Научная статья на тему 'ПОЭЗИЯ КАКӀМБЕКА САЛИКОВА ТЕМА КАРАКАЛПАКСТАНА'

ПОЭЗИЯ КАКӀМБЕКА САЛИКОВА ТЕМА КАРАКАЛПАКСТАНА Текст научной статьи по специальности «Языкознание и литературоведение»

CC BY
10
5
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Ключевые слова
Литература / исторические связи / казахская и каракалпакская литература / поэзия К. Саликова / тема Каракалпакстана / гуманистические идеи. / Literary / historical relations / Kazakh and Karakalpak literature / poetry of K. Salikov / theme of Karakalpakstan / humanistic ideas.

Аннотация научной статьи по языкознанию и литературоведению, автор научной работы — Смамутова Ш. А.

Не разговаривай. В статье дан общий обзор исторических, литературных и культурных связей казахско-каракалпакского народа, исторически укорененного, расселившегося в отдельных регионах бок о бок и являющегося соседями. Также исторические корни и родство двух народов видны в творчестве поэтов-писателей, ярким примером чего является государственный деятель, поэт К. Саликов в своей поэзии исследует тему Каракалпакстана. Анализируются стихотворения, которые придают в стихотворениях поэта гуманистические идеи и оптимистические чувства, и определяется один аспект поэзии поэта.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

POETRY BY KAKӀMBEKA SALIKOVA SUBJECT KARAKALPAKSTANA

The article provides a general overview of the historical, literary and cultural ties of the Kazakh-Karakalpak people, historically rooted, settled in separate regions side by side and becoming neighbors. Also, the historical roots and kinship of two peoples are visible in the works of poets-writers, a vivid example of which is the state figure, poet K. Salikov explores the theme of Karakalpakstan in his poetry. Poems that give humanistic ideas and optimistic feelings in the poet's poems are analyzed, and one aspect of the poet's poetry is defined.

Текст научной работы на тему «ПОЭЗИЯ КАКӀМБЕКА САЛИКОВА ТЕМА КАРАКАЛПАКСТАНА»

ӘӨЖ 82.09 (574)

DOI 10.56525/QEJY1543

КӘКӀМБЕК САЛЫҚОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ

ҚАРАҚАЛПАҚСТАН ТАҚЫРЫБЫ

Ш.А. СМАМУТОВА

Қарақалпақ мемлекеттiк университетi

Нөкіс қ., Өзбекстан.

Е-mail: [email protected]

Андатпа. Мақалада тарихи жақтан тамырлас, бертiн келе белгiлi аймактары қатар қоныстанып, көршiлес отырған қазақ-қарақалпақ халқының тарихи, әдеби, мәдени байланыстарынна жалпы шолу жасалады. Сондай-ақ, ақын-жазушылар шығармашылығында екi халықтың тарихи тамырластығы, туыстығы көрiнiс тауып отыратындығы, соның айқын мысалы ретiнде мемлекеттiк қайраткер, ақын К.Салықов поэзиясындағы Қарақалпақстан тақырыбына барлау жасайды.

Ақын жырларындағы гуманистiк идеялар, оптимистiк сезiмдер сыйлаушы жырлары талданып, ақын поэзиясының бiр қыры айқындалады.

Кілт сөздер: Әдеби, тарихи байланыстар, қазақ және қарақалпақ әдебиетi, К.Салықов поэзиясы, Қарақалпақстан тақырыбы, гуманистiк идеялар

Кіріспе. Түп атасы ертеде империя құрған ғұндар мен сақ, массагетерге, түркі қағанатына барып тірелетін қазақ-қарақалпақ халықтарының әдеби байланыстарын жарты өмірін архив ақтарумен өткізген жанкешті зерттеушілер ғылыми жақтан талай зерттеп, түбіміз бір екенін талай рет дәлелдеді. Академик Рахманқұл Бердібаев «Қазақ тілі менен қарақалпақ тілі бір-біріне өте жақын, қарақалпақ тỉлỉнде жазылған шығармаларды өз нұсқасынан оқығанда бұған анық көзіміз жетỉп отыр, кейбỉр әріптердің басқаша таңбаланатынына қарамастан, қарақалпақ тіліндегі өлеңдерді, прозалық шығармаларды қазақ халқы өз игілігі ете алады, олай болса бұл байлық, ырыс қой» [1, 89] деп өте орынды көрсеткен еді.

Тарихтағы небір оқиғаларды басынан бірге өткізіп, бір-бірімен тығыз байланыста болған қазақ-қарақалпақ халықтарының мәдени, әдеби жақтан жақындығы бұл халықтардың ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінде де көрініс тауып отырғандығы сауатты жұрттың бәріне белгілі нәрсе.

Зерттеу материалдары мен әдістері. ХХ ғасырдың 60-70-жылдарында қазақ-қарақалпақ поэзиясында үлкен бетбұрыс болды. Махаббат лирикасы, отаншылдық, тарихты жырлау секілді тақырыптардың аясы кеңейіп, ол талантты ақын-жазушыларды шығармаларында жарқырап көрінді. Сондай-ақ, туысқандық, достыққа арналған шығармалар да көптеп туып, қаламгерлеріміз түбі бір туыстықты шабыттана жырлады.

Қазақ поэзиясында Қарақалпақстан тақырыбы аз жырланған жоқ. Оның себебі Төлеген Айбергенов секілді біраз талантты ақындардың туған жері осы өлке болғандықтан да шығар. Сонымен бірге кеңестік дәуірде қарақалпақ елінде талай рет қазақ әдебиетінің онкүндіктері өткендіктен бізге келіп елімізбен, жерімізбен танысқан, халқымыздың қонақжай меймандос халық екенін көрген қазақ ақындарының да шабыттанып, талай керемет өлеңдер жазған.

Ал өзі қазақ елінде туып-өссе де қызмет бабымен Қарақалпақстанда бес жылдай тұрып қарақалпақ халқының әдет-ғұрпы мен тұрмыс-тіршілігін жақсы танып-білген ақын Кәкімбек Салықовтың қарақалпақ елі туралы жазған «Қарақалпақ» поэмасы мен көптеген өлеңдерін оқып отырып, оның өзін осы елдің адамы секілді сезініп, елге, жерге деген жанашырлық сезімдерін танытқан туындыларына назар аудармай кетуге болмайды.

Ақан сері, Біржан сал секілді атақты халық композиторлары туған жерде кіндік қаны тамған К.Салықов қазақ поэзиясында өзіне лайық орны бар ақын.

К.Салықов кеңестік дәуірде үлкен лауазымды қызметтер атқарғанымен өнерін тастамай, ақын ретінде мойындалған азамат. Ал әнмен айтылатын өлеңдері кезінде өте танымал болды. Мәселен, оның «Жезкиігін» біздің елдің адамдары да жақсы біледі, әншілеріміз айтқан. Тіпті қарақалпақ еліне осы әнімен танылды десек те болады.

Зерттеу нәтижелері. Ақын шығармашылығынан Қарақалпақ еліне, халқына деген шексіз құрмет, ыстық ықыласты сезінесің. Әрине оның бірнеше себептері бар. Біріншіден К.Салықовтың шығармашылығындағы қарақалпақ тақырыбын жырлауы қазақ, қарақалпақ халықтары туыстық тамырластықты терең білгендігінен туған құрмет болса, екіншіден осы елде жоғары лауазымды қызметте жүріп халықпен етене араласып, қарақалпақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын терең түсінуі оған ой салып, шығарма жазуға себеп болды. Ақынның «Қарақалпақ қалалары» деп аталатын өлеңінде асыл адамдар сияқты жердің де жақсы болатынын, оны көргенде жан-дүниең ерекше толқып, шабыттанатынын айта келіп, қарақалпақтың нар төбесỉ Төркүл екенін атайды.

Төрткүл – қарақалпақтың ең бірінші астанасы болғанын айтқан ақын елдің қазіргі бас қаласы Нөкістің шырайлы көркіне тамсанады:

Қилы күнде жаралған басқа бәсỉ

Нөкіс көркем − қазіргі астанасы.

Шымбай – сыйлы көнекөз қарт секілді,

Қарақалпақ ұлтының бас қаласы [2, 16]

К.Салықов осы өлеңінде қарақалпақтың әрбір аудан, қаласын сипаттап, олардың өткен тарихы мен бүгінгі жағдайы, тұрмысы жайында терең білетінін байқатады. Шымбай, Қоңырат, Тақтакөпір, Қараөзек, Маңғыт, Еллікқала, Шоманай туралы тебірене толғанады. Мойнаққа келгенде «Бабы келмей мұңаятындығын» да жасырмайды.

Аралды іздеп адасқан ақ інгендей,

Мойнақты айтсам, мұңаям бабым келмей,

Селк етемін, қасқайып, қақсып қалған,

Құм ỉшỉнен кемелер көрінгендей [2, 42]

Өлеңін осындай образдармен аяқтай келе қарақалпақ халқы мен оның жерінде ескі тарихи қалалардың өзіне өте қадірлі екенін, бұрын да басынан талай аласапыранды өткізген халықтың алда да талай қиыншылықтарға төтеп берỉп, өзіне жарқын болашақ орнататынына сеніп, өлеңді оптимизмен бітіреді.

К.Салықовтың шығармашылығында елеулі орны бар «Қарақалпақ» атты поэмасы да осы елге деген ақындық махаббаттың ескерткіші деуге болады.

Ақынның «Қарақалпақ» поэмасы «Таныстыру», «Жан тынысы», «Жаның күйе жаздайды», «Мойнақтағы әңгіме», «Соңғы сөз» деген бөлімдерден тұрады.

«Таныстыру» бөлімінде:

Қайран арал,

Қасіретіңді байқадым,

Қазіргі күн. Тарих емес айтарым.

Қарақалпақ деген елді мен көрдім,

Қара терге малшындырған әр таңын.

Қажырлы ел сөзге бекем серттескен,

Қанағатшыл, барға разы, жоқта өскен.

Қарапайым,

Қазағымдай момын ел,

Қолы мырза, бір-біріне көптескен.

Қарақалпақ – ақ күріштің ауылы,

Қойлы алқап. Тауығы да дәу ірі.

Қатарласқан әлмисақтан көрегі,

Қабағы мен шабағы,

Қауыны мен сауыны.

Қалдырамас тағдыр берген тосынға,

Қабырғалас

Қатар сыйлар қосын да.

Қажырлысы түркі тектес ұлттардың,

Қара қалпақ кигендер де осында [2, 33] , –

дей келіп:

Қар нүкте

Қыран көкте заулады,

Қанаттасты жер мен теңіз аумағы.

– Қарақалпақ кім? – десеңдер,

Қазағым,

Дәл өзіңнен аумады.

Қас, қабақтан айтарыңды тез ілген,

Қайғысы ортақ өмір нарқын сезінген.

Қиын емес «ауасы» мен «жүдәсі»,

Қабысып тұр сөзі де өз сөзіңмен.

Қанатты ел нар толқыннан нәр алған,

Арал үшін дерт пен серті сан алуан.

Қарақалпақ – һәм бейнетқор, сыпайы,

Сұлу халық

Жаны аппақ жаралған. –

– деп қарақалпақ еліне деген махаббатын паш етіп, халқын төбеге көтере, болмысын сүйсіне жырлайды. Және осы бөлімдегі барлық шумақтың алғашқы сөзі «қ» әрпінен басталған. Бұл да атында үш «қ» дыбысы кездесетін қарақалпақ халқына деген құрметін көрсететін ақындық форма деуге болады.

Одан кейінгі «Апатстан – құмстан» деген бөлімде Арал теңізінің құрғауымен пайда болған экологиялық апаттан қарақалпақ елінің басына түскен қиыншылықты күңірене жырлайды.

Қайран Дала,

Қалар өксіп, «еті өліп»,

Құрар елге

Қайғы, қасірет төтелік.

Құм – Дария көшіп жатса жан-жаққа,

Қызар аймақ тың қыртысын көтеріп.

Қалың шерге қамалғандай ән-жырың,

Арал маңы, ауырлайды тағдырың.

Қаны бірлер қарайласар күн туды,

Қипақтамай түзу айтсам жын сырым [2, 57] , –

деген ақын қарақалпақпен бір туған туыс халықтарды көмекке шақырып, қанатымен су сепкен қарлығаштай шырылдайды. Бұл әрине гуманизмді ту қылып ұстаған үлкен жүректің сөзі.

Одан кейінгі «Жан тынысы» атты бөлімде теңіз тартылып, соның себебінен қарақалпақ елінің басына түскен ауыртпалыққа кінәлілерге айыптау сөзін арнап, халыққа жанашырлық пейілін танытады.

Ал «Жаның күйе жаздайды атты үшінші бөлім Арал трагедиясына арналған реквием тәрізді. (Кейін осы өлеңге композитор Шәміл Әбілтай күңіреністі ән жазды).

Ақпа, төкпе тыныштық,

Сырқат ауа тым ыстық.

Ақ тұз басты аймақты,

Қайда әділет, тыныштық.

Ай, әлемге хабарым,

Құрғап кетті Аралым!

Сақтап қалшы, адамдар,

Кең даланың жанарын [2, 84]

Бұл мұңды жыр жолдарынан теңіз маңында өмір сүретін, өзгеге қиянаты жоқ адал халықтың тынысындай Аралды сақтап қалуды адамзатқа ортақ іс деп қараған ақынның жан шырылын танимыз.

«Мойнақтағы әңгіме» атты поэманың төртінші бөлімі қиындық құрсауында қалған Арал маңы тұрғындарымен диалог түрінде жазылып, елдің көкейінде жүрген ойлар айтылады. Көкірегі шерге толы қамкөңіл қартты жұбатқан ақын:

– Қысылма жаным, ұқтым ғой талай себебін,

Ел сұраса болғаны шығар керегім.

Қарақалпақ! Мұңмен зарын бұлжытпай,

Ғаламға даттап келемін.

Жер-Ананың тарихында аты бар,

Ұлт емес пе жері, тілі, заты бар.

Ата-баба аруағын сыйлаған,

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

Ел емес пе қатал заман қинаған.

Халықты халық қорғайды,

Қорғамаса сол қайғы.

Көмегін әлем жолдайды,

Жолдамаса сол қайғы.

Қол ұшы емес, білек қосып бірлесем,

Құшақ жайып, бірге атойлап үндесем.

Қайтқан Арал

Өшіп кетпес күнді ойлап,

Керек болса құдаймен де тілдесем! –

Дегенімде қария берді батасын,

Айтты сөздің атасын [2, 40] . –

дейді азамат ақын. Бұл – шын жанашырлық, туысқандықтан туған тілектестік екені анық.

Осынау қарақалпақ халқына арнаған көлемді дүниесін ақын Кәкімбек Салықов:

Қарақалпақ – қиналған елі есімде,

Қызылордам бір апат кемесінде.

Арал үшін айқасты қайта бастау,

Керек десем беу, достым, сенесің бе?

Қайран теңіз аңсасам ақ самалын,

Қайыр сұрап біреуден қақсамадым.

Жалынғаным – біліңдер арым барын,

Адамдық пен адалдық аңсағаным [2, 35] , –

деп оптимистік сарында бітіреді. Бұл елдің ертеңіне сенген ақынның сөзі. Қандай қиындық келсе де мойымайтын халықтың болашағының жарқын екеніне сенген жүректің жыры.

Қорытынды. Қорыта айтқанда, ақын Кәкімбек Салықовтың қарақалпақ еліне арнаған шығармалары жүрекпен жазылған, шынайы туындылар. Оның ішінде «Қарақалпақ» поэмасы қазақ әдебиетінде қарақалпақ халқы туралы жазылған ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында жазылған ең көлемді де шынайы туынды. Поэманың соңына автордың өз қолымен жазған «1989-2001 ж.ж. Нөкіс-Москва» деген жазу автордың бұл шығарманы 12 жыл бойы жазғанын білдіреді.

ӘДЕБИЕТТЕР

[1] Бердiбаев Р. Биiк парыз. – Алматы: Жазушы, 1967. – 256 б.

[2] Салықов К. Таңдамалы өлеңдер жинағы. – Алматы: Жазушы, 2005. -180 б.

REFERENCES

[1] Berdibayev R. Biik paryz. - Almaty: writer, 1967. – 256 b. [In kazakh]

[2] Salykov K. collection of Selected Poems. - Almaty: writer, 2005. -180 b. [In kazakh]

Смамутова Ш.А.

Каракалпакский государственный университет,

Казахский язык и литература

доцент кафедры, PhD,

Нокис, Узбекистан.

ПОЭЗИЯ КАКӀМБЕКА САЛИКОВА ТЕМА КАРАКАЛПАКСТАНА

Аннотация. Не разговаривай. В статье дан общий обзор исторических, литературных и культурных связей казахско-каракалпакского народа, исторически укорененного, расселившегося в отдельных регионах бок о бок и являющегося соседями. Также исторические корни и родство двух народов видны в творчестве поэтов-писателей, ярким примером чего является государственный деятель, поэт К. Саликов в своей поэзии исследует тему Каракалпакстана.

Анализируются стихотворения, которые придают в стихотворениях поэта гуманистические идеи и оптимистические чувства, и определяется один аспект поэзии поэта.

Ключевые слова: Литература, исторические связи, казахская и каракалпакская литература, поэзия К. Саликова, тема Каракалпакстана, гуманистические идеи.

Smamutova Sh. A.

Karakalpak State University,

Kazakh language and literature

associate docent, PhD,

Nokis, Uzbekistan.

POETRY BY KAKӀMBEKA SALIKOVA SUBJECT KARAKALPAKSTANA

Annotation. The article provides a general overview of the historical, literary and cultural ties of the Kazakh-Karakalpak people, historically rooted, settled in separate regions side by side and becoming neighbors. Also, the historical roots and kinship of two peoples are visible in the works of poets-writers, a vivid example of which is the state figure, poet K. Salikov explores the theme of Karakalpakstan in his poetry.

Poems that give humanistic ideas and optimistic feelings in the poet's poems are analyzed, and one aspect of the poet's poetry is defined.

Key words: Literary, historical relations, Kazakh and Karakalpak literature, poetry of K. Salikov, theme of Karakalpakstan, humanistic ideas.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.