Научная статья на тему 'ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ: САНА БОЛМЫСЫ'

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ: САНА БОЛМЫСЫ Текст научной статьи по специальности «Гуманитарные науки»

CC BY
4
0
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
Журнал
Yessenov science journal
Область наук
Ключевые слова
Философия / сана / болмыс / таным / адам / ұлт / ұлттық идея / сана болмысы / жаңаша ойлау / білім. / Philosophy / consciousness / being / cognition / man / Nation / national idea / consciousness / new thinking / knowledge.

Аннотация научной статьи по Гуманитарные науки, автор научной работы — Тугелбай А. Ә.

Заманауи өмір ағысында әлем билігінің ақпараттың қолына өтуі бізді ойландыруы тиіс. Адамзат бір-бірінсіз, өзара қатынас әрекетінсіз өмір сүруі мүмкін емес болғандықтан, ақпараттық тасқын ауа сияқты қажеттілікке айналды. Мемлекет азаматтарын соңына ерту үшін бір ғана пікір көшбасшысының ойы мен пікірі жеткіліксіз, оған деген тәуелділік артып, көпшіліктің зерттеу, сыни ойлау қабілеті төмендеп кетті. Сондықтан мемлекетіміздің тарихи дамуын, санасын, азаматтарымыздың рухани болмысын, қазақтың сана болмысын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстарды насихаттау мемлекеттің алдында тұрған өзекті мәселеге айналды. Өйткені ұлттың рухани болмысын анықтап, сана болмысын шегелеу арқылы ұлттық идентификациямызды сезінуге мүмкіндік туады. Бұл өз кезегінде ұлтты ұйыстырудағы ең үлкен инструмент дер едік. Сол себепті қазақтың ұлттық идентификациясын анықтау мақсатында қазақтың сана болмысын отыз жылдан астам зерттеп жүрген үлкен ғалым, философ Ғарифолла Есімнің философиядағы тұжырымдамалары мен еңбектерін зерттеу арқылы ғылыми еңбектеріне түсіндірме жасауды мақсат тұттық. Жұмыстың маңыздылығы ғалымның қазақ философиясының ірі өкілдерінің бастау тарихының қайдан шыққаны туралы, ұлт болмысының бас идеологы Абай шығармашылығын талдаған еңбектері мен зерттеулеріндегі ойлар және ғылыми әлеуетін сипаттайтын жиырма томнан асатын еңбектерін бөліп қарастырып, ондағы жүйелі ойларды көрсетуде жатыр. Академик Ғарифолла Есімнің шығармашылығы туралы жалпы түсінікті қысқаша формуламен қалай түсіндіруге болады? Біздіңше, заман тынысы, сана болмысы, қазақ философиясының қосындысынан шыққан «ғылыми проза» көптеген тарихи деректерді ізденуші, талаптанушы жас ғалымдарға жүйеленген ізбен қоғам өмірінде орын алған саяси, мәдени және қоғамдық-тарихи мәселелерді баяндап, ғылыми баға береді.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.
iНе можете найти то, что вам нужно? Попробуйте сервис подбора литературы.
i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.

GARIFOLLA ESIM: THE EXISTENCE OF CONSCIOUSNESS

The transition of world authorities into the hands of information in the flow of modern life should make us think. Since humanity cannot exist without each other, without interaction, the information flood has become as necessary as the air. In order to follow the citizens of the state to the end, it is not enough to have one opinion and the opinion of the leader, dependence on him is growing, and the ability of the majority to research and critical thinking is decreasing. Therefore, the urgent problem facing the state has become the propaganda of the historical development of our state, the work to restore consciousness, the spiritual identity of our citizens, the consciousness of the Kazakhs. Because by defining the spiritual nature of the nation and nailing down the essence of consciousness, it becomes possible to feel our national identity. This, in turn, is the biggest tool in consolidating the nation. Therefore, in order to determine the Kazakh national identity, we decided to explain the scientific works of the great scientist, philosopher Garifolla, who has been studying the Kazakh consciousness for more than thirty years. The importance of the work lies in highlighting more than twenty volumes of the scientist's works on the origin of the history of the origins of major representatives of Kazakh philosophy, analyzing the work of Abai, the main ideologist of national identity and describing the scientific potential. How to explain the general understanding of Academician Garifolla's work with a short formula? "Scientific prose", which, in our opinion, is a mixture of the breath of time, the existence of consciousness, Kazakh philosophy, is a scientific assessment of many historical data to young scientists, applicants, analysts, telling about political, cultural and socio-historical problems that took place in the life of society in a systematic way.

Текст научной работы на тему «ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ: САНА БОЛМЫСЫ»

ӘОЖ 1 (045)

МРНТИ 02.41.01

DOI 10.56525/IHED9094

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ:

САНА БОЛМЫСЫ

ТУГЕЛБАЙ А.Ә.

Ш. Есенов атындағы Каспий

технологиялар және инжиниринг университеті,

Ақтау қ., Қазақстан

E-mail: Aibek.tugelbay@yu.edu.kz

Аннотация. Заманауи өмір ағысында әлем билігінің ақпараттың қолына өтуі бізді ойландыруы тиіс. Адамзат бір-бірінсіз, өзара қатынас әрекетінсіз өмір сүруі мүмкін емес болғандықтан, ақпараттық тасқын ауа сияқты қажеттілікке айналды. Мемлекет азаматтарын соңына ерту үшін бір ғана пікір көшбасшысының ойы мен пікірі жеткіліксіз, оған деген тәуелділік артып, көпшіліктің зерттеу, сыни ойлау қабілеті төмендеп кетті. Сондықтан мемлекетіміздің тарихи дамуын, санасын, азаматтарымыздың рухани болмысын, қазақтың сана болмысын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстарды насихаттау мемлекеттің алдында тұрған өзекті мәселеге айналды. Өйткені ұлттың рухани болмысын анықтап, сана болмысын шегелеу арқылы ұлттық идентификациямызды сезінуге мүмкіндік туады. Бұл өз кезегінде ұлтты ұйыстырудағы ең үлкен инструмент дер едік. Сол себепті қазақтың ұлттық идентификациясын анықтау мақсатында қазақтың сана болмысын отыз жылдан астам зерттеп жүрген үлкен ғалым, философ Ғарифолла Есімнің философиядағы тұжырымдамалары мен еңбектерін зерттеу арқылы ғылыми еңбектеріне түсіндірме жасауды мақсат тұттық.

Жұмыстың маңыздылығы ғалымның қазақ философиясының ірі өкілдерінің бастау тарихының қайдан шыққаны туралы, ұлт болмысының бас идеологы Абай шығармашылығын талдаған еңбектері мен зерттеулеріндегі ойлар және ғылыми әлеуетін сипаттайтын жиырма томнан асатын еңбектерін бөліп қарастырып, ондағы жүйелі ойларды көрсетуде жатыр.

Академик Ғарифолла Есімнің шығармашылығы туралы жалпы түсінікті қысқаша формуламен қалай түсіндіруге болады? Біздіңше, заман тынысы, сана болмысы, қазақ философиясының қосындысынан шыққан «ғылыми проза» көптеген тарихи деректерді ізденуші, талаптанушы жас ғалымдарға жүйеленген ізбен қоғам өмірінде орын алған саяси, мәдени және қоғамдық-тарихи мәселелерді баяндап, ғылыми баға береді.

Түйін сөздер. Философия, сана, болмыс, таным, адам, ұлт, ұлттық идея, сана болмысы, жаңаша ойлау , білім.

Кіріспе

Философ-ғалымның «Сана болмысы» сериясымен шыққан алғашқы кітабы 1994 жылы жарыққа шыққан болатын. Автор полиграфиялық қателермен, яғни техникалық тұрғыда қатемен шыққан алғашқы кітапты түзетіп, 1998 жылы қайта басып шығаруды ұйғарған. Алайда, еңбектің мәтіні өзгеріссіз сол күйі сақталды. Ғалым бұл жөнінде былай дейді: «1990 жылдары жазылған еңбекті бүгінгі күн тұрғысынан түзету тарихи санаға жасалған қиянат болмақ. Сол заманның лебі қаз-қалпында сақталғанымен құнды. Жылдар өтеді, сана, мінез өзгереді, сондықтан біз әрбір мақаланың соңына, оның жазылған жылын нақтылы көрсетіп отырдық. Әр жылдың өз санасы, философиясы бар». [1.3б.] Бұл цитатадан біз ғалымның ғылым алдындағы адалдықтан бұрын өз арының алдындағы академиялық адалдық дәрежесінің жоғарылығын көреміз.

Білудің өлшемін ұсынатын «Сана болмысы» сериясында адамның ойлау мәдениеті, жаңа мазмұнмен толысқан ұғым-түсініктер, сана болмысындағы өзгеріс, өзін тану, өзін-өзі меңгеру секілді мәселелерге арналған.

Ғылыми ізденісімізде ғалымның «Сана болмысын» жылдар бойынша төртке бөліп, қарастырып, жүйелеп, формуламызға сәйкестендірмекпіз. Яғни, заман тынысы мен сана болмысын қазақ философия ілімімен ұштастыра отырып қарастыратын боламыз.

Отандық ғылыми ортада ғалым Ғарифолла Есімнің шығармашылығына арналған бірқатар ғылыми мақалалар мен кітаптар жарық көрді. Бұл еңбегіміздің өзегіне қазақ философиясының ірі өкілі, академик Ғарифолла Есімнің «Сана болмысы» кітабында қарастырылған дүниетаным тарихы теороиясына шолу жасап, кітапқа топтастырылған қазақ философиясындағы сана болмысының тарихи аспектілері, даму жолы, бөлінісі, қалыптасуы әлеуметтік-мәдени, руханият білімі тұрғысынан қарастырылды. Қазақ ұлтының ХХІ ғасырдағы сана болмысының алғышарттары қалай жүзеге асып, қандай шығармаларда көрініс тапқаны туралы автордың философиялық прозасы талданады.

Қазақ болмысының, дәлірек айтқанда «Сана болмысының» қазақы ойлау мен жаңаша ойлаудан бастау алатыны неліктен? Жауапты мен «Сана болмысы» кітабының бірінші басылымындағы ағылшын философы Бертран Расселдің мына сөздерінен табуға болады деген пікірдемін: «Мен сіздердің алдарыңызда ағылшын да, еуропалық та емес, Батыс демократиясының өкілі де емес, бұдан әрі өмір сүруіне қатер төнген адамзат ұрпағының өкілі ретінде сөйлеп тұрмын.

Бүкіл әлем қайшылықтарға толы: дүниеде арабтар мен еврейлер, үнділер мен пакистандықтар, Африкада ақ нәсілдер мен негрлер, қала берді, Коммунизм мен антикоммунизм арасындағы алапат тартыстар жүріп жатыр. Әрбір саяси саналы адам қазіргі жағдайда, мүмкіндік болғанша, осы қарама-қарсы күштердің бір жағына шығып кетпей, тамаша биологиялық тарихы бар жан иесінің өкілі ретінде іс- әрекет жасап, өзінің жойылып кетпеуіне күш жұмсау керек. Жер бетіндегі барша халыққа біркелкі қауіп-қатер төніп тұр. Тек соны түсіну қажет. Сол үшін бәріміз бірігіп, тізе қосып, күш жұмсап, апаттан аман сақтаудың жолын іздестіргеніміз жөн»[2.21б.].

Жалпы автордың Бертран Расселдің тұжырымдамасын алғаны бекерден бекер емес. Біздіңше, академик өзі терең зерттеген Абай шығармашылығымен ұқсастық пен үндестік тапқан секілді. Ең қызығы, әлемнің бір бұрышында ғылымдардың тарихи нәрімен өскен ағылшын философының көрнекті өкілінің қазақ дүниетанымының ірі өкілі, Бертран Расселде болған мүмкіндіктердің бірі болмаған Орта Азия әлеміндегі Жидебаайда өскен Абаймен үндестік болуы қазақ руханият деңгейінің қаншалықты жоғары болғанын анықтау қиын емес. Бұл ойға жетелейтін, параллель жүргізуге түрткі болған да академиктің жазбалары екенін ерекше атап көрсеткіміз келеді.

Сонымен, қазақ ұлтының тарихи санасының дүниетанымдық негіздерін қалыптастырған кімдер, оның қалыптасуындағы этномәдени шарттар не деген ойдың логикалық тізбегін сараптай отырып, Ғарифолла Есім бірінші кітаптың мазмұнында әлемдік өркениеттің, оның ішіндегі қазақтың ұлттық мәдениетінің тарихи бастауларына ой жүгіртеді. Табылған деректер арқылы қазақ халқының бүгінгі санасы, ойлау мәдениетін зерттеп, оған ықпал еткен себептерді ашып, атап шығады.

Біздің ойымызша, академик Ғарифолла Есімнің зерттеулеріне түрткі болған философиялық басты мәселе ұлттық сана болмысы өзіне жат идеологиямен дами алмайтыны, тарихи ізбен жүруінің маңыздылығы, таңылған идеялардың құрдымға әкелетіні, әр қоғамға тиесілі сананың тарихынсыз ілгері жүруі мүмкін еместігін қазақ қоғамның үлгісінде ерте бастан сезінуі дер едік. Себебі қазіргі қоғамдағы қызу пікірталастардың өзегі мемлекеттің рухани әрі мәдени дамуы оның әлеуметтік жады екені мәлім болып отыр. Яғни, тамырын танымай тұрып, өз тарихи болмысын, дүниетанымын, сана болмысын сипаттау мүмкін емес. Бұл даму кедергілерінің ішіндегі ең үлкен әрі ең басты кедергі болып тұр. Автордың да айтпағы осы, дегенмен ұлттың өз-өзін тануы ғана емес, адамзат баласы кеңістіктік ойлауды мақсат тұту керегін ұсынады.

Тарихи дүниетаным сабақтастығы үзілген жерде тоқырау орын алары сөзсіз. Мәселен, Қазақстан ресейлік отарлау кезеңінде далалық даму сабақтастығынан ажырап қалды. Сана болмысындағы өзгерістер, қабілетін дамытудағы қайшылықтар, мәдени-рухани дамудың теріс жаққа бұрылуы – отаршылдықтың және кеңестік одақтың тарихи санамызды тежеп, түрлі қысым технологиялары арқылы өз тарихымызға нигилистік көзқарас қалыптастыруының нәтижесі еді.

Материалдар мен зерттеу әдістері.

Біз бұл зерттеуімізде профессор, философия докторы Ғарифолла Есімнің қазақ қоғам ауысуындағы орын алған ұлттық сананың, болмысымыздың күштеп өзгертілуін тарихи деректерге сүйене отырып, бұрмалаудан, тарихтың даму заңдылықтарына сүйене отырып берген объективті пікірлерін талдайтын боламыз. Ғалым еңбектері ұлттық санамызды жаңғырту мәселесінде мемлекет қолға алып жатқан үлкен шараларға тезис болуға жарайтын негіз қалыптастырды. Батыс әлемінде бұл бұрыннан келе жатқан, қалыптасқан үлкен әдет. Мемлекеттің әлеуметтік-мәдени, рухани тұрғыда даму барысында ғалымдарды жинап, олар ұсынған тезистерді саралап, оларды дамыту арқылы қоғам тынысын жаңа биікке көтеріп отырады. Мұндай жағдайда ғалымдар тоқыраудың алдын алып, мемлекет пен азаматтардың өзара тіл табысуына көмек береді. Әсілінде, ғалымның өз алған білімінің хақысын беру деген осы болса керек. Зерттеу нәтижелерінің сенімділік дәрежесі өткен ғасырлардағы философтардың маңызды еңбектерін, сондай-ақ диссертация тақырыбы бойынша әртүрлі заманауи әдебиеттерді, сондай-ақ зерттеу көздері мен тақырыбын жан-жақты талдауды қамтитын зерттеу әдістемесін қамтитын көптеген дереккөздерге сүйену арқылы анықталады деген ойдамыз.Сол арқылы осы диссертацияда негізделген тұжырымдар алуға мүмкіндік беріп отыр.

Қазақстанның ғалым-философтарының арасындағы бірегейі, қазақстандық философия ғылымы саласында ұлттық философияның негіздерін қалыптастырып, өзіндік дискурс салушы тұлға - академик Ғарифолла Есім. Бүгінде ғалым тарапынан айтылған көптеген деректерге жас зерттеушілер мен философтар сілтеме жасап, жиі цитата жасайтын ірі ғалымдардың қатарына кіреді. Ғарифолла Есімнің шығармашылығының зерттелу деңгейінің заманауи, қазіргі жағдайын талдамас бұрын, ең алдымен оның шығармашылық мұрасының жариялану үдерісіне жіті назар аударған дұрыс болады деп есептейміз. Себебі, философ шығармашылығының негізгі мәйегіне ой жүгіртуге қатардағы оқырман түгілі, кез келген философтың тісі бата бермейді.

Алдымен философтың жарық көрген еңбектерін екіге бөліп атап көрсетейік: Кеңес одағы тұсында бастау алған, ғылыми жолға түсу жылдарында жарияланған еңбектері мен Қазақстанның тәуелсіздік алған тұста, ғалымның зерттеушілік жолына біржолата түскен жылдары жарияланған ғылыми-танымдық шығармалары, қазақстандық басылымдар мен заманауи медиа кеңістікте, ғылыми ортада, ғылыми басылымдарда жарық көрген еңбектері. Философтың өзіндік дискурсын қалыптастырған еңбектердегі жалпы картинаны елестету үшін бұл шығармаларға жалпы шолу жасау арқылы ғалымның әр жыолдардағы көзқарасын, ұстанған бағытын салыстырамыз. Әрине, бұл шолу қолымызда бар, көпшілікке қол жетімді мақалалар мен кітаптар негізінде жазылғандықтан толыққанды емес деген ойдамыз, себебі автордың барлық шығармаларын, әсіресе ғылым жолына түскен кезеңдегі мұрағат қорынан диссертациялық еңбегін алу мүмкін болмады, оған қоса академик ұлттық масштабта ұсынған тың идеялары мен тұжырымдамалары академик тарапынан әлі де аяқтала қойған жоқ деген пікірді ұстанамыз. Сондықтан біздің ойымызша болашақта ғалымның ғылым жолын зерттейтін жас зерттеушілерді әлі де үлкен олжа күтуде.

Ғарифолла Есім бүгінде Қазақстан Республикасы жанынан құрылған Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия кафедрасының профессоры, ғалым-философ қазақ қоғамында аса ірі зерттеуші, абайтанушы, Абай, Шәкәрім мен М.Әуезов мұраларын терең зерттеуімен танымал. Қазақ рухани-мәдени кеңістігін қазақы, ұлттық болмыстағы тың идеялармен толықтырып, білім беру саласындағы өзгерістерге үн қатып қана қоймай, көпшілікке қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдыруда, қазақ қоғамындағы рухани мәселелердің тиімді шешімін көрсеткен тұжырымдама авторы ретінде де белгілі.

Академиктің ғылыми жолының бастауындағы еңбектерге қарасақ, дәлірек айтқанда 1977 жылы философия ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін жазып, қорғаған «Нравственно-психологическое сближение наций и народностей» атты ғылыми диссертациясының толық мәтінімен танысу мүмкін болмады. Ресей мемлекеттік кітапханасында сақтаулы бұл ғылыми еңбектің тақырыбына орай сол заманмен үндес тақырыпта, сонымен қатар ғалымның кейін өзі тереңірек зерттеген ұлттық болмыстың бағдаршамы секілді болған секілді деген пікірде екенімізді айтқымыз келеді. [3]

Бізге қолжетімді болған ғылыми еңбектерді 2000 жылға дейін және 2000 жылдан кейін деп екіге бөліп қарастыруды жөн көрдік. Жалпы дереккөздерде Ғарифолла Есімнің 500-ге жуық шығармалары, атап айтқанда публицистикалық, ғылыми-танымдық мақалалар мен кітаптары бары келтіріледі. Алайда ғалымның 1994 жылға дейінгі шығармашылығы көп дереккөздерінде көрсетілмегендіктен бұл ерте кезеңді келесі зерттеушілерге қалдырған дұрыс деп шештік. Осы орайда, академикті ұлт жанашыры, білікті ғалым ретінде танытқан «Хакім Абай», «Санадағы таңбалар», «Фалсафа тарихы (оқулық-хрестоматия») секілді еңбектерін ерекше атап өткіміз келеді. Бұл уақыт аралығында (2000 жылға дейін) Ғарифолла Есім философиялық еңбектерінде герменевтикалық зерттеу тәсілін сәтті қолдана отырып, қазақ тарихындағы ірі ғұламалардың шығармаларын терең түрде талдап, түсіндірмелер жазды. Дәл осы кезеңде қазақстандық жай қоғам ғана емес, ғылыми ортаға да астарлы, күрделі шығармалардың, өлеңдердің түпкі мағынасын ашып көрсетіп, ұлттық философияның ғылыми түрде дамуын бір саты жоғарыға көтерді. Бұл герменевтикалық-түсіндірмелік талдаулар кейін жалғасын тауып, академиктің ғылыми ізденісіндегі ірі соқпаққа айналды.

Ғарифолла Есімнің талдамалы эссе авторы, жазушы, қаламы жүйрік публицист ретінде қалыптасуында «Сана болмысы (саясат пен мәдениет туралы ойлар)» сериясымен шыққан, «Жар жағасында» философиялық новеллалар жинағы, ұзақ жылдарғы ой-толғаныс, ізденісінен туған «Социализм» атты романы философиялық проза желісімен жазылған шығармалар кешені маңызды рөл атқарды. Автордың қаламынан шыққан алғашқы прозаларын да осы кезеңде ұсынады - Таңсұлу», «Баба жұрт», «Адам Ата мен Хауа Ана хикаялары», «Тұтқын және бозбала», «Демалыс күні», «Ананың көз жасы», «Кешке дейін де ғұмыр бар», «Тұқым», «Шайтанның күлкісі», «Ене мен келін», «Немере», «Жар жағасы» атты новеллалары берілген.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты қызметінде болған кезеңінде, академик Ғарифолла Есімнің кітаптары мен «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» және т.б. басылым беттерінде жарық көрген мақалаларының толық тізімі Қазақстан Республикасы Мәжілісінің сайтында берілген. Автор ел қызметінде жүрген уақытында да, мемлекеттік мәселелерді көтеріп, халықпен тікелей байланыс арқылы қоғам тынысына анализ жасап отырған. Яғни өз ойларына эмпирикалық негізді халықпен байланыса отырып жасаған деуге негіз бар. [4]

Ғарифолла Есімді қаламы жүйрік публицист ретінде танытқан, республикалық ірі басылымдарда жарық көрген бұл мақалаларын зер салсақ, олардың негізінде де ұлттық болмысты қалыптастыру, тарихты зерделеу, сабақ алу, заман ағымын түсіндіру, уақыт туындатып отырған өткір мәселелердің шешімін табуға ұмтылуды көре аламыз, бұл автордың дүние әлемінің картинасының құрамдас бөлігі ретіндегі контексте болашақта зерттеуге тұрарлық бөлек сала екені анық. Десек те бірқатарын келтіре кетуді дұрыс деп санадық. Эссе, талдау, проза және басқа да жанрларда жарияланған бұл материалдардың арқауында – ұлт, ұлт тәрбиесі, ұлтты ортақ идеяға шоғырландыру, елдік сана, саналы ұрпақ. [5]

Ерекше назар аударуға лайық шығармалардың тағы бір тобы Есімнің автобиографиясынан деректер беретін әдеби эсселері. Философтың балалық шағынан алынған естеліктер өте құнды. себебі ғалымның өмір жолы мен өмірлік жоспарларында ерекше із қалдырған оқиғалар тізбегі ғалымның шығармашылық жолын дұрыс талдау үшін маңызды.

Жалпы, философия тарихында «философиялық автобиография» дегенұғым бар. Ол - очерктер, қолжазбалар, күнделік түрінде жазылған философиялық өмірбаяндар. Мұндай стиль арқылы оны жазған адамның ішкі жан дүниесіне үңілуге, рухани болмысын пайымдауға, өзін-өзі тануға деген ұмтылысын аңғаруға болады. Философиядан аса хабары жоқ адам үшін философиялық өмірбаян қызықсыз, сәйкесінше түсініксіз болуы мүмкін.Философиялық өмірбаянның қалыптасуы өмірдің жаңа әлеуметтік, мәдени,экономикалық және саяси деңгейін анықтайтын ойлау тәсілі ретінде жаңа дәуірде, нақтырақ айтсақ, реформация кезеңінде, одан да нақтырақ айтсақ, буржуазиялық жүйеге көшу жүзеге асырылған кезде пайда болды.[6]

Тұңғыш философиялық автобиография М. Монтеньге тиесілі. Ол ең бірінші болып танымдық үдерістің негізгі тақырыбы ретінде адам тұлғасы мәселесін көтеріп, шындықты философиялық тұрғысынан түсінуге бетбұрыс жасады. Осы тұрғыда өмірбаяндық шығармашылықтың зерттелетін формаларын «философиялық автобиография» феноменіне жатқызу критерийлеріне тоқталсақ:

- өзін қоршаған оқиғаларды дүниетанымдық тұрғыдан тану.

- әр үлгіде шығармашылықтың кез келген элементі (тәжірибе, рефлексия, үндеу, нұсқаулық және т.б.) басым, мағыналы болады. [7]

Академик Ғарифолла Есім өз дәрістерінде және шығармаларында жиі қайталайтын ХХ ғасырдағы қазақ дүниетанымын ерекше биіктікке шығарып, қазақ философиясында шоқтығы биік тұлғалар мен ойлар барын танытып, сол дәуірдегі Ресей елінің қоластындағы бағынышты елдердің ұлттық санасының оянуы кезеңіне ықпал еткен ірі тұлғаларымыздың бірін мақсатты түрде қолдана білудің, зерттеудің, халыққа жеткізудің оңтайлы әдісін көрсетті деп ойлаймыз. Оның зерттеу еңбектерінің негізгі өзегі етіп Абай, Шәкәрім және Мұхтар Әуезовті алуының тамыры тереңде.

Өйткені, ең бірінші Абайдың дүниетанымынан бұрын халықты еліміздің даму сатысын бірнеше салада алға жылжытқан ерен еңбегі ақындығында деген ойдамыз. Қазақ жазба әдебиетіндегі, руханияты мен мәдениетіндегікөптеген жақсылы-жаманды құбылыстарды ашып көрсеткен Абай Құнанбайұлының шығармалары қазақ санасының,сол кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-тарихиөмірі шынайылықпен астасып жатыр. Сонысымен де құнды. Абайдың шығармаларын герменевтикалық тәсілмен зерттеу арқылы ғалым осы тұстың жігін көркем түрде көрсетіп, аша алды.

Ғарифолла Есім – Абайдың ха¬кім¬дігін, ойшылдығын таныту аламанына орта жолдан қосылған жоқ. Оған үлкен дайындықпен келген тұлға дер едік. Ол қазақ философиясының генезисін терең зерттей келе, антикалық дәуірдегі Анарыстан бастап, түркі мұсылман ойшылдарының дүние¬та¬нымдарын зерделеумен жалғастырды. Бұл ізденістің жалғасы ғалым көзқарасында Иоллығтегін, Баласағұн, Фараби, Қорқыт, Ясауи, Науаи, Асан қайғыны хакімдер деп тану¬ға, ғылыми айналысқа қосуына мүмкіндік берді. Бұл ғұламалардың қата¬рына ұлтымыздың данышпан тұлғалары ретінде әлемдік ғылыми ортаны толық мойындатқан Абай, Шәкәрім, Мұх¬тар Әуезовті терең зерттей келе, «Ғұлама-наме» трилогиясын жариялады. Трилогияның бі¬рінші саны – хакім Абайға, екіншісі кітабы – данышпан Шәкәрімге, үшінші бөлімі – кемеңгер Мұхтар Әуезовтің шығармашылығын саралауғаар¬нал¬ған. Бұл трилогияны жазу барысында ғалымның өзі Абай, Шә¬кәрім, Мұх¬¬тарды қазақтың төл мә¬дениетінің тари¬хындағы «бір сөйлем секілді» құ¬былысқа теңеген. Яғни, Абайды сөйлем бастауышына, Мұхтар мұ¬расын – баяндауышына, ал Шә¬кә¬рімнің «Ар білімін» сөйлемдегі ой¬дың – анық¬тауышына ретінде атап өтіп,оларды қазақ¬тың дүниетаным әле¬мінің бір¬тұтас¬тығына теңеген. Профессор «Ғұлама-наме» три¬ло¬гиясының дү¬ниеге келуі идеясы тек еліміздің шынайы тәуелсіздікке қол жет¬кізуі себепті мүмкін болғанын айтады.

Зерттеу нәтижелері

Жалпы тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан философия ғылымында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіретін өзге елдердегі секілді тың бағыттар жолға қойылып, жан-жақты даму жолына түсті. Біріншіден, философия ғылымы идеологиялық бақылауы мен қасаң ой құрсауын бұзып шықты. Ғылым тынысын кең ашып, ғалымдар шығармашылық белсенділік еркінің басын босатты. Бұл сәтті ұтымды пайдаланған қазақ философиясының өкілдерінің ішінде Ғарифолла Есімнің шоқтығы биік. Сол кездегі қоғам тынысын тап басқан ол «Сана болмысынан» бөлек ұлт жоғын жоқтап, қазақы дүниетанымды насихаттай бастады. Жарияланған философиялық зерттеулер саны мен ғылыми мақалалар арттыра бастады.

Екіншіден, ғылымдағы жоғарыда атап өткен идеология себебінен пайда болған қазақы дүниетаным лакуналары, жыртығы жамалып, кемшіліктерді жою қолға алынды. Әсіресе, мұсылманшылық немесе діни тақырыптағы философиялық ойлар мен философтар қазақ тарихындағы өзіне лайықты орынға жайғасты. Бұл орайдамемлекетіміздің рухани-мәдени байлығы жаңа деректермен толығып, жаңа есімдермен байыды. Бұған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қолдаған «Мәдени мұра» бағдарламасының үлкен ықпалы болды.

Үшіншіден, философияның өзіндік ерекшелігі саналатын пікір алуандығы мен идеялардың сан түрлілігі өз күшіне мініп, одан әрі дами түсті. Екінші жағынан, философияның ұлттық сана болмысы мен мәдениетін, руханиятын біріктіретін сипаты ортақ зияткерлік кеңістікте жүзеге асатындықтан, ғалымдар арасындағы бір-бірімен ынтымақтастығы мен пікір алмасуларды нығайта түсті. Бұл кезеңнің ұлт философиясына қажетті дем бергені анық. Нәтижесінде қазақ дүниетанымы жүйеленіп, бір ізге түскеніне куә болдық.

Қорытынды

Ғарифолла Есімнің шығармаларының өзегі – адам. Осы орайда ол өзінің зерттеу еңбектеріне нәр ретінде Абай Құнанбаевтың шығармаларын меже деңгейі етіп алды. Оны зерттеуге, қалыптастыруға, жүйелеуге отыз жылдан астам өмірін арнады.

Академик Ғарифолла Есімнің «Сана болмысын» жетілдіру, (жақсы қазақ) тұжырымдамасының негізгі критерийі-бұл адамның белгілі бір кемелдікке жету процесі. Егер ұлттық деген сөзді алып тастайтын болсақ, жалпы адамзат баласының санасын жетілдіру мәселесін жүзеге асыру үшін белгілі бір идеал қажет. Бойдағы теріс қасиеттер мен сипаттар мен ізделген кемелдік арасындағы алшақтықты жою мақсатында жүргізілген зерттеулер шешімі ретінде әлемнің озық ойлы ғұламаларының (батыс-шығыс деп бөлмей) көрсеткен үздік сипаттары мен қасиеттерін, дін мен адам, табиғат үйлесімінде ұсынады.Яғни, ғалым үшін тек қазақтың ғана емес, адамзат баласының жетістікке жетуіндегі мақсат - осы алшақтықты жою, кемелдікке жақындау немесе тіпті оған жету деген ой жатыр.

Осы философиялық ойдан адам санасын жетілдірілу тәсілдерінде ғалым тарапынан қандай векторлар мен тенденциялар ұсынылғанын көре аламыз. Бір жағынан бұл феномені философия тарихында терең зерттеліп кеткен сияқты көрінгеніміен, заманауи жағдайларда, жаңа контексте бұрынғы ережелерді қайта түсіндіріледі. Ғалымның қазақ дүниетанымындағы Ренессансына қосқан жаңа үлгісі, принципі, тіпті терминологиясы, лексикасы мен зерттеу тәсілі «Жаңа қазақ» тұжырымдамасының өзегіне айналды.

ӘДЕБИЕТТЕР:

[1] Қазақстан. Демократия. Рухани жаңару / Нысанбаев, Әбдімәлік ... – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 1999. - 416 б.

[2] Есім Ғ. Сана болмысы (Саясат пен мәдениет туралы ойлар). – Алматы: Ғылым, 1998. 272 б.

[3] Есимов, Гарифолла - Нравственно-психологическое сближение наций и народностей: диссертация ... кандидата философских наук: 09.00.01 - Search RSL (01.2018)

[4] Есім Ғарифолла : Шығармалар мен мақалалар (parlam.kz) (10.2013 ж)

[5] ENU.KZ | Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 10.2013 ж

[6] Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы ISSN: 2616-7255, eISSN: 2663-2489 184 б № 1(138)/2022

[7] Ковыршина С.В. Философская автобиография как уникальная форма духовной жизни людей. [Электрон. ресурс]. – 2023. – URL: https://superinf.ru/. (қарастырылған күні: 02.03.2023)

LIST OF USED LITERATURE:

[1] Kazakhstan. Democracy. Spiritual renewal / Nysanbayev, Abdimalik ... - Almaty: Kazakh encyclopedia, 1999. - 416 P.

[2] name G. The essence of consciousness (reflections on politics and culture). - Almaty: Science, 1998.272 P.

[3] Yessimov, Garifolla-national and National Education: dissertation ... candidate of philosophical Sciences: 09.00.01-Search RSL (01.2018)

[4] name Garifolla: works and articles (parlam.kz (10.2013)

[5] 5th ENU.KZ / L. N. Gumilyov Eurasian National University 10.2013

[6] Bulletin of L. N. Gumilyov Eurasian National University. Historical sciences. Philosophy. Religious studies series ISSN: 2616-7255, eISSN: 2663-2489 184 P No. 1 (138) / 2022

[7] Kovyrshina S. V. Filosofskaya autobiography as a unique form of spiritual life. [Electron. resource]. - 2023. - URL: https://superinf.ru/. (considered date: 02.03.2023)

ТУГЕЛБАЙ А.А.

Каспийский университет технологий и инжиниринга им. Ш. Есенова,

г. Актау, Казахстан

ГАРИФОЛЛА ЕСИМ:БЫТИЕ СОЗНАНИЯ

Аннотация. Переход мировых властей в руки нформации в потоке современной жизни должен заставить нас задуматься. Поскольку человечество не может существовать друг без друга, без взаимодействия, информационный потоп стал такой же необходимостью, как и воздух. Для того, чтобы следовать за гражданами государства до конца, недостаточно одного мнения и мнения лидера, растет зависимость от него, снижается способность большинства к исследованиям, критическому мышлению. Поэтому актуальной проблемой, стоящей перед государством, стала пропаганда исторического развития нашего государства, работы по восстановлению сознания, духовной идентичности наших граждан, сознания казахов. Потому что, определяя духовную природу нации и прибивая сущность сознания, появляется возможность ощутить нашу национальную идентичность. Это, в свою очередь, самый большой инструмент в консолидации нации. Поэтому с целью определения Казахской национальной идентичности мы решили разъяснить научные труды великого ученого, философа Гарифоллы, который более тридцати лет изучает казахское сознание.

Важность работы заключается в том, чтобы выделить более двадцати томов работ ученого о происхождении истории истоков крупных представителей казахской философии, анализируя творчество Абая, главного идеолога национальной идентичности и описывая научный потенциал.

Как объяснить общее понимание творчества академика Гарифоллы краткой формулой? «Научная проза», которая, по нашему мнению, представляет собой смесь дыхания времени, бытия сознания, казахской философии, представляет собой научную оценку многих исторических данных молодым ученым-соискателям, аналитикам, рассказывающим о политических, культурных и общественно-исторических проблемах, имевших место в жизни общества по систематизированному следу.

Ключевые слова. Философия, сознание, бытие, познание, человек, нация, национальная идея, бытие сознания, новое мышление, знание.

TUGELBAI A.A.

Caspian university of technology and engineering named after Sh.Yessenov,

Aktau, Kazakhstan

GARIFOLLA ESIM: THE EXISTENCE OF CONSCIOUSNESS

Annotation: The transition of world authorities into the hands of information in the flow of modern life should make us think. Since humanity cannot exist without each other, without interaction, the information flood has become as necessary as the air. In order to follow the citizens of the state to the end, it is not enough to have one opinion and the opinion of the leader, dependence on him is growing, and the ability of the majority to research and critical thinking is decreasing. Therefore, the urgent problem facing the state has become the propaganda of the historical development of our state, the work to restore consciousness, the spiritual identity of our citizens, the consciousness of the Kazakhs. Because by defining the spiritual nature of the nation and nailing down the essence of consciousness, it becomes possible to feel our national identity. This, in turn, is the biggest tool in consolidating the nation. Therefore, in order to determine the Kazakh national identity, we decided to explain the scientific works of the great scientist, philosopher Garifolla, who has been studying the Kazakh consciousness for more than thirty years.

The importance of the work lies in highlighting more than twenty volumes of the scientist's works on the origin of the history of the origins of major representatives of Kazakh philosophy, analyzing the work of Abai, the main ideologist of national identity and describing the scientific potential.

How to explain the general understanding of Academician Garifolla's work with a short formula? "Scientific prose", which, in our opinion, is a mixture of the breath of time, the existence of consciousness, Kazakh philosophy, is a scientific assessment of many historical data to young scientists, applicants, analysts, telling about political, cultural and socio-historical problems that took place in the life of society in a systematic way.

Keywords. Philosophy, consciousness, being, cognition, man, Nation, national idea, consciousness, new thinking, knowledge.

i Надоели баннеры? Вы всегда можете отключить рекламу.