ұлттық сана мен ұлттық рух ұғымдарының бір арнада тоғысулары үшін ортасында бір ортақ көпір болуы шарт. Жастардың ұлттық санасы сол елдің ұлттық рухының маңында қалыптасса беріктік ұғымы нәтиже бере алады. Ұлттық сана жастар үшін оларды біріктіру мақсатында жұмсалатын шектеусіз ресурс қызметін атқаруы қажет. Ұлттық сананың бинарлы синтезі бір-бірін алмастырып тұрады. Яғни, біреуі ескірген жағдайда, оның орнын алдыңғы синтез ауыстырып, сол шектеусіз өмір қолданысында болады. Жастардың ең алдымен ұлттық санасын ояту үшін патриоттық мемлекеттік көрнекіліктер мен тарихи дәйектер, мемлекеттік деңгейдегі ұлттық бағдарламалар жүзеге асырылуы қажет [3, б. 18]. Патриоттық сезімді қалыптастыруда көшбасшы бір эпостық геройдың болатынын білеміз. Барша ұлттың атынан шығатын сол геройдың бойында сол халықтың барша дәстүрі мен игіліктері, ғасырлар бойы қалыптасқан әдеп-ғұрыптарының негізіндегі ұлттық менталитет синтезіндегі ұлттық характері жиі байқалуы тиіс. Көптеген жақсы жеңістерді еліне сыйлап, барша елінің құрметі мен ыстық ықыласына бөленген эпостық не лирикалық сол героей барша жақсылық атаулының жарқын бейнесі бола алады. Соны көріп, естіп не біліп өскен барша сол халықтың жастары өздерінің кішкентай ес білген күндерінен бастап сол геройға ұқсап өскілері келетіні туралы білеміз. Яғни, мемлекеттік бағдарламаларда барша ұлттық сананы бір персонаждың айналасына топтастыратын сондай сюжеттегі оқиғалардың көптігі мен сол мифтің өмір шындығына жанасатын тұстарының көбірек талдануы – жаңа сананы өмірге әкеледі. Ол сана да ұлттық санаға айналып, ұлттық рухтың құрамдас бөлігі ретінде патроиотизмді дамытуда жетекші рөлді ойнай алады [4].

Жастардың өз мемлекетін берік жақсы көрулері нәтижесінде ғана мемлекеттік даму бағыттары өздерінің оң бағытында болады. Бүгінгі таңда қазақ қоғамында ұлттық деңгейдегі жастардың сана-сезімімен этнопсихология айналысып жүр. Этнопсихология қазақ қоғамындағы қазақ жастарының санасын оятуы үшін: Алаштану, Абайтану, түркология, лиро-эпостық халық ауыз әдебиеті, қазақ хандығы дәуірі, Қырымның қырық батыры және т.б. тарихи және әдеби тарауларды, жекелеген кейбір ғылымдар мен қосалқы эллективті курстарды мемлекет жастарға негіздеп қосып жатыр. Бұлардың барлығы ұлттық сана мен жастардың патриотизмге төселуіне оң жағдайлар жасайды. Келешекте қазақтар арасындағы қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін де қазақ жастарының бір сарынды ұлтжанды болулары қажет.

Ұлтжандылық пен ұлтшылдық категорияларын дер кезінде айырып, мазмұндас және һәм мәндес емес екендіктерін біліп, ұлтшылдық аясындағы этно қақтығыстарға жол бермегеніміз дұрыс. Өйткені 130-дан аса Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің бәрі де бір ортақ Қазақстандық идеология аясында бірігіп отыр. Мемлекеттік тараптан түрлі қолдаулар мен идеологиялық шаралардың жыл сайынғы көбеюі де сондықтан. Жастар біздің мәңгілік қозғалыс үстіндегі жасыл ресурсымыз деп бір кездері елбасының өзі де сөйлеген болатын. Соңғы мемлекеттік рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өтілген осындай бір мемлекеттік бағдарламалар барысында жастар санасында тарихылық сананы қайта ояту әрекеттерінің болғандығы байқалады. Яғни, Қазақстанда тұратын титулды нацияның бас өкілдері қазақтар болса, олардың жергілікті деңгейде тарихылық негізіндегі қайта саналық әрі рухани, патриотизмдік бағытта қайта оянулары қажет еді. Неге десеңіз, жеті бірдей он жылдықта біздер Кеңес Одағының құрамында болдық. Бұл тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен, алайда егемендікті жөргегінен көксеген Алаш баласы үшін өте ұзақ мерзім еді. Шырылдап шындықтың абақтысына қамалған біртуарлар да бір кездері осы сананың даралығы үшін атойлап атқа отырғандар еді. Кең жерді бабамыздан мұра етіп аманатқа алған сәттен бастап, біздің мойнымызда жүгі асыл тарих алдындағы парызымыз пайда болғаны рас. Алайда, аға буын өкілдеріне қарағанда, өзгерту шарасы көбінесе тек жастардың ғана қолдарынан келетіндей. Барлық аға буын өкілдері Кеңес үкіметі дәуірінде тәрбиеленіп, сол заманда білім нәрін бойларына сіңіріп, тұтастай Совет нациясы үшін еңбек еткендер болатын. Олар партияның мүшесі ретінде көп жағдайда Кеңес үкіметінің саясатын жүзеге асырумен болды.

Қазіргі егемендік алған 30 жылдың ішінде де өз ойын орысша ғана жеткізе алатын, Отан туралы ой толғағанда өзегі мұңға тола отырып, бір жақ бүйірі қолдарына орақ пен балға ұстап тұрған Кремльдегі еңбекші әйел мен еркектің мүсініне қарай бұрып тұратындардың саны өзіміздің қазақтарымыздың да арасында кем де кем емес [5, б. 122]. Кеңес үкіметі дәуіріндегі оқу мен білімге қол жетімділік пен баға мен сапаның келісімділігі, әлеуметтік сипаттағы теңдік мәселелері дамыған уақытқа кейде сай келе бермейтіні шындық. Өйткені, мемлекетіміз бизнестік идеяларды қолдау жолында жұмыстана бастады. Бұндай сәтте әлеуметтік теңдік идеясы өз деңгейінде ескерілмеуі де мүмкін. Яғни, әр адам өзінің еңбек еткен қызметіне байланысты ғана жалақы алатын болады. Капиталистік құрылымда қалыптасқан батыс елдері үшін әлеуметтік теңсіздік ұғымы қалыпты жағдай. Маркстік және Лениндік ілімді өз идеологияларына айналдырған, діни түсініктерімен сәйкес келетін Шығыс әлемі үшін әлеуметтік теңдік мәселесі өз құндылығын жоғалтпады. Екі үлкен идеологияның көпірінің үстінде тұрған жас Қазақстан мемлекеті үшін таңдау туралы еркіндік беріліп отырғаны да рас. Біздің экономикамызда әрі социалистік, әрі капиталистік қатынастардың да сарыны бірдей байқалады. Мемлекет тұрғындары үшін адаптациялық период басталған әрі аяқталып келе жатқан сыңайлы.

Осындай кезде мемлекет жастары саяси белсенділікті арттыру процесстерін толыққанды жүзеге асырулары үшін кейбір мемлекеттік бағдарламалар аясында өз біліктіліктерін жетілдіріп көрулеріне болады. Өйткені, саяси элита жастардың осындай тұста бас қосуларынан құралатыны шындық. Мемлекеттік бағдарламалардың көптеп жүзеге асыруларында жастардың негізгі сұранысы жатқанын ұмытпауымыз керек. Егемендік қарсаңында жастардың орысша ойлау саналық тұрғысынан қазақша ойлау саналық тұрғысына ауысу процессі алғашқы жылдары бірқалыпты және еш өзгеріссіз жүзеге асқаны мәлім. Кейіннен барлық ғылыми әдеби мұралар қазақ тіліне аударыла бастады. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдеріне сұраныс артып, олардың саны мемлекеттік деңгейде өсті.

Қазақ әдебиетін насихаттау арқылы қазақ тілінде сөйлейтін және ойлайтын Қазақстандықтар қалыптаса түсті. Бұл кейін қазақша ойлайтын жаңа саяси элитаның негізін қалаудың алғышарты еді. Мемлекеттік дәстүрлер мен тарихи мұралардың өмірге қайта келуі негізінде тарихи сана қайта жаңғыра түсті. Соның барысында есімдері өткен ғасырда ұмыт болған Алаш зиялылары қайта қаралып, архивтерде жатқан нардай азаматтардың еңбектері халыққа кеңінен таныстырыла бастады [6].

Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ілияс Жансүгіров сынды қоғам қайраткерлерінің есімдері ақталып, халық жүрегінен қайтадан орын алды. Олардың есімдері көптеген қала мектептеріне, колледждеріне, жоғары оқу орындары мен көшелеріне беріліп, кейбір ауылды елді мекендерге де мүсіндері орнатыла бастады. Соған байланысты сол негізде жаңа саяси толқын дүниеге келе бастады. Алаш зиялылары қазақтың шын мәнінде құрылған алғашқы ұлттық деңгейдегі саяси элитасы еді [7]. Оларды қазақ жастарының кумиріне айналдыру үшін күрделі жұмыстар да жүргізілген болатын. Қазіргі таңда қазақ жастарының бойындағы ұлтжандылық алауын ояту үшін ең алдымен мақаланың жоғарғы жағында айтылып кеткен ұлттық герой қажет секілді. Өйткені сол геройға еліктеп, соны кумирі тұтқан жастар толқыны сондай болуға талпына түсері сөзсіз. Алайда бұл үрдіс әр халықта түрліше жүзеге асатыны мәлім. Мысалы, Қиыр Шығыста орналасқан корей түбегіндегі Корея мемлекеті өзінің барлық тарихын заманауи жолмен әлемге танытып жатқандығын байқар едік. Олар киноиндустриясы арқылы өз тарихын өз еліне ғана емес, әлемге сыйлады [8]. Шытырман әрі күрделі оқиғалы кәріс сериалдары арқылы көптеген жер беті тұрғындары кәріс мәдениеті мен тарихынан хабардар болып отыр. Кейбір әлем халықтары кәріс мәдениетіне еліктеуді де шығарғаны бар. Сондай-ақ АҚШ-та бұл үрдіс басқаша жүзеге асып жатыр. Олар да киноиндустрияны өз мәдениетін тарату жолында жүзеге асыратыны белгілі. Мәселен, балаларға арналған Marvel және DC комикстері бұл күні тек балалардың ғана емес, сонымен бірге ересектердің де көңілдерінде орын алып үлгерді. Британ кеңістігінде ағылшын-сакс саяси мифі жетекші орын алып тұрғандығын байқар едік. [9, б. 25]

Ағылшын тілінің халықаралық деңгейде жетекші орынға шығуы соны дәйектейді. Әлемдік тәжірибе алмасу барысында біз өзімізге қажетті дүниені ғана алып, соның төңірегінде жұмыс жасай алуымыз керек. Отандық киноиндустрияда тарихи саналылықты жаңғырту жұмыстарын жүргізу арқылы да жастардың бойындағы патриотизмді дамытуға арналған көп жылдық жоспарларды аз уақытта бітіруге үлкен мүмкіндік алуымыз әбден мүмкін. Қазақ ертегілері мен аңыздары славян және өзге де батыс ертегілерінің орнын басып, таза қазақы сарында оқытатын оқулықтардың санының арта түсуі шарт [10]. Әсіресе, әлемдік кеңістіктегі ғылым мен білімді барынша қазақ тілге ауыстыруда тәжірибеленуіміз де керек шығар. Бұл дегеніміз қазақ тілін барынша ғылымиландыру болып табылады. Қазақ тілінің ғылымилануы арқылы біз өзімізге керек жаңа дүниенің есігін ашамыз. Қазақ жастарының ғылымға деген махаббаттарының оянуы барысында өзара бәсекелестікті мемлекет ішінде қалыптастырып, кейіннен оны халықаралық стандартқа сәйкестендіруге болады.

Еңбек ақысының түрліше төленеті мен сыртқы мұқтаждықтарға жету не жетпеуі секілді феноменальды сұрақтар бүгінде де өз шешімін таппай келе жатқандығы бар. Жастардың руханилануында тарихи, һәм саяси үлкен миссияның көлеңкесі көрінеді. Қазақстанда тұратын титуьды нация қазақтан да өзге: түркі, славян, финн-угор, парсы, герман, моңғол және тау халықтарының ұзын саны 130-ды құрап тұр.

Олардың жүректеріне Қазақстанға деген махаббатты енгізіп, өздерін Қазақстандық ретінде сезіндіре алуымыз үшін де көптеген жұмыс істеп, еңбектенуіміз керек. Өйткені олар өздерінің тарихи Отандарына көшкен жағдайда, біздің демографиямызға ауыр соққының түсетінін мойындауымыз қажет. Демографиялық ахуал да соңғы кезде оң бағытта шешімін тауып келе жатыр. Қазақстанға деген құрмет пен махаббат сезімін бүлдіршінге мектеп жасына дейінгі даярлықтан бастағанымыз абзал. Олар кейін жоғарғы оқу орындарына түскен кезде сананы кемелдендірудің жңа сатысы басталады [11]. Өйткені, сананы кемелдендіру ұғымы ең алдымен рухани биіктеу ұғымымен тығыз байланысты ұғым.

Белі бесікте қатайған студентті жаңа өмірге тірбилеу де кейін жоғары оқу орындарының тәлімгерлері үшін аса қиынға түспейтіні рас. Мемлекеттік мәдени интеграция аясында студенттермен ете жақын жұмыс жасауымыз үшін барлық пайдаланылатын оқыту үрдісіндегі көрнекіліктер алып келгенде мемлекеттік рухани бағдарламалар аясында жүзеге асқаны дұрыс. Студенттердің санасының кемелденуі үшін ашық дискуссионды клубтардың жұмыс жасап, олардың ұлттық деңгейдегі бәсекелестік нышандарын назарға ала отырып дамудың жаңа сатысына көтерілгендері дұрыс деп есептеймін [12]. Саяси саналарының көп жақтылығы мен сан қырлылығы кемелдене алудың кілті мен қақпасы екенін назардан тыс шығармағанымыз жөн.

Қорытынды

Жастар санасының кемелденуі ең жақсы деңгейде студенттік шақта жүзеге аса бастайды. Бұл кезде студент үшін барлық мүмкіндіктердің есігі ашылып, дамудың жаңа бастамасы көріне бастайды. Тәжірибе алмасу барысында студенттер өздерінің қабілеттерін ашық дәйектеп, қызығушылықтарын ашық түрде ортақ талқыға салулары да мүмкін. Көшбасшылық қабілетті арттыру үшін олардың жауапкершілігін байқауға мүмкіндік беретін сауалнама жүргізудің де керектігі бар екенін ескеру қажет. Студенттер өз санасын ең алдымен тәжірибе арқылы, содан соң кітаптарды оқу арқылы да кемелдендіре алады. Бұл жерде тәжірибе деп отырғанымыз олардың шет елдік тәжірибе жинақтау оқу семестрлеріне жиі шығып тұруларында. Шет елдік мәдениетті тану барысында сананың жаңа кемелденуі сатыланады. Студенттер өздері қатарлы өзге студенттермен тәжірибе алмасады. Студенттердің санасының толық кемелдене түсуі үшін сол салада пайда болып жатқан түрлі мемлекеттік бағдарламалар да іске қосылуы тиіс. Студенттермен кураторларының етене тығыз жұмыс жасау барысында бойларындағы қабілеттері мен дарындылықтарын анықтау үрдісін қолға алулары дұрыс. Заманауи бәсекелестік қабілетке ие студенттерді елімізде қалыптастыру үшін біз атқарылатын жұмыстың барлық түрлерін меңгеріп көргеніміз дұрыс. Санасы кемелденген студенттердің еліміздің жоғарғы оқу орындарында көптеп шоғырланып, жыл сайынғы дәстүр бойынша мамандық иесі аталулары бұлжымас табыс пен қажымас мемлекеттің саяси иммунының құпиясы десек те болады. Студенттердің санасын кемелдендіру оңайға түсуі үшін бұл үрдісті ерте мектеп жасынан бастауды қолға алу керек. Жасыл ресурс танылған жастардың санасының кемелденуі, һәм руханиланулары мемлекетіміздің жарқын ертеңінің нағыз кепілі болып табылмақ. Студенттердің санасын кемелдендіру арқылы біз мемлекет ретінде келешекте үлкен толағай табыстарға жете аламыз. Жоғарғы оқу орындарында жастардың санасының саяси тұрғыдан биіктеп, руханилануы мен тарихилануы ең алдымен санасының кемелденуінің негізгі алғышарты болып табылады.

ӘДЕБИЕТТЕР

[1]. Карнеги Д. Правила жизни успешных людей. 21 вдохновляющая история о победе над собой. – Москва: ЭКСМО, 2021. - 256 с.

[2]. Kissinger H. White House Y.ears. - Simon & Schuster; Reprint edition, 2011. - 1552 p.

[3]. Дмитриевская И.В. Основания науки: системно-когнитивные аспекты // Вестник Ивановского государственного университета. Серия: Гуманитарные науки. – 2013. – № 2. – С. 12-16.

[4]. Здравомыслов А.Г., Ядов В.А. Отношение к труду и ценностные ориентации личности // Социология в СССР. – М.: Мысль, 1966. – Т. 2. – С. 187-207.

[5]. Здравомыслов А.Г. Потребности. Интересы. Ценности. – М.: Политиздат, 1986. – 223 с

[6]. Тхостов А. Ш., Сурнов К. Г. Культура и патология: побочные эффекты социализации / Национальный психологический журнал. – 2006. – № 1. – С. 20–27.

[7]. Төлепберген Б. Алаш жолы. - Алматы, 2017. - 239 б.

[8]. Ким Г.Н., Алимбаева Ж.Н. Южнокорейские телесериалы в Казахстане «халлью» и зрительская реакция // Известия корееведения в Центральной Азии. – Алматы, 2007. - С. 188-201.

[9]. Попов В.П. Исследование ответственности как системного качества личности: дис. ... д-ра психол. наук. – М.: Про Софт-М, 2003. – С. 88.

[10]. Скляр С. С. Дидактические основы формирование ответственности у старшеклассников: автореф. дис. … канд. пед. наук. – Ростов-на-Дону, 2010. –21 с

[11]. Хесле В. Кризис индивидуальной и коллективной идентичности // Вопросы философии. – 1994. – № 10. – С. 112–123.

[12]. Эриксон Э. Идентичность: юность и кризис. – М.: Прогресс, 1996. – 344 с.

REFERENCES

[1]. Karnegi D. Pravila zhizni uspeshnyh lyudej. 21 vdohnovlyayushchaya istoriya o pobede nad soboj [Rules for the life of successful people. 21 inspiring self-conquest stories]. – Moskva: EKSMO, 2021. - 256 s. [in Russian]

[2]. Kissinger H. White House Years. - Simon & Schuster; Reprint edition, 2011. - 1552 p.

[3]. Dmitrievskaya I.V. Osnovaniya nauki: sistemno-kognitivnye aspekty [Foundations of Science: Systemic and Cognitive Aspects] // Vestnik Ivanovskogo gosudarstvennogo universiteta. Seriya: Gumanitarnye nauki. – 2013. – № 2. – S. 12-16. 4. [in Russian]

[4]. Zdravomyslov A.G., YAdov V.A. Otnoshenie k trudu i cennostnye orientacii lichnosti [Attitude to work and value orientations of the individual] // Sociologiya v SSSR. – M.: Mysl', 1966. – T. 2. – S. 187-207. [in Russian]

[5]. Zdravomyslov A.G. Potrebnosti. Interesy. Cennosti [Needs. Interests. Values.]. – M.: Politizdat, 1986. – 223 s [in Russian]

[6]. Thostov A. SH., Surnov K. G. Kul'tura i patologiya: pobochnye effekty socializacii [Culture and Pathology: Side Effects of Socialization] / Nacional'nyj psihologicheskij zhurnal. – 2006. – № 1. – S. 20–27. [in Russian]

[7]. Tөlepbergen B. Alash zholy [Path Alash]. - Almaty, 2017. - 239 b. [in Russian]

[8]. Kim G.N., Alimbaeva ZH.N. Uzhnokorejskie teleserialy v Kazahstane «hall'yu» i zritel'skaya reakciya [South Korean TV Series in Kazakhstan "Hallyu" and Audience Reaction] // Izvestiya koreevedeniya v Central'noj Azii. – Almaty, 2007. - S. 188-201. [in Russian]

[9]. Popov V.P. Issledovanie otvetstvennosti kak sistemnogo kachestva lichnosti: dis. ... d-ra psihol. Nauk [The study of responsibility as a systemic quality of personality]. – M.: Pro Soft-M, 2003. – S. 88. [in Russian]

[10]. Sklyar S. S. Didakticheskie osnovy formirovanie otvetstvennosti u starsheklassnikov: avtoref. dis. … kand. ped. Nauk [Didactic foundations for the formation of responsibility among high school students]. – Rostov-na-Donu, 2010. –21 s [in Russian]

[11]. Hesle V. Krizis individual'noj i kollektivnoj identichnosti [Crisis of individual and collective identity] // Voprosy filosofii. – 1994. – № 10. – S. 112–123. [in Russian]

[12]. Erikson E. Identichnost': yunost' i krizis [Identity: youth and crisis]. – M.: Progress, 1996. – 344 s. [in Russian]

Набиева Лаззат Иксатовна

Каспийский университет технологии и инжиниринга им. Ш. Есенова,

г. Актау, Казахстан

РАЗВИТИЕ НАЦИОНАЛЬНОГО СОЗНАНИЯ СТУДЕНЧЕСКОЙ МОЛОДЕЖИ

Аннотация. В статье рассказывается о развитии самосознания студенческой молодежи, что на сегодняшний день является одной из самых актуальных проблем в независимом Казахстане. Автор смог детально изучить и раскрыть тему на своем уровне. Он также приводит свои субъективные взгляды в качестве примеров и объясняет их в форме аргументов. Хронологически некоторые вопросы временного периода связаны с духовным развитием, дается историко-политический анализ. Поднимая эту тему в данной статье, автор соглашается со сравнением молодежи как «зеленого ресурса» страны и уделяет большое внимание развитию ее самосознания. Она считает, что для того, чтобы соединить понятия национального самосознания и национального духа в одно русло, необходимо создать связующий мост между ними. Национальный дух сопровождается чувством патриотизма. Поэтому в первую очередь необходимо пробудить патриотические чувства подрастающего поколения. Для этого их надо учить патриотизму и скромности, уважению к суверенитету страны. В статье также описаны особенности интеллектуального развития казахстанской молодежи в современном казахстанском обществе. Совершенствование сознания молодых людей – долгий и трудный процесс. Поэтому автор считает, что этот процесс должен начинаться раньше, в школьном возрасте, чтобы облегчить развитие сознания молодежи. Потому, что после школы, при поступлении в высшие учебные заведения, начинается новый этап в развитии самосознания молодежи. Он приходит к выводу, что развитие сознания молодежи, признанной «зеленым ресурсом» государства, станет реальным залогом светлого будущего страны. Автор статьи убежден, что совершенствуя самосознания студентов, откроет светлое будущее не только для самой молодежи, но и страна в целом сможет добиться больших успехов в будущем. При написании данной статьи проведен углубленный анализ работ отечественных и зарубежных ученых по этой теме, написанных на научной теоретико-методологической основе. Кроме того, базу данных статьи составляют результаты, полученные методом наблюдения, проведенного среди студентов, обучающихся в высших учебных заведениях. Кроме того, в выводах и научном анализе темы использовались систематизация, сравнение, являющиеся общепринятыми научными методами, а также подтвержденные выводы посредством регулярных социологических исследований среди молодежи страны.

Ключевые слова: национальное самосознание; молодежь; студенты; воспитание; развитие молодежи; сознание; этнопсихология; образование; патриотическое чувство; национальный дух.

Nabieva Lazzat Iksatovna

Sh.Yessenov Caspian state university of technology and engineering, Аktau, Kazakhstan

DEVELOPMENT OF NATIONAL CONSCIOUSNESS OF STUDENTS

Abstract. The article tells about the development of self-awareness of student youth, which today is one of the most urgent problems in independent Kazakhstan. The author was able to study in detail and reveal the topic at his level. He also gives his subjective views as examples and explains them in the form of arguments. Chronologically, some issues of the time period are related to spiritual development; a historical and political analysis is given. Raising this topic in this article, the author agrees with the comparison of youth as a "green resource" of the country and pays great attention to the development of its self-awareness. She believes that in order to combine the concepts of national identity and national spirit in one direction, it is necessary to create a connecting bridge between them. The national spirit is accompanied by a sense of patriotism. Therefore, first of all, it is necessary to awaken the patriotic feelings of the younger generation. To do this, they must be taught patriotism and modesty, respect for the sovereignty of the country. The article also describes the features of the intellectual development of Kazakhstani youth in modern Kazakhstani society. Improving the consciousness of young people is a long and difficult process. Therefore, the author believes that this process should begin earlier, at school age, in order to facilitate the development of the consciousness of young people. Because after school, when entering higher educational institutions, a new stage in the development of youth self-awareness begins. He comes to the conclusion that the development of the consciousness of young people, recognized as the "green resource" of the state, will become a real guarantee of a bright future for the country. The author of the article is convinced that by improving the self-awareness of students, it will open a bright future not only for the youth themselves, but the country as a whole will be able to achieve great success in the future. When writing this article, an in-depth analysis of the work of domestic and foreign scholars on this topic, written on a scientific theoretical and methodological basis. In addition, the database of these articles are the results obtained by the method of observation, conducted among students studying in higher educational institutions. In addition, in the conclusions and scientific analysis of the topics used systematization, comparisons, manifested by common scientific methods, as well as the findings confirmed by means of regular sociological research.

Key words: national identity; the youth; students; upbringing; youth development; consciousness; ethnopsychology; education; patriotic feeling; national spirit.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.