94
Педагогическая наука и практика
УДК 373.1.02:372.8
ГРНТИ 14.25.09
ЗАМАНАУИ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
«ОҚЫЛЫМЫН» АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ
Аңдатпа
Мақалада «оқылым» маңызды дағды ретінде қарастырылып, оқылымды дарыту арқылы
басқа да дағдыларды дамытуға жол ашылады
деген түсінік ұсынылған. Заманауи оқушылардың «оқылым» дағдысын арттыратын жаңа
жолдары қарастырылған. Заман ағымына сай
«Joyteka» қосымшасының ұтымды жақтары
талқыланған. Автордың пікірінше – Joyteka қосымшасын пайдалану арқылы оқушылардың
зейіні, қызығушылығы артады, оқылым материалын жақсы есте сақтайды. Заманауи практиктердің жаңа көзқарасы қарастырылған.
Аннотация
Навык «чтение» в статье рассматривается
как самый важный навык, на основе которого
построено развитие других навыков. Рассмат
риваются новые способы совершенствования
навыков чтения современных учащихся. В соответствии с веянием времени обсуждаются
преимущества приложения Joyteka. По мнению
автора, при использовании приложения Joyteka
повышается внимание и интерес учащихся, они
хорошо запоминают прочитанный материал.
Рассматривается взгляд современных практиков на развитие навыков чтения.
Annotation
The skill "reading" is considered in the article as
the most important skill on which the development
of other skills is built. New ways of improving the
reading skills of today's learners are discussed.
The advantages of Joyteka are discussed in line
with the trends of the times. According to the
author, the use of Joyteka application increases the
attention and interest of pupils, and they memorize
the material they read better. A new perspective of
today's practitioners is discussed.
Нурмухамбетова А.С.,
«Абай атындағы жалпы
білім беретін мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
педагогика ғылымының
магистрі, педагог-зерттеуші
Негізгі сөздер: даму, ресур
стар, «оқылым» дағдысы, зама
науи, маңызды, жаңаша жұмыс
түрлері, зейін, қызығушылық, ма
териал, есте сақтау.
Ключевые слова: развитие,
ресурсы, навык «чтение», совре
менный, важный, инновационные
виды работы, внимание, интерес,
материал, память.
Keywords: development, resour
ces, reading skills, modern, impor
tant, innovative types of work, at
tention, interest, material, memory.
1(39)/2023
Жаһандану қарқын алып, адам ресурстaры бaсты кaпиталға айналған
уақытта құндылықтар өзгеріп жатыр.
Өзгерістердің бірі – кітап оқуға деген
қызығушылықтың төмендеуі, жастардың кітапты ұялы телефон, гаджеттермен алмастыруы. Осындай сұраныстың
өзгеруіне қарамастан, ел ертеңі болар
өскелең кітап оқуға деген көзқарасын
өзгерту аса маңызды болып тұр. Ол
үшін оқырманның оқылым дағдыларын
жақсарту механизмдерін жетілдіріп, заманауи оқылым стратегияларын меңгертіп, оларды тиімді қолдануға жол
ашу керек. Компьютерлер және бейне
ойындар басым болған 21 ғасырда балалар оқуға қызығушылықты жоғалтып
алды. Дегенмен, әлемдегі ақпарат әр онжылдықта еселеніп келеді. Осыған байланысты саналы, отандық мектептерде
дұрыс және мағнасын ұғып оқуды қалыптастыру мәселесі пайда болды.
Оқылым дағдысының төмендігі әр ұстазды алаңдатады. Оқылым оқушының
дамуында, білім алуында аса маңызды
рөл атқарады: мағыналық оқуды қалыптастырады, Қазақстан Республикасының МЖМБС жүзеге асырудың басым
бағыттарының бірі болып табылады, саналы азаматты өсіреді. Оны рецептивті
(қабылдаушы) дағдыларға жатқызады.
Қарапайым тілмен айтқанда – жазба
тілдегі мәтінді ұғу. Білім алушы мәтін
тілін сөздер деңгейінде, сөйлем деңгейінде және тұтас мәтін деңгейінде түсіне
алуы керек. PISA шеңберіндегі мектеп
оқушыларының функционалдық құзыреттіліктерін бірегей бағалау өлшемдері
көмегімен оқу сауаттылығын дамыту,
мектептерге маңызды болып табылады
[1].
Мұғалім міндеті – балалардың мәтіндегі барлық ақпаратты қабылдауын, терең және толыққанды түсінуін ұйымда1(39)/2023
95
стыру, автормен бейнеленген суретті өз
ойында салуына көмектесу, автор мен
кейіпкердің сезімдеріне эмоционалды
жауап қайтару, автордың оқырмандарға
бергісі келген ойын мүмкіндігінше көре
білу. Басқаша айтқанда - оқу біліктілігі
мен дағдыларын қалыптастыру [ 2].
Ал заманауи оқушылармен – жаңаша
жұмыс түрлерін еңгізу маңызды деп,
Жубаева Ж.О. бастауыш сыныптарда
білім беруді жаңарту аясында педагогикалық тәсілдерге назар аударуда[3].
Жас ұрпақтың ерекшелігіне назар аудара отырып оқу кеңістігін қамтамасыз
ету – бірінші орында деп, үнемі жаңа
әдіс-тәсілдерді пракикаға енгізіп отырады.
«Активные формы обучения» атты
А.С.Нурмухамбетованың мақаласында
жеке, топтық, фронтальды жұмыс түрлері ерекше орын алуда деп көрсетілген. Практик мұғалім өз жұмысында
«Соның ішіндегі мен үшін ең жаңасы
- балалар гугл аккаунт арқылы падлет
тақтасымен, джойтека қосымшасымен
жұмыс жасауы» деп, заманның ағымына қарай өзгеріп өтуді дұрыс дейді. Бұл
жағдайда білім алушылар оқу ресурстарымен және кешенді тапсырмаларды орындау жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз етіледі: практикалық
жұмысты, яғни, квест тапсырмаларын
оқушылар топтық, жұптық және жеке
жұмыс арқылы орындайды. Балалар
оқылым материалына бірнеше рет назар аударып, квест тапсырмаларын 8-9
минутта өте алады. Оқушылар берілген мәтінді бірнеше рет назар аударып
оқып, сұрақтарға жауап беру арқылы
бөлмеден шығуы тиіс. Арасында бөлмеден жартылай шыққан оқушылар
да болуы мүмкін - олар өз деңгейінде
ұпай санын анықтап, белгілейді. Немесе – берілген оқылым материалына
ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ
Педагогическая наука и практика
ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ
96
Педагогическая наука и практика
назар аударып, қайтадан оқып, бөлмеден шығуға ұмтылады. Оқушы өз назарын маңызды сегменттерге аударып,
квесттен сүрінбей өтуге тырысады. Осы
әрекеттер арқылы «Оқылымды» дарыту жұмыстары алға басады. Сабақта
веб-квесттерді ұйымдастыру үшін кез
келген заманауи гаджет пен Интернет
қолайлы. Үй тапсырмасын берсек те,
бөлім бойынша бағалау жұмысын ұйымдастырсақ та, үлкен бір шығарманы
оқысақ та, немесе ұлы Абайдың өмірбаяны мен шығармаларын оқыту кезеңде
– тапсырмас құрал болады [4]. Ешқандай шектеулері жоқ веб-квесттерді қолдану – қазақ тілін оқытуда, оның ішінде
«Оқылым» мақсаттарына толық жетуде
қызығушылықтың өсуін қамтамасыз
ететін құрал. Оқушылардың зейіні, қызығушылығы артады, материалды жақсы есте сақтайды, оқылым материалына
назарын бернеше рет аударып, шоғырланып оқиды. Қызықты сценарийлері
мен ерекше дизайны бар көптеген бөлмелер, орыс мектептерінің оқушыларына ыңғайлы, түсінікті. Және де – үнемі
жаңа квест бөлмелері жасалуды, жаңа
сюжеттерді мұғалімдермен бірге жасап
құрастыруға да мүмкіншілігі қарастырылған.
Қорыта келгенде, «оқылымды» дамыту арқылы өскелең ұрпақтың қөптеген қасиеттері дамиды. Менің ойымша,
А.С.Нурмухамбетованың пікірімен де
келісуге болады: бастауыш сыныптағы
«оқылымға» назарды дұрыс аударатын
болсақ – жоғарғы сыныпта патриоттық
сезім әлдеқайда жеңіл қалыптасады [5].
2 PISA-2018 халықаралық зерттеулер
/ компьютерлік формат құралы / «Ақпараттық-аналитикалық орталығы». АҚ. –
Астана 2016
3 Нурмухамбетова А.С., Жубаева
Ж.О. Бастауыш сыныптарда білім беруді жаңарту аясында педагогикалық
тәсілдерді қолданудың маңызы. – Вестник «Өрлеу» – kst №1 (15), 67 б.
4. https://joyteka.com/ru (қаралған күні:
21.01.2023г.)
5. Нурмухамбетова А.С. Теоретические основы формирования патриотических качеств старшеклассников. –
Вестник «Өрлеу» - kst №4 (18), С. 123.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1 .PISA-2018 халықаралық зерттеулер
/ компьютерлік формат құралы / «Ақпараттық-аналитикалық орталығы». АҚ. –
Астана 2016.
1(39)/2023