39
Тұжырым
Мақалада Арал өңіріндегі ересек тұрғындар арасындағы бастапқы мүгедек-тік көрсеткіштері көрсетілген. Жас ерекшелігінің құрылымы және мүгедектік топ-қа жіктелуі, сонымен қатар бастапқы мүгедектікке шығу көрсеткіштеріне динами-калық сараптама жүргізілді. Ересек тұрғындар арасындағы бастапқы мүгедектік құрылымы сарапталынды. 2006-2013 жж. кезеңінде Қызылорда облысының бес ауданы (Арал, Қазалы, Жалағаш, Қармақшы, Шиелі) бойынша зерттеу жүргізілді.
Түйінді сөздер: Арал өңірі тұрғындарының денсаулығы, мүгедектік топтары, бас-тапқы мүгедектік құрылымы
Summary
The article provides indicators of primary disability of the adult population living in the Aral Sea region. An analysis of indicators of primary disability, by group disability, age structure. The structure of primary disability among adults. Investigations were carried out in five districts of Kyzylorda region (Aral, Kazalinsk, Zhalagash, Karmakshy, Shieli) for the period from 2006 to 2013 years.
Key words: health of people in Aral Sea region, disability groups, the structure of primary disability
ӘОЖ 613.614:616-092.12
ӘРТҮРЛІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛАЙСЫЗ АУДАНДАРДА ТҰРАТЫН БАЛАЛАРДАҒЫ АУЫР МЕТАЛДАРДЫҢ ЖИНАҚТАЛУЫНЫҢ ДОНОЗОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ
З.И. Намазбаева, К.З. Сакиев, А.Ж. Кызкенова, Р.С. Бержанова, А.Ж. Искендирова
ҚР ДС және ӘДМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы»
РМҚК, Қарағанды қ.
Экологиялық қолайсыз аймақтарда мекен ететін әр түрлі жастағы бала-лардың денсаулықтары жайлы алынған ақпараттар экологиялық тәуелділік бұзу-шылықтың дамуына әкеп соқтыратын тәуекел болып табылатын микроэлементтік дәреженің өзгергенін куәландырады. Микроэлементтер көптеген ақуыздардың құ-рамдық бөлігі болып табылады және маңызды биохимиялық үрдістеріне қатыса-ды, сондай-ақ бос-радикалды тотығудың тотығу-тотықсыздану реакцияларының, тіндік тыныс алудың негізгі қызметтерін орындайды. Химиялық элементтердің дисбалансы ағзада өткізуші нүктесі ретінде қызмет атқарады немесе патология-ның дамуына әсер етеді, сонымен бірге аурудың клиникалық көрсеткіштерінің ISSN 1727-9712 Гигиена труда и медицинская экология. №2 (47), 2015
40
болмауы балаларда метаболиттік функционалдық бұзушылықтың болуын жоққа шығармайды.
Түйінді сөздер: балалар, жағымсыз экологиялық жағдай, донозологиялық өзгеріс-тер, токсиндік және эссенциалды элементтер
Өзектілігі. Транспорттық жүйенің және өндірістің өсуіне байланысты ірі индустриялық қалалардың халқы ауыр металдардың күшті әсеріне бейімделеді. Химиялық элементтердің (токсиндік, эссенциалдық) жетіспеушілігіне немесе ар-тық түсуіне жоғары сезімталдығымен ерекшеленетін балалар үшін ауыр металдар өте қауіпті келеді. Химиялық құрамның тұрақтылығы адам ағзасының қалыпты қызметінің ең басты және міндетті шарты болып табылады. Ағзаның микроэле-менттік дәрежесінің дисбалансы адам денсаулығы жағдайының бұзылуына әкеліп соқтырады. Эссенциалды микроэлементтермен байланысты донозолгиялық өзге-рістердің физиологиялық көрсеткіштері ең алдымен олардың ағзадағы ферментті жүйе құрамында алынған орнымен, ал тиімді қызметі көбіне олардың ағзаға енуі-мен байланысты. Қоршаған ортада олардың жетіспеушілігі немесе артық мөлщері қатерлі ауруларға, жалпы айтқанда микроэлементтік дертке (микроэлементоза) алып келуі мүмкін [3]. Өсіп келе жатқан ағзаға қоршаған орта факторларының үнемі әсері - үлкен өзгерістерге алып келеді [1]. Сондықтан, балалар денсаулығын нығайту және сақтау, экологиямен байланысты бұзылулардың пайда болуы қаупін төмендету мақсатында қоршаған ортаны сауықтыру - қазіргі таңда өзекті мәселе-лердің бірі болып табылады. Адам ағзасындағы химиялық элементтердің үйлесім-сіздігі ағзаның физиологиялық қалыптан тыс ауытқуына септігін тигізеді, соны-мен қоса балаларда аурудың клиникалық белгілері болмаса да, экологияға негіз-делген бұзушылықтардың донозологиялық критерийі болып табылатын метабо-лиялық ауытқулардың бар екенін жоққа шығармайды [2].
Арал маңы дағдарысты аймағындағы атмосфералық ауаның құрамына улы қосылыстар кешені кіретін ұсақ дисперсті шаңмен ластануы политропты әсер көр-сетеді [10]. Жүргізілген көптеген зерттеулерге қарамастан, Қазақстандағы Арал маңы халқының денсаулығына химиялық қосылыстардың әсер ету мәселесі әлі де шешілмеген болып қалуда. Халықтың микроэлементтік жағдайы ерекше орын алады.
Зерттеудің мақсаты. Арал маңы балаларының шашындағы және несебін-дегі донозологиялық өзгерістердің тууына әкеліп соғатын ауыр металдардың жи-нақталуының, яғни олардың ағзаға қаншалықты дәрежеде әсер ететінін анықтау.
Материалдар мен әдістер. Қазақстанның оңтүстік аймағының ең маңызды мәселесі, аумағы 59,6 млн га, тұрғындар саны 1342,19 мың адамды құрайтын Арал маңының Қазақстандық бөлігі экологиялық апатты аймақ болып табылады. Арал теңізінің тартылуы су құрамындағы тұз мөлшерінің бірнеше есеге көбеюіне, тұн-балар минералдануының жоғарылауына, климаттың өзгеруіне, атмосфералық ауа
ISSN 1727-9712
Гигиена труда и медицинская экология. №2 (47), 2015
41
арқылы химиялық заттармен аралас ұсақ дисперсті тұзды шаңның таралуына әкеп соқтырды [14].
Экологиялық қолайсыз аймақ - Арал маңы дағдарысты аумағында Әйтеке би кенті және Арал қаласында тұратын 5-14 жас аралығындағы 317 балалар зерттеуге алынды. Оның ішінде 163 ұл бала, 154 қыз бала, орташа зерттеу шамасы 6-10 жас. Барлық зерттеу жұмыстары заңды түрде, яғни ата-аналарының жазбаша келісімі негізінде жүргізілді.
Қойылған мақсатқа жету үшін, биосубстарт ретінде - шаш және несеп зерттеуге алынды. Әдебиеттерге сүйенсек, шаштың және несептің микроэлемент-тік құрамы қоршаған ортаның көрсеткіштерін көрсетеді. [6,11,12]. Биосубстрат-тағы микроэлементтік құрамды анықтау - ол келесі металдарды анықтау: эсен-циалды - мырыш, мыс, йод, селен, темір, марганец және улы - сынап, қорғасын, кадмий, никель. Сынап алу әдістемелік нұсқауларға сәйкес жүргізілді. Зерттеу әдісі ретінде инверсионды вольтамперометрия таңдалды [8,9]. Статистикалық тал-дау «Statistica 10» бағдарламасы негізінде жүргізілді [13].
Нәтижелер мен талқылаулар. Шаштың зерттеу нәтижелері Әйтеке би кенті балаларында 31%-нда кадмийдің 76%-ға жоғары екенін, ал Арал қаласы балаларында 19%-нда 49,3%-ке мыстың төмен екенін көрсетті. 1 кестеде Арал ма-ңында тұратын балалардың шашындағы микроэлементтердің таралу саны келті-рілген.
Кесте 1 - Арал маңында туратын балаларының шаш құрамындағы микроэлементтер кон-центрациясы (Әйтеке би кенті және Арал қаласы)
МЭ Физиология лық норма, мкг/г Әйтеке би (n=180) Арал (n=137)
сенімді интервал орташа квад- раттық ауытқу M±m сенімді интервал орташа квад- раттық ауытқу M±m
Мыс 7,5-80 2,6±2,95 1,5 2,8±1,22 0±0 0±0 0±0
Кадмий 0,05-0,25 18±31,1 13,7 24,1±3,7 17,4±32,1 13,6 24,8±13,6
Мырыш 100-250 1,53±1,8 1,0 1,7±0,95 0±0 0±0 0±0
Қорғасын 0,1-5 0±0 0 0±0 0±0 0±0 0±0
Марганец 0,2-4,4 0,5±0,63 0,3 0,5±0,55 1,29±1,6 1,05 1,4±1,02
Темір 5-157 0±0 0 0±0 1,3±1,6 1,05 1,5±1,02
Никель <0,55 4,8±5,23 2,6 5,0±1,62 3,4±3,91 2,56 3,6±1,60
Сынап 0,05-2 0,48±0,6 0,31 0,55±0,5 0±0 0±0 0±0
Селен 0,2-1,8 0,5±0,6 0,3 0,55±0,5 0±0 0±0 0±0
Мышьяк 0,005-0,5 2,6±2,95 1,50 2,8±1,22 6,2±6,9 4,5 6,6±2,11
Шаштар өзімен бірге кадмий металының қосымша экскректорлық жолын көрсетеді және оның құрамында 0,5-3,5 мкг/г дейінгі мөлшері болуы мүмкін. Ба-
ISSN 1727-9712
Гигиена труда и медицинская экология. №2 (47), 2015
42
лалардың шаштарында көрсетілгендей, адам ағзасында өмір бойы ақырындап жо-йылатын ауыр металдардың жоғары мөлшері болуы мумкін. Шаштарда кадмийдің болуы оның ағзада тұрып қалуына әсер ететін биологиялық индикатор болып та-былады. Тышқандар мен егеуқұйрықтарды зерттеу кезінде жүндерінде кадмийдің болуы, олардың бүйрек пен бауырларында кадмийдің артық мөлшері болатыны көрсетеді. Балалардың шаштарындағы металдардың мөлшерлерін зерттеу жұмы-сында кадмий сияқты улы (токсиндік) металдардың жинақталғанын көрсетті. Кадмийдің улы әсерінің механизмі ақуыз молекуласындағы карбоксильдік, амин-дік және бастысы сульфгидрильдік топтарын байланыстыруында, соның нәтиже-сінде ферментті жүйелердің белсенділігі төмендейді. Кадмий жыныс жасушала-рында оңай жиналады. Ол жасушаның цитоплазмалық және ядролық тіндерімен жеңіл байланысқа түседі және зақымдайды. Сонымен қоса, көптеген гормондар мен ферменттердің белсенділігін өзгертеді. Бұл оның сульфгидрильдік (-SH) топ-тарды байланыстыру қабілетіне ие қасиетімен түсіндіріледі. Кадмийдің көп мөл-шері мыс пен мырыштың биологиялық қызметін тежейді. Мыстың жетіспеушілігі канның аздығына, балалардың психомоторлық дамуының кідірісіне, керотин ақа-уы мен шаштың пигменттенуінің бұзылуына және суыну, мұралық ауруға шал-дығу (Вильсона-Коновалова ауруы, Менкес белгісі және т.б.) ауруларына әкеліп соғады. Тіпті, психикалық дамуды бәсеңдетуге қатысады.[3,5,11].
2 кестеде Арал маңында тұратын балалардың шашындағы микроэлемент-тердің таралу саны келтірілген. Балалар несебіндегі зерттеу мәліметтері бойынша, Әйтеке би кенті балаларында 52,7%-нда йодтың мөлшері 52,4%-ке жоғары екені, ал Арал қаласы балаларында 45%-нда йодтың 50,4 %-ке және 8%-нда сынаптың 20%-ке жоғары екені анықталды.
Кесте 2 - Арал маңында туратын балаларының несеп құрамындағы микроэлементтер кон-центрациясы (Әйтеке би кенті және Арал қаласы)
МЭ Физиология лық норма, мкг/дм3 Әйтеке би (n=180) Арал (n=137)
сенімді интервал орташа квад- раттық ауытқу M±m сенімді интервал орташа квад- раттық ауытқу M±m
Мыс 2-80 0±0 0 0±0 0,61±0,8 0,5 0,7±0,72
Кадмий 0,5-47 0,5±0,63 0,30 0,55±0,5 0±0 0 0±0
Мырыш <25 0±0 0 0±0 1,98±2,4 1,5 2,18±1,6
Қорғасын 0-5,0 0±0 0 0±0 1,98±2,40 1,5 2,2±1,25
Сынап 0,05-5,0 0±0 0 0±0 7,6±8,41 5,4 8,02±2,3
Селен 15-45 0±0 0 0±0 2,7±3,25 2,1 2,91±2,06
Йод 100-250 4,6±5,51 3,1 6,01±5,2 1,3±1,63 1,05 1,4±1,02
ISSN 1727-9712
Гигиена труда и медицинская экология. №2 (47), 2015
43
Йод әр адам үшін өмірлік қажетті микроэлемент. Ол қалқанша бездің бір қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет. Сол себептен, йодтың көп мөлшері кезінде ағ-зада қалқанша бездің жұмысы өзгереді, ал нақтырақ айтсақ, қалқанша без бен ти-реоид гормондардың синтезі бұзылады. Тіпті, йодиндуцириялық ауруға шалдығу-дың дамуын шақыртады. Бұл, қалқанша без ауруларының гипо- немесе гипер-тиреоз дамуымен анықталатын кең таралған тобы. Сынап ақуыз молекуласының сульфгидрильдік топтарын тосқауылдайтын тиолды у қатарына жатады, сол се-бепті, ол ағзадағы ферменттік және ақуыз алмасу қызметін зақымдайды. Әсіресе, жүйке жүйесіне қатты әсер етеді [7,12].
Қорытынды. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша, балалар несебінде йод, сынап элементтерінің жоғары мөлшері анықталды. Несептегі мұндай жоғары көрсеткіш аталған элементтерді ағзадан қарқынды түрде бөліп шығару керек еке-нін көрсетеді.
Шаштағы кадмийдің жоғары мөлшері - оның қоршаған ортада жоғары көлемде екенін айғақтайды, бұл - эссенциалды микроэлементтердің ағзаға енуіне әсер етеді.
Өкінішке орай, ауыр металдардың әсерінен қоршаған ортаның ластануын төмендету бойынша көптеген өнеркәсіптер үлкен қаражаттық шығындар талап етеді және осы талаптың орындалуы жылдар бойы іске аспайды. Қоршаған орта-ның ластануының жалғасуына байланысты балалардың денсаулығына әсер ететін зиянды әсерлерді жоюға бағытталған іс-шаралардың нақты жоспарларын жүзеге асыру өте маңызды.
Сонымен, балалар ағзасындағы микроэлементтердің өзгерісі, уақыт өте әр түрлі жүйелерде метаболиялық және функционалдық өзгерістердің тууына алып келеді. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, қоршаған ортаның адам денсаулығына кері әсер ететін фактор екені анық, осыған орай өсіп келе жатқан буынның денсаулықтарына жайлы экологиялық жағдай жасау - қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.
Әдебиеттер
1. Бударина Л.А., Кудаева И.В. Обмен холестерина у детей и подростков промышленных городов восточной Сибири // Гигиена и санитария. - 2010. - №6. -С.20-23.
2. Алыков Н.М., Шачнева Е.Ю. Влияние тяжелых токсичных металлов на окружающую среду. Наука Красноярья. - 2012. - №4. - С. 35-48.
3. Бельмер С.В., Гасилина Т.В. Микроэлементы и микроэлементозы и их значения в детском возрасте // Вопросы современной педиатрии. - 2008. - №6. -С.91-97.
4. Государственная политика и проблема хронических неинфекционных болезней / пер. с англ., публикации Всемирного банка. - М.: Весь Мир, 2008. -С.212.
ISSN 1727-9712 Гигиена труда и медицинская экология. №2 (47), 2015
44
5. Ишманов М.Ю., Сертакова А.В., Соловьев А.М. и др. Медицинские анализы исследования // Полный справочник. - М.: Эксмо, 2009. - 608 с.
6. Кудрин А.В., Громова О.А. Микроэлементы в иммунологии и онкологии. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 544 с.
7. Панченко Л.Ф., Маев И.В., Гуревич К.Г. Клиническая биохимия микроэлементов. - М., 2004. - 368 с.
8. Томский государственный университет Биологические объекты. Инверсионно -вольтамперометрический метод измерения массовой концентрации меди МР. - Томск 2006. - 30с.
9. Томский государственный университет Биологические объекты. Инверсионно -вольтамперометрический метод измерения массовой концентрации йода МР. - Томск, 2006. - 30 с.
10. Терешкевич Д.П. Медико-социальные и эпидемиологические аспекты здоровья населения в зоне экологического бедствия Приаралья: Автореф. ... канд. мед. наук. - Астана, 2011. - 31 с.
11. Park H.-S., Shin K.-O., Kim J.-S.Assesment of reference values for hair minerals of rean preschool children // Biological Trace Element Research. - 2007. -Vol.116, №2. - P.119-130.
12. Burtis C.A., Ashwood E.R., Bruns D.E. Tietz Textbook of Clinical Chemistry and Molecular Diagnostics. 4 ed. Ed. Elsevier. - New Delhi, 2006. - 2412 p.
13. Реброва О.Ю. Статистический анализ медицинских наук. - М.: Медиа сфера, 2006. - IV изд. - 312 с.
14. Намазбаева З.И., Балмагамбетова Г.Г., Коккузова С.К., Жумабекова С.Ж., Бенц Т.В. Определение состояния нереспираторной функции легких детского населения индустриального города по конденсату выдыхаемого воздуха // Гигиена труда и мединская экология. - 2011. - № 2(31). - С. 85-89.
Резюме
Полученные данные о состоянии здоровья детей различного возраста, проживающих в экологически неблагополучном регионе свидетельствуют о изменении микроэлементного статуса, что является обоснованием для выявления групп «риска» в развитии эколого-зависимых нарушений. Микроэлементы являются составной частью многих белков и участвуют в важнейших биохимических процессах, в частности, выполняют основные функции в свободно-радикальном окислении, окилительно-восстановительных реакциях, тканевом дыхании. Дисбаланс химических элементов в организме человека служит отправной точкой, либо способствует развитию патологии, в тоже время отсутствие клинических проявлений болезни у детей не исключает наличия у них метаболических и функциональных нарушений.
Ключевые слова: дети, неблагоприятные экологические условия, донозологические изменения, токсичные и эссенциальные микроэлементы
ISSN 1727-9712 Гигиена труда и медицинская экология. №2 (47), 2015
45
Summary
The data on the health status of children of different ages, living in ecologically unfavorable region indicate a change in trace element status, that is the rationale to identify the groups of "risk" in the development of eco-dependent disorders. Microelements are part of many proteins and are involved in key biochemical processes in particular, the basic functions operate in a free-radical oxidation-reduction reactions okili-telno, tissue respiration. The imbalance of chemicals in the human body is the starting point, or contributes to the development of pathology, at the same time, the lack of clinical manifestations of the disease in children does not exclude their metabolic and functional disorders.
Key words: children, adverse environmental conditions, prenosological change, toxic and essential trace elements
УДК 613.1-079.5(574.54)
ХАРАКТЕР ПИТАНИЯ НАСЕЛЕНИЯ ГОРОДА АРАЛЬСКА
Б.Б. Рахметуллаев
РГКП «Национальный центр гигиены труда и профессиональных заболеваний»
МЗ и СР РК, г. Караганда
В статье дается анализ особенности питания респондентов г. Аральска. Представлен характер питания населения, проживающего в зоне экологического бедствия. Одним из интегральных показателей экологического неблагополучия является нарушение питания в любой его форме.
Ключевые слова: анкетный опрос, респондент, экологическое бедствие, питание
Актуальность. Трагедия Аральского моря, приведшая к экологическому кризису в регионе, как следствие вызвала большие экономические потери, повлияла на уровень жизни людей, проживающих в бассейне Аральского моря. Аральская проблема, как крупнейшая экологическая катастрофа планеты, приобрела острейший характер. Интенсивное опустынивание и устойчивые необратимые процессы деградации окружающей природной среды, ухудшение условий жизни, рост заболеваемости вызвали новые социально-экономические и экологические ситуации, требующие законодательного решения и правового регулирования мер социальной защиты населения, проживающего в экологически неблагоприятных районах [1].
ISSN 1727-9712
Гигиена труда и медицинская экология. №2 (47), 2015