66
Педагогическая наука и практика
УДК 373.1.02: 372.8
ГРНТИ 14.25.09
ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ИНФОРМАТИКА
ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНУ
Аңдатпа
Қазіргі білім беру саласында сабақтарда ақпараттық технологиялар үнемі қолданылады. Дегенмен, бұл технологиялар
біртіндеп жаңарып келеді және оларды пайдалану мүмкіндіктері әр түрлі болып келеді. Өз сабағыңызды эвристикалық деңгейде үйрету үшін мұғалім, әрине, осы ақпараттық
технологияларды үйреніп, тиімді қолданған дұрыс. Мақала
"Информатика" пәні бойынша оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды қарастырады.
ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ
Аннотация.
В современной сфере образования на уроках постоянно
использу.тся информационные технологии. Тем не менее,
эти технологии постепенно обновляются, и возможности их
использования становятся все более разнообразными. А для
того, чтобы преподавать свой урок на эвристическом уровне,
учителю, конечно же, лучше усвоить и эффективно использовать эти информационные технологии. Статья рассматривает применение информационно-коммуникационных технологий в обучении по предмету «Информатика».
Annotation
In the modern education, information technology is constantly
used at the lessons. However, these technologies are gradually
being updated, and the possibilities for their use are becoming
more and more diverse. And in order to teach the lesson at the
heuristic level, the teacher needs better learning and applying
these information technologies effectively. The article considers
the use of information and communication technologies in
teaching and learning the subject "Computer science".
Қуаныш Н.Е.,
Қостанай облысы,
Арқалық қаласы,
А.Құнанбаев атындағы
мектеп-гимназиясының,
информатика пәні
мұғалімі
Негізгі сөздер: АКТ, жа
ңарту, инновация, тиімді
лік, информатика.
Ключевые слова: педагог, физическое обучение,
инновационный подход, сис
тема образования, педагогические компетентности.
Keywords: ICT, renewal,
innovation, efficiency, Com
puter science.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп,
өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім
оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген
болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең
білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік
және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман
4(42)/2023
талабына сай білім беруде жаңалыққа
жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс
істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың
жаңа технологиясын шебер меңгерген жан
болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Жаңа қоғамның тізгінін берік ұстайтын еркін елдің ертеңі кеменгерлерін оқыту, тәрбиелеу бесіктен баланың нәрестілік
шағынан басталып, ұдайы үздіксіз даму барысында қалыптасатыны белгілі. Қазіргі
әлемдік ауқымдағы қайта құрулар жедел
ақпараттандыру білім саласындағы өзге
рістер адамзат қоғамы алдында білім сапасын арттыру қажеттілігін туындайтыны
анық. ХХІ – ғасыр білім ғасыры, тұлғаның
ой-өрісін даму тенденциясын заман талабына сай дамыту әрбір ұстаздардың міндеті.
Қазіргі білім беру саласында ақпараттық
технологияны сабақта пайдалану ұдайы
қалыптасқан. Десе де осы технологиялар
бірте-бірте жаңарып, жаңа үлгіде, оның
пайдалану мүмкіншіліктеріде әр қилы болып келуде. Ал мұғалім өз сабағын өнімді
эвристикалық деңгейде оқыту үшін әрине
осы ақпараттық технологияларды жетік
меңгеріп, тиімді пайдаланғаны дұрыс.
Қоғамды ізгілендіру білім мен мәдениет
жүйесін дамыту процесінде ақпараттық технологиялар маңызды рөл атқарады. Қоғам
дамыған сайын адамдардың өмірге деген
көзқарастары өзгеруде, білім алуға тілдерді
үйренуге деген ынтасы арта түсуде. Білім
беруді ақпараттандыру, пәндерді ғылыми –
технологиялық негізде оқыту мақсаттары
алға қойылуда. Кез келген мемлекеттің дамуы ақпарат мәдениетінің деңгейіне байланысты. Білім беру жүйесін ақпараттандыру
бағыты – жаңа ақпараттық-коммуникативтік
технологияларды пайдалану арқылы дамытып және дистанциялық (қашықтан) оқыту, жеке тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие
4(42)/2023
67
үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі
мен сапасын көтеруді көздейді. Интернет
желісі мен электронды поштаның кеңеюі,
оның күнделікті тұрмыста қолданысқа енуі
оқушылардың ойлау жүйесінің артуына,
ақпараттарды мол қабылдауына өз әсерін
тигізіп отыр. Ақпараттық-коммуникативтік
технологияның келешек ұрпақтың жанжақты білім алуына, іскер әрі талантты,
шығармашылығы мол, еркін дамуына жол
ашатын педагогикалық, психологиялық
жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса
мол. Сол сияқты ақпараттық технологияны
пайдалана отырып сабақтың сапасын арттыруға болатыны белгілі.
Бүгінгі мемлекеттің білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасындағы міндеттердің бірі – білім беру жүйесі мен оқытудың сапасын арттыру, сабақтың әдістерін
және мазмұнын жетілдіріп, әдістемелік
жағынан дамыту болып табылады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық
технологияларын меңгермейінше, сауатты
әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес.
Сабақта ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды тиімді пайдалану тиімділігін атап өтсем:
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты
үнемдеу;
• шығармашылық жұмыс;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің
туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу
мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• оқушының ой-өрісінің дүниетанымын
кеңейтеді.
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты — «Оқыту процесін үздіксіз
және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту».
Білім берудің кез келген саласында
«Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін
ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ
Педагогическая наука и практика
ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ
68
Педагогическая наука и практика
арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек
етуіне жағдай жасайды. Қазіргі уақытта
электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық
оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, осы себепті электрондық оқулықтың
құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға
тиіс.
Электронды оқулықпен оқыту әдісі
• Модульдік жүйемен жазылған;
• Зертханалық-сарамандық жұмыстар
қамтылған
• Тест жұмыстары
• Сан есептері
Электрондық оқулықпен оқытудағы же
тістіктер:
• Таным белсенділігінің деңгейін арттыру;
• Білімді актуалдандыру, компьютерді
меңгеру;
• Пәнге қызығушылығын арттыру;
• Аналитикалық ой мен дағды деңгейін
арттыру;
• Өз ойын шығармашылық тұрғыда
компьютермен жеткізу.
Интерактивті оқыту әдісі
• Кез-келген педагогтың интерактивті
білімі мен біліктілігін қалыптастыру;
• Интерактивті жабдықтармен жұмыс
технологиясын меңгерту;
• Онлайн режимінде жұмыс жасауды
ұйымдастыру;
• Ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану бойынша біліктілік
құзырлығын көтеру.
Ғаламтор арқылы оқыту әдістері: Онлайн-мектеп; Balapan.kz; Kundelik.kz; Whats
App; Daryn.Online; ZOOM; Bilim Land; Dis
tance Learning; Google Classroom; Twig, iTest,
iMektep.
Мультимедиялық құралдары арқылы
оқыту әдістері: мәтін, графика, мультимедиялық проектор, дыбыс, бейне, анимация,
презентация-слайд.
Қазіргі кезде білім беру саласында оқытуда ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Дамыған елдердегі білім
беру жүйесінде ерекше маңызды болып
табылатын мәселердің бірі оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үдерісінде ақпараттық-технологияларды пайдалану болып
табылады. Ақпараттық-коммуникациялық
технологияны келешек ұрпақ жан-жақты
білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, дамуына жол ашатын педагогикалық үдеріс.
ХХІ ғасыр информатика ғасыры, яғни
ақпараттандыру технологиясы дамыған
заманда мемлекетіміздің болашағы – жас
ұрпаққа заман талабына сай білім беріп,
жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен
шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты
талап етеді.
Ақпаратты меңгерген – әлемді меңгерген деп бекер айтпайды. Мектептерде электрондық оқыту жүйесін енгізу, мұғалімдер
мен оқушыларда АКТ қолдану дағдысының болуы жаһандық үрдіске ілесе алғанымызды білдіреді.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Назарбаев Н.Ə. «Қазақстан өз дамуында алға жаңа серпіліс жасау қарсаңында»
2006 жыл.
2.Бөрібеков Қ.Қ. «Əдістемелік ұсыныстар жинағы» Астана, 2002 жыл.
3.Журнал «Информатика и образование», № 7 -2006 ж.,41-45 б.
4.Журнал «Информатика негіздері» № 1
– 2005 ж.,11-14 б.
5.Журнал «Мектеп» № 11, 6 бет.
6.Қазақстан және ТМД елдеіндегі білім
беруді ақпараттандырудың IV Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы. - 18-19 бет, 38-39 бет, 118-119 бет,
460-461 бет.
7.Сайт: edu.gov.kz (қол жеткізілген күні:
02.02.2022 г.).
4(42)/2023