Научная статья на тему 'Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушы тұлғасын қалыптастыру'

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушы тұлғасын қалыптастыру Текст научной статьи по специальности «Науки об образовании»

CC BY
64
11
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Ключевые слова
сыни ойлау / даму / проблеманы шешу / оқу тапсырмалары / шығармашылық / өмір сүруге арналған білім / критическое мышление / развитие / решение проблемы / учебные задания / творчество / знания для жизни / critical thinking / development / problem solving / learning tasks / creativity / knowledge for life.

Аннотация научной статьи по наукам об образовании, автор научной работы — Ахметова Гулжазира Даурхановна

Автор сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы арқылы шәкірттерім бірлесіп мәселе түйінін шешу жолдарын табуға жаттығады деп баяндайды. Бұл технологияның ерекшелігі сыни тұрғыдан қарап одан тиісті қорытындылар жасай білуге машықтанады деп тәжірибесінен мысалдар келтіреді. Бастауыш сыныптан бастап шығармашылығын дамытуды сөз етеді. Алған білімдерін өмірмен байланыстыруға жетелейді. Мақала жаңаша әдістерді қамтиды. Өзінің оңтайлы тәжірибесін ортаға салады.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

Автор рассматривает применение стратегий развития критического мышления для обучения учащихся совместному поиску путей решения проблемы. Особенность этой технологии заключается в том, что при критическом подходе к рассмотрению учебных задач обучаемые учатся делать соответствующие выводы самостоятельно. Наряду с этим идет развитие творчества, соотнесение полученных знаний с жизнью.

Текст научной работы на тему «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушы тұлғасын қалыптастыру»

Педагогическая наука и практика

41

ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

УДК 373.1.02:372.8

ГРНТИ 14.25.09

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ

ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ

ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Аннотация

Автор рассматривает применение стратегий

развития критического мышления для обучения

учащихся совместному поиску путей решения проблемы. Особенность этой технологии заключается

в том, что при критическом подходе к рассмотрению учебных задач обучаемые учатся делать соответствующие выводы самостоятельно. Наряду с

этим идет развитие творчества, соотнесение полученных знаний с жизнью.

Annotation

The author supposes that through the program

of critical thinking, the students jointly train to find

ways to solve the problem. She gives examples from

her experience that the specifics of this technology

allow to learn how to draw appropriate conclusions

from a critical point of view. Since primary school, the

development of creativity is made by the word. The

acquired knowledge should be connected with life.

The article contains new methods.

4(42)/2023

Ахметова Г.Д.,

Қостанай облысы әкімдігі

білім басқармасының

"Рудный қаласы білім

бөлімінің Міржақып

Дулатұлы атындағы

жалпы білім беретін

мектебі" КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Негізгі сөздер: сыни ойлау, даму, проблеманы шешу,

оқу тапсырмалары, шығармашылық, өмір сүруге арналған білім.

Ключевые слова: критическое мышление, развитие,

решение проблемы, учебные

задания, творчество, знания

для жизни.

Key words: critical thinking,

development, problem solving,

learning tasks, creativity,

knowledge for life.

ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

Аңдатпа

Автор сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы

арқылы шәкірттерім бірлесіп мәселе түйінін шешу

жолдарын табуға жаттығады деп баяндайды. Бұл

технологияның ерекшелігі сыни тұрғыдан қарап

одан тиісті қорытындылар жасай білуге машықтанады деп тәжірибесінен мысалдар келтіреді.

Бастауыш сыныптан бастап шығармашылығын

дамытуды сөз етеді. Алған білімдерін өмірмен байланыстыруға жетелейді. Мақала жаңаша әдістерді

қамтиды. Өзінің оңтайлы тәжірибесін ортаға салады.

ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

42

Педагогическая наука и практика

«Білім негізі – бастауышта» демекші,

білімнің негізі бастауыштан бастап қаланады. Оқушыны бастауыш сыныптан бастап

шығармашылық ойлауға, өз бетіне шешім

қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға, оларды шығармашылық

бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің

басты талабы.

Өзімнің тәжірибемде жаңаша оқыту

үрдісінде жыл бойына таңдап алған әдістемелік тақырыбым "Сын тұрғысынан ойлау

технологиясы арқылы оқушы тұлғасын

қалыптастыру" болатын. Мақсатым технология элементтерін тиімді пайдаланып

жаңа заман шәкіртін зерттеуші рөлінде

тәрбиелеу. Әр мұғалім шығармашылықпен

жұмыс істеген жағдайда ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп

шығаруға мүмкіндік бар. Бастауыш сынып

оқушыларымен жұмыс жасай отыра, осы

жастағы балалардың ойлау қабілеттерін

арттыратындай заманауи әдіс – тәсілдерді

тиімді қолдану қажет. Міне, осы тұста әр

сабағымда жаңа технология арқылы аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға және оқу

процесін тиімді жүргізуге үлесімді қосып

келемін. Мақала барысында өзімнің оңтайлы тәжірибемді ортаға салғым келді. Жаңа

технологияларды оқыту үрдісінде қолданудың негізгі ерекшелігі ол оқытушылар

мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп

шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне,

сезіміне, көзқарасына әсер ете отырып,

оның интеллектуалдық мүмкіншіліктерін

арттыруға көмектеседі [1, 8-9 б.].

Қазіргі таңда екінші сыныпта сабақ беремін. Бұл модульді қолдану барысында

оқушылар өздері үдеріс барысында ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. Пән

мұғалімі ретінде оқушыға қалай оқу керектігін үйретемін, ал бұрынғы дәстүрлі

оқыту процесінде менің рөлім білімді бе-

руші болған болса, жаңа оқыту үдерісінде

менің рөлім бағыттаушы болып табылады.

Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер

– оқушы болды. Ол білім беруде мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік

береді: білім саласында үнемі жаңарып

тұратын ақпараттар ағынымен жұмыс жасай білу, өз ойларын жеткізе білу ауызша

және жазбаша түрде айналасындағылармен

анық, сенімді, нақты қарым қатынас жасай

білу, түрлі тәжірибелерге, идеяларға және

ұсыныстарға өз пікірін пайымдау негізінде

жеткізу, проблемаларды шеше білу, өз бетінше білім алу академиялық ұтқыр, топта бірлесе еңбектену және жұмыс жасау, басқа

адамдармен сындарлы қарым-қатынас

жасауға қабілеттілігін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты роль

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

атқарады. Жеке тұлғаның шығармашылық

қабілетін дамытуда сыни тұрғысынан ойлау технологиясы өз тиімділігін нақтылау­

да. Яғни, оқушыларды білім жүйесімен,

іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана

қоймай, танымдық, шығармашылық қабілеттерін де дамытамын. Демек, шығармашылық өздігінен жаңа дүниелер жасау,

яғни бұл жерде оқушылардың өз ойынан

ойлап шығарған, ешкімдікіне ұқсамайтын дүниесі, оның ойлау мүмкіндігінің

жемісі және соған жеткізетін әрекеті деген мағынаны білдіреді. Заман талабына

сай әр оқушыда өзіндік көзқарасы, сенімі,

ішкі уәжі қалыптасуы керек. Сондықтан

да, сабақтарды жоспарлағанда оқушыларда

соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлауын тудыратын сұрақтар

немесе деңгейлік, кеңейтілген, құзырлылық тапсырмалардың болуы шарт. Сыни

ойлау сабағының құрылымы үш кезеңнен тұрады. Қызығушылығын ояту «көпір

жасау», ой қозғау. Бұл кезеңде бұрынғы

білетін білімдерін жаңа материалмен ұш­

тастыруға жағдай жасаймын. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді

ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа

4(42)/2023

ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы

білімін жаңа ақпаратпен толықтырады,

кеңейте түседі. Осы кезеңге қызмет ететін

“Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау”

т.б. деген аттары бар әдістер стратегиялар

жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін

іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін

еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен

бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту,

бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды [2,

7-8 б.]. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен

ұштастырады. Мағынаны таныту мағынаны ажырату. Реализация – оқып жатқан

тақырыптардың қажетін түсіну. Мағынаны тану кезеңі негізгі кезең, сондықтан,

оқылып жатқан материалдың қажеттілігін

түсіндіремін. Бұл кезеңде үйренуші жаңа

ақпаратпен танысады, тақырып бойынша

жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды.

Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік

көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына

көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол – оқығанын түсінуге,

өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге

үйрететін ұтымды құрал.

Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі

жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында

оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне

алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай

ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Ой-толғаныс

рефлексия, жаңа білім құрастырылады,

рефлексия – тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту. Бұл бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде үй4(42)/2023

43

ренгенін саралап, салмақтап ой елегінен

өткізеді, білімді бекітеді. Шәкірттерім осы

кезеңде өз шығармашылықтарын көрсете

алады. Өзіне және сыныптастарына сын

көзбен қарайды. Өздерін бағалайды. Оқып,

білгендерін таразылайды. Үйретушілер

білетіндерін анықтап, білмейтіндерін

белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет

арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім

арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның

үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру,

өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері

байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта

алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен

әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз

үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында

басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған

“Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”,

“Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т

кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың

ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.

Сабақтың үш кезеңді құрылымы бастауыш сынып оқушыларныда сыни ойлауды дамытуға мүмкіндік туғызады. Сыни

ойлау- яғни жаңа білімге бұрынғы өзіңде бар білім арқылы келу. Бұл құрылым

оқушының өзінде бар білімді жандандыруға уақыт береді, түсініктер мен құбылыс­

тарды қайта жаңғыртуға әкеледі [3, 7-9 б.].

Сыни ойлауды дамыту технологиясы танымдық қажеттілікті қанағаттандырып

қана қоймайды, өзін-өзі тануды да үйретеді. Өзімнің тәжірибемде танымдық процесс болғандықтан, оқушылар түсініктер

мен ойлардың мазмұны жайында, ақпарат

пен жай білім туралы ойланады. Ал өзінөзі тану процесі де қатар жүретіндіктен,

олар өз түсініктері жайында да ойланады.

Оқушылар өздеріне сұрақ қояды: «Бұл

ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

Педагогическая наука и практика

ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

44

Педагогическая наука и практика

туралы мен не ойлаймын?», «Алынған

ақпарат менің білетініммен сәйкес келе

ме?», «Жаңа ақпаратты ала отырып, мен не

істей аламын?», «Жаңа ақпарат, жаңа идея­

лар менің көзқарасыма, ойларыма қалай

әсер етті?» Бастауыш сынып оқушылары

өзін-өзі тану барысында қандай жағдай болады? Бұл кезде ол жаңа түсініктерді жақсы

естиді, жаңа ақпараттар мен тұжырымдамаларды ұғынудың жаңа тәсілі пайда болады. Олар ойлауға икемді болады - өзінің

ойлауын бақылауға мүмкіндік алады; жаңа

ақпаратты қабылдауға қабілетті болады жаңа білімді бұрынғы біліммен сәтті байланыстыра алады [4, 3-5 б.].

Оқушылар «өздерінің бұрынғы ойлау

жүйесіне жаңа идеялар мен әсерлерді қабылдауға ашық», «өздеріне таныс түсініктер, өздерінде бар білім қолданылғандықтан, ойлары мен пікірталастарын

еркін тұжырымдай алады». Өз білімдеріне

сенімді болғандықтан, мәселені шығармашылық тұрғыдан шешуге жақсы дайындалады, жаңа пікілер мен жаңа ойларды

құруға жақсы дайындалады. Нақты айт­

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

қанда, сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы бойынша жүргізілген сабақтар арқылы

шәкірттерім іздеудің мән-жайына қаныға,

білімді тереңінен айтуға төселеді, дәлелдер

келтіру, дәлелдеу тәсілдеріне жаттығады,

теория мен практиканың бірлігін игереді,

жеке және топпен бірлесіп мәселе түйінін

шешу жолдарын табуға жаттығады, өз жолдастарының пікірімен санасуға, өткір сындарды тыңдап одан тиісті қорытындылар

жасай білуге машықтанады. Заман талабына сай бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуде, оқушыларға қажетті білімді меңгертудің тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін

талмай іздеу – әр ұстаз ретінде мерейлі

мақсатым деп білемін.

Өзімнің тәжірибемде адамның өз болмысын тануға, ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап тілегін, қабілеттерін

дамытуға тиіс. Сол арқылы оған толыққан-

ды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру

білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады деген пікірдемін. Үйренуші жаңа

ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы

білімін жаңа ақпаратпен толықтырады,

кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы

не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау,

ояту, ми қыртысына тітіркендергіш арқылы

ойды қозғау әсер ету жүзеге асырады. Осы

кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Негізгі

идеяны суреттеу», «Түртіп алу», «Ойлану,

жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б. деген әдістері жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру.

Өйткені үйрену – белсенділікті талап ететін

іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін

еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен

бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту,

бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған

ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны бұрынғы біліммен

ұштастырады. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру,

өзіне, басқаға сын көзімен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын өздері

байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта

алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен

әсерлі түрде ой алмастыру, ой-түйістіру өз

үйрену жолын кестесін жасау мақсатында

басқалардың әртүрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы-ойды қайта түйіп жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып

табылады.Әр түрлі шығармашылықпен ой

түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді

тиімді етуге лайықталған «Бес жолды

өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу»,

«Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты

стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне,

ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала қолда4(42)/2023

нылады.

Өзімнің тәжірибемде бес жолды өлең

стратегиясы-ақпаратты түгендеп айту, терең ойды, сенімді, сенімді қысқа сөзбен

қамту өнері болып табылады. Бұл іс-әрекет,

тақырыбы туралы толғаныстан, терең бай

түсініктің негізінде болуын талап етеді. Бұл

ақпаратты синтездейтін және материалды

қысқа ғана түсіндіретін немесе тақырыпты толғандыратын 5 жолдан тұратын өлең

жолдары, яғни фарнцуздың без деген сөзінен шыққан. 1-ші жол тақырыпты суреттейтін бір ғана сөзден тұруы керек, 2-ші жолы

тақырыпты суреттейтін екі сөзден тұруы

керек, 3-ші жолы тақырыптың іс-әрекетін

көрсететін үш сөзден тұруы керек, 4-ші

жолы тақырыпқа деген қатысты 4 сөзден

тұратын сөйлем болуы керек, 5-ші жолы

тақырыптың мәнін көрсететін бір сөзді

синомним болуы керек. «Қонаққа бару»

әдісінде бір топ екінші топқа қонаққа барып, Бай мен жарлы баласы мәтіні бойынша «Алты қалпақ» әдісі арқылы сұрақтар

қойылып, жауаптары алынады. Қар көшкіні

ойынында әр оқушы өз есімін атап, оған

бастапқы әріптен басталатын бір сын есімін

қосады. Мәселен: “Айгүл” есімі “А” әріпінен басталады, яғни “алғыр”, “ажарлы” сияқты сын есімді қосады. Өзі туралы кластер

әдісіне тоқтала кетейін [5, 6-7 б.].

Парақтың ортасындағы шеңберге өз

есімдерін жазып, одан таратылатын шеңберлерге өздерінің өмірде “ойнайтын”

бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: жанұяда біреудің баласы, әкесі, бауыры, ағасы.

Мұны да сабақ барысында жиі орындатамын. Эссе жазу – 5-10 минут уақыт беріледі,

ең жақсы эссе тоқтауға ұсынылады: Сол

жазған идеялардың ішінен түсініксіз деген

сұрақтарға қандай жауаптар бергені үшін

оқушыларға сол мәтінді назар салып оқу

керектігі ескеріледі. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін орындалатын шарттар:

Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін

уақыт керек, оқушыларға ойланып-толға4(42)/2023

45

нуға, ойын ашық айтуға рұқсат беру, әр

түрлі идеялармен пікірлерді қабылдау. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді

іс-әрекетін қолдану, кейбір оқушылар түсіп

қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау, оқушылардың бір-бірінің жауабынан жасаған сынның дәлелді, дәйекті

болуын талап етуге, оқуға жеке ерекшеліктерді мойындауға үйретеді. Атқарылған

жұмыстардың міндетті түрде нәтижесі болуы шарт [7, 6-9 б.].

Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. Тек сонда ғана олар: Мен осы мәселе

туралы не ойлаймын? Осы мазмұннан алған

ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетінімен сәйкес пе? Маған бұл жаңа

ойлар идеялар қаншалықты әсер етті? Деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

Бұл технология технологиясы-білім берудің сапасын арттырудағы тиімді жоба. Ол

үшін оқытушы сабақтың мақсатын нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан келіп,

оқушының білімділік, тәрбиелік жағынан

қызығуын арттырып, оныңой-өрісін дамытуда аянбай еңбектенуі қажет. «Жаман

мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы

мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді» дегені мәлім. Сын тұрғысынан ойлау негізінде құрылған сабақта

тек жақсы оқитын оқушылар ғана белсенді

жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың

дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойлас­

тырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артатыны даусыз. Сондай ақ

«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясына

негізделген сабақ оқушының ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына

жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

басқаға көмектессе, бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқушы білімді өз ізденісімен,

өз біліктілігімен алады, іскерлік дағдылары қалыптасып, артады. Бұл технология

негізінде өткізілген сабақтар оқушының

тақырыпты толық меңгеруіне, өз бетінше

ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

Педагогическая наука и практика

ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

46

Педагогическая наука и практика

жұмыс жасауына және уақыт үнемдеуге

өте ыңғайлы. Сабақ барысында жеке тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға, эстетикалық тірбие, коммуникативтік қабілеттерін

шыңдауға, қолайлы шешім қабылдай алуға,

ең бастысы, білім сапасын арттыруға негіз

болады [7, 13-15 б.]. Нәтижесінде: оқушы

еркін сөйлеп, өз ойын жасқанбай айтуға

үйренеді, жұппен, топпен жұмыс істей отырып, бірін-бірі сыйлауға, шешімі табылмай жатқан мәселені ақылдасып шешуге

ұмтылады, бірін-бірі оқытуға және дамытуға үйренеді, жағымды қарым-қатынасқа

бейімделеді, ойы сараланған, дарынды,

шығармашыл тұлға қалыптасады. Оқытуда

жаңа технологияларды пайдалану мұғалім

үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін

одан да маңызды.

Жаңа технологиялар оқушылардың бі­­

лім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс

істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін

тигізеді. Оқыту әдістерінің кез-келген түрін

белсенді әрекетке айналдыру – мұғалімнің

әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық

ізденісіне байланысты болмақ. Бүгінгі оқы­

ту жүйесінде әртүрлі жаңа технология­

ларды пайдалану әрбір сабағымда көрініс

табуда. Өзіме түйгенім, әрбір сабақта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін енгізіп жүрсек, оқушылардың шығармашылығы арта

түседі. Тәжірибем барысында шығармашылық оқушының ең жоғары қабілеті

екенін түсіндім.

Өзім сабақ беретін жаңартылған білім

мазмұны шәкірттерімнің өздігінен ізденіп, жаңалық ашуына жағдай туғызып

отыр. Міне, ұстаз тек білім беріп қана қоймай, қиын жолдан шыға білуі керек екенін

түсіндім. Сонымен қатар, шығармашылық

арқылы оқушының дүниетанымы кеңейіп, іс-әрекетін өмірмен байланыстырады.

Тақырыпты меңгеруде өз күшіне сену

дағдысы қалыптасып қана қоймай, ақыл ойы, икемділігі дамиды. Шығармашылық

жұмыс арқылы жолдасымен, ұжыммен

ынтымақтастық қарым-қатынасы нығая

түседі. Сабақта қолданылатын тапсырмалардың көлемі ұлғайып, оқушылардың

ойлау, зерттеушілік жұмыс істеу қабілеті

дамиды. Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді? Оқыту үрдісінде

ақпараттық технологияны қолдану білім

сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен

бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді

пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр

түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе

алады. Аудиоматериалдар сабақта мынадай

мақсатта қолданылады: біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді,

екіншіден оқушының шығармашылығын

жетілдіреді, үшіншіден, өз пікірін, ойын

тұжырымдап айтуға үйретеді. Бейне сабақтарды оқу материалына тиімді енгізу

сабақтың сапасын арттырады. Шығыс даналығы “Мәселе нені үйретуде емес қалай

үйретуде” демей ме? Сондықтан оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытуда

бұл стартегиялардың маңызы зор дегім

келеді. Сөз соңында сыни ойлау дағдысы қалыптасқан, шығармашылыққа бейім

оқушы тұлғасын қалыптастыруда күш-жігерімізді аямайық дегім келеді.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Білім шыңы республикалық газеті № 4,

2020 ж., 8-9 бет.

2.Бастауыш сынып республикалық журналы № 6, 2021 ж., 7-8 бет.

3.Жаңа білім журналы Орынбаева Н. Н.

Оқулықтағы көркем шығармаларды оқытудың әдіс-тәсілдері №12, 2021 ж., 7-9 бет.

4.Қазақстан мектебі «Дарынды бала

ұғымы» № 6, 2021 ж., 3-5 бет.

5.Қазақстан мектебі № 2, 2021 ж., 6-7

бет.

6.45 Минут журналы № 7, 2022 ж., 6-9

бет.

7.45 Минут журналы № 58, 2023 ж., 1315 бет.

4(42)/2023

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.