Научная статья на тему 'Ақтөбе облысы тұрғындары арасындағы демографиялық үдерістердің заманауи ағымдары'

Ақтөбе облысы тұрғындары арасындағы демографиялық үдерістердің заманауи ағымдары Текст научной статьи по специальности «Науки о здоровье»

CC BY
427
70
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Ключевые слова
экология / тұрғындар / туу / өлім / табиғи өсу / экология / население / рождаемость / смертность / естественный прирост / ecology / population / fertility / mortality / natural increase

Аннотация научной статьи по наукам о здоровье, автор научной работы — Н К. Дүйсембаева, Б М. Сәлімбаева, Д Х. Рыбалкина, Е А. Дробченко, А М. Макенова

Арал өңірінде тұратын халықтың демографиялық (бала туу және өлім) көр-сеткіштеріне талдау жүргізілді. Зерттеу жұмысы Ақтөбе облысының екі ауданын-да өткізілді. Талданушы көрсеткіштердің ретроспективасы бес жыл, 20082013 жылдар кезеңін қамтиды.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

The analysis of the birth and death rates of people living in the Aral Sea. Investigations were carried out in two areas of Aktobe region. Retrospective analyzed parameters was 5 years old, for the period from 2008 to 2013.

Текст научной работы на тему «Ақтөбе облысы тұрғындары арасындағы демографиялық үдерістердің заманауи ағымдары»

28

Проблемы социальной гигиены, здравоохранения и истории медицины. - 2012. -№5. - С.14 -16.

6. Сулина Г.В., Полтарева О.Г. Условия и уровень жизни в бассейне Аральского моря: гендерный аспект в социально-экологической ситуации в Приаралье // Проблемы Аральского моря и Приаралья: тезисы докл. науч.- практ. конф. -Ташкент, 2008. - С.46 - 50.

Тұжырым

Мақалада Жалағаш кенті халқының өмір сүру жағдайларына әлеуметтік-гигиеналық талдау берілді. Қойылған сауалнамада білімі, сол елді мекендегі өмір сүру ұзақтығы, отбасы жағдайы, үймен қамтамасыз етілуі, ауыз сумен қалай қам-тамасыз етілуі және судың сапасы, денсаулық жағдайы, тамақ ішу ережесі еске-рілді.

Түйінді сөздер: экологиялық дағдарыс, сауалнама, өмір сүру жағдайы, әлеуметтік әдет-ғұрып, өмір сүру денгейі, сумен жабдықтау, тамақтану

Summary

The article presents data on the socio-hygienic conditions of living n. Zhalagash. The questions relating to education, length of stay in the area, marital status, housing, quality and adequacy of drinking water, health assessment, diet.

Key words: ecological crisis, profile, living conditions, social structure, standard of living, water, food

ӘОЖ 614.87 (574.54)

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ ЗАМАНАУИ АҒЫМДАРЫ

Н.К. Дүйсембаева, Б.М. Сәлімбаева, Д.Х. Рыбалкина, Е.А. Дробченко,

А.М. Макенова, М.М. Иманбеков

ҚР ДС және ӘДМ «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы»

РМҚК, Қарағанды қ.

Арал өңірінде тұратын халықтың демографиялық (бала туу және өлім) көр-сеткіштеріне талдау жүргізілді. Зерттеу жұмысы Ақтөбе облысының екі ауданын-да өткізілді. Талданушы көрсеткіштердің ретроспективасы бес жыл, 2008- 2013 жылдар кезеңін қамтиды.

Түйінді сөздер: экология, тұрғындар, туу, өлім, табиғи өсу ISSN 1727-9712 Гигиена труда и медицинская экология. № 1 (46), 2015

29

Өзектілігі. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы қабылдаған қоғамдық денсаулық критерийлері арасында медициналық-демографиялық көрсеткіштер неғұрлым нақты көрсеткіштер болып табылады. Бұл, ең алдымен - туу, өлім, халықтың табиғи өсуі және күтілетін орташа өмір сүру ұзақтығы. Осы көрсет-кіштердің көлемі және динамикасы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-аухаттылығы, әрі қарай дамудың әлеуетті мүмкіндіктері туралы тұжырым жа-сауға [1]; белгілі бір аймақтың әлеуметтік-экономикалық және халықтың матер-иалдық әл-аухаттылығының даму деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл көрсеткіштер халықтың орналасу жері (қала, ауыл) бойынша олардың жас қурылымын; қоршаған орта сапасын; медициналық-санитариялық көмектің қол жетілімдігі мен басқада факторларды бағалауға мүмкіндік береді [2,3].

Зерттеудің мақсаты. Демографиялық үдерістерге қоршаған ортаның эко-логиялық қолайсыз әсер етуін бағалау.

Материалдар мен әдістер. Зерттелген аймақтардың демографиялық ахуа-лын сипаттау үшін келесілер зерделенді: туу, халықтың табиғи өсуі, өлім, оның ішінде нәрестелік өлім. 2008-2013 жылдар арасында зерттелуші аудандарда тура-тын тұрғындарының демографиялық көрсеткіштерінің өзгеру динамикасына тал-дау жүргізілді.

Зерттеудің нәтижелері. Әдетте, аймақтың демографиялық әлеуеті халық-тың санымен сипатталады. Халықтың өсу көрсеткіші Ырғыз ауданында 5,6%, ал Шалқар ауданында 4,1% құрады. Барлық аймақ бойынша орташа мән сенімді интервал шегіне енеді.

Қазақстан Республикасы халқының орташа жылдық санына шаққанда және зерттеліп отырған аймақтардағы жас шамасына қарай (ересек, жасөспірім және балалар) топтардың қатынасы, 2008-2013 жылдар арасындағы мерзімде, 1 суретте ұсынылған.

Егер де Қазақстан Республикасында барлық тұрғындардың ішіндегі ересек адамдар 70,3% құраса, онда қарастырылып отырған аймақтардың пайыздық көр-сеткіші Шалқар ауданында 64,8% төмендетілді, ал Ырғыз ауданында 59,6% құ-рады. Ал, жасөспірімдер мен балалар арасындағы пайыздық көрсеткішінің ара қатынасы жалпы республикалық көрсеткіштен асып түсті - жасөспірімдер 5,2% және балалар 24,5%, бұл көрсеткіштер Шалқар ауданында 8,3% және 26,7% сәй-кес келсе, Ырғыз ауданында 8,8% және 32,2% сәйкес келді.

2008-2013 ж.ж. зерттеліп отырған аймақтағы ересек тұрғындардың өсу саны Шалқар ауданында 8,7%, Ырғыз ауданында 19%-ға сәйкес келді. Шалқар ауда-нында балалар саны 10,9% жоғарылады, ал Ырғыз ауданында бақылау барысында балалар саны 4,3% біршама төмендегені байқалды.

Жасөспірімдер санының динамикада Шалқар ауданында 34,8%, Ырғыз ауданында 21,4% төмендеген. Егер аймақтағы демографиялық жүктемеге қарасақ, 2009 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында ең жоғарғы жүктеме коэффициенті белгіленіп отыр.

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. № 1 (46), 2015

30

Сурет 1 - 2008-2013ж.ж. зерттеліп отырған аймақтардың орташа жылдық халық санының жас шамасының ара қатынасы

2008-2013 ж.ж. кезеңдегі бағалау барысында орта көпжылдық туу деңгейі Ақтөбе облысындағы Шалқар ауданында туу көрсеткіші (1000 адам тұрғынға 21,9 жағдай) республикалық деңгейде (1000 адам тұрғынға шаққанда 22,6) болса, ал Ырғыз ауданында бірнеше есе жоғары (1000 адам тұрғынға шаққанда 25,5) бол-ғаны анықталған.

Зерттеліп отырған аймақтардағы туудың орташа жылдық көрсеткіштерінің динамикалық өзгерістері көпжылдық туу көрсеткіштердің динамикалық өзгеріс-тері, қазіргі кезеңге, 2 суретте көрсетілген.

2008 жылдан 2013 жылдар аралығындағы туу көрсеткіштерінің динами-касын талдау барысында Қазақстан Республикасы бойынша, біртұтас алғанда, нақты айтарлықтай өзгеріс болмаған. Шалқар ауданында туу көрсеткіші 8,5% жо-ғарылағаны белгіленсе, ал Ырғыз ауданында, керісінше, 11,5% төмендегені анық-талды. Ырғыз ауданында басқа да қарастырылып отырған аудандармен салыстыр-ғанда 2008 жылы, 2010 жылы және 2011жылы туудың, яғни 1000 адам тұрғынға шаққанда, сәйкесінше, 27,8; 26,9 және 26,8 біршама жоғарғы көрсеткіштері бай-қалған.

Демографиялық көрсеткіштердің маңызды бөліктерінің бірі өлім, ол - көр-сеткіштері көптеген аспектілерден көрініс табатын халық денсаулығының бұзы-луының дәстүрлі индикаторы. Қазақстан Республикасы бойынша, жалпы алғанда, 2008-2013ж.ж. аралығында өлімнің жалпы коэффициентінің орташа көпжылдық деңгейі 1000 адам тұрғынға шаққанда 8,9 құрады. Ақтөбе облысының зерттеліп ISSN 1727-9712 Гигиена труда и медицинская экология. № 1 (46), 2015

31

отырған аймақтарында республикалық көрсеткіштермен салыстырғанда өлім тө-менірек болған: Ырғыз ауданында - 1,4 есе, Шалқар ауданында - 1,3 есе. Ақтөбе облысының зерттеліп отырған аймақтары бойынша салыстырмалы аспектіде не-ғұрлым жоғарғы өлім Шалқар ауданында байқалды (1000 адам тұрғынға шаққан-да 7,1).

Сурет 2 - 2008-2013 ж.ж. кезеңдегі зерттеліп отырған аймақтардың туу көрсеткішінің динамикасы

Қазақстан Республикасы бойынша өлімнің жалпы коэффициенті үздіксіз төмендеп отырды: 2008 жылы 1000 адам тұрғынға 9,7 жағдай, 2013 жылы 1000 адам тұрғынға 8,6 жағдай. Ақтөбе облысының зертеліп отырған аймақтарында талдау жүргізіліп отырған мерзімде халықтың өлім көрсеткіштерінің динамикасы жан-жақты бағытталған.

Осылай, Шалқар ауданында 1000 тұрғынға 7,1-ден 6,6-ға дейін өлім коэфи-циентінің төмендегеніі байқалды. Ырғыз ауданында да бұл көрсеткіш зерттелу мерзіміне дейін нақты өзгермеді. Сондай-ақ зерттеліп отырған аймақтар бойынша республикалық көрсеткіштерден төмен мәндер болды.

Халықтың табиғи өсуі - бұл аймақтағы тұрғындарының тууы мен өлімінің ара қатынасыы арқылы айқындалатын халықтың жалпы санының динамикасын сипаттайтын негізгі демографиялық үдеріс. 2008-2013ж.ж. туу мен өлімнің ара қатынасының (1000 адам тұрғынға шаққанда), сондай-ақ, табиғи өсу динамикасы 1 кестеде берілген.

Туу мен өлім көрсеткіштерінің ара қатынасының динамикасы Қазақстан тұрғындарының табиғи өсуін 7,5% қамтамасыз етті. Шалқар және Ырғыз ауданда-рында да өсу көрсеткіші жоғарылап, 16,2% және 10,2% сәйкес келді.

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. № 1 (46), 2015

32

Кесте 1 - 2008-2013ж.ж. туу мен өлімнің ара қатынасының (1000 тұрғынға шаққанда), соны-мен қатар табиғи өсудің динамикасы

Аймақтар Жылдар

2008 2009 2010 2011 2012 2013

Қазақстан Республикасы 22,8 / 9,7 22,5 / 8,9 22,5 / 8,9 22,5 / 8,7 22,7 / 8,5 22,6 / 8,6

13,0 13,5 13,6 13,8 14,2 14,0

Шалқар ауданы 21,1 / 7,1 21,5 / 6,8 21,7 / 7,9 20,9 / 7,2 23,5 / 7,3 22,9 / 6,6

14,0 14,8 13,8 13,7 16,2 16,3

Ырғыз ауданы 27,8 / 6,1 24,1 / 7,4 26,9 / 7,4 26,8 / 5,9 23,2 / 5,5 24,6 / 6,2

16,7 16,7 19,4 20,9 17,6 18,4

Зерттеліп отырған аймақтардағы табиғи өсу орта есеппен республикалық көрсеткіштен 1,2 есе жоғары деңгейде болды. Тұрғындардың табиғи өсуінің ең жоғары деңгейі Ырғыз ауданында тіркелді (1000 тұрғынға 18,3-ке сәйкес).

Экологиялық қолайсыз жағдайдың индикаторы ретінде нәрестелік өлім жа-тады. Орта көпжылдық нәрестелік өлімнің көрсеткіштерін талдау кезінде жалпы республика бойынша нәрестелік өлім деңгейі 1000 тірі туылған нәрестеге шаққан-да 16,3 жағдайы анықталды. Зерттеу аудандарында бұл көрсеткіш республикалық көрсеткіштер деңгейінен 1,2 есе төмен. Нәрестелік өлімнің ең төмен деңгейі Ыр-ғыз ауданында (1000 тірі туылған нәрестеге шаққанда 12,2) тіркелді.

2008 жылғы есеппен Ақтөбе облысының зерттелген аудандарында нәресте өлімі республикалық көрсеткіш деңгейінен төмен болғаны анықталды (1000 тірі туылған нәрестеге шаққанда 20,8 жағдай), Шалкар ауданында - 15,6, Ыргыз ауданында - 6,2.

Ал, 2013 жылы зерттеу көрсеткіштері бұл аудандарда республикалық көр-сеткіш деңгейінен 1000 тірі туылған нәрестеге шаққанда 11,4 және 8,1 жағдай тө-мен болғаны тіркелді. 2008 жылмен салыстыратын болсақ, бұл көрсеткіштер республика бойынша 31,8% азайды, Шалқар ауданында 26,5% азайса, ал Ырғыз ауданында бұл көрсеткіштер 30,4% артқаны тіркелді.

Осылайша, бақылау кезеңде зерттеу аудандарында демографиялық көрсет-кіштер: халықтың саны өскен; туу деңгейі республикалық көрсеткіштермен са-лыстырғанда тұрақты; өлім көрсеткіштері деңгейінің біршама төмендеуі, халық-тың табиғи өсуін арттырды. Алайда, әлі де, нәрестелік өлімнің деңгейі жоғары қалпында.

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. № 1 (46), 2015

33

Әдебиеттер

1. Сабирова З.Ф., Чанышева Н.Ф., Сабирова Р.М. и др. Значимость основных факторов, формирующих демографическую обстановку // Гигиена и санитария. - 2006. - №5. - С.70-72

2. Абикулова А.К., Ешманова А.К., Тлеуова Д.Ж. Формирование и оценка значимости демографических показателей как основа социальной политики государства в отношении лиц старшего возраста Республики Казахстан // Медицина. -2013. - №12. - С.2-5.

3. Сакиев К.З., Мухаметжанова З.Т., Шадетова А.Ж., и др. Влияние климато-метеорологических факторов на организм человека // Гигиена труда и медицинская экология. - 2014. - №1(42). - С.19-24.

4. Демин В.Ф., Пальцев М.А., Чабан Е.А. Разработка национальных и международных стандартов возрастного распределения населения для медицинской статистики, медико-демографического анализа и оценки риска // Гигиена и санитария. - 2013. - № 6. - С.14-21.

5. Альназарова А.Ш. Основные демографические показатели населения Аральского региона // Мат. VI междунар. научно-практ. конф. «Научная мысль информационного века - 2010». - Польша, 2010. - С.31-34.

Резюме

Проведен анализ рождаемости и смертности населения проживающего в Приаралье. Исследования проведены по двум районам Актюбинской области. Ретроспектива анализируемых показателей составила 5 лет, за период с 2008 по 2013 г.г.

Ключевые слова: экология, население, рождаемость, смертность, естественный прирост

Summary

The analysis of the birth and death rates of people living in the Aral Sea. Investigations were carried out in two areas of Aktobe region. Retrospective analyzed parameters was 5 years old, for the period from 2008 to 2013.

Key words: ecology, population, fertility, mortality, natural increase

ISSN 1727-9712

Гигиена труда и медицинская экология. № 1 (46), 2015

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.