Научная статья на тему 'Қазақ тілі сабағында айтылым дағдысын калыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері'

Қазақ тілі сабағында айтылым дағдысын калыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері Текст научной статьи по специальности «Науки об образовании»

CC BY
371
51
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Ключевые слова
тиімділік / сөйлеу / тапсырмалар / қарым­ / эффектив­ность / говорение / задания / общение / efficiency / spea­ king skills / tasks / communica­ tion

Аннотация научной статьи по наукам об образовании, автор научной работы — Утралинова Гульнур Сериковна

Мақала «қалай?» практикалық сипатын иеленеді. Қазақ тілі сабағында сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдістері қарастырылады. Оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал ететін ұсыныстар мен тапсырмалардың мысалдары келтірілген: мазмұнды түсіну үшін әртүрлі стильдегі мәтіндерді ұсыну; мәтін мазмұны бойынша қарама-қарсы пікірлер айту, өзіңізді дәлелдеу; мәтіндегі оқиғаларды, әрекеттерді салыстыра білу; ұсынылған тақырып бойынша сұрақтар қою және жауап беру және т.б.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

Статья носит практический характер и отвечает на вопрос «Как?». Рассматриваются эффективные методы формирования навыков говорения на уроке казахского языка. Даны рекомендации и приведены примеры заданий, способствующих развитию у учащихся навыков общения: предлагать тексты различных стилей для понимания содержания; высказывать противоположные мнения по содержанию текста, доказывать своё; уметь сравнивать события, действия в тексте; задавать и отвечать на вопросы по предложенной теме и др.

Текст научной работы на тему «Қазақ тілі сабағында айтылым дағдысын калыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері»

52

Педагогическая наука и практика

УДК 373.1.02: 372.8

ГРНТИ 14.25.09

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА АЙТЫЛЫМ

ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ

ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

Аңдатпа

Мақала «қалай?» практикалық сипатын иеленеді. Қазақ тілі сабағында сөйлеу дағдыларын

қалыптастырудың тиімді әдістері қарастырылады. Оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын

дамытуға ықпал ететін ұсыныстар мен тапсырмалардың мысалдары келтірілген: мазмұнды түсіну

үшін әртүрлі стильдегі мәтіндерді ұсыну; мәтін

мазмұны бойынша қарама-қарсы пікірлер айту,

өзіңізді дәлелдеу; мәтіндегі оқиғаларды, әрекеттерді салыстыра білу; ұсынылған тақырып бойынша сұрақтар қою және жауап беру және т.б.

Аннотация

Статья носит практический характер и отвечает

на вопрос «Как?». Рассматриваются эффективные

методы формирования навыков говорения на уроке

казахского языка. Даны рекомендации и приведены примеры заданий, способствующих развитию

у учащихся навыков общения: предлагать тексты

различных стилей для понимания содержания;

высказывать противоположные мнения по содержанию текста, доказывать своё; уметь сравнивать

события, действия в тексте; задавать и отвечать на

вопросы по предложенной теме и др.

Утралинова Г.С.,

Қостанай облысы

Жітіқара ауданының

«№ 12 жалпы білім беретін

мектеп» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Негізгі сөздер: тиімділік,

сөй­­леу, тапсырмалар, қарым-­

қатынас.

Ключевые слова: эффектив­

ность, говорение, задания, общение.

Keywords: efficiency, spea­

king skills, tasks, communica­

tion.

Annotation

The article is practical in nature and answers the

question "How?". Effective methods of forming

speaking skills at the Kazakh language lesson

are considered. Recommendations and examples

of the tasks that contribute to the development of

communication skills in students: offer texts of various

styles to understand the content; express opposing

opinions on the content of the text, prove your own

one; be able to compare events, actions in the text;

ask and answer questions on the proposed topic, etc.

are given.

4(42)/2023

53

Басқаларды үйрете жүріп, қарайды. Принг (2007) мұғалімдер оқыту

біз өзіміз үйренемі. мен оқытудың барлық аспектілері бойСенека ынша оқушының сөйлегенінің маңызын

мойындағанын қалайды, өйткені танымЖас ұрпақтың жаңаша ойлануына, дық тұрғыдан қалыптасу барысындағы

олардың біртұтас дүниетамының қалып- оқушылар үшін оның қалай жүретінін білтасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім, ген пайдалы.

Соған қарамастан, Дэвис (1996) сыныпбілік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін

жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы та тиімді және нысаналы әңгіме жүргізу

білім беру жүйесіндегі өзекті мәселердің мұғалімдерге әдетте қиынға түсіп жататынын анықтады. Басқа дағдылар сияқты,

бірі.

Тіл – адам баласын қазіргі өркениетке айтылым дағдысына үйрету де жоспарлы

жеткізген ұлы күш. Ол қоғам тарихының түрде жүргізіліп, оған қолдау көрсетіліп,

барлық дәуірінде де оның күресі мен да- лайықты түрде бағамдалуы керек.

Айтылым дағдысын қалыптастыру демуының құралы, рухани өмірінің, бүкіл

мәдениетінің тұтқасы болып келеді. Осы геніміз – оқушылардың сөз мәдениетін,

себептерден де сөйлеу процесінде жетілу, сөйлеу әдебін қалыптастыру, өз ойын

тілді дұрыс және шебер де тартымды пай- дұрыс, нақты және толық жеткізе білуге

далана білу талабы көне замандардың машықтандыру болып табылады. Тілді

жетік меңгерген және оны орынды қолдаөзінде – ақ басталған.

Қазіргі заманғы көптеген жаңа тәсілдер натын оқушы кез келген ортада коммуниақпараттық-үдерістік модельге негізде- кативтік қатынасқа түсе алады. Сонымен

леді. Левелт (1989) төрт үдерісті ұсынады: қатар, сабақта алған білімі мен білігін,

тұжырымдау (мәтінді жоспарлау), қалып- дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі сатастыру (мәтін құру), артикуляция (мәтін- ласында қолдана алуы тиіс.

Жаңа технологияны меңгеру мұға­лімнің

ді айту) және өзін-өзі бақылау (қателерді

тауып, өз бетінше түзету). Оқушыны сөй- кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық

летудің алуан түрлі мақсаттары бар, айта- және де басқа көптеген адами келбетінің

лық, қатысу (араласу) үшін сөйлеу, түсін- қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі

діру үшін сөйлеу, өз білімін байқату үшін дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйсөйлеу, бағамдау үшін сөйлеу. Әр мақсат ымдастыруына көмектеседі.

Қазақ халқының біртуар перзенті, ғабарлық төрт үдерістің болуын көздейді.

Алайда әрбір кезеңге жұмсалған уақыт лым А.Байтұрсынов: «Әдіс – келешектен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаерекшеленетін болады.

Айтылым оның кімге арналғанына, ман болмағы жұмсалатын орнының керек

мақсаты мен мәнмәтінге тығыз байланы- қылуына қарай»-деген екен.

Жаңа технологияны пайдалану, оларсты: бір мезгілде көптеген адам ауызша

қарым-қатынасқа түсе алады немесе оның ды жинау, зерттеу соның нәтижесінбарысына ықпал ете алады. Жазылым тілі- де өз тәжірибесін дамыту – жаңашыл

не қарағанда, айтылым тілінде граммати- мұғалімнің ісі.

Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынка толық сақталмайды, шаблонды фразалар мен қайталамалар жиі қолданылады. ша оқылым, жазылым, айтылым, тыңдаСоның нәтижесінде тыңдаушылар нашар лым дағдыларын дамыту оқушылардың

жазылған мәтінге қарағанда, мардымсыз, алған білімдері мен үйренген дағдыларын

сапасы нашар сөзге анағұрлым төзімді кез келген орта жағдайында қарым-қаты4(42)/2023

ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

Педагогическая наука и практика

ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

54

Педагогическая наука и практика

нас үдерісінде тиімді

қолдануға мүмкіндік береді.

Қазіргі заман талабы

– жан-жақты дамыған,

функционалды сауатты

тұлға тәрбиелеу. Ол үшін

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

оқыту әдістеріне өзгерістер енгізіліп жатыр. Алдымен, тілді үйреніп, сол

тілде ойлап, сол тілде

сөйлейтін азамат даярлау – басты мақсат. Тілді

оқыту оңай іс емес екені

айқын. Оқушы сүйсіне

отырып, құлшыныспен

оқуы

үшін

тиімді,

қызықты,

жаңашыл

әдіс-тәсілдерді қолдану қажет.

• мұғалімдер оқушыларға қалай оқу

керектігіне бағыт-бағдар беріп, өздігінен

білім алудың жолын көрсетеді;

• қушының өзінің біліміне өзі жауапты екенін көрсетіп, өзін-өзі бағалай алуға,

сыни тұрғыдан ойланатын әлеуметтенген

жеке тұлға болып қалыптасуына жетелейді;

• оқушылар мұғалімнің қолдауымен

емін-еркін қарым-қатынасқа түсіп, алған

білімдерін өмірде қолдануға бейімделеді;

• оқушының өзіне деген сенімділігі

оянып, өзіндік көзқарасын білдіре алатын

дамыған тұлға қалыптасады.

Айтылым дағдысын дамытуда қолда­

нылған әдіс-тәсілдер – оқушылардың шы­

ғар­­машылық қабілеттерін, терең ойлай

білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық

көзқарастарын пайымдауын, баға беруін,

танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған.

Жас ұрпақты болашаққа дайындауда

шығармашылық, сын тұрғысынан ойлау,

қарым-қатынас және бірлесіп әрекет ету

мәселелеріне назар аудару маңызды.

• Идея тудыру әдістерін кеңінен пай-

далану (мысалы, миға шабуыл)

• Жаңа және құнды идея ұсыну

• Оның құнын арттыру мақсатында өз идеяларын ұсыну, нақтылау, талдау

және бағамдау.

Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі таңдағы

инновациялық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты

таңдап қолданамын. Атап айтсам, сын

тұрғысынан ойлау, тірек- сызба, дамыта

оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту т.б. Мен

үшін әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық

тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір сабағымда

озық технологияларды пайдалану жақсы

нәтижелер бергенін көрудемін. Әр түрлі

әдістерді сабағымда қолданып, тиімді –

тиімсіз жақтарын зерттеп, ізденіп жүрмін

Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа технологиялардың элементтерін қолдана отырып, айтылым дағдысын дамыту бойынша жұмыс жасауға ерекше көңіл бөлемін.

Өйткені, бұл технология баланың жеке

мүмкіндігіне, өз ойын еркін айта білуге

шығармашылығына бағытталған.

Оқушылардың тыңдалым және ай4(42)/2023

тылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін

тапсырма үлгілері:

• тыңдауға, мазмұнын түсінуге түрлі

стилдегі мәтіндерді ұсыну;

• мәтінді қайталап тыңдау, негізгі ойды

анықтау;

• тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар

қою;

• мәтін бойынша жоспар құру;

• тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;

• мәтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу

• мәтінді өз қиялымен өзгертіп аяқтау;

• мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді

салыстыра талдай алу;

• ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі

бойынша ауызша есеп беру.

Қазақ тілі сабағында айтылым бойынша

жұмыс түрлерін көбірек ұсыну, ойын түрлерін беру, оны кейін практикалық тұрғыда қолдана білуге үйрету жұмыстары өз

нәтижесін беріп келеді.

4(42)/2023

55

Өз сабағымда қолданатын тиімді әдіс-­

тәсілдер:

1.«Көшпелі микрофон» әдісі арқылы

интервью жүргізу.

Берілген сұрақтарға жауап алу арқылы

тыңдалатын мәтінге болжау жасалғанда немесе тыңдалымнан кейін оқушыларға нақты мазмұнды тексеруге бағытталған сұрақтар қойылғанда өте тиімді

келеді. Бұл әдісті тек сабақ үстінде ғана

емес, үй тапсырмасы кезінде де қолдануға болады. Аталған әдісті оқушыларым

шығармашылық жоба құрастыруда пайдаланды. Мысалы, белгілі бір тақырып

бойынша оқушылар (топқа бөлініп) бірнеше сұрақтар дайындайды. Дайындалған

сұрақтармен қала тұрғындарынан ұялы

телефон арқылы интервью алады. Әр топ

интервью алғаннан кейін келесі сабаққа

бейнеролик пен слайдқа жасаған сараптамаларын әкеліп, жұмыстарын қорғайды.

2.«Көрме» («Галереяны шарлау» әдісі

Саймон Браунхилл ұқсас келеді) Талқыланған мәселе, дайындалған постер

бойынша қорытынды жұмыс немесе өнімді ұсыну

арқылы өз жұмысын ұсыну,

идеяларын қорғау, ерекше

идеялар ұсыну. Қабырғаға

дайындалған постер ілінеді. Топтар кабинет ішінде

қозғалысқа түсіп, көрмеге

барады. Қабырға газеттерін

қарайды, сараптайды, талдайды. Көрме аяқталған соң,

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

топтар жұмыстарды талқылайды. Бір-біріне сұрақтар

қойып, пікірлерін тыңдап,

қорытынды жасайды.

3.«Блум түймедағы» Блум

түймедағының алты күлтесі

– сұрақтар типінің алты түрі

4.«Әңгімелесетін әріптестер» Өткен сабаққа сілтеме

жасауды көздейтін баста-

ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

Педагогическая наука и практика

ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

56

Педагогическая наука и практика

пқы немесе бүкіл сыныпқа

арналған тапсырма ретінде

оқушылар әріптестерімен:

* жаңа оқылған 3 факті

туралы;

* оларға жеңіл болып

көрінгендер туралы;

* оларға қиын болып

көрінгендер туралы;

* алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы

ақпарат алмасады.

5. «Мықты топ» Ең алдымен, ойынның басында

топ басшылары анықталады. Олар өздеріне топ құрады. Ойынға қатысушылар

топтары бойынша парта басына отырады. Бір топ тақта

жанында қалады. Басқа топтардың өкілдері оларға оқылған тақырыптары бойынша сұрақтар қояды. Топтың сұрақтары өз

ішінде талдауға 20 секунд беріледі. Содан

кейін бір оқушы жауап береді (кезекпен).

Жеңімпаз топ дұрыс жауаптар мөлшерімен

анықталады.

6.«Еркін пікір» Пікірталастар ұйымдастыру, баяндамалар жасау, реферат, шағын

ғылыми жұмыстарды қорғау – оқушының

білім қорын, іздесін көрсетумен қатар,

сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін

меңгеруіне қызмет етеді.

7.«Жұмбақ зат» Ойынның мақсаты:

оқу­шылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру. Ойынның шарты:

оқушылардың алдына ыдысқа немесе қорапшаға салынып бір зат әкелінеді. Сол

затты мұғалім жауабын айтпай сөзбен

сипаттайды. Оқушылар шешімін табуы

қажет. «Жұппен жұмыс» немесе «Топпен

жұмыс» түрінде өткізуге болады. Бұл жұмыс түрінің мақсаты – балаларды басқа

адамды естуге, тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға, дәлелдеуге, басқаның

пікірімен санасуға мүмкіндік береді.

8.«Егер..., онда не болар еді?» Оқушылардың бірі жүйрік қиял мен бір ситуация

айтады, қалғандары соның шешімін тауып

жалғастыру керек. Мысалы, «Егер әрбір

адам дүниеге келе сала басқалардың ойын

оқи алатын болса, онда Жер бетінде не өзгеріс болар еді.?», «Егер жердің тартылыс

күші жоғалып кетсе, онда...», «Егер барлық адам сөйлеу қабілетінен айырылып

қалса, онда...» Бұл тәсіл оқушылардың қиялын дамытып, мидың ойлау белсенділігін арттырып, сөйлеу әрекеттері шыңдала

түседі.

9.«Ертегі құрастыру» Бастаушы ертегінің бірінші сөйлемін айтады. Қалғандар

бір-бір сөйлемнен өздері қалауынша ертегінің сюжетін құрастырады. Қатысушылардың қиял жүйріктігі, тіл байлығына

қарай түрлі ертегі құрастырылып шығады.

10.«Жақсы сұрақ» Оқушылармен «жақсы» сұрақ ұғымын талқылаңыз. Үдеріс

ашық және жабық сұрақтардың арасындағы айырмашылықтарды анық түсінуге

мүмкіндік береді. Одан кейін олар тақырып бойынша сұрақтар қоя алады және

олардың қайсысы жақсы болғанын шешіп,

4(42)/2023

одан кейін сұрақтардың жауаптарын

талқылауға ауысады.

Белсенді

әдіс-тәсілдерді

қолдану

арқылы айтылым дағдысын дамыту технологиясы сабақ үстінде оқушыға мынандай

мүмкіндіктер беретінін анықтадым:

• мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзі­

нің білім беру қызметін өздері басқаруға;

• білім мәдениеттілігі мен маңызды­

лығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене

және өз бетінше орындауға;

• жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай

тапсырмаларды іздене отырып, белсене

орындауға;

• білім мен мәдени құндылықтарды

игеру ісін топтасып мұғалім көмегінсіз

атқаруы;

• құр мәлімет ғана емес, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізуге;

• рухани және әлеуметтік жағынан өздерін-өздері дамытып, тәрбиелеуге.

Белсенді оқыту әдіс-тәсілдері арқылы

айтылым дағдысын дамыту жаттығуларын

сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.

1.Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан

еркін жауап алуға жағдай жасау.

2.Сенімділікке тәрбиелеу.

3.Қиялын дамыту « менің ойымша» деген жауапқа алуға жағдай жасау.

4.Әр түрлі жауапты соңына дейін

тыңдау.

5.Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.

6.Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.

7.Жеке тұлға ретінде « мен» деген рөлін

көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

Сонымен, аталған стратегияларды пайдалана отырып көп жетістіктерге жетуге

болады. Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір-бірімен пікір таластырып ашық

4(42)/2023

57

сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

бастайды. Өздеріне сенімсіздік білдіріп,

бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын

аз да болса жүйелеп, еркін айта бастайды.

Барлық жұмыс түрлері тілдік материалмен салаларды тізбектеп оқыта берумен

емес, олардың ішінен сөйлеуге қажетті ең

керектілерін сұраптап ала білумен, сөйлеу

материалды танумен, оларды дұрыс қолданумен, сөйлеу әрекетінде тиімді пайдалана білумен де ерекшеленеді. Біріншіден,

оқушыларым дыбыстық ерекшеліктерді

жақсы меңгерген, яғни айтылым дағдылары жоғары. Екіншіден, ауызекі сөйлеу дағдылары жоғары. Күнделікті жұптап, топтап жұмыс істеудің нәтижесінде оқушылар

берілген тақырыпқа, соның ішінде бүгінгі

өзекті деген аймақтық компоненттер тақырыбына сұрақ қоя білу, жауап беру дағдылары даму үстінде.

Ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов былай

деген екен «жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп, соларды оқытуда

қолдана білу арқылы ғана жетуге болады.

Сонымен қатар, бірнеше әдісті меңгеріп

қана қоймай, табанда өзі қажет әдісті тауып, пайдалана білу керек».

Өз пікірін айта алатын, өз көзқарасын қалыптастыра алатын, ұлтын сүйетін оқушы ертеңгі өмірдің ағымына да

төтеп бере алатын азамат болатынына

сенімдімін.

Қорыта айтқанда, аталған әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін,

айтылым дағдыларын дамытуға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді.

Әр сабағымның оқушы көңілінен шы­

ға­­тындай мазмұнды, жүйелі болуы – әдіс-­

тәсілдердің тиімділгінде деп ойлаймын.

ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

Педагогическая наука и практика

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.