Научная статья на тему 'ДЕТЕЙ-ЛЕВШЕЙ ПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ ОСОБЕННОСТИ'

ДЕТЕЙ-ЛЕВШЕЙ ПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ ОСОБЕННОСТИ Текст научной статьи по специальности «Гуманитарные науки»

CC BY
42
18
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Журнал
Yessenov science journal
Область наук
Ключевые слова
левша / правша / ребенок / методика / исследование / эксперимент / визуал / аудиал / кинестетик / left-handed / right-handed / child / methodology / research / experiment / visual / auditory / kinesthetic

Аннотация научной статьи по Гуманитарные науки, автор научной работы — Егенисова Алмажай Кулжановна, Сактаганова Кундыз

Так как это психологическая наука, изучающая тонкости и секреты человеческой души, жизнедеятельности, то она имеет важное значение. Соответственно, в этой статье рассказывается о проблеме леворукости, ее причинах, о том, что левши группируются в несколько групп: в частности, наследственность; роды у женщин вчера; от различных принуждений; от сознательного принуждения к себе. Одно из них – леворукость-является важным и главным отличием в учебно-воспитательном процессе учащегося. Это не болезнь и не недостаток. Леворукость обусловлена спецификой обмена основными функциями полушарий головного мозга. У левшей есть свои особенности функции мозга. Кроме того, ученые, изучавшие проблему леворукости: C.Анализируются мнения спингера, г. Дейча, Э. Ш. Айропетянца, Е. Д. Хомской, Н.Н.Брагиной, М. М. Безруких, В. Л. Бланки и др. Поэтому наука делит левшей на четыре группы: Во-первых, наследуется. То есть кровь передается из поколения в поколение только через меня. Число тех, кто относится к первой такой группе, составляет около 10%. Во-вторых, от поздних родов у женщин. В погоне за карьерой, презирая ботинок, не встречая синих ботинок, женщины, которые поздно поженились, испытывают большие трудности с рождением ребенка, рожденного в утробе матери. Кроме того, клетки мозга, отвечающие за функцию правой руки, подвержены повреждению. С каждым годом все больше и больше детей рождаются с этим типом левши. Число одиноко занятых в стране достигло 2,5 миллиона человек. В-третьих, от принуждения. Например, ребенок полагается на помощь левой руки в случае ожога руки. В-четвертых, от осознанного самовоспитания. В эту группу также входят люди, которые едят двуручную пищу и могут писать двойными руками. Как еще раз доказали люди из четвертой группы, известно, что люди могут научиться чему-то удивительному, чему угодно, если попробуют. По словам психологов, у них будет сильный творческий потенциал. В исследовании детей-левшей проводятся различные методики и методики, опросы, даются их итоговые результаты, научно-методические рекомендации.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

PSYCHOLOGICAL CHARACTERISTICS OF LEFT-HANDED CHILDREN

Since this is a psychological science that studies the subtleties and secrets of the human soul, vital activity, it is important. Accordingly, this article talks about the problem of left-handedness, its causes, and the fact that left-handers are grouped into several groups: in particular, heredity; childbirth in women yesterday; from various compulsions; from conscious self-coercion. One of them, left–handedness, is an important and main difference in the educational process of a student. This is not a disease or a disadvantage. Left-handedness is caused by the specifics of the exchange of the main functions of the cerebral hemispheres. Lefties have their own peculiarities of brain function. In addition, scientists who have studied the problem of left-handedness: C.The opinions of Spinger, G. Deitch, E. S. Ayropetyants, E. D. Chomskaya, N.N.Bragina, M. M. Bezrukikh, V. L. Blanks, etc. are analyzed. Therefore, science divides lefties into four groups: Firstly, it is inherited. That is, blood is passed from generation to generation only through me. The number of those who belong to the first such group is about 10%. Secondly, from late childbirth in women. In pursuit of a career, despising shoes, not meeting blue shoes, women who got married late have great difficulty having a child born in the womb. In addition, the brain cells responsible for the function of the right hand are susceptible to damage. Every year more and more children are born with this type of lefty. The number of people employed alone in the country has reached 2.5 million people. Thirdly, from coercion. For example, a child relies on the help of his left hand in case of a hand burn. Fourth, from conscious self-education. This group also includes people who eat two-handed food and can write with double hands. As the people from the fourth group proved once again, it is known that people can learn something amazing, anything, if they try. According to psychologists, they will have a strong creative potential. In the study of left-handed children, various methods and techniques, surveys are conducted, their final results, scientific and methodological recommendations are given.

Текст научной работы на тему «ДЕТЕЙ-ЛЕВШЕЙ ПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ ОСОБЕННОСТИ»

ӘОЖ 159.99

ҒТАХР 15.01.11

DOI 10.56525/ODBU1796

СОЛАҚАЙ БАЛАЛАРДЫҢ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

*ЕГЕНИСОВА А.К.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Ақтау қ., Қазақстан

E-mail: [email protected]

САҚТАҒАНОВА Қ.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Ақтау қ., Қазақстан

E-mail: [email protected]

*Автор корреспондент: [email protected]

Аңдатпа. Адaм жaн дүниeciнiң қилы-қилы қыp мeн cыpы, тipшiлiк әpeкeтi зepттeйтiн пcихoлoгия ғылымы бoлғaндықтaн, oнын қapacтыpap мәceлeлepi қaшaн дa мaңызды екендігі белгілі. Соған сай, бұл мақалада солақайлық мәселесі, оның себептері, солақайлардың бірнеше топқа топтастырылулары: атап айтсақ, тұқым қуалайтындығы; әйелдердің кеше босануы; әр түрлі мәжбүрліктен; саналы түрде өзін күштеп үйретуден болатындығы баяндалады.

Олардың бірі солақайлық – оқушының оқу-тәрбие үрдісіндегі маңызды және басты айырмашылық болып табылады. Бұл аурулық та, кемшілік те емес. Солақайлық ми жарты шарларының негізгі функцияларының бөлісу ерекшелігіне байланысты. Солақайларда ми функциясының өзіндік ерекшеліктері бар.

Сонымен қатар, солақайлық проблемасын зерттеген ғалымдар: C.Cпингep, Г.Дeйч, Э.Ш.Айропетянц, Е.Д.Хомская, Н.Н.Брагина, М.М.Бeзpуких, В.Л.Блaнки т.б. пікірлеріне талдау жасалады.

Сондықтан, ғылым солақайларды төрт топқа бөледі:

Біріншіден, тұқым қуалайды. Яғни, қан мен тек арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Мұндай бірінші топқа жататындар саны шамамен 10% құрайды.

Екіншіден, әйелдердің кеш босануынан. Мансап қуып, көн етіктіні менсінбей, көк етікті кездеспей, кеш тұрмыс құрған әйелдердің ана құрсағында дүниеге келген сәбиді дүниеге әкелуде үлкен қиындықтарға тап болады. Сонымен қатар, оң қолдың қызметіне жауапты ми жасушалары бүлінуге ұшырайды. Жыл сайын солақайлықтың осындай түрімен дүниеге келетін балалар көбейіп келеді. Еліміздегі жалғызбасты жұмыспен қамтылғандардың саны 2,5 миллионға жетті.

Үшіншіден, мәжбүрлеуден. Мысалы, бала қолы күйіп қалған жағдайда, сол қолының көмегіне сүйенеді.

Төртіншіден, саналы түрде өзін-өзі күштеп дағдыландырудан. Бұл топта екі қолмен тамақ жейтін, қос қолмен жаза алатын адамдар да кіреді. Төртінші топтағы адамдар тағы бір рет дәлелдегендей, адамдардың қолынан не бір таңғажайып нәрселер келетінін, тырысса кез келген істі үйрене алатындығы белгілі. Психологтардың айтуынша, олардың шығармашылық әлеуеті күшті болады.

Солақай балаларды зерттеуде әр түрлі әдістемелер мен әдіс-тәсілдер, сұрақтамалар жүргізіліп, олардың қорытынды нәтижелері, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

Кілт сөздер: солақай, оңқай, бала, әдістеме, зерттеу, эксперимент, визуал, аудиал, кинестетик

Бұл адам жанының әр қырымен мен құпияларын зерттейтін психологиялық ғылым болғандықтан,олардың қарастыратын проблемалары маңызды болып табылады. Психология саласы өте кең және қызықты және бүгінде көптеген шешілмеген мәселелерге, жасырын құбылыстарға және түсініксіз құбылыстарға толы.

Олардың бірі солақайлық – оқушының оқу-тәрбие үрдісіндегі маңызды және басты айырмашылық болып табылады. Бұл аурулық та, кемшілік те емес. Солақайлық ми жарты шарларының негізгі функцияларының бөлісу ерекшелігіне байланысты. Солақайларда ми функциясының өзіндік ерекшеліктері бар [1].

Өткенге көз жүгіртсек, солақайлық жағымсыз құбылыстарға негізделген деп айта аламыз, сондықтан солақайлар мен оңқайларды міндетті түрде қайта даярлау басталды. Осы уақытқа дейін жас ұрпақтың өсуі мен денсаулығымен айналысқан сарапшылар, егер солақайлар міндетті түрде зорлық-зомбылыққа бейім болса, онда оң қолды үйрету керек деп санайды. Баланы сол қолмен жазуға, әрекет еткенде, күш түсіргенде, бала тез шаршайды, өнімділік төмендейді, сол қолдың шаршау белгілері және бас ауруы пайда болады. Осы кезеңде балаларда түнгі қорқыныш, ұйқының бұзылуы, тамаққа тәбеттің төмендеуі, ашуланшақтық, зәр шығаруды ұстамау, қызбалық, қарсылық жиілеп кетті.

Негізгі бөлім. Адамның солақайлығының себебі әлі нақтыланбаған сұрақтардың бірі және бұл мәселелерге қатысты нақты ғылыми тұжырымдар әлі жасалмаған. Ғалымдардың айтуынша, жыл өткен сайын солақайлар көбейіп келеді. Солақайлық мәселесін шетелдік және ресейлік ғалымдар С.Спингер, Г.Дейч [1] зерттеді. Ресейде Э.Ш.Айропетянц[2], Е.Д.Хомская[3] және Н.Н.Брагина[4]. М.Безруких[5] В.Л.Бланки[6] және т.б. зерттеген болатын.

Ресейлік ғалымдардың зерттеулері адамдардың көпшілігі шын мәнінде оңқай, ал 5-12% ғана солақай екенін көрсетеді. Бірақ солақайлар мен оңқайларды біржақты топ деп атауға болмайды. Жетілдірілген солақайлар және жоғары дәрежелі оңқолдылар бар және ғылыми түрде амбидекстер деп атайды [3].

Ресей нейрофизиологы Э.Ш.Айропетянцтің 1987 жылы 7-9 жасар балаларға жүргізген 13,3% солақай ұлдар және 10% қыздар болған. 14 жаста ұлдарда 4,4%, қыздарда 4,1% солақайлық анықталған [2].

Американың белгілі ғалымдары К.Спингер мен Г.Дейч өз еңбектерін «мидың сол жарты шары, мидың оң жарты шары» және «сол қолдың сыры» деп атаған [1]. Шындығында, көптеген тілдерге аудармаларда «солақай» сөзі «икемсіз, қабылданбайтын және қабілетсіз» дегенді білдіреді.

Сондықтан, ғылым солақайларды төрт топқа бөледі:

Біріншіден, тұқым қуалайды. Яғни, қан мен тек арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Мұндай бірінші топқа жататындар саны шамамен 10% құрайды.

Екіншіден, әйелдердің кеш босануынан. Мансап қуып, көн етіктіні менсінбей, көк етікті кездеспей, кеш тұрмыс құрған әйелдердің ана құрсағында дүниеге келген сәбиді дүниеге әкелуде үлкен қиындықтарға тап болады. Сонымен қатар, оң қолдың қызметіне жауапты ми жасушалары бүлінуге ұшырайды. Жыл сайын солақайлықтың осындай түрімен дүниеге келетін балалар көбейіп келеді. Еліміздегі жалғызбасты жұмыспен қамтылғандардың саны 2,5 миллионға жетті.

Үшіншіден, мәжбүрлеуден. Мысалы, бала қолы күйіп қалған жағдайда, сол қолының көмегіне сүйенеді.

Төртіншіден, саналы түрде өзін-өзі күштеп дағдыландырудан. Бұл топта екі қолмен тамақ жейтін, қос қолмен жаза алатын адамдар да кіреді. Төртінші топтағы адамдар тағы бір рет дәлелдегендей, адамдардың қолынан не бір таңғажайып нәрселер келетінін, тырысса кез келген істі үйрене алатындығы белгілі. Психологтардың айтуынша, олардың шығармашылық әлеуеті күшті болады.

Солақайларды қалам немесе қарындашпен бергенде оңай анықтауға болады, оларды сол қолымен алады. Сол қолмен жазатын балалар көбінесе сезімтал, жұмсақ, мазасыз және уайымшыл болады. Оларда шаршау синдромы кездесіп, жұмыс қабілеті төмен болады.

Сондықтан, біз жұмысымызда солақай балаларға зерттеу жүргізу үшін бірнеше әдістер мен әдістемелерді қолдандық.

Зерттеу нәтижесі. Бірінші әдістеме.Осы компоненттердің барлығына сүйене отырып, біз тиісті әдістемелерді жүргіздік. Бірыңғай жүйеде белгіленген іс-әрекеттің құрылымы бойынша, ең алдымен, оқушылардың ақпаратты қабылдау тәсілі болып табылады. Осы мақсатта біз оқушылардың ақпаратты қабылдау сипаттамаларын, атап айтқанда қабылдаудың жоғары үлгілерін анықтау үшін НЛП техникасы қолдандық.

Біз білетіндей, адамды үш түрлі типке бөлуге болады.

1. Визуал адамдар – бұл адамдар негізінен көретіні және елестері арқылы қабылдайды.

2. Аудиал – есту анализаторы арқылы ақпаратты қабылдау.

3. Кинестетик – түйсік арқылы, интуитивті қабылдайды.

Осы техниканы қолдана отырып, біз балалардан сүйікті ертегі кейіпкерлері, сүйікті ертегілері немесе мультфильмдері туралы айтып беруін сұраймыз. Алынған мәліметтер негізінде біз олардың ақпаратты қалай қабылдайтынын және олардың қандай түрге жататынын анықтадық [10].

Жүргізілген әдіс нәтижелерінің пайыздық қоры ақпаратты қабылдаудың жоғары режимін анықтаумен байланысты.

Coлaқaйлap:

1)

2)

3)

Oңқaйлap

1)

2)

3)

Кесте-1. Солақайлар мен оңқайлардағы қабылдау түрлерінің пайыздық көрсеткіштері

Coлaқaйлap Oңқaйлap

Визуaл 32,3% 28,2%

Aудиaл 36,4% 42%

Кинecтeтик 26% 31,5%

Осы көрсеткіштерге сүйене отырып, біз солақайлар мен оңқайлар арасындағы ақпаратты қабылдаудағы айырмашылықтар, олардың түрлерінің бар екенін білдік. Сонымен, біз ақпаратты қабылдаудағы солақайлардың есту қабілеті, аудиалдылығы жоғары, екіншіден, көру қабілеті, визуалдардан кейін кинестетиктер екенін байқаймыз. Оңқайларда біз есту қабілетінің жоғары екенін, одан кейін кинестетиктер, ал үшіншісі визуалдар екенін көреміз. Сондықтан біз оңқайлар мен солақайлар арасында ақпаратты қабылдауда үлкен айырмашылық жоқ екенін білдік.

Екінші әдістеме. Енді вербалды-логикалық және бейнелі ойлау формаларының қайсысы жоғары және оңқайлармен салыстырып, айырмашылықтарын анықтау үшін келесі әдістемелерді қолдандық:

Вебалды-логикалық ойлауды айқындайтын әдістеме.

Бұл әдістемені орындау үшін қосымша сөзді сызылып тастайтын бланкілер қажет. Мұнда зерттелушінің оқытудың жалпы қабілеті мен маңызды белгілерін бөліп көрсету. Зерттелетін негізгі сипаттамалары ерекшеленеді. Әдістеме 15 бөліктен тұрады, олардың әрқайсысында 4 сөз бар. Субъектіге секундомер мен хаттама қажет. Зерттелінуші жауаптың уақыты мен дұрыстығын хаттамада белгілейді. Тапсырманың орындалуы ұпаймен есептеледі. Әрбір дұрыс жауап үшін -2 ұпай; қате жауап үшін -0 ұпай.

Кecтe-2. «Вepбaлды-лoгикaлық oйлaу» бoйыншa coлaқaйлap мeн oңқaйлap apacындaғы ерекшеліктерді айқындау

№ oң қoл R coл қoл R

1 A.Х. 13 16 М.A. 12 21

2 Ә.Э. 7 25 Ж.Ж. 18 3,5

3 Б.Қ. 14 13,5 М.Н. 13 19

4 Б.A. 13 13 P.Ж. 10 25

5 Б.Қ. 14 13,5 C.Ж. 16 10

6 Б.C. 12 21 C.Ұ. 14 13,5

7 E.E. 16 8 C.И. 9 28

8 Ж.Н. 19 1,5 C.Б. 10 25

9 Ж.C. 14 32 C.A. 19 1,5

10 Қ.A. 18 3,5 Қ.A. 17 6,5

11 Қ.E. 14 13,5 Т.A. 19 6,5

12 Қ.Б. 17 6,5 Ж.A. 12 21

13 Қ.Қ. 12 21 A.Х. 9 28

14 Қ.P. 16 10 Б.A. 8 29

15 М.A. 17 6,5 Ж.Н. 9 28

Демек, ақпаратты солақай мен оңқай балаларда өңдеуді қамтамасыз ететін вербалды логикалық ойлауда статистикалық маңызды айырмашылықтар бар екені анық.

«Бейнелі ойлауды» айқындайтын әдістеме.

Бұл зерттеуді жүргізу үшін сізге 4 суреттен тұратын 5 түрлі карта қажет; секундомер және жауаптарды белгілейтін хаттама қажет.

Зерттеуді өткізу жекелей жүргізіледі. Зерттеуді бастамас бұрын сенімді қарым-қатынас орнату керек. Бағдар ретінде көрсетілген картадағы 3 элемент жалпы атрибутты білдіреді, оларды бір топқа, бір атпен атауға болады, ал қалған біреуі олардан өзгешеленеді және сызылуы қажет. Зерттеуші уақытты хаттамаға жазып отырады.

Енді ойлаудың екінші түрі бейнелі ойлауды ерекшеліктерін айқындаймыз.

Кecтe -3. «Бeйнeлi oйлaу» әдicтeмeci бoйыншa көрсетілген мағлұматтардың coлaқaйлap мeн oңқaйлap apacындaғы aйыpмaшылықтapы

№ oң қoл R coл қoл R

1 Б.C. 8 28,5 М.A. 18 4

2 E.E. 10 20 Ж.Ж. 21 1,5

3 Ж.Н. 13 13 М.Н. 9 24

4 Ж.C. 15 9,5 P.Ж. 11 17,5

5 Қ.A. 8 28,5 C.Ж. 17 7

6 A.Х. 18 4 C.Ұ. 18 4

7 Ә.Э. 10 20 C.И. 10 20

8 Б.Қ. 11 17,5 C.Б. 15 9,5

9 Б.A. 9 24 C.A. 21 1,5

10 Б.Қ. 12 15 Қ.A. 9 24

11 Қ.E. 12 15 Т.A. 8 28,5

12 Қ.Б. 14 11,5 Ж.A. 9 24

13 Қ.Қ. 8 28,5 A.Х. 14 11,5

14 Қ.P. 17 7 Б.A. 17 7

15 М.A. 9 24 Ж.Н. 12 15

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

Яғни, солақайлар мен оңқайларда ақпаратты өңдеуді қамтамасыз ететін бейнелі ойлауда, ерекше ойлауда статистикалық маңызды айырмашылық бар екендігі байқалады.

Осылайша, біз ойлаудың осы екі түрінде оңқайлар және солақайларда статистикалық маңызды айырмашылықтары бар екенін анықтадық. Coнымeн, бiз oңқaй бaлaлapдa бeйнeлi oйлaудың жоғарылау eкeнiн байқадық

Үшінші әдістеме «Оқу-іс-әрекетінің ерекшеліктерін анықтау үшін қолданылатын сауалнама».

Бұл мәселенің мақсаты – солақайлардың білім беру қызметіне әсерін анықтау.

Негізінде бұл сұрақтама мұғалімге қойылатын арнайы сұрақтарды қамтиды. Мұнда біз солақай оқушылардың, оң қолды оқушылармен салыстырғанда айырмашылықтар туралы айтылады. Бұл сұрақтарда мұғалімдердің балалардың білім беру іс-әрекетіндегі солақайлардың ерекше үлгерімі мен қиындықтары туралы көзқарастары көрсетіледі.

Осылайша, солақайлар оңқайлардан гөрі, солақай әрекет етуге бейім, яғни солақайлық қалыпты жағдай. Сол қолымен жазатындарды ешбір жағдайда «жаман балалар» деп атау жұрыс емес. Бұл адам ағзасындағы кемшіліктер деп атауға болмайды. Солақайлардың мидың оң жақ жартысы жақсы жұмыс істейтіндіктен, олар сезімталдық пен есте сақтау, талдау сияқты қабілеттерге ие.

Сонымен, біз оңқай балалардың білім алуға деген ынтасы жоғары екенін көреміз.

Оқу міндеттерін орындауға байланысты сұрақтамаға сапалы талдау.

Бұл мәселеде негізінен солақай балалардың білім беру қызметі кезінде мұғалімдердің орындайтын міндеттерінің ерекшеліктері туралы айтылады.

1.Қойылған талаптарға сүйене отырып, солақайлар математиканы, ана тілін және бейнелеу өнерін ұнататынын айтты. Алайда, оң қолдылармен салыстырғанда, деңгейі жоғары пәндерді таңдауда нақты мәліметтері көрсетілмеген.

2. Алға қойылған талаптарға сүйене отырып, солақайлар математика қарапайым пән, ал қазақ тілі күрделі пән деп жиі айтады.

3. Талаптарға сүйене отырып, солақай оқушылар өздерінің және оң қолды балаларға қарағанда жазу жазған кезде баяу жазатындығымен, ерекше ой ұшқырлығымен ерекшеленеді.

4 .Солақай бала оңқай балаларға қарағанда кейде қосымша әдебиеттерді оқымайтынын, кейде көп оқитынын айтты.

5. Талаптарға сәйкес, тез арада ойлану керек болған кезде, солақай балалар ойлануға уақыт қажет екенін байқатты.

6. Алға қойылған талаптарға сүйене отырып, солақай балалар тапсырмаларды орындау кезінде қосымша уақытты қажет ету және баяу жазу сияқты қиындықтарға тап болады.

7. Талаптарға сәйкес, тапсырманы орындау кезінде солақайлар мен оң қолдар арасында aca ешқандай айырмашылық жоқ екендігі байқалды. Бірақ кейбір жағдайларда солақайлайлардың дара ерекшелігіне байланысты өзгешеліктер болатынын айтты.

8. Берілген тапсырманы орындау кезінде солақай бала нашар бағаланғанда, келесі жолы жақсы жауап беруге тырысатынын айтты.

Осыған байланысты, мұғалімнің жауаптары арасындағы ұқсастық келесідей:

1. сұрақта -10; 2. сұрақта -5; 3. сұрақта-8; 4. сұрақта-3; 5. сұрақта-6; 6. сұрақта-5; 7. Сұрақта-5;8.сұрақта -6;

Қорыта айтқанда, солақай оқушылардың оқу іс-әрекетінде өзгешеліктері, тапсырмаларды орындау өзгешеліктері және тапсырмаларды орындауға кеткен уақыт ерекшеліктері бар екенін көрсетеді.

Эксперименттік бөлімді қорытындылай келе, біз келесі нәтижелерді шығара аламыз.

Жоғарыда айтылғандай, жеке оқыту стильдерінің құрылымына сәйкес, солақайлардың білім беру қызметінде салыстырмалы түрде үлкен айырмашылықтар бар. Біз мұны жүргізілген әдістемелер негізінде анықтадық. Содан кейін біз осындай нәтижеге қол жеткіздік:

1.Ақпаратты өңдеу кезінде солақайлар мен оң қолдар арасында айырмашылық бар және бұл статистикалық маңыздылықтың жоғары деңгейіне сай келеді.

2. Ақпараттың қабылдануында айтарлықтай айырмашылық жоқ.

3. Солақай балалардағы бейнелі ойлау нәтижелері өте жоғары.

4. Оң қолды адамдарда вербальды ойлау жоғары дамыған.

5. Оқу мотивацияда айтарлықтай айырмашылықтар бар.

6. Солақай балаларда когнитивті дағдыларды игеруге байланысты жоғары мотивация бар.

Осылайша, біз өз жұмысымыздың мақсатына жеттік, яғни бастауыш сыныптағы солақайлықтың беру іс-әрекетіндегі стилі ерекше және ұқсас емес екенін анықтадық. Қойылған болжам расталып, міндеттер орындалды және өз мақсаттарымызға жеттік деп санаймыз.

Қорытынды. Осылайша, зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру барысында әдістемелерді қолдана отырып жүргізілген зерттеуде болжам толығымен расталды және қорытынды жұмыс өз мақсаттарына жетті деп айта аламыз.

Біздің ойымызша, бастауыш мектептегі солақайлар балаларымен жеке дара жұмыс жасалса:

1.Олар жоғары сыныпқа барғанда, олардың үлгерімі оңқай балалардың үлгеріміне тең болады.

2. Оқу процесінде байқалған қиындықтармен жұмыс үлкен жетістік әкеледі.

Сондықтан, біз бұл мәселені толығымен шештік деп айта алмаймыз, соған сай төмендегідей ұсыныстарды береміз:

1.Бастауыш мектептің солақай оқушыларымен жұмыс істеу және білім беруді жетілдіру институтының мұғалімдері мен психологтары үшін олардың мәселелерін шешу бойынша курстар мен семинарлар ұйымдастыру ұсынылады.

2.Педагог-психолог, мұғалімдер бірінші сыныпқа келген солақайларға жылулық пен мейірімділікпен көмек көрсету;

3.Мұғалімдер білім беру үрдісінде солақай балалармен оңтайлы жұмыс жасау технологиясын меңгеру;

4. Мектеп психологтары мұғалімдерге, ата-аналарға, балаларға солақай балалар проблемасын оңтайлы шешу бойынша психопрофилактикалық сабақтар, тренингтер ұйымдастыру.

Бiз өз жұмыcымызды coлaқaйлықтың оқу ic-әpeкeтiн зepттeугe бaғыттaдық және зepттeуiмiздiң бapыcындa әр түрлі әдістемелер жүpгiздiк. Coл apқылы coлaқaйлapдың оқу ic-әpeкeтiндeгi epeкшeлiктepi бap дeгeн қopытындығa кeлдiк.

ӘДЕБИЕТТЕР

[1].Спингер С., Дейч Г., Левый мозг, правый мозг. Асимметрия мозга. M. 2015. С. 17-31; С. 75-81.

[2].Айропеталанс E.Sh. к проблеме исеральбного мозга.// Труды ГОС7 наусч ислед. ИГ.V.M.Бехтерова, 2012-Т. 29-С19-48.

[3].Хомская Е. Д. Нейропсихология индивидуальных различий. Российское педагогическое агентство. M. 2013. С. 23-33.

[4].Брагина Н.Н., Доброхотова Т. N. Функциональная асимметрия мозга. M. 2014. С. 62-91.

[5]. Безруких М. Леворукий ребенок в школе и дома. 2016, С. 10-19.

[6]. Бланки В. Л. Механизм парного мозга. L. 2014.123 с.

[7]. Джексон с. Практическая психология. M., 2009.83-85с.

[8].Зинченко В. П. О микроструктурном методе исследования познавательной деятельности. M. 2012.56-57к.

[9]. Светлов П. С. Левши и Правши. СПб. 2014.35 с.

[10].Ceмeнoвич A.В. Пcихoлoгo-пeдaгoгичecкoe coпpoвoждeниe дeтeй – лeвший. М. 1998.78c.

[11].Poгoв E.И. Нacтoльнaя книгa пpaктичecкoгo пcихoлoгa в oбpaзoвaний. М. Влaдoc.1996.265 б.

[12].Aдpиaнoв O.C. Aктуaльныe пpoблeмы учeния oб opгaнизaций. Функций мoзгa.

[13]. Мeтoдoлoгичecкиe acпeкты нaуки o мoзгe. М. 1983. 81-91 б.

[14].Cидopeнкo E.В. Мeтoды мaтeмaтичecкoй oбpaбoтки в пcихoлoгий – CПб. 2004 – 346 б.

REFERENCES

[1]. Spinger S., Deutsch G., Left brain, right brain. Brain asymmetry. M. 2015. pp. 17-31; pp. 75-81.

[2]. Air balance E.Sh . on the problem of the iserebic brain.// Proceedings of the GOS7 Scientific Research and research. I.V.M.Bekhterova, 2012-vol. 29-C19-48.

[3].Chomskaya E. D. Neuropsychology of individual differences. Russian Pedagogical Agency. M. 2013. pp. 23-33.

[4]. Bragina N.N., Dobrokhotova T.N.Functional asymmetry of the brain. M.2014.pp. 62-91.

[5]. Bezrukikh M. A left-handed child at school and at home. 2016, pp. 10-19.

[6]. Blanks V. L. The mechanism of the paired brain. L. 2014.123 p.

[7]. Jackson S. Practical psychology. M., 2009.83-85c.

[8]. Zinchenko V. P. On the microstructural method of cognitive activity research. M. 2012.56-57k.

[9]. Svetlov P. S. Left-handers and Right-handers. St. Petersburg, 2014.35 p.

[10]. Semenovich A.V. Psychological and pedagogical support for left–handed children. M. 1998.78p.

[11].Rogov E.I.The handbook of a practical psychologist in education.M.Vlados.1996.265 b.

[12]. Adrianov O.C. Actual problems of the doctrine of organizations. Brain functions.

[13]. Methodological aspects of brain science. M. 1983. 81-91 b.

[14]. Sidorenko E.V. Methods of mathematical processing in psychology – St. Petersburg, 2004 – 346 b.

Егенисова Алмажай Кулжановна

Каспийский университет технологии и инжиниринга им. Ш. Есенова

г. Актау, Казахстан

Сактаганова Кундыз

Каспийский университет технологии и инжиниринга им. Ш. Есенова

г. Актау, Казахстан

ДЕТЕЙ-ЛЕВШЕЙ ПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ ОСОБЕННОСТИ

Аннотация. Так как это психологическая наука, изучающая тонкости и секреты человеческой души, жизнедеятельности, то она имеет важное значение. Соответственно, в этой статье рассказывается о проблеме леворукости, ее причинах, о том, что левши группируются в несколько групп: в частности, наследственность; роды у женщин вчера; от различных принуждений; от сознательного принуждения к себе.

Одно из них – леворукость-является важным и главным отличием в учебно-воспитательном процессе учащегося. Это не болезнь и не недостаток. Леворукость обусловлена спецификой обмена основными функциями полушарий головного мозга. У левшей есть свои особенности функции мозга.

Кроме того, ученые, изучавшие проблему леворукости: C.Анализируются мнения спингера, г. Дейча, Э. Ш. Айропетянца, Е. Д. Хомской, Н.Н.Брагиной, М. М. Безруких, В. Л. Бланки и др.

Поэтому наука делит левшей на четыре группы:

Во-первых, наследуется. То есть кровь передается из поколения в поколение только через меня. Число тех, кто относится к первой такой группе, составляет около 10%.

Во-вторых, от поздних родов у женщин. В погоне за карьерой, презирая ботинок, не встречая синих ботинок, женщины, которые поздно поженились, испытывают большие трудности с рождением ребенка, рожденного в утробе матери. Кроме того, клетки мозга, отвечающие за функцию правой руки, подвержены повреждению. С каждым годом все больше и больше детей рождаются с этим типом левши. Число одиноко занятых в стране достигло 2,5 миллиона человек.

В-третьих, от принуждения. Например, ребенок полагается на помощь левой руки в случае ожога руки.

В-четвертых, от осознанного самовоспитания. В эту группу также входят люди, которые едят двуручную пищу и могут писать двойными руками. Как еще раз доказали люди из четвертой группы, известно, что люди могут научиться чему-то удивительному, чему угодно, если попробуют. По словам психологов, у них будет сильный творческий потенциал.

В исследовании детей-левшей проводятся различные методики и методики, опросы, даются их итоговые результаты, научно-методические рекомендации.

Ключевые слова: левша, правша, ребенок, методика, исследование, эксперимент, визуал, аудиал, кинестетик

Egenissova Almazhay Kulzhanovna

Caspian university of technology and engineering named after Sh. Yessenov

Аktau, Kazakhstan

Saktaganova Kundyz

Caspian university of technology and engineering named after Sh. Yessenov

Аktau, Kazakhstan

PSYCHOLOGICAL CHARACTERISTICS OF LEFT-HANDED CHILDREN

Abstract. Since this is a psychological science that studies the subtleties and secrets of the human soul, vital activity, it is important. Accordingly, this article talks about the problem of left-handedness, its causes, and the fact that left-handers are grouped into several groups: in particular, heredity; childbirth in women yesterday; from various compulsions; from conscious self-coercion.

One of them, left–handedness, is an important and main difference in the educational process of a student. This is not a disease or a disadvantage. Left-handedness is caused by the specifics of the exchange of the main functions of the cerebral hemispheres. Lefties have their own peculiarities of brain function.

In addition, scientists who have studied the problem of left-handedness: C.The opinions of Spinger, G. Deitch, E. S. Ayropetyants, E. D. Chomskaya, N.N.Bragina, M. M. Bezrukikh, V. L. Blanks, etc. are analyzed.

Therefore, science divides lefties into four groups:

Firstly, it is inherited. That is, blood is passed from generation to generation only through me. The number of those who belong to the first such group is about 10%.

Secondly, from late childbirth in women. In pursuit of a career, despising shoes, not meeting blue shoes, women who got married late have great difficulty having a child born in the womb. In addition, the brain cells responsible for the function of the right hand are susceptible to damage. Every year more and more children are born with this type of lefty. The number of people employed alone in the country has reached 2.5 million people.

Thirdly, from coercion. For example, a child relies on the help of his left hand in case of a hand burn.

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

Fourth, from conscious self-education. This group also includes people who eat two-handed food and can write with double hands. As the people from the fourth group proved once again, it is known that people can learn something amazing, anything, if they try. According to psychologists, they will have a strong creative potential.

In the study of left-handed children, various methods and techniques, surveys are conducted, their final results, scientific and methodological recommendations are given.

Key words: left-handed, right-handed, child, methodology, research, experiment, visual, auditory, kinesthetic

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.