Научная статья на тему 'Дидактикалық құрал-тренажерды пайлаланып, барлық оқушылардың «оқылымын» арттырамыз'

Дидактикалық құрал-тренажерды пайлаланып, барлық оқушылардың «оқылымын» арттырамыз Текст научной статьи по специальности «Науки об образовании»

CC BY
8
5
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Ключевые слова
инклюзивті білім беру / өзекті / заманауи / оқылым дағдысы / дидактика / практика. / инклюзивное образование / актуальное / современное / навыки чтения / дидактика / практика / inclusive education / actual / reading skills / didactics / methodology / practice.

Аннотация научной статьи по наукам об образовании, автор научной работы — Нурмухамбетова Акмарал Сакеновна

Мақалада инклюзивті білім беру жағдайында барлық оқушылырға маңызды «оқылым» дағдысы жайында сөз қозғалды. Автор оқылым дағдысын басқа дағдыларға негіз ретінде қарастырады. Мәселені авторлық дидактикалық құрал-тренажердың көмегімен шешуді ұсынып, оны пайдалану жолымен таныстырады.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

В статье говорится о «чтении» как о важном навыке для всех учащихся в условиях инклюзивного образования. Автор рассматривает навыки чтения как основу для других навыков. Предлагает решить задачу с помощью авторского дидактического пособия-тренажера и знакомит со способами его использования.

Текст научной работы на тему «Дидактикалық құрал-тренажерды пайлаланып, барлық оқушылардың «оқылымын» арттырамыз»

86

Педагогическая наука и практика

УДК 373.1.02:372.8

ГРНТИ 14.25.09

ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚҰРАЛ-ТРЕНАЖЕРДЫ

ПАЙЛАЛАНЫП, БАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ

«ОҚЫЛЫМЫН» АРТТЫРАМЫЗ

Аңдатпа

Мақалада инклюзивті білім беру жағдайында барлық оқушылырға маңызды «оқылым» дағдысы жайында сөз қозғалды. Автор оқылым дағдысын басқа

дағдыларға негіз ретінде қарастырады. Мәселені авторлық дидактикалық құрал-тренажердың көмегімен

шешуді ұсынып, оны пайдалану жолымен таныстырады.

Аннотация

В статье говорится о «чтении» как о важном навыке для всех учащихся в условиях инклюзивного образования. Автор рассматривает навыки чтения как основу для других навыков. Предлагает решить задачу

с помощью авторского дидактического пособия-тренажера и знакомит со способами его использования.

ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

Annotation

The article considers the important "reading" skills

for all students in the context of inclusive education.

The author shows reading skills as the basis for other

skills. The author's didactic tool - a simulator- to solve the

problem is introduced to show how to use it.

Нурмухамбетова А.С.,

қазақ тілі мен әдебиеті

мұғалімі, педагогика

ғылымдарының магистрі,

Қостанай облысы әкімдігі

білім басқармасының

"Қостанай қаласы білім

бөлімінің Абай атындағы

жалпы білім беретін

мектебі" КММ

Негізгі сөздер: инклюзивті

білім беру, өзекті, заманауи,

оқылым дағдысы, дидактика,

практика.

Ключевые слова: инклюзивное образование, актуальное,

современное, навыки чтения,

дидактика, практика.

Keywords: inclusive education,

actual, reading skills, didactics,

methodology, practice.

Оқылым дағдысының

төмендігі әр ұстазды

алаңдатады. Оқылым барлық оқушының дамуында,

білім алуында аса маңызды рөл атқарады: мағыналық оқуды қалыптастырады, Қазақстан Республикасының МЖМБС жүзеге асырудың басым бағыттарының бірі болып табылады, саналы азаматты өсіреді.

Білім алушы мәтін тілін сөздер деңгейінде, сөйлем

деңгейінде және тұтас мәтін деңгейінде түсіне алуы

керек. PISA шеңберіндегі жалпы мектеп оқушыларының функционалдық құзыреттіліктерін бірегей

бағалау өлшемдері көмегімен оқу сауаттылығын дамыту әр мектепте маңызды [6].

Оқыту қазақ тілінде емес ерекше қабытетті өзге

ұлт өкілдерін қазақша оқуға, оқылым материалының

3(41)/2023

мазмұнын меңгеруге, түрлі мәтіндерді

(тұтас және тұтас емес) оқуға көмек беретін

«Біз бірге оқимыз!» атты дидактикалық

құрал-тренажер Қазақстан Республикасы

Конституциясының 30-шы бабына сәйкес,

Республиканың барлық азаматтарының

ұлты, тілі, жынысы, әлеуметтік жағдайы

және денсаулық жағдайына қарамастан

жалпы орта білім алуға тең құқықтары мен

мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған. Құрал тренажер «Қазақстан Рес­

публикасындағы баланың құқықтары туралы» [1], «Білім туралы» және «Кемтар

балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау

туралы» [2], Қазақстан Республикасының заң нормаларының негізінде әзірленді. Аталмыш құралды пайдалану арқылы

біздің ерекше оқушыларымыз оқылым дағдысын арттырады, оқу сауаттылығын қалыптастырады.

Білім беру мазмұнына сәйкес [4], қазақ тілін қоғамда сапалы пайдалану үшін

тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым

дағдыларын дамыту керек. Осы төрт дағдының ішіндегі ең маңыздысы – оқылым

дағдысы, себебі оқудың тиімді жолын меңгеріп, оқығаны бойынша қорытынды жасай алған адам өз ойын еркін жеткізе де

алады, сауатты жаза да алады.

Ф-83 - қалдық бұзылыстардың аралас

категориясы. Сөйлеу тілінде, мектеп нышандары және қозғалыс функцияларындағы бұзылыстары жие кездеседі. Бірақ,

бұлардың ішіндегісінен еш-қайсысы да басыңқы емес. Және де, бұл балаларда келесі

қиындықтар болуы мүмкін (бірдей немесе

жеке) [7]:

• зейіннің, эмоционалды-ерікті реттеудің, өзін-өзі реттеудің жеткіліксіздігі, оқуға

деген уәждің төмен деңгейі және жалпы

білім алуға деген пассивті көзқарас.

• психикалық процесстердің жеткілікті

дамымағаны – қабылдауы, жадысы, логикасы, сөйлеу тілінің жеңіл бұзылыстары

3(41)/2023

87

болуы мүмкін.

• іс-қимыл координациясының бұзылуы, өте баяу қозғалуы, сабақта жұмыс

жасауға еш құлқы жоқтығы орын алады.

• қоршаған ортаға еш қызығушылық

танытпауы, оқып-тану қызметінде операциялық компонентрдің мүлдем қалыптаспаған жағдайлары да болады.

• жазу/санау дағдысының бұзылыстары да қосылуы мүмкін.

Дидактикалық тренажерды пайдалану

барысында 4 сынып оқушыларының бойындағы келесі ерекшеліктерге аса назар

аударылған:

• қоршаған орта туралы білім мен

түсініктің шектеулілігі;

• қызығушылық пен ақпаратты қабілдаудың, оны өңдеудің төмен деңгейі;

• ерікті назардың, есте сақтау қабілеті

мен басқа да жоғары функцияларының жас

ерекшелігіне сай қалыптаспағаны;

• образдық және сөздік логикалық қабылеті көріп, одан кейін ғана ойлану қабылетіне қарағанда төмен дамығаны;

• сөйлеу тілінің төмен деңгейі;

• шағын моториканың төмен дамуы;

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

• гипербелсенділік немесе іс-қымыл

әрекетінің тежелуі;

• эмоциясы мен еріктің жетілмегендігі

(ерік пен эмоцияларды қадағалай алмауы);

• тез шаршауы, анықталған жұмыс

ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

Педагогическая наука и практика

ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

88

Педагогическая наука и практика

көлемін жас ерекшелігіне сай орындай алмауы, еңбегінің өнімсіздігі;

• ақпаратты қабылдап, оны қорытып,

талдау барысында тығырыққа тірелуі;

• ойлану барысында қиналатыны, өз

қызметін басқарудағы қиындықтар [8].

Белгіленген категориядағы балалардың

бойында психологиялық дамудың тежеуі

байқалады. «Тежеу» ұғымы жас ерекшелігіне сай уақытша келмеуді, қатарларынан

артта қалғанды көрсетеді. Тапсырмаларды

орындау барысында осы ерекшеліктерге

жүйелі түрде назар аударған жағдайда – баланың бойындағы тежелу – басылады, ойлау деңгейі мен дамуы жоғарылайды. Бұл –

баланың түзетілуіне, болашақта диагнозын

алып тастауына ықпал етеді.

Дидактикалық құрал-тренажер ашылатын А-4 көлемді беттен құрастырылған,

ашылуы – альбом бетіндей. Тренажердың

жоғарғы бөлігінде – тұтас емес мәтін түрінде лексикалық тақырыпқа сәйкес ақпарат

берілген. Тақырыпқа сай лексикалық-грамматикалық минимум нормалары әдістемелік ұсынымхатқа сай. Төменгі бөлігінде

– нақты ақпарат негізінде оқылым мақсаттарына сәйкес тапсырмалар ұсынылған.

Жұмыс барысында түрлі түсті маркер керек болады. Пленканы тренажердың керек

бетінде орналастырып, берілген тапсырманы орындап, екінші пленканы – екінші

тапсырманы орындауға пайдаланады. Бір

сабақтың ішінде бойында ерекше қабілеті

бар бала 2 карточканы орындап, оқылымның екі мақсатына қол жеткізуі мүмкін.

Бұдан да көп мақсатқа қол жеткізу ықтимал

(мысалы, жазылым дағдысымен байланыс­

тырған жағдайда). Әр карточкада тапсырмалар саны әр-түрлі: жеңілден күрделіге

қарай қиындап келеді. Қажетті жағдайда

орындаған карточкаларды қайталау мақсатында қайтадан орындатуға ұсынуға болады.

Оқушы карточкадағы тапсырманы орындау барысында пленка бетінде маркермен

сызады/жазады/сәйкестендіреді. Оқушы 1

немесе 2 карточканы орындаған жағдайда

мұғалім орындаған тапсырмаларды тексеріп, оқушыға кері байланыс береді. Білім

берудің жаңа философиясына сәйкес дидактикалық тренажер арқылы жұптық жұмысты да ұйымдастыруға болады. Бұндай

жағдайда – баяу оқитын оқушы – орындаушы болады, шапшаң оқитын оқушы –

жұмысты тексеріп, кері байланыс береді.

Тиісті жағдайда мұғалім оқылым мақсатына

бағытталған тағы да басқа карточкаларды

ұсынады. Бірақ, бұндай жағдайда келесіні

ескеру қажет: міндетті түрде маркермен сызылған/жазылған/орындалған сызықтарды

дымқыл салфеткамен сүрткен жөн. Пленка

тазарған жағдайда карточкаларды әрі қарай

орындауға мүмкіндік ашылады. Бір карточканы қолдану аясы – 10-15 минут аралығы,

өйткені оқытуда ерекше қабылетке ие 4 сынып оқушылары зейінді 10 минуттан артық

ұстай алмайды. 1 сабақта дидактикалық

тренажермен бірнеше оқушы жұмыс жасай

алады. Мұғалім тарапынан карточкадағы

оқылым материалдарын сабақтың тақырыбына сай қолданғаны дұрыс. Мысалы,

«Менің отбасым» тақырыбы аясында суретке қарап, визуалды ақпаратты (суретті)

оқылым мәтініне (диалогқа) айналдырып

отыр. Бұл жұмыс алдыңғы біліммен тығыз

байланысты: отбасы мүшелерінінң атауын

біле отырып, оларға тән қасиеттермен байланыстырады:

3(41)/2023

Осындай лексикалық тақырып аясында оқылымның мақсатын жүзеге асыруда оқушыларды диалогқа қатыстырамыз.

Бұндай жағдайда жұптық жұмыс та жүзеге

асады. Тапсырмаларды орындау арқылы

айтылымға да жетелейміз (білетін сөздер

негізінде жаңа сөйлемдер құрастырылып,

айтылады), берілген дереккөздерді қолданып, қажетті ақпаратты кестеге салады,

сызба түрінде белгілейді. «Менің отбасым» тақырыбы аясында отбасының қасиеттеріне назар аударады.

Дидактикалық құрал-тренажерды қолдану арқылы оқушылардың визуалды есте

сақтауын дамытамыз. Егер бір нәрсені

күнделікті атқарған жағдайда автоматты

түрде оқушыларда жады қалыптасады,

ассоциация арқылы есте сақтау жүзеге

асады. Карточкалар арқылы оқушылардың сөздік корын байытып, кеңейтуге,

осының негізінде басқа да дағдыларды

қалыптасытруға жол ашылады.

Ұсынылған тұтас емес мәтіндер 4 сыныптың лексикалық тақырыптарына сәйкес, оқушылар үшін визуалды қабылдау­

ын дамытады, көру арқылы есте сақтау

бастауыш сынып оқушыларына ыңғайлы.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Закон «О правах ребенка в Респуб­

лике Казахстан».

2.Закон «О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями».

3(41)/2023

89

3.Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысы - [ЭР]. Сілтеме: https://adilet.zan.

kz/kaz/docs/P1900000988 (қол жеткізілген

күні: 10.08.2023г.).

4.Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру

стандарттары. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604

бұйрығы - [ЭР]. Сілтеме: https://adilet.zan.

kz/kaz/docs/V1800017669#z135 (қол жеткізілген кү­ні: 10.08.2023г.).

5.XXI ғасыр дағдылары: білім берудегі

жаңа тенденциялар: Білім беру қызметкерлерінің обл. ғыл.-практ. конф. материалдары: I-б.- Қарағанды: ҚарУ баспасы,

2022-488 бет.

6.«Мектеп оқушысының кітап оқу іс әрекеті» әдістемелік ұсынымдамалары –

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА,

2018. – 161 б. Методические рекомендации «Читательская деятельность школьника» – Астана: НАО им. И. Алтынсарина, 2018. – 162 с.

7.Жалпы білім беру мектептің оқыту

үдерісінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу.

Әдістемелік ұсынымдар – Нұр-Сұлтан:

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2019. –

258 б.

8.Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат бойынша ерекше білім беруде

қажеттіліктері бар балаларды оқытуды

ұйымдастыру. Әдістемелік ұсынымдар.

– Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 64 б.

ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

Педагогическая наука и практика

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.