Научная статья на тему 'Арал маңы ересек тұрғындарының қан құрамының микроэлементтік көрінісі'

Арал маңы ересек тұрғындарының қан құрамының микроэлементтік көрінісі Текст научной статьи по специальности «Клиническая медицина»

CC BY
284
58
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Ключевые слова
Арал маңы дағдарыс өңірі / микроэлементтер / ересек тұрғындар / дисбаланс / кризисная зона Приаралье / микроэлементы / взрослое население / дисбаланс / Aral region crisis zone / trace elements / adult population / imbalance

Аннотация научной статьи по клинической медицине, автор научной работы — З И. Намазбаева, Р С. Бержанова, Р С. Улжибаева, А Ж. Искендирова, А Ж. Кызкенова

Арал маңы дағдарыс өңірінде тұратын ересек тұрғындардың қан құрамына микроэлементтік сараптама жүргізілді. Мыс мөлшерінің артуы және мырыш, се-лен, йод мөлшерлерінің төмендеуінен ағзадағы микроэлементтердің дисбалансы анықталды. Қандағы микроэлементтік құрамның ауытқушылығы экологияға не-гізделген аурулардың туындауының басты критерийі болып табылады.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

It was investigated the trace element status in blood of adult population living in Aral region crisis zone. An imbalance of trace elements in body is manifested by rising of copper and reduction of zinc, selenium, iodine concentration. Violation of blood mic-roelement composition is an objective criterion for occurrence of various pathologies caused by ecology.

Текст научной работы на тему «Арал маңы ересек тұрғындарының қан құрамының микроэлементтік көрінісі»

50

Резюме

В статье изложено результаты влияние вредных факторов окружающей среды на изменение электрокардиограммы у жителей загрязненной территории (на примере п. Айтеке би).

Ключевые слова: экология, медико-биологические исследования, факторы окружающей среды, заболеваемость

Summary

In the article is described results influence of harmful factors of environment on the change of electrocardiogram for the habitants of muddy territory on the example of settlement of Aiteke-bi.

Key words: ecology, environmental factors, medical-biological research, morbidity

ӘОЖ 612.015.16 (574.54)

АРАЛ МАҢЫ ЕРЕСЕК ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАН ҚҰРАМЫНЫҢ МИКРОЭЛЕМЕНТТІК КӨРІНІСІ

З.И. Намазбаева, Р.С. Бержанова, Р.С. Улжибаева, А.Ж. Искендирова,

А.Ж. Кызкенова, А.М. Махметова

ҚР ДС және ӘДМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы»

РМҚК, Қарағанды қ.

Арал маңы дағдарыс өңірінде тұратын ересек тұрғындардың қан құрамына микроэлементтік сараптама жүргізілді. Мыс мөлшерінің артуы және мырыш, селен, йод мөлшерлерінің төмендеуінен ағзадағы микроэлементтердің дисбалансы анықталды. Қандағы микроэлементтік құрамның ауытқушылығы экологияға не-гізделген аурулардың туындауының басты критерийі болып табылады.

Түйінді сөздер: Арал маңы дағдарыс өңірі, микроэлементтер, ересек тұрғындар, дисбаланс

Өзектілігі. Арал маңы дағдарыс өңіріндегі атмосфералық ауаның құра-мында улы қосылыстар кешені бар ұсақ дисперсті шаңмен ластануы политропты әсер көрсетеді [1]. Қоршаған ортаның микроэлементтік құрамының өзгеруі техно-генді биогеохимиялық аумақтардың пайда болуына, ағзаның қорғаушы-бейімдел-гіш реакциясының бұзылуына және жаңа аурулардың пайда болуына әкелуі мүм-кін. Сонымен, олардың патогенді әсері ұзақ мерзімге созылуы да мүмкін. Оның

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. № 1 (46), 2015

51

зардаптары қандай да бір мүше, жүйе немесе функцияларды таңдаулы зақымдауы мен толықтай бір жүйенің, мүшенің және ағзаның функциялар қатарын жалпыла-ма түрде зақымдауы, яғни «функцияны дезинтеграциялауы» түрінде көрінеді [2].

Жүргізілген көптеген зерттеулерге қарамастан, Қазақстандағы Арал маңы халқының денсаулығына химиялық қосылыстардың әсер ету мәселесі әлі де ше-шілмеген күйде қалуда. Тұрғындардың ағзасындағы микроэлементтік жағдайға ерекше көңіл бөлу қажет.

Көптеген аурулар генезінде кейбір эссенциалды микроэлементтердің, оның ішінде мырыш, селен, йодтың жетіспеуі маңызды рөл атқарады [3].

Асқазан-ішек жолы (АІЖ) саңылауында микроэлементтер пассивті диффузия, парацеллюлярлы және белсенді тасымалдаушылардың түрлі механизмдері ар-қылы сіңіріледі. Микроэлементтердің біразы үшін гомеостаздың негізгі реттеуші механизмдері сіңіру үрдісі, әсіресе АІЖ-да сіңірілуі болып табылады, және маль-абсорбция синдромымен бірге жүретін, ас қорыту мүшелерінің кез келген бұзы-лысы ағзаның биоэлементтік құрамының дисбалансына әкеледі.

Зерттеудің мақсаты. Арал маңында тұратын тұрғындар қанының микро-элементтік құрамын анықтау.

Материалдар және әдістер. Қазақстанның оңтүстік аймағының ең маңыз-ды мәселесі, аумағы 59,6 млн га, тұрғындар саны 1342,19 мың адамды құрайтын Арал маңының Қазақстандық бөлігі экологиялық апатты аймақ болып табылады. Арал теңізінің тартылуы су құрамындағы тұз мөлшерінің бірнеше есеге көбеюіне, тұнбалар минерализациясының жоғарылауына, климаттың өзгеруіне, атмосфера-лық ауа арқылы химиялық заттармен аралас ұсақ дисперсті тұзды шаңның тара-луына әкеп соқтырды.

Экологиялық қолайсыз аймақ - Арал маңы дағдарысты өңірінде тұратын 20-69 жас аралығындағы 882 ересек адамдар зерттеуге алынды.

Қойылған мақсатты шешу үшін натрий цитраты бар вакутейнерлерге шын-тақ қантамырынан қан алынды, барлық кезеңдер Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымының (БДСҰ) ұсыныстарына сәйкес өткізілді. Алынған қан мөлшері 3 мл құрайды. Қан үлгілері кәдімгі салқындатқышта 3-5 күн 00 - 40 С температурада сақталды.

Қан зерттеулері электротермиялық атомизация арқылы атомды-абсорб-ционды спектрометр МГА-915 құрылғысында жүргізілді. Аталған әдістің артық-шылығы сол, онда зат жабық кеңістікте болады және плазмалық атомизация құ-рылғыларына қарағанда газ ағынымен ағып кетпейді. Элементтің спектр сызығы-ның қарқындылығы белгілі бір түрде оның үлгідегі концентрациясымен байла-нысты, және 5-6 аралығында тікелей пропорционал болатын сенімді градуирлен-ген сипаттамалар алуға мүмкіндік береді. Фонды түзетуді ескере отырып, кіші квадраттар әдісімен есептелген анықтау шектеріндегі кепілденген шама қажет жағдайда өлшенетін элементтердің өзара әсерлесуін алмастырады. Дисплейдегі анықтау нәтижесі сараптамадағы элементке жүргізілген бірнеше параллель өл-

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. № 1 (46), 2015

52

шемдердің арифметикалық ортасына сәйкес келеді. Өлшеу нәтижелерін өңдеу белгіленген әдістерге сәйкес жүргізілді [4]. Нәтижелер Statistica 10 қолданбалы бағдарламаны қолдану арқылы өңделді [7].

Нәтижелер мен талқылаулар. 1 кестеде Арал маңында тұратын тұрғын-дардың қан құрамындағы микроэлементтердің таралу саны келтірілген.

Кесте 1 - Арал маңы ересек тұрғындарының қан құрамындағы микроэлементтер концентра-циясы

Микроэлемент тер Физиология лық норма, мкг/дл Зерттелген адамдар саны Сенімді интервал M+m Орташа квадраттық ауытқу

Мыс

Ер адамдар 80-130 n=400 131,7-137,9 134,8±1,5 31,1

Әйел адамдар 80-130 n=482 128,2-133,1 130,6±1,2 27,4

Мырыш

Ер адамдар 400-800 n=400 369,0-393,1 381,1±6,1 122,4

Әйел адамдар 400-800 n=482 402,0-431,7 416,8±7,5 165,6

Селен

Ер адамдар 5,8-23,4 n=400 5,3-5,1 5,3±0,07 1,4

Әйел адамдар 5,8-23,4 n=482 6,1-6,9 6,5±0,01 4,0

Иод

Ер адамдар 5-12 n=400 4,6-4,9 4,9±0,08 0,1

Әйел адамдар 5-12 n=482 4,9-5,0 4,8±0,09 0,1

Жиіліктік сараптама бойынша 20-69 жас аралығындағы ересек адамдардың 50,1% әйелдер мен 50,7% еркектердің қан құрамында мыс мөлшері жоғары екен-дігі анықталды. Сонымен қатар, цинк (68,7% әйелдерде және 70,7% ер адамдар-да), селен (66,6% әйелдерде және 76,2% ер адамдарда), йод (19,1% әйелдерде жә-не 23,5% ер адамдарда) мөлшері төмен (кесте 2).

Микроэлементтер қабыну және қабынуға қарсы үрдістердің орындалуына қатысатын жүйелерімен бірге ағзаның көптеген ферментативті жүйелерінің құра-мына кіреді. Осындай қатысудың мысалы ретінде антиоксидантты жүйені алуға болады. Супероксидті радикалдардың дисмутация-нейтралдау реакциясын жыл-дамдататын, супероксиддисмутаза ферменті мұндай жүйенің маңызды бөлігі бо-лып табылады. Супероксиддисмутазаның 3 түрі белгілі: митохондрия матриксінен табылған Mn-тәуелдісі, және цитоплазмадағы Cu/Zn - тәуелділері.

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. № 1 (46), 2015

53

Кесте 2 - Арал маңы ересек тұрғындарының қан құрамындағы микроэлементтерінің жиілік сараптамасы

Микроэлементтер Адамдар саны, % Сенімді интервал Орташа квадраттық ауытқу

Мыс

Ер адамдар 50,7±2,4 45,7-55,7 6,2

Әйел адамдар 50,1±2,2 45,5-54,6 5,1

М ырыш

Ер адамдар 70,7±2,2 66,2-75,3 5,1

Әйел адамдар 68,7±2,1 64,5-72,9 4,4

Селен

Ер адамдар 76,2±2,1 76,0-76,4 4,5

Әйел адамдар 66,6±2,1 62,3-70,9 4,6

Йод

Ер адамдар 23,5±2,1 19,2-27,7 2,2

Әйел адамдар 19,1±1,7 18,9-19,2 3,2

Қабыну реакциялары кезінде белсенді радикалдар генерациясы артады жә-не олар патогендер элиминациясында маңызды рөл атқарады. Бұл ретте антиок-сидантты жүйелердің ферменттері алдын алатын, ағзаның өз құрылымының бұзы-лу қаупі пайда болады. Прооксиданттық және антиоксиданттық ферменттердің белсенділігі арасындағы теңгерім жасушалы мембрана тұтастылығының және оптималдық күйінің қажетті шарты болып табылады. Сонымен қатар, микроэле-менттердің жетіспеушілігі табиғи антиоксиданттардың жетіспеушілігіне соқтыр-уы мүмкін.

Мырыш алкольдегидрогеназа, сілтілік фосфотаза, карбоангидраза, карбок-сипептидаза, асқазан асты безі, нуклеотидилтрансферазамен қоса, көптеген фер-менттердің құрамына кіреді. Мырыш ақуыз синтезі үрдісінің және нуклеин қыш-қылдарының, гендер экспрессиясының жақсы ағымда болуы үшін қажет. Мырыш-тың жетіспеуі адам ағзасының жүйелерінде және барлық мүшелерінде байқалады.

Құрамында глутатионның сульфогидридтік топтары бар қышқылдарын реакция кезінде тотықпен қамтамасыз ететін ағза-глутатионпероксидозаның ан-тиоксиданттық жүйесі ферменттерінің біреуінің құрамында селен элементі қаты-сатындықтан, селеннің маңыздылығы жоғары дәрежеде зерттелген. Осындай бай-ланыста селеннің жетіспеуі ағзадағы көптеген патологиялық үрдістерінде, әсіресе қабыну және диструктивті үрдістерінде байқалады.

Йод жетіспеушілігі кезінде қалқанша безі гормондарының синтезі қысым көреді, теріс яғни кері байланыстың механизмі бойынша ТТГ өнімі көбейеді, осы-ның ықпалымен асқазан-ішек жолында йодтың адсорбциясы қатаяды, ағзаға йод-ты «үнемдеуге» мүмкіндік беретін Т3 өнімі өседі, бірақ осымен бір уақытта фол-ликулаларда коллоид жинақталады және зоб қалыптасады. Фертильділік төменде-

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. № 1 (46), 2015

54

уі; өлі туу және туа біткен кемтарлық, перинатальдық өлім, кретинизм, ақыл-ой және физикалық дамудың бөгелуі байқалады [2].

Жұмыста [5] тоқ ішектің қабыну аурулары, телімсіз ойықжаралы колит (ТОК) және Крон дерті кезінде МЭ алмасуының бұзылуы анықталды. Мәліметтер бойынша МЭ жетіспеуі Крон ауруына шалдыққан науқастардың 85%-да және ТОК бар науқастардың 68%-да байқалады, сонымен қатар мұндай дертке шалдық-қан науқастарда көбінесе мырыш жетіспейді. Сонымен бірге жұмыс барысында [7] ТОК науқастарында қан құрамындағы мыстың орташа деңгейі сау адамдармен салыстырғанда ремиссия сатысындағыдай, аурудың белсенді сатысында да бірша-ма жоғары екендігі анықталды.

Зерттеу барысында [8] қабыну үрдісі кезінде мырыш, мыс және селеннің негізгі тұтынушылары ретінде зақымдану аумағындағы антиоксидант жүйелерінің ферменттері болып табылады, ол қандағы аталған микроэлементтердің төменде-уіне әкеледі. Дұрыс тамақтанбау, ішек сіңіруінің бұзылуы және МЭ-дің асқазан-ішек жолдары арқылы көп мөлшерде жұмсалуы МЭ жетіспеушілігіне әкеліп соқ-тырады. ТОК және Вильсон-Коновалов ауруларының байланысқан жағдайлары-ның кездесетіндігін айта кеткен жөн. Осы зерттеудің авторлары, мыс алмасуының бұзылуы антиоксидантты қорғанышты төмендете отырып, қабыну ауруларын ту-ғызатындығын көрсетті. Мыстың бауырдағы жоғары мөлшері 31% жағдайда кез-деседі, соның 8%-ы Вильсон-Коновалов ауруымен байланысты болуы мүмкін.

Мыс артық болған жағдайда жүректің ишемиялық ауруының даму мүмкін-дігі, үрей депрессиясы синдромы және ми-жүйке жүйесінің басқа да ауруларын туғызу мүмкіндігі,бауыр және бүйрек зақымдалуы және иммуносепрессияға әке-летін басқа МЭ-дің алмасу дисбалансының бұзылу мүмкіндігі артады. Ағзада мыс мөлшерінің көп болуы, бронхиалды астма секілді созылмалы инфекциялық ауру-лар кезінде байқалады. Мыстың көп мөлшерде болуы мен бауыр ісігінің дамуы арасындағы байланыс мәселесі қаралуда.

Сонымен, жүргізілген зерттеулер нәтижесі ағзадағы МЭ дисбалансы қауіп-ті аурулар туғызызатындығын көрсетті. Микроэлементтер тірі жүйелерде синтез-делмегендіктен, МЭ қалыпты жағдайда болуы үшін ағзаға үнемі келіп түсуін қам-тамасыз ету қажет.

Әдебиеттер

1. Гордиенко Н.Н., Михайленко Г.Г. Исследование физико-химических свойств промышленных пылей. - М.: Одесса, 2001. - С.12-16.

2. Панченко Л.Ф., Маев И.В., Гуревич К.Г. Клиническая биохимия микроэлементов. -М.: ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ, 2004. - 368 с.

3. Соколова Н.А., Савина М.И. Аналитические методы оценки содержания микроэлементов у детей с хроническими заболеваниями желудочно-кишечного тракта // Биохимия. - 2006. - №12. - С.7-9.

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. № 1 (46), 2015

55

4. Практические рекомендации по реализации ГОСТ Р 51309-99 Определение содержания элементов методами атомно-адсорбционного спектрометра МГА-915 ПУ 18-2007. - Санкт-Петербург, 2007. - 15с.

5. Терешкевич Д.П. Медико-социальные и эпидемиологические аспекты здоровья населения в зоне экологического бедствия Приаралья: Автореф. ... канд. мед. наук. - Астана, 2011. - 31 с.

6. Sembertegui F., Diaz M., Mejia R. et.al. Low concentrations of zinc in gastric mucosa are associated with inverted severity of Helicobacter pylori-induced inflammation // Helicobacter. - 2007. - V.12, №1. - P. 43-48.

7. Ojuawo A., Keith L. The serum concentrations of zinc, copper and selenium in children with inflammatory bowel disease // Centr. Afr. J. Med. - 2002. - V.48, №910. - P.116-119.

8. Torisu T., Esaki M., Matsumoto T. A rare care ulcerative colitis complicating Wilson’s disease possible association between the two disease // J. Clin. Castroenterol. -2002. - V.35, №1. - P.43-45.

Резюме

Проведен микроэлементный анализ крови у взрослого населения, проживающих в кризисной зоне Приаралье. Выявлен дисбаланс МЭ в организме, что проявляется повышением меди и снижением цина, селена, йода. Нарушение микроэлементного состава крови является объективным критерием возникновения различной экологообусловленной патологии.

Ключевые слова: кризисная зона Приаралье, микроэлементы, взрослое население, дисбаланс

Summary

It was investigated the trace element status in blood of adult population living in Aral region crisis zone. An imbalance of trace elements in body is manifested by rising of copper and reduction of zinc, selenium, iodine concentration. Violation of blood microelement composition is an objective criterion for occurrence of various pathologies caused by ecology.

Key words: Aral region crisis zone, trace elements, adult population, imbalance

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. № 1 (46), 2015

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.