Научная статья на тему 'ВКЛАД АКАДЕМИКА М-А.Х. АСЫЛБЕКОВА В ИЗУЧЕНИЕ КАЗАХСКОЙ ИСТОРИИ'

ВКЛАД АКАДЕМИКА М-А.Х. АСЫЛБЕКОВА В ИЗУЧЕНИЕ КАЗАХСКОЙ ИСТОРИИ Текст научной статьи по специальности «История и археология»

CC BY
19
6
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Журнал
Yessenov science journal
Область наук
Ключевые слова
История Казахстана / учитель / академик Асылбеков / историческая демография / персоналистика / индустрализация. / History of Kazakhstan / teacher / Academician Asylbekov / historical demography / personalistics / industrialization.

Аннотация научной статьи по истории и археологии, автор научной работы — Табылдиева Орынгул Дуйсенбаевна

Малик-Айдар Хантемирович выдающийся ученый, внесший достойный научный вклад в изучение истории Казахстана. Масштаб научных исследований академика Малика Хантемировича был исчерпывающим. Его интересовали становление национальных специалистов, процесс производства, развитие железных дорог и становление рабочих в Казахстане, историческая демография, недостаточно изученные аспекты национально-освободительного движения казахского народа, судьба национальной интеллигенции. Академик М.Х. Асылбеков заложил основы новых направлений научных исследований в казахстанской исторической науке, таких как история становления рабочего класса, проблемы личностного развития и историческая демография. Кардинальные изменения, произошедшие в социально-экономической и политической жизни Казахстана после провозглашения независимости, не повлияли на демографическую ситуацию республики. В большинстве случаев эти процессы являлись проявлением негативного и положительного влияния переходного периода. В результате нашли отражение в количественных и качественных показателях населения, их территориальном расположении и процессах внутренне-внешней миграции. М.Х. Асылбеков-ведущий специалист республики по вопросам социально-экономического и демографического развития Казахстана в ХІХ-ХХ веках. Глубокие знания и широкий кругозор ученого-историка позволили ему написать ценные труды, посвященные проблемам отечественной истории. В результате тщательного изучения социально-демографических проблем Казахстана издано множество монографий и книг. Ускоренная индустриализация, становление и развитие рабочего класса, превратившие Казахстан в источник сырья, в том числе специфика и специфика подготовки национальных специалистов в промышленности и транспорте, были всесторонне исследованы на основе нового подхода, который убедительно доказал влияние промышленного развития на ухудшение экологической ситуации во многих регионах. В его работах анализируется состояние промышленности республики сегодня, причины и последствия безработицы в переходный период, даются рекомендации о путях выхода из затяжного социального кризиса. В этой статье об академике М.Х.Асылбекове рассматриваются основные аспекты его вклада в отечественную историческую науку и общественной деятельности. Вместе с тем, на основе воспоминаний, трудов академика и других данных рассматриваются основные направления научной и общественной деятельности ученого.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

CONTRIBUTION OF ACADEMICIAN M-A.H. ASYLBEKOV TO THE STUDY OF KAZAKH HISTORY

Malik-Aidar Khantemirovich is an outstanding scientist who has made a worthy scientific contribution to the study of the history of Kazakhstan. The scale of academic Malik Khantemirovich's scientific research was exhaustive. He was interested in the formation of national specialists, the production process, the development of railways and the formation of workers in Kazakhstan, historical demography, insufficiently studied aspects of the national liberation movement of the Kazakh people, the fate of the national intelligentsia. Academician M. Asylbekov laid the foundations for new areas of scientific research in Kazakh historical science, such as the history of the formation of the working class, problems of personal development and historical demography. The fundamental changes that took place in the socio-economic and political life of Kazakhstan after the declaration of independence did not affect the demographic situation of the republic. In most cases, these processes were a manifestation of the negative and positive effects of the transition period. As a result, they are reflected in the quantitative and qualitative indicators of the population, their territorial location and the processes of internal and external migration. M.Asylbekov is a leading expert of the republic on the socio-economic and demographic development of Kazakhstan in the XIX-XX centuries. The deep knowledge and broad outlook of the scientist-historian allowed him to write valuable works on the problems of national history. As a result of a thorough study of the socio-demographic problems of Kazakhstan, many monographs and books have been published. Accelerated industrialization, the formation and development of the working class, which turned Kazakhstan into a source of raw materials, including the specifics and specifics of training national specialists in industry and transport, were comprehensively studied on the basis of a new approach that convincingly proved the impact of industrial development on the deterioration of the environmental situation in many regions. His works analyze the state of the republic's industry today, the causes and consequences of unemployment during the transition period, and make recommendations on ways out of the protracted social crisis. This article about academician M.H.Asylbekov examines the main aspects of his contribution to Russian historical science and social activities. At the same time, based on the memoirs, works of the academician and other data, the main directions of scientific and social activities of the scientist are considered.

Текст научной работы на тему «ВКЛАД АКАДЕМИКА М-А.Х. АСЫЛБЕКОВА В ИЗУЧЕНИЕ КАЗАХСКОЙ ИСТОРИИ»

ӘӨЖ 314.01

ХҒТАР 03.20.00

DOI 10.56525/XDOS1567

АКАДЕМИК М-А.Х. АСЫЛБЕКОВТЫҢ

ҚАЗАҚ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУГЕ

ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

О.Д. ТАБЫЛДИЕВА

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар

және инжиниринг университеті

Ақтау қаласы, Қазақстан

E-mail: [email protected]

Аңдатпа. Мәлік-Айдар Хантемірұлы Қазақстан тарихын зерттеуде лайықты ғылыми үлес қосқан көрнекті ғалым. Академик Мәлік Хантемірұлының ғылыми зерттеулерінің ауқымы жан-жақты болды. Оны ұлттық мамандардың қалыптасуы, өндірістендіру үдерісі, Қазақстанда теміржолдың дамуы мен жұмысшылардың қалыптасуы, тарихи демография, қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысындағы кемшін зерттелген тұстары, ұлттық интеллигенцияның тағдыры қызықтырды. Академик М.Х. Асылбеков қазақстандық тарих ғылымында жұмысшы табының қалыптасу тарихы, тұлғатану мәселелері және тарихи демография секілді жаңа ғылыми зерттеу бағыттарының негізін қалады. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағаннан кейін әлеуметтікэкономикалық және саяси өмірінде орын алған түбегейлі өзгерістер республиканың демографиялық ахуалына әсер етпей қоймады. Көп жағдайда бұл үдерістер өтпелі кезеңнің теріс және оң әсерінің көрінісі еді. Нәтижесінде халықтың сандық және сапалық көрсеткіштерінде, олардың территориялық орналасуында және ішкі-сыртқы көші-қон үрдістерінде көрініс тапты. М-А.Х.Асылбеков – Қазақстанның ХІХ-ХХ ғасырлардағы әлеуметтік-экономика-лық және демографиялық даму мәселелері бойынша республикадағы жетекші маман болды. Тарихшы-ғалымның терең білімі және кең көзқарасы Отан тарихының мәселелеріне арналған құнды еңбектер жазуына мүмкіндік берді. Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық мәселелерін тыңғылықты зерттеу нәтижесінде көптеген монографиялар мен кітаптар шығарды. Қазақстанды шикізат көзіне айналдырған жедел индустрияландыру, жұмысшы табының қалыптасуы мен дамуы, оның ішінде өнеркәсіп пен көлікте ұлттық мамандарды даярлаудағы ерекшелік пен сыңаржақтылық жаңа көзқарас негізінде жан-жақты зерттелген, ол өндірістік дамудың көптеген аймақтарда экологиялық ахуалдың нашарлауына ықпалын нақты дәлелдермен көрсетті. Оның жұмыстарында республика өнеркәсібінің бүгінгі таңдағы ахуалы, өтпелі кезеңдегі бой көрсеткен жұмыссыздықтың себеп-салдарлары талданып, ұзаққа созылған әлеуметтік дағдарыстан шығу жолдары туралы ұсыныстар берілген. Академик М.Х. Асылбеков туралы жазылған бұл мақалада оның отандық тарих ғылымына қосқан үлесі мен қоғамдық қызметінің негізгі қырлары қарастырылады. Сонымен бірге, естеліктер, академиктің еңбектері мен басқа да деректер негізінде ғалымның ғылыми және қоғамдық қызметінің негізгі бағыттары сараланады.

Кілт сөздер. Қазақстан тарихы, ұстаз, академик Асылбеков, тарихи демография, тұлғатану, өндірістендіру.

Кіріспе. Қайраткерлігімен, шығар¬ма¬шылы¬ғы¬мен ұлттық деңгейге көтерілгендерді Тұлға деп атаған жөн. Нағыз Тұлға із¬денісі мен әрекетінің нәтижесі жал¬пыұлт¬тық мақсат-ты үздік үлгіде атқарумен көм¬керіледі. Қазақстан ғылымының дамуына сүбелі үлес қосып кеткен ғалымдардың да тұлғалық рөлін көрсетудің, ғылыми-шығармашылық мұрасын талдап, еңбектерін саралаудың өзектілігін қазіргі уақытта маңызды. Себебі, тұлғалардың қоғам дамуындағы орнын, соның ішінде ұлттық мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуында маңызды қадамдарға барған тұлғаларымыздың қызметін көрсету арқылы Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» тұстарын айқындап, шынайы тұжырымдармен толықтырғандардың бір шоғыры-отандық тарихшылар болып табылады.

Еліміз егемендігін алған алғашқы күннен бастап демография, миграция мәселелері-не ерекше көңіл бөлініп келе жатыр. Еліміздің негізгі байлығы халқы болғандықтан да оның санынындағы өзгерістер, туу мен өлім, жас мәселесі және ішкі, сыртқы миграциялық процестер арқашанда өзекті тақырып болып қала бермек. Мемлекеттің демографиялық саладағы саясатының басты бағытының өзі халықтану. Сондықтан да егемендіктің алғашқы күнінен бастап еліміздегі демографиялық саясатты реттеу мәселесі көтеріле отырып бүгінгі күнге дейін жалғасын табуы ол заңды процесс. Сондықтан да ғалымдар ғасырлар бойы демография мен миграцияны зерттеуге ерекше көңіл бөліп келеді. Ал егемен ел болғаннан бастап өзіміздің өткен тарихымызға қайта орала отырып төл тарихымызды ғалымдар қайтадан жаңаша көзқараспен зерттеуді бастады.

Қазақстанның көрнекті ғалымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академия-сының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбеков 1929 жылы қаңтардың 15 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызыл-Құм ауданы, Шардара ауылында дүниеге келген. Отан қорғау жолында әкесі майданда қаза тапқаннан кейін буыны бекімеген жас Мәлік-Айдар үлкен отбасының міндетін, ауыртпалықтарын атқарып, соғыс және соғыстан кейінгі алғашқы жылдардың қиыншылықтарын бастан кешіреді, 1945 жылы орта мектепті, ал 1948 жылы Шымкент мұғалімдер институтын да, 1954 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін де үздік дипломмен оқып бітіреді. «Қазақстан тарихы» журналына бер¬ген сұхбатында былай дейді: «Мен қазақтың кең дала¬сының оңтүстік түкпірінде жатқан, 1924 жылға дейін Түркістан республикасына қараған, кейін Қазақстанға өткен Қызылқұм ауданында, Жаушықұм болысы, Қатаған тоғай деген Сырдария бо¬йын¬дағы, қазіргі Шардара ауданындағы қазақ ауылында туғанмын. Бай¬ларды тәркілеу, ұжымдастыру, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық, саяси қуғын-сүргінді ата-аналарымыздан естіп өстік. Әкем-Асылбеков Хантемір қазақша сауатты, ұжымдастыру басталғанда «Қызыл партизан» ұжымшарының бастығы, кейін Бірлік, Жаңа Шардара және басқа ауылдық кеңестер төрағасы, майданға кеткенге дейін аудандық мал дайындау мекемесінің меңгерушісі болып істеді. Соғыстан кейінгі қиын жағдайға қарамастан, білімге деген құштарлық сол кездегі біздің ұрпақта өте күшті болды. Біз бала жігіттер соғыстан қайтқан ересек аға¬ларымызбен бірге оқып, олардан көп нәрсені үйрендік. Үздік оқуыма, бәлкім, осы мәселелер себеп болған шығар», - дейді [1].

Материалдар мен зерттеу әдістері. ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы қазақстандық тарих ғылымында еңбегімен есте қалған Мәлік-Айдар Хантемірұлының отандық тарих ғылымына қосқан үлесі мен оның қоғамдық қызметі арнайы зерттеу мен талдауды қажет ететін мәселелердің бірі. М-А. Хантемірұлының ғылыми және қоғамдық қызметінің басты қыры-ұлттық тарихтың жан-жақты зерттелуіне, шынайы тарихының зерделенуіне, талдап, ашып көрсете білуіне, сол арқылы отандық тарих ғылымының дамуына қосқан үлесіне қатысты. Тәуелсіздікке қол жеткізу арқылы кеңестік биліктің үстемдігі мен қысымы арқасында партиялық идеологиядан шыға алмаған қазақ тарихында шынайы зерттеулер жүргізіліп, ұлттық тарих қайта қаралып, отандық тарихшылар бұрындары тыйым салынған мәселелерді ашық айта бастады. Өөзінің саналы ғұмырын тарих, қазақ тарихы, Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін зерттеуге арнаған академик Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбековтың өмірі тарих ғылымына адал боламын деген тарихшы-ғалымдар, ұрпақ үшін өнегелігі шыңдала беретін тұлға.

Тұлғалардың қоғамдық өмірдегі орны, соның ішінде академик М.Х. Асылбековтың қоғамдық қызметі мен ғылыми шығармашылығы, шәкірт тәрбиелеудегі адами қасиеттері ең алдымен замандастарының естеліктерінде, ғалымның еңбектерінің методологиялық маңызын көре білген айтулы тарихшылардың мақалаларында, шәкірттерінің зерттеулерінде қарастырыла бастады. ҚР ҰҒА академигі К. Нәрібаев, академик Қошанов, т.ғ.д., профессор М.Қ. Қойгелдиев, т.ғ.д., профессор К.Н. Бұрханов, т.ғ.к., профессор Қ.С. Алдажұманов, т.ғ.д., профессор С.Ф. Мәжитов өз мақалаларында Отандық тарих ғылымындағы Мәлік Хантемірұлының орнын зор ілтипатпен саралайды. Академиктің алғашқы шәкірті болған профессор Қ.М. Алдабергенов кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғаған кездегі ұстазының тарихи, филологиялық білімінің тереңдігіне риза бола отырып, толыққанды көмегіне ие болғандығын жазады. Ұстазының өмір жолы, ғылыми шығармашылығы және қалыптастырған мектебі жайлы т.ғ.к., доцент Қ.А. Енсеновтың еңбегінде жан-жақты талданды [2]. Алайда, ғалымның еңбектерін қарастырған сайын, «Асқар тау алыстаған сайын биіктей береді» дегендей, оның ғылыми, тәлім-тәрбиелік мұрасының зерттелуі әлі де кем екендігі айқын көріне түседі. Академик М.Х. Асылбековтың отандық тарих ғылымына қосқан үлесі мен оның қоғамдық қызметінің негізгі қырларын талдадық. Құжаттар, естеліктер, академиктің еңбектері мен басқа да деректер негізінде ғалымның ғылыми және қоғамдық қызметінің негізгі бағыттары сараланады.

Зерттеу нәтижелері. Қазақстанның еңбегі сіңірген ғылым және техника қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбековтың 86 жылдық өмірінің 56 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында өтті. Қазақты күштеп ұжымдастыру жылдарында дүниеге келген, ашаршылық пен қуғын-сүргіннің де дәмін сезінген Мәлік Хантемірұлының еңбек жолы сұрапыл соғыстың арқасында балалық шағынан, 1942 ж. 7 сыныпты бітіргеннен басталады. Ол әкесі майданда қаза тапқаннан кейін, отбасының ер азаматы ретіндегі ауырпалықтарын өз мойнына алады. 1943 ж. МТС директорының хатшысы, 1945-1946 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданы, А.С. Пушкин атындағы жетіжылдық мектепте мұғалім болып қызмет жасайды. 1945 ж. орта мектепті, 1948 ж. Шымкент мұғалімдер институтын, 1954 ж. Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін үздік оқып бітіреді. Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқып жүріп, Е Бекмаханов, Б. Сүлейменов, А. Нүсіпбеков, С. Покровский, Н. Киікбаев, А. Лозинский, М. Богусловский, Я. Серовайский, Л. Фришман, Н. Дауылбаев, Н.П. Калистратов, М. Ақынжанов, А. Горячева, К. Коржева, А. Нұрқанов және басқа белгілі тарихшы-ғалым-ұстаздардан дәріс алады.

1958-2015 жылдары Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында: кіші ғылыми қызметкер, Қазақ КСР Ғылым академиясының Қоғамдық ғылымдар бөлімінің ғылыми хатшысы (1963-1968), Қазақ КСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының аға ғылыми қызметкері (1968-1980), бөлім меңгерушісі (1981-1984), директордың орынбасары (1984-1985), бөлім меңгерушісі және бас ғылыми қызметкер (1985-2015) міндеттерін атқарды. Ғылым докторы, профессор, академик және Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері сынды атақ-дәрежелерге көрнекті ғалым ұзақ жылдар бойы көз майын тауысып ізденудің, үзбей еңбек етудің нәтижесінде қол жеткізді.

Қазақстанның кеңестік кезеңдегі демографиялық дамуының негізі өлкеде Кеңес өкіметі орнағаннан көп бұрын-ақ салынған еді. Қазақстан тарихнамасында халық саны, тарихы туралы еңбектер жазған Тынышбаев М., Бекмаханова Н.Е., Алексеенко Н.В., Татимов М.Б., Асылбеков М.Х., Қозыбаев М.К., Қасымбаев Ж.К., Базанова Ф.Н., Галиев А., Сдыков М.Н. және т.б. Олар өз еңбектерiнде берiлген зерттеу деректерi арқылы тарихи-демографиялық ғылымды жоғары сатыға көтердi, тарихи зерттеу әдiстерiн жаңарта отырып, проблемалық зерттеу шеңберiн кеңейттi. Олардың ғылыми еңбектерiнiң нәтижесiнде Қазақстандағы этнодемографиялық процестiң даму заңдылығын жасауға мүмкiндiк туды. Нәтижесiнде аймақтардағы этнодемографиялық, әлеуметтiк даму тарихын зерттеуге терең негiз салынып, ғылыми тұрғыдан зерттеуге негiз қаланды [3].

М-А.Хантемірұлының ғылыми зерттеулерінің ауқымы жан-жақты болды. Қазақ-станның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ұлттық мамандардың қалыптасуы, өндірістен-діру үдерісі, Қазақстанда теміржолдың дамуы мен жұмысшылардың қалыптасуы, тарихи демография, қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысындағы кемшін зерттелген тұстары, ұлттық интеллигенцияның тағдыры мәселелері. Қазақстандық тарих ғылы-мында жұмысшы табының қалыптасу тарихы, тұлғатану мәселелері және тарихи демография секілді жаңа ғылыми зерттеу бағыттарының негізін қалады. Республика көлемінде жүргізілген кеңестендіру саясаты қазақ халқының 1926 және 1959 жылдар аралығындагы тарихи демографиялық дамуларына әсер кеткен негізгі оқиғалар-Қазақстандағы жүргізілген ұжымдастырудағы саяси қуғындаулар салдарының зобалаңдары мен индустрияландырудың жүзеге асырылуы, ашаршылық, саяси репрессиялар мен Ұлы Отан соғысында қырғынға ұшырауы және соғыстан кейінгі халық щаруашылығын қайтадан қалпына келтіру жылдарының ауыртпалықтары немесе тың және тыңайған жерлерді игеру жыддарындағы қиыншылықтар қазақтарға қарсы бағытталып, ойластырылган кеңестік солақай саясаттың әсері екенін байқауға болады.

1963 ж. Қазақ КСР ҒА корр. мүшесі Г.Ф. Дахшлейгердің жетекшілігімен «ХІХ аяғы ХХ ғасыр басындағы Қазақстан темір жолдарында жұмысшы кадрлардың қалыптасуы» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғайды. Сол жылы Қазақ КСР ҒА-ның Қоғамдық ғылымдар бөлімінің ғылыми хатшы қызметіне шақырылады. 1965 ж. «Қазақстан теміржолшылары бірінші орыс революциясы жылдарында (1905-1907 жж.)» атты тұңғыш монографиялық еңбегі жарық көрді. Қазақстанның индустриялық дамуы және жұмысшы табы тарихы аясында көрнекті мемлекет және қоғамдық-саяси қайраткер Т. Рысқұловтың өмірі мен қызметін зерттеді.

1969 жылы алғашқылардың бірі болып 1930-шы жж. саяси қуғын-сүргін тақырыбында «РКФСР ХКК жанындағы Түркістан-Сібір темір жолын салуға Жәрдемдесу комитетінің қызметі туралы» ғылыми мақаласын жариялайды. 1997-98 жылдары Т. Рысқұловтың үш томдық шығармасын құрастырушылардың бірі ретінде қатысты.

1974 ж. акад. А.Н. Нүсіпбековтің ғылыми жетекшілігімен «Қазақстан теміржолшы кадрларының қалыптасуы және дамуы (1917-1970 жж.)» атты тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. 1976 жылы М-А.Х.Асылбековтің С.Б. Нұрмұхамедов және Н.Г. Панмен бірлескен авторлықта жазған «Қазақстанның жұмысшы табының индустриялық кадрларының өсуі (1946-1965 жж.)» атты монографиясы жарыққа шықты.

Ал 1983 жылы Қазақ КСР ҒА-ның корреспондент мүшесі болып сайланды, профессор ғылыми атағын алады. Зерттеулерінде Қазақстандағы халық санының өсіп-өнуіне, оның негізгі факторлары – табиғи қозғалыс пен механикалық қозғалыстың барысы мен салдарларына, даму белестеріне талдау жасалынып, осы кезеңдегі республика тұрғындарының демографиялық ахуалына ғылыми тұрғыда баға берілген. Отан тарихының сан-саналы бағытын қамтыған күрделі де іргелі еңбектердің – бес томдық «Қазақ ССР тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін), екі томдық «Советтік Қазақстан жұмысшы табының тарихы», қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Қазақстан тарихы. Очерктер» (1993-1994), ағылшын тіліндегі «Қазақстан тарихы» (1998), сондай-ақ, бес томдық «Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінгі күнге дейін» (3-т.) (Алматы, 2000), негізгі авторларының бірі болды. М-А.Х.Асылбековтың тәуелсіздік жылдарында жазылған ғылыми еңбектерінде Қазақстанның демографиялық үрдістері, миграциялық толқындардың республика тұрғындарының әлеуметтік және ұлттың құрылымына әсері, демографиялық апаттың себептері мен зардаптары, қазақтардың өз жерінде аз ұлтқа айналуы, олардың экономиканың индустриялық салаларындағы азшылдығы объективті тұрғыда зерттеліп, қазақ қоғамындағы әлеумметтік құрылымындағы өзгерістер жаңа көзқарас тұрғысынан пайымдалған. Тарихи демография саласындағы зерттеулердің көтерген мәселелері тарихшы ғалым М-А.Х.Асылбековтың жетекшілігімен жүзеге асырылып келді. Еңбектерінде бүкіл Қазақстан бойынша қазақ халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайларына кезеңдер бойынша талдау жасалынып, халықтың әлеуметтік-ұлттық, сапалық және сандық өзгерістер нақтыланған [4].

М-А.Х.Асылбековтың Қазақстан тарих ғылымының дамуына қосқан зор үлесі республиканың және одан да тысқары аймақтардың ғалымдар қауымына кең танылды. Ол редакциялық-баспа жұмыстарына да ауқымды үлес қосты, тарихтың өзекті проблемаларын қамтитын көптеген монографиялар мен жинақтардың редакторы ретінде қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. М-А.Х.Асылбеков таяу және шет елдердің жетекші демограф-ғалымдарымен тығыз ғылыми байланыс орнатқан ғалымдардың бірі еді. Оның ғылыми және педагогикалық қызметі тек қана Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шет елдерде де кең танымал әрі жоғары бағаланған. Ол 1992 ж. АҚШ ғалымдарының шақыруымен Сан-Франциско және Беркли (АҚШ) қалаларындағы университеттерде тарихи демография және әлеуметтік тарихтың өзекті проблемаларынан дәріс оқыды.

1991-1993 жылы М-А.Х.Асылбековтың жетекшілігімен «Қазақстан халқының әлеуметтік және ұлттық құрамындағы өзгерістер (1917-1989 жж)» атты тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Алғаш рет Қазақстан халқының әлеуметтік құрамы мен ұлттық құрылымындағы ұзақ мерзімдегі өзгерісі көрсетілді. 1980 жылдан бастап өмірінің соңына дейін институт көлемінде тарихи демография саласындағы зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасаған академик М-А.Х. Асылбеков 2001 ж. дейін бөлімнің меңгерушісі міндетін атқарады.

Тарих ғылымдарының докторы, А.И.Құдайбергенова өз зерттеулерінде 1980 жылдан басталған М-А.Х. Асылбековтың тарихи демографиялық бағыттағы зерттеулері-нің негізгі нәтижелерін төмендегідей сатыларға, дәуірлерге бөліп қарастырады:

1. Отарлық дәуір, ХVІІІ ғ. 30-жылдарынан 1917 ж. дейін; бұл Қазақстанның Ресейдің отары, қазақтардың этнодемографиялық дамуы отарлық-миграциялық (соның ішінде қоныстандыру) саясатының ықпалында болған дәуір. Сырттан келген көші-қонның стихиялық, әскери, ұйымдасқан, өз бетінше және басқа түрлері іске асқан, әсіресе Столыпиннің аграрлық саясаты кезінде өрістеген дәуір, сонымен бірге қазақтардың арасында табиғи өсім төмен, әртүрлі эпидемиялар, жұқпалы аурулар, жұттар көп дәуір.

2. 1917-1991 жылдар аралығы, яғни Кеңес заманы. Бұл қазақтардың екі орыс революциясын, азамат соғысын, талай ашаршылықты (1918, 1921 және 1931-1933 жж.), қуғын-сүргінді, зорлық-зомбылықты көрген, ұлттық дәстүрлер мен тілге нұқсан келген, әліппенің үш рет өзгерген, сырттан көші-қонның ірі-ірі толқындары елдегі демографиялық ахуалды күрт өзгерткен және т.б. келеңсіз жағдайлардың салдарынан қазақ ұлтының өзі ата қонысында азшылыққа айналған дәуір.

3. Тәуелсіздік дәуірі – 1991-2011 жж. қазақтардың өз елінде біртіндеп, көпшілікке айналған дәуір, бұл дәуірді екі кезеңге бөлуге болады: 1-кезең – 1991-1999 жж. – қазақтардың үлесі Республика халқының жартысынан асқан кезең (40%-дан 53,4%-ға жеткен кезең); 2-кезең – 1999-2011 жж. – қазақтардың өз Республикасында басым көпшілікке айнала бастаған кезеңі 53,4%-дан 63,7%-ға дейін өскен кезең). Бұл кезең әрі қарай жалғасуда [5].

Егемендік жағдайында Республиканың экономикалық және саяси өміріндегі түбегейлі өзгерістер елдің демографиялық ахуалына әсерін тигізбей қоймады. Мұның өзі халықтың сан жағынан да, сапалық та сипаттамаларының өзгеруінен, оның Қазақстанның аумағында орналасуынан және көші-қон үрдісінен көрініс тапты.

М-А.Х.Асылбеков мемлекет қайраткерлері туралы зерттеуін ХХ ғасырдың басында Қазақстанның ұлттық интеллигенциясының қалыптасу тарихынан бастайды. Ол кездегі қазақ интеллигенциясының біркелкі емес, өздерінің идеялық саяси бағыттары және әлеуметтік негіздері бойынша үш топқа бөлінетінін талдап айтады. Бірінші топты демократиялық топ деп анықтайды. Оның өкілдеріне ауқатты қазақ отбасыларынан шыққан, Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург және басқа орталықтарында жоғары білім алған, Батыс еуропалық прогрессивті ойларының және Ресей демократиялық идеалдарының ықпалымен тәрбиеленген азаматтарды- Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М. Тынышпаев, М.Шоқай мен Ж.Ақпаев, Х. Досмұхамедовті жатқызады. Ұлттық интеллигенцияның екінші тобын олар мұсылмандық қозғалыс өкілдерінен тұрған, бұл топқа тек молдалар, имам, қожалар ғана емес, сонымен қатар бостандық үшін күрескен, патшалық Ресейдің отарлық езгісіне, қазақтарды орыстандыру мен күштеп шоқындыру саясатына қарсы шыққан ұлттық интеллигенция өкілдерін кіргізеді. Үшінші топ социалистік бағыттағы көзқараста болған, көбінесе қазақ кедей шаруаларынан шыққан тұлғалардан тұратынын айтады. Олар Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин, Ә.Жангелдин, К.Төгісов сияқты ел азаматтары болатын. М.А.Х.Асылбеков Қазақстанның көрнекті ғалымдар А.М. Панкратова, П.Г. Галузо, А.Н. Нүсіпбеков, Б. Сүлейменов, Г.П. Дахшлейгер, С.Н. Тәжібаев, М.Қ.Қозыбаев өмірі мен қызметіне арналған зерттеу жұмыстарын жарыққа шығарып, көпшілік назарына ұсына білді [6].

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты ғылыми кеңесінің мүшесі, ҚР ҰҒА Қоғамдық және гуманитарлық бөлімшесінің тарих ғылымдары бойынша эксперттік комиссиясының төрағасы, «Отан тарихы», «Қазақ тарихы» және т.б. журналдардың редакциялық алқасының мүшесі болды. Академик М.А.Хантемірұлы қоғамдық саяси-әлеуметтік және ғылыми мәселелерге белсене араласып «Отан тарихы туралы ой», «Төл тарихымыздың абыройын асырайық», «Ұлы Отан тарихына әділеттік керек» атты мақалалары арқылы ел тарихындағы басты мәселелерге назар аударды.

Қорытынды. Ұстаздың салған сара жолы бізге әрқашан үлгі. Мәлік-Айдар Хантемірұлы менің өмірде үлгі тұтқан ұстазымыз және ғылыми ізденушілік, зерттеу жұмысымыздың жетекшісі. М-А.Х.Асылбековтың дәрісін тыңдап, сабағына қатысып, тарихи ізденушілік, зерттеу жұмыстарыма бағыт алғанымды ризашылықпен еске алып, мақтанышпен айтамыз. Ұстазымыздың өмірден озуымен бірге тұтастай дәуір тарихқа кетті деуге болады.

М-А.Х.Асылбеков артында мол рухани мұра қалдырған, қазақ ғылымында, оның ішінде Отан тарихында өзінің құрметті орны бар көрнекті ғалым, бір топ талантты тарихшы ғалымдар дайындаған ұлағатты ұстаз, қоғамда болып жатқан құбылыстарды қалт жібермей қадағалап, өзінің ой-пікірлерін, ұсыныстарын ашық айтып өткен үлкен абзал Азамат. Отандық тарих ғылымында өзіндік айшықты қолтаңбасы бар, артында мол ғылыми мұрасын қалдырған академик Мәлік-Айдар Хантемірұлы туралы жазылған естеліктерге шолу жасап, ұлағатты ұстазыма тағзым етіп, рухына бас иеміз. Сіз шәкірттеріңіздің жадында ақылшы әке, қамқор аға, ұлағатты ұстаз ретінде мәңгілікке жатталып қалдыңыз. Ұлы Абай сөзімен айтқанда «... бір ғалымды көрсеңіз ондай болу қайда деп айтпа ғылым сүйсеніз» дегендей бастаған ғылыми бағытын жалғастыратын шәкірттері бар ұстазымыздың аты ешқашан өшпейді және шікірттері мен ұрпағы ғалымның салған сара жолын ары қарай жалғасытра отырып еліміздің этнодемографиялық даму тарихына өз үлесін қосатындығына сенімдіміз. Заманның талабына сәйкес демографиялық проблемалар алдыңғы қатарға шығып, мемлекеттің басты проблемасына айнала бастады. Адами ресурстар (еңбек, көші-қоны), туылым көрсеткіштері мен өлім деңгейі қазіргі мемлекеттердің дамуына ықпал ете бастады. Мемлекеттің демографиялық үрдістерді реттеудегі ролі күшейді. Келешекте еліміз әлемдегі дамыған елдермен терезесі тең, халқының саны жағынан да алдынғы қатарлы ел болары сөзсіз.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. «Қазақстан тарихындағы тұлғатану мәселелері: Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбеков» атты ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.-А.Х. Асылбековтың 90 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 23 мамыр 2019 ж. Алматы: Ш.Ш. Уәлиханов атынд. Тарих және этнология институты, 2019. – 460 б.

2. Еңсенов Қ.А. Академик М.-А.Х. Асылбеков және Қазакстанның тарих ғылымы. Нұр-Сұлтан, 2019. 264 б.

3. Асылбеков М.Х. Түрксібте тагдыры түйіскен арыстар: [Т. Рыскұлов, М. Тынышбаев, Н. Нүрмаков сынды арыстардың «Түркісіб» кұрылысына қатасуы туралы] // Қазак тарихы. 2001 №2. 44-49 бб. Бекмаханова Н.Е. Формирование многонационального населения Казахстана и Северной Киргизии (последняя треть ХУШ-60-е годы XIX в.). М., 1980. Бекмаханова Н.Е.Многонациональное население Казахстана и Киргизии в эпоху капитализма (60-е годы XIX в. - 1917 п). М., 1986. Бөкейхан Ә. Исторические судьбы киргизского края и культурные его успехи. Таңдамалы. Алматы, 1995. Галузо П.Г. Аграрные отношения на юге Казахстана в 1867-1914 гг. АлмаАта, 1968]

4. Асылбеков М.Х., Құдайбергенова А.И. Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жж.). – Алматы: 440 Өркениет, 2005. – 160 б. Асылбеков М.Х., Төлешова Л.Х. Қазақстан тарихи демографиясының даму белестері. – Алматы: Өркениет, 2002. – 144 б.

5. Құдайбергенова А.И. Академик М-А.Х.Асылбековтың ғылыми және қоғамдық қызметінің негізгі қырлары. Отан тарихы, №2 (86), 2019 65-75 бб.

6. https://egemen.kz/article/33013-abyroy

REFERENCES

1. «Қazaқstan tarihyndaғy tұlғatanu mәselelerі: Mәlіk-Ajdar Hantemіrұly Asylbekov» atty ҚR ҰҒA akademigі, tarih ғylymdarynyң doktory, professor M.-A.H. Asylbekovtyң 90 zhyldyқ merejtojyna arnalғan halyқaralyқ ғylymi-tәzhіribelіk konferencija materialdary. 23 mamyr 2019 zh. Almaty: Sh.Sh. Uәlihanov atynd. Tarih zhәne jetnologija instituty, 2019. 460 b.

2. Eңsenov Қ.A. Akademik M.-A.H. Asylbekov zhәne Қazakstannyң tarih ғylymy. Nұr-Sұltan, 2019. 264 b.

3. Asylbekov M.H. Tүrksіbte tagdyry tүjіsken arystar: [T. Ryskұlov, M. Tynyshbaev, N. Nүrmakov syndy arystardyң «Tүrkіsіb» kұrylysyna қatasuy turaly] // Қazak tarihy. 2001 №2. 44-49 bb. Bekmahanova N.E. Formirovanie mnogonacional'nogo naselenija Kazahstana i Severnoj Kirgizii (poslednjaja tret' HUSh-60-e gody XIX v.). M., 1980. Bekmahanova N.E.Mnogonacional'noe naselenie Kazahstana i Kirgizii v jepohu kapitalizma (60-e gody XIX v. - 1917 p). M., 1986. Bөkejhan Ә. Istoricheskie sud'by kirgizskogo kraja i kul'turnye ego uspehi. Taңdamaly. Almaty, 1995. Galuzo P.G. Agrarnye otnoshenija na juge Kazahstana v 1867-1914 gg. AlmaAta, 1968]

4. Asylbekov M.H., Құdajbergenova A.I. Қazaқstan halқynyң әleumettіk-demografijalyқ zhaғdajy (1939-1959 zhzh.). – Almaty: 440 Өrkeniet, 2005. – 160 b. Asylbekov M.H., Tөleshova L.H. Қazaқstan tarihi demografijasynyң damu belesterі. – Almaty: Өrkeniet, 2002. – 144 b.

5. Құdajbergenova A.I. Akademik M-A.H.Asylbekovtyң ғylymi zhәne қoғamdyқ қyzmetіnің negіzgі қyrlary. Otan tarihy, №2 (86), 2019 65-75 bb.

6. https://egemen.kz/article/33013-abyroy

Табылдиева Орынгул Дуйсенбаевна

Каспийский университет технологий и инжиниринга имени Ш. Есенова,

г. Актау, Казахстан.

ВКЛАД АКАДЕМИКА М-А.Х. АСЫЛБЕКОВА В ИЗУЧЕНИЕ

КАЗАХСКОЙ ИСТОРИИ

Аннотация. Малик-Айдар Хантемирович выдающийся ученый, внесший достойный научный вклад в изучение истории Казахстана. Масштаб научных исследований академика Малика Хантемировича был исчерпывающим. Его интересовали становление национальных специалистов, процесс производства, развитие железных дорог и становление рабочих в Казахстане, историческая демография, недостаточно изученные аспекты национально-освободительного движения казахского народа, судьба национальной интеллигенции. Академик М.Х. Асылбеков заложил основы новых направлений научных исследований в казахстанской исторической науке, таких как история становления рабочего класса, проблемы личностного развития и историческая демография. Кардинальные изменения, произошедшие в социально-экономической и политической жизни Казахстана после провозглашения независимости, не повлияли на демографическую ситуацию республики. В большинстве случаев эти процессы являлись проявлением негативного и положительного влияния переходного периода. В результате нашли отражение в количественных и качественных показателях населения, их территориальном расположении и процессах внутренне-внешней миграции. М.Х. Асылбеков-ведущий специалист республики по вопросам социально-экономического и демографического развития Казахстана в ХІХ-ХХ веках. Глубокие знания и широкий кругозор ученого-историка позволили ему написать ценные труды, посвященные проблемам отечественной истории. В результате тщательного изучения социально-демографических проблем Казахстана издано множество монографий и книг. Ускоренная индустриализация, становление и развитие рабочего класса, превратившие Казахстан в источник сырья, в том числе специфика и специфика подготовки национальных специалистов в промышленности и транспорте, были всесторонне исследованы на основе нового подхода, который убедительно доказал влияние промышленного развития на ухудшение экологической ситуации во многих регионах. В его работах анализируется состояние промышленности республики сегодня, причины и последствия безработицы в переходный период, даются рекомендации о путях выхода из затяжного социального кризиса. В этой статье об академике М.Х.Асылбекове рассматриваются основные аспекты его вклада в отечественную историческую науку и общественной деятельности. Вместе с тем, на основе воспоминаний, трудов академика и других данных рассматриваются основные направления научной и общественной деятельности ученого.

Ключевые слова. История Казахстана, учитель, академик Асылбеков, историческая демография, персоналистика, индустрализация.

Tabyldiyeva Oryngul Duisenbaevna

Caspian University of Technology and Engineering named after Sh. Yessenova,

Aktau, Kazakhstan.

CONTRIBUTION OF ACADEMICIAN M-A.H. ASYLBEKOV TO THE STUDY OF KAZAKH HISTORY

Abstract. Malik-Aidar Khantemirovich is an outstanding scientist who has made a worthy scientific contribution to the study of the history of Kazakhstan. The scale of academic Malik Khantemirovich's scientific research was exhaustive. He was interested in the formation of national specialists, the production process, the development of railways and the formation of workers in Kazakhstan, historical demography, insufficiently studied aspects of the national liberation movement of the Kazakh people, the fate of the national intelligentsia. Academician M. Asylbekov laid the foundations for new areas of scientific research in Kazakh historical science, such as the history of the formation of the working class, problems of personal development and historical demography. The fundamental changes that took place in the socio-economic and political life of Kazakhstan after the declaration of independence did not affect the demographic situation of the republic. In most cases, these processes were a manifestation of the negative and positive effects of the transition period. As a result, they are reflected in the quantitative and qualitative indicators of the population, their territorial location and the processes of internal and external migration. M.Asylbekov is a leading expert of the republic on the socio-economic and demographic development of Kazakhstan in the XIX-XX centuries. The deep knowledge and broad outlook of the scientist-historian allowed him to write valuable works on the problems of national history. As a result of a thorough study of the socio-demographic problems of Kazakhstan, many monographs and books have been published. Accelerated industrialization, the formation and development of the working class, which turned Kazakhstan into a source of raw materials, including the specifics and specifics of training national specialists in industry and transport, were comprehensively studied on the basis of a new approach that convincingly proved the impact of industrial development on the deterioration of the environmental situation in many regions. His works analyze the state of the republic's industry today, the causes and consequences of unemployment during the transition period, and make recommendations on ways out of the protracted social crisis. This article about academician M.H.Asylbekov examines the main aspects of his contribution to Russian historical science and social activities. At the same time, based on the memoirs, works of the academician and other data, the main directions of scientific and social activities of the scientist are considered.

Key words: History of Kazakhstan, teacher, Academician Asylbekov, historical demography, personalistics, industrialization.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.