Научная статья на тему 'Шығыс Қазақстан облысының медицина қызметкерлерінің кәсіптік аурулары'

Шығыс Қазақстан облысының медицина қызметкерлерінің кәсіптік аурулары Текст научной статьи по специальности «Науки о здоровье»

CC BY
462
114
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Ключевые слова
кәсіптік аурулар / медицина қызметкерлері / профессиональные заболевания / медработники / occupational diseases / health workers

Аннотация научной статьи по наукам о здоровье, автор научной работы — З К. Сұлтанбеков

Мақалада медцина қызметкерлерінде кездесетін әр түрлі кәсіби аурулар ке-ңінен талданған. Атқаратын жұмысының түріне қарай медицина қызметкерлері әр алуан еңбек ортасының қолайсыз, жағымсыз әсерлеріне шалдығуы мүмкін, атап айтқанда, жұмыс орнындағы зиянды химиялық заттардың, биологиялық агенттер-дің, иондаушы және иондамайтын сәулелердің, канцерогендердің қалыпты жағ-дайдан көп болуы, сонымен қатар жұмыстың мәжбүрлік сипаты жүйке жүйесі мен көңіл – күйінің зорығуына соқтырады.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

This article is widely considered various occupational diseases occurring in health care workers. Depending on the type of work of health workers may be exposed to various types of adverse negative environmental impacts in the workplace, in particular, hazardous chemicals, carcinogenic, biological agents, ionizing and non-ionizing radiation, etc., as well as the coercive nature of the work leads to disruption nervous system.

Текст научной работы на тему «Шығыс Қазақстан облысының медицина қызметкерлерінің кәсіптік аурулары»

61

ПРОФПАТОЛОГИЯ

ӘОЖ 613.62:616-051

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПТІК АУРУЛАРЫ

З.К. Сұлтанбеков

ҚР ДС және ӘДМ «Еңбек гигиенасы мен кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМҚК

Шығыс Қазақстан филиалы, Өскемен қ.

Мақалада медцина қызметкерлерінде кездесетін әр түрлі кәсіби аурулар ке-ңінен талданған. Атқаратын жұмысының түріне қарай медицина қызметкерлері әр алуан еңбек ортасының қолайсыз, жағымсыз әсерлеріне шалдығуы мүмкін, атап айтқанда, жұмыс орнындағы зиянды химиялық заттардың, биологиялық агенттер-дің, иондаушы және иондамайтын сәулелердің, канцерогендердің қалыпты жағ-дайдан көп болуы, сонымен қатар жұмыстың мәжбүрлік сипаты жүйке жүйесі мен көңіл - күйінің зорығуына соқтырады.

Түйінді сөздер: кәсіптік аурулар, медицина қызметкерлері

Медицина қызметкерлерінің еңбек нәтижесі, жалпы адамдар денсаулығы -бұл ең алдымен медицина қызметкерлерінің жұмыс жағдайы мен денсаулығына және оның жақсаруына тығыз байланысты болады. Атқаратын жұмысының түріне қарай медиктер әр алуан еңбек ортасының қолайсыз, жағымсыз әсерлеріне шал-дығуы мүмкін, атап айтқанда, жұмыс орнындағы зиянды химиялық заттардың, биологиялық агенттердің, иондаушы және иондамайтын сәулелердің, жағымсыз микроклиматтың және канцерогендердің қалыпты жағдайдан көп болуы, сонымен бірге, жұмыстың мәжбүрлік сипаты жүйке жүйесі мен көңіл - күйінің зорығуына соқтырады.

Медицина кызметкерлерінің денсаулығын зерттеу жұмыстары Кеңес Ода-ғы кезінде 1922 жылдан басталған. Бұл бағытта белгілі ғалымдар Богословский С.М. (1925), Ефман А.М. (1928) және т.б. ғалымдар қомақты еңбектер жазып, медицина қызметкерлерінің арасында аурушаңдық деңгейі жоғары екендігін айқын көрсетті [1].

Мысалы, С.М. Богословский туберкулезге қарсы күресетін емхана дәрігер-лерінің сол аурумен ауыру жиілігі, басқа мамандықтағы дәрігерлер аурушаңды-ғынан 5-10 есе жоғары екендігін анықтады. А.М. Ефман және т.б. [2] зерттеуші-лердің мәліметтерінде, медицина қызметкерлерінің аурушаңдығы, көбіне жұмыс барысында жұқпалы ауруларға жиі ұшырауымен, жүйке-эмоция жүктемесінен

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. №2 (47), 2015

62

туындайтын жүрек-қан тамырлары және жүйке сырқаттарымен ауыратындықта-рына байланысты екендігі айтылған.

Медицина қызметкерлерінің жұқпалы, оның ішінде, аса қатерлі ауруларға ұшырау қаупі де үнемі болып тұрады. Оның үстіне, медицина қызметкерлері орга-низімінің жұқпалы ауруларға қарсы қорғаныс қабілеті де төмен, бұл медицина саласында көп жыл қызмет істеген адамдарда анық байқалады. Медицина мекеме-сінің қызметкерлері туберкулез, вирустық гепатит және т.б. инфекцияларды жұқ-тыруға өте бейім тұрады.

Вирустық В гепатиті медицина қызметкерлерінің негізгі кәсіптік аурулары-ның бірі екендігі жалпыға мәлім. Олар инфекцияланған қан мен және препарат-тармен, сонымен бірге аспаптармен жұмыс істегенде жұғады. Ластанған ине ар-қылы В гепатитінің жұғу мүмкіндігі 30%-ға жетеді. Батыс Еуропа елдері жүргіз-ген зерттеулер мәліметтері бойынша медицина мекемелеріндегі 180 қызметкердің біреуі жыл сайын В гепатитін жұқтырып отырады, яғни жылына шамамен 18 мың адам, немесе орташа есеппен, күніне 50 медицина қызметкері аталмыш ауруға шалдығады. Сонымен қатар, В гепатиті салдарынан болған бауыр шемені немесе бауырдың қатерлі ісігінен күн сайын бір медицина қызметкері дүние салады. АИВТ инфекциясы да В гепатиті сияқты таралады, бірақ зақымдану ауыр түрде жүреді. Ұлыбританиядағы медиктердің кәсіби науқастарды жұқтыру жиілігі 0,3%. Әдетте, олар аурудың қаны және басқа да физиологиялық ерітінділер арқылы жұқтырады [3,4].

Медицина қызметкерлерінің жалпы және кәсіби аурулары жөнінде сенімді, айқын дәлелденген мәліметтер біздің елімізде шын мәнінде жоқ. Бұл көптеген се-бептерге байланысты. Егер уақытша еңбекке жарамдығын жоғалтатын жалпы ау-руларды алсақ, онда медицина қызметкерлері, алдымен дәрігерлер, көбінесе тиісті құжаттарға тіркелмейді, сондықтан олар әдетте статистикалық мәліметтерге кір-мейді. Жұмысқа жарамсыздығын жоғалтпайтын созылмалы науқас жағдайында, әсіресе, көбіне ой еңбегімен айналысатын (емдеу-диагностикалық үрдістер, фармацевтика қызметі) дәрігер, провизор, кейбір орта медицина қызметкерлері әріп-тестеріне қараламай өз бетінше емделеді, сөйтіп олар да жалпы статистикаға ен-бей қалады. Өкінішке орай, медицина қызметкерлерін жаппай кәсіби тексеруден өткізгенде де олардың аурулары (ерте кезеңінде) іс жүзінде анықталмайды. Себе-бі, тексеруші дәрігер әріптесінің өзі жайлы айтқан пікіріне толық сеніп, қажетті талапқа сай тексеру жүргізбейді. Бұл жерде медицина қызметкерлерінің денсау-лығы мен еңбегінің төмен бағалануы жөніндегі медиктер арасындағы пікірдің үлкен мәні бар. Бұл көп жағдайда кәсіптік ауруларға да қатысты.

Еліміздегі кәсіптік аурулар жөніндегі сенімді мәліметтердің болмауы құры-лымы жүйелі қалыпқа түскен кәсіптік патологиялық қызметтің жоқтығынан туын-дайды. Ал алдын ала медициналық тексерулер (әсіресе, кейінгі кезде) зиянды жұ-мыстағы адамдарды түгел қамтымайды, кейбір кәсіпорындар мен мекемелерде мүлдем жүргізілмейді. Сондықтан олардың тиімділігі өте аз. Анықтамалық әде-

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. №2 (47), 2015

63

биет мәліметтеріне жүгінсек, кәсіптік ауруларға ұшырағандардың анықталғаны олардың жалпы санының 10 пайызынан аспайды. Бұған еліміздегі және шетелдер-дегі бірінші рет анықталған кәсіптік аурулар санының салыстырмалы көрсеткіші дәлел бола алады (кесте 1).

Кесте 1 - Әр түрлі елдердегі кәсіби аурулар

Жылдар 10 мың адамға шаққандағы ауру саны

КСРО РФ ҚР АҚШ ФРГ ГДР ЧССР Болгария Польша

1985 1,12 14,2 - - - - 6,9

1986 1,14 15,7 - - - - -

1987 1,17 21,6 - 9,3 - - 8,2

1988 1,26 1,05 1,2 - - - - - -

1989 1,66 1,36 1,1 - - - - - -

1990 2,42 1,96 1,4 - - - - - -

1991 - 2,08 1,9 - - - - - -

1992 - 1,88 2,1 - - - - - -

1993 - 1,85 1,6 - - - - - -

1999 - 1,7 1,5 19,6 9,5 6,8

2000 - 1,9 1,7 20,7 10,2 7,1

Медицина қызметкерлерінің өзіндік кәсіптік ауруларына келсек, бұл жө-нінде ғылыми және әдеби мәліметтер аз және толық емес. Сондықтан, бұл мәселе-ні тек жанап өтуге болады. Мысалы, Польшада 80-інші жылдардың ортасында бірнеше жыл бойы кәсіптік кереңдіктен кейінгі екінші орында жұқпалы аурулар (19,6%), медиктер арасында - вирусты гепатит болды. Чехославакияда 1983 жылы жұқпалы аурулар үшінші орында болды (негізінен вирусты гепатит), 1987 жылы Венгрияда өндірістік емес салалардағы кәсіптік аурулардың негізгі бөлігі (10%) денсаулық сақтау қызметкерлерінің үлесіне тиді (87%) және мемлекет бойынша барлық кәсіптік аурулар қатарындағы екінші орынды жұқпалы аурулар алды (ге-патиттер). Бұрынғы КСРО-да жедел кәсіптік аурулар санатындағы (барлық кәсіп-тік аурулардың 4,5%) жұқпалы аурулар 1980 жылдан бастап үнемі бірінші орында болып (бруцеллез - 83,3%, кене энцефалиті - 0,5%) және олар негізінен Қазақстан, Қырғызстан Республикаларында тіркелді [5,6].

Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жұқпалы аурулары толық тіркелмеген немесе мүлде тіркелмеген. Мысалы, 1981-1987 жылдары Мәскеуде жедел кәсіптік аурулар мүлде болмаған, тек жедел гепатитпен ауырған бірнеше адам ғана тіркел-ген. Кейінгі жылдарда жеке аймақтар мен халық шаруашылығы салаларындағы кәсіптік аурулар құрылымын талдау кезінде медицина қызметкерлерінің кәсіптік аурушаңдығы көрсетілмеген және талданбаған [7].

Ауру сипаты кәсіптік екендігі анықталған медицина қызметкерлерінің қыз-метіне назар аудару, олардағы сырқаттың себеп-салдарын талдау көңіл бөлуді қа-ISSN 1727-9712 Гигиена труда и медицинская экология. №2 (47), 2015

64

жет етеді. Мысалы, 1995 жылы 18 кәсіптік аурумен ауырғандардың 6-ы дәрігер (төртеуі хирург, оның ішінде біреуі тіс дәрігері, фтизиатр, туберкулезге қарсы кү-рес диспансерінің (ТҚКД) рентгенологы, 12-і орта медицина қызметкерлері (сегіз ем-дом және пост медбикелері, біреуі-ТҚКД медбикесі, біреуі- ТҚКД зертхана-шысы және біреуі - рентген-зертханашы) [8] (2 кесте).

Кесте 2 - Кәсіби аурулары бар медицина қызметкерлерінщ кәсіптік құрамы

Жылдар Барлығы Медицина қызметкерлерінің мамандықтары

дәрігерлер провизорлар орта кіші оның ішінде ТҚКД жұмысшылары

қызметкерлер

1995 18 6 - 12 - 4

1996 21 9 1 10 1 8

1997 24 10 2 9 3 9

Барлығы 63 25 3 31 4 21

1996 жылы кәсіптік аурумен ауырған 21 адамның 9-ы дәрігер (алтауы хирург, бір анестезиолог-реаниматолог, бір терапевт, бір стоматолог, төрт ТҚКД дә-рігері), 1-і провизор, 10-ы орта медицина қызметкерлері (ТҚКД санитары).

1997 жылы кәсіптік аурумен ауырған 24 адамның 10-ы дәрігер (бір хирург, бір стоматолог, үш ТҚКД дәрігері, бес терапевт-дәрігер,), 2-і провизор, 9-ы медицина қызметкерлері (жеті ем-дом және пост медбикесі, оның ішінде үшеуі ТҚКД), 3-і кіші медицина қызметкері (оның ішінде біреуі ТҚКД санитары). Науқасқа шалдыққан медицина қызметкерлері құрамының жалпы сипаттамасы 2 кестеде берілген.

1991-2014 жылдар аралығында ШҚО кәсіптік аурумен ауырған адамдар-дың 46 медицина қызметкерлері оқиғасы тіркелді. Кәсіптік аурумен ауырған 46 адамның ішінде 8-і дәрігер, 29-ы орта медицина қызметкерлері, 9-ы кіші медици-налық қызметкерлер. Нозологиялық түріне байланысты дәрігерлер ішінде туберкулез - 5, вирустық гепатит - 3, дәрілік аллергияға және созылмалы экземаға шал-дыққандар саны тіркелмеген. Орта медициналық қызметкерлер арасында дәрілік аллергия - 8, туберкулез - 14, вирустық гепатит - 5, созылмалы экзема - 2. Кіші медициналық қызметкерлер арасында туберкулез - 8, вирустық гепатит - 1, дәрілік аллергияға және созылмалы экземаға шалдыққандар саны тіркелмеген. 1998-2001 жылдар аралығындағы мұрағаттық деректер жоқ (1 сурет).

Кестеде келтірілген мәліметтерге жүгінсек, медицина қызметкерлері арасында кәсіптік аурумен көбірек ауыратындар науқастармен тікелей жұмыс жасай-тындар, яғни дәрігерлер екені көрінеді. Екінші жағынан алып қарағанда, кәсіптік аурулар фармацевтер мен орта медицина қызметкерлерінде, салыстырмалы түрде, ең аз екендігі байқалады. Бұл оларға медициналық тексеру жұмысының өз дәре-жесінде жүргізілмеуімен (кезеңді медициналық тексерудің мерзімі мен сапасы),

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. №2 (47), 2015

65

оны жүргізгендердің кәсіптік зиянды факторларды және олардың денсаулыққа әсерін анықтау жөніндегі сауаттылығының аздығына байланысты болуы мүмкін.

16

14

12

10

8

6

4

2

0

дәрілік туберкулез вирустық созылмалы аллергия гепатит экзема

дәрігерлер

о.м.қ

к.м.қ

Сурет 1 - ШҚО Кәсіби аурумен ауырған медицина қызметкерлері 1991-2014 жж. аралығында

Қорытынды.

Медицина қызметкерлерінің еңбегі, олардың денсаулықтарына ерекше қа-уіпті, себебі олар көбіне зиянды және қолайсыз жағдайларда жұмыс істейді.

Тікелей немесе жартылай емдік-диагностикалық үрдіспен байланысты көп-теген медиктердің жұмысы әр түрлі кешенді қолайсыз өндіріс факторлары әсерін-де, жүйкелік-эмоционалдық күштену, жоғары жауапкершілік жағдайларында орындалады. Бұл белгілі бір жағдайда аурудың, оның ішінде кәсіптік аурудың да-муына әкеп соқтыруы мүмкін.

Әдебиеттер

1. Богословский С.М. Заболеваемость медицинских работников и состояние их физического развития // Труд и быт медработников. - М., 1925. - Вып 3. -С. 7-52.

2. Ефман А.М. Заболеваемость медработников г. Свердловска // Уральский медицинский журнал. - 1928. - №2. - С. 155-158.

3. Shashall D. Occupational infections // BMJ. - 1996. - №313. - P.551-554.

4. Грошейде П., Ван Дамм П. Борьба с гепатитом В и его профилактика. -Едхем, Бельгия, 1996. - 80 с.

5. Hu D.J., Kane M.A., Heymann D.L. Transmission of HIV, hepaatitus B virus, and other bloodborne pathogena in health care settings: a review of risk factors and guidelines for prevention // Bull / WHO. - 1991. - №69. - P. 623-630.

6. Van Damm P., Tormans G. European risk model // Proc. Internat. Congress on Hepatities B as an Occupational Hazard. - Vienna, 1993.

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. №2 (47), 2015

66

7. Измеров Н.Ф., Лебедева Н.В. Профессиональная заболеваемость. - М.: Медицина, 1993. - 224с.

8. Карабалин С. Медицина қызметкерлерінің кәсіби аурулары. - Өскемен: Медиа - Альянс, 2003. - 128 б.

Резюме

В данной статье широко рассмотрены различные профессиональные заболевания, встречающиеся у медицинских работников. В зависимости от типа работы медработники могут подвергаться различным видам неблагоприятных негативных воздействий окружающей среды на рабочем месте, в частности, воздействию опасных химических веществ, концерогенов, биологических агентов, ионизирующей и неионизирующих излучений и т.д., а также работа принуждающего характера приводит к нарушению нервной системы.

Ключевые слова: профессиональные заболевания, медработники

Summary

This article is widely considered various occupational diseases occurring in health care workers. Depending on the type of work of health workers may be exposed to various types of adverse negative environmental impacts in the workplace, in particular, hazardous chemicals, carcinogenic, biological agents, ionizing and nonionizing radiation, etc., as well as the coercive nature of the work leads to disruption nervous system.

Key words: occupational diseases, health workers

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. №2 (47), 2015

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.