Научная статья на тему '«Біртұтас тәрбие бағдарлама» оның ұшқырлығы оқушыға ата-анаға, мұғалімге деген тиымдылығына, ұлттық рухани тәрбиесі жағынан қандай тәрбие алатыны жайлы ғылыми көзқарас'

«Біртұтас тәрбие бағдарлама» оның ұшқырлығы оқушыға ата-анаға, мұғалімге деген тиымдылығына, ұлттық рухани тәрбиесі жағынан қандай тәрбие алатыны жайлы ғылыми көзқарас Текст научной статьи по специальности «Науки об образовании»

CC BY
4
2
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Ключевые слова
бағдарлама / тәрбие / ұлттық құндылықтар / жалпыадамзаттық құндылықтар / мақсат / программа / воспитание / национальные ценности / общечеловеческие ценности / цель / program / upbrin­ ging / national values / universal values / goal

Аннотация научной статьи по наукам об образовании, автор научной работы — АГЗУМОВА АЙГУЛЬ ГАБДУЛМАНАПКЫЗЫ

Автор «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» білім беру бағдарламасы туралы айтады. Бұл бағдарлама ұлттық, адами құндылықтардың негізі болып табылады. Бұл құжатта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жүзеге асыру кезінде білім алушыларда қалыптасуы тиіс білім берудің мақсаттары, міндеттері мен құндылықтары айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтары бар, озық әлемдік білімі бар саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

Автор рассуждает о программе по воспитанию "Біртұтас тәрбие бағдарламасы". Данная программа основа национальных, человеческих ценностей. В этом документе определяются цели, задачи воспитания и ценности, которые должны формироваться у обучающихся при осуществлении воспитательной работы в организациях образования. Предусматривается цель воспитания сознательного гражданина, с общечеловеческими и национальными ценностями, с передовыми мировыми знаниями.

Текст научной работы на тему ««Біртұтас тәрбие бағдарлама» оның ұшқырлығы оқушыға ата-анаға, мұғалімге деген тиымдылығына, ұлттық рухани тәрбиесі жағынан қандай тәрбие алатыны жайлы ғылыми көзқарас»

38

Педагогическая наука и практика

УДК 373.1.02

ГРНТИ 14.25.05

«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМА» ОНЫҢ

ҰШҚЫРЛЫҒЫ ОҚУШЫҒА АТА-АНАҒА,

МҰҒАЛІМГЕ ДЕГЕН ТИЫМДЫЛЫҒЫНА,

ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ТӘРБИЕСІ ЖАҒЫНАН

ҚАНДАЙ ТӘРБИЕ АЛАТЫНЫ ЖАЙЛЫ

ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАС

ФИЛОСОФСКИЕ И МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ

Аңдатпа

Автор «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» білім

беру бағдарламасы туралы айтады. Бұл бағдарлама ұлттық, адами құндылықтардың негізі болып табылады. Бұл құжатта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жүзеге асыру кезінде

білім алушыларда қалыптасуы тиіс білім берудің

мақсаттары, міндеттері мен құндылықтары айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтары бар, озық әлемдік білімі бар саналы

азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

Аннотация

Автор рассуждает о программе по воспитанию "Біртұтас тәрбие бағдарламасы". Данная

программа - основа национальных, человеческих

ценностей. В этом документе определяются цели,

задачи воспитания и ценности, которые должны

формироваться у обучающихся при осуществлении воспитательной работы в организациях образования. Предусматривается цель воспитания

сознательного гражданина, с общечеловеческими и национальными ценностями, с передовыми мировыми знаниями.

Ағзұмова А.Ғ.,

Қостанай ауданы,

Жамбыл жалпы

білім беретін мектебі,

мектеп директорының

тәрбие жұмысы жөніндегі

орынбасары

Негізгі сөздер: бағдарлама, тәрбие, ұлттық құндылықтар, жалпыадамзаттық құндылықтар, мақсат.

Ключевые слова: программа, воспитание, национальные ценности, общечеловеческие ценности, цель.

Keywords: program, upbrin­

ging, national values, universal

values, goal.

Annotation

The author considers the program for upbringing

"Біртұтас тәрбие бағдарламасы". This program

is the basis for national and human values. The

document defines the goals, objectives of education

and values that should be formed in students during

teaching, learning, and upbringing process in

educational organizations. The goal is to educate a

conscious citizen with universal and national values,

with advanced world knowledge.

4(42)/2023

Мұғалім өз інің білімділігімен,

жүріс - тұрысымен, жайдары

мінезімен, тіпті сырт пішіні,

киген киімімен де оқушысына жақсы

мағынада қатты әсер етеді.

Мәлік Ғабдуллин

Қазіргі біртұтас тәрбие бағдарламасына елеулі өзгерістер еніп, жаңа көзқарастар пайда болды. Әрі білім беру

құрылымында жаңа рухани тәрбиеге

басымдық берілген технология өмірге кел­­­ді. Жаңа Қазақстанның салауатты да білімді ұрпағын қалыптастыруда

сапалы білім бере отырып, патриотты

тұлға қалыптастыру, өмірге деген қызығушылығын ояту. Тілін, жерін, елін

құрметтейтін тұлға қалыптастыру.

Оқулықтағыны оқушы өзі де оқып

алады. Сондықтан бүгінгі тәрбие мен

білім берудің сапалы болуы үшін тиімді

әдіс-тәсілдерді қолдана білу, рухани құндылықтарды қалыптастыру әр мұғалімнің

міндеті. Сонымен қатар мұғалімнің 45

минутты қызық әрі тартымды жаңалыққа

толы болуы керек. Сондай-ақ, «Мұғалім

әдісті көп білуге тырысу керек, оларды

өзіне сүйеніш қолғабыс нәрсе есебінде

қолдану керек», – деген Ахмет Байтұрсынұлының айтып өткен өсиетін өзіме

міндетім деп санаймын.Тұнып тұрған

тәрбиені Ахмет атамыз о бастан айтып

кетті емес пе?!

Ұстаз үшін ең басты біртұтас тәрбие

бағдарлмасын оның тиімділігі оқушыға

ата-ана мен мұғалімге оң әсерін тигізеді. Оқушыға тәрбиенің құндылығын

бағалау­да ғылыми көзқарасын қалыптастыруда – оқыту әдісін дұрыс таңдау

нәтиже береді. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық

күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады.

«Тәрбиелеу – халықтар бойына білімге

4(42)/2023

39

негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту» деп, Әл-Фараби айтып

өткендей, тәрбиені үзбей жалғастырып

отыру керек. Ол Үшін тиіміді іс-шараларды өткізіп тұру пайдалы. Ата-ана мен

оқушы арасындағы байланысты нығайта

отырып, екінші үйін мектеп деп алу тиіс.

Ұрпақ тәрбиесі бүгінгі күні баршамызды алаңдатып отыр. Халқымыздың

аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы

кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған

қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп

жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі

жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам.

Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар

өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе,

кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан

бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше

жоқ.» – деп мұнайған екен. Міне сол заманның куәсі болып отырмыз. Қолынан

ұялы телефон түспей, кітапхана есігін

ашпай күн кешіп, жаман әдетте жүрген

адам қаншама десеңізші? Тәрбие отбасынан қалыптасады. Отбасы қамымен

талай ата-ана ел кезіп, қаладан қалаға

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

кетіп жұмыс жасап жүр тіршілік қамымен. Олардың ауылда қалған перзенттерінің сабағы не болды? Сонымен

қатар қараусыз да қалды емес пе?. Тәрбиемен қоса адамға берілетін ол - білім

білім Білім адамның ішінен шығатын

нәрсе емес, сырттан келетін нәрсе. /А.С.

Макаренко Педагогикалық сенім еңбегі/

Оқымай білім аламын дегендер, тормен

су алғысы келгенмен тең. «Білім өмірде

– таяныш, жолда – дос, жалғыздықта –

жолдас, қуанышта – бастауыш, қайғыда – медет, күресте – құрал, зұлымдыққа

қарсы айла деп, бекер айтылмаған.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген.

Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы

ФИЛОСОФСКИЕ И МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ

Педагогическая наука и практика

ФИЛОСОФСКИЕ И МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ

40

Педагогическая наука и практика

тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге

асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар

мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген,

әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

Халықтық педагогика – қоғамның

ру­­­­­хани, мәдени және адамгершілік қарым-қатынастарындағы ең қымбат қазына

дейтін болсақ, оқушыларға ұлтымыздың

әдетғұрыптары мен салт-дәстүрлерін үйрету, оны оқушы ойына ұялату арқылы ізгілікке, адамгершілікке, ұлтжандылыққа,

өз салтдәстүрін құрмет тұтуға баулу – ұстаздардың басты мәселесі. Бүгін де өзгелермен тереземіз теңесіп, өркениетті

елдер қатарынан көрініп келе жатқан біз

үшін ұлттық дәстүрімізді терең меңгеріп,

ұлттық болмысымызды сақтап қалу өте

қажет деп білемін. Сондықтан еліміздің

болашағын тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып отырған ұстаздар үшін бұл ең

басты міндет деп санап, өз сабағымда

осы мәселеге баса назар аударуға тырысамын. Қазақ халқының тәлімдік мәні,

ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда,

шешендік сөздер мен айтыс-термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі.

Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні адамгершілік-имандылық, ақыл-ой,

еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп

тіреледі. Халқымыз өз ұрпағын бесікте

жатқан кезінен өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп

отыр­ған. Бала аяғын жерге нық басқаннан кезден қоршаған ортаның құпиясын

ғылыми тұрғыдан сезініп білмесе де,

жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол

тауып, қаршадайынан есту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын,

жоғалғанды табатын ізшіл де, мерген

де болған. Кәсібі, тіршілігі мал шаруа­

шылығына байланысты болғандықтан,

бала 5-6 жасынан ат құлағында ойнай

бастайды, бір естігенін қалтқысыз есте

сақтайтын қабілеті күшті, әңгімеге үйір

көшпелі халықтың баласы небір қызық

ертегілерді, жыр-дастандарды жаттап

алатын болған. Сөз өнерінің әдемі кес­

телері олардың сөйлеу корын байытып,

мағыналы да мәнді сөйлеуге жаттықтыра

беретін. Халықтық шығармалар ішіндегі

әр жақты айқын бейне, қызықты оқиға,

әдемі қисын, жақсы ұйқастардың бәрі балаларды қуантып, еліктіре әсер етіп, ойпікірін шыңдап отырған. Сондықтан халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқытуда тек

оны оқытып, жаттатып, талдатып қана

қоюға болмайды. Сол арқылы тәрбиелеу керек. Ата дәстүрімізді мақтан етіп,

оқушы жүрегінде өзінің қазақ болып

туғанына мақтаныш ететіндей сезімді

оятуымыз қажет.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Бурбаев Т. Ұлт мәдениеті. – Астана,

2010.

2.Ғарифолла Е. Ұлттық өркениет және

мәдени бағдар // Қазақстан: сындарлы

жылдар және ғаламдық мәселелер. –

Аматы: Қазақ университеті, 2003.

3.Аққозин М. Қазақ мақал-мәтелдері.

– Алматы: Қазақстан, 1990.

4.«Қазақ әдебиеті және мемлекеттік

тіл» журналдары. 2014 ж. № 1,2,3.

5.Жанабилова А.К. Тіл дамыту жұмыстарының инновациялық технологиясы.

– Алматы, 2009.

6.«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы, 2015 ж.

7.Бағдарлама 2023-2024 оқу жылы.

Астана.

4(42)/2023

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.