Научная статья на тему 'ОБУЧЕНИЕ ЖУРНАЛИСТИКЕ И ИННОВАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ'

ОБУЧЕНИЕ ЖУРНАЛИСТИКЕ И ИННОВАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ Текст научной статьи по специальности «Гуманитарные науки»

CC BY
18
5
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Журнал
Yessenov science journal
Область наук
Ключевые слова
обучение журналистике / инновационный подход / технологии / глобализация. / journalism training / innovative approach / technology / globalization

Аннотация научной статьи по Гуманитарные науки, автор научной работы — О Ж. Ошанова

В этой статье речь пойдет о традиционных и новаторских методах обучение журналистике в Казахстане и в некоторых развитых странах мира. Всесторонне обсуждаются новые требования и процессы адаптации предъявляемые в связи с современными требованиями и технологическими изменениями в сфере профессионального образования. Также будет проанализирована специфика и сопоставимость образовательного направления журналистике в европейских и американских университетах по сравнению с нашими казахстанскими учебными программами. Вместе с тем будут озвучены какие модернизации и кардинальные повороты необходимы в этой сфере.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

JOURNALISM TRAINING AND INNOVATIVE TECHNOLOGIES

This article focuses on traditional and innovative approaches on journalism training in Kazakhstan and other developed countries. The study provides a detailed discussion on the contemporary requirements and adaptation processes in the professional education field in response to modern technological changes. The analysis will compare European and American journalism training directions with Kazakh curricula, highlighting the need for modernization and fundamental changes in this area.

Текст научной работы на тему «ОБУЧЕНИЕ ЖУРНАЛИСТИКЕ И ИННОВАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ»

ӘӨЖ 070.1 (045)

ҒТАМР 19.41.07

DOI 10.56525/CUOC9428

ЖУРНАЛИСТІК БІЛІМ БЕРУ

ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯЛАР

О.Ж. ОШАНОВА

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Алматы қ., Қазақстан

Аңдатпа. Бұл мақалада еліміздегі және дамыған елдердегі журналистік білім берудегі дәстүрлі және жаңашыл бағыттағы әдіс-тәсілдер сөз болады. Кәсіби білім беру саласындағы заманның сұранысына және технологиялық өзгерістерге орай қойылып отырған жаңа талаптар мен оларға бейімделу үдерістері жан-жақты талқыланады. Сонымен қатар европалық және америкалық университеттердегі журналистік білім беру бағытының біздің Қазақстандық оқу бағдарламаларымен ұқсатығы және ерекшелігі сарапталады әрі бұл салада қандай жаңғыртулар мен түбегейлі бетбұрыстар қажеттігі айтылады.

Кілт сөздер: журналистік білім беру, инновациялық әдіс-тәсіл, технология, жаһандану

Кіріспе. Еліміздің барлық жоғары оқу орындарында журналистік білім беру Болон үдерісі негізінде іске асырылып жатыр. Мұның негізінде инновациялық әдіс-тәсіл жатыр, ал ол төмендегідей үрдістерге бағытталып отыр:

- мамандарды даярлауға құзыреттілік тәсілді күшейтуге және әртүрлі елдердің университеттері түлектерінің дипломдарының айырбасталу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған ережелер;

- Әлемдік медиа индустрияның даму үрдістерін ескеру;

- жалпы әлемдік білім беру салаларында болып жатқан жаңғырту үдерістерін есепке алу;

- еліміздегі журналистерді университеттік даярлау тәжірибесі нарық сұранысына бейімделіп, жұмысберушілердің қажеттілігі ескеріледі;

- медиа мамандарды дайындаудың жаңа тәжірибесін алға тартуда көшбасшы болу.

Болон келісімдеріне сәйкес, еліміздің жоғары журналистік білім беру мектептеріндее үш деңгейлі дайындық жүйесіне (бакалавр-магистр-докторантура) көшу қарастырылғаны белгілі.

Бұл саланың өкілдеріне қазргі таңда төмендегідей талаптар қойылып отыр:

- жоғары деңгейдегі әлеуметтік жауаптылық,

- жоғары деңгейдегі құзыреттілік,

- жоғары технологиялық медиа индустрия жағдайында технологиялық білімді игеру қабілеттілігі;

- ауқымды әрі жылдамдығы бойынша қарқынды ақпарат ағындарымен жұмыс істеудегі ұшқырлық.

Тағы бір баса айтатын мәселе, бұл мамандық бүгінде ғылымды қажет ететін салаға жатады, яғни құзыреттіліктің кең ауқымы және құзыреттіліктің жоғары деңгейі, әмбебаптылық және терең мамандандыру бүгінде университет дипломы бар журналистерге медиа нарық алға тартып отырған қажеттіліктер. Ал мұның бәрі кәсіби дайындыққа көп уақыттың қажет екендігін көрсетеді. Сонымен қатар журналистерді дайындаудың бұл түрі қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты кәсіптер қатарынан қарастырылатынын және бұл орайда еліміздің ақпараттық қауіпсіздік мәселесі алға тартылатынын ұмытпағанымыз жөн.

Зерттеу материалдары мен әдістері. Бұл мақалада профессор Я.Н. Засурскийдің редакциялауымен жазылған журналистиканы оқыту туралы жұмысы басты назарға алынды. Аталмыш мамандықты оқыту принциптері еліміздің жоғарғы оқу орындарына қаншалықты тиімді екендігі егжей-тегжейлі талданды. Журналист мамандығының қысқаша сипаттамасы төмендегідей:

ЖУРНАЛИСТИКА МАМАНДЫҒЫ

Әлеуметтік жауапкершілік Ғылыми сыйымдылығы

Қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Қазіргі таңдағы журналист мамандарды даярлаудағы басым бағыттар деген мәселеге келсек, оны төмендегідей тұжырымдап көрсетуге болады:

Еліміздегі журналист мамандарға деген сұраныс мәселесіне тоқтала кетсек. Еліміздің баспасөз нарығы бірнеше келеңсіздіктерді бастан кешіп отыр, яғни:

- медиа салалық статистиканың жеткіліксіздігі;

- басылымдардың бір бөлігінің, әсіресе аймақтық және жергілікті газеттердің әртүрлі деңгейдегі билік органдарына, құрылтайшыларға экономикалық және саяси тәуелділігі;

- фактілердің дұрыстығына, сонымен қатар қазақ тілінің тазалығына жауапкершілік жүктемейтін интернет басылымдардың көбеюі;

- тапсырыс материалдары мен мазмұны үстірт жазылатын журналистиканы кеңінен қолданылатын БАҚ-тар санының артуы;

- еліміздің «БАҚ туралы заңын» тікелей бұзу жағдайлары жиі кездеседі, әсіресе жарнама және қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, нәсілдік және діни төзімсіздікті насихаттауға бағытталған материалдардың көпшілікке ұсынылуы.

Ал, осы жүйесіздіктің және қалыптасқан жағдайдың басты себептерінің бірі - білікті кадрлардың жетіспеушілігі десек қателеспеспіз.

Зерттеу нәтижелері. Бұрынғы КСРО-ның басқа елдеріндегідей, журналистика ашық мамандықтар деп аталатын салалар қатарына жатады, қазіргі журналистің жұмысы жан-жақты мамандандырылған журналистік білімді және биік құзыреттілікті қажет етеді, ал тәжірибе көрсетіп отырғандай журналистік білімі бар университеттердің түлектері бұқаралық ақпарат құралдарында басқа білім түрін иегерген үміткерлерге қарағанда бірінші кезекте жұмысқа қабылданады. Жан-жақты мамандандырылған деген анықтамаға келсек, қазіргі таңда ақпараттық технологияға деген бейімділігі жоғары мамандарға деген сұраныс біздің медианарықта өте жоғары болып отыр.

Мәселен, көрші Ресей Федерациясында жүргізілген «Медиа индустрияға қазір қандай профиль мамандары қажет?» деген ашық сауалға жұмыс берушілер аналитикалық журналистерге, шолушыларға және комментаторларға (ашық сұраққа жауаптардың 22%), репортерларға (22%), Интернет - журналистерге (8%), медиа дизайнерлерге (6%) қажеттілікті ерекше атап өткен. БАҚ маркетологтарының, БАҚ ақпараттық өнімін сату жөніндегі менеджерлердің (22%), сондай-ақ жарнама және т.б. технологиялар жөніндегі мамандардың да БАҚ саласында тапшылығы жоғары екені атап өтілген болатын [1].

Өкінішке орай, біздің елімізде бұл бағытта әлеуметтік сауалнамалар жүргізілмей отыр, қазіргі таңда журналистік білім беру орындары осы мәселені шұғыл түрде қолға алса дұрыс болар еді.

Қазіргі уақытта ақпараттық қоғамды дамытудың негізгі факторларының бірі болып табылатын ақпараттық-технологиялық өзгерістер қарқынды дамуда. Уақыт талабы журналистикаға, журналистік өнімнің сапасына және журналистік мамандарға қатысты жаңа талаптар қоя бастады [4]. Сондықтан бүгінде әлемде журналистерді оқытуға көп көңіл бөлінетіні кездейсоқ емес. Ендігі кезекте, журналистік білім берудің әлемдік үрдістеріне тоқталайық.

Журналистердің жұмысының сапасы мен деңгейі жаһандық проблемаға айналуда, ол бүгінде көптеген елдерде қатты сезіледі және мәдениет пен қазіргі білім қоғамын дамытудың маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Демек, бұл дегеніміз журналистік білім берудің интернационалануы деп аталады. Бұл қазіргі әлемде журналистерді даярлау тәжірибесімен халықаралық алмасудың барған сайын белсенді жүріп жатқандығынан да көрінеді.

Халықаралық деңгейде өтіп жатқан форумдарда журналист мамандарды шеберлік курстары және танымал кәсіби мамандардың шеберханаларын зерттей отырып тәжірибелік тұрғыдан оқыту мәселесіне көп назар аударылады. Мәселен, Колумбия журналистика мектебінде өткен талқылауда да, Ресейде ұйымдастырылған форумда да осы мәселелер алдыңғы кезекке шыққан [1].

Журналистік білім беруді интернационалдандыру, бұл академиялық мәртебе беру сипатындағы еңбек болмағанымен, кез келген жағдайда журналистиканы гуманитарлық элитаға қосуға деген қадам екені шындық.

Журналистиканың өзінде үлкен өзгерістер бар. Бүгінгі таңда журналист газет, радио, теледидар, интернет, мобильді журналистика үшін бір уақытта жұмыс істеуге мүмкіндік беретін цифрлық технологияларға ие. Ақпараттық процестің конвергенциясына негізделген журналистік кәсіптің бұл әмбебаптануы, мұнда визуалды бастама есту және мәтіндік бастаулармен байланысты. Мұның бәрі, әрине, студенттерді оқытудың жаңа тәсілдеріне әкеледі: әмбебап журналист барлық бұқаралық ақпарат құралдары үшін бір уақытта жұмыс істей білуі керек. Бұл барлық майталман шеберлерді қажет ететін шағын журналистика орталықтары үшін ғана емес, сонымен қатар үлкен орталықтар үшін де маңызды.

Журналистік процесті әмбебаптандыру оқытудың жаңа тәсілін қажет етеді. Ол журналистиканың цифрлық саласының барлық түрлерін білуді қамтиды, бірақ сонымен бірге оларды зерттеу деңгейінде тереңірек және кеңірек түсінуді қажет етеді. Сондықтан қазіргі заманғы тірі журналистің ең жақсы үлгілерін зерттеу әдісі журналистік зерттеулерді оқытудың бір бөлігі болып табылады.

Университеттің журналистік білімінің үш өзегі бар:

- Нормалар, құндылықтар, құралдар, стандарттар, журналналистика практикасы;

- Ел ішінде де, одан тыс жерлерде де журналистік практиканың әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық, заңнамалық, экономикалық аспектілері;

- Журналистика әлемі мен зияткерлік мәселелері туралы жан-жақты білім беру.

Шетелдегі журналистік білім берудің бүгінгі жай-күйі туралы ең маңызды қорытынды – оның даму серпінділігінің толассыздығы және экономикалық және мәдени жаһандану процестеріне, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы цифрлық революция талаптарына сәйкес үндестікте даму қажеттілігін түсінуі.

Еуропа университеттері үшін қазіргі кезеңнің маңыздылығы барлық жерде дерлік журналистік білім беру саласында жаңа, қызықты формаларға алып келген екі сатылы оқыту жүйесіне көшумен байланысты. Сонымен, журналистика бакалавриаты болашақ мамандарға негізгі дағдыларды, соның ішінде салалық дағдыларды (баспа, телевизия, радиожурналистика бойынша мамандандыру негіздері) беруді мақсат етеді. Ал магистрлік бағдарламалар саланы тереңдетуге немесе тақырыптық мамандандыруға арналған.

Екінші типтегі ең танымал магистрлік бағдарламалар – Халықаралық (ең алдымен еуропалық) журналистика, конвергенция, медиа-экономика және БАҚ менеджменті болып отыр.

Ұлыбританияның журналистік білім беру мәселесіне тоқталсақ, университеттерде бағдарламалар практикалық (бұл дәстүрлі жол, аймақтық немесе ұлттық редакциямен келісімшарт жасалады) және университеттік (мұнда бәсекелестік деңгейі жоғары) болып бөлінеді. Оқу курстарының бағыты мүмкіндігінше практикалық, мысалы, газет журналистикасы журналистке қажет барлық дағдыларды қамтиды. Әдетте, сабақтар тәжірибеден өтуді қамтиды, дегенмен жұмыс тәжірибесінің болуы көбінесе оқу курсына жазылудың шарты болып табылады. Бір мән беретін дерек, колледждерде арнайы оқу бағдарламалары бар, мәселен Журналистика, Дизайн және Сән индустриясындағы жарнамалық курстарды Лондон сән колледжі ұсынады. Бұл дегеніміз журналистиканың салалық оқыту бағытының дамығанын көрсетеді.

БАҚ-тың дамуына жаңа технологиялардың белсенді ықпал етуі кезеңінде және жұмыспен қамту саласындағы өткір бәсекелестік жағдайында құны үнемі өсіп отыратын сапалы ақпарат журналистен ақпарат алу және оған тиісті форма беру қабілетін талап ете бастады. Журналистің жалпы мәдениеті жоғары болуы керек, осы себепті де Француз журналистика мектептері жалпы білім беретін пәндерді оқыту деңгейін арттыруға күш салуда.

Француз баспасөз институтында журналистерді даярлау мәселесіне келсек, бірінші семестрде студенттер БАҚ құқығы, экономика, тарих, әлеуметтану, баспасөз ательесі, шет тілін оқиды. Студенттер курстық жұмыстарды жазуға міндеттеледі.

Екінші семестрде келесі пәндерді игеру қарастырылған: БАҚ құқығы; БАҚ-тағы басқару; Журналистика тарихы; Коммуникация теориясы; Бейнелеу семиологиясына кіріспе; Аудиовидео ателье; Шет тілі. Осы кезеңде екі курстық жұмыс жазылады. Екінші семестрдің соңғы кезеңі тағылымдамадан өтеді, оның нәтижелері бойынша есеп дайындалады.

Соңғы жылдары Францияда журнал кезеңдерінің қарқынды дамуымен байланысты тар тақырыптық мамандандырудағы журналистерді дайындау үрдісі пайда болды.

Жаңа технологиялар мамандық тәжірибесін түбегейлі өзгертеді және оларды игеруге үлкен мән беріледі. Сонымен қатар, журналистің жалпы мәдениетін арттыру қажеттілігі күн тәртібіне қойылады. Бұл неғұрлым құзыретті және жауапты журналистерді кәсіби қызметке дайындауға мүмкіндік береді.

Еуропа, АҚШ және Қытай елдеріндегі журналистерді кәсіби даярлау жүйесі мен практикасын талдау негізінде келесідей негізгі тұжырымдар жасауға болады:

- бүгінгі таңда әлемде университеттік дайындық формасы басым. Журналистік мамандыққа университеттік, академиялық көзқарас қалыптасты;

- екі деңгейлі жүйемен қатар, жекелеген елдерде, атап айтқанда Франция мен Испанияда ұлттық ерекшеліктерді, оқу ұзақтығын, орта мектептегі дайындық деңгейі мен сапасын, отандық медиа индустрияның сұраныстарын, еңбек нарығының ерекшелігін ескеретін журналистік білім берудің басқа да модельдері бар;

- кәсіби білім беру процесінде журналистерді іргелі даярлауға, ауқымды гуманитарлық багажды, яғни кең ой-өрісті, эрудицияны, мәдениеттің жоғары деңгейін қалыптастыруға зейінді күшейту үрдісі байқалады;

- журналистика, шығармашылық және технологиялық пәндер бойынша жалпы гуманитарлық және кәсіби, тарихи және теориялық курстарды қамтитын оқу жоспарлары әзірленген;

- көптеген елдерде университеттерден басқа, әр түрлі медиа ұйымдар құратын іс жүзінде бағытталған журналистика мектептерінің жүйесі бар;

- Белсенді модернизацияланатын медиаиндустрия және осы саладағы технологиялық прогрестің жоғары қарқыны жағдайында журналист жұмысының сипаты жоғары технологиялық қабілетке тәуелді екенін жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан барлық дерлік жоғары оқу орындарында медиаөндірісте қолданылатын техника мен технологияны (ең алдымен цифрлық) зерттеуге ерекше назар аударылады және сәйкесінше уақыттың үлкен ресурсы осы бағытта жұмсалады [1].

Бұл тұжырымдамаларда біз назар аударатын мәселе – журналистік білім беру саласында медиаиндустрияға қажетті технологиялық қабілеттер мен машықтарды қалыптастыру бағытындағы пәндердің көбейгені және маман даярлау негізінде технологиялардың белсенді қолданыла бастауы. Сонымен қатар АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық институтының журналист мамандар тәжірибесін атап өткіміз келеді [2], өйткені оларда бұл саладағы білім беру екі бағытқа бөлінген, яғни шығармашылық және технологиялық. Біз жоғарыда айтып отырған, студенттердің технологиялық қабілетін арттыруға айрықша мән беріледі және оқу бағдарламалары сәйкесінше екі жүйеге негізделген.

Университтік білім негізі академиялық білім беруде жатыр. Ал академиялық білім берудің шыңы – заман алға тартқан мәселелердің шешімін табатын ғалымдар даярлай білу. Зерттеу университеері үшін академиялық қарым-қабілетті игеру бірінші кезекте тұрады. Сондықтан жоғары білім беру үрдісін басқа балама кәсіби білім көздерімен алмастырғанда осы жүйелілікті естен шығармаған дұрыс.

Әлемнің дамыған елдерінде кәсіби маман даярлаудың 2 үздік үлгісі қолданылады, атап айтар болсақ: университеттік (ұзақмерзімді оқыту формасы) және тәжірибелік (қысқамерзімді оқыту формасы).

Жоғары білім талапкерлерге өзі таңдаған саладағы әртүрлі бағыттарды зерттеуге және сынап көруге, кең теориялық және практикалық дайындық алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Ұлыбританияның 60 Жоғары оқу орны коммуникация мамандарын дайындайды, ал Францияда 10 ЖОО журналистерді әзірлейді. Бұл дегеніміз әлемде университтік білімге деген сұраныс өте жоғары деген сөз.

Францияның университеттік жүйесі қазақстандық жүйеден өзгеше, айырмашылығы – студентке 2 жыл оқығаннан кейін бірінші диплом алуға мүмкіндік береді. Әрі қарай студент оқуын тоқтатып, оны университетте жалғастыра алады немесе басқа оқу орнына ауыса алады. Ол жерде басқа оқу бағдарламасын таңдап, оқу жоспарын сәтті орындаған кезде келесі дипломның иегері болады. Осылайша, әркім өзіне сәйкес жүйені таңдай алады.

Германияда журналистік кадрларды даярлаудың екі моделі дәстүрлі болып табылады: теориялық-практикалық (ғылыми, университеттік) және практикалық (журналистика мектептерінде) [5]. Бірінші үлгіге неміс университеттерінің журналистика институттарында немесе публицистика институттарында журналистика практиктері мен зерттеушілерін ұзақмерзімді оқыту жүйесі кіреді.

Ал, журналистік білім берудің тәжірибелік моделіне дәстүрлі түрде журналистика мектептері мен медиа-концерндерге тиесілі оқу орталықтары жатады. Қазір Германияда ондаған журналистерді даярлау орталықтары, сондай-ақ медиа-концерндермен байланысты журналистік шеберлік мектептері және штаттан тыс немесе ерікті журналистерді оқыту курстары жұмыс істейді.

Қорытынды. Жоғарыда айтып отырған шетелдік жоғары оқу орындарының кәсіби маман даярлау тәжірибесінен біздің де үйренер тұсымыз бар дер едім. Мәселен, бізде көбінесе маман даярлаудың ғылыми және университеттік моделі жақсы дамыған, ал тәжірибелік бағытта қысқамерзімді оқыту жүйесі қарқынды дамып отырған жоқ, әсіресе гуманитарлық білім беруде. Сондықтан бұл мәселені жүйелі дамытуға көңіл аударған дұрыс дер едім. Алайда, болашақ кәсіби маман даярлау мәселесін бір жақты емес, жан-жақты дамытқан дұрыс. Елімізде университтік білім берумен қатар, кәсіби бағытта оқытудың балама көздері болғаны жөн.

Біздің еліміздің журналистік білім беру бағыты европалық университеттер стандарттарымен өте ұқсас. Бірақ бір ескеретін мәселе, олардағыдай маман даярлаудың практикалық бағдарланған жүйесі біздің оқу бағдарламаларымызда аса ескерілмеген, атап айтар болсақ, «Журналистік шеберлік» және «Журналист шеберханасы» атты курстар бағдарламаларға белсенді түрде енгізілмей отыр [6].

Ал салалық журналистиканы дамыту мәселесіне тоқталсақ, біздің еуропалық білім беруден ерекшелігіміз, бізде салалық бағытта оқыту бакалаврда басымдық танытып отыр.

Жоғарыда дамыған елдерде медиа ұйымдар құратын іс жүзінде бағытталған журналистика мектептерінің жүйесі бар дедік, бұл орайда біздің елімізде де жаңа бастамалар бой көтере бастады, мәселен, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2022 жылдың күзінен бастап «Медиамектеп» ашып [3], журналист мамандарды тәжірибелік тұрғыдан машықтандыру мәселесін шешуге белсене кірісіп кетті. Тағы бір баса айтатын мәселе, біздің еліміздің жоғары оқу орындары журналист мамандарын даярлауда өз зертханалары мен шығармашылық лабораторияларының техникалық жабдықтауына үлкен мән беріп, бұл бағытта қарқынды жұмыстар атқарса дұрыс болар еді.

Қорыта келе айтарымыз, еліміздегі журналистік білім беру саласы заман көшінен қалмай, нарық сұранысын ескере отырып, білім берудің инновациялық әдіс-тәсілдерін қолдануға күш салуда.

ӘДЕБИЕТТЕР

[1] Инновационные подходы к проектированию основных образовательных программ по направлению подготовки высшего профессионального образования «Журналистика» / Под ред. профессора Я.Н. Засурского. Авторы-разработчики Л.Г. Свитич, А.А. Ширяева. – М.: Изд-во МГУ, 2007. – 256 с., 22-25 c., 78-79 c.

[2] https://www.mit.edu/ /Электрондық ресурс/

[3] https://qazaqstan.tv/mediamektep / электрондық ресурс/

[4] Формирование профессиональной идентичности студентов-журналистов в образовательном процессе университета [Электронный ресурс] / Н. С. Авдонина; Сев. (Арктич.) федер. ун-т. — Электронные текстовые данные. — Архангельск: САФУ, 2020. — 105-107 c.

[5] Новостная интернет-журналистика: учебное пособие [электронный ресурс] / Н. С. Авдонина. — 1-е изд. — Сер. 76. Высшее образование. — Москва: Издательство Юрайт, 2021. — 171 c.

[6] L. Y. Huang and Y. C. Yeh, “Meaningful gamification for journalism students to enhance their critical thinking skills,” International Journal of Game-Based Learning, vol. 7, no. 2, 2017. 45-48 бб.

REFERENCES

[1] Innovative approaches to the project of the main educational programs for the direction of training of higher professional education "Journalism" / Ed. professor ya. n. Zasursky. The author is razrabotchiki L. G. Svitich, A. A. Shiryaeva. – M.: izd-Vo MGU, 2007. - 256 pp., pp. 22-25, pp. 78-79 pp.

[2] https://www.mit.edu / / electronic resource/

[3] https://qazaqstan.tv/mediamektep / electronic resource/

[4] Formation of the professional identity of student journalists in the educational process of the University [Electronic resource] / N. S. Avdonina; Sev. (Arctic) feder. un-T. — Electronic text data. Arkhangelsk: SAFU, 2020. - 105-107 p.

[5] Online news journalism: a textbook [electronic resource] / N. S. Avdonina. — 1st ed. — Ser. 76. Higher education. — Moscow: Yurait Publishing House, 2021. — 171 p.

[6] L. Y. Huang and Y. C. Yeh, “Meaningful gamification for journalism students to enhance their critical thinking skills,” International Journal of Game-Based Learning, vol. 7, no. 2, 2017. 45-48 бб.

Ошанова О.Ж.

КазНУ имени аль-Фараби,

г.Алматы, Казахстан

ОБУЧЕНИЕ ЖУРНАЛИСТИКЕ И ИННОВАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ

Аннотация. В этой статье речь пойдет о традиционных и новаторских методах обучение журналистике в Казахстане и в некоторых развитых странах мира. Всесторонне обсуждаются новые требования и процессы адаптации предъявляемые в связи с современными требованиями и технологическими изменениями в сфере профессионального образования. Также будет проанализирована специфика и сопоставимость образовательного направления журналистике в европейских и американских университетах по сравнению с нашими казахстанскими учебными программами. Вместе с тем будут озвучены какие модернизации и кардинальные повороты необходимы в этой сфере.

Ключевые слова: обучение журналистике, инновационный подход, технологии, глобализация.

Oshanova O.Zh.

Kazakh National university named at al-Farabi

Almaty, Kazakhstan

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

JOURNALISM TRAINING AND INNOVATIVE TECHNOLOGIES

Annotation. This article focuses on traditional and innovative approaches on journalism training in Kazakhstan and other developed countries. The study provides a detailed discussion on the contemporary requirements and adaptation processes in the professional education field in response to modern technological changes. The analysis will compare European and American journalism training directions with Kazakh curricula, highlighting the need for modernization and fundamental changes in this area.

Keywords: journalism training, innovative approach, technology, globalization

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.