Научная статья на тему 'Химиялық білім берудің дамыту әдістері – нәтижелі білім беру кепілі'

Химиялық білім берудің дамыту әдістері – нәтижелі білім беру кепілі Текст научной статьи по специальности «Науки об образовании»

CC BY
65
21
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Ключевые слова
білім берудің дамыту әдістері / зейінді дамыту / қиялды дамыту / есті дамыту / ойлауды дамыту / эмоцияны дамыту / нәтижелі білім. / методы развития образования / развитие внимания / развитие воображения / развитие логики / развитие мышления / развитие эмоций / результативные знания / methods of deve­ lopment of education / development of attention / development of ima ­ gination / development of con­ sciousness / development of thin­ king / development of emotions / effective education.

Аннотация научной статьи по наукам об образовании, автор научной работы — Минайдарова Зауреш Мейрамкановна

Мұғалімнің басты міндеттерінің бірі – әрбір оқушының өз мүмкіндігін, қабілетін және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау. Химиядан білім берудің дамыту әдістерін пайдалана отырып, сапалы, нәтижелі білімге қол жеткіземіз, әрі жаңаны тез, өз бетімен игеріп, дұрыс түсінетін, сауатты сөйлейтін, білімді нақты игеріп, оны практикада жүзеге асыра алатын жеке тұлға қалыптастырамыз.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

Одной из главных задач учителя является создание условий для того, чтобы каждый ученик мог проявить свои способности. Используя развивающие методы обучения по химии, мы достигаем качественных, результативных знаний, формируем личность, которая быстро, самостоятельно осваивает новое, правильно понимает, грамотно разговаривает, умеет реально владеть знаниями и реализовывать их на практике.

Текст научной работы на тему «Химиялық білім берудің дамыту әдістері – нәтижелі білім беру кепілі»

20

Педагогическая наука и практика

УДК 373.1.02:372.8

ГРНТИ 14.25.09

ХИМИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ

ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ – НӘТИЖЕЛІ

БІЛІМ БЕРУ КЕПІЛІ

ФИЛОСОФСКИЕ И МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ

Аңдатпа

Мұғалімнің басты міндеттерінің бірі – әрбір

оқушының өз мүмкіндігін, қабілетін және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау. Химиядан білім берудің дамыту әдістерін пайдалана отырып, сапалы,

нәтижелі білімге қол жеткіземіз, әрі жаңаны тез, өз

бетімен игеріп, дұрыс түсінетін, сауатты сөйлейтін,

білімді нақты игеріп, оны практикада жүзеге асыра

алатын жеке тұлға қалыптастырамыз.

Аннотация

Одной из главных задач учителя является создание условий для того, чтобы каждый ученик мог

проявить свои способности. Используя развивающие методы обучения по химии, мы достигаем качественных, результативных знаний, формируем

личность, которая быстро, самостоятельно осваивает новое, правильно понимает, грамотно разговаривает, умеет реально владеть знаниями и реализовывать их на практике.

Annotation

One of the main tasks of a teacher is to create

conditions for each student to show his abilities and

flexibility. Using the methods for development of

education in Chemistry, we achieve quality, effective

knowledge, and form an individual who can quickly

and independently learn new things, understand

correctly, speak fluently, master knowledge, and put it

into practice.

Оқыту – шәкірт пен ұстаздың өзара бірлесіп,

ынтымақтасып жасайтын ортақ іс-әрекеті. Оқыту

– мұғалімнің тәлім-тәрбие берудегі басты әрекеті

болса, оқу – шәкірттің дүниені танып білуге бағытталған өзіндік іс-әрекеті.

Білім жүйесін меңгеру – күрделі ой жұмысының

нәтижесі. Білім ойлау тәсілдері мен формалары

арқылы жүзеге асады. Адам ойының бастапқы формасы – ұғым. Шәкірттердің танымдық ұғымдарын

Минайдарова З.М.,

Химия пәні мұғалімі,

педагог-зерттеуші

ҚОӘББ «Қостанай қаласы

білім бөлімінің

Мәриям Хәкімжанова

атындағы

№20 жалпы білім беретін

мектебі» КММ

Қостанай қаласы

Негізгі сөздер: білім берудің

дамыту әдістері, зейінді дамыту, қиялды дамыту, есті дамыту, ойлауды дамыту, эмоцияны

дамыту, нәтижелі білім.

Ключевые слова: методы развития образования, развитие

внимания, развитие воображения, развитие логики, развитие

мышления, развитие эмоций,

результативные знания.

Keywords: methods of deve­

lopment of education, development

of attention, development of ima­­

gination, development of con­

sciousness, development of thin­

king, development of emotions,

effective education.

3(41)/2023

берік қалыптастырмайынша оларға жүйелі

білім беру қиынға соғады. Химиядан білім

беру барысында зейін, қиял, ес ойлау және

эмоция сияқты психикалық процестер басты рөл атқарады. Аталмыш психикалық

процестерді дамыту, оларды қалыптастыру

мәселелеріне тоқталайық.

Зейінді дамыту әдістері. Зейін дегеніміз

айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Оқу іс-әрекетінде

бала зейінінің белсенділігіне қарай ырықты,

ырықсыз және үйреншікті болып үш түрге

бөлінеді. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда

бұлардың әрқайсысына өзіндік мән, мағына тән және зейіннің қай түрі болмасын

іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады.

Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе, ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де оңай

емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге

орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып, шаршатады.

Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы екі

түрін алмастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет. Химияны оқытуда үйреншікті зейіннің маңызы

зор. Ол құбылыстар мен заттардың, олардың

мазмұнын санада тез бейнеленуін, қабылдау процесінің жылдам және оңай болуын

қамтамасыз етеді.

Химия мұғалімі оқушылардың көңілін

химиялық объектіге (химиялық элементке,

затқа, химиялық реакцияға) аударуы маңызды. Оқушылардың зейінін химияны оқытуда

дамыту үшін мына әдістерді қолданған жөн:

• Мұғалім кез келген жағдайда оқушыға

химиялық объектінің ерекшелігіне бала зейінін әрқашанда аударуы керек;

• Химиялық реакциялар мен процестерді

оқығанда болатын барлық өзгерістерге агрегаттық күйіне, заттың түсіне, заттың еруіне,

тұнба түсуіне, газдың, жылудың, жарықтың,

иістің бөлінуіне және т.б. назар аударуын

әрекеттендіру керек;

3(41)/2023

21

• Химиялық мәтінді оқытуда неғұрлым мәтіннің үлкен бөлігін тез оқуын және

оқығандарының мағынасын есте сақтауға

дағдыландыру қажет;

• Зейін көлемін арттыру үшін оқушыларды бір уақытта зейінді түрлі объектіге бөлуге машықтанған дұрыс. Мысалы, химиялық

тәжірибе орындағанда оқушы зейінің бір

мезгілде барлық құрал-жабдықтарға аудару

керек, сонымен қатар оқушы зейіні реакция

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

жүретін сынауыққа да бөлінуі қажет;

• Оқушы зейінін бір объектіден екіншісіне тез аудара білу қабілетін меңгерту аса қажет. Сабақ барысында оқушылар зейіні жұмыстың бір түрінен (өткен тақырыпқа шолу)

екінші түріне жаңа сабақты меңгеру немесе

химиялық тәжірибелер орындау кезі) үнемі

ауысып отыратындықтан, мұғалім материалды жүйелі етіп, бір ізбен жақсы түсіндіруі,

өткен материалды дұрыс қорытуы, оқылатын жаңа тақырыптың мақсатын айқындауы

және т.б. қажет;

• Зейін оқытудың сапасын және өнімділігін анықтайды.

Қиялды дамыту әдістері. Қиял дегеніміз

сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының

субъективтік образдарын есте сақтап қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін,

тек адамға тән психикалық процесс. Адам

қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде

жарыққа шығып, дамып отырады. Қиялды

адамның дүние жөніндегі таным түсінігі

әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие

болады, қиял бейнелері адам қажеттілігіне

тәуелді бола тұрып, оны белсенді қызметке

итермелейді, шығармашылық ісіне күш-жігер қосады.

Химияны оқытуда қиялды қалыптастырудың негізгі әдісі-белгісіз объектіні образ

түрінде елестету әдісі. Қиял да басқа психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан өтеді. Оқушыларға химияны оқыту

барысында мына тұжырымдарға көңіл бөлген жөн:

• Оқушыларға көрген объектіні мүмкін-

ФИЛОСОФСКИЕ И МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ

Педагогическая наука и практика

ФИЛОСОФСКИЕ И МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ

22

Педагогическая наука и практика

дігінше елестетіп, типтік образ түрінде есте

қалдыруға үйрету;

• Оқушыларға химиялық объектілер мен

ақпараттарды сурет, символ, сызбанұсқа,

шартты белгілер түрінде белгілеуге баулу;

• Химияны оқытуда қолданылатын

кеңістіктік модельдер мен макеттерді әр түрлі проекторда қолданып, химиялық объектілерді көз алдына елестеткенде, қолымен

ұстағандай бейне жасау;

• Оқушылардың қиялын ояту үшін кейбір химиялық объектілерді моделдеу немесе

құрастыру;

• Қиял күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу әртүрлі химиялық өзгерістер орындауды таңдап өткізу.

Есті дамыту әдістері. Ес дегеніміз сыртқы

дүние заттары мен құбылыстарының адам

миында есте қалып, қайтадан жаңғыртылып,

танылып, ұмтылуын бейнелейтін процесс.

Сондықтан химиядан білім беру барысында

оқушылардың есін үздіксіз дамытуда есте

сақтау, есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту

әдістерін пайдаланған жөн. Есте қалдыру арнаулы тәсілдерді қажет етеді, оны тудыратын

тиісті мотивтер болады:

• жазбай есте қалдыру: әртүрлі химиялық

ақпараттарды (фактілер, әлем жүзіндегі ұлы

ғалымдар, жаңа химиялық терминдер, заттардың аттары мен формулалары,т.б.) ойда

жақсы сақтау;

• ақпаратты қайталау арқылы есте қалдыру: оқушыларды химиялық ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдаған соң

бірден есте сақтап, ұмытпай тұрып қайталау

керектігін үйрету; химиялық тәжірибелер

жасау алдында жоспар құрастыру. Жоспар

– тәжірибені жинақты, белгілі арнаға жүйелейді, қорытындылауды анықтайды;

• мағыналы есте қалдыру: ол дегеніміз

нәрсенің мәніне түсіну. Мағыналы түсіну

ойлау процесімен тығыз байланысты. Химиялық фактілер, теориялар, теоретикалық

қадидаларды жақсы ұғынып, терең түсіну,

мағыналы байланыстар жасау, маңызды бел-

гілерін анықтай білу – оны анализдеу, синтездеу, салыстыра жүйелей білуге оқушыларды дағдылау қажет;

• материалды есте сақтау оның эмоциялығында, яғни химиялық аса қызықты

ақиқаттар ойда жақсы сақталады, себебі

іс-әрекет кезінде эмоциялық жағдай жоғарылайды. Мұндай жағдай жаңа материалды

ұғынып, есте сақтауды жеңілдетеді.

Ойлауды дамыту әдістері. Ойлау дегеніміз

сыртық дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының миымызда

жалпылай және жанама түрде сөз арқылы

бейнелеу. Ойлаудың түрлері мен тәсілдері

көп: репродуктивті, продуктивті, теориялық,

сарамандық, көрнекі-нақтылы, көрнекі-бейнелік және сөз-логикалық. Химиядан білім

беруде жоғарыда келтірілген ойлаудың барлық түрін жетілдіре түсіп, тиімді түрде пайдалануды қажет етеді. Химияны оқытуда

теориялық ойлауды дамыту үшін мына біліктілікті қалыптастыру қажет:

• оқу гипотезаларын дәл тұжырымдау

және ұсыну;

• белгілі фактілер мен құбылыстарды

түсіну үшін бар химиялық теориялар мен

заңдылықтарды қолдану;

• химиялық ұғымдардың анықтамаларын дұрыс қалыптастыру;

• оқу процесін жүйелі ұйымдасыру, сабақта бала логикасын дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану;

• әр түрлі ойлау амалдарын – анализ,

синтез, салыстыру, абстракция, нақтылау,

топтастыру, жүйелеу, жалпылау және т.б. жиі

қолдану

Сарамандық ойлауды дамыту жолдары:

• химиялық эксперименттерді жиі пайдалану;

• химиялық объектілерді моделдеу, химиялық құралдарды құрастыру және олардың

нақты жағдайда жұмыс істеуін химиялық

ұғымдар мен заңдылықтарды қалыптастыруда қолдану.

Сөз-логикалық ойлауды дамыту жолдары:

3(41)/2023

• химиялық терминдерді, заттардың атауын химиялық тілмен дәл және тиянақты ой

білдіретіндей етіп сөйлеуді үйрету;

• химиялық ұғымдар мен заңдар анықтамасына, ғылыми теориялардың негізгі

қағидаларын тұжырымдауға, химиялық

ұғымдар, фактілер, заңдар мен теорияларды

ұмыту пайдалануға әртүрлі жаттығулар қолдану.

Ойлауды дамыту оқушылардың білімге

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

құмарлығын, тану қызығуларын, көзқарасы мен сенімін арттырады. Оқушылардың

ойлау қабілетін дамытуды қамтамасыз етуде теориялар мен заңдардың маңызы зор.

Ю.В.Ходаковтың еңбегінде оқушылардың

логикалық ойлауын дамытудың мазмұнына

мыналарды жатқызады:

• бақылаған нәрселерін салыстыру

арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын

анықтай білу;

• нәрсені ой жүзінде жеке бөлітктерге

жіктеу (анализ), оларды қайтадан біріктіру

(синтез) арқылы нәрсенің тұтас күйін және

жеке бөліктерінің арасындағы байланысты

танып білу, нәрселердің елеулі қасиеттерін

елеусіздерінен ажыратып, бөле білу;

• бақылаулардан және жеке деректерден тиісті қорытынды жасап, дұрыстығын

тексере білу;

• өз ойының дұрыстығын дәлелдеп,

жалған болжамдарды теріске шығара білу;

• өз ойын анық, жүйелі және нанымды

баяндауға үйрету.

Оқушылардың ақыл-ойы білім мен білікті игеру барысында дамиды. Жеке сыныптар

бойынша теориялық және деректі материалдардан, химиялық тілден, химиялық эксперминт жасаудан, сан есептерін шығарудан

қалыптасатын білім мен біліктердің тізбегі

мемлекеттік бағдарламада көрсетілген.

Эмоцияны дамыту әдістері. Айналадағы

заттар мен құбылыстардың, адамдардың

қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық

процестің түрін сезім деп атайды. Оның ор3(41)/2023

23

ганикалық қажетпен байланысып жатқан

қарапайым түрін «эмоция» дейді. Эмоцияға

қуану, шошу, күлу, зерігу, үрейлену және т.б.

жатады.

Химияны оқыту барысында химиялық

тәжірибелер, эстетикалық жағынан сәнді

безендірілген көрнекі құралдар эмоция тудыруы мүмкін. Сонымен қатар оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалауда эмоция

байқалады. Сондықтан мұғалім бұл әрекеттерге мұқият көңіл бөлуі тиіс.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Бәсекеге

қабілетті, дамыған мемлекет болу үшін біз

сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деген болатын. Содан бергі кезең ішінде

білім сапасын арттыру, біліктілікті күшейту,

сөйтіп ел тәуелсіздігін орнықтыруға ұрпақтың үлес қосу мәселесі алға жылжумен

келеді. Шын мәнінде, көз ілеспес шапшаңдықпен дамып, жедел өзгеріп дамыған мына

дүбірлі дүниеде, Елбасы айтқандай, сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден

сіңісіп кеткен қағидалардан арылып, рухани

жағынан серпілуіміз, жаңғыруымыз қажет.

Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі

ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты

қағидасы. Қазіргі заманғы мұғалім- информатор, бақылаушы, тексеруші, ізденуші,

зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл

тұлға болып өзгерген.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1А.Салихова. Оқушылардың шығармашылығын дамыту// Ғылыми әдістемелік

журнал, № 5 – 2009 ж.

2.И. Нұғыманов. Химияны оқыту әдістемесі // Алматы:Print- S 2005.

3.Л.С.Омарова. Химияны оқыту әдістемесі. //[Электрондық ресурс]:- Шымкент:

М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2007.

4.М.Құрманәлиев. Химиялық білім беру//

Химик анықтамалығы, №1(27) – 2012 ж.

ФИЛОСОФСКИЕ И МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ

Педагогическая наука и практика

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.