Научная статья на тему 'РАЗВИТИЕ НАВЫКОВ КРИТИЧЕСКОГО МЫШЛЕНИЯ ИНДИВИДА В СИСТЕМЕ ОБРАЗОВАНИЯ'

РАЗВИТИЕ НАВЫКОВ КРИТИЧЕСКОГО МЫШЛЕНИЯ ИНДИВИДА В СИСТЕМЕ ОБРАЗОВАНИЯ Текст научной статьи по специальности «Гуманитарные науки»

CC BY
59
8
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Журнал
Yessenov science journal
Область наук
Ключевые слова
критическое мышление / молодое поколение / образование / цифровизация / глобализация / национальная безопасность / образование / современные информационные технологии. / critical thinking / younger generation / education / digitalization / globalization / National security / education / modern information technologies.

Аннотация научной статьи по Гуманитарные науки, автор научной работы — Набиева Лаззат Иксатовна

В связи с активным ростом цифровых информационных технологий в эпоху глобализации скорость распространения информации не только возросла, но и представляет угрозу информационной безопасности государства. В частности, распространение различных деструктивных мнений через Интернет подготовило почву для того, чтобы сегодняшнее молодое поколение стало жертвой негативной информации. В связи с этим в данной статье показано, что развитие критического мышления у подрастающего поколения должно быть основной целью отечественного воспитания, а также важным способом воспитания детей в соответствии с требованиями времени. В ходе исследования всесторонне раскрывается важность критического мышления для современного информационного общества. На самом деле в отечественной системе образования, в первую очередь, при организации учебного процесса необходимо проводить целенаправленную и регулярную работу со студентами по развитию критического мышления. Однако задачи, направленные на развитие критического мышления в традиционном содержании предметов, предусмотренных программами среднего и высшего образования, в большинстве случаев не рассматриваются. Поэтому в статье автор представляет важность формирования навыков критического мышления у подростка на сегодняшний день и несколько способов его реализации. Вместе с тем, в ходе написания данной статьи сделан углубленный обзор основных научно-теоретических и методических работ, написанных отечественными и зарубежными учеными по теме развития критических навыков у молодежи. Базу данных статьи составляют результаты, полученные методом наблюдения среди студентов, обучающихся в высших учебных заведениях. Кроме того, при раскрытии темы и проведении ее научного анализа использовались методы систематизации, сравнительного анализа, индукции и дедукции, являющиеся общенаучными методами в области гуманитарных наук. В подтверждение выводов, изложенных в статье, приведены результаты анкетно-опросного исследования, проведенного среди молодежи, обучающейся в средних и высших учебных заведениях.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

DEVELOPMENT OF CRITICAL THINKING SKILLS OF AN INDIVIDUAL IN THE EDUCATIONAL SYSTEM

Due to the active growth of digital information technologies in the era of globalization, the speed of information dissemination has not only increased, but also poses a threat to the information security of the state. In particular, the dissemination of various destructive opinions through the Internet has set the stage for today's younger generation to fall prey to negative information. In this regard, this article shows that the development of critical thinking in the younger generation should be the main goal of domestic education, as well as an important way to educate children in accordance with the requirements of the time. The study comprehensively reveals the importance of critical thinking for the modern information society. In fact, in the domestic education system, first of all, when organizing the educational process, it is necessary to carry out purposeful and regular work with students to develop critical thinking. However, tasks aimed at the development of critical thinking in the traditional content of subjects provided for by the programs of secondary and higher education are not considered in most cases. Therefore, in the article the author presents the importance of developing critical thinking skills in a teenager today and several ways to implement it. At the same time, in the course of writing this article, an in-depth review of the main scientific, theoretical and methodological works written by domestic and foreign scientists on the development of critical skills among young people was made. The database of the article consists of the results obtained by the method of observation among students studying in higher educational institutions. In addition, when revealing the topic and conducting its scientific analysis, the methods of systematization, comparative analysis, induction and deduction, which are general scientific methods in the field of the humanities, were used. In confirmation of the conclusions set forth in the article, the results of a questionnaire survey conducted among young people studying in secondary and higher educational institutions are given.

Текст научной работы на тему «РАЗВИТИЕ НАВЫКОВ КРИТИЧЕСКОГО МЫШЛЕНИЯ ИНДИВИДА В СИСТЕМЕ ОБРАЗОВАНИЯ»

ӘОЖ 376.1

МРНТИ 06.81.23

DOI 10.56525/QTYO1113

БІЛІМ БЕРУДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ

СЫНИ ТҰРҒЫДА

ОЙЛАУ КАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

НАБИЕВА Л.И.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар

және инжиниринг университеті

Ақтау, Қазақстан

E-mail: [email protected]

Аңдатпа. Жаһандау заманында цифрлы ақпараттық технологиялардың күн санап қарқынды өсуіне байланысты ақпараттың таралуының жылдамдығы ғана артып қойған жоқ, сонымен бірге мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігіне де біршама қауіп-қатер төндіріп отыр. Әсіресе, интернет көзі арқылы түрлі деструктивті пікірлердің таралуы бүгінгі жас буынның теріс пиғылдағы ақпараттардың құрбанына айналуына жол ашты. Бұл дегеніміз бірінші кезекте ұлттық қауіпсіздігіміздің ақпараттық саласына төніп отырған бірден бір қатер екендігі рас. Осыған байланысты аталмыш мақалада жас ұрпақтың бойында сыни ойлауды дамыту отандық білім беру саласының басты мақсаты болуы керек екендігі, сондай-ақ, уақыт талабына сай бала тәрбиелеудің маңызды жолы екендігі көрсетіледі. Зерттеу барысында сыни ойлаудың бүгінгі ақпараттық қоғам үшін маңыздылығы жан-жақты ашылып көрсетіледі. Шын мәнінде, отандық білім беру жүйесінде ең алдымен оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде сыни тұрғыдан ойлауды дамыту бойынша білім алушы жастармен мақсатты түрде тұрақты жұмыс жасалуы қажет. Алайда, орта және жоғарғы білім беру бағдарламасымен берілген пәндердің дәстүрлі мазмұнында сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға бағытталған міндеттер көп жағдайда қарастырылмаған. Сондықтан автор мақалада жасөспірімнің бойында бүгінгі күні сыни ойлау дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығын және оны іске асырудың бірнеше жолдарын ұсынады. Сонымен бірге осы мақаланы жазу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың жастардың бойында сыни қабілеттерді дамыту тақырыбында жазылған негізгі ғылыми теориялық-әдіснамалық еңбектерге терең шолу жасалынады. Мақаланың деректік базасын жоғарғы оқу орындарында білім алушы студенттер арасында жүргізілген бақылау тәсілі арқылы алынған нәтижелер құрайды. Оған қоса тақырыпты ашуда және оған ғылыми талдау жасауда гуманитарлық ғылым саласында жалпы ғылыми әдістер саналатын жүйелеу, салыстырмалы талдау, индукция және дедукция тәсілдері қолданылды. Мақалада айтылған тұжырымдарды дәлелдеу үшін орта және жоғарғы оқу орындарында білім алушы жастар арасында жүргізілген сұрақ-жауап, сауалнамалық зерттеулер нәтижелері берілді.

Түйінді сөздер: сыни ойлау; жас ұрпақ; тәрбие беру; цифрландыру; жаһандану; ұлттық қауіпсіздік; білім; қазіргі ақпараттық технологиялар.

Кіріспе. Ойлану жер бетінде тек адам баласына тән барлық танымдық іс-әрекеттің негізі болып табылады. Бұл дегеніміз қоршаған ортадан алған түрлі ақпараттарды талдау және сана елегінен өткізу деген мағынаны білдіреді. Мәселен, ойлау үрдісі – елестету, белгілі бір мәселені шешу, ойталқы және талқылау сияқты бірнеше кезеңнен тұрады. Соның ішінде сыни тұрғыда ойлау үрдісі негізінен абстракциялау, пайымдау және шешім қабылдау арқылы жүзеге асады. Ойлау тек адамды басқа тіршілік иелерінен жоғары қоятын ерекше қабілеттердің бірі. Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ ойлау қабілеті біздің өміріміздің басты жетістігі болып табылады, өйткен себебі бәріміздің өмірде алға қойған мақсатымыз бар. «Сын тұрғысынан ойлану» терминінің мағынасы философия және психология ғылымдары әр түрлі анықтама береді, бірақ жалпы мағынада бұл терминнің нақты мағынасы жоқ.

«Сыни ойлану» гректің «kritikos» сөзінен шыққан, талдау, сынау және тексеру сынды мағынаны береді. Ежелгі грек ойшылдары Сократ, Платон және Аристотель өздерінің сұқбаттары мен трактаттарында сыни ойлау туралы тұжырымдамаларын береді. Платонның пікірі бойынша адамның белсенді және өз бетімен әрекеті нәтижесінде жауапкершілікке ие болу сыни ойлаудың басты шарты болып табылады. Сыни ойлау туралы білімнің дамуына ежелгі грек философы Аристотель де үлкен үлес қосқан. Аристотельдің айтуы бойынша адамның санасы денесіне тәуелді емес, мәңгілік өзгермейтін қалыпқа ие тек сана-сезім ғана деген көзқарас білдіреді [1].

Сыни ойлауды адам бойында қалыптастырып, оны одан әрі қарай күнделікті өмірде қолдануды үйрететін бұл - білім саласы екені анық. Білім алу бүгінгі таңда адамдардың ең негізгі қажеттілігін, адамның дамуын қамтамасыз ететін процесс. Ағылшын ғалымы Мейердің пікірінше, білім берудің мақсаты жеке тұлғаны тәрбиелеу, көмектесу, оның ішінде бұрыннан бар әлеуетті толық іске асыру болып табылады [2, б. 633]. Жас өспірімнің ой-өрісін дамыту кездейсоқ емес, ол білім беру саласының басты ісі болуы керек деген тәрбиелік ұстанымдарды әрқашан баста назарда болу керек. Білікті білім беру барысында жастарға қазіргі уақыттың талабына сай тәлім-тәрбие мен білімнің бағытын бейімдеп отыру қажет. Нәтижесінде білім алушылар алған білімдерін және оқу әдістерін бағалай отырып, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін аша алады.

Материалдар мен зерттеу әдістері. Аталмыш жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың жастардың бойында сыни қабілеттерді дамыту тақырыбында жазылған негізгі ғылыми теориялық-әдіснамалық еңбектерге терең шолу жасалынды. Сонымен бірге мақаланың деректік базасын жоғарғы оқу орындарында білім алушы студенттер арасында жүргізілген бақылау тәсілі арқылы алынған нәтижелер құрайды. Оған қоса тақырыпты ашуда және оған ғылыми талдау жасауда жалпы ғылыми әдістер саналатын жүйелеу, салыстырмалы талдау, индукция және дедукция, сондай-ақ, орта және жоғарғы оқу орындарында білім алушы жастар арасында жүргізілген сұрақ-жауап, сауалнамалық зерттеулер арқылы дәлелденген тұжырымдар қолданылды.

Зерттеу нәтижелері. Жасөспірім инновациялық-технологиялық тұрғыда жоғары қарқынмын дамып отырған индустриалды қоғамда табысты еңбек етуі үшін олар үнемі өзгеріп отыратын әлемде ақпаратты алу және өңдеу үшін қажетті өмір бойы білім алу және ойлау дағдыларымен қарулануы керек. Әрбір студентте сыни тұрғыдан ойлаудың тиімді дағдысы болуы керек және олар ешнәрсені қарапайым деп қабылдамауы керек. Осы орайда бүгінгі күні әрбір педагогтың алдында жастарға сыни тұрғыдан ойлауды қалай үйретуге болады? ¬- деген сұрақ туындап отыр. Сыни тұрғыдан ойлауда оқытуды ұйымдастырудың бірнеше жолы бар. Мысалы, біз жеке курстар немесе бөлімдерді оқыту кезінде барлық оқытатын нәрселерге сыни тұрғыдан ойлауды енгізе отырып аралас тәсілді пайдалана аламыз. Жеке курстар немесе бөлімдерде бірінші кезекте сыни ойлау тәсіліне бейімділікке мән беру қажет, ол үшін дағдылар мен білімдерге арналған арнайы оқытатын материалдар қажет болады. Оның бірақ басты кемшілігі – бекітілген оқу бағдарламалары мен материалдарды кеңінен қамтитын негізгі оқу жоспарынан ауытқу орын алуы ғажап емес. Соңғы уақыттарда жұмыс берушілер қызметкерлердің ойлау қабілеті мен сыни ойлау қабілетінің жоқтығына шағымданады. Бұл қабілеттер өте маңызды, өйткені бұрынғы жұмыс орындарымен салыстырғанда қазіргі заманғы жұмыс ортасы көбірек ойлау мен мәселелерді шешу қабілеттерін қажет етеді. Бұл жағдайды тек білім беру саласында ғана де бейімдеп дамытуға болады. Сыни тұрғыдан ойлау жеке интеллект терминімен тең дәрежеде емес және онымен шатастырып қате түсінбеу керек. Сыни тұрғыдан ойлау кез-келген уақытта дамытуға болатын дағды. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың әртүрлі әдістемелік жолдарын іздестіруде оны өлшемдермен өлшеуге және талдауға болады. Бұл көптеген ғалымдар мен сарапшылар өздерінің ғылыми еңбектерінде сыни ойлау туралы әртүрлі гипотеза жасайтынын білеміз. Өйткені сыни ойлаудың өміршеңдігін соңғы уақытта көптеген адамдар түсінді [3].

Қазіргі кезде сыни ойлау қабілетін дамыту өзінің маңыздылығын жоғалтпай, керісінше күннен күнге қажеттілігі артып отыр. Оның басты себебі ақпараттар ағымы күшті заманда өзіңе керегін ғана таңдап алу және тұтыну болып табылады. Осы тұста сыни тұрғыдан ойлану әртүрлі идеялармен және ақпаратпен әрекеттесу тәсілі болып табылады. Студенттер сыни тұрғыдан ойлаған кезде, олар өз бетінше ойлауға, сұрақтар қоюға, оқиғаларды талдауға және синтездеуге, жаңа гипотезаларды құру және оларды фактілермен сынау арқылы нәрселерді бір қадам алға жылжытуға ынталандырылады. Сұрақтар сыни тұрғыдан ойлаудың ірге тасы болып табылады, ол өз кезегінде білімді қалыптастырудың қайнар көзі екенін де ешкім жоққа шығара алмайды. Сондықтан жастар бойында сыни ойлау дағдысын қалыптастыру барлық деңгейлік оқу бағдарламаның негізі ретінде оқытылуы керек.

Студенттердің оқу тәсілі көбінесе мұғалімнің қатысуымен басқарылатын аудитория көлемінде алынатын тәжірибеге негізделеді. Бұл жағдай бүгінгі педагогтарды алаңдатады, сол себепті де олар оқушыларды тиімді ойлауға бағыттайтын соңғы үлгілер мен әдістерді таңдағанды жөн көреді. Сыни тұрғыдан ойлау студенттер ақпаратты талдағанда, бағалағанда, интерпретациялағанда немесе синтездегенде және шығармашылық ойлауды дәлелдеуге, мәселені шешуге немесе қорытындыға келуге қолданғанда пайда болады. Сыни тұрғыдан ойлаудың мақсаты - ойлау мен іс-әрекетте тәуелсіз ойлауға, жеке дербестікке негізделген пайымдауға ықпал ету. Бұл өзара байланысты екі өлшемді қамтиды, олар: біріншіден дұрыс пайымдай білу; екіншіден оған бейімділік таныту [4].

Сыни тұрғыдан ойлау шығармашылықпен қатар логиканы да дамытады. Бұл индуктивті және дедуктивті ойлауды, талдауды және мәселені шешуді, сонымен қатар проблемалар мен мәселелерді шешуге шығармашылық, инновациялық және интеграцияланған тәсілдерді қамтуы мүмкін. Әрбір оқушыда сыни тұрғыдан ойлаудың тиімді дағдысы болуы керек және олар ешнәрсені қарапайым деп қабылдамауы керек, бірақ оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауды қалай үйретуге болады? Сыни тұрғыдан ойлауда оқытуды ұйымдастырудың бірнеше жолы бар: Біз жеке курсты немесе бөлімді оқыта аламыз, біз барлық оқытатын нәрселерге сыни тұрғыдан ойлауды енгізе аламыз немесе аралас тәсілді пайдалана аламыз.

Сыни тұрғыдан ойлауға арналған алғашқы зерттеулер 1960 жылдары басталды. Зерттеушілер өздерінің зерттеулерінде сыни ойлауды екі негізгі көзқарас арқылы түсіндіруді мақсат етті. Біріншіден, философиялық көзқарас позитивті ойлау нормаларына, объективті дүниетаным үшін қажетті адам ойлауының және танымдық дағдыларының тұжырымдамасы мен мотивіне тоқталды. Екіншіден, психологиялық көзқарас ойлауға және эксперименталды зерттеулерге арналды [5]. Ойлауды оқытуда жеке айырмашылықтар және сыни тұрғыдан ойлаудың бір бөлігі болып табылатын мәселені шешу тұжырымдамасы алға қойылды. Осы екі көзқарасқа сәйкес сыни ойлау дағдысы қорытындыларды анықтау, мәселені зерттеу, қорытынды жасау және қателерді диагностикалау сияқты дағдылардан құралады деп пайымдалды. Осылайша, сыни ойлауды белгілі бір ойлау режиміне немесе дағдысына сәйкес келетін және оны үнемі жетілдіріп отыруды қажет ететін тәртіпке негізделген өзін-өзі басқаратын ойлау ретінде құруды ұсынды [6]. Осылайша концептуализацияланған сыни ойлауды өз мүдделеріне қарамастан әртүрлі тұлғалардың немесе топтардың мүдделерін ескеруге дайын, әділетті, сыни тұрғыдан ойлайтын тұлғаларды дамытуға баса назар аудару керек. «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы 20 ғасырдың аяғында АҚШ-та басталды. Ол ұжымдық және топтық оқыту тәсілдерінің, сонымен қатар ынтымақтастық, дамыта оқыту технологияларының идеялары мен әдістерін синтездейді, ол жалпы педагогикалық пән [7]. Бұл технология оқу мен жазу процесінде ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыратын біртұтас жүйе болып табылады. Ол ашық ақпараттық кеңістіктің негізгі дағдыларын меңгеруге, мәдениетаралық өзара әрекеттестікке кіретін ашық қоғам азаматының қасиеттерін дамытуға бағытталған. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы білім беру саласындағы көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі.

Сыни тұрғыдан ойлау – адамның интеллектуалдық әрекетінің бір түрі, оны қоршаған ақпараттық өрісті қабылдаудың, түсінудің, көзқарастың объективтілігінің жоғары деңгейімен сипатталады. Сондықтан сыни тұрғыдан ойлауға сай жұмыс істейтін мұғалімдер нәтижелі пікір алмасуға қажетті қасиеттерді: төзімділік, басқаны тыңдай білу, өз көзқарасына жауапкершілікті дамытуға көп көңіл бөледі. Осылайша, мұғалімдер оқу-тәрбие процесін сынып қабырғасынан тыс жерде өтетін шынайы өмірге әлдеқайда жақындата алады. Кез келген педагогикалық іс-әрекет түптеп келгенде идеалды қоғам құруға бағытталады, осы тұрғыдан алғанда сыни тұрғыдан ойлау негіздерін меңгерген кез-келген оқу орнының үлкен мақсаттарға жету жолындағы қадамы болып табылады [8].

Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы білім берудегі тиімді тәсілге негізделген әдісті қолдайтын білім беру технологияларының бірі болып табылады. Білім беру үдерісінің құрылымын, мазмұнын және ұйымдастырылуын мақсатты өзгертуге байланысты сапалы білімнің қолжетімділігі қамтамасыз етіліп, оқушылардың қабілеттерін, бейімділіктері мен қызығушылықтарын ескере отырып, жеке білім беру траекториясын құру мүмкіндіктерін кеңейту үшін жағдай жасау қажет. Сыни тұрғыдан ойлау зерттеушілік мәдениетін, оқу мәдениетін қалыптастыруға және ойлайтын тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал етеді.

Сыни тұрғыдан ойлау – ақпараттық шындықпен тиімді әрекеттесуге мүмкіндік беретін психикалық стратегиялар мен коммуникативті сапалар жүйесі. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы және оның негізгі стратегиялары ойлаудың дамуын, коммуникативті және шығармашылық қабілеттердің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Бұл технология қазіргі кезеңдегі білім беру мақсаттарына жауап береді, оқушы мен мұғалімді ақпаратпен жұмыс істеу тәсілдерімен, оқуды ұйымдастыру әдістерімен, өзін-өзі тәрбиелеумен және өзіндік бағдарын жобалаумен қаруландырады. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясын сабақта пайдалану балалардың бойында дербестік, жауапкершілік, қазіргі жағдайға бейімделе білуге септігін тигізеді, оқушылардың монологтық және диалогтік сөйлеуін дамытады, оқуға деген ынтасын арттырады. Ең бастысы - өз бетінше білім алу, қазіргі кезде өзін-өзін дамыту және жаңаша түрде әлеуметтенуге жол ашады.

Қорытынды. Жоғарыда айтылған пікірталастардан біздің түйгеніміз сыни тұрғыдан ойлау өмірдің кез келген саласында қажет. Атап айтқанда денсаулық сақтау саласында қызмет ететін адамдар, психологтар, кеңесшілер және педагогтар сияқты адамның өміріне тікелей араласатын мамандар күделікті тәжірибеде және басқару саласында сыни тұрғыдан ойлай алатын болуы керек екеніне көз жеткіздік. Оқытушылар сыни тұрғыдан ойлауды білім беру ісінде жүзеге асыра алуы үшін олар ең алдымен сыни ойлауға және оның философиясына бейімделуі керек. Соңғы уақытта ақпараттық технологиялардың жедел дамуы нәтиежсінде орын алған әлеуметтік өзгерістер білім беру жүйесіне тікелей әсер етті. Білім беру және маман даярлау саласы уақыт талабына сай соңғы онжылдықта айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.

Осы орайда XXI ғасырда адам баласына басты қажет дағдылардың бірі ретінде танылған сыни тұрғыдан ойлау міндетті түрде білім беру саласында жаппай қолданылу керек. Осы мақаланы жазуға деген қажеттілік сыни ойлау қабілетін дамыту қажеттілігін дәлелдеуден және оқырман қауымға жан-жақты түсіндіруден туындады. Осылайша, жүргізілген зерттеу жұмысы барсында алға қойған мақсатқа қол жеткізілді, міндеттер толығымен орындалды деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл зерттеу осымен аяқталмайды. Оқу-әдістемелік кешенді құруда сыни тұрғыдан ойлауды дамыту тұрғысынан алда оқытылатын пән бойынша жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуді бақылау жүйесіне өзгерістер енгізу жоспарлануда. Зерттеу тақырыбын одан әрі келешекте дамыту үшін көтерілген тақырыптың заңды жалғасы ретінде сыни ойлау мен эмоционалдық интеллекттің дамуы арасындағы байланысты зерттеу болуы мүмкін.

ӘДЕБИЕТТЕР

[1]. Луканин Р.К. «Органон» Аристотеля». – Москва: 1984. – 304 с.

[2]. Meyer L.H. Advocacy, research and typical practices: A call for the reduction of discrepancies between what is and what ought to be and how to get there. In L.H. Meyer, C.A. Peck, & L. Brown (Eds.), 1991. – P. 629–649.

[3]. Минкина, Ф. Ф. Критическое мышление учащихся и педагогические способы его формирования: дис... канд. педаг. Наук. – Казань, 2000. − 166 c.

[4]. Векслер, С.И. Развитие критического мышления старшеклассников в процессе обучения: Автореферат / С.И. Векслер. – Киев, 1974. - 24 с.

[5]. Долговых О.Г. Формирование критического мышления в профессиональном самоопределении студентов. Ижевск: Изд-во Ижевской гос. с.-х. академии, 2004. – 115 с.

[6]. Халперн Д. Психология критического мышления. – СПб.: Питер,2000.

[7]. Заир-Бек С.И., Муштавинская И.В. Развитие критического мышления на уроке. М.: Просвещение, 2004. – 175 с.

[8]. Клустер Д. Что такое критическое мышление. – М.: ЦГЛ, 2005. – С. 5-13

REFERENCES

[1]. Lukanin R.K. «Organon» Aristotelya»[Organon" by Aristotle].–Moskva:1984.–304s.[in Russian]

[2]. Meyer L.H. Advocacy, research and typical practices: A call for the reduction of discrepancies between what is and what ought to be and how to get there. In L.H. Meyer, C.A. Peck, & L. Brown (Eds.), 1991. – P. 629–649.[in English]

[3]. Minkina, F. F. Kriticheskoe myshlenie uchashchihsya i pedagogicheskie sposoby ego formirovaniya [Critical thinking of students and pedagogical ways of its formation]. dis... kand. pedag. Nauk. – Kazan', 2000. − 166 c.[in Russian]

[4]. Veksler, S.I. Razvitie kriticheskogo myshleniya starsheklassnikov v processe obucheniya [Development of critical thinking of high school students in the learning process]. Avtoreferat / S.I. Veksler. – Kiev, 1974. - 24 s.[in Russian]

[5]. Dolgovyh O.G. Formirovanie kriticheskogo myshleniya v professional'nom samoopredelenii studentov [Formation of critical thinking in professional self-determination of students]. Izhevsk: Izd-vo Izhevskoj gos. s.-h. akademii, 2004. – 115 s.[in Russian]

[6]. Halpern D. Psihologiya kriticheskogo myshleniya [Psychology of critical thinking]. – SPb.: Piter, 2000.[in Russian]

[7]. Zair-Bek S.I., Mushtavinskaya I.V. Razvitie kriticheskogo myshleniya na uroke [The development of critical thinking in the classroom]. M.: Prosveshchenie, 2004. – 175 s. [in Russian]

[8]. Kluster D. Chto takoe kriticheskoe myshlenie [What is critical thinking]. – M.: CGL, 2005. – S. 5-13.[in Russian]

Набиева Лаззат Иксатовна

Магистр педагогических наук, Каспийский университет технологии и инжиниринга имени Ш. Есенова, г. Актау, Казахстан

РАЗВИТИЕ НАВЫКОВ КРИТИЧЕСКОГО МЫШЛЕНИЯ ИНДИВИДА В СИСТЕМЕ ОБРАЗОВАНИЯ

Аннотация. В связи с активным ростом цифровых информационных технологий в эпоху глобализации скорость распространения информации не только возросла, но и представляет угрозу информационной безопасности государства. В частности, распространение различных деструктивных мнений через Интернет подготовило почву для того, чтобы сегодняшнее молодое поколение стало жертвой негативной информации. В связи с этим в данной статье показано, что развитие критического мышления у подрастающего поколения должно быть основной целью отечественного воспитания, а также важным способом воспитания детей в соответствии с требованиями времени. В ходе исследования всесторонне раскрывается важность критического мышления для современного информационного общества. На самом деле в отечественной системе образования, в первую очередь, при организации учебного процесса необходимо проводить целенаправленную и регулярную работу со студентами по развитию критического мышления. Однако задачи, направленные на развитие критического мышления в традиционном содержании предметов, предусмотренных программами среднего и высшего образования, в большинстве случаев не рассматриваются. Поэтому в статье автор представляет важность формирования навыков критического мышления у подростка на сегодняшний день и несколько способов его реализации. Вместе с тем, в ходе написания данной статьи сделан углубленный обзор основных научно-теоретических и методических работ, написанных отечественными и зарубежными учеными по теме развития критических навыков у молодежи. Базу данных статьи составляют результаты, полученные методом наблюдения среди студентов, обучающихся в высших учебных заведениях. Кроме того, при раскрытии темы и проведении ее научного анализа использовались методы систематизации, сравнительного анализа, индукции и дедукции, являющиеся общенаучными методами в области гуманитарных наук. В подтверждение выводов, изложенных в статье, приведены результаты анкетно-опросного исследования, проведенного среди молодежи, обучающейся в средних и высших учебных заведениях.

Ключевые слова: критическое мышление; молодое поколение; образование; цифровизация; глобализация; национальная безопасность; образование; современные информационные технологии.

Nabieva Lazzat Iksatovna

Master of Pedagogical Sciences, Caspian University of Technology and Engineering named after Sh. Yessenov, Aktau, Kazakhstan

DEVELOPMENT OF CRITICAL THINKING SKILLS OF AN INDIVIDUAL IN THE EDUCATIONAL SYSTEM

Abstract. Due to the active growth of digital information technologies in the era of globalization, the speed of information dissemination has not only increased, but also poses a threat to the information security of the state. In particular, the dissemination of various destructive opinions through the Internet has set the stage for today's younger generation to fall prey to negative information. In this regard, this article shows that the development of critical thinking in the younger generation should be the main goal of domestic education, as well as an important way to educate children in accordance with the requirements of the time. The study comprehensively reveals the importance of critical thinking for the modern information society. In fact, in the domestic education system, first of all, when organizing the educational process, it is necessary to carry out purposeful and regular work with students to develop critical thinking. However, tasks aimed at the development of critical thinking in the traditional content of subjects provided for by the programs of secondary and higher education are not considered in most cases. Therefore, in the article the author presents the importance of developing critical thinking skills in a teenager today and several ways to implement it. At the same time, in the course of writing this article, an in-depth review of the main scientific, theoretical and methodological works written by domestic and foreign scientists on the development of critical skills among young people was made. The database of the article consists of the results obtained by the method of observation among students studying in higher educational institutions. In addition, when revealing the topic and conducting its scientific analysis, the methods of systematization, comparative analysis, induction and deduction, which are general scientific methods in the field of the humanities, were used. In confirmation of the conclusions set forth in the article, the results of a questionnaire survey conducted among young people studying in secondary and higher educational institutions are given.

Key words: critical thinking; younger generation; education; digitalization; globalization; National security; education; modern information technologies.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.