Научная статья на тему 'Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру бойынша куратордың әзірлеуі'

Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру бойынша куратордың әзірлеуі Текст научной статьи по специальности «Науки об образовании»

CC BY
16
3
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Ключевые слова
ақпараттық технологиялар / бейнесабақ / педагог / білім алушы / артықшылықтар / информационные тех­нологии / видеоурок / педагог / обучающий­ся / преимущества / information technology / video lesson / teacher / student / advantages.

Аннотация научной статьи по наукам об образовании, автор научной работы — Сагумбаев Марат Калимканович, Журсиналина Гульсум Сайлаукановна

Қазіргі кезде колледж білімі әр адамның формалды оқытудың ең ұзақ кезеңін көрсетеді, сондай-ақ жеке жетістік және бүкіл елдің ұзақ мерзімді дамуының маңызды факторы болып табылады. Сабақтан тыс қызметтің маңызы мен мәні оқушының қабілеттерін, бейімділіктерін, қызығушылықтарын дамыту үшін қосымша жағдай тұғызумен және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен аяқталады.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

В настоящее время образование в колледже отражает длительный период формального обучения человека, а также является его личным достижением и важным фактором долгосрочного развития всей страны. Значение внеурочной деятельности подтверждается созданием дополнительных условий для развития способностей, склонностей, интересов учащихся и эффективной организацией их досуга.

Текст научной работы на тему «Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру бойынша куратордың әзірлеуі»

Педагогическая наука и практика

89

УДК 377.5

ГРНТИ 14.33.19

САБАҚТАН ТЫС ҚЫЗМЕТТІ

ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША

КУРАТОРДЫҢ ӘЗІРЛЕУІ

Annotation

Today, college education reflects the

longest period of formal training for

each person, as well as personal success

and is an important factor in the longterm development of the entire country.

The importance and significance of

extracurricular activities are approved

by additional conditions for students’

development of abilities, inclinations,

interests, and the effective organization of

their free time.

1(39)/2023

Сагумбаев М.К.,

оқытушы,

Қостанай Жоғары

политехникалық колледжі,

Қостанай қ.

Журсиналина Г.С.,

оқытушы,

Қостанай Жоғары

политехникалық колледжі,

Қостанай қ.

Негізгі сөздер: ақпараттық техноло­

гиялар, бейнесабақ, педагог, білім алушы,

артықшылықтар.

Ключевые слова: информационные тех­

нологии, видеоурок, педагог, обучающий­

ся, преимущества.

Keywords: information technology, video

lesson, teacher, student, advantages.

ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

Аңдатпа

Қазіргі кезде колледж білімі әр адамның формалды оқытудың ең ұзақ кезеңін

көрсетеді, сондай-ақ жеке жетістік және

бүкіл елдің ұзақ мерзімді дамуының

маңызды факторы болып табылады. Сабақтан тыс қызметтің маңызы мен мәні

оқушының қабілеттерін, бейімділіктерін,

қызығушылықтарын дамыту үшін қосымша жағдай тұғызумен және олардың

бос уақытын тиімді ұйымдастырумен

аяқталады.

Аннотация

В настоящее время образование в

колледже отражает длительный период

формального обучения человека, а также является его личным достижением

и важным фактором долгосрочного развития всей страны. Значение внеурочной

деятельности подтверждается созданием

дополнительных условий для развития

способностей, склонностей, интересов

учащихся и эффективной организацией

их досуга.

ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

90

Педагогическая наука и практика

Сабақтан тыс қызметтің міндеттеріне, формаларына және мазмұнына қарай,

оны базалық ретінде іске асыру үшін келесі ұйымдастыру моделі қарастырылады.

Сабақтан тыс қызметті іске асырудың

базалық ұйымдастырушылық моделі:

• білім беру үрдісінің қатысушылары қалыптастыратын білім беру ұйымының оқу жоспары (сабақтыққа қарағанда

бөлек формаларда өткізілетін қосымша

білім беру модульдері, арнайы курстар,

колледждік ғылыми қоғамдар, оқу ғылыми зерттеулер, практикумдар және т.б.);

• білім беру ұйымдарының қосымша

білім беру бағдарламалары (қосымша

білім берудің колледжішілік жүйесі);

• балаларға қосымша білім беру ұйымдарының, сонымен қатар мәдениет

және спорт ұйымдарының білім беру

бағдарламалары;

• сынып жетекшілігі (экскурсиялар,

пікірталастар, дөңгелек үстелдер, сайыстар, қоғамдық пайдалы тәжірибелер

және т.б.);

• білім беру қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларының лауазымдық міндеттеріне сәйкес өзге педагогикалық еңбеккерлердің

(ұйымдастырушы-педагогтің, әлеуметтік педагогтің, педагог-психологтің, аға

тәлімгердің) қызметі;

• жаңа білім беру бағдарламаларды, оның ішінде өңірлік ерекшеліктерін

есепке алатын бағдарламаларды әзірлеу,

апробациялау, енгізу бойынша инновациялық (тәжірибелік) қызмет.

Аталмыш базалық модельге сүйене отырып, сабақтан тыс қызметтің ұйымдастыру модельдерінің бірнеше негізгі типтері ұсынылуы мүмкін:

• балаларға қосымша білім беру моделі;

• «толық күн мектебі» моделі;

• оңтайландырылған модель (білім

беру ұйымының барлық ішкі ресурстарын оңтайландыру негізінде);

• инновациялық-білім беру моделі.

Балаларға қосымша білім берудің моделі колледжішілік қосымша білім беру

әлеуетін басым қолдануға және балаларға колледжден тыс қосымша білім

беру ұйымдарымен ынтымақтастыққа

сүйенеді. Сабақтан тыс қызмет балалардың шығармашылық қызығушылықтарын дамыту үшін жағдайлар жасау және

оларды көркем, техникалық, экологиялық-биологиялық, спорттық және басқа

қызметке қосу жағынан балаларға қосымша білім берумен тығыз байланысты. Сабақтан тыс қызмет пен балаларға

қосымша білім беру арасындағы байланыстырушы болып факультативтер,

колледждік ғылыми қоғамдар, кәсіби

бағыттағы бірлестіктер, таңдау бойынша

оқу курстары сияқты оны іске асырудың

формалары болып табылады.

Қосымша білім беру моделі негізіндегі сабақтан тыс қызмет кезінде білім беру

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

ұйымдары балаларға қосымша білім беру

ұйымдарының, мәдениет және спорт

ұйымдарының мүмкіндіктерін қолдануы мүмкін. Аталмыш модель сабақтан

тыс қызметтің және балаларға қосымша

білім берудің ортақ бағдарламалық-әдістемелік кеңістігін құруды, білім беру

ұйымын басқарудан білім беру бағдарламасын басқаруға көшуді іске асыруды

көздейді.

Аталмыш модель балалардың аумақтық, әлеуметтік және академиялық

ұшқырлыққа дайындығын қамтамасыз

етуге бағытталған.

Модельдің артықшылығы балаларға

қызығушылықтар бойынша балалар бірлестігі бағыттарының спектрі негізінде кең таңдау ұсыну, балалардың еркін

өзін-өзі анықтау және өзін-өзі іске асыру мүмкіндігі, сабақтан тыс қызметті

іске асыру білікті мамандарды тарту,

1(39)/2023

сондай-ақ білім беру үрдісі ұйымының

балаларға қосымша білім беруге тән

тәжірибелік-бағдарлы және қызметті негіз болып табылады.

Қосымша білім беру ұйымы өзінің

әлеуетін толық шамада іске асыруы үшін

барлық педагогикалық жүйенің нақты

әрі үйлесімді жұмысы қажет. Сондықтан

педагогтерге бір-бірінің – балаларға қосымша білім берумен кәсіби айналысатын және колледждегі пәндік оқытумен

байланысты педагогтердің мәселелерін

білу және түсіну аса маңызды. Тек солардың өзара көмегі және бірлесе ойластырылған қызмет жеке колледж деңгейінде де, бүтін қала, өңір, ел деңгейінде

де тұтас білім беру кеңістігін құру үшін

негіз бола алады.

«Толық колледж күні» моделі. «Толық колледж күні» моделінің негізі – сабақтан тыс қызметті көбінесе ұзартылған

күн тәрбиешілерімен іске асырылуы.

Аталмыш модельді сипаттайды:

• баланың күні бойы білім беру ұйымында толыққанды болуы үшін жағдайлар жасау, оның ішінде колледждің білім

беру ортасын поляризациялау және түрлі

акценттелген кеңістіктерді бөлу арқылы;

• тәрбие беру жүйесі және білім беру

ұйымының негізгі білім беру бағдарламалары аясындағы оқу, тәрбие беру, дамыту үрдістерінің мазмұнды бірлігі;

• санитарлық-эпидемиологиялық

ережелер мен нормативтердің сақталуын қамтамасыз ететін және білім беру

үрдісін тиімді ұйымдастырудан, қимыл

белсенділігін оңтайландырудан, тиімді

тамақтануды ұйымдастырудан, денсаулықтың және салауатты өмір салтының

құндылығын қалыптастыру бойынша

жұмыстардан тұратын денсаулық сақтау

ортасын құру;

• балалар қоғамдық бірлестіктерінің

және оқушылардың өзін-өзі бсқару органдарының белсенді қолдауымен ба1(39)/2023

91

лалардың өз-өздерін көрсетулері, өз-өздерін іске асырулары және өз-өздерін

ұйымдастырулары үшін жағдайлар жасау;

• баланың білім беру ұйымында болуының жеке білім беру траекториясын

және жеке кестесін құрастыру;

• негізгі және қосымша білім беру

бағдарламалары

ынтымақтастығына

сүйену.

Аталмыш модельдің артықшылықтары болып табылады: күні бойы білім

беру үрдісін табысты іске асыруға арналған жағдайлар кешенін құру, тамақтануды қоса алғанда.

Оңтайландырушы

модель.

Білім

беру ұйымының барлық ішкі ресурстарын оңтайландыру негізіндегі сабақтан

тыс қызметтің моделі оны іске асыруға

аталмыш білім беру ұйымының барлық педагогикалық қызметкерлерінің

(мұғалімдер, ұйымдастырушы-педагог,

әлеуметтік педагог, педагог-психолог,

мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед,

тәрбиеші, аға тәлімгер және т.б.) қатысуын қарастырады. Бұл жағдайда үйлестіруші рөлін әдетте сынып жетекшісі

атқарады, ол өзінің функциялары мен

міндеттеріне сәйкес:

• педагогикалық қызметкерлермен,

сонымен қатар білім беру ұйымының

оқу-қосалқы қызметкерлерімен өзара

әрекеттеседі;

• сыныпта колледж ұжымы қызметінің аясында оқушылар тұлғасының

оң әлеуетін дамытуға арналған оңтайлы

білім беру үрдісін ұйымдастырады;

• сынып ұжымының тәрбиелеуші

үрдісінің түрлі формалары арқылы,

оның ішінде өзін-өзі басқару органдары

арқылы қарым-қатынастар жүйесін ұйымдастырады;

• оқушылардың әлеуметтік маңызды,

шығармашылық қызметін ұйымдастырады.

ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

Педагогическая наука и практика

ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

92

Педагогическая наука и практика

Оңтайландырушы

модельдің

артықшылығы сыныптан тыс қызметке

кететін қаржылық шығындарды азайту, білім беру ұйымында бірыңғай білім

беру және әдістемелік кеңістік құру, оның

барлық құрылымдық бөлімшелерінің

мазмұндық және ұйымдастырушылық

бірлігі болып табылады.

Инновациялық-білім беру моделі. Инновациялық-білім беру моделі республикалық және өңірлік деңгейдегі инновациялық (тәжірибелік, қанатқақты,

ендірушілік) алаң қызметіне сүйенеді.

Аталмыш модель аясында жаңа білім

беру бағдарламаларының, оның ішінде

өңірлік ерекшеліктерді ескеретін бағдарламалардың әзірленуі, апробациялануы,

енгізілуі жүреді. Инновациялық-білім

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

беру моделі білім беру ұйымдарының

кәсіби және жоғары білім беру ұйымдарымен, ғылыми ұйымдармен және әдістемелік қызметтермен тығыз өзара қызметін қарастырады. Аталған модельдің

артықшылықтары болып табылады:

• сабақтан тыс қызмет бағдарламалары мазмұнының және (немесе) әдістемелік құрал-жабдықтарының жоғары

өзектілігі;

• оларды іске асыруды ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу, қалыптасатын

тәжірибенің брегейлігі.

Колледжде сабақтан тыс қызметті

ұйымдастыру моделі білім беру үрдісі

жүретін жағдайларға байланысты: параллель сыныптардың саны; қосымша

білім беру, мәдениет және спорт ұйымының болуы; жұмыс ерекшелігі (бір нмесе

екі ауысым, сыныптардың комплектілігі).

1.Жобалық, ол балалардың қызы­ғу­

шылықтарына, қажеттіліктеріне диаг­

ностикадан, олардың ата-аналарының

сұраныстарынан және оның нәтижелері

негізінде ресурстық қамтамасыз етудің

мүмкіндіктерін есепке ала отырып, кол-

ледждегі сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру жүйесін жобалаудан тұрады.

2.Ұйымдастырушылық-қызметтік,

оның аясында сабақтан тыс қызметтің

әзірленген моделінің оның ресурстық

қамтамасыз етілуі арқылы құрылуы және

жұмыс істеуі жүреді.

3.Сараптамалық кезең, оның барысында сабақтан тыс қызметтің іске асырылушы моделіне талдау жүргізіледі

Сабақтан тыс қызметті іске асыру

үшін жағдайлар жасау. Сабақтан тыс ісқызметті табысты іске асыру үшін мына

бағыттар бойынша бірқатар іс-шараларды өткізу қажет:

Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету

ресурстық орталықтарды құрудан тұруы

мүмкін. Алғашқы құрамдас ретінде

мына «ресурстық» модель бола алады:

балаларға қосымша білім беру ұйымы

бірнеше жалпы білім беретін колледждердің оқушыларына арнап білім беру

үрдісін іске асыру үшін өзінде бар материалдық-техникалық базаны қолданады,

ол колледждер балаларға қосымша білім

беру ұйымына «топтасады».

Вариативті модельдің екінші құрамдас

бөлігі де өзара қызметті ұйымдастыруға

деген дәстүрлі амал-тәсіл болып табылады, яғни жалпы білім беру ұйымының

оқушылары қызығушылықтары бойынша аталмыш жалпы білім беретін ұйымның базасында жұмыс істейтін балаларға

қосымша білім беру ұйымдарының үйірмелеріне, секцияларына, клубтарына

және т.б. барады.

Оқушылар санының көп жағдайында аталмыш модельдің ары қарай дамуы

колледж базасында БҚББҰ тиісті филиалының ашылуына әкеледі.

Өзара қызметтің вариативті моделінің

үшінші құрамдас бөлігі – бұл балаларға

қосымша білім беру ұйымының базасындағы тағылымдамалық алаң қолданылатын модель. Бұл жағдайда БҚББҰ – бұл

1(39)/2023

Педагогическая наука и практика

1(39)/2023

тері бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылатын білім беру қызметімен

бірге көрсетіле алмайды.

Сондықтан, егер қосымша білім

беру қызметтері жоғарыда көрсетілген

жағдайлар сақталған кезде сұранысқа ие

болса, және бұл сабақтан тыс қызметтің

қолда бар бағыттарын кеңейтсе, сондай-ақ тиісті құрал-жабдықтарға, орынжайларға және т.б. ақы төлеумен байланысты болса (мысалы, жүзу секциясы,

мәнерлеп сырғанау секциясы, атқа мініп

жүру секциясы үшін және т.б.), онда олар

сабақтан тыс қызметті ұйымдастыруға

арналған қосымша ресурс ретінде қолданыла алады.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Международная научно-практичес­

кая конференция «Инновационные подходы в современной науке»: сб. Материа­

лов. – М.,2019. – 72 с.

2.Хасанов Х.Ш. Важность создания

и использования видеоуроков в дистанционном образовании / Х.Ш. Хасанов//

Молодой ученный. – 2020. – №31. – С.

140-141.

3.Бегімбетова Ж.Қ. Сабақтарда бейне материалдарды қолдану тиімділігі /

Ж.Қ.Бегімбетова. – Образовательный

портал «Инфоурок» – https://infourok.

ru/sabatarda-beyne-materialdardi-oldanutiimdiligi-335849.html (қаралған күні:

15.02.2023г.).

ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

жалпы білім беру жүйесі педагогтерінің

біліктілігін арттыруға арналған белгілі

бір ұйымдастырушылық-әдістемелік орталық және базалық ұйым.

Балаларға жалпы және қосымша білім

беретін ұйымдардың барлық өзара іс- қызметі жағдайларында ортақ бағдарламалық-әдістемелік кеңістік құрылуы тиіс.

Мұндай өзара қызмет аясында іске асырылатын сабақтан тыс қызмет бағдарламаларының мақсатты бағдарлары нақты

жалпы білім беретін ұйымның жалпы

орта білім беру бағдарламасын игерудің

жоспарланып отырған нәтиежелерін көздеуі тиіс.

Сабақтан тыс қызметті іске асыруды

нормативті қамтамасыз ету колледждің

басқа ұйымдармен өзара қызметін, оның

құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ

білім беру үрдісі қатысушыларының қызметін ұйымдастыруға арналған тиісті

құқықтық өріс құруы қажет.

Білім беру ұйымдарының әзірленуші

немесе үйлестіруші локальдық актілері

Қазақстан Республикасының білім беру

саласындағы қолданыстағы заңнамаларына сәйкес келуі тиіс.

Қаржылық-экономикалық

шарттар.

Жалпы білім беру ұйымдарында және балаларға қосымша білім беру ұйымдарында жергілікті бюджеттерден қаржы бөлу

арқылы тегін жалпы орта білім беруді

қамтамасыз ету ЖАО құзіретіне жатқызылған.

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

Заңнамаға сәйкес білім беру ұйымдары тиісті білім беру бағдарламаларымен

және

МЖБС-пен

қарастырылмаған

ақылы қосымша білім беру қызметтерін

көрсетуге (қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту, арнайы курстарды және пәндер циклін оқыту, репетиторлық, оқушыларға пәндерді тереңдетіп

үйрету сабақтары және басқа қызметтер)

құқылы.

Алайда бұл ақылы білім беру қызмет-

93

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.