Научная статья на тему 'ПРИМЕНЕНИЕ ИНТЕРАКТИВНЫХ МЕТОДОВ ОБУЧЕНИЯ В УЧЕБНОМ ПРОЦЕССЕ'

ПРИМЕНЕНИЕ ИНТЕРАКТИВНЫХ МЕТОДОВ ОБУЧЕНИЯ В УЧЕБНОМ ПРОЦЕССЕ Текст научной статьи по специальности «Гуманитарные науки»

CC BY
77
32
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Журнал
Yessenov science journal
Область наук
Ключевые слова
инновации / интерактивный метод / джигсо / кейс / проект / тренинг / мозговой штурм / фишбоун / эссе / игра / дебаты. / innovation / interactive method / jigsaw / case study / project / training / brainstorming / fishbone / essay / game / debate.

Аннотация научной статьи по Гуманитарные науки, автор научной работы — Егенисова Алмажай Кулжановна, Жексенбаева Лейла Зинуровна

В этой статье будут описаны инновационные технологии обучения, включая типы интерактивных методов и то, как они используются в образовательном процессе. Таким образом, слово «интерактивный» термин «взаимодействие» относится к склонности общаться или общаться с кем (человеком) или с кем (например, с компьютером) в режиме интервью. Инновационная образовательная работа формулируется путем рационального внедрения новых технологий, адаптирующих образовательный процесс к получению продуктивного образования. Это современные технологии, такие как кабельное и спутниковое телевидение, видеоконференции, телефорумы, телемарафоны, партфолио, индивидуальные достижения в образовании и воспитании, а также тренинги по развитию жизненных навыков, включая социальное обучение, в которых рассказывается о различных достижениях. Было отмечено, что интерактивное обучение – это, прежде всего, обучение, в котором учителя и учащиеся взаимодействуют и проводят собеседования. Речь шла об основных целях интерактивного обучения: – установление свободных и открытых творческих отношений между студентами; – ориентация студентов на самостоятельный поиск знаний; – развитие навыков и умений, необходимых студентам. Он дал интервью интерактивному методу и остановился на его целях. Отметим: цель обучения-установление свободных и открытых творческих отношений между студентами; ориентация студента на самостоятельный поиск знаний; формирование у студента необходимых умений и навыков и др. Кроме того, типы интерактивных методов: метод лобзика, тематическое исследование, метод проектирования, мозговой штурм, обучение, метод "Фишбоун", метод «паук», Стамбульский метод игры, метод "Бэкроним», метод "горячего стула", деловые игры, ролевые игры, будут даны описания эссе, и речь пойдет об эффективности их использования. Метод тематического исследования (метод ситуационного обучения) это метод обучения, используемый для анализа и прогнозирования реальных или воображаемых ситуаций, то есть для описания конкретных экономических и социальных ситуаций. В случае ситуации (кейса) мы имеем в виду письменную передачу реальной реальной ситуации в коллективе. Например, рассказывается об истории образования, организации и создании организации, ее развитии, достижениях в бизнесе и т. д.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

APPLICATION OF INTERACTIVE TEACHING METHODS IN THE EDUCATIONAL PROCESS

This article will describe innovative learning technologies, including the types of interactive methods and how they are used in the educational process. Thus, the word "interactive" the term "interaction" refers to the tendency to communicate or communicate with someone (a person) or with someone (for example, a computer) in an interview mode. Innovative educational work is formulated through the rational introduction of new technologies that adapt the educational process to productive education. These are modern technologies, such as cable and satellite television, video conferences, telephone forums, telethons, party portfolios, individual achievements in education and upbringing, as well as life skills development trainings, including social training, which tell about various achievements. It was noted that interactive learning is, first of all, learning in which teachers and students interact and conduct interviews. It was about the main goals of interactive learning: – the establishment of free and open creative relationships between students; – orientation of students to independent search for knowledge; – development of skills and abilities necessary for students; He gave an interview to the interactive method and focused on its goals. Note: the purpose of the training is to establish free and open creative relations between students; orientation of the student to an independent search for knowledge; formation of the necessary skills and abilities of the student, etc. In addition, the types of interactive methods: jigsaw method, case study, design method, brainstorming, training, Fishbone method, Spider method, Istanbul game method, Backronym method, hot chair method, business games, role-playing games, essay descriptions will be given, and it will be discussed about the effectiveness of their use. The case study method (situational learning method) is a teaching method used to analyze and predict real or imaginary situations, that is, to describe specific economic and social situations. In the case of a situation (case), we mean a written transmission of the real real situation in the team. For example, it tells about the history of education, organization and creation of the organization, its development, achievements in business, etc.

Текст научной работы на тему «ПРИМЕНЕНИЕ ИНТЕРАКТИВНЫХ МЕТОДОВ ОБУЧЕНИЯ В УЧЕБНОМ ПРОЦЕССЕ»

armony.ӘОЖ 37.02

ҒТАХР 14.07.09

DOI 10.56525//QDRS7741

ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ

ӘДІСТЕРІН ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУ

ЕГЕНИСОВА А.К.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар

және инжиниринг университеті

Ақтау, Қазақстан

E-mail:[email protected]

ЖЕКСЕНБАЕВА Л.З.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар

және инжиниринг университеті

Ақтау, Қазақстан

E-mail:[email protected]

Автор корреспондент: [email protected]

Аңдатпа. Бұл мақалада оқытудың инновациялық технологиялары, соның ішінде интербелсенді әдістердің түрлері және олардың білім беру процесінде қалай қолданылатыны сипатталады. Осылайша, интербелсенді сөзі - «өзара әрекеттесу» термині сұхбат режимінде кіммен (адаммен) немесе кіммен (мысалы, компьютермен) сөйлесуге немесе сөйлесуге бейімділікті білдіреді.

Инновациялық білім беру жұмысы білім беру процесін өнімді білім алуға бейімдейтін жаңа технологияларды ұтымды енгізу арқылы тұжырымдалады. Бұлар – кабельдік және спутниктік теледидар, бейнеконференциялар, телефорумдар, телемарафондар, партфолио сияқты заманауи технологиялар, білім беру мен тәрбиедегі жеке жетістіктер және әлеуметтік оқытуды қоса алғанда, өмірлік дағдыларды дамыту бойынша тренингтер, солардың ішінде әр-түрлі жетістіктер туралы айтылады.

Интербелсенді оқыту - бұл ең алдымен мұғалімдер мен оқушылар өзара әрекет етіп, сұхбаттасып оқыту екендігі туралы айтып өткен. Интербелсенді оқытудың негізгі мақсаттары туралы сөз қозғалған:

– студенттер арасында еркін және ашық шығармашылық қарым-қатынас орнату;

– студенттерді өз бетінше білім іздеуге бағыттау;

– студенттерге қажетті білік пен дағдыларды дамыту;

Интербелсенді әдіске анқытама беріп, оның мақсаттарына тоқталған. Айтып өтсек: оқыту мақсаты – студенттер арасында еркін және ашық шығармашылық қарым-қатынас орнату; студентке білімді өз бетінше іздеуге бағыттау; студентке қажетті білік-дағдыларды қалыптастыру және т. б.

Сонымен қатар, интербелсенді әдістердің түрлері: джигсо әдісі, кейс-стади, жобалау әдісі, миға шабуыл, тренинг, «Фишбоун» әдісі, «өрмекші» әдісі, Ыстамбұл ойын әдісі, «Бэкроним» әдісі, «Ыстық орындық» әдісі, іскерлік ойындар, рөлдік ойын, эссе туралы сипаттамалар беріліп, оларды қолданудың тиімділіктері туралы сөз болады.

Кейс-стади әдісі (жағдаят арқылы оқыту әдісі) - нақты немесе елестетілген жағдайларды талдау және болжау үшін, яғни нақты экономикалық және әлеуметтік жағдайларды сипаттау үшін қолданылатын оқыту әдісі болып табылады. Жағдай (кейс) жағдайында біз ұжымдағы нақты шынайы жағдайдың жазбаша түрде берілуін айтамыз. Мысалы, білім беру тарихы, ұйымды ұйымдастыру және құру, оның дамуы, бизнестегі жетістіктері және т.б. айтылады.

Түйінді сөздер: инновация, интербелсенді әдістер, джигсор, кейстер, жоба, тренинг, миға шабуыл, фишбоун, эссе, ойын, пікірталас.

Кіріспе. Инновациялық білім беру жұмысы білім беру процесін өнімді білім алуға бейімдейтін жаңа технологияларды ұтымды енгізу арқылы тұжырымдалады. Бұлар – кабельдік және спутниктік теледидар, бейнеконференциялар, телефорумдар, телемарафондар, партфолио сияқты заманауи технологиялар, білім беру мен тәрбиедегі жеке жетістіктер және әлеуметтік оқытуды қоса алғанда, өмірлік дағдыларды дамыту бойынша тренингтер, солардың ішінде әр-түрлі жетістіктер.

Бүгінгі таңда негізгі әдіснамалық инновация оқытудың интербелсенді әдістерін қолданумен байланысты. «Интерактив» сөзі ағылшын тіліндегі «interact» сөзінен шыққан. «inter» бұл «өзара», «act» – «әрекет ету» дегенді білдіреді[1].

«Интербелсенді» сөзі – өзара әрекеттесу немесе диалог режимінде болу немесе кіммен (адаммен) немесе немен (мысалы, компьютермен) өзара әрекеттесу үрдісін білдіреді. Осылайша, интербелсенді оқыту алдымен мұғалімдер мен оқушылар өзара әрекеттесетін сұхбатта жүзеге асырылады [2].

Интербелсенді әдіс – бұл белсенді оқудың өзара әрекеттесу әдісі. Интербелсенді әдістің мақсаты – ақпарат беру ғана емес, сонымен қатар оқушыларды жауаптарды өз бетінше іздеуге бейімдеу.

Интербелсенді оқытудың негізгі мақсаттары:

– студенттер арасында еркін және ашық шығармашылық қарым-қатынас орнату;

– студенттерді өз бетінше білім іздеуге бағыттау;

– студенттерге қажетті білік пен дағдыларды дамыту.

Сурет 1 - Элиот Аронсонның Джигсо әдісі (постермен жұмыс)

Зерттеу материалдары мен әдістері. Джигсо әдісінде берілген тақырып топта талқыланады және топта әртүрлі тәсілдермен жұмыс істейді. Топтағы жұмысын талқылау, идеялармен бөлісу және ынтымақтастықты дамыту үшін басқа топқа өкілдерді жіберіп, өзінің жұмысын сол топта талқыла. Бұл ынтымақтастыққа, жұмыстағы бірлікке, жолдастарымен білім алмасуға, тақырыптарды талқылауға және негізгі ойларды сралап, салыстыруға жетелейді.

Мәтіндер немесе дәріс мәтіндері 3-4 бөлікке бөлінеді, сонымен қатар студенттер 1-ден 3,4, 5-ке дейін нөмірленген топтарға топтастырылады. Осыдан кейін олардың әрқайсысы мәтіннің тек бір бөлігін өз нөміріне сәйкес мәтіннің сол бөліктерін оқиды. Содан кейін топтың құрамы өзгереді, жаңа топтар («сараптамалық топ») құрылады және студенттер олардың санына сәйкес сараптамалық топқа жиналады: мәтіннің 1-бөлігін оқыған студенттер 1-топқа қатысады және т.б. өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарымен таныстырып, ұсынады және топтық талқылаулар өткізеді.

Сурет 2 - Білім алушылардың постерде джигсо әдісімен жұмысы

Кейс-стади әдісі (жағдаят арқылы оқыту әдісі) - нақты немесе елестетілген жағдайларды талдау және болжау үшін, яғни нақты экономикалық және әлеуметтік жағдайларды сипаттау үшін қолданылатын оқыту әдісі. Жағдай (кейс) жағдайында біз ұжымдағы нақты шынайы жағдайдың жазбаша түрде берілуін айтамыз. Мысалы, білім беру тарихы, ұйымды ұйымдастыру және құру, оның дамуы, бизнестегі жетістіктері және т.б. Дәріс берушілер жағдайды талдауға, мәселенің мәнін түсіндіруге, шешімді көрсетуге және ең тиімді шешімді таңдауға көмектесуге міндетті. Мәселелерді шешуге, баламаларды анықтауға, мақсаттарды айтуға және талдауға мүмкіндік береді.

Кейс: қате үйретілген термин. Мұғалім сабақ кезінде студенттерге интербелсенді оқыту әдісі бойынша 1 терминді қате уйретеді. Ол студент 2-ші курста шетелге академиялық ұтқырлық бойынша оқуға барады. Оқу кезінде ол қате үйретілген термин сөзді айтады. Сол кезде шетелдегі сабақ беретін оқытушы студентке «сіз мені балағаттап отырсыз» –деп заң орындарына шағымданады. Студент сотта өзінің айтқан сөзінің дұрыс екенін дәлелдеуге тырысады. Сонымен іс ушығып, елшілікке дейін жетеді. Соңында бұл іске елшілік араласып, әр түрлі мамандарды шақырады. Яғни, халықаралық сарапшы, лингвист маман, адвокат, сот өкілдері қатысып, сот өтеді. Сот кезінде студентке термин сөз қате үйретілгендігі дәлелденіп, ол ақталып шығады.

Тапсырма:

1. Студенттің бұл жерде кінәсы бар ма?

2. Мұғалімнің қандай қателігі бар?

3. Мәселенің шешімін ролдік ойын арқылы жүргізу [3].

«Фишбоун» әдісі. Постерде біз балықтың қаңқасы суреті салып, ал тақырып басына жазылды. Дененің жоғарғы қанаттарында бұл идеяның себебі жазылады, ал төменгі қанаттарда бұл идеяның салдары жазылады. Түйіннің ойлары балықтың құйрығына жазылады. Осыдан кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады [4].

Жаңа ақпаратты, пікірлерді сұрақ-жауап арқылы жаза отырып, қорытынды ойларды жинақтау. Берілген мәліметтерге сүйене отырып, олар өз сұрақтарын қояды және топтық жұмыста жауаптарды, рефлексияларды және белгілі бір талқылауға, ой қорытуға, қорытындыларға келуге жетелейді.

Сурет 3 - «Фишбоун» әдісі (постерде) Жапондық профессор Исикава бойынша

Келесі әдіс – «өрмекші» әдісі (постерде немесе сабаққа қатысушылар бір-біріне жіпті лақтыру арқылы сабақтарды қорытып, игере алады.

Сурет 4 - Білім алушылар өрмекші әдісімен сабқаты қорытындылауда

Жаңа материалдарды әзірлеу және негізгі ойларды бекіту. Өрмекшінің сұлбасына зерттелген материалды пысықтау мақсатында кезең-кезеңдерімен пысықтауға тиімді.

Студенттер постерге өрмекшінің сұлбасын салып, өз идеяларын егжей-тегжейлі есептеп, басына тақырыпты, денесіне өзекті идеяларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу тәсілдерін жазып, өз ойларын тиянақтап, белгілі бір тұжырымдарға әкеледі.

«Ақылдың алты ойшыл қалпағы» әдісі. Бұл топтық танымдық белсенділік әдісі, ол тапсырмаларды ақылға қонымды ұйымдастыруға арналған және қабылдау мен бағалаудың барлық аспектілерін көрсетеді. Сұрақ, жағдаят алдын-ала беріледі. Ол көп қырлы болуы және оған нақты жауабы немесе шешімі жоқ болуы тиіс. Сынып 6 топқа бөлінеді және әр топ өзіне бір қалпақты таңдайды(жеребе бойынша не бөліп береді). Әр қалпақ түсі идеяның даму бағдарын айқындайды [5].

1.Ақ түс – ең бейтарап. Сондықтан топ мүшелері фактілерді зерттейді. Басқаша айтқанда, бәрі мұның себебін дәлелдеді, басқаша емес екенін дәйектейді.

2. Сары – шуақты, бақытты және позитивті. Топ мүшелері артықшылықтарды іздей отырып, ұсынылған шешімнің оң жақтарын ғана көрсетеді.

3. Қара – теріс, күңгүрт, терістейтеу. Бұл топ материалға күмәндануы керек.

4. Қызыл – бұл эмоция. Бұл топ өз нәтижелерінде негіздемесі жоқ, ол жағдайдың эмоционалды аспектілерін ғана қарастырды.

5. Жасыл түс – бұл шығармашылық. Бұл топтың мүшелері бұл жағдайдың жаңа шешімдерін ұсынады, олар керемет және күтпеген болуы мүмкін.

6. Көк – бейтарап, бағаланады. Шын мәнінде, топта басқа топтардың пікірлерін, идеяларын бағалап, талдайтын, оңтайлы пікірлі сарапшылар мен талдаушылар болады, олар топтың барлық ұсыныстарын бағалайды және ең жақсы шешімді табады.

Сурет 4 - Эдвард де Бононың «Ақылдың алты ойшыл» қалпақ әдісі

Бұл «Алты қалпақ» стандарты болып таблады. Бірақ әр мұғалім сабақтың тақырыбына сәйкес жоспарлары мен стратегияларын реттей алады.

«Ыстық орындық» әдісі. Сыныптағы кез-келген оқушыға «ыстық орындыққа» отыру ұсынылады. Ең бастысы – өз еркімен шығу. Оқушылар үстел басында отырады, қоршауда тұрады және үй тапсырмасында қойылған сұрақтарға жауап береді. Мұғалім тапсырмаға қатысты сұрақтарға жылдам жауап беру қажеттілігін түсіндірді [3].

Сурет 5 - «Ыстық орындақ» сұрақ жауап әдісі

Егер сұраққа жауап беру мүмкін болмаса, «күйді» деген ескерту беріледі. Осылайша, бес-алты оқушы үй тапсырмасын немесе жаңа сабақтарды қорытындылау туралы сұрақтарға жауап беру үшін «ыстық орындықта» отырады.

«Ыстық орындықтың» екінші нұсқасына сәйкес, «ыстық орындықта» отырған студент басқаларға сұрақтар қоя алады.

«Шаттық шеңбері» (тренинг). Ол сабақты бастамас бұрын қолданылады. Студенттер үлкен шеңберге тұрып, кезек-кезек тілектер айтты. Студенттерді позитивті атмосфера құруға, бір-біріне тілек айтуға, эмоцияларды жақсартуға және ізгі ниетті оятуға үйретіп және бауырмалдығы, достығы, сыйластығы артады [6].

Сурет 6 - «Шаттық шеңбері» (Тренинг)

Бұл әдіс студенттердің ойларын немесе тілектерін білдіру, оларды тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау және барлық оқушыларды тарту арқылы оқу ортасының атмосферасы жасалады.

Жоба әдісі – пәнаралық болып табылады және әдетте студенттің бірнеше пәндер бойынша алған білімдерін қолдану қабілетіне негізделген топпен орындалады. Жобаны білім алушылардың өздері жүзеге асырады, ал оқытушылар тек кеңестер мен ұсыныстар береді. Дәстүрлі білім беру жүйесіндегі оқу бағдарламасының пәндері студенттердің жеке үлгеріміне негізделген [7].

Сурет 7 - «Интербелсенді әдістердің оқу процесінде қолданылуы» атты жоба

Жобаны әзірлеу. Бұл әдіс қатысушыларға аудиториядан шығп және талқыланған мәселелер бойынша өз әрекеттерін жоспарлауға мүмкіндік береді. Қатысушыларға мамандандырылған ұйымдардан кеңес алу, кітапханадан әдебиеттер сатып алу және т.б. мүмкіндігі бар. Қатысушыларға газеттерден тақырыпқа байланысты басылымдар, суреттер мен мақалалар жинау, содан кейін осы материалдарды топта талқылау ұсынылуы мүмкін.

Төменде орындалған жобаны бағалау критерийлерін ұсынамыз.

Сурет 8 - Жобаны бағалау критерийі

«Миға шабуыл» – американдық ғалым А.Обсорн жасаған «миға шабуыл» (brainstorming) ұсынды. Бұл әдіс оқыту әдісі ретінде университеттің оқытушылық тәжірибесінде әлі толық қалыптасқан жоқ.

Миға шабуылдың алтын ережесі – талқылауға қатысушылардың бір бір сөзіне қарсы емес, өз идеяларын еш ойланбастан ашық айтуы. Бұл жағдайда әртүрлі ойлар пайда болады және күтпеген шындыққа жанаспайтын идеялар пайда болады. Осы мақсатта миға шабуыл жасалды. Бірақ ол ғылыми зерттеулерде басқаруда сәтті нәтижелерді табу үшін қолданылады [8].

«Іскерлік ойындар» – бұл сарапшының болашақ мансабының тақырыбы мен әлеуметтік мазмұнының заманауи түрі, ал модельдеу жүйелері арасындағы байланыс бұл қызметті тұтастай сипаттайды. Бұл болашақ мамандықтардың (келісімшарттық модель, кәсіби қызмет, өндірістік диалектика) және қоғамның практикалық жағдайын имитациялайтын ұжымдық білім беру қызметінің бір түрі.

«Іскерлік ойында» қарастырылып отырған материалдардың нақты жағдайларына сәйкес әр студентке жетекші, қарсылас, комментатор, логик, психолог, сарапшы және т.б. сияқты белгілі бір рөл беріледі. Қарсыластар немесе комментаторлар айтылған идеяны, баяндамашының сөзін сынайды, оны талқылайды және дұрыс және бұрыс жақтарын көрсетеді; қарама-қарсы идеяны білдіріп, басқа жауап береді [9].

Логика пікірталасқа қатысқандардың қайшылықтарын көрсетті, логикалық қателіктерді қарастырды, негізгі ұғымдарға түсініктеме берді және дәлелдеу процесін талдады. Психологтар пікірталас процесін бақылайды, қарым-қатынас ережелерінің сақталуын бақылайды және пікірталастың жоғары білім деңгейінде өтуін қамтамасыз етеді. Сарапшылар пікірталас нәтижелерін талқылау кезінде іздеуге және әрекеттің басталуына байланысты бағалайды.

Бейнефильмдерді көру және талқылау. Сабақтарда көркем және деректі бейнефильмдерді, олардың фрагменттерін, сондай-ақ бейнероликтер мен бейнеклиптерді пайдалануға болады. Тиісті мазмұндағы бейнелер тек қосымша материалдар ретінде ғана емес, сонымен қатар олардың тақырыбы мен мазмұнына негізделген сабақтар мен тренингтердің кез-келген түрін қолдана алады. Фильм көрсетілмес бұрын студенттерге бірнеше (3-5) негізгі сұрақтар қою керек. Бұл кейінгі талқылауға негіз болады. Алдын ала таңдалған кадрлардың көмегімен фильмді тоқтатып, пікірталас жүргізе аламыз. Соңында, біз студенттермен бірігіп, нәтижелерді қорытындылап, қорытындысын жариялауымыз керек [10]. Мұғалімдер, білім алушылардың мінез-құлқын ескере отырып, рөлдерді дербес бөледі.Бұл әдістің артықшылығы – әрбір қатысушы ұсынылған рөл контекстінде әрекет етеді, белгілі бір жағдайды анық және шынайы түрде байқайды, белгілі бір әрекеттердің салдарын сезінеді және шешім қабылдайды.

Практик-психолог кәсібі үшін мүмкін болатын ойындар:

1.«Кеңесшінің қабылдауында»; Рөлдер - тұтынушы, кеңесші

2. «Отбасылық психотерапия конференциясы"; Рөлі- Отбасы (2,3,4,5 адам).

3.«Жұмысқа қабырдауг"; рөлі – психолог, әр түрлі адамдар лауазымдарға үміткер.

4. «Ішушілер отбасы»; рөлдер-ана, әке, бала (психологиялық қорғауды қажет ететіндер.

Мұндай рөлдік ойындарды әр мұғалім өз пәні бойынша құрастыра алады. Мұнда, әдеттегідей, психотерапиялық тренингтің әртүрлі фрагменттері кеңінен қолданылады [11].

Дәлелденген эссе – бұл оқу орындарында студенттердің оқу курсының соңында алған білімдерін немесе оның модульдерін тексеру мақсатында жазбаша шығармашылық түрінде жұмыс түрінде қолданылатын журналистика жанры. Мақала еркін тақырыпта да жариялануы мүмкін [12].

Бенджамин Блум – американдық педагог-психолог. Ол өзінің теориясын «Блум таксономиясы» кітабында дамытты: адамның сипаттамаларын өзгерту және тегістеу және білім беру мақсаттарын жүйелеу. Блум таксономиясын 1956 жылы Бенджамин Блум басқаратын білім комитеті әзірледі. Бұл сыни тұрғыдан ойлау деп санауға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі. Блумды жіктеу әдісінің мақсаты – оқытудың неғұрлым жан-жақты түрін құру.

Сурет 8 - Блум такономиясы

Таксономия – белгілі бір критерийлер мен орындарға сәйкес объектіні жүйелеуді топтастыруды немесе жіктеуді білдіреді. Айта кету керек, Блум таксономиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру студенттерге толық ақпаратты қабылдаудан гөрі, ондағы сұрақтарды зерттеуді, талдауды және салыстыруды, ойлауды және бағалауды жеңілдетеді. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы когнитивті процестің қарапайымнан күрделіге біртіндеп ауысу процесінде белсенді әрекетке әкелетін тапсырмалардың 6 деңгейінің құрылысына сәйкес келуі керек [1].

Блум таксономиясы – бұл студенттердің сыни ойлауын бағалау арқылы нәтижелер мен жетістіктерді тану және түсіндіру процесі, мақсаттардың қадамдық жүйесін қамтиды. Сыныптағы оқу процесінде сіз Блумды жіктеу әдісін қолдана отырып бағалау әдісін қолдана алады[13].

«Бэкроним» әдісі.Білім алушыларың логикалық ойлау қабілетін, сөз қорын дамыту. Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды, жазылым дағдысы қалыптасады. Сөзде берілген әр әріптері бойынша мағыналы сөйлем құрылады. Сөздер бастапқы әріптен басталады. Мысалы, критерий К-критерий, Р- реттелген, И- икемді, Т-тәсіл, Р-растайтын, И-иландаратын т.б

«Ыстамбул» ойын-әдістері. Білім алушылардың ойлау қабілетін дамытады. Сөздік қорын арттырады. Берілген сөз бойынша сөздің әріптерінен сөздер құру. Сөздегі әріптерден асып кетпеу керек.

Мысалы. Дескриптор, критерий деген сөздерден ішіндегі ішіндегі әріптерді пайдаланып, жаңа сөздер құрастыру. Дескриптор - тор, ор, декор, т.б. Критерий- тер, ит, рет т.б.

Зерттеу нәтижелері. Интербелсенді оқытуды ұйымдастыру ережелері:

Бірінші ереже: Оқытуға қатысушылар толық көлемде қатысуы керек. Осы мақсатта барлық қатысушыларды талқылау процесіне тарту әдістері қолданылады.

Екінші ереже: Қатысушылардың психологиялық дайындығына қамқорлық жасау. Осыған байланысты жақсарту және жетілдіру, студенттерге өздерін жүзеге асыруға мүмкіндік беру және жұмысқа белсенді қатысатын қатысушыларды үнемі ынталандыру пайдалы.

Үшінші ереже: Интерблсенді технологияда студенттер көп болмауы керек. Қатысушылар саны оқу сапасына тікелей байланысты. Олардың қолайлы саны-25 адам. Мұндай жағдайларда ғана шағын топтардың жұмысы жемісті болуы мүмкін.

Төртінші ереже: Жұмысқа дайындыққа назар аудару. Ғимарат қатысушылар үлкен және кіші топтарда жұмыс істеу үшін оған оңай орналасатындай етіп дайындалуы және физикалық қолайлы жағдайлар жасалуы керек.

Бесінші ереже: Процедура және регламент мәселелерге назар аудару. Мысалы: барлық қатысушылар әркімнің сөз бостандығы мен құқығын құрметтеп, төзімділік таныту қажет.

Алтыншы ереже: Семинарға қатысушылар топтарға бөлінеді. Ең алдымен, мұны еріктілік негізінде жасаған дұрыс. Содан кейін кездейсоқ таңдау принципін қолдану керек.

Қорытынды. Қорыта айтқанда, оқытудың интербелсенді әдістері – білім алушылардың сыни тұрғыдан креативті ойлауын, танымдық белсенділіктерін арттырып, оқу материалын шығармашылық жолмен меңгеруін, теорияны практикамен байланыстыра білуді, ғылыми-ізденістерін, зерттеушілік қабілеттерін, ойлау операциялары: талдау, синтездеу, жүйелеу, салыстыру, нақтылау, абстракциялау және ой қорытындыларын: индукциялық, дедуккциялық, аналогиялық қорытынды жасай білуді меңгереді.

Сонымен қатар, Шығыстың ұлы ойшылы, Түркі дүниесінің ұлы ғұламасы әл-Фараби бабамыз айтқандай «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» айтып өткендей білім алушыларды бір-бірінің көзқарастары мен пікірлерін сыйлауды, қолайлы психологиялық қарым қатынасты, ынтымықтастықты қалыптастырып, тәрбиелеп, жан-жақты, сегіз қырлы, бір сырлы, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеуге ықпал етері сөзсіз.

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

ӘДЕБИЕТТЕР

[1]. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО –да қолдану мәселелері: оқу құралы/ А.Әліміов. – Алматы: 2013. -447 б.

[2]. Егенисова А.Қ. Психологияны оқыту әдістемесі: оқу құралы /А.Қ.Егенисова. – Алматы: Бастау. 2018. -352 б.

[3]. Егенисова А.Қ. ЖОО психологиялық пәндерді оқыту теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы/ А.Қ.Егенисова. – Алматы: Бастау. 2018. -304 б.

[4]. Айтбаева А.Б. Білім берудегі жаңа технологиялар: оқу құралы/А.Б.Айтбаева. Алматы: 2016. – 230 б.

[5]. Бөрібекова Ф.Б. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар: оқу құралы/ Ф.Б.Бөрібекова, Н.Ж.Жанатбекова. - Алматы: 2018. -360 б.

[6]. Карандашев В.Н.Методика преподавания психологии: учебное пособие/ В.Н.Карандашев. –Питер: 2013. -250 с.

[7]. Ерментаева А.Р. Жоғары мектеп психологиясы:оқулық/А.Р.Ерментаева. – Алматы: Дәуір. 2015. -492 б.

[8]. Касен Г.А. Теория и методика преподавания психологических дисциплин В Вузе:/ Г.А.Касен. – Алматы: Қазақ университеті. 2015. -240 c.

[9]. Зимняя И.А. Педагогикалық психология: учебник /И.А.Зимняя. –Алматы: ТSТ-compay. 2005. – 368 б.

[10]. Жақыпов С.М. Психологияны оқыту әдістемесі: оқу құралы/С.М.Жақыпов., Н.Қ.Тоқсанбаева. – Алматы: Қазақ университеті. 2015. -190 б.

[11]. Герасимова В.С. Методика преподавания психологий. Учебное пособие/ В.С.Герасимова. – М:. 2014. -140 c.

[12]. Егенисова А.Қ., Едилова Н.И. Мектеп мұғалімдерінің коммуникативті құзіреттілігінің психолингвистикалық ерекшеліктері //Yeessenov Science Journal. №1(39)2021. -122-130б.

[13]. Түркменбаев А.Б., Абдыкермова Э.А. Физикалық модельдерді түсіндіруде виртуалды модельдерді пайдалану //Yeessenov Science Journal. №1(39)2021. -165-171б.

REFERENCES

[1]. Alimov A. problems of using interactive methods in higher education: a textbook/ A. Alimov. - Almaty: 2013. - 447 p.

[2]. Egenisova A.K. methodology of teaching psychology: a textbook /A.K.Egenisova. - Almaty: Start. 2018. - 352 p.

[3]. Egenisova A.K. theory and methodology of teaching psychological disciplines in higher education: textbook/ A.K. Egenisova. - Almaty: Start. 2018. – 304 b.

[4]. Aitbayeva A.B. new technologies in education: a textbook/A.B.Aitbayeva. Almaty: 2016. – 230 b.

[5]. Buribekova F.B. modern pedagogical technologies: a textbook/F.B.Buribekova, n.zh.Zhanatbekova. - Almaty: 2018. – 360 b.

[6]. Karandashev V.N.Methodology of teaching psychology: textbook /V.N.Karandashev. - Peter: 2013. – 250 c.

[7]. Ermentaeva A. R. Psychology of Higher school: textbook/A. R. Ermentaeva. - Almaty: Epoch. 2015. - 492 p.

[8]. Kasen G.A. Theory and methodology of teaching psychological disciplines in Higher education:/ G.A.Kasen. - Almaty: Kazakh University. 2015. -240 c.

[9]. ZimnayaI.A. Pedagogical psychology: textbook/I.A.Zimnaya.-Almaty:TT-compay. 2005. - 368 p.

[[10]. Dzhakupov S.M. methodology of teaching psychology: textbook /SM.Dzhakupov. N. K.Toksanbayeva. - Almaty: Kazakh University. 2015. – 190 b.

[11]. Gerasimova V.S. Methodology of teaching psychology. Textbook /V.S. Gerasimova. - M:. 2014. -140 c.

[12]. Yegenisova A. K., Edilova N. I. psycholinguistic features of the communicative competence of school teachers //Yeessenovvv Science Journal. №1(39)2021. – P. 122-130

[13]. Turkmenbayev A. B., Abdikermova E. A. the use of virtual models in the interpretation of physical models //Yeessenov Science Journal. №1(39)2021. - B.165-171

Егенисова Алмажай Кулжановна

Каспийский университет технологии и инжиниринга им. Ш. Есенова,

г. Актау, Казахстан

Жексенбаева Лейла Зинуровна

Каспийский университет технологии и инжиниринга им. Ш. Есенова,

г. Актау, Казахстан

ПРИМЕНЕНИЕ ИНТЕРАКТИВНЫХ МЕТОДОВ ОБУЧЕНИЯ В УЧЕБНОМ ПРОЦЕССЕ

Аннотация. В этой статье будут описаны инновационные технологии обучения, включая типы интерактивных методов и то, как они используются в образовательном процессе. Таким образом, слово «интерактивный» - термин «взаимодействие» - относится к склонности общаться или общаться с кем (человеком) или с кем (например, с компьютером) в режиме интервью.

Инновационная образовательная работа формулируется путем рационального внедрения новых технологий, адаптирующих образовательный процесс к получению продуктивного образования. Это современные технологии, такие как кабельное и спутниковое телевидение, видеоконференции, телефорумы, телемарафоны, партфолио, индивидуальные достижения в образовании и воспитании, а также тренинги по развитию жизненных навыков, включая социальное обучение, в которых рассказывается о различных достижениях.

Было отмечено, что интерактивное обучение – это, прежде всего, обучение, в котором учителя и учащиеся взаимодействуют и проводят собеседования. Речь шла об основных целях интерактивного обучения:

– установление свободных и открытых творческих отношений между студентами;

– ориентация студентов на самостоятельный поиск знаний;

– развитие навыков и умений, необходимых студентам.

Он дал интервью интерактивному методу и остановился на его целях. Отметим: цель обучения-установление свободных и открытых творческих отношений между студентами; ориентация студента на самостоятельный поиск знаний; формирование у студента необходимых умений и навыков и др.

Кроме того, типы интерактивных методов: метод лобзика, тематическое исследование, метод проектирования, мозговой штурм, обучение, метод "Фишбоун", метод «паук», Стамбульский метод игры, метод "Бэкроним», метод "горячего стула", деловые игры, ролевые игры, будут даны описания эссе, и речь пойдет об эффективности их использования.

Метод тематического исследования (метод ситуационного обучения) - это метод обучения, используемый для анализа и прогнозирования реальных или воображаемых ситуаций, то есть для описания конкретных экономических и социальных ситуаций. В случае ситуации (кейса) мы имеем в виду письменную передачу реальной реальной ситуации в коллективе. Например, рассказывается об истории образования, организации и создании организации, ее развитии, достижениях в бизнесе и т. д.

Ключевые слова: инновации, интерактивный метод, джигсо, кейс, проект, тренинг, мозговой штурм, фишбоун, эссе, игра, дебаты.

Egenissova Almazhay kulzhanovna

Sh. Yessenov Caspian state university of technology and engineering, Аktau, Kazakhstan

Zheksenbayeva Leila Zinurovna

Sh. Yessenov Caspian state university of technology and engineering, Аktau, Kazakhstan

APPLICATION OF INTERACTIVE TEACHING METHODS IN THE EDUCATIONAL PROCESS

Abstract. This article will describe innovative learning technologies, including the types of interactive methods and how they are used in the educational process. Thus, the word "interactive" - the term "interaction" - refers to the tendency to communicate or communicate with someone (a person) or with someone (for example, a computer) in an interview mode.

Innovative educational work is formulated through the rational introduction of new technologies that adapt the educational process to productive education. These are modern technologies, such as cable and satellite television, video conferences, telephone forums, telethons, party portfolios, individual achievements in education and upbringing, as well as life skills development trainings, including social training, which tell about various achievements.

It was noted that interactive learning is, first of all, learning in which teachers and students interact and conduct interviews. It was about the main goals of interactive learning:

– the establishment of free and open creative relationships between students;

– orientation of students to independent search for knowledge;

– development of skills and abilities necessary for students;

He gave an interview to the interactive method and focused on its goals. Note: the purpose of the training is to establish free and open creative relations between students; orientation of the student to an independent search for knowledge; formation of the necessary skills and abilities of the student, etc.

In addition, the types of interactive methods: jigsaw method, case study, design method, brainstorming, training, Fishbone method, Spider method, Istanbul game method, Backronym method, hot chair method, business games, role-playing games, essay descriptions will be given, and it will be discussed about the effectiveness of their use.

The case study method (situational learning method) is a teaching method used to analyze and predict real or imaginary situations, that is, to describe specific economic and social situations. In the case of a situation (case), we mean a written transmission of the real real situation in the team. For example, it tells about the history of education, organization and creation of the organization, its development, achievements in business, etc.

Key words: innovation, interactive method, jigsaw, case study, project, training, brainstorming, fishbone, essay, game, debate.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.