66
Педагогическая наука и практика
УДК 373.1.02:372.8
ГРНТИ 14.25.09
ТАРИХ САБАҒЫНДА ЖАҢА ЦИФРЛЫҚ
МЕДИА: ТИКТОК ПЕН ИНТЕРНЕТ-МЕМ
ҚОЛДАНУ
ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ
Аңдатпа
Автор тарихты зерттеу кезінде Tik-Tok және интернет мемдерін пайдалануды қарастырады. Пәнді
оқуға деген қызығушылықты арттыру үшін цифрлық ресурстарды қолданудың нақты мысалдарын
келтіреді. Оқыту мен оқудың осы әдісін қолдану
екі компоненттен тұрады – ақпараттық және ойын-сауық. Интернет-мемдерді белгілі бір сабақтарда ғана емес, тарихқа қызығушылық танытқандар
үшін де қолдануға болады. Қазіргі уақытта интернет-мемдер Tik-Tok интернет-қауымдастық кеңіс
тігінде кең таралған.
Аннотация
Автор рассматривает использование Tik-Tok и
интернет-мемов при изучении истории. Приводит
конкретные примеры применения цифровых ресурсов для повышения интереса к изучению предмета. Применение данного метода преподавания и
обучения состоит из двух компонентов – информационного и развлекательного. Интернет-мемы
можно использовать не только на определенных
уроках, но и для тех, кто интересуется историей.
В настоящее время интернет-мемы широко распространены в пространстве интернет-сообщества
Tik-Tok.
Annotation
The author considers the use of Tik-Tok and Internet
memes when studying History. Specific examples
of using digital resources to increase interest in the
study of the subject are shown. The application of
this teaching and learning method consists of two
components – information and entertainment. Internet
memes can be used not only at the certain lessons, but
also for those who are interested in history. Currently,
Internet memes are widespread in the space of the TikTok internet community.
Медебаева А.А.,
Қостанай қаласының №15
жалпы білім беретін мектебі, тарих пәні мұғалімі
Негізгі сөздер: Tik-Tok, интернет-мем, қызығушылықты
арттыру, тарих, инновация.
Ключевые слова: Tik-Tok,
интернет-мем, повышение интереса, история, инновация.
Keywords: Tik-Tok, Internet
meme, increasing interest, history,
innovation.
3(41)/2023
Қазіргі балалар цифрлік ортада өте
белсенді. Білім беру жүйесі әртүрлі
цифрлық білім беру технологияларына, әдістеріне, тәсілдеріне деген
қызығушылықтың артуына байланысты, оларды дамытушы сайттар мен
қосымшаларды шығаруда. Осыған
байланысты медиа білім беруді дамыту мәселесі өзекті болып отыр. Медиа білім беру арқылы педагогиканың
жаңа қырының ашылуын көруге болады, ол үздіксіз ақпарат ағынын бұқаралық коммуникация құралдарымен
байланыстыру арқылы сабақты игеру
болып табылады.
Медиа білім беру элементтерін интеграциялау процесінде «ТАРИХ»
пәні үлкен әлеуетке ие, өйткені пәнді
игеру әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуді және оларды сыни тұрғыдан түсінуге қол жеткізеді.
Қазіргі балалар интернетте көп
уақыт өткізетіндіктен, олар ақпаратты жеткізудің жаңа формалары мен
құралдарын жақсы біледі: блогтар,
жарнамалар (оның әртүрлі көріністерінде), мессенджерлер, мемдер
түрлі бейне мазмұндар. Көбінесе
осындай құралдар мен формалардың көмегімен тарихи тақырыптағы
ақпарат білім алушылардың назарына
түседі. Осылайша, білім беру жүйесінен тыс тарихи ақпаратты визуализациялау орын алады.
Өткенді тарихи бейнелер арқылы
визуализациялау, оқушылардың тарихи контекстіні түсінуге, сонымен қатар сол кездің атмосферасын сезінуге
әсерін тигізеді. Оқушылардың бұл медиа-деректердің қалай жасалатынын
көріп қана емес, оны практикада қолдануы керек, бұл ең бастысы оларға
сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің
дамуына зор үлесін қосады. Қазіргі
3(41)/2023
67
балалар цифрлық ортада күнделікті
көріп отыратын және оларды белсенді
қолданатын платформалар бар. Мысалы, бұл медиа форматындағы тарихи
оқиғаларды визуализациялауды қолданатын «Аттила» интернет ойыны.
Бұл ойын арқылы оқушылар Қазақ
жерінің дархан даласын, территориялардың орналасуын жақсы меңгере
алады.
Бүгінгі таңда қысқа бейнелерді жасау және тарату платформасы ретінде құрылған TИКТОК бейне порталы
мектеп оқушылары арасында танымал
бола түсуде. Бақылаулар көрсеткендей, балалар тіпті мектептердің қабырғаларында да өз бейнелерін түсіреді,
сондықтан мұғалім бұл бейне порталдың танымалдылығын білім беру үшін
неге пайдаланбайды? Сонымен қатар,
қазіргі заманғы оқушы көбінесе "көрнекі" екенін ескеру керек, яғни олардың баспа нұсқаларын іздемей, сурет
арқылы сұрақтарына қысқа және кең
жауап алу оңайырақ.
Сондай-ақ, мұғалім өзін осы бейне порталдың белсенді пайдаланушысы ретінде сынап көре алады,
қысқа оқу роликтерін түсіре алады,
онда ойын түрінде қажетті материал
қазіргі заманғы оқушыға қол жетімді
тілде беріледі. Мұндай әрекеттер
мұғалім мен оқушының жақынырақ
болуына көмектесетінін ұмытпаған
жөн, өйткені мұғалім олармен бір
бетте мұғалім-оқушы тобына деген
сенімділікті арттырады, бұл белгілі
бір пәнді оқуға деген ынтаны арттыру үшін маңызды. Осылайша, нәтижесінде бізде оқу материалын «скучно»
жинақтау немесе оқулықты оқу емес,
білім беру процесіне жаңа ағын, ойын-сауық элементін әкелеміз, өйткені Tik-Tok бейне порталын мектеп
ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ
Педагогическая наука и практика
ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ
68
Педагогическая наука и практика
оқушылары ең алдымен қызықты ортасы ретінде қабылдайды.
Енді біз бұны практика көрсетейік.
Мысалы, бүгін сабақта біз 7 сыныптармен «Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы» тақырыбын
өттік, бұл жерде қазақтардың жоңғарларға қарсы тұруы үшін, кеңес құрып
Қарақұм мен Ордабасы құрылтайын
бас қосқандары айтылады. Әдетте,
оқушылар осындай тақырыптарда
көп, қателеседі, бұл видео арқылы екі
жиынның да жоңғар әскеріне қарсы
қазақтардың ауызбіршілікке келіп,
ұйымдасқанын көруге болады.
Келесі ТИКТОК видеомыз «Қазақ-жоңғар шайқастары» тақырыбына арналады.
Бұл жерде Қазақтардың Бұланты
мен Аңырақай шайқастарында ерлікпен күресіп, жеңіске жеткендігі
туралы баяндалады. Оқулықта бұл
тақырыпқа 3 бет арналған. Ал 15 секундтық видеода оқушылар барлық
ақпаратты тез меңгере алады.
Жақсы, ТИКТОК видеолармен барлығын түсіндік, ал енді интернет-мемдерді сабақта қалай пайдаланамыз???
Тарих – көптеген оқиғалар мен
күндерден тұратын күрделі пән. Кейбір тақырыптарды оқушылар жақсы
меңгерсе, ал басқаларынан қиындық
туады. Міне, мұғалімнің көмегіне
осындай сәтте мем келуі мүмкін. Мем
– идеяның, я болмаса құбылыстың
немесе оқиғаның мәнін көрсететін
жарқын, сыйымды формада келеді.
Көптеген
психологтар
қазіргі
уақытта білім алушыларда "клиптік
ойлау", яғни ақпаратты қысқа үзінділермен немесе жарқын бейнелермен
қабылдау басым екенін атап өтеді. Дәл
осындай ойлаудың көрінісі-бұл мем.
Сабақтың қай сәтінде біз жарқын бей-
немізді қолдана аламыз?
Бұл сұраққа жауап бере отырып,
мемдердің сабақтың кез-келген бөлігіне сәйкес келеді деп айтуға болады,
мейлі ол білімді жаңарту немесе материалды бекіту. Мысалдарды қарастырайық. Жалпы интернет мемдарды
сабақтың басында, өткен тақырып
қа шолу жасау үшін және сабақтың
соңында тақырыпты бекіту үшін қолданамыз.
Осы визуализациямен жұмыс жасай отырып, оқушылар Қазақтың
алғашқы хандары Керей мен Жәнібектің Әбілқайырдың қалмақтардан 1457
жылы жеңілгеннен кейін, қол астындағы ру-тайпалармен бөлініп, Шу
бойына қоныстанғанын көреді. Және
де сол жерде Қазақ хандығының не3(41)/2023
Педагогическая наука и практика
Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығы бірлігінің нығаюы.
Бұл меммен жұмыс жасай отырып, оқушылар Қазақ хандығын бір
уақытта екі хан билегенін біле алады.
Білім алушылар бұл жерде 1598 жылдан 1628 жылдар аралығында қазақ
хандығының билік басында Есім хан
отыратынын түсінеді, сонымен қатар
1613 жылы Ташкентте Тұрсын өзін
хан етіп жариялап, Қазақ хандығының
билігінің барлығын Есім ханнан тартып алмақшы болатынын талдай алады. 1627 жылы Есім ханға қазақ жеріне шабуылдай бастаған жоңғарларға
(қалмақтарға) қарсы күрес жүргізуге
тура келді. Оларға қарсы шайқастардағы ерлігі және қалмақтарды жоңғар
3(41)/2023
тауынан асырып қуып тастағаны үшін
халық оны Еңсегей бойлы Ер Есім
деп атай бастады. Осындай Қазақ
хандығы үшін қиын уақытта, Тұрсын
Түркістанға шабуыл жасап, Есім ханның жанұясын тұтқынға алды. Осы
оқиғаның салдарынан 1628 жылы екі
ханның арасында қантөгіс шайқас
орын алуын, осы шайқастың соңы
Тұрсын ханның көз жұмуымен аяқталатынын айта алады.
Жәңгір хан тұсындағы қазақ-жоңғар
қарсылығы.
Келесі мемді бекіту кезінде қолдануға болады. Бұл жерде Жәңгір ханның 50 мың жоңғардың қалың қолына небәрі 600 әскерімен ғана қарсы
қақтығысуы, бұл шайқаста қазақ
әскерінің жоңғарларды талқандағаны
баяндалады.
Әрине, интернет-мемдер мен ТИКТОК видеоларын сабақтарда үнемі
пайдалану педагогикалық әдепке жатпайды, бірақ материалды қарапайым
түсіну үшін рұқсат етіледі.
Интернет-Мемдер интернет-коммуникация құбылысы ретінде Ю.В.
Щуринаның мақаласында егжей-тегжейлі сипатталған. Сондықтан біздің
міндетіміз тарих сабақтарының мысалында мемдерді қалай қолдануға
болатынын анықтау.
Сондай-ақ, интернет-мем мен ТИК-
ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ
гізі қаланатынын тұжырымдай алады.
Сабақтың тек мотивациялық модулімен шектелудің қажеті жоқ.
Тақырып немесе тақырып блогы бойынша тексеру немесе Бақылау алдында оқушыларды «қыздыру» үшін мемдерді пайдалануға болады. Алгоритм
қарапайым. Білім алушыларға мем
көрсетіледі, сондай-ақ оның мағынасын түсіндіріп, қандай тарихи оқиға
туралы айтып отырғанымызды айту
керек.
69
70
Педагогическая наука и практика
1.Мемдер зерттелетін материалдың
мәнін бұрмалауы мүмкін;
2.Білімді игеру жүйелі болмайды,
тек Мемдер есте қалады, бірақ материалдың мәні жоғалады.
3.Оқушылар үшін тым күрделі және
түсініксіз Мемдер жасау, осылайша
нәтиже нөлге дейін төмендейді.
4.Ата-аналар, басқа мұғалімдер,
мектеп әкімшілігі тарапынан қабылданбау және қарсылық.
Қорытындылай келе, әдісті қолдану
екі компоненттен тұрады - ақпараттық және ойын-сауық сипаты. Интернет-мемдерді белгілі бір сабақтарда
ғана емес, тарихқа қызығушылық танытқандар үшін де қолдануға болады.
Қазіргі уақытта интернет-мемдер мен
ТИКТОК
интернет-қауымдастығының кеңістігінде кең таралған.
Сондықтан тарих сабақтарында
мұндай техниканы қолдану мүмкіндіктері өте көп. Ең бастысы, бұл әдіс
орынды қолданылу керек, сонымен
қатар өз еліміздің тарихын оқушыларға жақсы меңгерту үшін.
ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ
ТОК видео қандай да бір мағынаны,
я болса оқиғаны көтермеуі мүмкін.
Кейде оны сабақта оқушылардың
көңілін көтеру үшін де қолдануға болады. Қалыпты түрде қолданылатын
әзіл оқушыларды материалды жақсы
игеруге итермелейді.
Дегенмен, кез келген әдіс сияқты,
тарих сабақтарында мемдер мен ТИКТОК видеоларды пайдаланудың айқын артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Артықшылықтардың ішінен
мыналарды бөліп көрсетуге болады:
1.оқушының жеке қажелеттіліктерін ескере отырып, сабақ процесін
ерекше өткізілуі;
2.оқушылар мұғалім арасында,
сондай-ақ ұжымның ішінде жылы
және сенімді қарым-қатынас орнатуға
ықпал етеді;
3.күрделі және теориялық материалдарды қызықты түрде беру; білім
алушылардың шығармашылық ойлау
қабілеттерін дамыту.
Сонымен қатар, осы әдісті қолдану
кезінде кездесуі мүмкін кемшіліктер
(тәуекелдер) айқын:
3(41)/2023