Научная статья на тему 'КЛЮЧЕВЫЕ ПРОБЛЕМЫ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ МЕДИАЦИИ В РАЗРЕШЕНИИ СПОРОВ'

КЛЮЧЕВЫЕ ПРОБЛЕМЫ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ МЕДИАЦИИ В РАЗРЕШЕНИИ СПОРОВ Текст научной статьи по специальности «Право»

CC BY
53
13
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Журнал
Yessenov science journal
Область наук
Ключевые слова
Медиация / медиатор / альтернативные способы разрешения споров / суд / разрешение конфликта / посредничество / посредник / конфликт / нейтралитет. / Mediation / mediator / alternative dispute resolution methods / court / conflict resolution / mediation / intermediary / conflict / neutrality.

Аннотация научной статьи по праву, автор научной работы — Кобегенова Гульмира

В статье рассматривается развитие одного из альтернативных способов разрешения споров в судебных делах в Республике Казахстан медиации. Посредством медиации спорящие стороны могут прийти к взаимоприемлемому решению с участием третьего нейтрального посредника. В ходе написания статьи был сделан глубокий обзор научно-теоретических и методологических работ многих зарубежных и отечественных ученых по данной теме, а также проанализированы особенности медиации как института. Кроме того, при написании данной работы автор использовал общенаучные методы, применяемые в научном анализе: систематизацию, сравнение и контент-анализ. История медиации как средства разрешения споров начинается с возникновения самих споров. Разрешение споров посредством третей стороны широко использовались в древнем Китае, Японии, Иордании, Малайзии и странах Латинской Америки. Но с развитием судебного учреждения и законов этот метод постепенно забылся. Лишь с 1980-х годов институт медиации возродился в США и стал предпочтительным методом разрешения многих споров. Так, в настоящее время медиация широко используется во многих странах как один из альтернативных способов ведения судебных дел. А развитие медиации в Казахстане началась после принятия специального закона в 2011 году, была утверждена правовая база, и поднята проблема расширения сферы ее применения в обществе. Были созданы такие центры, как «Достасу», которые готовят специальных медиаторов. В данной работе автор сравнил развитие института медиации в Казахстане с зарубежным опытом. Кроме того, автор провел анализ преимуществ и недостатков, а также особенностей организации медиации в Республике Казахстан. Кроме того, автором были отмечены проблемы, препятствующие расширению сферы медиации. Среди них недостаточность информации об институте медиации, недоверие населения и, в то же время, отсутствие профессиональных медиаторов являются основными сдерживающими факторами в развитии медиации. В конце статьи, по мнению автора, также представлены пути решения указанных проблем, открывающие путь для развития института медиации.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

KEY ISSUES IN USING MEDIATION IN DISPUTES RESOLUTION

The article discusses the development of one of the alternative ways to resolve disputes in court cases in the Republic of Kazakhstan mediation. Through mediation, the disputing parties can come to a mutually acceptable solution with the participation of a third neutral mediator. In the course of writing the article, a deep review of the scientific, theoretical and methodological works of many foreign and domestic scientists on this topic was made, and the features of mediation as an institution were analyzed. In addition, when writing this work, the author used general scientific methods used in scientific analysis: systematization, comparison and content analysis. The history of mediation as a means of resolving disputes begins with the emergence of disputes themselves. Third party dispute resolution was widely used in ancient China, Japan, Jordan, Malaysia and Latin America. But with the development of the judicial institution and laws, this method was gradually forgotten. Only since the 1980s has the institution of mediation been revived in the United States and has become the preferred method of resolving many disputes. Thus, at present, mediation is widely used in many countries as one of the alternative ways of conducting court cases. And the development of mediation in Kazakhstan began after the adoption of a special law in 2011, the legal framework was approved, and the problem of expanding the scope of its application in society was raised. Centers such as "Dostasu" have been created, which train special mediators. In this paper, the author compared the development of the institution of mediation in Kazakhstan with foreign experience. In addition, the author analyzed the advantages and disadvantages, as well as the features of the organization of mediation in the Republic of Kazakhstan. In addition, the author noted the problems that hinder the expansion of the scope of mediation. Among them, the lack of information about the institution of mediation, the distrust of the population and, at the same time, the lack of professional mediators are the main limiting factors in the development of mediation. At the end of the article, according to the author, the ways of solving these problems are also presented, opening the way for the development of the institution of mediation.

Текст научной работы на тему «КЛЮЧЕВЫЕ ПРОБЛЕМЫ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ МЕДИАЦИИ В РАЗРЕШЕНИИ СПОРОВ»

ӘОЖ 347.9

МРНТИ 10.31.51

DOI 10.56525//NMXB2690

ДАУДЫ ШЕШУДЕ МЕДИАЦИЯНЫ

ҚОЛДАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕРІ

КОБЕГЕНОВА Г.Ж.

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар

және инжиниринг университеті

Ақтау, Қазақстан

E-mail: [email protected]

Андатпа. Мақалада Қазақстан Республикасында сот істерінде дауды шешудегі балама әдістерінің бірі – медиацияның дамуы қарастырылған. Медиация арқылы дауласушы тараптар үшінші бейтарап медиатордың қатысуымен өзара екіжақты толығымен қанағаттандыратындай етіп шешім қабылдауға болады. Мақаланы жазу барысында осы тақырыптың төңірегінде жазылған көптеген шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми теориялық-әдіснамалық еңбектеріне терең шолу жасалынып, медиация институт ретінде ерекшеліктері сарапталды. Сонымен қатар, автор аталмыш еңбекті жазу барысында ғылыми талдау жасауда қолданылатын жалпы ғылыми әдістер: жүйелеу, салыстыру және контент-анализ қолданды.

Медиация тарихы дауды шешу құралы ретінде даулар пайда болғаннан бастау алады. Дауларды үшінші бейтарап жақ шешу әдісі ежелден Қытай, Жапония, Иордания, Малайзия және Латын Америка елдерінде кеңінен қолданылған. Бірақ сот институты мен заңдар дамығаннан бастап бұл әдіс бірте-бірте ұмытыла бастады. Тек 1980 жылдардан бастап АҚШ-та медиация институты жанданып, көптеген дауларды шешудің ең қолайлы әдісіне айналды. Сөйтіп қазіргі кезде медиация сот істерінің балама әдістерінің бірі ретінде көптеген елдерде кеңінен қолданылады.

Ал Қазақстанда медиацияның дамуы 2011 жылы арнайы заң қабылдағаннан кейін құқықтық негізі бекітіліп, қоғамда қолданыс аясын кеңейту мәселесі қолға алынды. Арнайы медиаторлар дайындайтын «Достасу» сияқты орталықтар құрылып, көптеген саладағы дауларды медиация арқылы шешу қолданыла бастады. Аталмыш еңбекте автор Қазақстанда медиация институтының дамуы шетелдік тәжірибемен салыстырған. Сонымен қатар, автор Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастырудың артықшылықтары мен кемшіліктеріне, сондай-ақ, ерекшеліктеріне сараптама жасаған. Оған қоса, медиацияның қолданыс аясын кеңейту мақсатында кедергі болатын мәселелер атап өтілген. Соның ішінде медиация институты жөнінде ақпараттың аздығы, соған байланысты халық арасында сенімсіздік, сонымен бірге, кәсіби медиаторлардың жеткіліксіздігі медиацияның дамуындағы негізгі тежеуші факторалар болып табылады. Мақаланың соңында автордың пікірі бойынша, медиация институтының дамуына жол ашу үшін аталған мәселелердің шешу жолдары да ұсынылған.

Түйінді сөздер: Медиация, медиатор, дауларды шешудің балама әдістері, сот, жанжалды реттеу, делдалдық, делдал, дауласушы тараптар, жанжал, бейтараптық.

Кіріспе. Әр адамның өмірінде қақтығыстар болады. Бұл мүлдем қалыпты жағдай. Жанжал адамның кез келген саласында – отбасында, бизнесте, жұмыста орын алады. Көптеген адамдар дау-дамайдан аулақ болуға тырысады, ал егер ол туындаса, бейбіт құралдармен және әдістермен келісімге келуге тырысады. Бірақ эмоциялар мен дұшпандық сезімі жиі сындарлы әңгімеге кедергі болады. Ал мұндай жағдайда тараптар дауды шешу үшін көбінесе сотқа жүгінеді. Бұл көп уақытты, күш-жігерді, қаражатты және денсаулықты қажет етеді. Әр тарап шешімнің тек өз пайдасына шешілгенін қалайды. Алайда, сотта бір тарап қана жеңіске жетеді.

Бірақ қақтығыстарды шешудің басқа да жолдары бар. Тараптардың мүдделеріне ғана негізделген жанжалдарды шешудің ең тиімді жолы – медиация рәсімі болып табылады. «Медиация» термині латынның «mediare» – делдалдық деген сөзінен шыққан. Медиация – өзара түсіністікке қол жеткізу және жанжалды жағдайды реттейтін келісімді ресімдеу мақсатында үшінші бейтарап тарап – медиатордың (делдалдың) қатысуымен дауласушы тараптарды ерікті келіссөздер жүргізу арқылы татуластыру рәсімі.

Материалдар мен зерттеу әдістері. Мақаланы жазу барысында шетелдік және отандық ғалымдардың медиация тақырыбында жазылған ғылыми теориялық-әдіснамалық еңбектеріне терең шолу жасалынып, сарапталды. Сонымен қатар тақырыпқа ғылыми талдау жасауда қолданылатын жалпы ғылыми жүйелеу, салыстыру, контент-анализ сияқты әдістер қолданылды.

Зерттеу нәтижелері. Медиация тарихы тереңнен, даулар пайда болғаннан бастау алады. Дауласушы жақтарды татуластыру мақсатымен үшінші бейтарап жақтың қатысуы негізінде жүзеге асты. Дауларды шешудің бұл әдістері көбінесе келіссөздер арқылы тараптар ортақ консенсусқа келе алмаған кезде қолданылды. Бірақ оны медиация деп атамады. Татуласу әдістерін алғаш қолдана бастағандар діни қызметкерлер мен көсемдер болды. Дауды қантөгіссіз шешу тайпалардың аман қалуы үшін жасалынды. Бірақ бұл даудың шешу әдісі екі тарапты да толығымен қанағаттандыратындай дәрежеде жасалынбады.

Медиацияда дауласушы жақтардың тек материалдық емес, эмоционалдық және рухани құндылықтарды ескере отырып, екі тарапты да қанағаттандыруға тырысты. Сондықтан тарихта медиатор рөлін діни қызметкерлер орындаған. Ежелгі Қытай мен Жапония елдерінде дауласушы тараптарды татуластыру мақсатында философия мен дін негізінде консенсус мен гармония құндылықтары дәріптелді. Медиацияның әртүрлі әдістерін ежелгі Иордания, Малайзия және Латын Америка елдерінде кездестіруге болады [1]. Әсіресе, Орта ғасырларда Батыс Еуропада дауды шешуде бейтарап үшінші жақ ретінде шіркеу рөл атқарды. Діни қызметкерлер кез келген дауды дипломатиялық тәжірибеде ғана емес, отбасылық дауларда да, қылмыстық істерде де шешуде араласқан. Қазіргі кезде де діни медиаторлар көптеген мәдениеттерде өз рөлін сақтап келеді.

Көбінде медиация Шығыс мәдениеттерінде дәстүрлі өмір салтының органикалық бөлігі ретінде ғасырлар бойы сақталып келеді. Ал Батыс елдерінде бұл тәжірибе неғұрлым ұтымды сот нысандарымен ығыстырылды. Ал кейіннен медиация институт ретінде жанданғаннан кейін, бұл үрдіске Батыс мемлекеттері көптеген жаңа әдіс-тәсілдерді енгізді. Солардың ішінде медиацияны дамытуда АҚШ елі үлкен үлес қосты.

АҚШ-та медиация дауды шешу әдісі ретінде Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде басталды. Жалпы алғанда бүгінгі күні осы мемлекетте дауды сотсыз заң негізінде шешудің жиырмадан астам әдісі қолданылады [2]. Бұл әдістер дауды аз уақыт ішінде, қақтығысты одан бетер өршуіне жол бермей шешуге өз септігін тигізгендіктен, тез арада дамып, көптен қолданылатын болды.

Ал Еуропа елдерінде дауды шешудің балама нұсқаларының дамуы өте баяу жүрді. Алғашқы медиация институттары 1980-жылдары ғана пайда болды. Сонымен қатар, әр мемлекетте әрқалай дамыды. Мәселен, медиация Францияда халық арасынан қолдау таппаса, Германияда және Ұлыбританияда америкалық тәжірибе негізінде қарқынды дамыды [3].

Ал Қазақстан медиацияның қажетті инфрақұрылымын жасай отырып, әлемдік тәжірибені ескере отырып, оны өзінің құқықтық жүйесінде іс жүзінде институттандырды. Жалпы алғанда тарих беттеріне үнілетін болсақ, қазақ жерлерінде медиация элементтерін қамтитын сот төрелігінің нысаны – билер соты болған. Оның негізгі принциптері адалдық, мызғымастық, әділдік және адамгершілік деп саналды. Би мен ақсақалдар соты кез келген адамға ашық болды. Бірақ тарихымызда жанжалдарды билер мен ақсақалдар соты арқылы шешу кең таралғанына қарамастан, қазіргі кезде медиация көмегімен жанжалдарды шешу халық арасында аса көп қолданылмайды.

2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстанда «Медиация туралы» Заң қабылданып, 5 тамызда күшіне енді. Заңның ресми қабылдануының алдында үлкен дайындық, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Соның негізінде 2011 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудың Ережесі бекітілді. Осылайша, елімізде медиация институтын енгізу мен дамытудың құқықтық негіздері қалыптасты. Қазақстан тарихында алғаш рет оның құқықтық кеңістігінде жауапкершіліктің жаңа түрі немесе міндеттемені қамтамасыз ету тәсілі емес, жаңа әмбебап құқықтық құрал пайда болды. Үкіметтік емес ұйымның құрамында облыстық «Синергия» қоғамдық бірлестігі, «Достасу» медиация және құқық орталығы құрылды. Аталмыш Орталықтың медиация рәсімдерін жүргізу, сондай-ақ кәсіби медиаторларды оқыту үшін жабдықталған екі кеңсесі Қарағанды және Теміртау қалаларында орналасқан [4].

«Достасу» орталығының ашылған жылынан бастап келесі санаттар бойынша жүргізілген медиациялар үлесі:

- қылмыстық істер бойынша тараптардың татуласуы – 2 (3,6%);

- отбасылық жанжалдар, оның ішінде мүлікті бөлу және балалардың тұрғылықты жерін анықтау – 14 (21,8%);

- тұтынушылық даулар – 18 (32,7%);

- несиелік қатынастар (клиенттер мен банктер арасындағы несиені өтеу бойынша даулар) – 4 (7,2%);

- коммерциялық даулар, оның ішінде бірнеше заңды тұлғалардың қатысуымен – 8 (14,4%), медиациядан бас тарту – 1;

- коммуналдық қызмет көрсетушілермен даулар – 4 (7,2%);

- тұлғааралық жанжалдар, оның ішінде қозғалған әкімшілік істер бойынша (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру, жала жабу, қорлау) – 4 (7,2%);

- БАҚ-пен даулар – 3 (5,5%);

- жеке тұлғалар арасындағы соманы өндіру туралы даулар – 8 [5].

Медиация дауды шешу кезінде тараптар үшін маңызды барлық аспектілерді ескере отырып, жанжалды шешу үшін бір мезгілде қолдан келгеннің бәрін жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, медиация дауларды шешудің баламалы жүйесінде ерекше орын алады. Бір жағынан, шешімді үшінші тәуелсіз тұлға қабылдайтын арбитраждық сот сияқты дауды шешудің балама әдістері жүйесінде рәсімдерін және тараптар арасындағы тікелей келіссөздер сияқты бейресми рәсімдерді бөліп көрсетуге болады. Медиация үлгілері мен тәсілдерінің алуан түрлілігіне қарамастан басты ерекшелендіретін қасиетке ие – дау бойынша шешімдерді тараптардың өздері ерікті түрде қабылдайды. Күн тәртібі мен басымдықтарды тараптар өздері белгілейді. Осыған байланысты медиацияның қолдану аясы өте кең.

Дауларды медиация тәртібімен шешудегі ең жақсы нәтиже, ең алдымен, дауласушы тараптардың жанжалды бейбіт, өркениетті түрде реттеуге мүдделі болған жағдайда қолдануы қажет. Жалпы алғанда, медиацияны келесі жағдайларда қолданған жөн:

- жанжалға қатысушылардың болашақ мүдделері, болашақта қарым-қатынасты сақтау мүмкіндігі, мысалы, бизнестегі серіктестік, ата-анасы ажырасқаннан кейін ортақ балаларды тәрбиелеу және т.б.;

- тараптар үшін ұзақ мерзімді және/немесе маңызды қарым-қатынасы бар (мысалы, серіктеске сенім мәселелері);

- жанжалға қатысушылардың жеке және/немесе эмоционалды түрде араласуы олардың конструктивті диалог жүргізуіне кедергі жасайды (мысалы, ерлі-зайыптылардың, үлескерлердің ортақ мүлікті бөлуі);

- құпиялылықты сақтауды қалау/қажеттілік;

- заң негізінде қабылданған шешім даудың барлық аспектілерін есепке ала алмайды және келіспеушіліктерді шешуге әкелмейді;

- тараптар өзара тиімді (өзара қанағаттандыратын) қатынастарды тоқтату шарттарын әзірлеу қажет болғанда және т.б.

Жоғарыда аталған дауларда медиацияның артықшылықтары барынша айқын көрінеді:

Біріншіден, тараптардың уақытын, ақшасын, эмоционалдық және басқа ресурстарын үнемдеу мүмкіндігі;

Екіншіден, медиация рәсімі кезінде шарттарды тараптар өз қалауларына қарай жеке белгілей алады. Себебі медиация – дауға қатысушылардың жайлылығына (соның ішінде психологиялық) көп көңіл бөлінетін бейресми рәсім;

Үшіншіден, даудың мән-жайын жарияламау мүмкіндігі, өйткені құпиялылық медиацияның негізгі қағидаттарының бірі болып табылады;

Төртіншіден, медиация рәсімінде шешімдерді іздеу мен әзірлеуде жетекші және белсенді рөл тараптардың өздеріне жүктеледі. Бұл олардың өз мүдделерін медиациялық келісімде көрсету арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл өз еркімен қабылданған шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді (медиациялық келісімдердің 85%-ға дейінін тараптар ерікті түрде орындайды);

Бесіншіден, шешім қабылдау және/немесе қолайсыз шешім қабылдау қаупі жоқ;

Алтыншыдан, тараптардың сотқа жүгіну мүмкіндігін жоғалтпайды;

Жетіншіден, қоғамдық қатынастардың күрделенуіне байланысты медиацияны қолдану арқылы сот жүйесіне сансыз көп түскен істерден босатады.

Жоғарыда медиацияның институт ретінде артықшылықтарын атап өттік. Алайда, дауды шешуде медиацияның теріс жақтары да жоқ емес.

Жалпы алғанда медиацияның тиімділігі төмен немесе орынсыз болуы мүмкін жағдайлар бар:

- тараптар арасында теңгерімсіздік болған кезде және әлсіз тарап үшін олардың құқықтарын қорғаудың жалғыз жолы сот шешімі болып табылған жағдайда;

- заң негізінде шешім қабылдау қажет болған жағдайда;

- жанжалдың тікелей қатысушысы қандай да бір себептермен оны реттеуге қатыса алмағанда немесе өз әрекеттерінің салдарын толық түсіне алмаған жағдайда;

- төтенше/тез, орындалатын шешім қажет болған жағдайда;

- кей жағдайда егер дауласушы тараптарының бірі мемлекеттік орган болса;

- егер дауға медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың мүдделерін қозғаса немесе қозғауы мүмкін болса;

- сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы істер бойынша медиация қолданылмайды.

Медиация рәсімін қолданудағы негізгі мәселелердің ішінде ең маңыздысы – Қазақстан бойынша кәсіби медиаторлардың жеткіліксіз саны, олардың орналасқан жерінің облыс орталықтарында орналасқан бірінші сатыдағы соттардан алыстығы болып табылады, өйткені кәсіби медиаторлардың ауыл тұрғындарының орналасқан жеріне бару мүмкіндігі жиі бола бермейді.

Басқа жағынан қарағанда, ауыл тұрғындары медиация жөнінде біле бермейді. Ақпараттандыру шалғай аймақтарда нашар ұйымдастырылғандығын көрсетеді. Мысалы, Шығыс-Қазақстан облысының судьясы медиация жөнінде жергілікті халық біле бермейді. Медиация жөнінде ақпарат аз таралған. Сондықтан халық арасында сенім де өте аз деп атап айтқан болатын [6]. Бейтарап медиатордың қатысуымен медиация рәсімі Ұлыбританияда өте танымал, мұнда арнайы қызмет – сенім телефоны бар, онда елдің кез келген жерінен қоңырау шалуға, жанжалды сипаттауға, медиаторға қатысты өз қалауларыңызды сипаттауға болады. Сол талаптар негізінде сәйкес келетін мамандар, яғни медиаторлар тізімі ұсынылады. Германияда медиация сот төрелігі жүйесіне үйлесімді түрде біріктірілген. Мысалы, медиаторлар соттармен тікелей жұмыс істейді, бұл ықтимал сот процестерінің санын айтарлықтай азайтады. Неміс заң мектептерінің көпшілігі тұрақты түрде медиация курсы енгізілген.

Ресей зерттеуші Каратаев И.А. медиация институтының ТМД елдерінде дамуындағы өзекті мәселерін қарастырып, осындай қорытындыға келеді: «Медиацияны кеңінен тарату және осы мәселе бойынша нормативтік базаны жетілдіру, егер азаматтардың менталитеті, олардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасының деңгейі сияқты факторлар ескерілген жағдайда ғана мүмкін болатынын атап өту қажет. Біздің ойымызша, бұл проблеманы шешу барлық деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының және медиаторлардың өздерінің белсенді ағартушылық жұмысында көрінеді» [7].

Тағы бір өзекті мәселе – бар медиаторлардың базалық даярлығының жоқтығы, бұл келісімді жасау кезінде қолданыстағы азаматтық заңнаманың дұрыс қолданбауына әкеп соғуы мүмкін. Медиатор болу үшін арнайы даярлық курсты өту қажет. Сонымен қатар, құқықтық білімі болмаған жағдайда, жас бойынша шектеу бар: тек қырықтан асқан азаматтар медиатор бола алады. Жалпы айтқанда медиатор болу үшін тек заңды білу өте аз. Екі дауласушы тараптарды татуластырып, бір шешімге келтіру үшін психологиялық білім де талап етіледі. Әрине, осындай кәсіпқойлыққа жету үшін біліммен қатар тәжірибе де қажет. Назм Төлекеева, «Медиацияны дамыту орталығының» медиация сарапшысы, Қазақстандағы медиация институтының дамуы туралы былай деген: «Бұл мәселені дәстүр, әдет-ғұрып, менталитет аясында қарастыру керек. Себебі медиация арқылы даудың шешілуі тек заң негізінде жүзеге аспайды, оның түбінде адами қатынастар да маңызды рөл атқарады» [8].

Қорытынды. Осылайша, медиация институтын құру түптеп келгенде кез келген құқықтық мемлекеттің мүддесіне сай келеді. Оның негізгі себептері:

- сот істерінің көлемін және оларды қарауға байланысты шығындарды азайтуға мүмкіндік жасайды;

- қақтығыстарды жедел шешуді және олардың жағымсыз салдарын жоюды қамтамасыз етеді;

- іс жүргізу нысандарының қолжетімділігі мен әртүрлілігін қамтамасыз етеді;

- қақтығыстарды шешудің заңсыз, күшті әдістерін ығыстырады.

Медиация сияқты икемді қылмыстық-процессуалдық процесс ауыр емес қылмыстық істер бойынша туындайтын дауларды реттеу механизмін жетілдірудің тиімді бөлігі бола алады.

Қорытындылай келе, қоғамда қатынастардың күрделенуіне байланысты оны реттеуде соттан басқа баламалы әдістердің болуы адамдардың өздері үшін қолайлы институт.

Осы мақалада қарастырылған медиация мәселелерін шешу үшін келесідей ұсыныстар жасалады:

1. Медиация жөнінде ақпаратты кеңінен тарату қажет. Сотқа жүгінетін тараптарға медиация институты жөнінде алдын ала ақпарат беріп, жанжалды осы медиация институты арқылы шешуді ұсыну қажет. Сонда дауласушы жақтар медиацияның артықшылықтарымен танысып, сотқа жүгінуден бас тартуы әбден мүмкін. Осылайша, медиацияның қолданыс аясы кеңейе түседі.

2. Қазақстанда кәсіби медиаторларды дайындауда курстарды жетілдіруді қажет етеді. Бітімгерлік рәсімдердің жаңа әдістерімен медиация тәсіліне қолданылу саласын шет елдер тәжірибесіне сай кеңейту қажет. Медиация мамандығын барлық арнайы заң мектептеріне қосу да медиация институтының дамуына жол ашады деп сенімденім.

Қазақстандағы медиация қажетті институт болып табылады, өйткені біздің заманауи мемлекетіміз барлық қолданыстағы салаларда белсенді түрде дамып келеді, ал медиация өз кезегінде дауларды шешудің заманауи тәсілі ретінде азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі.

ӘДЕБИЕТТЕР

[1]. Бесемер X. Медиация. Посредничество в конфликтах. Калуга, 2004. – 176 с.

[2. Носырева Е.И. Понятие, виды и значение альтернативного разрешения споров на примере законодательства и практики США //Применение переговоров как метода АРС по делам защите прав потребителей. Самара, 2004. – С. 25.

[3]. Lovenheim P. How to Mediate Your Dispute. Berkeley, 1996. – 464 p.

[4]. Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях от 30 января 2001 года №155-II //Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., № 5-6, ст. 24.

[5]. Закон Республики Казахстан от 28 января 2011 года № 401-IV «О медиации» //Казахстанская правда, 2011, № 042-043.

[6]. Юристы рассказали о причинах низких темпов развития медиации в Казахстане. [Электрондық ресурс] https://sud.gov.kz/rus/massmedia/yuristy-rasskazali-o-prichinah-nizkih-tempov-razvitiya-mediacii-v-kazahstane-zakonkz (қаралған күні 20.02.2023).

[7]. Каратаев И. А. Актуальные проблемы процедуры медиации в России и пути их решения // Актуальные проблемы права: материалы V Междунар. науч. конф. (г. Москва, декабрь 2016 г.). - М.: Буки-Веди, 2016. - С. 74-77.

[8]. Без суда и следствия: как медиация экономит время и деньги. [Электрондық ресурс] https://forbes.kz/life/observation/bez_suda_i_sledstviya_kak_mediatsiya_ekonomit_vremya_i_dengi/ (қаралған күні 20.02.2023).

REFERENCES

[1]. Besemer X. Mediacija. Posrednichestvo v konfliktah. [Mediation. Mediation in conflicts] Kaluga, 2004. – 176 s.

[2]. Nosyreva E.I. Ponjatie, vidy i znachenie al'ternativnogo razreshenija sporov na primere zakonodatel'stva i praktiki SShA [The concept, types and significance of alternative dispute resolution on the example of US law and practice] //Primenenie peregovorov kak metoda ARS po delam zashhite prav potrebitelej. Samara, 2004. – S. 25.

[3]. Lovenheim P. How to Mediate Your Dispute. Berkeley, 1996. – 464 p.

[4]. Kodeks Respubliki Kazahstan ob administrativnyh pravonarushenijah ot 30 janvarja 2001 goda №155-II [Code of the Republic of Kazakhstan on Administrative Offenses] //Vedomosti Parlamenta Respubliki Kazahstan, 2001 g., № 5-6, st. 24.

[5]. Zakon Respubliki Kazahstan ot 28 janvarja 2011 goda № 401-IV «O mediacii» [Law of the Republic of Kazakhstan dated January 28, 2011 No. 401-IV "On Mediation"] //Kazahstanskaja pravda, 2011, № 042-043.

[6]. «Juristy rasskazali o prichinah nizkih tempov razvitija mediacii v Kazahstane» [Lawyers spoke about the reasons for the slow development of mediation in Kazakhstan], «Zakon.kz», [Jelektrondyk resurs] https://sud.gov.kz/rus/massmedia/yuristy-rasskazali-o-prichinah-nizkih-tempov-razvitiya-mediacii-v-kazahstane-zakonkz (karalgan kunі 20.02.2023).

[7]. Karataev I. A. Aktual'nye problemy procedury mediacii v Rossii i puti ih reshenija [Actual problems of the mediation procedure in Russia and ways to solve them] // Aktual'nye problemy prava: materialy V Mezhdunar. nauch. konf. (g. Moskva, dekabr' 2016 g.). - M.: Buki-Vedi, 2016. - S. 74-77.

[8]. Bez suda i sledstvija: kak mediacija jekonomit vremja i den'gi [Without trial and investigation: how mediation saves time and money]. [Jelektrondyқ resurs] https://forbes.kz/life/observation/bez_suda_i_sledstviya_kak_mediatsiya_ekonomit_vremya_i_dengi/ (қaralgan kynі 20.02.2023).

Кобегенова Гульмира

Каспийский университет технологий и инжиниринга имени Ш.Есенова

г. Актау, Казахстан

КЛЮЧЕВЫЕ ПРОБЛЕМЫ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ МЕДИАЦИИ В РАЗРЕШЕНИИ СПОРОВ

Аннотация. В статье рассматривается развитие одного из альтернативных способов разрешения споров в судебных делах в Республике Казахстан - медиации. Посредством медиации спорящие стороны могут прийти к взаимоприемлемому решению с участием третьего нейтрального посредника. В ходе написания статьи был сделан глубокий обзор научно-теоретических и методологических работ многих зарубежных и отечественных ученых по данной теме, а также проанализированы особенности медиации как института. Кроме того, при написании данной работы автор использовал общенаучные методы, применяемые в научном анализе: систематизацию, сравнение и контент-анализ.

История медиации как средства разрешения споров начинается с возникновения самих споров. Разрешение споров посредством третей стороны широко использовались в древнем Китае, Японии, Иордании, Малайзии и странах Латинской Америки. Но с развитием судебного учреждения и законов этот метод постепенно забылся. Лишь с 1980-х годов институт медиации возродился в США и стал предпочтительным методом разрешения многих споров. Так, в настоящее время медиация широко используется во многих странах как один из альтернативных способов ведения судебных дел.

А развитие медиации в Казахстане началась после принятия специального закона в 2011 году, была утверждена правовая база, и поднята проблема расширения сферы ее применения в обществе. Были созданы такие центры, как «Достасу», которые готовят специальных медиаторов. В данной работе автор сравнил развитие института медиации в Казахстане с зарубежным опытом. Кроме того, автор провел анализ преимуществ и недостатков, а также особенностей организации медиации в Республике Казахстан. Кроме того, автором были отмечены проблемы, препятствующие расширению сферы медиации. Среди них недостаточность информации об институте медиации, недоверие населения и, в то же время, отсутствие профессиональных медиаторов являются основными сдерживающими факторами в развитии медиации. В конце статьи, по мнению автора, также представлены пути решения указанных проблем, открывающие путь для развития института медиации.

Ключевые слова: Медиация, медиатор, альтернативные способы разрешения споров, суд, разрешение конфликта, посредничество, посредник, конфликт, нейтралитет.

Kobegenova Gulmira

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

Sh. Yessenov Caspian state university of technology and engineering, Аktau, Kazakhstan

KEY ISSUES IN USING MEDIATION IN DISPUTES RESOLUTION

Absract. The article discusses the development of one of the alternative ways to resolve disputes in court cases in the Republic of Kazakhstan - mediation. Through mediation, the disputing parties can come to a mutually acceptable solution with the participation of a third neutral mediator. In the course of writing the article, a deep review of the scientific, theoretical and methodological works of many foreign and domestic scientists on this topic was made, and the features of mediation as an institution were analyzed. In addition, when writing this work, the author used general scientific methods used in scientific analysis: systematization, comparison and content analysis.

The history of mediation as a means of resolving disputes begins with the emergence of disputes themselves. Third party dispute resolution was widely used in ancient China, Japan, Jordan, Malaysia and Latin America. But with the development of the judicial institution and laws, this method was gradually forgotten. Only since the 1980s has the institution of mediation been revived in the United States and has become the preferred method of resolving many disputes. Thus, at present, mediation is widely used in many countries as one of the alternative ways of conducting court cases.

And the development of mediation in Kazakhstan began after the adoption of a special law in 2011, the legal framework was approved, and the problem of expanding the scope of its application in society was raised. Centers such as "Dostasu" have been created, which train special mediators. In this paper, the author compared the development of the institution of mediation in Kazakhstan with foreign experience. In addition, the author analyzed the advantages and disadvantages, as well as the features of the organization of mediation in the Republic of Kazakhstan. In addition, the author noted the problems that hinder the expansion of the scope of mediation. Among them, the lack of information about the institution of mediation, the distrust of the population and, at the same time, the lack of professional mediators are the main limiting factors in the development of mediation. At the end of the article, according to the author, the ways of solving these problems are also presented, opening the way for the development of the institution of mediation.

Key words: Mediation, mediator, alternative dispute resolution methods, court, conflict resolution, mediation, intermediary, conflict, neutrality.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.