Научная статья на тему 'Әйтеке би кенті тұрғындарының жүйке жүйесі аурулары'

Әйтеке би кенті тұрғындарының жүйке жүйесі аурулары Текст научной статьи по специальности «Науки о здоровье»

CC BY
186
58
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Ключевые слова
ми қан тамырларының сырқаты / омыртқа сырқаты / бас миы жарақатының сырқаты / қоршаған орта факторлары / аурушаңдық / цереброваскулярные заболевания / вертеброгенная патология / энцефалопатия на фоне травм болезни головного мозга / факторы окружающей среды / заболеваемость / cerebrovascular diseases / vertebral pathology / encephalopathy on a back-ground of trauma brain disease / environmental factors / morbidity

Аннотация научной статьи по наукам о здоровье, автор научной работы — Р.А. Серикова

Мақалада Әйтеке би кентін мысалға ала отырып, ластанған Арал аумағын-дағы тұрғындардың жүйке жүйесінің жағдайына қоршаған ортаның зиянды фак-торлары әсерінің нәтижесі баяндалған.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

Похожие темы научных работ по наукам о здоровье , автор научной работы — Р.А. Серикова

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

The article presents the results of the impact of environmental hazards on the-change among residents of contaminated areas on the example of the Aral Sea Aiteke.

Текст научной работы на тему «Әйтеке би кенті тұрғындарының жүйке жүйесі аурулары»

55

public health at the present stage”: Bulletin KazNMU scientific - practical journal. -Almaty, 2014. - №3(3). - P. 220-222.

7. Ibrayeva L.K. Influence of environmental factors on the development of environmental diseases in the population (literature review) // Occupational medicine and industrial ecology. - 2014. - №8. - P. 38-43.

8. Amanbekova A.U., Ibrayeva L.K., Azhimetova G.N., Battakova S.B., Namaz-baeva Z.I. Methodological approaches to the clinical - functional studies in the diagnosis of environmentally-related diseases // Occupational medicine and industrial ecology. - 2014. - №8. - P. 52-79.

Тұжырым

Мақалада Қызылорда облысы Жосалы кенті тұрғындарының денсаулық жағдайының мәліметтері келтірілді. Тексерілген тұрғындар арасында терапевтік аурулар жағдайы бағаланды. Тұрғындарды медициналық-биологиялық зерттеудің қорытындысы бойынша зерттелушілердің 94,6% аурушаң екендігі анықталып, науқастар тобына жатқызылды.

Түйінді сөздер: денсаулық, тұрғындар, экология, аурушаңдық

Резюме

В статье приведены данные состояния здоровья населения п. Жосалы Кызылординской области, дана оценка состояния заболеваемости терапевтического профиля по системам среди обследованного населения. Выявлено, что 94,6% обследованных, по результатам медико-биологического исследования населения, отнесены к группе больных.

Ключевые слова: здоровье, население, экология, заболеваемость

ӘОЖ 616.8:613.1(574.54)

ӘЙТЕКЕ БИ КЕНТІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ АУРУЛАРЫ

Р.А. Серикова

ҚР ДС және ӘДМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы»

РМҚК, Қарағанды қ.

Мақалада Әйтеке би кентін мысалға ала отырып, ластанған Арал аумағын-дағы тұрғындардың жүйке жүйесінің жағдайына қоршаған ортаның зиянды фак-торлары әсерінің нәтижесі баяндалған.

Түйінді сөздер: ми қан тамырларының сырқаты, омыртқа сырқаты, бас миы жара-қатының сырқаты, қоршаған орта факторлары, аурушаңдық

ISSN 1727-9712 Гигиена труда и медицинская экология. №2 (47), 2015

56

Өзектілігі. Бүгінгі таңда жиналған ғылыми зерттеу материалдары әлем ел-дерінің көпшілігі үшін, соның ішіде Арал өңіріндегі (Әйтеке би) қоршаған орта-ның ластануы экологиялық, гигиеналық, әлеуметтік мәселелерінің ерекше маңыз-дылығын растайды. Бұл мәселе бойынша бірінші тараптан адамның жүйке жүйе-сіне көптеген факторлар әсер етеді, соның ішінде Арал өңірінің экологиялық қо-лайсыз аймағында өмір сүретін тұрғындары үшін де өзекті болып табылады. Со-нымен, қазіргі кезде қоршаған ортаның жеке факторларының әсері нәтижесінде адамның денсаулық жағдайындағы өзгерістерді бөлшектеп анықтау қиын [1-4]. Демек, бір қатар зерттеулерде, қоршаған ортамен тұрғындардың денсаулық жағ-дайы, жүйке жүйесіндегі көрсеткіштер арасында себеп - салдар тәуелділігі анық-талған. Қазіргі таңда Арал өңіріндегі ауылдық округтері мен аудандарына ерекше назар аударылған. Ондағы өзекті мәселелердің бірі - тұрғындардың жүйке жүйе-сіндегі сырқаттар мен олардың ауыр күйлері (мүгедектік, өлім). Қазақстан аума-ғындағы жағымсыз экологиялық зардапты аудандардың бірі болып Арал өңірін-дегі Әйтеке би аудандық округі болып табылып отыр. Сырқаттанудың алдын алу медицинасының негізі болып жаңа теориялық шаралары, медициналық-экология-лық базада және биологиялық негізінде, адам денсаулығына жағымсыз әсерлерді қоршаған ортадан алатындығы белгілі болып табылады [5-7].

Зерттеудің мақсаты. Арал өңіріндегі Әйтеке би ауылының экологиялық қолайсыз ауданындағы тұрғындардың жүйке жүйесіндегі өзгерістерінің сипатын анықтау.

Зерттеу әдістері мен материалдары. Зерттеуге Қазақстан Республикасы-ның Қызылорда облысы Әйтеке би ауданының тұрғындары алынды. Қоршаған ортаның зиянды факторларының денсаулыққа тигізетін әсерін және көп тараған ауру түрлерін анықтау мақсатында, тұрғындарға медициналық-биологиялық зерт-теулер жүргізілді.

Зерттеуге кірген адамдар: зерттеуге бұрын экологиялық жағымсыз аймақ-тарда тұрмаған, зиянды өндірісте жұмыс істемеген, осы аймақта 5 жылдан кем тұрмаған, жас шамасы 18 жастан кіші және 69 жастан үлкен тұлғалар енді. Соны-мен қатар ауруы бойынша мүгедектер, созылмалы аурумен диспансерлік тізімде тұрғандар, жүкті әйелдер тексеруге алынбады. Барлығы 912 адам медициналық тексерістен өтті.

Статистикалық өңдеу «STASTICA V. 10» бағдарламасымен, Колмогорова-Смирнова, Лиллиефорсаның статистикалық критерийлерінің негізінде жүргізілді.

Нәтижелер мен талқылаулар. Зерттеуге алынған Қызылорда облысы, Әйтеке би ауданындағы 912 тұрғындардың жүйке жүйесіне, клиникалық-невроло-гиялық скрининг зерттеуі жүргізілді. Тексеру нәтижесінде қаралған адамдардың 411 (45%) сау, ал қалған 501 (55%) адамда әр түрлі аурулар анықталды: (36% - ер адам, 64% - әйел адам). Мұның ішінде 308 (117,1%) адамда ми қан тамырларының сырқаты, 141 (60,4%) адамда омыртқа, 11 (4,4%) адамда нейропатия және 37 (16,1%) адамда бас миы жарақатының сырқаты.

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. №2 (47), 2015

57

Жеке талдау нәтижесінде келесі көрсеткіштерді атап өтуге болады: ми қан тамырларының сырқаты ер адамдарда: 18-29 жаста 9 адамда (10,3%); 30-39 жаста 8 адамда (9,2%); 40-49 жаста 14 адамда (16,1%); 50-59 жаста 30 адамда (34,5%); 60-69 жаста 26 адамда (29,9%), ал әйелдердің ішінде: 18-29 жаста 22 адамда (9,9%); 30-39 жаста 41 адамда (18,5%); 40-49 жаста 38 адамда (17,2%); 50-59 жаста 55 адамда (25%); 60-69 жаста 65 адамда (29,4%) байқалды. Айтар болсақ, жас мөлшеріне байланысты аурушаңдық әйелдер арасында 30-39 жас аралығында ер адамдарға қарағанда екі есе шамасында, ал 50-59 жастағыларда, керісінше, ер адамдарда (тиісінше 34,5% және 25%) жиірек кездесетіні анықталды.

Омыртқа сырқаты ер адамдарда: 18-29 жаста 4 (5,9%); 30-39 жаста 15 (22,1%); 40-49 жаста 17 (25%); 50-59 жаста 20 (29,4%); 60-69 жаста 12 (17,6%) жә-не әйелдердің көрсеткіштері: 18-29 жаста 2 (2,7%); 30-39 жаста 11 (15,1%); 40-49 жаста 27 (37%); 50-59 жаста 20 (27,4%); 60-69 жаста 13 (17,8%) анықталды. Көр-сеткіштер бойынша омыртқа сырқаты тексерілген екі жыныста да 40 жастан жоғары жиі кездесіп, 18-29 жас аралығында ер адамдарда екі есе шамасында ар-тығырақ болғаны анықталған.

Нейропатия сырқаты ер адамдарда бірдей 25% кұрайды, ал әйел адамдарда 40-49 жаста 3 адамда (42,8%); 50-59 жаста 1 адамда (14,4%) және 60-69 жаста 3 адамда (42,8%) кездесті.

Бас миы жарақаттының сырқаты ер адамдардың арасында: 30-39 жаста 8 (42,1%); 40-49 жаста 7 (36,8%); 50-59 жаста 3 (15,8%); 60-69 жаста 1 (5,3%) және әйел адамдардың арасында: 18-29 жаста 3 (16,7%); 30-39 жаста 8 (44,4%); 40-49 жаста 3 (16,6%); 50-59 жаста 3 (16,6%); 60-69 жаста 1 (5,5%) анықталды.

Сонымен, Арал өңірінің экологиялық қолайсыз аймағында тексерілген жүйке жүйесінің нәтижелері бойынша 55% дейін патология анықталса, оның жар-тысынан көбі ми қан тамырлары сырқаты. Әйел адамдардың ми қан тамырла-рының сырқаты 221 адам (69,1%), ер адамдардың ішінде - 87 адам (48%), ал омыртқа сырқаты көрсеткіші ер адамдарда 68 адамда (37,6%) және әйелдерде 73 адамда (22,8%) болды. Нейропатия сырқаты ерлерде 4 адам (2,2%), ал әйелдерде 7 адам (2,2%) құрады.

Арал өңіріндегі Әйтеке би ауданындағы адамдарға неврологиялық және психо-эмоциналдық, вегетативті дәрежесі көрсеткіштеріне зерттеулер жүргізіл-генде аталмыш өзгерістердің болуы және де қоршаған ортаның экологиялық жа-ғымсыз факторларының қарқынды және созылмалы әсері ағзаның бейімделу қабі-летінің төмендеуіне ықпал етіп, түрлі патологиялық жағдайлардың дамуына мүм-кіндік туғызуы мүмкін.

Арал өңіріндегі Әйтеке би ауданындағы тұрғындардың жүйке жүйесі сырқатының таралуының пайыздық көрсеткіштері (1,2 суреттер).

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. №2 (47), 2015

58

Сурет 1 - Арал өңіріндегі Әйтеке би ауданындағы ер адамдардың жүйке жүйесі сырқатының таралуының пайыздық көрсеткіші

Сурет 2 - Арал өңіріндегі Әйтеке би ауданындағы әйел адамдардың жүйке жүйесі сырқатының таралуының пайыздық көрсеткіші

Қорытындылар:

1. Арал өңіріндегі Әйтеке би ауданы тұрғындарының жүйке жүйесін зерт-тегенде 55% адамдарда әр түрлі аурулар анықталған, олардың 64% әйелдерде. Зерттеу нәтижесінде аурушаңдықты салыстырмалы түрде қортындылағанда ең жиірек яғни бірінші орында ми қан тамырының сырқаты (69,1%) әйел адамдарда жоғары болды.

2. Жиілігі бойынша екінші орында омыртқа сырқаты (60,4%) айқындалған. Көңіл аударарлығы бұл сырқаттың 18-29 жас аралығында ер адамдарда екі есе шамасында артық болғаны. Сондай-ақ аурушаңдық әйелдер арасында 30-39 жас аралығында ер адамдарға қарағанда екі есе шамасында жиі екені көрсетілген. Ай-

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. №2 (47), 2015

59

та кететін болсақ, олардағы ауыр жүйке жүйесінің күйзелісі, психикалық береке-сіздік, шарттық жарақаттар, бас миының дисфункциясы және соматикалық сыр-қаттардың әсерінен болғандығы анықталды.

Сонымен, осындай патологиялық өзгерістердің болуы және де қоршаған ортаның экологиялық жағымсыз факторларының қарқынды және созылмалы әсері ағзаның бейімделу қабілетінің төмендеуіне ықпал етіп, түрлі патологиялық жағ-дайлардың дамуына мүмкіндік туғызу әсерін атап өтуге болады.

Әдебиеттер

1. Токмолдинов Ф.С. Современное состояние проблемы загрязнения окружающей среды в регионах экологического неблагополучия Республики Казахстан (обзор литературы) // Гигиена, эпидемиология и иммунология. - 2011. - №2. -С. 15-18.

2. Мусина А.А. Чувствительность определенных возрастных групп к факторам окружающей среды // Гигиена труда и медицинская экология. - Караганда, 2011. - №1(30). - С. 9-14.

3. Фокин С.Г., Бобкова Т.Е. Экономическая оценка и обоснование решений в области управления риском для здоровья населения // Гигиена и санитария.

- 2011. - №3. - С. 25-33.

4. Воробьева Л.В., Лутай Г.Ф., Кузнецова И.А., Мясников И.О. и др. Региональные особенности гигиенической оценки биологического загрязнения поверхностных вод» // Гигиена и санитария. - 2011. - №1. - С. 34-37.

5. Садыков К.И. Медико-экологические аспекты здоровья населения в промышленных регионах // Медицина. - 2009. - №1. - С. 52-55.

6. Калжигитов Х.С., Ергалиев Т., Нургазиев К.Ш. и др. Состояние здоровья населения и санитарно-эпидемиологическая ситуация в Атырауской области // Проблемы нефтегазового комплекса Казахстана: матер. междун. науч.-техн. конф., посвящ. 70-летнему юбилею акад. Н.К. Надирова: АИН и Г. - Атырау, 2001. - Т.2.

- С. 305-308.

7. Калжигитов Х.С., Нургазиев К.Ш., Утепкалиев М., Ергалиев Т. О состоянии здоровья населения в экологически неблагополучных регионах Атырау-ской области // Проблемы нефтегазового комплекса Казахстана: матер. междун. науч.-техн. конф.: посвящ. 70-летнему юбилею акад. Н.К. Надирова: АИН и Г. -Атырау, 2001. - Т.2. - С. 316- 321.

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. №2 (47), 2015

60

Резюме

В статье изложены результаты влияния вредных факторов окружающей среды на состояние нервной системы у жителей загрязненной территории Арала на примере п. Айтеке би.

Ключевые слова: цереброваскулярные заболевания, вертеброгенная патология, энцефалопатия на фоне травм болезни головного мозга, факторы окружающей среды, заболеваемость

Summary

The article presents the results of the impact of environmental hazards on the-change among residents of contaminated areas on the example of the Aral Sea Aiteke.

Key words: cerebrovascular diseases, vertebral pathology, encephalopathy on a background of trauma brain disease, environmental factors, morbidity

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. №2 (47), 2015

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.