Научная статья на тему 'КОНЦЕПЦИЯ СВОБОДЫ В ФИЛОСОФИИ'

КОНЦЕПЦИЯ СВОБОДЫ В ФИЛОСОФИИ Текст научной статьи по специальности «Философия, этика, религиоведение»

CC BY
13
6
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Ключевые слова
Философия / свобода / идея свободы / человек / бытие / воля / знание / компетентность / Philosophy / freedom / the idea of freedom / man / being / will / knowledge / competence

Аннотация научной статьи по философии, этике, религиоведению, автор научной работы — Тугелбай Айбек Абдигаливич, Арашова Набат Кожабилмесовна

В философии философия свободы-одна из самых актуальных и интересных проблем. Со временем актуальность проблемы свободы становилась все более актуальной и рассматривалась с новых сторон. Оглядываясь назад на историю философии, можно сказать, что проблема свободы в ней многогранна, потому что, хотя человек одновременно является биологическим видовым проявлением, а не свободным и свободным, с другой стороны, он ограничен социально-правовыми отношениями. Несмотря на значительное количество этих определений история, единого представления о свободе не сформировалось. Потому что свобода-понятие реальное и относительное. Разница, степень свободы в понятиях западного и восточного мировоззрения также различна. С западной точки зрения феномен свободы связан с категорией личного выбора и воли человека, тогда как с восточной точки зрения это явление определяется свободой государства, страны и народа. В статье раскрывается смысл философских взглядов, определяющих свободу. Объясняются определения, данные философами. Определения варьируются от произвольности до осознанной необходимости. Вопрос свободы в XXI веке следует рассматривать как главную ценность человеческого существования в современном обществе. При этом особую роль играет взаимодействие между людьми. Если рассматривать с точки зрения содержания внутренней свободы человека, то в условиях современной социокультурной модернизации высока роль ответственности в ее проявлении в виде свободы выбора. А в контексте нашей эпохи мы считаем, что понятие свободы-это компетентность и знания, ведущие к духовной и материальной, юридической свободе человека.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

THE CONCEPT OF FREEDOM IN PHILOSOPHY

In philosophy, the philosophy of freedom is one of the most relevant and interesting problems. Over time, the relevance of the problem of freedom became more and more relevant and was viewed from new angles. Looking back at the history of philosophy, we can say that the problem of freedom in it is multifaceted, because although man is simultaneously a biological species manifestation, and not free and free, on the other hand, he is limited by socio-legal relations. Despite the significant number of these definitions of history, a single idea of freedom has not been formed. Because freedom is a real and relative concept. The difference, the degree of freedom in terms of Western and Eastern worldviews is also different. From the Western point of view, the phenomenon of freedom is associated with the category of personal choice and human will, whereas from the eastern point of view, this phenomenon is determined by the freedom of the state, country and people. The article reveals the meaning of the philosophical views that define freedom. The definitions given by the philosophers are explained. Definitions range from arbitrariness to perceived necessity. The issue of freedom in the 21st century should be considered as the main value of human existence in modern society. At the same time, interaction between people plays a special role. If we consider it from the point of view of the content of human inner freedom, then in the conditions of modern socio-cultural modernization, the role of responsibility in its manifestation in the form of freedom of choice is high.

Текст научной работы на тему «КОНЦЕПЦИЯ СВОБОДЫ В ФИЛОСОФИИ»

ӘӨЖ 1:123 (045)

DOI 10.56525/DORW5542

ФИЛОСОФИЯДАҒЫ ЕРКІНДІК

КОНЦЕПЦИЯСЫ

*Н.К. АРАШОВА

Ш. Есенов атындағы Каспий

технологиялар және

инжиниринг университеті

E-mail: nabat.arashova@yu.edu.kz

А.Ә. Тугелбай

Ш. Есенов атындағы Каспий

технологиялар және

инжиниринг университеті

E-mail: aibek.tugelbay@yu.edu.kz

*Коресспондент авторы: nabat.arashova@yu.edu.kz

Аңдатпа. Философияда еркіндік философиясы ең өзекті, ең қызықты мәселелердің бірі. Уақыт өткен сайын еркіндік мәселесінің өзектілігі одан сайын арта түсті және жаңа қырлардан қарастырыла бастады.

Философия тарихына көз жүгіртсек, ондағы еркіндік проблемасы сан қырлы, өйткені адам бір мезгілде еркін әрі еркін емес, бір мезгілде биологиялық түр көрінісі болғанымен, екінші жағынан әлеуметтік-құқықтық қатынастармен шектеледі. Сол себепті де еркіндік термині анықтамалар мен өзгеріске түсіп отырды. Бұл анықтамалардың айтарлықтай санына қарамастан тарих, еркіндік туралы бірыңғай түсінік қалыптаспады. Өйткені еркіндік нақты және салыстырмалы ұғым. Батыс пен шығыс дүниетанымының ұғымындағы еркіндіктің айырмашылығы, дәрежесі де әртүрлі. Батыстық көзқараста еркіндік құбылысы адамның жеке таңдауы, еркі категориясымен байланыстырылса, шығыстық көзқараста бұл феномен мемлекеттің, елдің, халықтың азаттығымен айқындалып келді. Ал біздің дәуір контексінде еркіндік ұғымы адамның рухани және материалдық, заңдық тұрғыда еркін болуына апаратын құзыреттілігі мен білімділігі деген ойдамыз.

Кілт сөздер: Философия, еркіндік, еркіндік идеясы, адам, бостандық, болмыс, ерік, білім, құзыреттілік

Кіріспе. Әлемдік қоғам дамуының қазіргі кезеңі ақпараттық технологиялардың дамуымен және рухани құндылықтардың дағдарысына байланысты терең әлеуметтік-мәдени жаңғырулармен сипатталады. Осы процесс нәтижесінде адамзаттың өмір сүруі және рухани әлемін сақтау проблемалары туындайды. Мәдениетаралық әрекеттесу шекаралары кеңейген сайын жаңа сапаға ие болып, адамдардың жалпы өмірлік бағдарларын қалыптастыру процесіне, олардың өзін-өзі тануға, тәуелділік пен мәжбүрлеуден босауына ықпал етеді.

Саяси және рухани өмірдің өзегі болып табылатын еркіндік, бостандық мәселесі алдыңғы орынға шығып, еркіндікке жету дәрежесі қазіргі қоғамның өркениеттілігі мен демократиясының және оның жалпы мәдени дамуының басты өлшеміне айналды. Еркіндіктің күрделілігі мен сәйкессіздігі, оның қабілеттілігі әлеуметтік-мәдени факторлардың әсерінен болған өзгерістер бұл құбылысты теориялық тұрғыдан зерттеуді қажет етті.Осылайша, айтылған мәселенің ғылыми, теориялық және практикалық маңызы бар, бұл зерттеу тақырыбын, оның объектісі мен пәнін таңдауды анықтады.

Еркіндік мәселесін философиядағы мектептердің әр түрлі түсініктерімен түсіндіруге болады. Мәселен, еркіндік мәселесін зерттеу шетелдік зерттеушілердің көпшілігінің зерттеу тақырыптарына айналды. Сол себепті де жұмыстардың көп бөлігі осы құбылыстың онтологиялық және аксиологиялық аспектілерін ашатын «еркіндік» ұғымының мазмұнын жалпы теориялық талдауға арналған. Антикалық, Орта ғасырлар, Қайта өрлеу дәуірінің философтары еркіндік мәселесіне ерекше назар аударды. Олардың қатарында Аристотель, Эпикур, Ф. Аквинский, Н. Макиавелли, Эразм Роттердамский және басқалар бар.

«Ал бұл мәселені адамгершілік категориясы ретінде қалыптасуына жаңа заман философтары мен неміс классикалық философиясы елеулі үлес қосты: Р.Декарт, Т.Гоббс, Б.Спиноза, И.Кант, Г.Гегель. Еркіндікті иррационалдық принцип ретінде қарастыратын классикалық емес философия өкілдерінің ішінде А.Камю, Ф.Ницше, Ж.П.Сартр, М.Хайдеггер, С.Фрейд, Э.Фромм, А.Шопенгауэр және т.б. атап өту керек. Бостандықтың моральдық негіздерін зерттеуге орыс философтары да үлкен үлес қосты: H. A. Бердяев, И.А.Ильина, С. А. Левицкий, Л. Н. Толстой бар» [1].

Еркіндіктің мәнін негіздеудің алғашқы талпыныстары Ежелгі Шығыс пен Антикалық дәуірдің философиялық ілімдерінде жасалды. Сократ, Платон және Аристотель еңбектерінде еркіндік адамгершілік категория ретінде адам қызметінің призмасы арқылы қарастырылған еді. Ортағасырлық философияда рухани-адамгершілік мәселелер аспектісінде еркіндікті тереңірек түсінуге тырысып, еркіндік мәселесіне діни көзқарасты әкелді және бекітті. Қайта өрлеу дәуірінде еркіндік туралы антропоцентристік түсінік дамыды, өз қабілетіне сенімді еркін адам алға шықты (Н.Макиавелли, Эразм Роттердамский, т.б.). Қайта өрлеу дәуірінің еркіндік рухы мәдениет пен қоғамның даму тенденцияларымен, антикалық құндылықтарды зерттеу, игеру және бірегей түрде жүзеге асыру қажеттілігімен анықталды.

Еркіндік мәнін бостандық ұғымымен шатастырмаған жөн. Еркіндіктен айырмашылығы, бостандық адамның құқықтық және моральдық нормалар мен заңдар шеңберіндегі әрекеттерін көздейді. Адам қоғамда сақталуы тиіс белгілі бір заңдар, нормалар, қағидалар, дәстүрлер бар екенін және олардың шеңберінде еркін әрекет ете алатынын және қажет екенін түсінуі керек «Адамгершілікті адам өз іс-әрекетінің мазмұнын өзіне және өзіне күшке ие қажетті нәрсе ретінде таниды және бұл оның бостандығына аз зиян келтіретіні сонша, соңғысы, керісінше, осы сананың арқасында ғана нақты және мағыналы бостандыққа айналады. ..»[2] Егер әркім өз қалауы бойынша әрекет етсе, бұл бейберекеттікке және түптеп келгенде қоғамның ажырамас әлеуметтік құрылым ретінде жойылуына әкелер еді.

Бүгінгі еркіндікті шектейтін факторлар қандай? Еркіндікті қандай тұрғыдан қарастырсақ та толығымен еркін болуға кедергі болатын нәрсе туындайды. Философияда еркіндікті шектейтін факторлардың екі тобы бар:

1)Табиғи-биологиялық-негізгі қажеттіліктермен байланысты: ұйқы, тамақ, су. Табиғатқа байланысты біз адами ресурстарымызды үнемі есте ұстауымыз керек, оларды толықтырусыз біз мақсатқа жете алмаймыз.

2)Әлеуметтік факторлар – олар біздің әлеуметтік табиғатымыз бен қоршаған ортамызға байланысты. Бұған қоғамда белгіленген ережелер жатады, адамның ойына келгеннің бәрін жасамауға мәжбүрлейді. Бұған әлеуметтік нормалар, сән, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, құқықтар мен заңдар жатады.

Мемлекет қоғамның мінез-құлқын заңдар арқылы реттейді, бұл жеке таңдауды да шектейді. Сондықтан еркіндік салыстырмалы және оған толық ие болу мүмкін емес. «Еркіндік екі типке: позитивті еркіндік және теріс (негативті) еркіндік болып бөлінеді. Теріс (негативті) еркіндік «мен ешкімге құл емеспін» және позитивті еркіндік «мен өз-өзіме қожайынмын» арасындағы айырмашылық кейде бір нәрседен «еркіндік» пен бір нәрсе істеуге «еркіндік» арасындағы айырмашылықтар тұрғысынан көрінеді. Позитивті еркіндік-бұл адамның потенциалының жеткілікті болуы және өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін ресурстардың болуы. Негативті еркіндік сыртқы шектеулерден және басқа адамдардың қысымынан азат болу. Осы тұрғыдан, негативті еркіндік дегеніміз бұл шектеуден еркіндік болса, позитивті еркіндік дегеніміз ол әрекет ету еркіндігі болады.»[3]

Түптеп келгенде еркіндік туралы айтылған анықтамалардың көпшілігінде абсолют еркіндік ұғымы жоқ екенін тұжырымдалады. Ұғымның зерттелер аспектілерінің де көптігін ескеретін болсақ, еркіндік терминінің көп жағдайда өзі негізгі мәселе емес, керісінше негізгі мәселенің сыны мен сипатын баяндайтынын түсінеміз. Адам санасының еркіндігі, іс-әрекетінің еркіндігі, саяси еркіндік, ерік-жігер еркіндігі және тағы басқалар. Мұның астарына үңілсек, кез келген еркіндікті жағдай адамның сол ситуацияда өзіне оңтайлы шешім қабылдауы оның еркіндігінің алғышарты екенін көре аламыз. Яғни, адамның құзыреттілігі, біліктілігі оның еркін болуына апаратын негізгі қадам деген пікірдеміз.

Материалдар мен зерттеу әдістері. Мақаланың теориялық және әдіснамалық негізін әлемдік және орыс философия классиктерінің еңбектері, сондай-ақ «еркіндік» феноменінің мәні ашылған қазіргі философтардың еңбектері құрайды. Зерттеудің теориялық негізіне Фромм, Н.А.Бердяев, еңбектері алынды.

Зерттеу нәтижелері. Еркіндік ұғымы классикалық философиялық мектептердің әрқайсында әртүрлі жіктелген. Басты себебі - әр кезеңдегі әлеуметтік сананың ұстанымы. Тағы бір айта кететін мәселе, ұғымның нақты ортақ тұжырымы болмағандықтан, қолданыс аясы халыққа және жеке тұлғаға да байланысты орын алып отырған. Ортақ бір сипатты ерекше атап көрсетуге болады. Ол абсолют еркіндіктің жоқтығы. Зерттеу аспектілері көп екендігін назарға ала отырып, бұл мәселені сананың сипаты деген ойды ұсынғымыз келеді. Себебі, халықтың санасы, адамның санасындағы ой, қиял, іс-әрекет сипаты еркін болуы мүмкін. Ал әлеуметтік ортада айтылатын еркіндік, заңдық тұрғыдан шектеледі. Бұл еркіндік терминін емес, көбінесе бостандық ұғымына жақынырақ. Мәселен, адамның ойы еркін. Оған тұсау жоқ. Заңмен де шектелмейді. Ал адамның күнделікті іс-әрекеті заң аясында тарылатындықтан бұл жерде еркіндік ұғымын қолдану негізсіз. Сол секілді еркіндік халықтың санасында жүзеге асады. Отар ұлттар мен тәуелсіз мемлекеттерді салыстырсақ, көп жағдайда тәуелсіз мемлекеттердің азаматтарының санасы еркіндік үғымын айшықтап, айқындай түседі. Іс-әрекеті мен ойынан көрініс табады. Бұл жерде біз Карл Маркстың тұжырымымен келісе аламыз.

Жалпы Қайта өрлеу дәуірін сипаттай отырып, еркіндік түсінігі негізінен үстірт болды, ол туралы ілімдер үзік-үзік және тұтас емес болды деп айта аламыз. Осыған қарамастан, қоғамдық еркіндік туралы ғылыми ізденістер жасауға талпыныстар жасалды, өйткені еркіндіктің моральдық жағын дін анықтады. «Қайта өрлеу дәуірі және Жаңа заман ойшылдары орта ғасырлық ойдан арылып, адам еркіндігін дәріптеуге ұмтылады. Еркіндік ұғымын индивидтің басқа адамдармен, қоғаммен қатынасы тұрғысынан қарастырып, оны жоғарғы адамдық құндылықтық деңгейіне көтерді» [4]. Ал қазіргі философияда еркіндіктің жекелеген аспектілерін, сондай-ақ оның «қажеттілік» және «жауапкершілік» санаттарымен байланысы жиірек зерттелу үстінде. Бұл зерттеулерде еркіндік мәселесінің сан қыры әртүрлі көзқарастар тұрғысынан зерттелген, сондықтан еркіндікті философиядағы мектептердің әр түрлі түсініктерімен түсіндіруге болады. Біздің қарастыруымыздағы қазіргі әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі еркіндік мәселесі қоғамды ақпараттандыру процестерінің ерекшеліктерін көрсететін және әртүрлі формаларда көрінетін иеліктен шығару құбылысымен байланысты.

Біздің зерттеуіміз үшін еркіндіктің анықтамасы ерекше маңызға ие. Сондықтан алдымен бірқатарына тоқталып өтеміз. Мәселен, бихевиоризм беретін тұжырымдамада еркін таңдаудың болуы жоққа шығарылады. Яғни, адам не істеу керектігін өз бетінше таңдай алмайды. Адамның алдын-ала белгіленіп қойылған таңдауы бар, бұл жерде еркіндікке орын жоқ. Еркіндікті адамның баламаны еркін таңдау мүмкіндігі ретінде, ішкі немесе сыртқы мәжбүрлеу салдарынан емес, өз идеялары мен тілектеріне сәйкес ойлау және әрекет ету мүмкіндігі ретінде түсіну жеке адамға рухани еркіндік алуға, адамның өзін табуға мүмкіндік береді.

Эрих Фромм қазіргі қоғам жағдайында адам «еркіндік алудан қашады» деп жазған, өйткені онымен бірге адам жауапкершілігі де жоғары дәрежеде болады. Сол себепті өз тағдырымызды өзіміз шешетін дәуірде біз саналы түрде одан бас тартамыз. Өйткені адам баласы шешім қабылдағаннан кейін болатын салдарынан қашады. Егер басқа адам біздің орнымызға қабылдағанда, бізде әрқашан «мен кінәлі емеспін, мені мәжбүр етті» деп айтуға мүмкіндігі бар. Ал өз бетімізше шешім қабылдауға тәуелсіз және еркін болған кезде, біз өз шешімдерімізге тек өзіміз жауап береміз.

Кейде адамдар жауапкершілікті басқалардың мойнына жүктеу арқылы еркіндіктен бейсаналы түрде қашады. Адам бостандығы туралы зерттеулер жүргізген Э. Фромның пікірінше, бостандықтан бас тартудың немесе қашудың басты себебі - адамның қорқынышы. Өз қабілеттеріне деген сенімсіздігі, өзінің елеусіздігін сезінуі. Осы тұрғыда Эрих Фромның пікірімен орыс ғалымы Бердяевтің пікірі бір-біріне жақын келеді. Бердяевтің философиялық көзқарастары тарихи процестің жеке басы мен бостандығы мен мағынасы туралы өзіндік тұжырымдамаларға негізделген. Бердяев индивидуализм құндылықтарының жақтаушысы. «Шындық мәселесінің, еркіндік проблемасының, жеке тұлғаның проблемасының шынайы шешімі-бұл барлық философия үшін нағыз сынақ», - деп санаған.

Бердяевтің пікірінше еркіндік адамдар үшін пайдасыз. Егер ол адамның мәнін құраса, онда ол міндет ретінде әрекет етеді; адам өзінің бостандығымен құлдықта болады. Ол адам көтеретін ауыр жүк. Ол өзінің іс-әрекеті мен әлемде болып жатқан оқиғаларға жауап береді: «Еркіндік - бұл менің тәуелсіздігім және менің жеке басымның анықталуы... менің алдымда тұрған жақсылық пен жамандықты таңдау емес, жақсылық пен жамандықты жасау, - дейді автор. - Таңдау күйінің өзі адамға қысым сезімін тудыруы мүмкін дейді. Бердяев еркіндікті «жеңілдік ретінде емес, қиындық ретінде» қабылдайды. «Бостандық азапты тудырады, ал бостандықтан бас тарту азапты азайтады дейді ғалым. Яғни, адамға еркіндік ауыртпалық әкеледі. «Шындық мәселесінің, еркіндік проблемасының, жеке тұлғаның проблемасының шынайы шешімі - бұл барлық философия үшін нағыз сынақ. Шындық, еркіндік, тұлға мәселелерін шешуге немесе осы мәселелерді жалған шешуге дәрменсіздік-философияның жаман қасиеттерінің, оның ішкі импотенциясының, өзі таңдаған жолдың жалғандығының сенімді көрсеткіші. Бұл философия күдікті, ол үшін шындық - елес, еркіндік - елес, тұлға да — елес. Бұл философияға сенбеңіз, басқасын іздеңіз» [5]

Экзистенциализм өкілдерінің бірі Мартин Хейдеггер адамды қорқыныш басқарады дейді. Қорқыныш бізді конвенциялардан бас тарту арқылы әрекет етуге және әрекет үшін жауапкершілікті өзімізге жүктеуге итермелейді. Экзистенциализмнің тағы бір көрнекті өкілі Карл Ясперс еркіндік қасиет емес, оның мәні екенін айтты. Бұдан шығатын қорытынды еркіндік сөзін айқындайтын анықтама оны алға тартқан адамның(философтың) тарихи уақыты мен дүниетанымына байланысты өзгеріп отырған.

Ал Гегель құқықты азаматтардың еркіндігін жүзеге асырудың қажетті формасы деп түсінеді. Басқаша айтқанда, құқық қоғамдағы еркіндіктің шекараларын анықтайды. Құқық қоғамдардағы еркіндіктің бір алғышарты түрінде өмір сүреді.

Қазіргі таңдағы еркіндік үғымы жауапкершілікпен, ал ол өз кезегінде қарым-қатынаспен тығыз астасып жатыр, өйткені ол адамдар арасындағы қарым-қатынаста жүзеге асады. Жауапкершілік адамның өз тәжірибесін бағалауға сәйкес өз еркімен жасаған еркін таңдауымен де байланысты. Еркіндік пен жауапкершілік ұғымдарын теориялық тұрғыдан түсіну қазіргі әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі еркіндіктің көріну ерекшеліктерін түсіндіруге мүмкіндік береді. Коммуникация кезінде адам көбінесе «өзін таңдауға», яғни өз көзқарасын қорғауға мәжбүр болады. Демек, басқа адамдардың пікірлері мен әрекеттеріне қайшы келеді немесе керісінше, басқалардың пікірлері мен әрекеттерін қабылдайды. Бірінші жағдайда ішкі еркіндіктің көрінісі, екіншісінде адамның жеке даралығы мен ішкі еркіндігін басып тастайтын конформизмнің көрінісі деген сөз. Қазіргі білім мен тәрбие адамның өзіндік даралығын меңгеруде үлкен рөл атқаруы керек. Оқу-тәрбие процесінің тұлғаның жеке интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерінің көрінуіне бағытталуы дербес тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді, ал өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі бекіту жолы «өзін-өзі таңдау» қажеттілігін жүзеге асыруға мүмкіндік береді».

Сондай-ақ отандық философ Ғарифолла Есімнің «Сана болмысы» еңбектеріндегі көптеген идеялар осы еркіндік мәселесімен астасып жатқанын, үндесетінін байқауға болады. Сана болмысының еркіндігі мемлекет пен ұлттың дамуында орны өте зор. Ұлттың дамуы, өркендеуі немесе жойылуына осы еркіндік ұғымының ықпалы бар. Қазақстанның отарлық кезеңіндегі ұлттың сана болмысының сипаты еркіндікпен сипатталуы қисынсыздау,(бұл жерде жалпы тобыр мәселесі, жекелеген ірі тұлғалар көрінісінде емес) нәтижесінде мемлекетіміздің дамуының кенжелеуі орын алды. Яғни еркіндік ұғымы болмаған жерде өркендеу жоқ. Халықтың ойы бағынышты болғандықтан, дамуы күрделене түсті. Бұл еркіндік мәселесінен туындайтын өз алдына бөлек мәселе.

Қорытынды. Қорытындылай келе ең алдымен, еркіндік ұғымының әлеуметтік ұғым екенін атап өткеніміз жөн. Мәселен, хайуандар мен жануарларда еркіндік жоқ. Олар табиғаттың бір бөлігі және еркіндікке мұқтаж емес. Осы орайда Карл Маркстің қызықты тұжырымы бар. «Жануар, - деп жазады К. Маркс, - оның тіршілігі әрекетімен тікелей сәйкес. Ол өзінің өмірін әрекетінен бөлектемейді. Өмірі - әрекеті. Ал адам болса өзінің өмірлік іс-әрекетін санасының субъектісі етеді... Саналы тіршілік әрекеті адамды жануарлардың тіршілік әрекетінен ажырататын нәрсе»[6]. Адам еркіндікті сезінеді, өйткені оның әрекеті саналы. Яғни, еркіндік адамның санасынан туындайды. Адамның жеке еркіндігін абсолюттеу мүмкін емес, өйткені бұл көбінесе айналасындағылар үшін дұрыс емес. Мәселен, еркіндікті абсолюттеу зорлық-зомбылықтың өсуіне әкелуі мүмкін. (еркінмін деп ойына келгенді жасауы мүмкін, хаос тудырады) Осылайша, еркіндік жалпы қабылданған моральдық және құқықтық нормалар мен принциптерді міндетті түрде сақтай отырып, әлеуметтік топтардың, қабаттардың, таптардың, жеке тұлғалардың қызметін қамтиды.

Жоғарыда философия классиктері ұсынған кейбір еркіндік туралы ойларды келтірдік. Олардың өз шындығы бар, бірақ оларды дәуір контекстінде қарастыру керек. Біздің ойымызша, еркіндік – адамның физикалық және рухани әлеуетін көрсету мүмкіндігі. Адам неғұрлым еркін болса, соғұрлым оның материалдық және рухани құндылықтарды жасауға, рухани дүниесін байытуға мүмкіндіктері мол болады. Басқаша айтқанда, адамның адами қабілеттерін дамыту. Ал мұның бәрі негізінен адам өмір сүретін қоғамға байланысты.

Адамның ішкі еркіндігінің мазмұны тұрғысынан қарастыратын болсақ, заманауи әлеуметтік-мәдени жаңғыру жағдайында таңдау еркіндігі түрінде көрінісінде жауапкершіліктің рөлі жоғары. Сонымен қатар заманауи ақпараттық еркіндік, адамдар арасындағы еркін қарым-қатынасқа және адамның жеке басын ашуға ықпал етсе де, екінші жағынан, тұлғаның бөлінуіне, жалғыздыққа апарады. Мұның бірден-бір себебі ақпараттық коммуникацияда «кейбір ойдан шығарылған еркіндіктер» адамның қазіргі заманғы қоғамда шынайы еркіндікке ие болуына кедергі келтіруі.

Еркіндік біліммен тікелей байланысты. Адам объективті дүниенің заңдылықтарын, қоршаған табиғи және әлеуметтік шындықты неғұрлым көп білсе, соғұрлым оның еркіндікті болады, өйткені ол нақты шарттар шеңберінде ол өзі үшін ең оңтайлы шешім қабылдай алады. Сондықтан да Энгельстің «ерік бостандығы дегеніміз мәселені біле отырып шешім қабылдау қабілетінен басқа ештеңе емес»[7] деген пікірімен келіспеу мүмкін емес.

Еркіндік мәселесінің дамуының жоғары деңгейі еркіндік феномені ғылымның әртүрлі салаларында айтарлықтай зерттелгенін айтуға мүмкіндік береді. Алайда, осыған қарамастан, қазіргі трансформациялық процестер контексінде еркіндікті түсіну мәселесі жеткілікті түрде зерттелмеген, сондықтан біздің заманымыздың жағдайында еркіндік мәселесін айқындау қажеттілігі айтарлықтай дәрежеде өзекті. Қазіргі философиядағы еркіндік феномені бүгінгі қоғамдағы адам болмысының негізгі құндылығы ретінде қарастыру керек. Бұл ретте адамдар арасындағы өзара байланыс ерекше роль атқарады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Москаленко, Д.Н. Проблема свободы в истории европейской философии / Д.Н. Москаленко // Вестник Пятигорского государственного лингвистического университета. – Пятигорск: ФГБОУ ВПО «Пятигорский государственный лингвистический университет», 2012. – – № 2. – С. 333-336.

2. Гегель Г. В. Ф. Энциклопедия философских наук: в 3 т. – Т. 1. Наука логики. – М., 1974. – 337 б.

3. Әбдіраманова, А. Т. Еркіндік ұғымының мәні / А. Т. Абдираманова, Г. М. Ибраев.// Молодой ученый. — 2023. — № 13 (460). — С. 332-334.

4. Кант және Гегель философиясы. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. – Алматы: Жазушы, 2006. Т.8. – 520 б.

5. Бердяев Н.А. Философия свободы. Смысл творчества. М.:1986.-12 б

6. Маркс К., Энгельс Ф. Соч. – Т. 42. – 525 б

7. Маркс К., Энгельс Ф. Соч. – Т. 20. –116 б

REFERENCES

1. Moskalenko, D.N. Problema svobody v istorii evropejskoj filosofii / D.N. Moskalenko // Vestnik Pjatigorskogo gosudarstvennogo lingvisticheskogo universiteta. – Pjatigorsk: FGBOU VPO «Pjatigorskij gosudarstvennyj lingvisticheskij universitet», 2012. – – № 2. – S. 333-336.

2. Gegel' G. V. F. Jenciklopedija filosofskih nauk: v 3 t. – T. 1. Nauka logiki. – M., 1974. – 337 b.

3. Әbdіramanova, A. T. Erkіndіk ұғymynyң mәnі / A. T. Abdiramanova, G. M. Ibraev.// Molodoj uchenyj. — 2023. — № 13 (460). — S. 332-334.

4. Kant zhәne Gegel' filosofijasy. Әlemdіk filosofijalyқ mұra. Zhiyrma tomdyқ. – Almaty: Zhazushy, 2006. T.8. – 520 b.

5. Berdjaev N.A. Filosofija svobody. Smysl tvorchestva. M.:1986.-12 b

6. Marks K., Jengel's F. Soch. – T. 42. – 525 b

7. Marks K., Jengel's F. Soch. – T. 20. –116 b

Тугелбай Айбек Абдигаливич

Арашова Набат Кожабилмесовна

Каспийский университет технологии и инжиниринга имени Ш. Есенова

КОНЦЕПЦИЯ СВОБОДЫ В ФИЛОСОФИИ

Аннотация. В философии философия свободы-одна из самых актуальных и интересных проблем. Со временем актуальность проблемы свободы становилась все более актуальной и рассматривалась с новых сторон.

Оглядываясь назад на историю философии, можно сказать, что проблема свободы в ней многогранна, потому что, хотя человек одновременно является биологическим видовым проявлением, а не свободным и свободным, с другой стороны, он ограничен социально-правовыми отношениями. Несмотря на значительное количество этих определений история, единого представления о свободе не сформировалось. Потому что свобода-понятие реальное и относительное. Разница, степень свободы в понятиях западного и восточного мировоззрения также различна. С западной точки зрения феномен свободы связан с категорией личного выбора и воли человека, тогда как с восточной точки зрения это явление определяется свободой государства, страны и народа.

В статье раскрывается смысл философских взглядов, определяющих свободу. Объясняются определения, данные философами. Определения варьируются от произвольности до осознанной необходимости. Вопрос свободы в XXI веке следует рассматривать как главную ценность человеческого существования в современном обществе. При этом особую роль играет взаимодействие между людьми. Если рассматривать с точки зрения содержания внутренней свободы человека, то в условиях современной социокультурной модернизации высока роль ответственности в ее проявлении в виде свободы выбора. А в контексте нашей эпохи мы считаем, что понятие свободы-это компетентность и знания, ведущие к духовной и материальной, юридической свободе человека.

Ключевые слова: Философия, свобода, идея свободы, человек, бытие, воля, знание, компетентность

Tugelbay Aibek Abdigali

Arashova Nabat Kozhabilmesovna

Sh. Yessenov Caspian University of Technologies and Engineering

THE CONCEPT OF FREEDOM IN PHILOSOPHY

Annotation: In philosophy, the philosophy of freedom is one of the most relevant and interesting problems. Over time, the relevance of the problem of freedom became more and more relevant and was viewed from new angles. Looking back at the history of philosophy, we can say that the problem of freedom in it is multifaceted, because although man is simultaneously a biological species manifestation, and not free and free, on the other hand, he is limited by socio-legal relations. Despite the significant number of these definitions of history, a single idea of freedom has not been formed. Because freedom is a real and relative concept. The difference, the degree of freedom in terms of Western and Eastern worldviews is also different. From the Western point of view, the phenomenon of freedom is associated with the category of personal choice and human will, whereas from the eastern point of view, this phenomenon is determined by the freedom of the state, country and people.

The article reveals the meaning of the philosophical views that define freedom. The definitions given by the philosophers are explained. Definitions range from arbitrariness to perceived necessity. The issue of freedom in the 21st century should be considered as the main value of human existence in modern society. At the same time, interaction between people plays a special role. If we consider it from the point of view of the content of human inner freedom, then in the conditions of modern socio-cultural modernization, the role of responsibility in its manifestation in the form of freedom of choice is high.

Keywords: Philosophy, freedom, the idea of freedom, man, being, will, knowledge, competence

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.