Научная статья на тему 'ОКАЗАНИЕ ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ ПОДДЕРЖКИ СТУДЕНТАМ В УСЛОВИЯХ ФРУСТРАЦИИ'

ОКАЗАНИЕ ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ ПОДДЕРЖКИ СТУДЕНТАМ В УСЛОВИЯХ ФРУСТРАЦИИ Текст научной статьи по специальности «Гуманитарные науки»

CC BY
20
7
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Журнал
Yessenov science journal
Область наук
Ключевые слова
студенты / фрустрация / фрустрация / психологическая поддержка / социальная фрустрация / students / frustration / frustration / psychological support / social frustration

Аннотация научной статьи по Гуманитарные науки, автор научной работы — Кокшеева Зайни Таласовна, Бапаева Мариям Курмангалиевна

Помимо профессиональных знаний и навыков, необходимых для будущей работы, выпускники старших классов должны быть способны преодолевать различные препятствия и достигать своих целей, справляться с трудными жизненными трудностями. Поэтому важно выявить разнородных фрустраторов (препятствия, барьеры, проблемы, которые могут быть внешними и внутренними), которые приводят к разочарованию – психическому состоянию, которое возникает из-за неудовлетворенности некоторых важных потребностей, неудачи из-за препятствий на пути к успеху. Весьма вероятно, что фрустрации негативно влияют на поведение и бытие человека, структуру его деятельности, негативно влияют через деструктивные проявления на качество жизни человека, успешность его деятельности, в том числе учебной деятельности. Неоднородность проявления фрустрации на каждом возрастном этапе развития личности определена в работах З. Фрейда, А. Фрейда, К. Хорни. Проблемы фрустрации в учебном процессе общеобразовательной школы посвящены Г. Ф. Зарембе, Е. П. Ильину, н.д. Левитову, М. В. Оршанской, Плотниковой, Н.в. Тарабаринову, а экзистенциальной фрустрации студентов-Г. В. Акопову, Н.Л. Ю. Е.Рассматривается в трудах Кукиной, Быковой. Учитывая результаты и продуктивность данных исследований, следует признать, что прощение студентами состояния фрустрации в процессе учебной деятельности требует дальнейшего изучения и осмысления, преодоления его деструктивного влияния в виде устранения и снижения. В этой статье мы сосредоточимся на исследованиях, посвященных методам преодоления трудностей и теоретическому анализу научно-методических работ, в которых изучалось понятие фрустрации, ее виды и особенности с целью выявления причин, вызывающих состояние фрустрации у студентов. Также в статье анализируется феномен психологической поддержки. В том числе помощь, поддержка, действия по профилактике психических расстройств, профилактика фрустрации, регуляция влияния фрустраторов, провоцирующих негативные реакции в процессе обучения, избегание, чтобы учащиеся не воспринимали преодоленные трудности как непреодолимое препятствие, подробно анализируется проблема формирования у них правильного представления о трудностях. Кроме того, в оказании психолого-педагогической поддержки студентам в преодолении фрустрации, рассматривая применяемые на практике эффективные диагностические методы, дадим действенные советы и рекомендации.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

PROVIDING PSYCHOLOGICAL SUPPORT TO STUDENTS IN CONDITIONS OF FRUSTRATION

In addition to the professional knowledge and skills necessary for future work, high school graduates should be able to overcome various obstacles and achieve their goals, cope with difficult life difficulties. Therefore, it is important to identify heterogeneous frustrators (obstacles, barriers, problems that can be external and internal) that lead to frustration – a mental state that arises from dissatisfaction with some important needs, failures due to obstacles to success. It is very likely that frustrations negatively affect human behavior and being, the structure of his activities, negatively affect through destructive manifestations the quality of human life, the success of his activities, including educational activities. The heterogeneity of the manifestation of frustration at each age stage of personality development is defined in the works of Z. Freud, A. Freud, K. Horney. The problems of frustration in the educational process of secondary schools are devoted to G. F. Zaremba, E. P. Ilyin, N.D. Levitov, M. V. Orshanskaya, Plotnikova, N.V. Tarabarinov, and the existential frustration of students -G. V. Akopov, N.L. Yu. E.Is considered in the works of Kukina, Bykova. Taking into account the results and productivity of these studies, it should be recognized that students' forgiveness of the state of frustration in the process of educational activity requires further study and reflection, overcoming its destructive influence in the form of elimination and reduction. In this article, we will focus on research on methods of overcoming difficulties and theoretical analysis of scientific and methodological works that studied the concept of frustration, its types and features in order to identify the causes of frustration among students. The article also analyzes the phenomenon of psychological support. Including assistance, support, actions to prevent mental disorders, prevention of frustration, regulation of the influence of frustrators provoking negative reactions in the learning process, avoidance so that students do not perceive overcome difficulties as an insurmountable obstacle, the problem of forming a correct understanding of difficulties is analyzed in detail. In addition, in providing psychological and pedagogical support to students in overcoming frustration, considering the effective diagnostic methods used in practice, we will give effective advice and recommendations.

Текст научной работы на тему «ОКАЗАНИЕ ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ ПОДДЕРЖКИ СТУДЕНТАМ В УСЛОВИЯХ ФРУСТРАЦИИ»

МРНТИ 15.41.21

ӘӨЖ 372.5

DOI 10.56525/GBMF1758

ФРУСТРАЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ

СТУДЕНТТЕРГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ

ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ

* З.Т. КӨКШЕЕВА

Ш. Есенов атындағы

Каспий технологиялар және

инжиниринг университет

Ақтау қ, Қазақстан

E-mail: [email protected]

М.Қ. БАПАЕВА

Қазақ ұлттық қыздар

педагогикалық университеті

Алматы, Қазақстан

E-mail: [email protected]

*Корреспондент авторы: [email protected]

Аңдатпа. Жоғары мектеп бітірушілері болашақ жұмысы үшін қажетті кәсіби білім мен дағдылардан басқа әртүрлі кедергілерді еңсеруге және өз мақсаттарына жетуге, өмірлік күрделі қиындықтарға төтеп беруге қабілетті болуы тиіс. Сондықтан, кейбір маңызды қажеттіліктердің қанағаттандырылмауынан, жетістікке жету жолындағы кедергілерге ұшырауынан сәтсіздіктен туындайтын психикалық күй – фрустрацияға әкелетін әртекті фрустраторлардың (кедергілер, тосқауылдар, тұлғаның сыртқы және ішкі болуы мүмкін проблемалар) анықталуы маңызды. Фрустрациялар адамның мінез-құлқы мен болмысына, іс-әрекетінің құрылымына жағымсыз ықпал етіп, деструктивті көріністері арқылы адамның өмір сүру сапасына, іс-әрекетінің табысты болуына, оның ішінде оқу іс-әрекетіне теріс әсер етуі әбден мүмкін.

Тұлға дамуының әр жас кезеңінде фрустрацияның әртекті көрініс беруі З. Фрейд, А. Фрейд, К. Хорни еңбектерінде анықталған. Жалпыға бірдей білім беретін мектептің оқу үдерісінде фрустрация мәселесіне арналған Г.Ф. Заремба, Е.П. Ильин, Н.Д. Левитов, М.В. Оршанская, Плотникова, Н.В. Тарабариновтың, ал студенттердің экзистенциялы фрустрациясы жайында Г.В. Акопов, Н.Л. Ю.Е. Кукина, Быковалардың еңбектерінде қарастырылады.

Аталмыш зерттеулердің нәтижелері мен өніміділігін ескере келе, студенттердің оқу әрекеті барысында фрустрация күйін кешіруі оның деструктивті ықпалын жою және төмендету түрінде еңсеруі, ары қарай да зерттеу мен ұғынуды талап ететінін мойындауымыз керек.

Бұл мақалада, біз студенттерде болатын фрустрация күйін тудыратын себептерді анықтау мақсатында фрустрация ұғымын, оның түрлері мен ерекшеліктерін зерттеген ғылыми-әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасай келе және қиындықтарды еңсеру амалдарына арналған зерттеулерге тоқталамыз. Сондай-ақ, мақалада психологиялық қолдау феномені талданады. Соның ішінде көмек, қолдау, психикалық бұзылулардың алдын-алу әрекеттері, фрустрацияның алдын-алу, оқу процесінде жағымсыз реакциялар тудыратын фрустраторлардың ықпалына жол бермеу әсерін реттеу, болдырмау, студенттер жеңілген қиындықтарды еңсерілмейтін кедергі ретінде қабылдамауы үшін, олардың қиындықтар туралы дұрыс идеяны қалыптастыру мәселесі егжей-тегжейлі талданады.

Сонымен қатар, фрустрацияны жеңуде студенттерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуде, тәжірибеде қолданылған тиімді диагностикалық әдістерді қарастыра келе, тиімді кеңестер мен ұсыныстар береміз.

Кілт сөздер: студенттер, фрустрация, фрустратор, психологиялық қолдау, әлеуметтік фрустрация;

Кіріспе. Көптеген анықтамалар мен зерттеулерге сәйкес фрустрациялаушы жағдаяттың негізгі белгісі ретінде адамның мақсатқа қол жеткізудегі жоғары ынтасының болуы және оның жүзеге асырылуына кедергі келтіретін бөгеттердің орын алуы көрсетіледі.Жоспарланған ісі мен мүдделі мақсаты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырап, адам оған ренжиді, көңілі құлазып, бойын ашу-ыза кернейді, қайғырып, күйзеледі. Қанағаттанбаушылық сезіммен жан дүниесі қиналады. Мұның бәрі фрустрацияның психологиялық стрестің өзіндік бір қыры екендігін көрсетеді. Адамның сезімі мен эмоциясы жағымсыз күйге ұшырайды. Фрустрациялық жағдайдағы көңіл күй өшпенділік, кейіс пен қаһар тудырады.

Фрустратордың, осындай кедергілердің болуы осы жағдайдың туындау себептерінің бірінен саналады. Фрустраторлар ішкі (білім жетіспеуі) және сыртқы (ақша жоқ) болуы мүмкін, сыртқы шығындарға мысалы қаржылық шығындар, жақынын жоғалту сияқты жайттар және т.б жатса, ал ішкі шығындар денсаулықтың сыр берумен, жұмысқа қабілеттіліктің жоғалумен сипатталады. Бұл ішкі (мотивтер арасындағы күрес) және сыртқы (әлеуметтік немесе басқа адамдармен күрес) қақтығыстар.

Сыртқы кедергілер (нормалар, ережелер, шектеулер, заңдар) және ішкі кедергілер (адалдық, ар-ождан) түрінде көрініс береді. Әрине көп нәрсе адамның өзіне де байланысты, атап айтқанда кездескен сәтсіздіктерді еңсере білуі, танытқан реакциясы да аса маңызды.

Фрустрацияның салдары: нақты әлемді қиялдар мен иллюзиялар әлемімен алмастыру, түсініксіз агрессия, кешендер және тұлғаның жалпы регресивті көрініс береді. Бұл эмоциялық күйдің қауптілігі сол, соның әсерінен адам нашар жаққа қарай өзгереді. Мысалы, адам белгілі бір лауазымды қызметке көтерілуді қалайды, бірақ қызметке басқа бір адам тағайындалды. Жоспарлардың күйреуі өзіне деген көңілсіздікті тудырады, өзінің кәсіби қабілеттері мен адамдармен қарым-қатынас жасау қабілеттеріне деген сеніміне нұқсан келтіреді. Зардап шеккен адам әлемнен алшақтап, агрессиялық мінез-құлыққа ұшырап, адамдарға деген сенімсіздік танытады. Индивидте қалыпты әлеуметтік байланыстар жиі бұзылыстарға ұшырайды. Мысалы, оқу барысында, әсіресе сессия кезінде студенттер оқу мақсаттарына жетуді қиындататын түрлі кедергілерге (фрустраторларға) тап болады, бұл оқу мақсаттарына қол жеткізуге теріс әсер ететін іріткі салушы жағдайға алып келеді.

Негізгі бөлім. Ғылыми әдебиеттерде фрустрация жағдайындағы жағымсыз эмоциялы және мінез-құлық реакциялары жан-жақты, кеңінен зерттелінген: мәселен, Н. Миллер, Ш. Пасторе еңбектерінде агрессиялық мінез-құлық, мақсатты іс-әрекеттің бұзылуы К. Гольдштейн мен Н. Майер[1] зерттеулерінде, стресстік күйлер А.Н. Налчаджян[2] , P.C. Немовтың зерттеу нысандары ретінде қарастырылған. Фрустрация жағдайындағы студенттерді психологиялық қолдауды қамтамасыз ету фрустрацияны жеңудің конструктивті стратегиясын қалыптастыруға ықпал ететін психолог жұмысының бағытын қамтитын фрустрация жағдайын еңсерудің бір тәсілі болуы тиіс. Фрустрацияларды зерттеу мәселесінде фрустраторларға яғни фрустрация тудырушы жағдайларға арналған зерттеулер ерекше орынға ие. Бұл ретте Т. Дембо[3] , Е. Ильин. А. Маслоу[4] , М.Д. Робер, А.Н. Налчаджян, Н.Д.Левитов тұжырымдарын атауға болады[5].

Қазіргі шетелдік психологияда фрустрацияның әртүрлі теориялары бар: Н. К. Майердің фрустрациялық фиксация теориясы, фрустрациялық репрессия теориясы (K.Bagner, T. Dembo, K.Yewin), фрустрациялық агрессия теориясы (J. Dollard ), фрустрацияның эвристикалық теориясы (J.Rosenzweig).

"Практикалық психологтың сөздігінде "[6, Б.734] фрустрацияны "белгілі бір мақсатқа жету жолында нақты немесе жалған еңсерілмейтін кедергілер болған кезде пайда болатын сәтсіздікті бастан өткерудің психикалық жағдайы" деп анықтайды. Фрустрацияны зерттеу кезінде мынадай ұғымдар анықталдыі: фрустратор (фрустрация тудыратын себеп), фрустрациялық жағдай, фрустрациялық реакция.

Фрустрацияның деңгейі фрустратордың күшіне, қарқындылығына; фрустрациялық жағдаяттарға тап болған адамның функционалдық жағдайына; өмірлік қиындықтарға эмоционалдық әсер етудің тұрақты формаларының жеке тұлғасының қалыптасуы кезінде қалыптасқан жағдайға байланысты.

Фрустрация жағдайында қалған студент өзіне сенімділікті сезінуге, сыртқы және ішкі сипаттағы әртүрлі кедергілерді жеңуге көмектесетін сапа мен іскерлікті көрсетуге мүмкіндік беретін психологиялық көмекті қажет етеді. Фрустрацияның пайда болуының маңызды рөлі фрустрация факторларына, жағдайларына, себептеріне жатады. Анықталған фрустрация деңгейінің үлгерімнің орта ұпайымен, меңгеру амалдарымен және тұлғаның өзге де бітістерімен өзара байланысын, сондай-ақ меңгеру мен психологиялық қолдау амалдары турасында түрлі зерттеушілердің теориялық тұрғыларын негізге ала отыра біз оқуда қиындықтары бар және оқу үдерісінде фрустрацияның жоғары дәрежесін кешірген студенттерге психологиялық қолдау көрсетудің мазмұны мен түрлерін анықтадық.

1) Ақпараттық қолдау оқу пәндері бойынша қажет оқу, әдістемелік ақпаратты беру; фрустрация, фрустраторлар, меңгеру амалдары туралы психологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету.

2) Эмоциялы қолдау қабылдау, мойындау, ұнату, сенім білдіру, эмпатия білдіру сынды амалдарды қолдануға нұсқайды.

3) Тұлғалық-дамытушы қолдау. Когнитивті аумақ мақсатты болжауға, рефлексияға қабілеттіліктің дамуына бағытталады; сонымен бірге иррационалды сенімдерді айқындап, түзетуге және рационалды сенімдерді қалыптастыруға бағытталады. Аффективті аумақта психологиялық-эмоциялы өзін-өзі реттеу, соның ішінде деструктивті эмоциялы күйлерді (мазасыздық, қорқыныш, ашу/агрессия, депрессия, уайым және т.б.) меңгеру қабілетін дамыту болжанады; стреске төзімділікті, тұлғааралық эмпатияны және т.б.дамыту.

Мотивациялық-мағыналы аумақта: жетістікке жету мотивациясын, тұлғаның кәсіби бағыттылығын дамыту. Мінез-құлық аумағында өзін және өзгелерді қабылдай алу қабілетін, толеранттықты, ассертивтілікті, мінез-құлықтың икемділігін, коммуникативті және ұйымдастырушылық іскерліктерді, бейімді, әлеуметтік ортаға пайдалы меңгеру амалдарын дамыту.

4) Оқу-технологиялық қолдау ақыл-ой еңбегінің мәдениетін, оқу-танымдық іс-әрекетті дамытуға; оқуда белсенді әдістерді және ақпараттық технологияларды қолдануға бағытталады[7].

Зерттеу нәтижесі. Зерттеу жұмысы 1-курс студенттерімен жүргізіліп, зерттеуге барлығы 25 студент қатыстырылды. Эксперименттік – зерттеу жұмысының кешенді әдістемесі дайындалып, зерттеудің жалпы ғылыми, пән аралық және жекелеген ғылыми; эксперименттік (анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент, психотехникалар, ойын техникалары және т.б.) әдістерді және эксперименттік мәліметтерді статистикалық өңдеу әдістерін қамтыды.

Студенттерде фрустрацияны конструктивті жеңуге кедергі келтіретін психикалық сапалар (мазасыздық, ригидтілік, агрессия және моциялы қысым) екені айқын, сол себепі Г.Айзенкің «Психикалық күйлер тесті» әдістемесінен кейін, олардың әрекетінде, білім алу жағдайында және әлеуметтік жетістіктердің қанағаттанбаушылық дәрежесі, яғни фрустрацияның көрініс беруі мүмкін екендігін ескеріп, сол мақсатпен Л. И. Вассерманның «Әлеуметтік фрустрация деңгейін айқындау» әдістемесін (В. В. Бойко модификациясы) таңдап алдық, енді сол әдістемеге тоқтала кетейік[8].

Ондағы мақсат: студенттерде өмір сүрудің негізгі аспектілерінде әлеуметтік жетістіктердің қанағаттанбаушылық дәрежесін айқындау болды.

Экспериментіміздің нәтижесінде: Әлеуметтік фрустрациялану деңгейі туралы қорытынды шаманы ескере отырып жасалды. Әрбір тармақ бойынша орташа балл берілді. Төменде көрсетілгендей ұпай саны неғұрлым көп болса, әлеуметтік фрустрациялану деңгейі соғұрлым жоғары болды:

3,5-4 балл-өте жоғары деңгей;

3,0-3,4-фрустрацияланудың жоғары деңгейі;

2,5-2,9-қалыпты фрустрациялану деңгейі;

2,0-2,4-фрустрациялану деңгейі белгісіз;

1,5-1,9-фрустрациялану деңгейі төмен;

0,5-1,4-өте төмен деңгей;

0-0, 5-фрустрацияланбаған (дерлік болмауы).

Кесте - 1. Л.И.Вассерманның «Әлеуметтік фрустрация деңгейін айқындау» әдістемесі бойынша студенттердің әлеуметтік фрустрациялану деңгейі:

№ Респонденттер коды Фрустрация (фрустрациялану) деңгейі

1 Бағдагүл 3,6 Өте жоғары

2 Қайрат 4 Өте жоғары

3 Рәзия 2,5 қалыпты

4 Есен 3 жоғары

5 Тамара 2 белгісіз

6 Сәкен 1,9 төмен

7 Мейрамбек 3,7 Өте жоғары

8 Майра 1,4 Өте төмен

9 Нұрлан 1,8 төмен

10 Марат 3,4 жоғары

11 Алуа 3,3 жоғары

12 Мирас 1,9 төмен

13 Роза 3,5 Өте жоғары

14 Болатбек 0,5 жоқ

15 Сағира 3,7 Өте жоғары

16 Адия 1,3 Өте төмен

17 Гүлім 3,6 Өте жоғары

18 Қайрат 3,2 жоғары

19 Қасым 1,3 Өте төмен

20 Шынар 3,3 жоғары

21 Ақеділ 3,3 жоғары

22 Елемес 3,2 жоғары

23 Медина 3 жоғары

24 Самат 3,4 жоғары

25 Нұралі 3,3 жоғары

Бұл кестеден көріп отырғанымыздай, Л. И. Вассерманның «Әлеуметтік фрустрация деңгейін айқындау» әдістемесі бойынша студенттердің әлеуметтік фрустрациялану деңгейін зертеу нәтижелері төмендегідей көрсеткіштерді анықтады:

Студенттердің әлеуметтік фрустрациялануының өте жоғары деңгейі – 6 сыналушыда 24 % көрінді. Әлеуметтік фрустрациялануының жоғары деңгейі 10 сыналушыда 40 % байқалды. Әлеуметтік фрустрациялануының қалыпты деңгейі – 1 сыналушыда анықталды ( 4% ); Белгісіз деңгей – 1 сыналушыда( 4% ); Төмен деңгей - 3 сыналушы ( 12% ); Өте төмен - 3 сыналушы ( 12% ); Жоқ – 1 сыналушы ( 4% );

Кесте 2. Л. И. Вассерманның әлеуметтік фрустрация деңгейін айқындау әдістемесі бойынша студенттердің әлеуметтік фрустрация деңгейінің жиынтық нәтижесі (%)

Респонденттер Өте жоғары Жоғары Қалыпты Белгісіз төмен Өте төмен Жоқ

Саны 6 10 1 1 3 3 1

Пайызы 24 40 4 4 12 12 4

1 сурет. Диаграммада ригидтілік деңгейінің көрсеткіштері мен пайыздық үлесі

Тәжірибеден соң, студенттердің алға қойған тапсырмаларды орындауға қажетті білім, шеберлік және ұстанымдармен қамтамасыз ету және оның толық ашылуына мүмкіндік жасау, фрустрация күйін кешірген жағдайда оқу барысында өз мақсаттарына қол жеткізу, фрустраторларды табысты жеңу дағдыларын меңгеруге көмектеседі және өзіндік санасын жетілдіруге, өз мүмкіндіктері мен тренингтік әсер нәтижесін жылдам көруге жағдай жасау мақсатында шағын бағдарлама құрастырып, біз өткізген әдістеме бойынша үзіндіні төменде келтіре кетейік.

Кесте 3. Л. И. Вассерманның әлеуметтік фрустрация деңгейін айқындау әдістемесі бойынша шағын бағдарламадан үзінді

Л. И. ВАССЕРМАННЫҢ «ӘЛЕУМЕТТІК ФРУСТРАЦИЯ ДЕҢГЕЙІН АЙҚЫНДАУ» ӘДІСТЕМЕСІ (В. В. БОЙКО МОДИФИКАЦИЯСЫ)

Мақсаты: Оқу іс-әрекетінің барысында студенттердің оқу әрекетінде, білім алу жағдайында және әлеуметтік жетістіктердің қанағаттанбаушылық дәрежесі яғни фрустрацияның көрініс беруін анықтау

Фрустрацияның деңгейлері:

• Әлеуметтік жетістіктеріне толығымен қанағаттану:

• Қанағаттану

Әлеуметтік жетістіктеріне мүлде қанағаттанбау Іс-әрекеттің кез келген түрінде өзінің жетістіктерінің бағасын бағалау білу дағдысын дамыту, кедергілерді еңсеруге қарсы ерік жігерін жұмылдыру, талаптану деңгейін жетілдіру және оны сезіну алуға машықтандыру. Семинар: «Жетістікке бет алған адам ғана оған қол жеткізе алады».

Әңгімелесу,

Жаттығу «Мақсатқа ұмтылушылық»,

Талқылау сұрақтары

Абай: «Болмашы кекшіл, болсайшы көпшіл, Жан аямай кәсіп қыл».

ФРУСТРАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ КЕДЕРГІЛЕРДІ ЕҢСЕРУДЕ ӨЗ-ӨЗІНЕ СЕНІМДІЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бастамашылдық Тұлғаның жауапкершегін арттыру, тапсырылған іс-әрекетті нәтижелі атқаруға дағдыландыру Пікірлесу.

тест «Сіз жауаптысыз ба?»

Мәселелерді шешудегі дербестілік Жауапкершілікті жүктей алу іскерлігі мен ұмтылысын жетілдіру, кедергілерді еңсеру тәсілдері. Ерік әрекетінің қасиеттері жайында өз бойындағы сапалармен бөлісу.

«Өз-өзіне сенімділік – нәтиженің негізі» Мақсатты нақты көздеп, міндет қоя білу іскерлігін дамыту. Тұлғааралық сенімді қатынастарды орната алу, ұжымда қалыпты психологиялық ықпалды сақтай алу іскерлігі Жаттығу «Мақсатты болжау»

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ Фрустраторларды еңсере білуді жетілдіру Бір-біріне сәттілік тілеу, марапаттау, мадақтау т.с.с.

iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.

Қорытынды. Біз мақаламызда өзіміз жүргізген тәжірбемізден үзінді көрсете келе, зерттеу жұмысымыздың арқауы болып отырған мәселеге сәйкес ғалымдардың еңбектеріне теориялық тұрғыдан талдаулар жасалынған соң, зерттеу нәтижелерін талдауда, оқу іс-әрекетінде фрустрация жағдайын бастан кешкен студенттерде үлгерімге және қиындықтарды жеңу стратегиясын таңдауға кері әсер ететін жеке тұлғаның белгілі қасиеттеріне ие деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

Білім беру орындарында фрустрацияны жеңуге бағытталған оқуда қиындықтары бар студенттерге тиімді психологиялық қолдау көрсету мақсатында арнайы «Оқудағы қиындықтарға тап болған студенттерді психологиялық қолдау» бағдарламасын дайындау керек. Сонымен қорытындылай келе, зерттеу болжамы дәлелденді деп тұжырымдаймыз. Дегенмен зерттеу проблемасының ауқымы өте үлкен, біз барлық аспектілерін қамтыдық дей алмаймыз. Зерттеу нәтижелерінің барысында сыртқы және ішкі фрустраторлардың ықпалынан оқу іс-әрекетінің барысында студенттерде туындайтын фрустрациялаушы күйді жеңе білудің қажеттігі мен фрустрация күйін кешіруде студенттерге психологиялық қолдау көрсетуде көмекші оқу-әдістемелік оқулықтар мен бағдарламалар, көмекші кеңес беру мен ғылыми тұрғыда негізделген әдістемелерді дайындаумен ғана шектелмей, осы бағытта зерттеп-зерделеу жұмыстарын тереңірек жүргізу қажет деп ойлаймыз.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Майер, Н. Фрустрация: поведение без цели / Н. Майер. – Москва: ВЛАДОС,2005.256 с.

2. А.Н. Налчаджян. Подростковая фрустрация: Изучение влияния воспитания и семейных отношений:/А.Бандура, Р.Уолтерс. М., 2013. 508 с

3. Дембо Т. Гнев как динамическая проблема // К. Левин. Динамическая психология. М., 2001

4. Маслоу А. Дальние пределы человеческой психики / А.Г. Маслоу. СПб. : Евразия, 1999. - 432с.

5. Н.Д.Левитов Психологическая поддержка конструктивного преодоления фрустрации у студентов // Ярославский педогогический вестник. 2009.№ 3

6. Головин С.Ю. Словарь практического психолога. Минск. Харвест, 1998.

7. Щербенева Н.Г. Психологическая поддержка, профессионального развития, студентов педагогического вуза, средствами, психологической службы. Арвамир, 2003.

8. Вассерман Л.И. Монография. «Психологическая диагностика расстройств эмоциональной сферы и личности» (2014). Санкт-Петербург: Реч, 2015

9. Егенисова А.Қ., Едилова Н.И. Қарым қатынастың психолингвистикалық ерекшеліктері. Ш.Есенов ат.КТИУ, Хабаршы журналы. Том 39. №1 2021. https://ysj.yu.edu.kz/

Кокшеева Зайни Таласовна

Каспийский университет технологий и инжиниринга имени Ш. Есенова

г.Актау, Казахстан

Бапаева Мариям Курмангалиевна

Казахский национальный женский педагогический университет

Алматы, Казахстан

ОКАЗАНИЕ ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ ПОДДЕРЖКИ СТУДЕНТАМ В УСЛОВИЯХ ФРУСТРАЦИИ

Аннотация. Помимо профессиональных знаний и навыков, необходимых для будущей работы, выпускники старших классов должны быть способны преодолевать различные препятствия и достигать своих целей, справляться с трудными жизненными трудностями. Поэтому важно выявить разнородных фрустраторов (препятствия, барьеры, проблемы, которые могут быть внешними и внутренними), которые приводят к разочарованию – психическому состоянию, которое возникает из-за неудовлетворенности некоторых важных потребностей, неудачи из-за препятствий на пути к успеху. Весьма вероятно, что фрустрации негативно влияют на поведение и бытие человека, структуру его деятельности, негативно влияют через деструктивные проявления на качество жизни человека, успешность его деятельности, в том числе учебной деятельности.

Неоднородность проявления фрустрации на каждом возрастном этапе развития личности определена в работах З. Фрейда, А. Фрейда, К. Хорни. Проблемы фрустрации в учебном процессе общеобразовательной школы посвящены Г. Ф. Зарембе, Е. П. Ильину, н.д. Левитову, М. В. Оршанской, Плотниковой, Н.в. Тарабаринову, а экзистенциальной фрустрации студентов-Г. В. Акопову, Н.Л. Ю. Е.Рассматривается в трудах Кукиной, Быковой.

Учитывая результаты и продуктивность данных исследований, следует признать, что прощение студентами состояния фрустрации в процессе учебной деятельности требует дальнейшего изучения и осмысления, преодоления его деструктивного влияния в виде устранения и снижения.

В этой статье мы сосредоточимся на исследованиях, посвященных методам преодоления трудностей и теоретическому анализу научно-методических работ, в которых изучалось понятие фрустрации, ее виды и особенности с целью выявления причин, вызывающих состояние фрустрации у студентов. Также в статье анализируется феномен психологической поддержки. В том числе помощь, поддержка, действия по профилактике психических расстройств, профилактика фрустрации, регуляция влияния фрустраторов, провоцирующих негативные реакции в процессе обучения, избегание, чтобы учащиеся не воспринимали преодоленные трудности как непреодолимое препятствие, подробно анализируется проблема формирования у них правильного представления о трудностях.

Кроме того, в оказании психолого-педагогической поддержки студентам в преодолении фрустрации, рассматривая применяемые на практике эффективные диагностические методы, дадим действенные советы и рекомендации.

Ключевые слова: студенты, фрустрация, фрустрация, психологическая поддержка, социальная фрустрация;

Koksheeva Zaini Talasovna

Caspian University of Technology and Engineering named after Sh. Yessenova

Aktau, Kazakhstan,

Babaeva Maria Kurmangaleevna

Kazakh National Women's Pedagogical University

Almaty, Kazakhstan

PROVIDING PSYCHOLOGICAL SUPPORT TO STUDENTS IN CONDITIONS OF FRUSTRATION

Abstract. In addition to the professional knowledge and skills necessary for future work, high school graduates should be able to overcome various obstacles and achieve their goals, cope with difficult life difficulties. Therefore, it is important to identify heterogeneous frustrators (obstacles, barriers, problems that can be external and internal) that lead to frustration – a mental state that arises from dissatisfaction with some important needs, failures due to obstacles to success. It is very likely that frustrations negatively affect human behavior and being, the structure of his activities, negatively affect through destructive manifestations the quality of human life, the success of his activities, including educational activities.

The heterogeneity of the manifestation of frustration at each age stage of personality development is defined in the works of Z. Freud, A. Freud, K. Horney. The problems of frustration in the educational process of secondary schools are devoted to G. F. Zaremba, E. P. Ilyin, N.D. Levitov, M. V. Orshanskaya, Plotnikova, N.V. Tarabarinov, and the existential frustration of students -G. V. Akopov, N.L. Yu. E.Is considered in the works of Kukina, Bykova.

Taking into account the results and productivity of these studies, it should be recognized that students' forgiveness of the state of frustration in the process of educational activity requires further study and reflection, overcoming its destructive influence in the form of elimination and reduction.

In this article, we will focus on research on methods of overcoming difficulties and theoretical analysis of scientific and methodological works that studied the concept of frustration, its types and features in order to identify the causes of frustration among students. The article also analyzes the phenomenon of psychological support. Including assistance, support, actions to prevent mental disorders, prevention of frustration, regulation of the influence of frustrators provoking negative reactions in the learning process, avoidance so that students do not perceive overcome difficulties as an insurmountable obstacle, the problem of forming a correct understanding of difficulties is analyzed in detail.

In addition, in providing psychological and pedagogical support to students in overcoming frustration, considering the effective diagnostic methods used in practice, we will give effective advice and recommendations.

Key words: students, frustration, frustration, psychological support, social frustration;

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.