Научная статья на тему 'ИСТОРИЧЕСКИЕ ПРОИЗВЕДЕНИЯ, ЗАРОЖДАЮЩИЕ В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ ВЛАСТИ В ДРЕВНЕМ РИМЕ'

ИСТОРИЧЕСКИЕ ПРОИЗВЕДЕНИЯ, ЗАРОЖДАЮЩИЕ В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ ВЛАСТИ В ДРЕВНЕМ РИМЕ Текст научной статьи по специальности «Гуманитарные науки»

CC BY
11
2
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Журнал
Yessenov science journal
Область наук
Ключевые слова
исторические произведения / материалистическая философия / поэма / неотерика / юмор / лирическая поэма. / historical works / materialistic philosophy / poem / Neoterics / humor / lyrical poem

Аннотация научной статьи по Гуманитарные науки, автор научной работы — Кобланов Жоламан Таубаевич, Каримсакова Бактигул Абдимухановна

Статья рассматривает важность зарождения первых исторических произведении, появления настоящих научно-исторических трудов во время последних лет республиканской эпохи, исторические мемуары Юлия Цезаря «Записки о Галльской войне» и «Записки о Гражданской войне», цель написание и научная ценность этих записек,творчество Тит Лукреций Кар и Гай Валерий Катулла, движение неотериков. Подробно анализируются поэма Лукреция «О природе вещей», суть философии Эпикура в поэме, отношение поэта к религиозным верованиям той эпохи, его собственное мировоззрение. В статье предпринята попытка оценить критическую точку зрения талантливого писателя, критически взглянувшего на действительность времени, путем дифференциации мастерства писателя в ее изложении, его собственных особенностей. В это время внутренние раздоры и боевые действия в Риме проложили путь к полному разрушению старой республиканской власти и победе некоторых правителей. В своих произведениях неотерики использовали в качестве образца законы эллинской литературы, особенно творчество великого поэта той эпохи Каллимаха. По этому, подобно Каллимаху, они отказались от таких крупных жанров, как эпопеи и трагедии, и стали создавать произведения малого масштаба, т. е. эпосы, эпиграммы, элегии, и писали произведения в этих жанрах. В статье также рассматривается влияние произведений Гая Валерия Катулла, видного представителя неотерики, на последовавшую за ним литературу

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

HISTORICAL WORKS BEGINNING IN THE LAST YEARS OF REPUBLICAN POWER IN ANCIENT ROME

The article is devoted to the emergence of the first historical works in Ancient Rome, the birth of real scientific historical works in the last years of the era of the Republic, the historical memoir works of Julius Caesar "Memoirs of the Gaul war", "memoirs of the Civil War", the goals of writing these works, scientific value, the significance of the works of Titus Lucretius Carr, the neoteric movement, guy Valery Catullus. Lucretius 'poem" The property of products", the essence of Epicurus ' philosophy in the poem, The Poet's views on religious beliefs of that era, and his own worldview are widely analyzed. The article makes an attempt to evaluate the critical approach by analyzing the ideological orientation of the thoughts of a talented writer who is critical of the realities of the era, the skill of the writer in its presentation, his characteristic features. During these eras, internal strife and battles in Rome paved the way for the complete destruction of the old Republican power, for the victory of some rulers. In their works, Neoterics used as a model the laws of Hellenic literature, especially the work of Callimachus, the great poet of that era. Therefore, they, like Callimachus, abandoned such voluminous genres as saga and tragedy, setting the example of small-scale works, that is, epilias, epigrams, elegies, and they themselves wrote works in the same genres. The article also reflected the influence of the works of guy Valery Catullus, who was a prominent representative of Neoterics, on the literature that followed him.

Текст научной работы на тему «ИСТОРИЧЕСКИЕ ПРОИЗВЕДЕНИЯ, ЗАРОЖДАЮЩИЕ В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ ВЛАСТИ В ДРЕВНЕМ РИМЕ»

ӘӨЖ 82-221

ҒТАХР 17.82.32

DOI 10.56525/TRCZ3357

КӨНЕ РИМДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

БИЛІКТІҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫНДА

ТУА БАСТАҒАН ТАРИХИ ТУЫНДЫЛАР

*ҚОБЛАНОВ Ж.Т.

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар

және инжиниринг университеті,

Ақтау қ., Қазақстан

E–mail: [email protected]

КАРИМСАКОВА Б.А.

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар

және инжиниринг университеті,

Ақтау қ., Қазақстан

E–mail: [email protected]

*Корреспондент авторы: [email protected]

Аңдатпа. Мақалада Көне Римдегі алғашқы тарихи туындылардың пайда болуы, нағыз ғылыми тарихи шығармалардың республика дәуірінің соңғы жылдарында туа бастауы, Юлий Цезарьдың «Галлия соғысының естеліктері», «Азамат соғысының естеліктері» тарихи мемуарлық туындылары, бұл туындылардың жазылу мақсаттары, ғылыми құндылығы, Тит Лукреций Карр, неотериктер қозғалысы, Гай Валерий Катулл шығармашықтары маңызын пайымдауға арналған. Лукрецийдің «Бұйымдар қасиеті» поэмасы, поэмадағы Эпикур философиясының мәні, ақынның сол дәуірдегі діни нанымға көзқарасы, өзіндік дүниетанымы кең түрде талданады. Мақалада дәуір шындығына сын көзбен қараған дарынды қаламгер ой-пікірлерінің идеялық бағытын, оны баяндаудағы қаламгер шеберлігін, өзіне тән ерекшеліктерін саралау арқылы сыни көзқарасты бағалауға талпыныс жасалады. Осы дәуірлерде Римдегі ішкі тартыстар мен ұрыстар ескі республикалық биліктің мүлдем қирауына, кейбір билеушілердің жеңіске жетуіне кең жол ашты. Неотериктер өз еңбектерінде эллин әдебиетінің заңдарын, әсіресе сол дәуірдің ұлы ақыны Каллимах шығармашылығын үлгі ретінде пайдаланды. Сондықтан, олар да Каллимах сияқты дастан, трагедия тәрізді көлемді жанрлардан бас тартып, кіші көлемдегі туындыларды, яғни эпилийлер, эпиграммалар, элегияларды өнеге қылып, өздері де сол жанрларда шығармалар жазды. Мақалада сонымен қатар неотериктердің көрнекті өкілі болған Гай Валерий Катулл шығармаларының өзінен кейінгі әдебиетке тигізген әсері де пайымдалған.

Кілт сөздер: тарихи туындылар, материалистік философия, поэма, неотериктер, юмор, лирикалық өлең.

Кіріспе. Римде тарихи туындылар жанры б.з.б. ІІ ғасырдың бастарында пайда болды. Жаңа жанрда қалам тербеген жазушылар әлі де Юнон логографтарынан оншалықты ерекшеленбейді, яғни олардың әдісінде көркемдік көріністер мен терең мазмұн көрінбейді. Нағыз ғылыми, көркемдік жағынан жоғары тарихи шығармалар республика дәуірінің соңғы жылдарында ғана туа бастайды.

Осы кезеңде еңбек еткен тарихшылардың ең алғашқысы - Гай Юлий Цезарь (б.з.б.100-44). Ол ірі қолбасшы ғана емес, сондай-ақ өз заманының атақты шешені, талантты жазушысы да болған. Цезарь мемлекеттің машақатты істері, үздіксіз соғыстардың арасында жүрсе де уақыт тауып, әдеби қызметпен шұғылданған.

Бізге дейін Цезарьдің «Галлия соғысының естеліктері» және «Азамат соғысының естеліктері» деген тарихи мемуарлық туындылары жеткен. Бұл екі туындыда автордың саяси мақсаттары айқын көрінеді. Галлия соғысының осыншалық ұзаққа созылып кетуі, Рим сенатында едәуір наразылықтарды туғызады.

Сондықтан, Цезарь өзінің қызметі мен іс-әрекетін ақтап, «Галлия соғысының естеліктерін» жазуға мәжбүр болады. Автор өз мойнына жүктелген міндеттердің қаншалықты ауыр екендігін Рим халқына түсіндіру мақсатында, Галлия өлкесінің байлығын, оны бағындырудың маңыздылығын, ержүрек, жауынгер халыққа қарсы басталған ұрыстың қиындықтары туралы жан-жақты тоқталып, оқиғаларды егжей-тегжейлі суреттеуге ұмтылып жатқандай болғанымен, халыққа құпия өзінің жіберген қателіктерін, сәтсіздіктерін бүркемелеуге және керісінше, істеп жатқан қимылдарының дұрыстығын дәлелдеуге құштар болады.

Шығармадағы бас қаһарман - әрине Цезарьдің өзі. Автор өте нәзік тәсілдермен өзінің жеке басының қасиеттерін, әсіресе әскери саладағы білімділігін, қайраты мен қажырын, әскерлерге өз ұлдарындай қарайтын мейірімді жан екендігін, тіпті сәті түссе дұшпаннан да жақсылығын аямайтын жомарт жан екендігін көрсетуге әрекет қылады

Өзінің қылмыстарын жасыру, жеке қасиеттерін дәріптеу сияқты көңіл-күй Цезарьдің екінші туындысы – «Азамат соғысының естеліктерінде» анық байқалады. Оның айтуынша, азамат соғысының басталуына Цезарь емес, ал Рим халқының дұшпандары кінәлі. Егер, оған салса, отандастарының басына осыншалық қайғы-қасіреттерді әкелуді мүлдем қаламаған болар еді. Оның бүкіл қимыл-әрекеті тек қана республикалық билікті, халықтың тыныштығын қорғауға бағытталған.

Цезарь өзінің осы екі туындысын да аяқтай алмады. «Галлия соғысының естеліктерінің» соңғы 8-тарауын оның жәрдемшісі Гиртий жазып аяқтайды. «Азамат соғысының естеліктерін» Гиртийден басқа, бізге беймәлім авторлар бітірген.

Антикалық дүниеде өмір сүрген қаламгерлердің барлығы дерлік Цезарьдің ірі әдеби талантын мойындаған. Оның шығармаларын оқығанда, оқырманды тамсандыратын негізгі ерекшелік – жазу әдісінің қарапайымдылығы. Сыртынан қарағанда тартымсыз, жай көріністер Цезарьдің қаламы астында нағыз күрделі оқиғаларды, адамның ішкі жан тебіреністерін ашық, айқын көрсете алатын жетік көркем суреттерге айналады. Цезарьдің «Естеліктері» өзінің көркемдік және тарихи құндылығын біздің заманда да жойған жоқ. Бұл туындылар тілінің тазалығы, қарапайымдылығы, сөйлемдердің грамматикалық жақтан нұқсансыздығы жағынан бүгінге дейін латын тілін үйрену саласында ең үздік оқу құралы қызметін атқарып келеді. Сонымен бірге, екі шығарманың да маңызды құндылығы қазіргі үш ірі Еуропа мемлекеттерінің – Германия, Франция және Англияның ең көне тарихы туралы мәліметтерді де осы кітаптан табамыз.

Республикалық биліктің құлдырауы нәтижесінде басталған рухани күйзелістер, бітпейтін ішкі ұрыстардың зардаптары, әсіресе Сулла үстемдігі жылдарында төгілген жазықсыз қандар, зұлымдық пен жауыздықтар - Рим халқын аянышты жағдайда қалдырады. Олардың рухында саяси енжарлық пайда болады. Саяси қызметтен бас сауғалап кеткен мемлекет қайраткерлері өздерінің жеке өмірінде де тағат таба алмайды. Кеше ғана болған қантөгістер, аңдыған ажал қаупі олардың ойынан кетпейді. Қорқыныш пен сенімсіздік жеңген Рим азаматы рухани жұбаныш іздеп дінге үміт артады, әдептілік пен адамгершіліктің жаңа негіздерін, өмірдің дұрыс жолдарын тапқысы келеді. Міне, осындай көңіл-күй Рим ақсүйектері арасында грек философиясына деген қызығушылықты өршітіп жібереді. Олар өздерін қинаған сұрақтарға сай жауапты негізінен, грек данышпаны Эпикур философиясынан табады.

Материалдары мен зерттеу әдістері. Зерттеудің материалы ретінде жоғары кәсіби білім берудегі құзыреттілік көзқарасты, шетел тілдерін мәдениетаралық оқыту арқылы зерттеуге арналған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері алынды. Мақаланы жазу барысында теориялық материалды жинау, мәтін талдау, саралау, салыстыру әдістері қолданылды.

Зерттеу нәтижелері. Ішкі көтерілістерді басу, замандастарының рухани қажеттіліктерін өтеу мақсатында Эпикурдің материалистік философиясын таңдаған ақындардың ең ірісі, 6 тараудан тұратын «Бұйымдар қасиеті» поэмасының авторы Тит Лукреций Карр (б.з.б.98-55) болды. Лукрецийдің әлеуметтік жағдайы, өмірі, дос-жарандары, ғылыми дәрежесі туралы тарих бетінде сенімді ешқандай мәлімет жоқ. Біздің дәуірімізге дейінгі ІV ғасырда өмір сүрген христиан діндары Церонимнің айтуынша, «маскүнемдікке әбден беріліп, қайыршылықпен тіршілік еткен жан». «Бұйымдар қасиетін» тек мастықтан айыққан кездерінде жазып, қайыршылық жанына батқан сәттердің бірінде ол өзін өлтіріп қояды. Автордың өлімінен кейін поэманы Цицерон жариялаған. Шығарманы Лукреций толық аяқтай алмаған болуы керек. Өйткені, онда түсініксіз жерлер, басы артық қайталаулар өте көп.

Лукрецийдің қайта-қайта ескертуінше, «Бұйымдар қасиеті» поэмасы - Эпикур философиясының латын тіліндегі өлеңмен баяндалуы ғана. Бірақ Рим ақыны Эпикур ілімін бастан-аяқ дәріптеп отырмай, негізінен дүниенің жаратылуы жайындағы пікірлеріне тоқталып, басқа мәселелерге жалпы шолу жасап өтеді.

Лукрецийдің маңызды қызметі де сол Эпикурдың атомдық теориясын жан-жақты баяндауында жатыр. Эпикур философиясының нағыз қолдаушысы болған Лукрецийдің жаратылыс туралы түсініктерін толығырақ ашу үшін «Бұйымдар қасиеті» поэмасының әрбір тарауына жеке тоқтала кетуді жөн көрдік.

Әрине, Эпикур ілімі Демокриттің атомдық теориясына негізделген болатын. Лукреций де Эпикур сияқты осы теорияны дамыта отырып, шығармасының бірінші тарауында, «бүкіл болмыс тек қана атомдардан және шексіз кеңістіктен тұрады» деген пікірді алға тартады. «Мәңгі атомдар ешқашан толық жойылып кетпейді және жаңадан пайда болмайды»[28.57].

Екінші тарауда атомдардың мәңгі қозғалысы нәтижесінде күрделі заттардың пайда болуы және сол негізде жаратылыстың әрдайым өзгеріп отыруы, жаңа дүниелердің пайда болуы, олардың тағы да қирауы туралы хикаялайды. Ақын осы тарауда болмыстың баянсыздығы мәселелеріне ерекше тоқталып, антикалық дүниеде бұған дейін айтылмаған жаңа идеяларды ұсынады. Оның пікірінше, «біздің көзімізге көрініп тұрған ғарыштық жүйеден, яғни Жер, Күн, Ай және сансыз жұлдыздардан басқа шексіз кеңістікте есепсіз Күн жүйелері бар. Бұлардың баршасы жердің сәні, адамзаттың қажеттілігі үшін жаратылған құдіретті заттар емес, тіпті жердің өзі де шексіз болмыстың кішкене бір бөлшегі ғана. Міне, осы шексіз ғалам ешқандай сыртқы күштерге бағынбастан, өзінің ішкі заңдылықтары, үздіксіз қозғалысымен өмір сүреді. Бірте-бірте бұл қозғалыс азайып, соңында бүкіл болмысты үлкен апатшылыққа алып келеді» [1, 125].

Үшінші тарау толығымен рух пен жан мәселелеріне арналған. Барша антикалық материалистер сияқты Лукреций де жан мен рухтың бар екендігіне күмәнданбайды. Оның айтуынша, «бұлар да атомдардан құралған, адамның басқа денелерімен бірге туады және солармен бірге өледі» [2, 449].

Төртінші тарауда жазушы түрлі психологиялық жағдайлар туралы әңгіме қозғап, сезім мүшелері арқылы жаратылысты тануға болатындығын, сондықтан бүкіл әлем обьектив болмыстан тұратындығын айтады.

Бесінші тарау Жердің пайда болуы, тіршіліктің тууы және дамуы сияқты мәселелерге арналған. Бұл салада Лукреций ескі мифологиялық әңгімелерден мүлдем бас тартып, қазіргі түсініктерге едәуір жақын келетін ғылыми пікірлерді баяндайды. Оның айтуынша, «жер бетінде алдымен жай қарапайым, соңынан күрделі өсімдіктер пайда болған, кейін бірте-бірте жердегі табиғи күштерден тірі организмдер туа бастайды. Бірақ тарихтың алғашқы дәуірлерінде жаратылған жануарлардың кейбір түрлері табиғаттағы ауыр жағдайларға төтеп бере алмай қырылып кеткен, күштілері тірі қалған. Жануарлар дүниесінің ең саналы өкілі болған адамның барлығынан кейін дүниеге келгендігі күмансыз. Алғашқы адамдар өздерінің қазіргі ұрпақтары секілді жан-жақты жетілген емес еді. Олардың заң-тәртіп, отбасылық өмір туралы түсініктері болмаған. Әрқайсысы жеке-жеке тіршілік еткен. Жыртқыш жануарлардан, табиғи апаттардан өздерін қорғай алмаған. Бірте-бірте отбасының пайда болып, оттан пайдалану нәтижесінде олардың тұрмысы жеңілдейді».

Лукрецийдің тіл туралы пікірлері де өте маңызды. Бұрынғы грек философтарының (Пифагор, Платон) айтуынша, «тілді өте дарынды болған қандай да бір құдірет иесі жаратқан». Рим ақыны мұндай пікірлердің мүлдем қате екендігін айтып, табиғаттағы дыбыстар негізінде тілді көпшілік, ұжым жаратқанын бірнеше мысалдар арқылы дәлелдейді. Адамзат тарихының осындай жабайылықтан жоғары мәдениетке қарай дамып бара жатқандығын баяндау арқылы Лукреций грек ақыны Гесиодтың «Еңбек пен күндер» поэмасы мен Овидийдің «Метаморфоза» туындысында айтылатын «Төрт дәуір» жайлы аңызды жоққа шығарып, қазіргі замандағы ғылыми түсініктерге өте жақын келеді.

Алтыншы тарауда адам үшін қорқынышты болған және әр түрлі аңыздарды тудырған табиғат құбылыстары - найзағай, нөсер, жер сілкінісі, жанартаулардың жарылысы мен түрлі аурулар туралы ой өрбітіп, Пелопоннес соғысының алғашқы күндері Афинада басталған індеттің аянышты көріністерін суреттеумен өз шығармасын аяқтайды.

«Лукреций «Бұйымдар қасиеті» поэмасында тек қана Эпикурдың атомдық теориясын баяндаумен шектеліп қалмай, бұл пікірлерден маңызды қорытындылар шығарып, діни танымдарға ашық түрде қарсы шығады. Адамзатты діннің ықпалынан, түрлі қасіреттерден, өлім алдындағы қорқыныштан құтқару – шығарманың негізгі мақсаты»[3, 324].

Ақын өзінің ұстазы сияқты құдайлардың бар екендігіне күмәнданбайды. Бірақ «олар құдіретті күштер емес, ғаламдағы барша нәрселер тәрізді атомдардан пайда болған мықты, тірі жандар. Олар табиғат құбылыстарына әсер ете алмайды. Өз заңдары негізінде тыныш, бақытты өмір сүреді», дейді.

Жоғарыда бірнеше рет айтып өткеніміздей, б.з.б ІІ ғасырдың аяғы І ғасырдың басында басталған ішкі тартыстар мен ұрыстар ескі республикалық биліктің мүлдем қирауына, кейбір билеушілердің жеңіске жетуіне кең жол ашады. Республикалық биліктің күйреуі сөзсіз екендігін сезген көптеген республика қолдаушылары күресті жалғастырудың пайдасыз екендігін түсініп, саяси істерден шеттей бастайды. Осыған байланысты Рим қоғамындағы билеуші топтар ортасында дәл эллиндік дәуірдегі сияқты, жеке өмірге бейімділік, әлеуметтік мәселелерге қатысы жоқ өнер мен әдебиеттен алданыш іздеу жағдайы күшейеді. Мұндай көңіл-күй сол әлеуметтік топ адамдары ортасында жаңа әдеби бағыттың тууына себепші болады. Цицерон бұл бағытқа тиісті қаламгерлерді неотериктер, яғни жаңа ақындар деп атаған.

Неотериктер өз еңбектерінде эллин әдебиетінің заңдарын, әсіресе сол дәуірдің ұлы ақыны Каллимах шығармашылығын үлгі ретінде пайдаланды. Сондықтан, олар да Каллимах сияқты дастан, трагедия тәрізді көлемді жанрлардан бас тартып, кіші көлемдегі туындыларды - эпилийлер, эпиграммалар, элегияларды өнеге қылып, өздері де сол жанрларда шығармалар жазды. «Өлеңнің сыртқы сұлулығына, тілдің әдемілігіне және ең маңыздысы, қаһармандардың рухани толғаныстарына айрықша көңіл бөлу - неотериктердің негізгі ерекшеліктері. Латын әдеби тілін дамыту, поэзияны жаңа өлең өлшемдерімен байыту саласында олардың қызметі орасан зор болды»[4, 125].

Неотериктер қозғалысының гүлденген дәуірі б.з.б. І ғасырдың орталарына сай келеді. Бұл бағыттың ірі өкілдері ішінде ерекше даңққа бөленгені және шығармалары бізге дейін едәуір толық күйінде жеткені - Гай Валерий Катулл (б.з.б. 87-54).

Ақын Италияның солтүстігіндегі Верона қаласында, ақсүйектер отбасында туды. Шет жатқан қалашықтағы білімді жастар сияқты Катулл де қызмет іздеп, жас кезінде Римге келеді. Бірақ Римнің жалынды саяси өміріне оншалықты қызыға қоймайды, өз уақытының көп бөлігін әдебиет өкілдері, заманының мәдениетті жастары ортасында өткізеді және неотериктер тобына араласып, жаңа бағыттың ірі ақыны ретінде атағы шығады. «Катулл туындыларында неотериктер шығармашылығының мол ықпалын байқаймыз. Ол Александрия ақындарына, соның ішінде Каллимахқа көбірек еліктейді. Оның «Береника бұрымы» өлеңін латын тіліне тәржімалайды. Каллимах әсерінде жазылған шығармалар қатарына оның «Аттис» атты өлеңін жатқызуға болады. Бұл эпилийде Кіші Азия тәңірісі Кибелаға байланысты туған діни дәстүрлер суреттеледі» [5,138]. Бірақ, Каллимах әсерінде жазылған туындылар Катулл шығармашылығында маңызды орынды алмайды. Ақынның даңқын шығарған оның лирикалық өлеңдері мен эпиграммалары. Қазіргі заман оқырмандары үшін құнды болған нағыз көркем үзінділер де міне, осылар.

Катулдің лирикалық өлеңдері, негізінен Клодия есімді римдік сұлу әйелге арналған. Клодия б.з.б.58-жылы Цицеронның сүргінге жіберілуін талап еткен атақты халық шешені Клодийдің қарындасы, сенатор Метелдің әйелі болған. Оның өзі де заманының дана және білімді әйелдерінің бірі ретінде танымал еді. Катулл өзінің өлеңдерінде ғашығының есімін ашық атамастан, Сапфоға орын беріп, ұлы грек ақынының отаны Лесбос атауына сай Лесбия деп атайды. Лесбияға арналған өлеңдерінің мазмұнына қарағанда, ақын мен сол әйел ортасындағы ғашықтық қатынастар оншалықты жатық болмаған сияқты. Махаббатының енді ғана басталған кезіндегі өлеңдерінде пәк сезімдер, сүйіктісіне адалдық, құрмет айқын көрінеді.

Лесбияның өміріндегі әр бір нәрсені Катулл өте қадірлеген, сүйіктісінің шаттығы оны қуандырған, қайғысы мұңайтқан. Бірақ мәңгі ғашықтық сезіммен жасау Катулге бұйырмайды. Біз бірте-бірте оның өлеңдерінде сүйіктісінің опасыздығына налу, жалпы, әйелдердің адалдығына күдіктену сияқты үнді ести бастаймыз. Ақынның қайғысы ауыр болса керек, тіпті бір жерде оның «әйелдердің ғашықтарына берген жалынды уәделері ауаға яки ағын суларға жазылған жазу сияқты»[6,204], - дейді.

Катулдың жеке өмірінде достық қатынастар да маңызды орынды алады. Оның түсінуінше, адамның ең қасиетті сезімдерінің бірі болған достыққа қиянат жасау – ең ауыр қылмыс. Сол себепті, достарының жеңісі ақынды қуандырады, достыққа жараспайтын іс-әрекеттер ызасын келтіреді, жүрегін жаралайды

Бір күні ақындар мүшәйрасында жеңіске жеткен досы Лициний Калв оны сүйсіндіреді. Катулл осы оқиғаға байланысты жазған бір өлеңінде қуаныштан өзіне ас батпағанын, Лициниймен кездесіп, онымен қайта сұқбаттасуды сағынып, түнімен көз ілмегенін хикаялайды. Өлеңінің соңында досының мақтауға мастанып, кердеңдеп кетпеуін жеңіл әзілмен ескертіп өтеді.

Қорытынды. Жалпы алғанда, әзілкештік, жеңіл юмор неотериктер туындыларында жиі кездесетін құбылыс. Бұл ерекшелікті Катулл шығармаларында да мол кездестіреміз. Мәселен, Катулл өзінің досы Фабуллаға жазған бір өлең хатында, егер «ол тамақ-шарап, сондай-ақ сүйген жарын, бес-алты қалжың сөз, қызықты әңгімелерін алып келсе, онда жақсылап қонақ болып кетуі мүмкін екендігін» айтады. «Бұлардың барлығын өзі дайындап қояр еді, әттең әмиянына өрмекшілер өрмек тоқып кетіпті. Фабулла онша қиналмай-ақ қойсын, бұл қаражаттар есесіне Катулл досының көңілін тамаша шараппен көтереді» [7,96].

Неотериктердің пікірлері мен назары өздерінің жеке өмірлеріндегі мәселелерден ұзап кетпейтіндігін жоғарыда айтқан едік. Міне, осы субьективизмнің өзі олардың сол дәуірдегі қоғамдық және саяси оқиғаларға селқос қарауының нәтижесі болатын. Республикалық биліктің құлдырап бара жатқандығын, адамгершілік-әдеп мәселелерінің құнсыздануын көрген ақын, әрине бұл апатшылықтарға қол қусырып қарап отыра алмайды. Сондықтан, бойын кернеген бүкіл жиіркенішін өлең жолдарына салып, заманының әділетсіз адамдарын тіпті, Помпей, Цезарь сияқты ірі тұлғаларды да аяусыз әшкерелейді. Ақын өзінің улы, ащы тілін әсіресе Цезарьдің досы болған Мамурраға түйрейді. Ойын-сауықтан өзге нәрсені білмейтін осындай бір надан, лас адамға қамқорлық жасап, оның ұрлығына, жемқорлығына, уалаяттарды тонауына көзжұмбайлық танытқаны үшін Катулл Цезарьдің өзін де балағаттайды. Бұл іске көмектескен Помпейді де аямайды [8,157]. Ақын тағы бір эпиграммада Цезарь мен Мамурраның бірге жасаған бұзықшылықтары туралы айтып, екі залымның да масқарасын шығарады.

Қоғамдағы жарамсыз індеттерді паш ету саласында Катулл ұлы грек ақыны Архилох пен өзінің отандасы Луцилийден үлгі алады. Бірақ поэтикалық талантының өткірлігі тұрғысынан, Катулл олардан едәуір жоғарыда тұр. Эпиграмманы дамытып, оны Рим поэзиясының дербес жанры дәрежесіне көтерген қаламгер осы Катулл болды. «Латын тілінде лирикалық поэзия жазу тарихының өзі де Катулл есімімен тығыз байланысты. Оның шығармаларындағы адамға тән түрлі қасиеттер - достық, махаббат, толқу және сол сияқты рухани тебіреністер Катулге дейінгі Рим әдебиетінде кездеспейді» [9,8]. Латын тілі лирикалық поэзия талаптарына және Рим әдебиетіне кіріп келе жатқан жаңа өлең өлшемдеріне сәйкестендірілмеген еді. Бұл саладағы ауыр істерді атқару Катулл мойнына түскен болатын. Әрине бұл, Катулден алдын латын поэзиясында жеке сезімдерді бейнелейтін шығармалар мүлдем болған жоқ деген сөз емес, әрине. Мүмкін, олар болған шығар, бірақ Катулден алдын мұндай шығармалар толық, дербес бір жанр ретінде кең қанат жая алмаған. Республикалық биліктің құлдырауы, жеке үстемдік әрекеттердің күшеюі нәтижесінде тереңдеп бара жатқан бейжайлық көңіл-күйлер - жеке өмірге болған бейімділікті, адамның ішкі сезімдері мен жүрек дертіне қызығушылықты өршіте түседі. Осындай «күрделі дәуірде әдебиетке қадам басқан Катулл өзінен бұрын өткен қаламгерлер секілді көне тарих беттерін ақтарып, аңыздық батырлардың ерліктерін суреттеуді емес, ал өзінің сүйініш-күйініштерін, жүрек сырларын қағаз бетіне түсіруді абзал көреді. Ақын өзінің жан тебіреністерін бейнелеу арқылы жалпы адамзатқа тән болған жағдайларды, сезімдер арпалысын өте шебер ашады» [10,68]. Бұл жағынан алғанда, антикалық дүниеде өткен лирик ақындар Катулмен иық теңестіре алмайды. Оның лирикасы жан-жақты, көріністері қарапайым, мазмұнды және көркем суреттерге өте бай. Әсіресе, Лесбияға арнап жазған өлеңдерін оқыған жан ақынмен бірге қуанып, бірге мұңаяды.

Катулл лирикасы дүниежүзілік әдебиетте ең биік орынды алады. Жаңа заманның ұлы ақындары (Байрон, Гете) оған үлкен құрметпен қараған. А.С.Пушкин Рим қаламгерінің кейбір өлеңдерін орыс тіліне аударған.

ӘДЕБИЕТТЕР

[1]. Мыслители прошлого и настоящего о его жизни, смерти и бессмертии. Древний мир - эпоха Просвещения. – Москва: Политиздат, 1991. С. 123 – 128 бб.

[2]. История всемирной литературы: В 9 т. – Москва: Наука, 1983. Т. 1. Стр. 449 – 451 бб.

[3]. Античная литература. Рим. Антология. 2-издание. – М: Высшая школа, 1988. -720 с.

[4]. Завьялова В.П. Каллимах и его гимны. – Москва: ГЛК, 2009. – 552 с.

[5]. Книга Катулла Веронского (пер. С. Шервинского и др.). – Москва,1991. –

288 с.

[6]. Гай Валерий Катулл. Книга стихотворений. – Москва: Наука,1986. – 304 с.

[7]. Шталь И.В. Поэзия Гая Валерия Катулла. – Москва: Наука,1977. – 269 с

[8]. Катулл. Полное собрание лирики. – Санкт-Петербург: Алетейя,1997. – 299 с

[9]. Гай Валерий Катулл. Лирика. – Москва: ГИХЛ, 1957. – 145 с.

[10[ Қобланов Ж.Т. Шетел әдебиетінің тарихы: 2-кітап. 4-басылым. Оқулық. Алматы: Лантер Трейд, 2020. – 233 б.

REFERENCES

[1]. Mysliteli proshlogo i nastojashhego o ego zhizni, smerti i bessmertii. Drevnij mir – jepoha Prosveshhenija. – Moskva: Politizdat, 1991. S. 123 - 128. [in Russian].

[2]. Istorija vsemirnoj literatury: V 9 t. – Moskva: Nauka, 1983. T. 1. Str. 449 – 451. [in Russian].

[3]. Antichnaja literatura. Rim. Antologija. 2-izdanie. – Moskva: Vysshaja shkola, 1988. 720 s. [in Russian].

[4]. Zav'jalova V.P. Kallimah i ego gimny. – Moskva: GLK, 2009. – 552 s. [in Russian].

[5]. Kniga Katulla Veronskogo (per. S.Shervinskogo i dr.).- Moskva,1991. – 288 s. [in Russian].

[6]. Gaj Valerij Katull. Kniga stihotvorenij. – Moskva: Nauka,1986. – 304 s. [in Russian].

[7]. Shtal' I.V. Pojezija Gaja Valerija Katulla. – Moskva: Nauka,1977. – 269 s. [in Russian].

[8]. Katull. Polnoe sobranie liriki. – Sankt-Peterburg: Aletejja,1997. – 299 s. [in Russian].

[9]. Gaj Valerij Katull. Lirika. – Moskva: GIHL, 1957. – 145 s. [in Russian].

[10].Qoblanov J.T. Şetel ädebietınıñ tarihy: 2-kıtap. 4-basylym. Oqulyq. – Almaty: Lanter Treid, 2020. – 233 b. [in Kazakh].

Кобланов Жоламан Таубаевич, Каримсакова Бактигул Абдимухановна.

Каспийский университет технологий и инжиниринга имени Ш. Есенова

г. Актау, Казахстан

ИСТОРИЧЕСКИЕ ПРОИЗВЕДЕНИЯ, ЗАРОЖДАЮЩИЕ В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ ВЛАСТИ В ДРЕВНЕМ РИМЕ

Аннотация. Статья рассматривает важность зарождения первых исторических произведении, появления настоящих научно-исторических трудов во время последних лет республиканской эпохи, исторические мемуары Юлия Цезаря «Записки о Галльской войне» и «Записки о Гражданской войне», цель написание и научная ценность этих записек,творчество Тит Лукреций Кар и Гай Валерий Катулла, движение неотериков. Подробно анализируются поэма Лукреция «О природе вещей», суть философии Эпикура в поэме, отношение поэта к религиозным верованиям той эпохи, его собственное мировоззрение. В статье предпринята попытка оценить критическую точку зрения талантливого писателя, критически взглянувшего на действительность времени, путем дифференциации мастерства писателя в ее изложении, его собственных особенностей. В это время внутренние раздоры и боевые действия в Риме проложили путь к полному разрушению старой республиканской власти и победе некоторых правителей. В своих произведениях неотерики использовали в качестве образца законы эллинской литературы, особенно творчество великого поэта той эпохи Каллимаха. По этому, подобно Каллимаху, они отказались от таких крупных жанров, как эпопеи и трагедии, и стали создавать произведения малого масштаба, т. е. эпосы, эпиграммы, элегии, и писали произведения в этих жанрах. В статье также рассматривается влияние произведений Гая Валерия Катулла, видного представителя неотерики, на последовавшую за ним литературу.

Ключевые слова: исторические произведения, материалистическая философия, поэма, неотерика, юмор, лирическая поэма.

Koblanov Zholaman Taubaevish, Karimsakova Baktigul Abdimukhanovna

Caspian University of Technologies and Engineering named after Sh. Yessenov, Aktau, Kazakhstan

HISTORICAL WORKS BEGINNING IN THE LAST YEARS OF REPUBLICAN POWER IN ANCIENT ROME

Abstract. The article is devoted to the emergence of the first historical works in Ancient Rome, the birth of real scientific historical works in the last years of the era of the Republic, the historical memoir works of Julius Caesar "Memoirs of the Gaul war", "memoirs of the Civil War", the goals of writing these works, scientific value, the significance of the works of Titus Lucretius Carr, the neoteric movement, guy Valery Catullus. Lucretius 'poem" The property of products", the essence of Epicurus ' philosophy in the poem, The Poet's views on religious beliefs of that era, and his own worldview are widely analyzed. The article makes an attempt to evaluate the critical approach by analyzing the ideological orientation of the thoughts of a talented writer who is critical of the realities of the era, the skill of the writer in its presentation, his characteristic features. During these eras, internal strife and battles in Rome paved the way for the complete destruction of the old Republican power, for the victory of some rulers. In their works, Neoterics used as a model the laws of Hellenic literature, especially the work of Callimachus, the great poet of that era. Therefore, they, like Callimachus, abandoned such voluminous genres as saga and tragedy, setting the example of small-scale works, that is, epilias, epigrams, elegies, and they themselves wrote works in the same genres. The article also reflected the influence of the works of guy Valery Catullus, who was a prominent representative of Neoterics, on the literature that followed him.

Keywords: historical works, materialistic philosophy, poem, Neoterics, humor, lyrical poem.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.