Научная статья на тему 'ХАРАКТЕРИСТИКА САМОПОЗНАНИЯ ОСОБЕННЫХ ДЕТЕЙ И ФОРМИРОВАНИЕ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ УСЛОВИЯ'

ХАРАКТЕРИСТИКА САМОПОЗНАНИЯ ОСОБЕННЫХ ДЕТЕЙ И ФОРМИРОВАНИЕ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ УСЛОВИЯ Текст научной статьи по специальности «Гуманитарные науки»

CC BY
40
17
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Журнал
Yessenov science journal
Область наук
Ключевые слова
Психика / интеллект / аутизм / коррекция / шизофрения / мотивация / логопедия / психология / ПМПК / ЗПРР / ЗРР / музыкотерапия / ЛФК / АФК / эрготерапия / невропатология и др. / Psyche / intelligence / autism / correction / schizophrenia / motivation / speech therapy / psychology / PMPK / ZPRR / ZRR / music therapy / exercise therapy / AFC / occupational therapy / neuropathology / etc.

Аннотация научной статьи по Гуманитарные науки, автор научной работы — Арашова Набат Кожабилмесовна

Возможности обновления педагогической практики играют важную роль в реализации индивидуальности развивающейся личности. Самосознание – ощущение человека как личности начинает формироваться в дошкольном возрасте. У детей с умственной отсталостью этот процесс протекает медленно и особенно. Поэтому необходимо своевременно уделять внимание созданию психолого-педагогической среды, подходящей для развития самосознания. На уровне оказания практической помощи детям с задержкой интеллектуального развития решить ее сложно, так как недостаточно разработаны методы и специфические приемы личностно-ориентированной диагностики и коррекции. Возникновение основных элементов самосознания детей с задержкой психического развития до школьного возраста не изучалось. Теоретически определить основу проблемы происхождения аутизма и специфику психического развития аутичных детей, изучить и рассмотреть причину коммуникативных трудностей детей с диагнозом аутизм. Производится теоретический анализ проблемы самосознания детей дошкольного возраста с задержкой психического развития, способов работы по формированию самосознания и услуг специалистов, участвующих в этом процессе, актуальности выявленных проблем, требований практики. и система комплексной коррекционно-развивающей работы, рассмотрены особенности самосознания, способы развития двигательной активности детей в домашних условиях.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

CHARACTERISTICS OF SELF-KNOWLEDGE OF SPECIAL CHILDREN AND FORMATION PSYCHOLOGICAL AND PEDAGOGICAL CONDITIONS

The possibilities of updating pedagogical practice play an important role in the realization of the individuality of a developing personality. Self-awareness a sense of a person as a person begins to form at preschool age. In children with mental retardation, this process is slow and especially. Therefore, it is necessary to pay timely attention to the creation of a psychological and pedagogical environment suitable for the development of self-awareness. At the level of providing practical assistance to children with intellectual retardation, it is difficult to solve it, since the methods and specific techniques of personality-oriented diagnostics and correction have not been sufficiently developed. The emergence of the basic elements of self-awareness in children with mental retardation before school age has not been studied. Theoretically determine the basis of the problem of the origin of autism and the specifics of the mental development of autistic children, study and consider the cause of communication difficulties in children diagnosed with autism. A theoretical analysis is made of the problem of self-consciousness of preschool children with mental retardation, ways of working on the formation of self-consciousness and the services of specialists involved in this process, the relevance of the identified problems, and practical requirements. and a system of complex correctional and developmental work, the features of self-awareness, ways of developing the motor activity of children at home are considered.

Текст научной работы на тему «ХАРАКТЕРИСТИКА САМОПОЗНАНИЯ ОСОБЕННЫХ ДЕТЕЙ И ФОРМИРОВАНИЕ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ УСЛОВИЯ»

ӘОЖ 159.96 (043.3)

МРНТИ 12.41.51

DOI: 10.56525//WENK2355

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

АРАШОВА Н.К.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар

және инжиниринг университеті

Ақтау, Қазақстан

Е-mail:[email protected]

Аңдатпа. Педагогикалық тәжірибені жаңарту мүмкіндіктері қалыптасып келе жатқан тұлғаның даралығын жүзеге асыруда маңызды роль атқарады. Өзіндік сана – адамның жеке тұлға ретінде сезінуі мектепке дейінгі жаста қалыптаса бастайды. Психикалық дамуы тежелген (ЗПРР) балаларда бұл процесс баяу және ерекше түрде жүреді. Сондықтан өзіндік сананы дамытуға қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдай жасауға дер кезінде көңіл бөлу қажет. Интеллектуалдық дамуы тежелген балаларға практикалық көмек көрсету деңгейінде тұлғалық-бағдарлы диагностика мен түзетудің тәсілдері, нақты әдістері жеткілікті түрде әзірленбегендіктен оны шешу қиын. Мектеп жасына дейінгі психикалық дамуы тежелген балалардың өзін-өзі танудың негізгі элементтерінің пайда болуы зерттелмеген. Аутизмнің туындау мәселесінің негізі мен аутист балалардың психикалық дамуының ерекшелігін теориялық тұрғыда анықтау, аутизм диагнозы қойылған балалардың қарым-қатынас жасауындағы қиындықтардың болу себебін зерттеу және қарастыру болып табылады. Психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік сана мәселесіне теориялық талдау жасалады, өзіндік санасын қалыптастыру бойынша жұмысты қалай жүргізуге болады және осы процеске қатысатын мамандардың қызметтері, анықталған мәселелердің өзектілігі, тәжірибенің талаптары және кешенді түзету-дамыту жұмыстарының жүйесін жасап, өзін-өзі тану ерекшеліктерін, физикалық даму белсенділігін үй жағдайында балаларды дамытудың жолдары қарастырылады.

Түйінді сөздер: Психика; интеллект; аутизм; коррекция; шизофрения; логопедия; психология; ПМПК; музыкатерапия; эрготерапия; невропотология т.б.

Кіріспе. Бүгінде елімізде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту, бейімдеу, қандай да бір кемсітушілікке жол бермей қоғамда өзін жайлы сезінуге жағдай жасау мемлекет алдында тұрған аса маңызды мәселелердің бірі. Оларға өз деңгейінде білім беруден бөлек, қоғамға, өзге балалармен араласуға үйрету – бірінші кезектегі мәселе. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар (балалар) (ЕБҚ) - даму ерекшеліктеріне, мінез-құлық және эмоциялық проблемаларына (әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық) байланысты тиісті деңгейде білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтары бар тұлғалар (балалар).

Еліміздегі ерекше білімді қажет ететіндер статистикасы. Бүгінгі таңда ерекше білім беруді қажет ететін балалардың саны 161 мыңнан асады. Өкінішке қарай, бұл санаттағы балалардың саны жыл сайын 3 пайызға өсіп отыр.

- Психикалық дамуы тежелген балалардың саны 50 мыңнан асады;

- Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың саны 47 мыңнан асады;

- нашар көретіндер – 8 004;

- нашар еститіндер – 3 857;

- ақыл-есі кем – 25 045;

- тірек-қимыл аппаратының бұзылуы – 18 841;

- аутизм спектрінің бұзылуы – 5 193;

- естімейтіндер – 2 054;

- көзі көрмейтіндер – 313.

Айта кетейік, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың шамамен 50 пайызы ерте жаста оңалтылуы мүмкін. Мұндай санатқа кіретін балаларды оқытумен, тәрбиелеумен қамту мектепке дейінгі ұйымдардан ЖОО-ларға дейін жүргізіледі. БҒМ-нің мәліметінше, мектепке дейінгі балабақшаларда 37 970 астам бала тәрбиеленеді. Орта білім беру ұйымдарында 95 497 бала оқиды. Колледждерде 2 900 бала және ЖОО-ларда 3 520 бала оқиды [1].

Ерекше балалардың тоғыз санаты бар, соның ішінде біз тоқталатын сала аутизм диагнозы қойылған балалар. Соңғы уақыттары ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалардың қатары көбейіп келе жатқанын байқау қиын емес. Жаңа статистикаға сүйенсек («Autism Speaks» халықаралық ұйымының) АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының ақпаратына жүгінсек:

2022 жылы әлемдегі әрбір 44-ші балаға осы диагноз қойылған.

2004 жылы 166 баланың – бірі,

2006 жылы 150 баланың – бірі,

2008 жылы 125 баланың – бірі,

2010 жылы 110 баланың – бірі,

2012 жылы 88 баланың – бірі,

2018 жылы 68 баланың – бірі,

2022 жылы 44 баланың – бірі,

Бұл талдаудан әлем бойынша аутизм диагнозымен ауыратын балалар санының күрт өскендігін байқаймыз. Олардың мәселесін әп-сәтте шешу мүмкін емесі белгілі. Алайда, бұл жұмыс қазірден басталмаса, кейін кеш болады .

Маңғыстау облысындағы статистикалық мәліметтерге тоқталсақ, «Арнайы білім беру және балалардың құқықтарын қорғау» бөлімінің меңгерушісі Байдуллаева Шынар Аманғалиқызының айтуы бойынша облыста психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияда тіркелген ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың саны – 8210, оның ішінде аутист саны - 535.

Аталған санаттағы балаларға 19 арнайы білім беру ұйымы қызмет көрсетеді.

- 3 арнайы балабақша,

- 4 арнайы мектеп,

- 1 оңалту орталығы,

- 6 ППТК,

- 5 ПМПК.

Білім беру ұйымдарында ерекше білім беруге қажеттілігі бар 1657 (балабақшада 289, мектепте 1350, колледже 18) бала білім алады. Облыстың барлық мектептерінің штаттық кестесіне арнайы мамандар мен педагог - ассистенттің лауазымдық бірліктері енгізілген [2].

Материалдар мен зерттеу әдістері. «Аутизм» түсінігі (грек тілінен аударғанда «auto» - өзім) адамның өз-өзіне кетуі, айналадағы болып жатқан дүниелерге назар аудармау дегенді білдіреді. Бала аутизімі - қарым-қатынас және эмоционалдық қабылдау аймағындағы қиындықтардан тұратын, жүріс-тұрыстың стереотиптілігімен көрініс беретін психикалық дамудың туа біткен бұзылыстары болып табылады.

Аутизм - ми дамуының бұзылысы нәтижесінде туындайтын психикалық бұзылыстар. Қазіргі кезде аутизмның неден болатыны нақты анықтала қойған жоқ, ғалымдар әртүрлі тұжырымдарды ұстанады. Бұл аз зерттелген, түсініксіз кұбылыс: әлеуметтік байланыс пен қарым-қатынастың болмауымен, бірнеше мәрте қайталанатын іс-әрекеттерден тұруымен, эмоциялық қабылдаудың бұзылысымен суреттеледі. Қазіргі кезде аутизм диагнозы қойылған балалардың жылдан-жылға көбеюі барлық елдерде көрініс беруде, сондықтан да, бұл мәселені зерттеу практикалық психология саласында ең бір өзекті мәселеге айналуда. Аутизм диагнозының не себепті туындауы, ерте балалық шақта диагнозды дұрыс қою мәселесі және түзету-дамыту шараларын дұрыс ұйымдастыру қазіргі күнде терең зерттеуді қажет етеді.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері ретінде аутист балалардың психикалық ерекшелігін зерттеген ғалымдардың Л. Каннер 1943, В.Е.Каган 1981, В.В.Лебединский 1985, Е.М.Мастюкова, Ульянова 1990, С.С.Морозова 1990 және т.б. еңбектері қарастырылды. Сондай-ақ, аутизмге шалдыққан балалардың сөйлеу тілінің бұзылысы мен психикалық белсенділіктің жетіспеушілігі арасындағы байланысты зерттеген ғалымдардың Н.Б.Ловрентьева, Л.С.Выготскидің және т.б. еңбектері негізге алынды. Сондай-ақ, Ұлттық ғылыми-практикалық орталықтың психологы М.Баймұхановнаның қазақ балаларының психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету тәсілдері мен жолдарын зерттеген Н.Д.Ұнарбекованың, дамуында ауыткушылығы бар боз балаларды зерттеген С.О.Баянқұлованың, тұлға қасиеттері мен психикалық процестердің байланысын зерттеген М.Ә.Перленбетовтың еңбектері негізге алынды.

Аутист балалардың арнайы даму деңгейлеріне байланысты диагноздары болады. Бұл жандарға арнайы білім беру мекемелері мен арнайы мамандар жұмыстар жүргізеді. Яғни атап айтсақ тек педагогтармен ғана емес, арнайы логопед, психолог, дәрігер, әлеуметтік педагог, ЛФК мамандар және т.б. Әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу барысында әр маман баланың дамуына байланысты әр түрлі бағытқа жауап береді. Логопед баланың сөйлеу қабілетіне байланысты жұмыс жасаса, ал психологтар балалармен психологиялық дамыту жұмыстарын жүргізеді. Дефектолог баланың жалпы дамуымен, академиялық және әлеуметтік-тұрмыстық қабілеттерімен жұмыс істейді.

Баланың қалыпты ортада дамуы, ол үшін барлық қажеттіліктің жасалуы ерекше бала тәрбиелеп отырған кез-келген ата-ананың арманы. Сондықтан, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасалып, үйде баланы қалай дамыту, оқыту керектігі көрсетілу керек. Себебі, балалар үнемі қайталап отырмаса, білгені мен үйренген машықтарын тез ұмытып қалады. Өзім осы баламен жұмыс барысында тәртіпке, төзімділікке, мейірімді болуға, сынаққа сынбайтын қайратты болуды үйрендім. Бұл жұмыс моральдық және физикалық қаншама энергияны қажет ететіні сөзсіз. Алайда көрінген әр жетістік сол баланың ата-анасы үшін – бақыт, тәрбиешілер үшін – жеңіс. Біздің міндет – ерекше балаларды ешкімнің көмегінсіз, өз бетінше өз қажеттіліктерін өтей алатындай деңгейге жеткізу.

Баланы дамыту өте жауапты, әрі маңызды іс. Әдетте ата-аналар баланы дамыту бала-бақшалар мен оқу-дамыту орындарының міндеті деп есептейді. Алайда баланы ерте жастан бастап үй жағдайында дамытуға толық мүмкіндік бар. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың дүниетанымын кеңейтуді, олардың сезіне білу тәжірибесін байыта түсуді, балалардың сөйлеу және ақыл – ойының дамуын, танып білу әрекетімен ең алғаш ата-ана айналысуы керек. Мұндағы негізгі мақсат оларды қоғамдық өмірге бейімдеу, азаматтық қасиеттерін қалыптастыру. Балаңыз сөз түсінбесе де сөйлесе біліңіз. Мысалы: балам мен саған ақ майка кигізіп жатырмын, енді көк көйлек, қара шалбар, жасыл носки деп барлық атауларды ретімен, нақты атымен айту керек. Тамақтану процесінде де осылай жеке-жеке аталу керек. Мысалы: күріш каша, картоп, сүт, кампот және т.б. Баламен не айтамын деп уайымдамай, ортақ тіл табысу керек. Көп ата-ана балаларын сөзімді сезбейді деп ойлайды. Олай емес, олар сізге сезімін айтпаса да, сіздің сезіміңізді сезе алады. Сол себепті сезіміңізді көрсетіп қана қоймай, балаңыздың көрсетуіне көмектесіңіз [3].

Баламен жұмыс жасалғанда тек бір бағытта болмау керек. Өйткені жақсы нәтиже барлық дамыту аймақтарымен жұмыс жасалғанда өнімді көрініс береді (1-кесте).

Тамақтану - бұл өмірлік маңызды процесс. Адамдардың тамақтануы организм үшін өмірлік қажеттілік болып табылады. Жақсы тамақтану, яғни дұрыс және теңдестірілген тамақтану денсаулықты сақтау, физикалық және психикалық нашарлауды болдырмау үшін қажет.

Кесте 1 - Баланың зерттелетін аймақтары

Зерттелетін аймақтар

Мінез-құлық

Қарым-қатынас

Қабылдау

Таным сферасы

Сөйлеу

Ойын

Жалпы моторика

Ұсақ моторика

Өзін-өзі күту

Әдетте психологиялық дамуы тежелген және ерекше балаларда тамақтандыруда мына ережелерді есте ұстаған жөн. Өйткені тамақтың құрамында нан өнімдері (бауырсақ, печенье, тоқаш) мен тәттілердің, газды сусындар мен қуырылған тамақтардың, сүт тағамдарының (йогурт, кефир, қаймақ, сүзбе және т.б.) болуы балалардың гипербелсенділігін арттырып, қан айналым жүйесіне, зейінін шоғырландырып есте сақтау қабілетіне кері әсер етеді. Керісінше мұндай балаларға төмендегідей тағам түрлерін ұсынған жөн:

- Ет, балық, құс өнімдері (сорпамен, әртүрлі көкөністермен);

- Жеміс-жидектер, көкөністер;

- Дәнді дақылдар (күріш, қарақұмық, жарма, фасоль және т.б.);

- Сүт өнімдері (таза табиғи үйде дайындалған болу керек);

- Нан өнімдері арнайы ұннан жасалуы керек;

- Таза су және үйде дайындалған жеміс шырыны (чай, кофе, түрлі сусындар болмайды).

Ескеретін жағдай: баланы ешқашан тойдырып тамақтандырмау керек. Балаңыздың дене дамуына басты назар аударыңыз және оның бойы мен салмағына қалыпты жағдайдан ауытқымауын бақылау қажет. Негізінде тамақтану әдеті ата-анаға тікелей байланысты [4].

Зерттеу нәтижелері. Баланы дамыту өте жауапты, әрі маңызды іс. Әдетте ата-аналар баланы дамыту бала-бақшалар мен оқу-дамыту орындарының міндеті деп есептейді. Алайда баланы ерте жастан бастап үй жағдайында дамытуға толық мүмкіндік бар. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың дүниетанымын кеңейтуді, олардың сезіне білу тәжірибесін байыта түсуді, балалардың сөйлеу және ақыл - ойының дамуын, танып білу әрекетімен ең алғаш ата-ана айналысуы керек. Мұндағы негізгі мақсат оларды қоғамдық өмірге бейімдеу, азаматтық қасиеттерін қалыптастыру.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың физикалық жастары мен психологиялық жасында біраз айырмашылық болады. Мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналар балаларына ауру бала ретінде қарамауы керек. Көп жағдайда ата-аналар балаларына сенбейді. Бір нәрсені бүлдіреді деп қорқады. Сондықтан ең бірінші сенім қажет. Сенімнен кейін көмек керек «мен жасай алмаймын» деп емес, «мен осынша жасай аламын» деп көмек беріңіздер.

Балаңыз сөз түсінбесе де сөйлесе біліңіз. Мысалы: балам мен саған ақ майка кигізіп жатырмын, енді көк көйлек, қара шалбар, жасыл носки деп барлық атауларды ретімен, нақты атымен айту керек. Тамақтану процесінде де осылай жеке-жеке аталу керек. Мысалы: күріш каша, картоп, сүт, кампот және т.б. Баламен не айтамын деп уайымдамай, ортақ тіл табысу керек. Көп ата-ана балаларын сөзімді сезбейді деп ойлайды. Олай емес, олар сізге сезімін айтпаса да, сіздің сезіміңізді сезе алады. Сол себепті сезіміңізді көрсетіп қана қоймай, балаңыздың көрсетуіне көмектесіңіз. Әр адамның бойында шығармашылық қабілет болады. Сол себепті мүмкіндігі шектеулі балалардың да бойындағы қабілетін анықтау үшін барлық шығармашылық бағыттарда жұмыс істеп көруіміз керек. Үй жағдайында шығармашылық бағыттағы қолданылатын заттар немесе музыкалық құралдар балаға қол жетімді жерде болуы тиіс. Мысалы: темір қасықтар, ағаш кеселер, пластмасса табақтар және т.б. Соның барлығын бақылау арқылы баланың қандай қабілеті бар екенін анықтауға болады және де олардың спорттық қабілеттерін арттырған дұрыс. Себебі бала спортпен айналысқан жағдайда өзінің энергиясын тиімді қолдана алады. Мысалы: жүгірту, секірту, жалаңаяқ жүргізу, бір сызықтың бойымен (линия) жүргізу, допты қақпаға салу, самокат және велосипед айдау т.б.

Қазіргі кезде «ұсақ моторика» деген тіркесті жиі естиміз. Сол ұсақ моторика дегеніміз не? Оны қалай дамыту керек? Физиологиялық тұрғыдан айтқанда ол қолдың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысы. Сонымен қатар «қол мен көздің» тепе-теңдігін де ұмытпауымыз керек, себебі қолдың ұсақ қозғалысы көздің бақылауымен жүзеге асады, яғни

қарапайым қозғалыстың өзі баланың көп энергиясын кетіреді. Неліктен баланың ұсақ моторикасын дамытуымыз керек? Адам миының сөйлеуге және қолдың ұсақ қозғалысына жауап беретін аумағы өте жақын орналасқан, яғни ұсақ моторикаға стимул жасау арқылы біз сөйлеу әрекетінің белсенділігін арттырамыз. Ұсақ моторика баланың өсе келе киініп шешінуіне, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларының қалыптасуына, кеңістікті бағдарлауға, заттық іс-әрекетті орындауға, өзіне деген сенімдікті нығайтуға көмектеседі [5].

Ұсақ моториканы дамытудың баланың жалпы дамуында да алатын орны ерекше. В.А.Сухомлинский бала қабілетінің қайнар көзі оның саусақтарының ұшында екенін жазған. Бала қолының қозғалысы қаншалықты епті болса, соншалықты ойлауы, сөйлеуі жақсы дамиды, яғни бала қолымен көбірек жұмыс істесе, соғұрлым қимыл-әрекеті мен белсенділігі де артады. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын бала туылған кезден бастау керек. Кішкентай сәбидің қолына массаж жасау арқылы біз алақандағы ми қыртыстарының жұмысын жақсарта аламыз. Массажды әрекеттер саусақ ұшынан басталып төменгі буынға қарай жалғасады. Массаж жасау кезінде жай лирикалық әуен қоюға да болады. Су-Джок терапиясының құралдарын пайдаланған дұрыс. Балалардың сөйлеу құзыреттілігін және қимыл әрекеттерін қалыптастыруға төмендегі ұсақ моторика жұмыстары үлкен көмек тигізеді:

– түйме тағу мен оны шешу, замок жүргізу;

– аяқ киім бауын байлау, липучка салу;

– арнайы рамкалардағы бау;

– мозаикалармен ойын және моншақ, ілгектерді бір жіпке тізу;

– құрғақ бассейн және пластилинмен жұмыс;

– конструкторлармен ойын (түсі, пішіні, көлемі бойынша ажырату);

– әртүрлі пішіндерді бояу (карандаш, маркер, акварелді бояу көмегімен)

– тандап алу немесе ажырату жаттығулары (мысалы: фасоль мен бұршақты, горохты араластыру).

Ұсақ моториканы дамыту барысында біз мынадай нәтижеге жетеміз:

1. Сөйлеу тілі жетіліп, қимыл қозғалыс қабілеті артады;

2. Икемділігі артып, логикалық ойлау қабілеті дамиды;

3. Танымдылық деңгейі, түсінігі көбейеді;

4. Баланың бойында сенімділік пайда болып, өмірге деген құлшынысы артады.

Бұл жаттығулар мен ойындар арқылы, біздер баламен қарым-қатынасты нығайтып, баланың өзіне деген көзқарасын өзгертіп, белсенділік пен қызығушылық, жалпы танымдылық қабілеттерін дамытамыз [6].

Қорытынды. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы – еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз болып табылады. Жалпы білім беретін ұйымдарға қосылған ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ арнайы білім беру бағдарламалары бойынша ҚР МЖМБС және ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация) ұсынымдарына сәйкес білім алады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда нақты көмек көрсететін психологиялық-педагогикалық қызмет болуы тиіс. Оның міндетіне балалармен қарым-қатынас орнатуда дамытушы немесе түзету жұмысы ғана емес, сонымен қатар, бағалау қызметін сүйемелдейтін ортақ тәсілдер, оқушылармен жұмыстың бірыңғай стратегиясын дайындау бойынша педагогтармен және ата-аналармен тұрақты ынтымақтастық орнату кіреді.

Әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеуге бағытталған жаттықтыру жұмыстары – мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және тұрмыстық жұмыстарға бейімдеу арқылы өмірде өздерінің деңгейлері мен ынтасына қарай болашақ қызметіне үйрету және көмектесу болып табылады. Сондай ақ балалар тұрмыстық жұмыстарды ешкімнің көмегінсіз істеуге, қоғамдық ортада өздерін емін-еркін ұстап, сіңісіп кетуге, қоғамдық ортаның талаптары мен сұраныстарына бейімделуге көмектеседі.

Қорытындылай келе, ерекше балалардың білім алуы мен тәрбиелену процестері кез – келген уақытта өзекті. Әр бала бақытты болуға лайық. Бүгінгі бүлдіршін – елдің ертеңі. Сондықтан да мүмкіндігі шектеулі балаларды аяқтан тұрғызу – ата-ананың парызы болса, екіншіден, әлеуметтік жағдай жасау – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін ұмытпайық!

ӘДЕБИЕТТЕР

[1]. Айтбаева А.Б. Арнайы педагогика негіздері: оқулық./ А.Б. Айтбаева. – Алматы, 2017. -108 б.

[2]. Айкынбаева Г.К. Аутизм диагнозы койылган балалардын психологиялык сипаты: оқулық./ Г.К. Айкынбаева, Б.Б. Кашхынбай, А.А. Наурызбаева. – Алматы, 2018. -216 б.

[3]. Морозова В.В. Логопедическая работа с детми с задержкой психического развития: оқулық./ В.В. Морозова. – Москва, 2020. -108 б.

[4]. Дүйсенова Ж.Қ. Балалар психологиясы: оқулық./ Ж.Қ. Дүйсенова, Қ.Н. Нығметова. -Алматы, 2019. -119 б.

[5]. Омарова Г.Ә. Арнайы педагогика және логопедия: оқулық./ Г.Ә. Омарова, – Шымкент, 2018. -211 б.

[6]. Микляева Н.В. Логопедия методика и технологии развития речи дошкольников: оқулық./ Н.В.Микляева. – Москва, 2020. -118 б.

REFERENCES

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

[1]. Ajtbaeva A.B. Arnajy pedagogika negіzderі: oқulyқ./ A.B. Ajtbaeva. – Almaty, 2017. -108 b.

[2]. Ajkynbaeva G.K. Autizm diagnozy kojylgan balalardyn psihologijalyk sipaty: oқulyқ./ G.K. Ajkynbaeva, B.B. Kashhynbaj, A.A. Nauryzbaeva. – Almaty, 2018. -216 b.

[3]. Morozova V.V. Logopedicheskaja rabota s detmi s zaderzhkoj psihicheskogo razvitija: oқulyқ./ V.V. Morozova. – Moskva, 2020. -108 b.

[4]. Dүjsenova Zh.Қ. Balalar psihologijasy: oқulyқ./ Zh.Қ. Dүjsenova, Қ.N. Nyғmetova. -Almaty, 2019. -119 b.

[5]. Omarova G.Ә. Arnajy pedagogika zhәne logopedija: oқulyқ./ G.Ә. Omarova, – Shymkent, 2018. -211 b.

[6]. Mikljaeva N.V. Logopedija metodika i tehnologii razvitija rechi doshkol'nikov: oқulyқ./ N.V.Mikljaeva. – Moskva, 2020. -118 b.

Арашова Набат Кожабилмесовна

Каспийский университет технологий и инжиниринга имени Ш.Есенова

г. Актау, Казахстан

ХАРАКТЕРИСТИКА САМОПОЗНАНИЯ ОСОБЕННЫХ ДЕТЕЙ И ФОРМИРОВАНИЕ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ УСЛОВИЯ

Аннотация. Возможности обновления педагогической практики играют важную роль в реализации индивидуальности развивающейся личности. Самосознание – ощущение человека как личности начинает формироваться в дошкольном возрасте. У детей с умственной отсталостью этот процесс протекает медленно и особенно. Поэтому необходимо своевременно уделять внимание созданию психолого-педагогической среды, подходящей для развития самосознания. На уровне оказания практической помощи детям с задержкой интеллектуального развития решить ее сложно, так как недостаточно разработаны методы и специфические приемы личностно-ориентированной диагностики и коррекции. Возникновение основных элементов самосознания детей с задержкой психического развития до школьного возраста не изучалось. Теоретически определить основу проблемы происхождения аутизма и специфику психического развития аутичных детей, изучить и рассмотреть причину коммуникативных трудностей детей с диагнозом аутизм. Производится теоретический анализ проблемы самосознания детей дошкольного возраста с задержкой психического развития, способов работы по формированию самосознания и услуг специалистов, участвующих в этом процессе, актуальности выявленных проблем, требований практики. и система комплексной коррекционно-развивающей работы, рассмотрены особенности самосознания, способы развития двигательной активности детей в домашних условиях.

Ключевые слова: Психика; интеллект; аутизм; коррекция; шизофрения; мотивация; логопедия; психология; ПМПК; ЗПРР; ЗРР; музыкотерапия; ЛФК; АФК; эрготерапия; невропатология и др.

ARASHOVA NABAT KOZHABILMESOVNA

Sh. Yessenov Caspian state university of technology and engineering, Аktau, Kazakhstan

CHARACTERISTICS OF SELF-KNOWLEDGE OF SPECIAL CHILDREN

AND FORMATION PSYCHOLOGICAL AND PEDAGOGICAL CONDITIONS

Abstract. The possibilities of updating pedagogical practice play an important role in the realization of the individuality of a developing personality. Self-awareness - a sense of a person as a person begins to form at preschool age. In children with mental retardation, this process is slow and especially. Therefore, it is necessary to pay timely attention to the creation of a psychological and pedagogical environment suitable for the development of self-awareness. At the level of providing practical assistance to children with intellectual retardation, it is difficult to solve it, since the methods and specific techniques of personality-oriented diagnostics and correction have not been sufficiently developed. The emergence of the basic elements of self-awareness in children with mental retardation before school age has not been studied. Theoretically determine the basis of the problem of the origin of autism and the specifics of the mental development of autistic children, study and consider the cause of communication difficulties in children diagnosed with autism. A theoretical analysis is made of the problem of self-consciousness of preschool children with mental retardation, ways of working on the formation of self-consciousness and the services of specialists involved in this process, the relevance of the identified problems, and practical requirements. and a system of complex correctional and developmental work, the features of self-awareness, ways of developing the motor activity of children at home are considered.

Keywords: Psyche; intelligence; autism; correction; schizophrenia; motivation; speech therapy; psychology; PMPK; ZPRR; ZRR; music therapy; exercise therapy; AFC; occupational therapy; neuropathology; etc.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.