42
ӘОЖ 613.1 (574.31)
БАЛҚАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЫЛДЫҢ АУЫСПАЛЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
З.Т. Мухаметжанова
ҚР ДСӘДМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМҚК,
Қарағанды қ.
Жылдың ауыспалы кезеңінде Балқаш қ. климаттық параметрлерін қысқаша мерзімдік зерттеу нәтижелері бойынша қоршаған ортаның тәуліктік ауа темпера-турасының төменділігіне, ауа ылғалдылығының ауытқуына, атмосфералық қы-сымның тұрақты параметрлеріне және желдің жоғары жылдамдығына байланыс-ты берілген территорияның климаты қоңыр салқын болып есептеледі. Балқаш қ. территориясының климаттық тәртібі жел тәртібіне, жер бедеріне, тұрғын ғимарат-тардың құрылысына және су нысандарының орналасуына тікелей байланысты.
Түйінді сөздер: метеофакторлар, ауа райылық жағдайлар, ауыспалы кезең, сели-тебтік аймақ
Жер бетінде тұрғындар санының жылдам өсу қарқыны және қалалану, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірістерінің қарқынды дамуы, көлік және басқа да бірқатар үрдістерді жаппай қолдану, тіршілік ортасының ластануына әкелді. Антропогендік әсер климаттың өзгеруіне әкелетін факторлардың біріне жатқызылатындықтан антропо-экологиялық көрсеткіштер, және алдымен тұрғын-дардың денсаулық көрсеткіштері қоршаған ортаның сапасын бағалаудың басты шешуші критерийі болып табылады.
Климаттың өзгеруі жылдан жылға тұрғындар денсаулығына жағымсыз әсер ететін қоршаған ортаның қомақты қолайсыз факторы болып келеді. Бүкіл әлемде осы мәселе бойынша ғылыми мақалалар санының көбеюі осыған дәлел болып табылады [1].
Климат өзгеруінің күтілетін салдарларына авторлар тұрғындар денсаулы-ғынан көрінетін адамның өмір сүру ортасының маңызды өзгерістерін жатқызады. Қоршаған ортаның ғаламдық өзгерістерінің әсері тіршілікті қалыпты жағдайда ұс-тап тұрудың әлемдік жағдайын төмендететін; атмосфера құрамының өзгеруі, жер-дің деградациясы, су ресурстарының құрғауы және биотүрліліктің азаюы түрін-дегі кешенді әсерлері ретінде қарастырады [2]. Көптеген авторлар бұл үрдістің тұрғындар денсаулығына қолайсыз әсерлерінің айқындылығы туралы пікірде. Бі-рақ, қорытынды, аурушаңдылықтың сипаты мен деңгейінің адамның өмір сүру ортасының қандай да факторларының қарқындылығына байланыстылығына түзіл-ген. Бұл жерде мәселе негізінен қоздырушысы және тасымалдаушысы, олардың
ISSN 1727-9712
Гигиена труда и медицинская экология. №3 (48), 2015
43
дамуына жағымды климаттық жағдайларда болатын жұқпалы және құрт аурулары туралы болып тұр [3-5].
Климаттың өзгеруі - бұл тек қазіргі таңның мәселесі ғана емес, көбіне ере-сек, сондай-ақ балалардың тіршілік әрекетінің әр түрлі мәнісіне қатысты, негізі-нен келешектің мәселесі болуы мүмкін. Қоршаған ортаның басқа зиянды фактор-ларымен салыстырғанда осы «аурулардың экологиялық ауыртпалығы» типін қа-дағалау және бағалау қиын.
Көптеген авторлардың бақылауының деректері бойынша климат жаймен жылынып келеді және соңғы жылдардағы орташа жылдық температура 2-4 °С-қа көтерілді [6]. Температураның бұлай өсу қарқыны мегаполистің антропогендік әсерімен байланысты болуы мүмкін.
Климатқа табиғи және антропогенді факторлардың әсері бірегей атмосфе-раның радиациялық жылыну шамасымен білінеді.
Климаттың ғаламдық жылыну мәселесіне бүкіл әлем ғалымдары алаңдау-да, олар көшеткі газдарды шығаруды қысқартудың күрделі сұрақтарын шешуде, температураның әлемдік жоғарылауының күн белсенділігімен байланыстылығын анықтауға тырысуда. Қазақстандық климатологтар ғаламдық жылынудың біздің республиканыда қамтып жатқандығы туралы дабыл қағуда.
Климат құрғауының жоғарылауы Қазақстан жер аумағының көп бөлігінде анықталуда. С.А.Долгихтің және т.б. [7] жұмысында жер үсті ауасының темпера-турасы және жауын-шашын мөлшерінің бірқатар зерттеу нәтижелері көрсетілген. Орташа алғанда 10 жыл аралығында жаз және күз мезгілдерінде жылыну 0,09 0С жылдамдығымен жүрген, ал қыс және көктемде 10 жыл ішінде температура 0,20 -0,23 0С көтерілген. Орташа минималды температура орташа максималды темпера-турадан шамамен 1,5-2 есе жылдам жоғарылаған.
Рекордтық климаттық көрсеткіштер өте жоғары және өте төмен темпера-туралардың, қатты желдер мен қар жауудың төтенше шамалары әр түрлі табиғат апаттарына, төтенше жағдайларға әкеледі және адамдар мен олардың шаруашы-лық әрекеттерінің мүмкіндіктерін шектейді.
Сонымен, синоптикалық жағдайлар атмосфераның ластану деңгейіне қо-мақты әсер етеді, сондықтан табиғатты қорғаудың пәрменді әдістерінің бірі атмо-сфераның ластануына әкелетін қолайсыз метеорологиялық жағдайларды болжам-дау болып табылады. Атмосфералық ауаның ластануының жоғары деңгейі мен ауа райы жағдайының шектен тыс ауытқуының бірлесе әсер етуі тұрғындар ден-саулығына жағымсыз әсерін тигізеді. Қазіргі кезде ауа райы жағдайының және ат-мосфералық ауа ластануының әсер етуін бағалаудың критерийін өңдеу жалпы әлемдік мәселе болып отыр.
Зерттеудің мақсаты. Селитебті аймақты аудандастыруды ескере отырып, Балқаш қ. территориясының аймақтық табиғи-климаттық факторларына баға беру.
ISSN 1727-9712
Гигиена труда и медицинская экология. №3 (48), 2015
44
Зерттеу әдістері. Зерттеу Балқаш қ. селитебті аймақ территориясының 9 нүктесінде жүргізілді. Өлшемдер әрбір 3 сағат сайын тәулік бойы жүргізілді (6.00, 9.00, 12.00, 15.00, 18.00, 21.00, 24.00, 3.00).
Қала территориясының қоршаған орта факторларын бақылау үшін нүкте-лерді анықтау алдын ала секторларға бөлінген зерттеу аймағының масштабтық және кестелік картасын пайдаланумен жүргізілді. Секторлардың өлшемі берілген территорияда тұрғындар тұруының тығыздығын ескере отырып таңдалынды. Нүк-телердің көлемі 1000 м. арақашықтықпен эмпириялық анықталды. Координаттар GPS - навигатор көмегімен анықталды.
Өлшемдерді жүргізу үшін келесі аспаптар қолданылды: Ассман психромет-рі (температура (0С) және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы (%)), МЭС-200 (атмосфералық қысым (мм сынақ бағанасы), табақша анемометр (желдің қозғалыс жылдамдығы, м/с), метеооскоп - М (температура (0С), атмосфералық қысым (мм сынақ бағанасы), желдің қозғалыс жылдамдығы, м/с. Жүйелі қателіктерді болдыр-мау үшін барлық зерттеушілер аспаптарда жұмыс істеуге оқытылған, әрбір кезең-ге берілген тіркеу уақытын сақтай отырып (жылыну, калибрлеу, датчиктерді тест-теу және т.б.), тест-бақылау типі бойынша тексеруден өткен.
Сандық ауысымдардың қалыпты бөлінуі Колмогоров - Смирнов (а = 0,05 Ркрит, 0,10 Дкрит), Лиллиефорс, Шапиро - Уилк критерийлері көмегімен статис-тикалық талдау жолымен (Statistica 10) тексерілді. 0 және 1-ге тең сандық ауы-сымдардың қалыпты бөлу үшін орташа арифметикалық, дисперсиялық, қателіктер және 95% сенімді интервал, ал қалыпты емес бөлумен сандық және сапалық ауы-сым үшін - медиана, 25% и 75% квартильаралық қарқын есептелінді. Топ арасын-дағы айырмашылықтар параметрлік статистика әдісімен анықталды. Секторлар арасындағы айырмашылықтар байланыспаған топтар үшін <0,05 статистикалық дәлділікпен, ал Бонферрони түзетуінде - <0,05 шамасында салыстыру жұп санда-ры, Стьюдент бойынша параметрлік статистика әдісімен, ал маңызына қарай ірік-теумен Мана-Уитни тесті бойынша параметрлік емес статистика бойынша анық-талды.
Зерттеу нәтижелері. 2014 ж. қараша айының 19-21 аралығында Балқаш қ. ауысымдық кезеңінде табиғи-климаттық жағдайларды бағалаудың жүргізілген қысқа мерзімдік зерттеу нәтижелері ауа температурасының параметрлері 8,33-тен 7,450С-ға дейінгі cенімді аралықпен 3 тәулікте 7,89±0,22 0С орташа температура-мен минустық шамада болды (кесте 1, сурет 1). Тәуліктің күндізгі уақытындағы температура СА - 6,04 және - 6,040С, 6,52±0,24 орташа шамада 2 0С-тан 13 0С аралығында ауытқыды. Түнгі уақыттағы ауа температура (сағат 24-те, 3-те және 6-да) 3 0С-тан 14 0С аралығында болды (-10,17±0,3; СА -10,76 және -9,58). Ауаның ең жоғары температурасы -2 0С тәуліктің күндізгі уақытында тіркелсе, ең төменгі минимальды температура -14 0С алғашқы 2 тәулікте таңғы сағат 6-да тіркелді.
ISSN 1727-9712
Гигиена труда и медицинская экология. №3 (48), 2015
45
Кесте 1 - Жылдың ауыспалы кезеңіндегі Балқаш қ. климаты параметрлерінің көрсеткіштері
Көрсеткіштер Орташа Сенімді интервал -95,0% 1 +95,0% Медиана Міп Мax Ст. ауытқу Станд. қателіктер
Балқаш қ., тәулік
Температура, 0С -7,89 -8,33 -7,45 -8 -14 -2 3,28 0,22
Жел жылдам-дығы, м/с 3,92 3,70 4,13 4 1 9 1,58 0,11
Салыстырмалы ылғалдылық, % 61,31 59,06 63,55 59 21 92 16,74 1,14
Атмосфералық қысым, мм сынап бағанасы 740,38 740,15 740,62 740 738 745 1,77 0,12
Балқаш қ., күндіз
Температура, 0С -6,52 -7 -6,04 -6 -13 -2 2,82 0,24
Жел жылдам-дығы, м/с 3,79 3,51 4,07 4 1 9 1,65 0,14
Салыстырмалы ылғалдылық, % 53,90 51,17 56,62 52 21 90 16,01 1,38
Атмосфералық қысым, мм сынап бағанасы 740,01 739,74 740,29 740 738 744 1,59 0,14
іалқаш қ., түн
Температура, 0С -10,17 -10,76 -9,58 -11 -14 -3 2,68 0,30
Жел жылдам-дығы, м/с 4,12 3,80 4,44 4 1 8 1,44 0,16
Салыстырмалы ылғалдылық, % 73,65 71,72 75,59 74 58 92 8,74 0,97
Атмосфералық қысым, мм сынап бағанасы 741 740,58 741,42 741 738 745 1,88 0,21
1 тәулікте ауа салыстырмалы ылғалдылығының тәуліктік барысының өзге-рісі 43% (37%-дан 80%-ға дейін) құрастырды. Бақылаудың 2 тәулігінде Балқаш қ. қоршаған орта ауасының салыстырмалы ылғалдылығының тәуліктік 38%-ға (40%-дан 78%-ға дейін) төмендеумен сипатталады.
ISSN 1727-9712
Гигиена труда и медицинская экология. №3 (48), 2015
46
■19.11.14 ж. температурасы •21.11.14 ж. температурасы
■20.11.14 ж. температурасы
С
сағат
Сурет 1 - Балқаш қ. ауа температурасының тәуліктік барысы
3 тәулікте (кесте 1, сурет 2) ауа салыстырмалы ылғалдылығының тәуліктік барысының өзгерісі қар түсумен байланысты қарқынды және 71% (21%-дан 92%-ға дейін) құрайды.
%
100
50
0
600 90012.0015.0018.
00
21.00
24-°° 3.00
сағат
1^19.11.14 ж. салыст. ауа ылғалдылығы *20.11.14 ж. салыст. ауа ылғалдылығы D 21.11.14 ж. салыст. ауа. ылғалдылығы
Сурет 2 - Балқаш қ. ауасының салыстырмалы ылғалдылығының тәуліктік барысы
Бақылаудың 3 тәулігіндегі салыстырмалы ылғалдылықтың орташа шамасы 61,31 ±1,14 (СА 59,06 және 63,55) болды. Зерттелінген мезгілдегі ауаның орташа күндізгі салыстырмалы ылғалдылығы 53,9±1,38 (СА 51,17 және 56,62) болды. Күндізгі көрсеткіштермен салыстырғанда ауаның салыстырмалы ылғалдылығы-ның түнгі көрсеткіштері жоғары болды және 73,65±0,97 (СА 71,72 және 75,59) деңгейінде болды. Зерттеу кезеңіндегі атмосфералық қысымның орташа тәуліктік барысы 7 мм сынап бағанасын құрады (кесте 1, сурет 3).
ISSN 1727-9712
Гигиена труда и медицинская экология. №3 (48), 2015
47
мм сынап бағ.
□ 19.11.14 ж. ауаның атм. қысымы ■ 20.11.14 ж. ауаның атм. қысымы
□ 21.11.14 ж. ауаның атм. қысымы
Сурет 3 - Балқаш қ. атмосфералық қысымының тәуліктік барысы
3 тәулік барысында Балқаш қ. ауасының атмосфералық қысымы өзгерістер-мен сипатталды және 3 тәуліктегі орташа 740,38±0,12; СА 740,15 және 740,62 құ-растырды. Тәуліктің түнгі мезгіліндегі орташа атмосфералық қысым 741±0,21; СА 740,58 және 741,42 болды. Атмосфералық қысымның күндізгі көрсеткіштері орташа ауытқулардың төмендеуімен 740,01±0,14; СА 739,74 және 740,29 сипатталады.
19.11.14ж. және 21.11.14ж. аралығында Балқаш қ. жүргізілген жел жылдам-дығының өлшемдері бойынша ауыспалы кезеңде ауданда 1 м/с-тан 9 м/с-қа дейін-гі жылдамдықпен батыс, солтүстік-шығыс және солтүстік желдердің басымды-лығын көрсетті (кесте 1, сурет 4).
м/с
■22.06.14 ж. жел жылдамдығы ‘24.06.14 ж. жел жылдамдығы
23.06.14 ж. жел жылдамдығы
Сурет 4 - Балқаш қ. желдің жылдамдығының тәуліктік барысы
ISSN 1727-9712
Гигиена труда и медицинская экология. №3 (48), 2015
48
3 тәуліктік бақылау кезінде желдің орташа жылдамдығы 3,92±0,11; СА 3,70 және 4,13 болды. Күндізгі кездегі желдің орташа жылдамдығы 3,79±0,14, СА 3,51 және 4,07 шамасында болды. 3 тәулікте түнгі мезгіліндегі желдің орташа жылдам-дығы 4,12±0,16; СА 3,80 және 4,44 құрады.
2 кестеде және 5 суретте көрсетілген бақылаудың 3 тәулігіндегі румбы бо-йынша жел бағытының қайталануында жылдың ауыспалы кезеңінде Балқаш қ. тер-риториясында солтүстік-шығыстан (33,3%), батыстан (25%), шығыстан (16,67%), оңтүстік-батыстан (8,33%) және шығыстан (4,17%) басым желдер тұрады.
Кесте 2 - Балқаш қ. территориясында румбылар бойынша желдің қайталану көрсеткіштері
Желдің Пайыз Станд. Станд.қате Сенімді аралық
бағыты ауытқу -95,000% +95,000%
Балқаш қ., тәулік
С 16,67 6,43 2,54 17,01 16,32
СШ 33,33 10,29 3,21 33,77 32,90
Ш 4,17 1,85 1,36 4,35 3,98
ОБ 8,33 3,54 1,88 8,59 8,08
Б 25 8,68 2,95 25,40 24,60
СБ 12,50 5,06 2,25 12,81 12,20
Балқаш қ., күндіз
С 6,67 4,61 2,15 7,04 6,30
СШ 26,67 14,49 3,81 27,32 26,01
ОБ 13,33 8,56 2,93 13,84 12,83
Б 33,33 16,46 4,06 34,03 32,64
СШ 20 11,85 3,44 20,60 19,41
Балқаш қ., түн
С 33,33 27,43 5,24 34,50 32,17
СШ 44,44 30,48 5,52 45,67 43,22
Ш 11,11 12,19 3,49 11,90 10,35
Б 11,11 12,19 3,49 11,90 10,35
2.04-01-2010 «Құрылыстық климатология» ҚР СН және Е сәйкес қарасты-рылған территория жылдам континенталды климат жағдайындағы III климаттық ауданға жатады.
Балқаш қ. селитебті территориясы кварталдық орналасқан. Селитебті ай-маққа тұрғын кварталдар мен қоғамдық ғимараттар учаскесімен мөлтек аудандар, көшелер жатады. Жалпы тұтынудағы жасыл желекпен селитебті территорияның 14% қамтылған. Қала көгалдануы көшелердегі аздаған ағаш көшеттерінен тұрады. Балқаш қаласы Қарағанды облысының ластанған қалаларының бірі болып сана-ISSN 1727-9712 Гигиена труда и медицинская экология. №3 (48), 2015
49
лады. Қала территориясы 591, 5 мың. га, өнеркәсіптік өндірістер - 1026,1 га жер алады. Қала оңтүстік, ұсақшоқылық Қазақ жазықтығында орналасқан, жазық бет-кейі көл бағытына қарай ептеп ылдилаған.
С
П19 қараша_____Д 20 қараша____а 21 қараша
Сурет 5 - Ауысымдық кезеңдегі Балқаш қ. территориясы үшін жел раушаны
Қаланың өнеркәсіптік аймағына Балқаш көлінің жағалауында, Балқаш қа-ласының оңтүстік-батысында орналасқан түсті металлургияның ірі орталығы -«Өнеркәсіптік бірлестік», «Қазақмыс» жатады. Қала территориясында 400-ден ас-там өндірістер, соның ішінде КБ «Балхашцветмет» және кен өндіру ұйымдары бар. Қалада облысты балықпен қамтамасыз ететін «Балқаш балық» өндірісі қыз-мет жасайды.
Балқаш қ. территориясында климат параметрлерін өлшеу нәтижелері жер бедері және Балқаш көлі жағалауында орналасу ерекшеліктеріне байланысты 2 климаттық аймақты (1 - оңтүстік, 2 - солтүстік) бөлуге мүмкіндік берді.
Біздің бақылаулар бойынша 1 аймақтың ауа температурасының параметр-лері 1 0С-тан 12 0С-қа дейінгі қалыпты жағдайда болған 2 аймақпен салыстыр-ғанда 1 0С-қа жоғары болды, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 3%-ға төмен, және желдің жылдамдығы 2 м/с-қа төмен болды. Ауыспалы кезеңдегі Балқаш қ. 1-климаттық аймағындағы климатты сипаттайтын параметрлердің қысқаша мерзім-дік талдауы бойынша Балқаш көлінің жақын орналасуына байланысты жоғары температуралық тәртіп және салыстырмалы тыныш жел тәртібін көрсетті.
Сонымен, жылдың ауыспалы кезеңінде Балқаш қ. климаттық параметрле-рін қысқаша мерзімдік зерттеу нәтижелері зерттелген территория климаты қор-шаған ортаның -14 0С (түнгі мезгілде) төмен тәуліктік ауа температурасына, ауа ылғалдылығының 21%-дан 92%-ға дейін ауытқуына, атмосфералық қысым пара-метрлерінің тұрақтылығына және 9 м/с-қа дейінгі жоғары жел жылдамдығына байланысты қоңыржай - суық климатқа жатқызылады. Балқаш қ. климаттық тәр-тібі жел тәртібіне, жер бедеріне, тұрғын массивтің және су нысандарының орнала-суына (Балқаш көлі) тікелей байланысты.
ISSN 1727-9712
Гигиена труда и медицинская экология. №3 (48), 2015
50
Әдебиеттер
1. Ревич Б.А., Шапошников Д.А., Семутникова Е.Г. Климатические условия и качество атмосферного воздуха как факторы риска смертности населения Москвы // Медицина труда и пром. экология. - 2008. - №7. - C.29-35.
2. Тейфель В.Г. Проблема изменения климата Земли и планетный мониторинг // Вестник КазНПУ им. Абая. - 2004. - №3. - С.16-29.
3. Эльпинер Д.И. Оценка риска для здоровья в проблеме глобального потепления климата // Гигиена и санитария. - 2002. - №6. - С.42-44.
4. Есенаманова Ж.С. Экологическая проблематика в географии // Матер. науч-практ. конф. «Каспий в судьбах народов Евразии: история и перспективы сотрудничества». - Атырау: АГУ, 2006. - С.237-238.
5. Лукпанов А.А. НПО Атырауской области и проблемы Каспия // Матер. междунар. науч-практ. конф. «Каспий в судьбах народов Евразии: история и перспективы сотрудничества». - Атырау: АГУ, 2006. - С.241-242.
6. Ревич Б.А. Климатические изменения как новый фактор риска для здоровья населения Российского Севера // Экология человека. - 2009. - №6. - С.11-16.
7. Долгих С.А. Илякова Р.М., Сабитаева А.У.Об изменении климата Казахстана в прошедший столетний период // Гидрометеорология и экология. - 2005. -№4. - С.6-23.
Резюме
Результаты краткосрочных исследований изучения климатических параметров г. Балхаш, в переходный период года характеризуют климат изучаемой территории как умеренно-холодный, из-за менее низкой суточной температуры воздуха окружающей среды, перепадами влажности воздуха, стабильными параметрами атмосферного давления и высокой скоростью ветра. Климатический режим на территории г. Балхаш напрямую зависит от ветрового режима, рельефа местности, застройки жилого массива и расположения водных объектов.
Ключевые слова: метеофакторы, погодные условия, переходный период, селитебная зона
Summary
Of the results of short-term studies exploring climatic parameters Balkhash, during the transitional period characterize climate study area as moderately cold, due to lower daily temperature ambient air, humidity drops, stable parameters of atmospheric pressure and high wind speeds. Climate regime on the territory of the city of Balkhash directly depends on the wind regime, terrain, buildings and residential location of water objects.
Key words: meteofaktory, weather conditions, transitional period, residential zone ISSN 1727-9712 Гигиена труда и медицинская экология. №3 (48), 2015